АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бап. Эмиссиялар нормативтерi 5 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

84-бап. Мiндеттi экологиялық аудиттi жүргiзудiң
ерекшелiктерi

1. Мiндеттi экологиялық аудит аудиттелетiн субъект мiндеттi экологиялық аудит туралы қорытындыны алған кезден бастап алты айдан аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.
2. Экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым аудит жүргiзудiң жоспарын әзiрлеу үшiн мiндеттi экологиялық аудит туралы қорытындымен, аудиттi жүргiзу негiздемесiмен, аудиттелетiн субъектiге тән экологиялық проблемалармен және өзге де аспектiлермен танысады.

85-бап. Экологиялық аудиторлық есептерге қойылатын
талаптар

1. Экологиялық аудиторлық есеп мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерi бойынша:
1) экологиялық аудитордың және экологиялық аудиторлық ұйымның құқықтылығын растайтын мәлiметтердi;
2) аудиттелетiн субъект туралы жалпы ақпаратты;
3) экологиялық аудиттi жүргiзу негiздемесiн;
4) экологиялық аудиттi жүргiзудiң жоспарын;
5) жинақталған ақпарат тiзбесiн және оған шолуды;
6) аудиттелетiн субъектiнi қарап тексеру және оның қызметкерлерiне сауал қою нәтижелерiн;
7) арнайы зерттеулердiң нәтижелерiн;
8) экологиялық тәуекелдердi бағалауды (сандық және сапалық тұрғыдан);
9) экологиялық қауiпсiздiктi арттыру жөнiндегi ұсынымдар тiзбесiн;
10) аудиттелетiн субъектiнiң қоршаған орта үшiн қауiпсiздiк дәрежесi, анықталған жолсыздықтар, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi құжаттама мен есептілікті жүргiзудiң дұрыстығы туралы тұжырымдарды қамтуға тиіс.
2. Бастамашылық экологиялық аудит есебiнiң нысаны экологиялық аудиттi жүргiзуге арналған шартта белгiленедi.
3. Бастамашылық экологиялық аудиттiң есебi құпия болып табылады. Бастамашыл экологиялық аудиттiң есебiндегi мәлiметтердi жария ету құқығына аудиттелетiн субъeкт ғана ие болады.

86-бап. Мiндеттi экологиялық аудит есебiн қарау тәртiбi

1. Мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерi бойынша экологиялық аудиторлық есептi экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым бiр мезгiлде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға және аудиттелетiн субъектiнiң басшысына жiбередi.
2. Мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерiн аудиттелетiн субъект Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау, қоршаған ортаға қызметтiң терiс салдарларын азайту және қоршаған ортаға залал келтiрудiң алдын алу, экологиялық есептiлiктiң дұрыстығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдау үшiн пайдаланады.
3. Мiндеттi экологиялық аудит барысында аудиттелетiн субъектiлердiң экологиялық есептiлiгiнде дұрыс емес фактiлер анықталған жағдайда, аудиттелетiн субъект экологиялық аудиторлық есептi алған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей өзiнiң есептiлiгiн экологиялық аудит ұсынымдарына сәйкес келтiруге, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау жөнiндегi өзге де шараларды қолдануға және бұл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органды хабардар етуге тиiс.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерi бойынша экологиялық аудиторлық есептi алған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны қарауға мiндеттi.
5. Мiндеттi экологиялық аудиттiң нәтижелерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган аудиттелетiн субъектiнiң экологиялық талаптарды және қоршаған орта сапасының нормативтерiн сақтауы туралы дұрыс ақпарат алу үшiн пайдаланады.
6. Мiндеттi экологиялық аудиттiң экологиялық аудиторлық есебiн қараудың нәтижелерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) аудиттелетiн субъектiнiң қызметiн тоқтата тұру туралы талап қою арқылы сотқа жүгiнуге;
2) экологиялық рұқсат талаптарына өзгерiстер енгiзуге немесе табиғи ресурстарды пайдалану және алып қою, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат шарттарының (келiсiмшарттардың) және табиғат пайдалануға өзге де рұқсаттардың талаптарын өзгерту туралы ұсыныспен арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жүгiнуге;
3) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасына өзгерiстер енгiзу ұсынымдарын беруге құқылы.
7. Мiндеттi экологиялық аудиттiң экологиялық аудиторлық есебi бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
Ескерту. 86-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

87-бап. Экологиялық аудитор

1. Аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеуге бағытталған тәуелсіз тексеруді жүзеге асыратын жеке тұлға экологиялық аудитор болып табылады. I санаттағы аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін осы Кодекстің 40-бабына сәйкес тексеру қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
2. Экологиялық аудитор экологиялық аудиторлық қызметтi дара кәсiпкер немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметкерi ретiнде жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 87-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

88-бап. Экологиялық аудиторлық ұйым

1. Экологиялық аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, аудиттелетін субъектілер қызметінің экологиялық қауіпсіздігін анықтау мен бағалауға бағытталған, олардың шаруашылық және өзге де қызметін тәуелсіз тексеруді жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады. I санаттағы аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін осы Кодекстің 40-бабына сәйкес тексеру қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
2. Шетелдiк экологиялық аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында экологиялық аудиторлық қызметтi тиiстi экологиялық аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерiн құрған кезде ғана жүзеге асыра алады.
3. Экологиялық аудиторлық ұйымның құрамындағы экологиялық аудиторлардың саны үш адамнан кем болмауға тиiс.
Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

89-бап. Экологиялық аудиторлар палатасы

1. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлардың және мемлекеттік органдарда экологиялық аудиторлық ұйымдардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін білдіру үшін құрылады.
Экологиялық аудиторлар палатасы өз мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілетін жарғысының негізінде әрекет ететін және мүшелік жарналар есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіптік және өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады.
2. Экологиялық аудиторлар палатасының негізгі міндеттері:
1) экологиялық аудиторлардың қызметін материалдық-техникалық, анықтамалық-ақпараттық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
2) экологиялық аудиторлық қызметтің жүзеге асырылуына кәсіби бақылауды ұйымдастыру болып табылады.
3. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың қызметін реттейді, халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық аудит стандарттарын әзірлейді.
4. Экологиялық аудиторлық ұйымдардың экологиялық аудиторлар палатасына мүшелігі міндетті болып табылады. Экологиялық аудиторлар экологиялық аудиторлық қызметті дара кәсіпкер ретінде жүзеге асырған жағдайда олар мүшелікке қабылданады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы болған кезде экологиялық аудиторлар палатасына қабылдаудан бас тартуға болмайды.
5. Экологиялық аудиторлар палатасынан шығару:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиядан айырылған немесе оның қолданысы тоқтатылған;
2) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын және нормаларын өрескел не бірнеше рет бұзған;
3) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан өздерінің кәсіби міндеттерін орындай алмайтыны анықталған жағдайларда;
4) экологиялық аудиторлар палатасының құрылтай құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда жүргізіледі.
6. Экологиялық аудиторды немесе экологиялық аудиторлық ұйымды осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шығару қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылатын, экологиялық аудиторлық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтатуға әкеп соғады.
Ескерту. 89-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

90-бап. Экологиялық аудиторлардың және экологиялық
аудиторлық ұйымдардың құқықтары

Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар:
1) экологиялық аудиттi жүргiзудiң әдiстерiн дербес айқындауға;
2) экологиялық аудиттi жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi құжаттаманы алуға және тексеруге;
3) экологиялық аудиттi жүргiзуге қатысуға осы Кодекстiң 92-бабында көрсетiлген адамдардан басқа әртүрлi кәсiп мамандарын шарттық негiзде тартуға;
4) аудиттелетiн субъект экологиялық аудиттi жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда, экологиялық аудиттi жүргiзуден не экологиялық аудиторлық есептi беруден бас тартуға құқылы.

91-бап. Экологиялық аудиторлардың және экологиялық
аудиторлық ұйымдардың мiндеттерi

Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар:
1) осы Кодекстiң 92-бабында көрсетiлген мән-жайлардың салдарынан экологиялық аудиттi жүргiзудiң мүмкiн еместiгi жөнiнде хабарлауға;
2) аудиттелетiн субъектiден алынған, сондай-ақ экологиялық аудиттi жүргiзу процесiнде жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) аудиттелетiн субъектiге экологиялық аудит нәтижесiнде құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сай келмеуiнiң анықталғаны туралы хабарлауға;
4) экологиялық аудиторлық есептердiң, сондай-ақ экологиялық аудиттi жүргiзу кезiнде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердiң құпиялылығын сақтауға;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға мiндеттi экологиялық аудит нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы жөнiнде хабарлауға;
6) экологиялық аудиттi жүргiзуге арналған шарт бойынша мiндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.

92-бап. Экологиялық аудиттi жүргiзу құқығын шектеу

Экологиялық аудиторлық ұйымның немесе экологиялық аудитордың:
1) осы экологиялық аудиторлық ұйым немесе экологиялық аудитор өзiнiң қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушiлерге;
2) орындаушылары аудиттелетiн субъектiмен еңбек қатынастарында тұратын немесе оның лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудиттелетiн субъектi акцияларының он және одан да көп процентiн (немесе жарғылық капиталға қатысу үлесiн) иеленген акционердiң (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын жағдайда;
3) орындаушыларының аудиттелетiн субъектiде жеке мүлiктiк мүдделерi бар болса;
4) егер, экологиялық аудит жүргiзу жөнiндегi мiндеттемелердi қоспағанда, экологиялық аудиторлық ұйымның немесе экологиялық аудитордың аудиттелетiн субъектi алдында немесе аудиттелетiн субъектiнiң олардың алдында ақшалай мiндеттемелерi болса, экологиялық аудит жүргiзуiне тыйым салынады.

93-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң құқықтары мен
мiндеттерi

1. Аудиттелетiн субъект:
1) экологиялық аудиторды немесе экологиялық аудиторлық ұйымды таңдау туралы шешiмдi дербес қабылдауға;
2) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан экологиялық аудиттi жүргiзуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға;
3) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның ескертпелерi мен қорытындыларына негiз болған нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға;
4) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан экологиялық есептiлiктiң және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессiздiгi анықталған жайлар туралы ұсыныстар, ақпарат алуға;
5) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым экологиялық аудиттi жүргiзу шартының талаптарын бұзған жағдайда олардың қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқылы.
2. Аудиттелетiн субъект:
1) мiндеттi экологиялық аудиттiң жүргiзiлуiн ұйымдастыруға;
2) экологиялық аудиттi уақтылы әрi сапалы жүргiзу үшiн экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық ұйымға жағдай жасауға;
3) экологиялық аудиттi жүргiзу үшiн экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық ұйымға қажеттi толық әрi дұрыс құжаттаманы және өзге де ақпаратты ұсынуға, ауызша немесе жазбаша түрде түсiнiктемелер беруге;
4) қоршаған ортаға әсер ету туралы дұрыс есептiлiктi және экологиялық аудиттi жүргiзуге қажеттi өзге де құжаттарды табыс етуге;
5) егер экологиялық аудиттi жүргiзу шартында өзгеше көзделмесе, экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметiн шектемеуге;
6) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның талабы бойынша қажеттi ақпарат алу үшiн өз атынан үшiншi тұлғаларға жазбаша сауал жiберуге;
7) экологиялық аудиторлардың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметтер көрсетуiне ақы төленуiн қамтамасыз етуге;
8) экологиялық аудиттi жүргiзу шарты бойынша мiндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.

94-бап. Экологиялық менеджмент жүйелерiнiң аудитi

1. Экологиялық менеджмент жүйелерiнiң аудитi бастамашылық аудит болып табылады.
2. Экологиялық менеджмент жүйелерi аудитiнiң нәтижелерi бойынша жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғауды басқарудың енгiзiлген жүйесiнiң халықаралық стандарттарға сәйкестiгiн растайтын құжатты ала алады.

9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу

Ескерту. Кодекс 9-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.қараңыз) Заңымен.

94-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері
саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі
ережелері

Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласында мемлекеттік реттеу:
1) табиғат пайдаланушыларға парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуді;
2) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірулерінің нарықтық тетіктерін белгілеуді;
3) табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіруді қамтиды.

94-2-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар

1. Қызметін экономиканың мұнай-газ, энергетика, тау-кен металлургиясы, химия салаларында, ауыл шаруашылығында және көлікте жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың парниктік газдар шығарындыларын жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден асатын парниктік газдар шығарындыларына квоталар алмай қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.
2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес беріледі.
3. Табиғат пайдаланушы есепті кезең ішінде жұмыс істеп тұрған әрбір қондырғыға парниктік газдар шығарындыларының көлеміне квота алады.
4. Парниктік газдар шығарындыларына квота қондырғы паспортының деректері негізінде айқындалады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін парниктік газдар шығарындыларына сертификатта жазылады.
5. Табиғат пайдаланушыларға, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті кезеңдегі парниктік газдар шығарындыларына сертификатта белгіленген квотадан асып түсуге тыйым салынады.
6. Табиғат пайдаланушылар есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңдегі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемі туралы есепті, сондай-ақ сатып алынған және иеліктен шығарылған квоталар бірлігі, жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған және берілген көміртегі бірліктері туралы мәліметтерді ұсынуға тиіс.
7. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар белгіленген көлемнен асып түскен жағдайда табиғат пайдаланушы парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі өз міндеттемелерін парниктік газдар шығарындыларына квоталардың белгіленген көлемінің резерві бар басқа табиғат пайдаланушыдан сатып алған квоталар бірліктерімен және (немесе) жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтеуге құқылы.
8. Егер табиғат пайдаланушыда парниктік газдар шығарындыларына квоталардың белгіленген көлемімен және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерімен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларына квоталар резерві бар болған жағдайда, ол квоталар бірліктерін басқа табиғат пайдаланушыларға сата алады.
Белгіленген көлеммен салыстырғанда өндірісті азайту есебінен алынған квоталар резерві сауда нысанасы болып табылмайды.
9. Табиғат пайдаланушылар парниктік газдар шығарындыларына квоталар алу және көміртегі бірліктерінің саудасына қатысу мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тәуелсіз аккредиттелген ұйым растаған мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) есепті жыл үшін парниктік газдарды түгендеу туралы есеп;
2) қондырғы паспорты;
3) парниктік газдар шығарындыларын азайту бағдарламасы;
4) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары.
Ескерту. 94-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

94-3-бап. Парниктік газдар шығарындыларына арналған
сертификат

1. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат табиғат пайдаланушыға парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі өз міндеттемелерін орындау және көміртегі бірліктерінің саудасына қатысу мақсатында берілетін парниктік газдар шығарындыларының рұқсат етілген көлемін белгілейтін құжат болып табылады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 94-2-бабының 9-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап бір ай мерзімде қондырғыдан (қондырғылардан) не оның бөліктерінен шыққан парниктік газдар шығарындыларына құқық беретін сертификат береді.
Парниктік газдар шығарындыларына сертификат бір оператор басқаратын, сол бір өнеркәсіптік алаңдағы бір немесе бірнеше қондырғыға берілуі мүмкін.
3. Сертификат мынадай ақпаратты қамтиды:
1) қондырғы операторының атауы және мекенжайы;
2) қызмет түрлерінің сипаттамасы және парниктік газдар шығарындылары квоталарының көлемі;
3) қондырғыға қолданылатын мониторинг стандарты көрсетілген мониторингке қойылатын талаптар;
4) есептілікке қойылатын талаптарды, сондай-ақ сертификатты және осы қондырғының парниктік газдар шығарындыларының есепті жылдағы нақты көлемі туралы аккредиттелген тәуелсіз ұйым растаған есепті тапсыру мерзімі.
4. Парниктік газдар шығарындыларына сертификатты берген кезде көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жазба жүргізіледі.

94-4-бап. Парниктік газдар шығарындыларына
квоталарды өзгерту және парниктік газдар
шығарындыларына арналған сертификатты қайта
ресімдеу

1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті кезең ішінде қондырғылардың сипатында немесе жұмыс істеуінде жоспарланған өзгерістер болған немесе парниктік газдардың жаңа көздерін енгізген жағдайларда парниктік газдар шығарындыларына берілген квоталар көлемін қайта қарау үшін өтініш жасайды.
2. Қондырғының операторы ауысқан (заңды тұлға иеліктен шығарылған, қайта ұйымдастырылған, ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы өзгерген) жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган растаушы құжаттар негізінде, өтініш беруші жүгінген кезден бастап бір ай мерзімде жаңа оператордың атауын және мекенжайын көрсете отырып, сертификатты қайта ресімдейді.
Сертификатта белгіленген міндеттемелер міндетті түрде жаңа операторға өтеді.
3. Таратылған заңды тұлғаның парниктік газдар шығарындыларына квотасы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервіне өтеді.
4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
Ескерту. 94-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)