АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бап. Эмиссиялар нормативтерi 11 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

1. Экологиялық ақпарат бергенi үшiн ақпаратты көшiруге, iздестiруге және дайындауға жұмсалған нақты шығыннан аспайтындай төлемақы алынады.
2. Экологиялық ақпарат бергенi үшiн мемлекеттiк орган алатын төлемақы мемлекеттiк органның тиiстi бюджетiнiң кодына аударылады.
3. Мемлекеттiк органның экологиялық ақпаратты жалпыға бiрдей қолжетiмдi мемлекеттiк электронды тiркелiм мен экологиялық ақпарат кадастры арқылы беруi өтеусiз жүзеге асырылады.
Ескерту. 166-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

167-бап. Экологиялық ақпарат беруден бас тарту

1. Жеке және заңды тұлғаларға мынадай негiздер бойынша:
1) сауал жалпылама түрде тұжырымдалған және өтiнiш берушi сұратқан мәлiметтер мен деректердi анықтауға мүмкiндiк бермейтiн болса;
2) сұратылатын ақпарат жоқ болса;
3) сауал Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қол жеткiзiлуi шектелген мәлiметтер мен деректерге жататын болса, экологиялық ақпарат беруден бас тартылуы мүмкiн.
2. Экологиялық ақпарат беруден бас тарту өтiнiш берушiге оны алған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей жiберiледi.
3. Бас тарту жазбаша нысанда, бас тартудың себептерi мен негiздерi, оған өтiнiш берушiнiң шағым жасау мүмкiндiктерi көрсетiле отырып, сондай-ақ осы Кодекстiң 165-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда берiледi, оған алынған сауалдың құзыреттi мемлекеттiк органға жiберiлгенi туралы хабарлама кiредi.
4. Экологиялық ақпарат беруден бас тартуға, оны бермеуге, толық емес немесе дұрыс емес ақпарат беруге, сондай-ақ жалпыға қолжетiмдi экологиялық ақпаратты қол жеткiзiлуi шектеулi ақпаратқа заңсыз жатқызуға жоғары тұрған мемлекеттiк органға және (немесе) лауазымды адамға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ
ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ

168-бап. Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны
ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi

Қазақстан Республикасының қоршаған ортасына эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар мен қоршаған ортаны ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерiн есепке алудың мемлекеттiк деректер қорының жүйесiн бiлдiредi.

169-бап. Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны
ластау көздерiн мемлекеттiк есепке алу

1. Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерiн мемлекеттiк есепке алуды Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне табиғат пайдаланушы және қоршаған ортаны ластау көздерi туралы, оның iшiнде табиғат пайдаланушы:
1) табиғат пайдаланушының орналасқан жерi;
2) қоршаған ортаны ластау көздерiнiң орналасқан жерi;
3) есептен шығарылғаны туралы мәлiметтердi енгiзу және жаңарту арқылы экологиялық рұқсаттарды ресiмдеген жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Табиғат пайдаланушылар ретiнде қоршаған ортаны ластау көздерi бар мына заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер:
1) заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме құрып жүзеге асыратын резидент еместер - орналасқан жерi бойынша;
2) заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент еместер - қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша;
3) дара кәсiпкерлер - қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша мемлекеттiк есепке алынуға тиiс.
3. Табиғат пайдаланушының есептiк нөмiрiн:
1) табиғат пайдаланушы ұсынатын есептiлiк құжаттарында, сондай-ақ оның мiндеттемелерiн орындауына байланысты өзге де құжаттарда;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары өзi табиғат пайдаланушыға жiберетiн, оның мiндеттемелерiне қатысы бар құжаттарда көрсетуге тиiс.
4. Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерiн мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Ескерту. 169-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.

170-бап. Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны
ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен
шығару

Табиғат пайдаланушыны Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығару қоршаған ортаға әсер ететiн қызметтiң тоқтатылуына байланысты жүзеге асырылады.

171-бап. Мемлекеттiк органдардың табиғат пайдаланушыларды
және қоршаған ортаны ластау көздерiн есепке
алуды жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғат пайдаланушыларды мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асыру кезiнде мына мемлекеттiк органдармен:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және қайта тiркеудi жүзеге асыратын;
2) мемлекеттік статистика саласындағы;
3) салық салынатын объектiлердi және салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды және (немесе) мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын;
4) рұқсат беру органдарымен;
5) арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды.
Ескерту. 171-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV; 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

172-бап. Қоршаған ортаны ластау көздерi бар табиғат
пайдаланушылар туралы мәлiметтер беру

Мемлекеттік кіріс органдарының талабы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жылына кемінде бір рет қоршаған ортаны ластау көздері бар табиғат пайдаланушылардың орналасқан жері бойынша мәліметтер беруге міндетті.
Ескерту. 172-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА
АЙМАҚТАРЫ

23-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН АУМАҚТАРДЫ ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ
НЕМЕСЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ
ТӘРТIБI

173-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық
зiлзала

1. Төтенше экологиялық жағдай - шаруашылық және өзге де қызмет немесе жаратылыстың табиғи процестерi нәтижесiнде қоршаған ортада халықтың денсаулығына, табиғи экологиялық жүйелердiң, өсiмдiктер мен жануарлардың генетикалық қорларының жай-күйiне қауiп төндiретiн тұрақты терiс өзгерiстер болатын аумақ учаскесiнде туындаған экологиялық ахуал.
2. Экологиялық зiлзала - шаруашылық және өзге де қызмет немесе жаратылыстың табиғи процестерi нәтижесiнде халықтың денсаулығының едәуiр нашарлауына, табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесi жай-күйiнiң нашарлауына әкеп соқтырған қоршаған ортаның орны толмас, терең өзгерiстерi болған аумақ учаскесiнде туындаған экологиялық ахуал.
3. Халықтың денсаулығына төнетiн қауiп деп қоршаған ортаның ластануына байланысты денсаулықтың қайталама бұзылу жиiлiгiнiң артуы түсiнiледi.
4. Халық денсаулығының едәуiр нашарлауы деп қоршаған ортаның ластануынан туындаған денсаулықтың өмiрмен сыйыспайтын орны толмас бұзылуының, өлiм себептерi құрылымы өзгерулерiнiң және ерекше өзiндiк аурулардың пайда болуының артуы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына байланысты денсаулықтың қайталама бұзылу жиiлiгiнiң едәуiр артуы түсiнiледi.
5. Аумақтарды төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарына жатқызу экологиялық ахуалды нашарлататын көздер мен факторларды анықтау және экологиялық қолайсыздық деңгейiн тұрақтандыру мен азайту, қоршаған ортаға шаруашылық және өзге де қызметтiң әсер ету деңгейiн төмендету, табиғи ресурстарды қалпына келтiру және халықтың денсаулығына әсер ету салдарларын мейлiнше азайту жөнiнде негiзделген шұғыл шаралар әзiрлеу мақсатында жүзеге асырылады.

174-бап. Жекелеген аумақтарды төтенше экологиялық
жағдай немесе экологиялық зiлзала аймағы деп
жариялаудың тәртiбi

1. Төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зiлзала болу ықтималдығы болжанатын аумақты зерттеу мақсатында комиссия құрылады.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар және өзге де мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде:
1) экологиялық ахуалының қолайсыздығы болжанатын аумақта тұратын тұрғындардың;
2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және жергiлiктi өкiлдi органдар депутаттарының;
3) қоғамдық бiрлестiктердiң өтiнiштерi негiзiнде комиссия құруға бастамашы болуға құқылы.
3. Комиссияның құрамына жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттары, қоршаған ортаны қорғау, бiлiм беру, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, денсаулық сақтау, индустрия және сауда, энергетика және минералдық ресурстар, ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органдардың, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерi және басқа да мүдделi жеке және заңды тұлғалар кiредi.
4. Комиссия:
1) аумақтың экологиялық жай-күйiн;
2) қолайсыз экологиялық ахуалдың туындау себептерiн;
3) қандай да бiр тозу деңгейiне ұшыраған аумақтардың шекараларын;
4) болжанатын қолайсыз экологиялық жағдайдың залалын, нашарлау мүмкіндігін;
5) болжанатын қолайсыз экологиялық жағдайды жою жөнiндегi қажеттi шараларды;
6) болжанатын қолайсыз экологиялық ахуалдың туындауына себепшi болған факторларды жою мақсатында оны жоюға қажеттi құралдарды;
7) болжанатын қолайсыз экологиялық ахуалдың туындауына себепшi болған шаруашылық және өзге де қызмет түрлерiн айқындау мақсатында материалдарды жинау мен талдауды жүзеге асырады.
5. Қолда бар материалдар жеткiлiксiз болған жағдайда, комиссия тиiстi мемлекеттiк органға қосымша зерттеулер жүргiзу қажеттiгi туралы ұсыныс енгiзедi.
6. Аумақты зерттеу материалдары мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргізу үшiн денсаулық сақтау, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет және бiлiм беру салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қорытындысымен бiрге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға берiледi.
7. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысында аумақты төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зiлзала аймағы деп тану немесе танымау туралы тұжырым болуға тиiс.
8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық сараптамасының оң қорытындылары, сондай-ақ денсаулық сақтау, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қорытындылары негiзiнде аумақ:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен - төтенше экологиялық жағдай аймағы;
2) Қазақстан Республикасының заңымен - экологиялық зiлзала аймағы деп жарияланады.
9. Осы баптың 8-тармағында тiзбеленген нормативтiк құқықтық актiлерде:
1) экологиялық жағдай немесе экологиялық зiлзала аймақтарының шекаралары;
2) экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймағы деп жариялау мерзiмдерi;
3) экологиялық жағдай немесе экологиялық зiлзала аймақтарының құқықтық режимi;
4) тиiстi аумақтағы қолайсыз экологиялық жағдайды тұрақтандыру және деңгейiн азайту жөнiндегi шаралар не оларды әзiрлеу қажеттiгiне сiлтеме;
5) азаматтарды төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зiлзала салдарынан зардап шеккендер санатына жатқызу тәртiбi және оларды әлеуметтiк қорғау шаралары көрсетiледi.
10. Табиғи ресурстарды молайту, қоршаған ортаны сауықтыру, халыққа медициналық көмек көрсету жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес сараланған түрде әзiрленедi және жүзеге асырылады.
Ескерту. 174-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

175-бап. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау

1. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлердiң қосымша немесе көмекшi түрлерiн пайдалана отырып, критерийлердің басты түрлерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
2. Аумақтардағы экологиялық ахуалды бағалау критерийлерi - халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйiнiң нашарлауын сипаттайтын көрсеткiштер жиынтығы.
3. Төтенше экологиялық жағдай аймағын немесе экологиялық зiлзала аймағын айқындау экологиялық қолайсыз жағдайдың неғұрлым жоғары деңгейiн көрсететiн бiр немесе бiрнеше негiзгi және қосымша көрсеткiштер бойынша жүзеге асырылады.
4. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 175-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

24-тарау. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

176-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық
зiлзала аймақтарындағы құқықтық режим

1. Белгiлi бiр аумақта төтенше экологиялық жағдай мен экологиялық зiлзаланың құқықтық режимi белгiленген жағдайда мынадай шаралар:
1) қолайсыз экологиялық жағдайдың туындауына себепшi болған объектiлер қызметiн тоқтату не шектеу;
2) табиғи ресурстарды қалпына келтiру (молайту), қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде жедел шаралар;
3) халыққа тұрақты немесе уақытша тұруы үшiн мiндеттi түрде үй-жайлар бере отырып, оларды тұруға қауiптi жерлерден көшiру;
4) карантин белгiлеу және басқа да санитарлық-эпидемияға қарсы iс-шараларды жүзеге асыру;
5) ауырған, өлiм-жiтiмге ұшырау қаупi туындаған жағдайда жануарларға көмек беру жөнiндегi қажеттi жұмыстарды жүргiзу;
6) келудiң және кетудiң ерекше режимiн белгiлеу, көлiк құралдарының қозғалысын шектеу;
7) жаңа құрылыс салуға және жұмыс iстеп тұрған, қызметi төтенше экологиялық жағдайларды жоюмен немесе халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз етумен байланысты емес кәсiпорындар мен басқа да oбъектiлердi кеңейтуге уақытша тыйым салу;
8) қолайсыз экологиялық жағдайдың салдарынан зардап шеккен адамдар үшiн тамақ өнiмдерiн бөлудiң ерекше тәртiбiн енгiзу;
9) жоғары экологиялық қауiп төндiретiн объектiлердi салуға және олардың жұмыс iстеуiне тыйым салу;
10) жиынтық қасиеттерi және (немесе) жай-күйiнiң ерекшелiктерi осы аймақтағы экологиялық жағдайды ушықтыруы мүмкiн ерекше қауiптi (химиялық, радиоактивтi, уытты, жарылғыш, жанатын, биологиялық) заттарды, өсiмдiктердi қорғау құралдарын шаруашылық және өзге де қызметтерге қолдануға уақытша тыйым салуды белгiлеу;
11) сауықтыру, курорттық мақсаттағы объектiлердiң жұмыс iстеуiне тыйым салу;
12) адамдарға, өсiмдiктерге, жануарлар дүниесiне және басқа табиғи объектiлерге жоғары экологиялық қаупi бар кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу немесе оларға шектеу енгiзiлуi мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарындағы құқықтық режимдi және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi.

177-бап. Төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық
зiлзала салдарынан зардап шеккен адамдарға
келтiрiлген зиянды өтеу

Төтенше экологиялық жағдайдың немесе экологиялық зiлзаланың салдарынан зардап шеккен адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өздерiне келтiрiлген зиянды өтетуге, сондай-ақ әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.

178-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық
зiлзала аймақтарындағы экологиялық жағдайдың
мониторингi

1. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарының аумағында, сондай-ақ оларға iргелес жатқан аумақтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберiнде қоршаған ортаның және халық денсаулығының жай-күйiне арнайы бақылаулар мен зерттеулер жүргiзiледi.
2. Бақылау және зерттеу объектiлерi:
1) төтенше экологиялық жағдайдың немесе экологиялық зiлзаланың туындауына әкеп соқтырған факторлар;
2) төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймағы аумағындағы қоршаған ортаның және халықтың денсаулығына әсер ететiн келеңсiз өзгерiстер болып табылады.
Ескерту. 178-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

179-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық
зiлзала аймақтарында құқықтық режимнiң
қолданысын тоқтату

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және экологиялық жағдайдың қалыпқа түсуiн куәландыратын зерттеу материалдарының негiзiнде төтенше экологиялық жағдай аймақтарында құқықтық режимнiң қолданысы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен, ал экологиялық зiлзала аймақтарында құқықтық режимнiң қолданысы - Қазақстан Республикасы заңымен тоқтатылуы мүмкiн.

180-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық
зiлзала аймақтарында құқықтық режимдi
бұзушылық үшiн жауаптылық

Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарында құқықтық режимнiң бұзылуына кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

7-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
БIЛIМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ
БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ

181-бап. Экологиялық бiлiм беру мен ағартудың,
мамандардың бiлiктiлiгiн арттырудың мақсаты
және негiзгi мiндеттерi

1. Экологиялық бiлiм беру мен ағартудың мақсаты орнықты даму принциптерiне негiзделген азаматтардың белсендi өмiрлiк ұстанымын және қоғамдағы экологиялық мәдениеттi қалыптастыру болып табылады.
2. Қазақстан Республикасындағы экологиялық бiлiм беру, экологиялық ағарту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру орнықты дамуға арналған бiлiм жүйесiнiң бiр бөлiгi ретiнде дамиды.
3. Экологиялық бiлiм беру мен ағарту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру саласындағы негiзгi мiндеттер:
1) экологиялық бiлiм берудiң мазмұнын өзектi ету, бiлiм беру ұйымдарын қазiргi заманғы оқу-әдiстемелiк материалдармен қамтамасыз ету, оқытушы кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру арқылы экологиялық бiлiм берудiң сапасын жақсартуды;
2) қоғам мен отбасында экологиялық ағарту жөнiндегi ұйымдастыру негiздерiн, бағдарламалар мен iс-шараларды дамытуды;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мiндеттердi iске асыру үшiн кәсiби кадрлар даярлауды қамтиды.

182-бап. Экологиялық бiлiм беру мен ағарту, мамандардың
бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтің
ұйымдастырушылық негiздерi

1. Экологиялық бiлiм беру және ағарту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру саласындағы қызметтi мемлекеттiк органдар, бiлiм беру, мәдениет және ғылым ұйымдары, табиғат қорғау мекемелерi, табиғат пайдаланушылар, қоғамдық бiрлестiктер, жекелеген жетекшi педагогтар мен ғалымдар ұйымдастырады және жүзеге асырады.
2. Қоғам мен отбасында экологиялық ағартуды ұйымдастыруды оқу-әдiстемелiк және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етуде сектораралық ынтымақтасу мен ведомствоаралық өзара iс-қимыл жасау, бiлiктiлiктi арттыру мен қайта даярлау мақсатында бiлiм беру, ғылым ұйымдары мен қоғамдық бiрлестiктер жанынан өңiрлiк кеңестер (орталықтар) құрылады. Өңiрлiк кеңестердiң (орталықтардың) құрамына осы баптың 1-тармағында аталған ұйымдар мен тұлғалардың өкiлдерi кіруі мүмкiн.

183-бап. Бiлiм беру ұйымдарындағы экологиялық бiлiм беру

1. Үздiксiз және кешендi экологиялық бiлiм беру жүйесi бiлiм берудiң барлық деңгейлерiн қамтиды.
2. Бiлiм беру ұйымдарындағы экологиялық бiлiм беру мамандандырылған және пәнаралық бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру, сондай-ақ экологиялық аспектiлердi қазiргi оқу пәндерiне кiрiктiру арқылы жүзеге асырылады.
3. Табиғат қорғау мен табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауға белсендi азаматтық ұстанымды тәрбиелеу бiлiм беру ұйымдарындағы тәрбиенiң басым мiндеттерiнiң бiрi ретiнде танылады.
4. Мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi бiлiм беру стандарттары мен қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша кәсiби бiлiм берудiң үлгiлiк оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiтедi.
Ескерту. 183-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)