АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бап. Эмиссиялар нормативтерi 9 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

142-бап. Табиғи ресурстар мониторингi

1. Табиғи ресурстар мониторингi мынадай түрлердi қамтиды:
1) жер мониторингi;
2) су объектiлерi және оларды пайдалану мониторингi;
3) жер қойнауы мониторингi;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мониторингi;
5) таулы экожүйелер мен шөлейттену мониторингi;
6) орман мониторингi;
7) жануарлар дүниесi мониторингi;
8) өсiмдiктер дүниесi мониторингi.
2. Табиғи ресурстар мониторингiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
3. Жер мониторингi болып жатқан өзгерiстердi уақтылы анықтау, оларды бағалау, олардың одан әрi қанат жаюын болжау және терiс процестер салдарларының алдын алу және жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiлетiн жер қорының сандық және сапалық жай-күйiне базалық (бастапқы), жедел, мерзiмдi бақылау жасау жүйесi болып табылады.
Жер мониторингiнiң деректерi Мемлекеттiк жер кадастрында қорытылады.
4. Су объектiлерiнiң мониторингi олардың жай-күйiнiң гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитарлық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық көрсеткiштерiн тұрақты бақылау, терiс процестердi уақтылы анықтау, олардың қанат жаюын бағалау және болжау мақсатында алынған ақпаратты жинау, өңдеу және беру, жүзеге асырылатын су шаруашылығы iс-шараларының зиянды салдарларын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн айқындау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу жүйесi болып табылады.
5. Жер қойнауының мониторингi мемлекеттiк жер қойнауы қорының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету және олардың өзгерiстерiн уақтылы анықтау, терiс процестердi бағалау, олардың алдын алу және салдарларын жою үшiн жер қойнауының жай-күйiне бақылау жасау жүйесi болып табылады. Жер қойнауы мониторингiнiң деректерi Мемлекеттiк жер қойнауы кадастрында қорытылады.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингi - табиғи процестердiң қалыпты өтуi мен қоршаған ортаның жай-күйiндегi өзгерiстердiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерiне әсерiн зерттеу үшiн бақылау жасау жүйесi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мониторингiнiң деректерi Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрында қорытылады.
7. Таулы экожүйелер мен шөлейттену мониторингi - шөлейттену мен оның зардаптарына және таулы экожүйелердiң жай-күйiне бақылау жасау.
8. Орман мониторингi орман қорын күзету, қорғау және ормандарды молықтыру, орман қорын пайдалану, биологиялық әралуандықты және ормандардың экологиялық функцияларын сақтау саласындағы мемлекеттiк басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпiнiн бақылау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi. Орман мониторингiнiң деректерi Мемлекеттiк орман кадастрында қорытылады.
9. Жануарлар дүниесiнiң мониторингi жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру мен пайдалану және биологиялық әралуандықты сақтау саласындағы мемлекеттiк басқару мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң жай-күйi мен динамикасын бақылау, бағалау және болжау жүйесi болып табылады. Жануарлар дүниесi мониторингiнiң деректерi Жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастрында қорытылады.
10. Өсiмдiктер дүниесiнiң мониторингi өсiмдiктер дүниесiн зерттеу, қорғау, молықтыру және тұрақты пайдалану мақсатында олардың объектiлерi жай-күйiнiң бағалануын бақылау жүйесiн бiлдiредi.

143-бап. Мониторингтiң арнайы түрлерi

1. Мониторингтiң арнайы түрлерiне:
1) әскери-сынақ полигондарының мониторингi;
2) "Байқоңыр" зымыран-ғарыш кешенiнiң мониторингi;
3) парниктiк газдардың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мониторингі;
4) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг;
5) климаттың және Жердiң озон қабатының мониторингi;
6) төтенше экологиялық жағдайлар және экологиялық зiлзала аймағының мониторингi;
7) ғарыштық мониторинг жатады.
2. Әскери-сынақ полигондарының мониторингi - әскери, оның iшiнде зымырандық техниканы сынақтан өткiзуден, жабық және қолданыстағы полигондар аумақтарында бейбiт мақсаттарда ядролық жарылыстар жасаудан туындайтын қоршаған ортаның ластануына бақылау жасау жүйесi.
3. "Байқоңыр" зымыран-ғарыш кешенiнiң мониторингi - "Байқоңыр" кешенiнiң зымыран-ғарыш қызметi әсер еткен аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйiне бақылау жасау жүйесi.
4. Парниктiк газдардың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мониторингi - парниктiк газдардың атмосфераға шығарылатын шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды және олардың көздерiне бақылау жасау және есепке алу жүйесi.
5. Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг - халықтың денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасының жай-күйiне, оларды талдаудың, бағалаудың және болжаудың, сондай-ақ халықтың денсаулығы жай-күйi мен тiршiлiк ету ортасы факторларының әсерi арасындағы себеп-салдар байланыстарын айқындаудың мемлекеттiк бақылау жасау жүйесi. Мониторингтi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
6. Климаттың және Жердiң озон қабатының мониторингi - климаттың өзгерiстерi мен Жердiң озон қабатының динамикасына, олардың жай-күйiн кешендi бағалау мен болжауға бақылау жасау.
7. Төтенше экологиялық жағдайлар және экологиялық зiлзала аймағының мониторингi - төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарының аумақтарында қоршаған ортаның жай-күйiне бақылау жасау жүйесi.
8. Ғарыштық мониторинг - ғарыштық орналастыру және дистанциялық тексерiп көрудiң бақылау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiне бақылау жасау жүйесi, оның жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды аэроғарыштық қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
9. Осы баптың 2-4, 6, 7-тармақтарында аталған мониторинг түрлерiнiң жүргiзiлуiн ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

144-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi
бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң деңгейлерi мен
байқау желiлерi

1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң мониторингiн жүргiзу мынадай үш деңгейде жүзеге асырылады:
1) жергiлiктi (өндiрiстiк мониторинг және елдi мекендердiң нақты учаскелерiнiң, су тоғандары мен өзендердiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингi);
2) өңiрлiк (өңiрлердiң физикалық-географиялық және экономикалық ерекшелiктерiн, экологиялық тұрғыдан ауыртпалықты аймақтардың бар-жоғын және қоршаған ортаның жай-күйi мен табиғи ресурстардың пайдаланылуына әсер ететiн табиғи және техногендiк факторлар кешенiн ескере отырып, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiндегi мониторинг);
3) республикалық (қажет болған кезде жалпы мемлекеттiк мәнi бар iрi өңiрлер мен жекелеген объектiлердi бөлiп көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағын қамтитын мониторинг).
2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң шеңберiнде қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау, сондай-ақ талдау үшiн сынамаларды iрiктеу арнайы құрылған мемлекеттiк, аумақтық және жекеменшiк бақылау желiлерiнiң пункттерiнде жүзеге асырылады. Iрiктелiп алынған сынамалардағы ластаушы заттардың құрамын талдау аккредиттелген талдамалық зертханаларда жүзеге асырылады.
3. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң шеңберiнде бақылау желiлерiн құру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiледi.

145-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi
бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеу
негiздерi

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi:
1) ғылыми зерттеулер ұйымдастыру мен жүргiзу, Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi үшiн қажеттi және жеткiлiктi әдiстемелiк база;
2) қоршаған ортаның жай-күйiн айқындайтын нормативтердi, оған антропогендiк әсер ететiн нормаларды, қоршаған ортаның жай-күйiн бағалау мен болжау, табиғат қорғау қызметiнде басқарушылық шешiмдердi шығару және қабылдау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн негiз болып табылатын экологиялық қауiпсiздiк нормаларын әзiрлеу және белгiлеу;
3) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң, оның құрылымдық бөлiмшелерi мен элементтерiн құру және жұмысын ұйымдастыру үшiн қажеттi талаптарды, ережелер мен рәсiмдердi регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау және қолданысқа енгiзу;
4) бақылаудың салыстырмалы нәтижелерiн алуға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеудi және енгiзудi ұйымдастыру;
5) ақпараттық жүйелердiң құрылымдарын, деректер базасының жүйелерiн, жiктеуiштердi, деректер сөздiктерiн және құжаттардың бiрiздендiрiлген нысандарын әзiрлеу;
6) техникалық қамтамасыз ету;
7) талдамалық зертханаларды және мониторинг жүргiзудi қамтамасыз ететiн басқа да бөлiмшелердi аккредиттеудi ұйымдастыру негiзiнде жұмыс iстейдi.

145-1-бап. Мемлекеттік бақылау жасау желісін қорғау

1. Мемлекеттік бақылау жасау желісі, оның ішінде желіге бөлінген жер учаскелері мен акватория бөліктері, сондай-ақ мүлік тек қана мемлекеттік меншікке жатады және мемлекеттің қорғауында болады әрі жекешелендіруге жатпайды.
2. Стационарлық және жылжымалы бақылау жасау пункттерінің қызметін ұйымдастыру, олардың орналасқан жерін (дислокациялау орнын) айқындау жергілікті атқарушы органдардың келісімімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілген бақылау жасау пункттерінің қызметін тоқтату тек қана қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қоршаған ортаның жай-күйі, оның ластануы туралы анық ақпарат алу мақсатында стационарлық бақылау жасау пункттерінің айналасында шаруашылық қызметке шектеу қойылатын қорғау аймақтары құрылады. Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ережені қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. Мемлекеттік бақылау жасау желісіне кіретін стационарлық байқау пункттеріне өту немесе көлікпен өту жүзеге асырылатын болса, ол жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалған тәртіппен сервитуттар белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 16-тарау 145-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

145-2-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысы

1. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет мемлекеттік бақылау жасау желісін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізуді қамтамасыз етеді. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет бюджет қаражаты есебінен құрылады және жұмыс істейді.
Метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтерді және қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын – ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады.
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Гидрометеорологиялық қызмет осы Кодекске, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет азаматтық қорғаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрамына кіреді және өз қызметін төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
4. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет осы Кодекске және «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ақпарат ұсынады.
Ескерту. 16-тарау 145-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

146-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар
мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн
қаржыландыру

1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылады.
2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қаржыландыру:
1) мониторингтiң республикалық деңгейiн жасауға және оның жұмыс iстеуiне қолдау көрсетуге;
2) мониторингтiң және оның кiшi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi мен дамуын қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау үшiн ғылыми-техникалық өнiмдi жасауға;
3) мониторингтiң аумақтық деңгейiн жасауға және оның жұмыс iстеуiне қолдау көрсетуге, оны дамыту мүддесi үшiн ғылыми-техникалық өнiмдi жасауға арналып көзделедi.
Ескерту. 146-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК
ЕСЕПКЕ АЛУ

147-бап. Қоршаған ортаның ластану учаскелерiн есепке
алуды жүргiзудiң мiндеттерi мен принциптерi

1. Қоршаған ортаның ластану учаскелерi мен объектiлерiн мемлекеттiк есепке алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген нормативтерден жоғары деңгейде зиянды, оның iшiнде шығу тегi табиғи заттармен ластанған қоршаған орта учаскелерi мен объектiлерiн сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштердi жүйелi түрде айқындау мен бекiту болып табылады.
2. Қоршаған ортаның ластану учаскелерiн мемлекеттiк есепке алудың деректерi олардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiгiнiң, зерделенуiнiң, пайдаланылуының және рекультивациялануының дәрежесiн сипаттайды.
3. Қоршаған ортаның ластану учаскелерiн мемлекеттiк есепке алуды арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тапсырысы бойынша табиғат пайдаланушылар және қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiн жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын деректердiң негiзiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

148-бап. Қоршаған ортаның ластану учаскелерiн есепке
алуды жүргiзудiң тәртiбi және олардың
тiзiлiмдерi

1. Қоршаған ортаның ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi ластану учаскелерiнiң түрлерi мен шығу көздерi, олардағы ластаушы заттардың көлемi мен шоғырлану көлемi, ластану учаскелерiнiң тиесiлiгi және оларды жою жөнiндегi шаралар туралы деректер жинақталатын деректер банкi болып табылады.
2. Қоршаған ортаның ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi орталық және аумақтық тiзiлiмдерден тұрады. Мемлекеттiк тiзiлiмнiң жүргiзiлуiн ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
3. Қоршаған ортаның ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ

149-бап. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларының
бiрыңғай жүйесi

1. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының бiрыңғай жүйесi (бұдан әрi - Кадастрлардың бiрыңғай жүйесi) Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетiнiң бiрыңғай жалпы мемлекеттiк кешендi есебiн жүргiзу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының барлық түрлерiн бiрiктiретiн салааралық ақпараттық жүйе ретiнде құрылады және жүргiзiледi.
2. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткiштерi туралы ақпараттың жүйелендiрiлген жиынтығы болып табылады.
3. Қоршаған ортаның құрамдас бөлiктерi: жер, су, орман, топырақ, жер қойнауы, өзара байланыста болатын өсімдіктер мен жануарлар дүниесi Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерi болып табылады.
4. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғи ресурстардың жай-күйi мен оларды пайдалану есебi деректерiнiң негiзiнде табиғи ресурстардың тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзедi.
5. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары жүйесiнде географиялық байланысы мен ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiле отырып, әрбiр есепке алынған кадастрлық объектiге оның жай-күйi туралы цифрлы түрдегi құжаттамалық мәлiметтер қамтылады.
6. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн жүргiзудiң негiзгi принциптерi:
1) кадастрлық ақпаратты өңдеу мен ұсыну технологиясының бiртұтастығы;
2) автоматтандырылған ақпараттық технологияларды қолдану;
3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтiлiгi болып табылады.

150-бап. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымы мен
мазмұны

Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымын мына есепке алу объектiлерi құрайды, олар бойынша мониторингтi мына арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады:
1) мемлекеттiк жер кадастры бойынша - жер ресурстарын басқару саласындағы орталық уәкiлеттi орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;
2) мемлекеттiк су кадастры бойынша (жер үстi және жер асты су көздерi, су ресурстарын пайдалану) - қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - өзендер бассейнi және әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;
3) мемлекеттiк орман кадастры бойынша - орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;
4) кен орындарының және пайдалы қазбалар көрiнiстерiнiң, техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры бойынша - жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастры бойынша - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;
6) жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастры бойынша - жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде.

151-бап. Ақпарат беру

1. Табиғи ресурстардың кадастрлары шеңберiнде алынған oбъектiлердi есепке алу мен тiркеудiң нәтижелерiн арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға өтеусiз бередi.
2. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiне енгiзiлген объект туралы деректерде:
1) арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен есептік материалдар, объект паспорты және статистикалық ақпарат;
2) объектiлердiң кеңiстiктегi жағдайы туралы картографиялық материал және аумақтарды кешендi бағалау үшiн қажеттi басқа да деректер қамтылуға тиiс.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғи ресурстардың тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың кадастрларында қамтылатын ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ескерту. 151-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК
КАДАСТРЫ

152-бап. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк
кадастры

1. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастры (бұдан әрi - Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры) қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi (олардың кеңiстiктегi орналасуын көрсете отырып) бойынша геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi, олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға қауiптiлiгi ескерiле отырып), компоненттiк құрамы, сандық және сапалық көрсеткiштерi, оларды сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, оларды пайдалану мен залалсыздандыру технологиялары негізiнде жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын бiрегей мәлiметтер жиынтығы болып табылады.
2. Барлық қалдық түрлерi және қалдықтарды орналастыру объектiлерi Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрында есепке алынуға тиiс.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.)