АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бап. Эмиссиялар нормативтерi 6 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

94-5-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар
бөлудің ұлттық жоспары

1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті кезеңге бекітеді.
2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында экономика салалары бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемі және табиғат пайдаланушылар үшін квоталар көлемі белгіленеді.
3. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларына сәйкес әзірленеді және табиғат пайдаланушылар қондырғылары паспорттарының деректеріне негізделеді.
4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономиканың басым секторларында жаңа қондырғылар пайдалануға берілген жағдайда шығарындыларға квота бөлу үшін қажетті квота көлемінің резервін құрайды.
Квоталар көлемінің резерві опцион шартымен сату үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйымға басқаруға беріледі.

94-6-бап. Табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіру
субъектілері

1. Табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіру субъектілері (бұдан әрі - әкімшілендіру субъектілері) экономиканың мынадай салаларында: мұнай-газ, энергетика, тау-кен металлургиясы, химия салаларында, ауыл шаруашылығында, көлікте, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында көлемі жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден аспайтын парниктік газдар шығарындыларымен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.
2. Осы Кодекс нормаларының күші, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуді субъектілер жүзеге асыратын рәсімдер бөлігінде әкімшілендіру субъектілеріне қолданылмайды.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының мөлшерін бақылауды жүзеге асырады.
4. Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.
Ескерту. 94-6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

94-7-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен
сіңірудің нарықтық тетігі

1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігі:
1) парниктік газдар шығарындыларына квоталармен сауданы;
2) парниктік газдарды сіңіру, шығарындыларды сертификатталған азайту, шығарындыларды азайту, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің саудасын;
3) парниктік газдар шығарындыларына шектеу және (немесе) азайтулар бар елдер және олардың заңды тұлғалары арасындағы белгіленген мөлшердегі бірліктердің халықаралық саудасын қамтиды.
2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биржалық саудаға қатысушылар парниктік газдар шығарындылары нарығының субъектілері болып табылады.
3. Көміртегі бірлігі тауар болып табылады.
4. Парниктік газдар сіңірулері, шығарындыларды сертификатталған азайту, шығарындыларды азайту, квоталар, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін екінші айналымда сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын ұйымдастырылған тауар алаңдарында (биржаларда) жүргізіледі.

94-8-бап. Тәуелсіз ақпарат беруші

Тәуелсіз ақпарат берушілердің негізгі міндеті консультациялық қызмет көрсету, сондай-ақ табиғатты пайдаланушыларға парниктік газдар шығарындыларын басқару бойынша, оның ішінде парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

94-9-бап. Көміртегі бірліктерінің саудасына қойылатын
талаптар

1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың сауда жүйесіне қатысушы квоталар бірліктері тек қана ішкі сауда нарығында басқа да елдердің белгіленген мөлшердегі есепке алу жүйесіне беру құқығынсыз айналымда болады. Квоталар бірліктері басқа да халықаралық биржалық алаңдарда оларға баға белгілеу мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
Халықаралық шарттар екіжақты негізде қабылданған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларының жыл сайынғы көлемінен аспайтын көлемдегі Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктері белгіленген мөлшердегі есепке алу жүйесінен шығарылуы мүмкін.
2. Азайтудың сертификатталған бірліктері және шығарындыларды азайту бірліктері ішкі және халықаралық сауда мақсаттарында пайдаланылуы және белгіленген мөлшердегі мемлекеттік есепке алу жүйесінен басқа да елдердің есепке алу жүйесіне өтуімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

94-10-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту
жөніндегі ішкі жобалар

1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды заңды тұлғалар өздерінің меншігі болып табылмайтын немесе өздерінің заңды пайдалануында жоқ және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған қондырғыларға қатысты ғана Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырады.
2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалар экономиканың мынадай салаларында:
1) тау-кен металлургиясында (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);
2) ауыл шаруашылығында;
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта;
4) орманды және далалы аумақтарды көгалдандыруда;
5) жердің тозуының алдын алуда;
6) жаңартылатын энергия көздерінде;
7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуде;
8) көлікте;
9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыста іске асырылуы мүмкін.
3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

94-11-бап. Мониторинг рәсімі

1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу субъектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемелер негізінде мониторинг жоспарларын әзірлеуге және осы жоспарларды орындауға міндетті.
2. Мониторинг жоспарларын әзірлеу және орындау парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктер шеңберінде іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңіру жөніндегі жобалар үшін міндетті болып табылады.
3. Мониторинг жүргізудің, парниктік газдарды түгендеу туралы есептер әзірлеудің дұрыстығын қадағалауды аккредиттеген тәуелсіз ұйым уәкілетті орган бекіткен өлшемдер мен әдістемелерге сәйкес жүзеге асырады.

94-12-бап. Экологиялық (жасыл) инвестициялар

1. Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемінің бір бөлігінен белгіленген мөлшердегі бірліктер резерві құралады, оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Резерв қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйымға басқаруға беріледі.
3. Жобаларды экологиялық (жасыл) инвестициялар тетігі шеңберінде инвестициялау резервтен белгіленген мөлшердегі бірліктерді іске асырудан немесе пайдаланудан алынған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 94-12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI

95-бап. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды
экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi

Мыналар:
1) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;
2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы төлеу;
3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу;
4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
5) қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктері;
5-1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін азайтудың нарықтық тетiктері;
6) экологиялық сақтандыру;
7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi болып табылады.
Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

96-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар

1. Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар болып табылады.
2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға:
1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған;
2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартатын;
3) экологиялық жүйелердiң жай-күйiн тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететiн;
4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтiрудiң алдын алатын және оларды болғызбайтын;
4-1) жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған;
5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгiзуге бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiретiн;
6) өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытатын;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердi қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететiн;
8) экологиялық бiлiмдi насихаттауға, тұрақты даму үшiн экологиялық бiлiм мен ағарту iсiне ықпал ететiн;
9) парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін арттыруға бағытталған іс-шаралар жатқызылады.
3. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға осы баптың 2-тармағында көзделген инвестициялық экологиялық жобалар жатқызылуы мүмкiн.
4. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

97-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды
қаржыландыру

Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

98-бап. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды
жоспарлау

1. Әртүрлi деңгейдегi бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгiленетiн бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерiне сәйкес айқындалады.
2. алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламалары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарлары оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, осы орган белгілеген тәртіппен келісуге жатады.
5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етедi.
6. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 98-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

99-бап. Табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары
есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны
қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау

1. Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды.
2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттар алу үшiн әзiрлейтiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiледi.

100-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым
салынбаған өзге де көздер есебiнен
қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау
жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау

Өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

101-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы

1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.
2. Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегiнде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады.
3. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
4. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен).
5. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы бойынша салықтық мiндеттемелердi атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтiрген залалды өтеуден босатпайды.
Ескерту. 101-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

102-бап. Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн
пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi
төлемдер

Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.

103-бап. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық
ынталандыру

Ескерту. 103-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

104-бап. Мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк
кепiлдiктер беру

Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер бере алады.

105-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың
нарықтық тетiктерi

1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер мен квоталар белгiлеу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртiбiн бекiту жолымен нарықтық тетiктер енгiзуi мүмкiн.
2. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссиялардың жылдық квоталары белгiленген жағдайда осындай квотаға құқық алады.
Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

106-бап. Халықаралық деңгейде квоталар саудасы

Ескерту. 106-бап алып тасталды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

107-бап. Экологиялық сақтандыру

1. Үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) авариялық ластануы нәтижесiнде қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады.
2. Мiндеттi экологиялық сақтандыру «Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн осы Кодекс және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
3. Ерiктi экологиялық сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң еркiн бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi экологиялық сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртiбi сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады.
Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
БАҒАЛАУ

108-бап. Қоршаған ортаға келтiрiлген залалды
экономикалық бағалау тәртiбi

1. Қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерiн қалпына келтiру үшiн қажеттi шығындардың құндық көрiнiсi.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары қоршаған ортаға залал келтiру фактiсi анықталған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қажеттi материалдарды жинау мен талдауды жүргiзедi және келтiрiлген залалға экономикалық бағалауды белгiлейдi.
3. Атмосфералық ауаны және су, жер ресурстарын белгiленген нормативтерден тыс ластаудан, жер қойнауын заңсыз пайдаланудан, сондай-ақ өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын, оның iшiнде радиоактивтi қалдықтарды белгiленген нормативтерден тыс орналастырудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн қағидаларға сәйкес тікелей немесе жанама әдiстермен айқындалады.
Ескерту. 108-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

109-бап. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдiсi

1. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдiсi неғұрлым тиiмдi инженерлiк, ұйымдық-техникалық және технологиялық iс-шаралар арқылы қоршаған ортаны қалпына келтiруге, жұтаңдаған табиғи ресурстардың орнын толтыруға, тiрi организмдердi сауықтыруға қажеттi нақты шығындарды анықтаудан тұрады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары бiрiншi кезекте қоршаған ортаға залал келтiрген тұлғаның қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарастырады.
Қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу жөнiндегi тиiстi мiндеттемелер қоршаған ортаға залал келтiрген тұлғаның нақты iс-шаралар және оларды жүргiзу мерзiмi көрсетiлген кепiлдiк хатында жазылады.
3. Залалдың салдарларын жою жөнiндегi шаралардың құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады.
4. Залалды тура әдiспен экономикалық бағалау кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары тәуелсiз сарапшыларды тарта алады. Сарапшылар ретiнде экологиялық аудиторлар, жобалау, инженерлiк және ғылыми ұйымдардың мамандары қатыса алады.
5. Тәуелсiз сарапшылар жұмысына ақы төлеу жөнiндегi мiндет қоршаған ортаға залал келтiрген тұлғаға жүктеледi.

110-бап. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi

1. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi залалды экономикалық бағалаудың тура әдiсiн қолдану мүмкiн болмайтын жағдайларда қолданылады.
2. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi қоршаған ортаға әсер ету түрлерiне қарай залалды әрбiр ингредиент бойынша жиынтықтау жолымен айқындалады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.015 сек.)