АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бап. Эмиссиялар нормативтерi 14 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

215-бап. Босалқы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану
кезiндегi экологиялық талаптар

1. Босалқы жердi аймақтарға бөлу кезiнде келеңсiз өзгерiстер байқалған алаңдарды және зерттелетiн аумақтағы тозу дәрежесi әртүрлi учаскелердi бөлудiң кеңiстiктi әркелкiлiгi ескерiледi.
2. Экологиялық жүйелердiң тозу жылдамдығы елу жылдық байқау қатары бойынша есептеледi. Экожүйелердiң тозуын бағалау жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiне сәйкес жүргiзiледi.
3. Босалқы жер басқа жер санатына одан әрi пайдалану мақсаттарына қарай сол орында санатына ауыстырылатын жердiң шекаралары белгiленгеннен кейiн ғана ауыстырылуы мүмкiн. Босалқы жердi басқа жер санатына ауыстыру кезiнде жер учаскесiн осындай жер санатына қойылатын экологиялық талаптарға сәйкес таңдау алдын ала жүзеге асырылады.
4. Бұзылған жердi босалқы жер санатынан ауыстыру қалпына келтiру және жердiң сапасы мен экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырғаннан кейiн мүмкiн болады.
5. Ядролық қаруды сынау жүргiзiлген жер учаскелерi босалқы жер құрамынан ядролық қаруды сынау зардаптарын жою және кешендi экологиялық тексеру жөнiндегi барлық iс-шаралар аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындысы болған кезде ғана меншiкке немесе жер пайдалануға берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 215-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

216-бап. Оңтайлы жер пайдалану жөнiндегi экологиялық
талаптар

1. Оңтайлы жер пайдаланудың негiзгi экологиялық талаптары:
1) ұсынылып отырған жердiң қайта түлетiлуi және жердi қайта бөлу салдарларын ғылыми негiздеу және болжау;
2) барлық санаттағы жердiң ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын жоспарлау мен ұйымдастыруда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты негiздеу және iске асыру;
3) жердiң нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi құнарлы жердi сақтау;
4) экологиялық негiзделген жинақы және алаңы жағынан оңтайлы жер учаскелерiн қалыптастыру және орналастыру;
5) ауыл шаруашылығы алқаптарын жақсарту, топырақтың құнарлылығын арттыру, тұрақты ландшафттарды күтiп ұстау және жердi қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу;
6) жердi ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;
7) жерге түгендеу жүргiзу және пайдаланылмайтын, ұтымды пайдаланылмайтын, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жердi анықтау;
8) жердiң өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында және адам денсаулығын сақтау мүддесiне орай ормандардың орта құрау, су қорғау, қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, сауықтыру және өзге де пайдалы табиғи қасиеттерiн сақтау және күшейту;
9) биологиялық әралуандықты сақтау болып табылады.
2. Кәсiпорындар, құрылыстар және өзге де объектiлердi орналастыру және пайдалану үшiн жер учаскелерiн беру аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық салдарларын ескерiп, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды молайтудың және ұтымды пайдаланудың шарттары мен ережелерi сақтала отырып жүргiзiледi.
3. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiмен байланысты емес объектiлердi салу мен тұрғызу үшiн ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн жарамсыз, топырағының бонитет балы ең төмен жер бөлiнуге тиiс.

217-бап. Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

1. Табиғат пайдаланушылар жердi пайдалану кезiнде:
1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетiн өндiрiс технологияларын қолдануы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуi, қолжетiмдi озық технологияларды енгiзуi;
2) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуiне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшiн оны алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеуi;
3) қалдықтарды жинақтау мен жоюды олардың құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, сондай-ақ арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен айқындалатын жерде жүргiзу талаптарын сақтауы тиiс.
2. Табиғат пайдаланушылар пайдалы қазбаларды қазу, геологиялық-барлау, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу кезiнде:
1) иеленiп отырған жер учаскелерiн оларды одан әрi мақсатына сай пайдалануға жарамды күйде ұстауға;
2) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сылып алуға, сақтауға және пайдалануға;
3) бүлiнген жердi қалпына келтiрудi жүргiзуге мiндеттi.
3. Бүлiнген жердi қалпына келтiру бағытын таңдау кезiнде:
1) жер учаскесiнiң үстiңгi жағының бүлiну сипаты;
2) объект орналасқан ауданның табиғи және физикалық-географиялық жағдайлары;
3) ауданның даму перспективалары және қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескере отырып, объектiнi орналастырудың әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерi;
4) қара топырақты жердiң таралу және үдемелi ауыл шаруашылығы аймағында бүлiнген жердiң негiзгi көлемiн жыртылатын жер алқаптары ретiнде қалпына келтiру қажеттiгi;
5) кенi алынған бос жерде су тоғандарын және аршылған жыныстар мен байытылған қалдықтар үйiндiлерiнде сәндiк бақ-парк кешендерiн құруды қоса алғанда, елдi мекендерге тым жақын орналасқан бүлiнген жердi бақ, қосалқы шаруашылықтар және демалыс аймақтары етiп қалпына келтiру қажеттiлiгi;
6) өндiрiстiк объектiнiң аумағында жоспарлау жұмыстарын орындау, қажетсiз шұңқырлар мен үйiндiлердi жою, құрылыс қоқыстарын жинау және жер учаскесiн абаттандыру;
7) пайдаланылатын жер учаскесiндегi жыралар мен су шайған жерлердi топырақпен жабу немесе тегiстеу;
8) мiндеттi түрде аумақты көгалдандыру ескерiлуге тиiс.
4. Жер учаскелерi өнеркәсiптiк қалдықтарды орналастыру, көму, жинақтау үшiн пайдаланылған жағдайда олар мынадай талаптарға сай келуге:
1) кәдеге жаратылмаған өнеркәсiптiк қалдықтарды көмуге арналған полигондарды жобалаудың, салудың және пайдаланудың санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келуге;
2) су тоғаны, ауыл шаруашылығы алқаптары, ормандар, өнеркәсiптiк кәсiпорындар жағына 1,5 процент еңiсi бар жерлерде сыйымдылықтың түбiнен алғанда екi метрден аспайтын ыза суы тұрғанда әлсiз сүзгiш топырағы болуға;
3) елдi мекенге қатысты желден ық жақта және жерасты суы ағысының бағыты бойынша төмен орналасуға;
4) тасқын су мен нөсер су басып қалмайтындай жерлерде орналасуға;
5) инженерлiк қарсы сүзгi қорғанышы, периметрi бойынша қоршауы мен көгалдандырылуы, қатты жамылғысы бар кiрме жолдары болуға;
6) жер учаскесiнен шығатын жер үстi және жер асты ағыны ашық су объектiлерiне қосылмауға тиiс.
5. Жаңа технологияларды енгiзуге, жердi мелиорациялау және топырақтың құнарлығын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға олар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге және өзге де талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тыйым салынады.
6. Радиоактивтi және химиялық ластануға ұшыраған жердi пайдаланудың, күзет аймақтарын белгiлеудiң, осы жерде тұрғын үйлердi, өндiрiстiк, коммерциялық және әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлердi сақтаудың, оларда мелиорациялық және техникалық жұмыстар жүргiзудiң тәртiбi радиациялық және химиялық әсер етудiң жол берiлетiн шектi деңгейлерiнiң нормативтерi ескерiле отырып айқындалады.
7. Жердi қорғау мақсатында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, жер пайдаланушылар:
1) жердi су және жел эрозиясынан, селдерден, су басудан, батпақтанудан, қайта тұзданудан, құрғап кетуден, тығыздалудан, радиоактивтi және химиялық заттармен ластанудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен қоқыстанудан, ластанудан, оның iшiнде биогендiк ластанудан, сондай-ақ басқа да терiс әсерлерден сақтау;
2) ауыл шаруашылығы алқаптарын және басқа да жердi бактериялық-паразиттiк және карантиндiк зиянкестермен және өсiмдiктер ауруларымен зақымданудан, арамшөптер, бұталар және шiлiктер басып кетуден, жердiң жай-күйiнiң өзге де нашарлану түрлерiнен қорғау;
3) ластанудың, оның iшiнде биогендiк ластанудың және жердiң қоқыстануының салдарларын жою;
4) мелиорацияның қол жеткiзiлген деңгейiн сақтау;
5) бүлiнген жердiң құнарлылығын қалпына келтiру, топырақ құнарлылығын қалпына келтiру, жердi айналымға уақтылы енгiзу;
6) топырақтың құнарлы қабатын кейiннен жердiң құнарлылығын қалпына келтiрудi жүргiзу кезiнде пайдалану үшiн алу мен сақтау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
8. Елдi мекендер жерiнде көктайғаққа қарсы күресу үшiн ас тұзын пайдалануға тыйым салынады.
Ескерту. 217-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ТАЛАПТАР

218-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды
жүргiзу үшiн экологиялық негiз

1. Жобалау құжаттамасына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiз болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын ұсынуға міндетті, оған жоспарланатын қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға беру енгізілуге және ол «Қоршаған ортаны қорғау» бөлiмiн қамтуға тиіс.
Ескерту. 218-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

219-бап. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы
экологиялық талаптар

1. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар:
1) жер қойнауын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану;
2) кен орнын игерудiң арнаулы әдiстерiн қолдану есебiнен жердiң үстiңгi қабатын сақтау;
3) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болғызбау;
4) барлау, өндiру кезiнде, сондай-ақ барлаумен және өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға беру кезiнде қауiптi техногендiк процестердiң пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану;
5) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалану мен қазуды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғау;
6) жер қойнауының, әсiресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезiнде ластануын болғызбау;
7) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды, тоқтату, тоқтатып қою, кен орнын игеру объектiлерiн консервациялау мен жою жөнiндегi белгiленген тәртiптi сақтау;
8) қалдықтарды жинап қою мен орналастыру кезiнде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;
9) автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталмас бұрын ұтымды схема бойынша, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауда тармақты тәсiлдi қоса алғанда басқа да әдiстердi пайдалану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн жердiң аумағын азайту;
10) топырақтың жел эрозиясына ұшырауын, аршу жыныстары және өндiрiс қалдықтарының құлауын, олардың тотықтануы мен өздiгiнен жануын болғызбау;
11) сiңiрме және тұщы су қабаттарының ластануын болғызбау үшiн оларды оқшаулау;
12) жер асты суларының сарқылуын және ластануын болғызбау, оның iшiнде жуғыш сұйықтарды дайындағанда уытсыз реагенттердi қолдану;
13) бұрғылау ерiтiндiлерiн тазалау және қайталап пайдалану;
14) бұрғылау және жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауiпсiз тәсiлмен жою;
15) мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау жүйесiнде мұнай кәсiпшiлiгi сарқынды суларын тазалау және қайтадан пайдалану негiзгi экологиялық талаптар болып табылады.
2. Жерасты сулары минералға қаныққан жер астындағы сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды ағызуды қоспағанда, нормативтiк көрсеткiштерге жеткізіліп тазартылмаған шаруашылық-ауыз су үшін, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, ирригация және мал шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға болмайтын, сондай-ақ қосымша ілесіп шыққан карьердің суын арнайы жинақтағыштарға ағызуды қоспағанда, ол үшін заттардың нормативтерін белгілеу талап етілмейтін және су мөлшері тек қана текше метрмен нормаланатын сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады.
Пайдалы қазбалармен ілесіп шыққан суды кері ағызу, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманың және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбалармен ілесіп шыққан суды жер қойнауына кері ағызу сарқынды суларды төгу болып табылмайды.
3. Жер қойнауын пайдаланушы:
1) жұмыстарды жүргiзудiң халықаралық практикада қабылданған стандарттарға негiзделген неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдауға;
2) жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын, қызметкерлердiң, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға мiндеттi.
Ескерту. 219-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

220-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар

1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар шаруашылық қызметiнiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерi болып табылады және мынадай талаптар сақталған кезде орындалуға тиiс:
1) ұңғымалар мен тау-кен өндiру конструкциялары берiктiгi, технологиялылығы және экологиялық қауiпсiздiгi жағынан жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуге тиiс;
2) дизельдi-генератор және дизельдi жетегi бар қондырғыларды қолдана отырып, бұрғылау және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi басқа да операциялар кезiнде атмосфераға осындай қондырғылардан тазартылмаған газдардың шығарылуы олардың техникалық сипаттамасына және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиiс;
3) құнарлы жерде және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құрылыстарды салу кезiнде жабдықтарды монтаждауға дайындық жұмыстарын жүргiзу процесiнде аумақтың құнарлылығын кейiннен қалпына келтiру үшiн құнарлы қабат алынады және жеке сақталады;
4) уытты заттардың табиғи объектiлерге көшуiн болғызбау үшiн технологиялық алаңдарды гидрологиялық оқшаулай отырып, жер қойнауын пайдаланудың қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинау мен сақтаудың инженерлiк жүйесi көзделуге тиiс;
5) ұңғыма құрылысы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда салынған жағдайларда, тек қана ұрасыз технологияны қолдану қажет;
5-1) мұнай операцияларын жүргізу кезінде күкірттің көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету жөніндегі шаралар көзделуге тиіс;
6) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар кезiнде шламдарды кәдеге жарату және бұрғылау процесiнде қайтадан пайдалану, қоршаған ортаға қайтару үшiн, пайдаланылған бұрғылау ерiтiндiлерiн, бұрғылаудан, карьерлерден және шахтадан шыққан сарқынды суды бейтараптандыру жөнiндегi жұмыстар белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiлуге тиiс;
7) бұрғылау ерiтiндiлерiн көмiрсутегi (әк-битум, инверт-эмульсия және басқалары) негiзiнде қолданған кезде ауаның газдануының алдын алу жөнiндегi шаралар қолданылуға тиiс;
8) жану мүмкiндiгiн немесе адамдардың улану ықтималдығын болғызбау мақсатында пирофорлық шөгiндiлер, шлам мен керн жобаға сәйкес және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органы мен жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша көмiледi;
9) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құрылыстарды пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда жүргiзiледi;
10) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар мен жабдықтарды бөлшектеу аяқталғаннан кейiн жобалық шешiмдерге сәйкес жер учаскесiн қалпына келтiру (рекультивациялау) жөнiндегi жұмыстар жүргiзiледi;
11) жер қойнауын пайдаланушы бұрғылайтын, оның iшiнде өздiгiнен ағып шығатын ұңғымаларды, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды реттегiш құрылғылармен жабдықтауға, консервациялауға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жоюға тиiс;
12) қызметi жер асты суы объектiлерiнiң жай-күйiне зиянды әсер ететiн немесе зиянды әсер етуi мүмкiн жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiнiң ластануын және тартылуын болғызбайтын шаралар қабылдауға мiндеттi;
13) ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жерасты суы объектiлерiнiң су жинау алаңдарында қалдықтарды көмуге, қорымдар, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жерасты суының жай-күйiне әсер ететiн басқа да объектiлер салуға жол берiлмейдi;
14) сiңiрме ұңғымаларды бұрғылауға қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органының осы ұңғымалар бұрғыланатын ауданда арнайы тексерулер жүргiзiлгеннен кейiн беретiн оң қорытындылары болған кезде жол берiледi;
15) өнеркәсiптiк, емдiк минералды суларды пайдаланғаннан кейiн ағызып жiберу Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес жүргiзiлуге тиiс;
16) ұңғымаларды тоқтатып қою және жою келiсiмшарттық аумақтар шегiнде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
17) пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымаларға айдау жүргiзiлетiн ауданда жақын жердегi ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасына қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiлген жоспар бойынша су пайдаланушылардың күшiмен жүйелi зертханалық байқаулар ұйымдастырылуға тиiс.
2. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген жерасты су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсерлердiң нормативтерiн сақтауға;
2) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңындабелгiленген тәртiппен аккредиттелген өзiнiң немесе өзге де лабораторияларға ағызылатын сулардың химиялық құрамын анықтауды қамтамасыз етуге;
3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы заттардың авариялық ағызылғаны туралы, сондай-ақ жерасты суларын алудың белгiленген режимiнiң бұзылуы және оларға суларды ағызу (айдау) объектiсi туралы шұғыл ақпаратты беруге мiндеттi.
3. Мыналарға:
1) құрылыс салуға бөлiнген учаскенiң шегiнен тыс жерлерде өсiмдiктердi және топырақ жабынын зақымдауға;
2) жер қойнауын пайдалану қалдықтарын жерүстi су объектiлерiне және жер қойнауына төгуге;
3) егер жерасты сулары объектiлерiнiң жай-күйiне әсер етсе немесе әсер ететiн болса, жердi сарқынды сумен суландыруға;
4) шаруашылық-ауыз суларын қамтитын қабаттарға ерiтiндiлер мен материалдарды жiберуге;
5) өнеркәсiптiк, емдiк минералдық және жылу-энергетикалық сарқынды суларды ағызуға арналған сiңiрме ұңғымалар шаруашылық ауыз суымен жабдықтау немесе емдiк мақсаттарға жарамды немесе сол үшiн пайдаланылатын су тұтқыш жиектердi ластайтын көздер болуы мүмкiн жағдайларда оларды бұрғылауға;
6) сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарында сiңiрме ұңғымалар мен құдықтар орнатуға;
7) құрамында радиоактивтi заттары бар, пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымалар мен құдықтарға ағызуға тыйым салынады.
4. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын, сондай-ақ ресурстарының табиғи емдiк қасиеттерi бар жерасты су объектiлерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес санитарлық қорғау аймақтары белгiленедi.
Ескерту. 220-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)