АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бап. Эмиссиялар нормативтерi 7 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

4-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

12-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚОРҒАУ,
МОЛЫҚТЫРУ МЕН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

111-бап. Мемлекеттiк бақылаудың мақсаты мен түрлерi

1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу, биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып табылады.
2. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласында мемлекеттiк бақылаудың мынадай түрлерi қолданылады:
1) экологиялық бақылау;
2) жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау;
3) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау;
4) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы бақылау;
5) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласындағы бақылау;
6) жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы бақылау;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау.

112-бап. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды
қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы
мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган;
2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
3) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
4) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
5) жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
7) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
8) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
10) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;
11) өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
12) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
13) көлiктi бақылау органдары болып табылады.
Ескерту. 112-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

113-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылаудың мiндеттерi

Мемлекеттiк экологиялық бақылау мынадай мiндеттердi:
1) табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға жауапкершiлiкпен қарауын қалыптастыруды;
2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы саласындағы бұзушылықтардың алдын алуды орындау үшiн қызмет етедi.

114-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылаудың бағыттары

Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына;
2) қоршаған ортаның ластану салдарларын жою жөнiндегi шаралардың жүргiзiлуiне;
3) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) жерлердi жақсарту, жердiң жұтаңдауынан туындататын процестер салдарларының алдын алу мен жою, топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi iс-шаралар кешенiнiң жүргiзiлуiне;
6) кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салу және реконструкциялау кезiнде жердi рекультивациялау жөнiнде шаралар қабылдауды қамтамасыз ететiн экологиялық талаптардың сақталуына;
7) кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi пайдалануға беру және пайдалану кезiнде жердi рекультивациялау жөнiндегi жобаланған жұмыстарды орындау бөлiгiнде экологиялық талаптардың сақталуына;
8) жердi бүлдiрумен байланысты жұмыстар жүргiзген кезде топырақтың құнарлы қабатының алынуына, сақталуы мен пайдаланылуына;
9) пайдалы қазбалардың өнеркәсiптiк қорларын өндiрiп алу шамасына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жерлердiң нысаналы мақсатына сай одан әрi пайдалану үшiн жарамды жағдайға келтiрiлуiне;
10) қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық келiсiмшарттық талаптардың сақталуына;
11) жер қойнауының ластанудан, су басудан және кен орны мен басқа да қоршаған орта объектiлерiнiң бүлiнуiне әкеп соғатын техногендiк процестерден сақталуына;
11-1) жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына;
12) жер қойнауын пайдалану объектiлерiнiң консервациялануы мен жойылуына;
13) жер қойнауын пайдалану және минералдық шикiзатты өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен ережелердiң сақталуына;
14) минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;
15) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде авариялық және өзге де қауiптi жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;
l6) зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың көмiлуiне және сарқынды сулардың жер қойнауына ағызылуына;
17) Қазақстан Республикасының құрылықтық қайраңында қалдықтар мен басқа да материалдарды көму, скважиналар мен жабдықтарды консервациялау мен демонтаждау ережелерiнiң сақталуына;
18) су сапасы нормативтерiнiң сақталуына;
19) атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезiнде техникалық регламенттердiң, нормативтердiң, ережелер мен өзге де талаптардың сақталуына;
20) кәсiпорындарды пайдалануға бергенде, қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;
20-1) парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырған кезде талаптардың сақталуына;
21) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
22) кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салу, реконструкциялау, пайдалануға беру және пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың сақталуына;
23) қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу ережелерiнiң сақталуына;
24) химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау бойынша белгiленген нормалар мен ережелердiң сақталуына;
25) экологиялық рұқсаттарда белгiленген табиғат пайдалану талаптарының орындалуына;
26) өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгiленген нормалары мен ережелерiнiң сақталуына;
27) ластаушы заттарды шығарудың, тастаудың стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлердiң санитарлық-қорғаныш аймақтарына қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;
28) Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайға, қоршаған орта объектiлерiнiң радиоактивтi заттармен ластануының алдын алу жөнiндегi жобалық шешiмдердiң орындалуына;
29) тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерiнiң сақталуына;
30) өндiрiстiк экологиялық бақылау нормалары мен ережелерiнiң сақталуына;
31) Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;
32) қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың бiлiктiлiк талаптарымен ережелерiнiң сақталуына;
33) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзудiң мiндеттiлiгi туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына;
34) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптардың сақталуына;
35) Қазақстан Республикасының құрылықтық қайраңында теңiздегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу кезiнде экологиялық талаптардың сақталуына;
36) қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау ережелерiнiң сақталуына;
37) технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;
38) озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылады.
Ескерту. 114-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

115-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды ұйымдастыру

1. Мемлекеттiк экологиялық бақылау:
1) қоршаған ортаға эмиссияларды және табиғи ресурстарды есепке алу жөнiндегi статистикалық ақпаратты, сондай-ақ табиғатты пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметi туралы деректерiн талдау;
2) табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауы мен орындауына тексерулер ұйымдастыру және жүргiзу;
3) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшiн құқықтық құралдарды пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк экологиялық бақылау шаралар кешенiн, оның iшiнде:
1) бақылаудың басымдықтарын айқындауды;
2) бақылаудың қолданыстағы құралдарын пайдалануды;
3) қызметтiң перспективалық жоспарларын, нақты iс-шаралар мен қажеттi кадрлық және материалдық ресурстарды, сондай-ақ сапалық және сандық көрсеткiштердi әзiрлеу мен енгiзудi;
4) тексерiлетiн объектiлер бойынша жұмыстардың жылдық және жедел жоспарларын әзiрлеу мен енгiзудi;
5) инспекторлық тексерулер жүргiзудi;
6) талдама бақылаудың деректерiн және мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де ақпаратты жинауды, талдау мен пайдалануды;
7) мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi қызметiнiң перспективалық, жылдық және жедел жоспарларын есепке алуды, құжаттауды және олардың iске асырылуын талдауды;
8) мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi қызметiнiң ашықтығы мен есеп беруiн қамтамасыз етудi қамтиды.
Ескерту. 115-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

116-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге
асыратын лауазымды адамдар

1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;
Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік экологиялық инспекторлары жатады.
1-1. Осы баптың 1-тармағында аталған лауазымды адамдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң санаттарын осы баптың 1-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. Мемлекеттік экологиялық инспекторлар белгіленген тәртіппен нысанды киіммен (погонсыз) қызметтік куәліктермен, омырау белгілерімен және белгіленген үлгідегі мөрлермен және пломбирлермен қамтамасыз етіледі.
Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
3. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның қызметiне араласуға жол берiлмейдi.
4. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыруға кедергi келтiретiн, мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға қатысты күш көрсету немесе зорлық iс-әрекет жасау арқылы қатер төндiретiн адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
5. Мемлекеттiк экологиялық инспекторлардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi және солар бойынша мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын жоғары тұрған мемлекеттік органның лауазымды адамына немесе сотқа шағым жасауға болады.
6. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы жазылған құжаттардың бланкілері болады.
Ескерту. 116-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

117-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге
асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

1. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) табиғат пайдаланушылармен, жеке тұлғалармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасасуға;
2) тексерiлетiн объектiлерде, оның iшiнде әскери және қорғаныс объектiлерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедергiсiз болуға;
3) жеке және заңды тұлғалардың аумақтарына сынамалар алуға арналған өлшеу аспаптары мен жабдықтарды алып кiруге, қажет болғанда мамандарды және жұртшылық өкiлдерiн тарта отырып, қажеттi өлшеу жұмыстарын жүргiзуге, сынамалар (оның iшiнде тауарлар мен материалдардың үлгiлерiн) алуға және оларға талдау жасауға;
4) мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттаманы, талдаулар нәтижелерiн және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
5) қоршаған ортаға және (немесе) халықтың денсаулығына аса ірі залал келтiруге әкеп соққан, табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық рұқсатта көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензияны тоқтата тұру немесе одан айыру және (немесе) табиғи ресурстарды пайдалану және алу шартын (келiсiмшартты) бұзу жөнінде, табиғат пайдалануға экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе одан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
6) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығаруға;
7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу, тоқтата тұру және тыйым салу туралы талап-арыздар ұсынуға;
8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға, тұлғаларды әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
9) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтiрiлген залал мөлшерiн айқындауға немесе анықтауға қатысуға, залалды өтеу туралы нұсқама шығаруға және сотқа талап-арыз ұсынуға;
10) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылардың iс-әрекеттерiн болғызбау немесе олардың жолын кесу үшiн жәрдемдесуiн сұрап, прокуратураға және құқық қорғау органдарына жүгiнуге;
11) мердiгер барлау, өндiру, бiрлескен барлау мен өндiру жүргiзудi не барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға әкеп соққан себептердi жоюдан бас тартқан жағдайда не осы себептердi жою үшiн жеткiлiктi мерзiм iшiнде оларды жоймаса; жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген шараларды қолданбаған кезде; жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды тоқтата тұруға әкеп соққан себептердi жою мүмкiн болмағанда; мердiгер келiсiмшартта не бағдарламалық жұмыстарда белгiленген мiндеттердi елеулi түрде бұзған кезде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшарттың қолданылуын тоқтату туралы өз құзыретi шегiнде құзыреттi органға ұсыныс енгiзуге құқылы.
2. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда арнаулы құралдарды (арнайы байланыс құралдарын, фото-бейне аппаратураларды, өлшеу құралдарын) сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.
Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

118-бап. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге
асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi

Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудың қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi бар фактiлерi туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға;
4) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша басқа да мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауға;
5) инспекторлық ақпарат құпиялылығын сақтауға;
6) қызметтiк әдеп ережелерiн сақтауға мiндеттi.

13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР

119-бап. Инспекторлық экологиялық тексерулер

1. Инспекторлық экологиялық тексеру - мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауы туралы ақпаратты жинау мен талдау арқылы жүргізетін іс-шаралар кешені.
1-1. Инспекторлық экологиялық тексерулерді жүргізуге мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар ғана жіберіледі.
2. Инспекторлық экологиялық тексеруді жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, табиғат пайдаланушының қызметін тоқтата тұруға тиіс емес.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 119-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

120-бап. Инспекторлық экологиялық тексерулер жүргiзудiң
кезеңдiлiгi мен мерзiмдерi

Ескерту. 120-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

121-бап. Инспекторлық экологиялық тексерулер жүргiзу
тәртiбi

Ескерту. 121-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

122-бап. Мемлекеттiк экологиялық инспекторлардың
инспекторлық экологиялық тексеру жүргiзу үшiн
аумаққа немесе үй-жайға кiруiне жол беру

Ескерту. 122-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)