АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бап. Эмиссиялар нормативтерi 13 страница

Читайте также:
  1. I. Перевести текст. 1 страница
  2. I. Перевести текст. 10 страница
  3. I. Перевести текст. 11 страница
  4. I. Перевести текст. 2 страница
  5. I. Перевести текст. 3 страница
  6. I. Перевести текст. 4 страница
  7. I. Перевести текст. 5 страница
  8. I. Перевести текст. 6 страница
  9. I. Перевести текст. 7 страница
  10. I. Перевести текст. 8 страница
  11. I. Перевести текст. 9 страница
  12. Il pea.M em u ifJy uK/uu 1 страница

199-бап. Жалпы экологиялық талаптар және табиғат
пайдаланушылардың шаруашылық және өзге де
объектiлердi пайдалануға беру мен пайдалану
кезiндегi жауапкершiлiгi

1. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қатысуымен құрылатын қабылдау комиссиясының актiсi бойынша жүргiзiледi.
2. Қауiптi қалдықтарды, шығарындыларды, төгiндiлердi залалсыздандыру және кәдеге жарату жөнiндегi қоршаған ортаны қорғау нормативтерiн қамтамасыз ететiн жабдықтарды орнатпай, сондай-ақ жердi рекультивациялау, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану жөнiндегi жобада көзделген жұмыстарды аяқтамай кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға тыйым салынады.
3. Шаруашылық және өзге де объектiлердi пайдалануды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы:
1) өзiне бөлiнген аумақта жұмысты экологиялық қауiпсiздiк талаптарын сақтай отырып жүргiзу;
2) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi белгiленген құжаттаманы жүргiзу және бүкiл қызметi бойынша мемлекеттiк органдарға белгiленген есептiлiктi беру;
3) мемлекеттiк бақылаушы органдар инспекцияларының жұмысына жәрдемдесу және заңды нұсқамаларды белгiленген мерзiмде орындау үшiн жауаптылықта болады.
4. Табиғат пайдаланушы әрбiр объектiде:
1) өндiрiстiк экологиялық бақылауды ұйымдастыруға, жүргiзуге және бақылаушы органдармен өзара iс-қимыл жасауға жауап беретiн арнайы бөлiмше құруға не қызметкердi тағайындауға;
2) қызметкерлердiң денсаулығы мен өмiрiн, қоршаған ортаны және мүлiктi қорғау мақсатында барлық операцияларды неғұрлым қауiпсiз тәсiлмен жүргiзуге және жабдықтарды қауiпсiз жай-күйде ұстауға;
3) барлық қызмет түрлерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарымен келiсiлген, кемiнде бес жылда бiр рет қайта қаралатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеп, бекiтуге тиiс. Нормативтiк-техникалық құжаттар жаңа үлгiлiк ережелер мен нормаларды, жаңа технологиялық процестердi, қондырғыларды, машиналар мен аппаратураларды енгiзу кезiнде де қайта қаралуға тиiс;
4) жұмыс учаскелерiнде (объектiлерiнде) табиғат пайдаланушының жауапты лауазымды адамдары анықталған кемшiлiктердi жоюдың мерзiмдерiн көрсетiп, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн жазатын тексеру журналдарын жүргiзуге тиiс.
5. Экологиялық қауiптi объектiлердегi жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi табиғат пайдаланушы әзiрлеген арнайы ережеде белгiленуге тиiс.
6. Табиғат пайдаланушыда Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуының, дүлей зiлзалалар мен табиғи катаклизмдердiң нәтижесiнде туындаған авариялық жағдайларды жою немесе оқшаулау жөнiндегi iс-қимылдар жоспары болуға тиiс.
7. Экологиялық талаптардың, нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуын немесе адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндіретiн қауіпті, сондай-ақ қоршаған ортаның ластану мүмкiндiгiн анықтаған қызметкер туындаған жағдайды жою немесе оқшаулау жөнiндегi шамасы жететiн барлық шараларды дереу қабылдауға және ол жөнiнде диспетчерге немесе басшылыққа хабарлауға мiндеттi.
8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, сондай-ақ шаруашылық және өзге де объектiлердi пайдалануды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы анықталған кемшiлiктердiң белгiленген мерзiмдерде жойылуын бақылауға тиiс.
9. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға және экологиялық зардаптарға әкеп соқпаған авариялар жазатайым оқиғаларға және экологиялық зардаптарға әкеп соқпаған аварияларды техникалық тексеру және есепке алу жөнiндегi нұсқаулықтарға сәйкес тексерiледi. Ерекше жағдайларда iрi техникалық аварияларды және экологиялық зардаптарды, сондай-ақ топтық жазатайым оқиғаларды тексеру үшiн комиссия тағайындалады.
10. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарылған және төгілген авариялар туралы ол анықталған кезден бастап екi сағат iшiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 199-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

199-1-бап. Технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын
экологиялық талаптар

1. Қазақстан Республикасында технологиялардың, көлік құралдарын қоспағанда, техниканың және жабдықтың қолданылуы осындай технологиялардың, техника мен жабдықтың қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарымен қоса олардың қолданылуын негіздейтін құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға табыс етілетін, технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама құрамын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша экологиялық қауіпті деп танылған технологиялар, техника мен жабдық шаруашылық және өзге де қызметте қолдануға жатпайды.
Бұл ретте өткізілген (әкелінген), экологиялық қауіпті деп танылған техника мен жабдық осы Кодексте, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, азаматтық қорғау және техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып жойылуға, кәдеге жаратылуға немесе қайта өңделуге немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкетілуге тиіс.
3. Мынадай:
1) қолданылуы осы Кодексте немесе халықаралық стандарттарда белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін;
2) қолданылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату жөніндегі технологиялары жоқ не оларды кәдеге жарату экологиялық зор қатермен байланысты немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қалдықтар түзілетін технологиялар экологиялық қауіпті деп танылады.
4. Мынадай:
1) нормативті пайдаланылу мерзімі аяқталған;
2) қолданылуы осы Кодексте, Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінде немесе халықаралық стандарттарда белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін;
3) пайдаланылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату жөніндегі технологиялары жоқ не оларды кәдеге жарату экологиялық зор қатермен байланысты немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қалдықтар түзілетін техника мен жабдық экологиялық қауіпті деп танылады.
5. Мемлекеттік экологиялық сараптама технологияларды, техника мен жабдықты экологиялық қауіпті деп таныған жағдайда олар экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізіліміне енгізілуге жатады.
Экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізіліміне енгізілген технологияларды, техника мен жабдықты Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тыйым салынады.
Ескерту. 199-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.06.23 N 164-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

200-бап. Елдi мекендердi жобалауға және салуға
қойылатын экологиялық талаптар

1. Қалаларды және басқа да елдi мекендердi жобалау, салу, реконструкциялау экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен экологиялық қауiпсiздiктi ескере отырып, халықтың өмiрiне, еңбек етуi мен демалуына мейлiнше қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге тиiс.
2. Қалалар және басқа да елдi мекендердi жоспарлау және салу кезiнде оларды санитарлық тазарту, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен қауiпсiз жұмыс iстеу көзделуге және жүзеге асырылуға, шектеулi табиғат пайдалану режимi қолданылатын орманды-саябақты, жасыл және қорғау аймақтары құрылуға тиiс.
3. Ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар, автомобиль жолдары және өзге де өнеркәсiптiк объектiлер қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ететiн техникалық регламенттердiң, санитарлық-эпидемиологиялық ережелердiң, нормалардың, қала құрылысының талаптары және өзге де талаптар ескерiле отырып орналастырылуға тиiс.

201-бап. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де
объектiлердi орналастыруға қойылатын
экологиялық талаптар

1. Кәсiпорындар, құрылыстар және өзге де объектiлер орналастырылатын жерлердi айқындау қоршаған ортаны қорғаудың шарттары мен ережелерi сақтала отырып, аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдарлары ескерiлiп жүргiзiледi.
2. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орналастыру кезiнде күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтары белгiленедi.

202-бап. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да
объектiлердi салуға және реконструкциялауға
қойылатын экологиялық талаптар

1. Кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салу және реконструкциялау мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салған және реконструкциялаған жағдайда) оң қорытындылары болған кезде және қоршаған орта сапасының нормативтерiне сәйкес жүзеге асырылады. Бекiтiлген жобаны немесе жұмыстардың құнын қоршаған ортаға залал келтiре отырып өзгертуге жол берiлмейдi.
2. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жердi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар қолданылуға тиiс.
3. Жоба бекiтiлгенге дейiн және нақты жер учаскесi бөлiнгенге дейiн объектiлердi салуға, реконструкциялауға тыйым салынады.
Ескерту. 202-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

203-бап. Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс
объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы
және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану
кезiндегi экологиялық талаптар

1. Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану белгiленген экологиялық талаптар ескерiлiп және экологиялық тұрғыдан негiзделген технологиялар, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажеттi тазарту құрылыстары мен санитарлық күзет аймақтары пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиiс. Аталған объектiлердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгiзiлуге тиiс.
2. Жеке және заңды тұлғалар топырақты, су тоғандарын, ормандарды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн ауыл шаруашылығы қызметiнiң зиянды әсерiнен қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн орындауға мiндеттi.

204-бап. Автомобиль және өзге де көлiк құралдарын жасау
мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

Қоршаған ортаға терiс әсерiн тигiзетiн автомобиль және өзге де көлiк құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жол берiлетiн шығарындылар нормативтерiн сақтауға, шуыл деңгейiн және қоршаған ортаға өзге де терiс әсердi азайту жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi.

205-бап. Атом, жылу және су электр станцияларын
орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар

1. Атом электр станцияларын орналастыру және салу жоба мен мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындысы болғанда жүзеге асырылады. Атом электр станцияларының жобалары оларды пайдалануды қауiпсiз түрде шығаруды қамтамасыз ететiн шешiмдердi, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату жөнiндегi шараларды қамтуға тиiс.
Атом электр станцияларын орналастыру, жобалау және салу кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес толық радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар қабылданады.
2. Жылу электр станцияларының iргелес аумақтың ауа бассейнiнiң жай-күйiне зиянды әсерiн шектеу мақсатында оларды орналастырудың алдында жобаның құрамында әрбiр энергетика ұйымы (және оның әрбiр ластаушы көзi) үшiн жылу электр станциясының экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн бақылау көрсеткiштерi (секундына грамм есебiмен) және жылдық нормативтер (жылына тонна есебiмен) белгiлеу арқылы қоршаған ортаға эмиссияларды нормалау жүргiзiледi.
Бақылау көрсеткiштерiн (секундына грамм есебiмен) есептеу және қоршаған ортаға эмиссияларды азайту жөнiндегi тиiстi iс-шараларды әзiрлеу жылу электр станциялары жабдықтарының жоспарланып отырған ең жоғары өнiмдiлiгiн негiзге ала отырып (жоспарлы жөндеудi, резервке шығаруды ескере отырып) жүргiзiледi.
3. Су электр станцияларын орналастыру, жобалау және салу кезiнде тиiстi өңiрлердiң электр энергиясына нақты қажеттiгi, аумақтың сейсмикалығы мен объектiнi орналастыруға арналған жердiң рельефi, жалпы алғанда қоршаған ортадағы елеулi түрдегi терiс өзгерiстердi болғызбауды қамтамасыз ететiн ормандар мен жерлердi сақтау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын тиiмдi қорғау жөнiндегi шаралар толық ескерiлуге тиiс.
4. Жобалану және салыну үстiндегi электр станциялары үшiн қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн сақтау оларды пайдалануға қабылдау кезiне қарай қамтамасыз етiлуге тиiс.

206-бап. Әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери
қызметке қойылатын экологиялық талаптар

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте белгiленген экологиялық талаптар әскери және қорғаныс объектiлерi мен әскери қызметке қолданылады.

207-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану кезiндегi
экологиялық талаптар

1. Жердi, жер қойнауын, суды, орманды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
2. Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуына, тiрi организмдердiң генетикалық қорының жойылуына, халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiптi қоршаған ортаның басқа да өзгерiстерiне әкеп соғатын шаруашылық және өзге де қызметке тыйым салынады.

31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

208-бап. Жердiң нысаналы пайдаланылуы өзгерген және оны
бiр санаттан екiншiсiне ауыстырған кездегi
экологиялық талаптар

Ескерту. 208-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

209-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға
бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық
талаптар

1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiк пен ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалы жай-күйi қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу критерийi физикалық тозу мен химиялық ластану болып табылатын экологиялық қолайсыздық дәрежесiнiң көрсеткiштерiне негiзделедi.
3. Жердiң химиялық ластану деңгейiн айқындау қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органдар бекiткен топырақтағы химиялық заттардың жол берiлетiн шектi шоғырлануы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
4. Жерлердi неғұрлым бағалыдан бағасы төмендеу жерге ауыстыру, жерлердi консервациялау, сондай-ақ оларды экологиялық зiлзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу қажеттiгiн айқындау мақсатында жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн (бұдан әрi – жердi бағалаудың экологиялық критерийлерi) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 209-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

210-бап. Елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу мен
пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

1. Елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу жердi бағалаудың экологиялық критерийлерi негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Елдi мекендердiң жерiн басқа санаттағы жерлерге ауыстыру кезiнде ластаушы заттардың осы аумақтардағы ауа мен суға өту мүмкiндiгi және олардың халық денсаулығына тiкелей әсер етуi ескерiледi.
3. Төтенше экологиялық жағдайдағы аймақ үшiн экологиялық ахуалдың одан әрi нашарлауына әкеп соқпайтын ерекше пайдалану режимi белгiленедi.

211-бап. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге
де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi
аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi
экологиялық талаптар

1. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу кезiнде экологиялық қауiпсiздiк және жердi ұтымды пайдалану қамтамасыз етiледi.
2. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және өнеркәсiп, көлiк және өзге де объектiлердi пайдалану үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында қоршаған ортаның жай-күйiн жақсартуға ықпал ететiн, аталған жердi пайдаланудың ерекше жағдайлары ескерiле отырып, аймақтар белгiленедi
3. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жердi басқа санаттағы жерге ауыстыру кезiнде өз шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарына сай келмейтiн қызмет түрлерiне шек қойылатын немесе тыйым салынатын аймақтар ескерiледi.
4. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi басқа санаттағы жерге ауыстыру кезiнде олардың химиялық заттармен жерлердi бағалаудың экологиялық критерийлерiнде белгiленген деңгейлерден артық ластануы қосымша экологиялық критерий болып табылады. Ластанудың жоғары деңгейiне жатқызылған жер консервациялануға тиiс және босалқы жер құрамына ауыстырылады.

212-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн
және сауықтыру мақсатындағы жердi пайдалану
кезiндегi экологиялық талаптар

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн пайдалану режимi Қазақстан Республикасының Жер кодексiменжәне "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
2. Сауықтыру мақсатындағы жерде қолайлы экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды сақтау мақсатында оларды аймақтарға бөлу кезiнде санитарлық қорғаныш аймақтары белгiленедi.

213-бап. Орман қорының жерiн пайдалану кезiндегi
экологиялық талаптар

1. Орман қорының жерiн пайдалану режимi Қазақстан Республикасының Жер және Орман кодекстерiмен реттеледi.
2. Жердi орман қоры санатына жатқызу кезiнде аумақтың экологиялық жай-күйiнiң индикаторы ретiнде өсiмдiктердiң жай-күйiн экологиялық критерийлер деп есептеген жөн.
3. Орман шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн пайдаланылмайтын орман қоры жерiндегi ауыл шаруашылығы алқаптары Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң санатына ауыстырылуы мүмкiн.
4. Орман қорының жерiн басқа жер санатына ауыстыруға Қазақстан Республикасының орман заңнамасының талаптарына сәйкес орман орналастыру және жерге орналастыру материалдарының негiзiнде мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде:
1) бұрын белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану мүмкiн болмаған;
2) қоныстар шегi өзгерген;
3) елдi мекендердiң шекаралары (шектерi) өзгерген;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiнiң санатына жатқызылған жағдайда жол берiледi.
5. Орман қорының жерiн басқа санаттарға ауыстыру кезiнде жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiне сәйкес жердiң жай-күйiнiң шөптi және сүректi өсiмдiктерге әсер етуiн көрсететiн экологиялық көрсеткiштердi ескерген жөн.

214-бап. Су қорының жерiн аймақтарға бөлу және
пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

1. Су қорының жерiн аймақтарға бөлу кезiнде су объектiлерiн қорғау және суды ұтымды пайдалану қамтамасыз етiледi.
2. Су қоры жерiнiң құрамындағы жер учаскелерiн жергiлiктi атқарушы органдар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының келiсiмi бойынша жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығының, орман, балық, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн және жер учаскесiнiң негiзгi нысаналы мақсатына қайшы келмейтiн, жердiң ластануы мен тозуына және тиiсiнше экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырмайтын басқа да мақсаттар үшiн уақытша жер пайдалануға беруi мүмкiн.
3. Су қорының жерiн басқа жер санатына ауыстыруға, мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарына сәйкес болған кезде:
1) су объектiсiнiң жұмыс iстеуi тоқтатылған немесе оның экологиялық және гигиеналық көрсеткiштерi едәуiр өзгерген;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiне жатқызылған;
3) елдi мекендердiң шекаралары (шектерi) экологиялық ахуалдың өзгеруiне әкеп соқтыратындай өзгерген жағдайда жол берiледi.
4. Су қорғау белдеулерiне бөлiп берiлген жер елдi мекендер мен өнеркәсiп жерiнiң санатына ауыстырылмайды, онда судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшiн шаруашылық қызметтiң арнайы режимi белгiленедi.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.)