АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Глоссарий 10 апта 2б

Читайте также:
  1. V. глоссарий
  2. X. Терминологический словарь (глоссарий)
  3. XIV. Глоссарий.
  4. Апта Глоссарий 3б
  5. ГЛОССАРИЙ
  6. Глоссарий
  7. Глоссарий
  8. ГЛОССАРИЙ
  9. Глоссарий
  10. Глоссарий
  11. Глоссарий
  12. Глоссарий

1. Ақша функциясы

 

2. Ақша түрлері

 

 

3. Ақша агрегаттары

 

4. Ақша қызметтері

 

 

ОБСӨЖ 31

Тақырыбы: Ақша нарығы

Жоспар:

1. Ақшаның сандық теориясы

2. Ақша айналысының жылдамдығы

 

 

Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиаленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша – тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Маркс “жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді” деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:

Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.

Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарған.

Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етумен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.

Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденген. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.

Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар – ақша қатнастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К.Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формулармен өрнектеледі:

 

 

 

Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісін бір аттас ақша өлшемінің айналыс санына (айналым жылдамдығы) бөлінгенге теңесуі керек.

Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептесу жолымен де өтеледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылады сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.

.Айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірісінің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. байланысты өзгертеді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:

- несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;

- қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;

- ақша аналысы санының өсуі.

Айналысқа ақша екі түрде шығарылады, эмиссияланады: қолма-қол ақша, яғни алымдағы банкноттар және ұсақ тиындар; банктік айналымдағы ақша түрі, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші түрін, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шығарады. Ақшаның екі түрі бірімен-бірі тығыз байланыста жүреді. Егер банк клиенті – шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма-қол ақша түрінде алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма-қол банкнотқа айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы банкке ақша сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы ақша түріне айналуын көрсетеді.

Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша жиыны ақша айналымының сандық көрсеткіші. Білгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымдағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша жиынының көлемін және оның өсу қарқынаын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары) қолданылады.

Өнеркәсібі өркенденген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:

М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноттар, тиындар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;

М2 – оған М1 агрегаты және мерзімді 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;

М3 – оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;

L – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.

 

Ақша нарығы

Жазбаша бақылау 11 апта 2б

1. Нақты және атаулы пайыз бағамдары

 

2. Фишер теңдеуі

 

3. Ақша сұранысы

 

4. Ақша ұсынысы

 

ОБСӨЖ 33

Тақырыбы: Ақша нарығы

Жоспар:

1. Өтімділікті қалау теориясы

2. Ақша ұсынысы

 

Ақша – төлем немесе халықаралық айырбас құралы. Ақша сұранысын талқалағанда біз оны нақты баланстарға сұраныс тұрғысынан қарастырамыз. Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранысы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабілетіне байланысты:

1. Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.

2. Атауы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.

Өзгерістер байқалмаған жағдайда төмендегіше айтамыз. Егер баға деңгеіндегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді тұрақтандырса, жеке адам “ақша сұранысына” ие болады. Бұған керісінше, жеке адам баға деңгейінің өзгеруіне орай әрекет еткенімен, барлық нақты өзгерістер сол күйінде қалады да, ол бәрібір ақша салымынан зиян шегеді.

Ақша сұранысы қызметі өзекті мәселенің бірі болып келеді. Ол нақты табыс өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз мөлшермесі өскенде ол қысқаруы тиіс.

Ақша сұраныс айқындайтын негізгі үш себеп бар. Табыстағы өзгерістер мен пайыз мөлшермесіндегі өзгерістердің ақша сұранысына әсерін көруге болады.

Сөйтіп, төмендегі үш теория Кейнстің ақша ұстаудағы үш теориясымен сабақтас келеді:

- Келісімдер мотиві, мұнда ақша сұранысы әрдайым төлем ретінде қолданылады;

- Сақтық аргументі: ақша сұранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап болады;

- Жалдатпалық дәліл: жеке адамдар қолындағы активтер мен ақша құнына сенімсіздік білдіреді.

Келісімдір мен сақтық дәлел туралы сөз болғанда, біз негізінде М1 жөнінде айтамыз, себебі М2 мен М3 жалдаптық дәлелге жатады.

Ақша сұранысынан талқыланғанда 2 тұжырымға сүйенеді:

- монетарлық;

- кейнстік.

Классиктер ақша сұранысын мына теңдеу арқылы түсіндіреді:

 

МV = PY

М – айналымдағы ақша көлемі;

V – ақша айналымының жылдамдағы;

Р – баға деңгейі;

Y - өнім шығару көлемі.

 

 

Ақша нарығы


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.)