АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жеке тапсырмалар 4 страница. Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі жөне

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі жөне тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталды.

Андронов мәдениетінің негізгі орталыктарының бірі -Қазақстан жері. Археологиялық деректерге карағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халықтың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан рулық-патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жертөлелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық-егіншілікпен аралас шұғылданды.

Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар жөне сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егін оратын орақ, пішен шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап, күнделікті тұрмыста кеңінен колданды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

3. Ежелгі адамның қалыптасуы.

4. Ежелгі адамдардың еңбек құралы.

№3 Дәріс

Тақырыбы:Түрік және түргеш қағанаттары (552-756жж.)

Дәрістің мазмұны: Түріктер мен олардың билігінде болған соғдылар Византиямен Тікелей сауда байланысын орнатуға ынтазар еді. Иран бұған кедергі жасайды. 568ж. соғды көпесі Маниах түрік қағанының елшілігін Константинопольге бастап барады, онда екі ел арасында сауда келісімі және Иранға қарсы келісім шарт жасалады. Парсылар империя мен қағанаттың өзара одақ құруына мейілінше қарсы болады. Иран түріктерге жыл сайын 46 мың алтын теңге салық төлеп түұруды және олардың сауда-саттығына кедергі жасамауды міндетіне алады. Осыдан кейін түрік әскері Амударияның арғы бетіне әкетіледі. Бұл жәйт визатия-түрік одағына әсер етеді. 571ж. Истеми Терістік Кавказды алып, Боспорға (Керчь шығанағына) шығады. Оның ұлы Түрксанф Керчіні алып, Қырым жеріне енеді(576ж.), бірақ көп ұзамай жартыаралдан кетіп қалады. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590ж. Боспорды қайтадан жаулап алады. ІІ-Ү ғасырларда ғұн тайпаларының Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаға ұлы қоныс аударуы, бұл жерлердің этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер енгізді. Ал IV ғасырда түркі тілдес телэ (тирек) тайпалар одағы Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейінгі кең байтақ аймақты қоныстанды. Олардың орнына ҮІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдык мемлекеттер Көне және Батыс түрік кағанаттары қалыптасты. Біздің заманымыздың бір мың жылдығындағы Орталык Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. «Түрік» деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді.

Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан таптардың қалыптасуы мен ертедегі феодалдық қатынастардың өрбуі біршама тез іске асты.

Түрік қағанаты мал жөне егіншілік шаруашылығымен шұғылданды, мал шаруашылығына байланысты көшіп қонып жүрген. Егістік жерлерде түріктер отырықшылық шаруашылықпен айналысты. Қала мен дала қағанат құрамындағы біріккен әлеуметтік-саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі толықтырып отыратын бөлшектері еді. Елдің халқы - түріктері де, соғдылары да - бәрі бірдей сауда-саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және мал өсірумен айналысқан. Нәтижесінде түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына Орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды.

Сыртқы сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналасын шығарды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының қарамағындағы шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналысқа көшті. Түрік халқы колөнерімен де шұғылданып, өмірге кажетті, әсіресе, үй тұрмысына керекті заттарды және қару-жарақтарды жасап, пайдалана білді. Сауда мен қолөнердің дамуына Жетісу қалалары мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аудандарына Орта Азиядан соғдылардың қоныс аударуының үлкен әсері тиді. Олардың VI-VIII ғасырларда Жетісуға қоныс аударуы Орта Азиядағы араб жаулап алушыларымен жөне ондағы әлеуметтік қысымшылықтарымен байланысты еді. Соғды көпестері көшіп келгеннен кейін Батыс Түрік кағанаты жерінде саудамен, соның ішінде жібектерін өткізумен кеңінен айналысты. Олар Жетісудың егіншілік және кала мәдениеті тарихында елеулі із қалдырды. Сонымен қатар, түркі тілдес ортаға түскен соғдылыктар жергілікті халықтардың тіліне, мәдениетіне, әдет-ғүрып, салт-дәстүріне кәшті. Соғдылықтардың келуімен байланысты түріктер Жетісуда теңге жасауды игерді. Теңгелерді соғдылықтар түрік қағандары атынан соққанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Сондай ақ соғдылар өміріне түріктердің тигізген әсері де аз болған жок.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

5. Түргештердің шаруашылығын ата

6. Түріктердің мәдениеті.

7. Түргештердің территориясы

№ 4 Дәріс

Тақырыбы: VI-IX ғасырлардағы отырықшы және көшпелі мәдениет

Дәрістің мазмұны: Жетісу территориясында қарлұқ тайпаларының саяси бірлестігі құрылады. Араб және парсы деректеріне жүгінсек, 9-10ғғ.қарлұқ бірлестігі толып жатқан рулық-тайпалық топтардан құралады. Мысалы, араб жағрафияшысы Әл-Марвази (12ғ.) қарлұқтар құрамында тоғыз тайпа болған дейді. Қарлұқ конференциясында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның: тухси, шігілдер, әзкішілер, түркештер, чаруктер, барысхандар сияқт көшпелі және жартылай көшпелі түрік тілді тайпалар енген. Қарлұқтардың қоластындағы халықтар, этникалық жағынан бір тектес болмаған, олардың ішінде ирантілді соғдылар, Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінен ауған келімсектер бартұғын. Дегенмен қарлұқ қағанаты өз қолына баянды экономикалық байланыс жүйесін қондыра алмаған. Ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс өрісті иемдену жолындағы талас- тартыс оның береке құтын қашырды. Міне, осындай қиын жағдайда шын мәніндегі қауіп қатер Қарлұқ қағанатына Қашқар жағынан келді. 940ж. олар Баласағұнды басып алады да, қарлұқтар

Оғыздар қоғамында жеке меншік қалыптасып дами бастайды, ақсүйек байлар тобы жеделдете бөлініп шығып жатады. Малға жеке меншік – мүліктік теңсіздіктің негізі болып табылады. Бай ақсүектермен бірге қауымның қатардағы мүшелері, кедейлер мен құлдар бұқарасы тіршілік етті. Оғыздардың басты шаруашылығы интенсивті түде мал өсіру болды.

Көшпелілермен қатар елде жартылай отырықшы және отырықшы жұрттың жинақты топтары да күн көрген. 10-11ғғ.ортағасырлық авторлар қалалар мен отырықшы қыстақтар қатарында Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақты атап өтеді. Малынан айырылған көшпелілер отырықшы тірлігіне ауысады. Олардың басты кәсібі енді егіншілік пенқолөнерболды. Оғыздардың көшпелі даласы Мауренахр, Хорезм мен Жетісу сияқты, егіншілігі дамыған көгалды аймақтармен тығыз байланыс жасап тұрған.

Кимектер тарихының ерте кезеңі яньмо тайпасымен байланысты, ол батыс түріктері арасында 7ғ.болған оқиғаға орай, қытай деректерінде аталып өтеді. Синологтер яньмо тайпасымен имек тайпасы екеуін бір тайпа деп есептейді. Кимектер мен қыпшақтарбір халық деп осы күнге дейін айтылып келген пікір қате, өйткені орта ғасырдағы жазба деректер мәліметі оларды тек өз алдына екі бөлек халық, бірақ түрік тілді туыс этнос деп қарауға мүмкіндік береді. Телелер тайпасының бірі болып саналатын яньмо 7ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысын мекендеген. 7ғ. орта тұсында имектер Алтай тауының теріскей аудандары мен Ертіс өңіріне көшіп келеді. 656ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпаның оқшаулануы басталды. Расында келсек тап сол кездері кимек тайпалары одағының өзегі пайда болды. Кимектер тайпаларының басшысы «Шад - түрік» деп аталған. ҮІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айкын көрінісі еді.

Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа жане Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жок. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі - Исфиджаб (казіргі Сайрам) болды. Оның толык сипаттамасын әл-Макдиси берген. «Исфиджаб ірі қала, - деп жазды ол. Оның рабады (күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт какпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан қақпасы, Шахраны қақпасы, Бұхара қақпасы, әр қақпаның жанында рабады бар. Исфиджаптан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб жөне Будухкент қалалары арқылы Таразға барған.

ҮІ-ХІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жактарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп түрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уакытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ, оның кандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.

Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан (Трабан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жабғуының ұлдарын колға түсірді деп хабарлайды деректемелер. ҮІІ-ҮІП ғасырларда Отырар шахристаны мұнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған. Отырар тоғыз жолдың торабында тұрған. Одан шыққан жолдың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен карай Жентке кеткен. Женттен Қызылкұм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен Кавказға асып кететін болған. XIII ғ. Жібек жолының осы бөлігі Сарайшық, Сарай-Бату т. б. қалалардың үстімен жүрген.

Отырар аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі - Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен кала болып саналады.

Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Земарх Килликискийді Батыс түрік қағаны Дизабұл осы Тараз каласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды. Ол көпестер қаласы деп аталған.

VII ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылық кезінде түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінін басып алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Кимектердің шаруашылығын ата
  2. Кимектердің саяси тарихы.
  3. Кимектердің территориясы.

№5 Дәріс

Тақырыбы: ІХ ғасырдың ІІ жартысы-ХІІІ ғ. басындағы отырықшы, қала және дала халқының мәдениеті

Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар – жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жары өтетін керуен жолының жүйесі. Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, 4 тармаққа бөлінді: батыстан шығысқа бағытталған жол; Іле бағыты; Еуропа бағыты; Орталық және Шығыс Қазақстан бағыты. Сырдарияны бойлай жүретінкеруен жолындағы еі ірі қалалар – Отырар мен Шауғар. Отырар - көптеген керуен жолдары түйсетін қала. Орталық және Шығыс Қазақстан бағытындағы «Хан жолы» деп аталатын соқпақ бағыты. Тараз қаласы – талас өзені – Мойынқұм, Бетпақдалада – Атасу өзені. Қазақстанда заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші бар. Олар негізінен Сыр бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық қалаларының ірілері Отырар (Фараб), Тараз, Сығанақ, Түркістан (Йасы, Яса), Баласағұн, Суяб (Ақбешім), Сауран, Сайрам, Сарайшық.Отырар – ХҮІІІ ғасырдан астам өмір сүрген ұлы қала, бүгінде өзінің үйіндісінің ауқымымен қайран қалдыратын алып төбеге айналған. Отырардың берік қамалы, айнала қазылған сулы ор үстіндегі аспалы көпірлерімен жабдықталған үш қақпасы боған.Ақша соғатын орынның, қолөнершілер тұрағының, су құбырының, нәжіс жүйесінің болуы мұндағы қала тіршілігінің астаналық сипатта болғанын көрсетеді. Тараз – ҮІ ғасырдың өзінде-ақ белгілі болған ең көне қалалардың бірі.

Арабтар басқыншылығы Орта Азияның өмір тіршілігіне қатты ықпал етеді. Кейбір деректерге қарасақ, Талас Алатауының баурайларында Джумишлагу мен Манкент қалалары, Арыстың орта ағысында орталығы Ұсбаникетте орналасқан Кеңжиде округі құрылады. Отырар көгалды аймағында Кедер, Весидж бен Борық қалалары, Шаввғар өңірінде - Яссы, Шағлжан, Қарнақ, Қарашақ, Сауран, Сырдарияның төменгі бойында – Сығанақ, Жент, Асанас, Баршакент, теіскей жоталарда – баладж бен Берукет қалалары пайда болады.

Жетісудың оңтүстік – батысындағы жаңа қалалар саны да өседі. Талас алқабында – Жікіл, Балу, Шелжі, Текабкет, Көлсұс, Кенжек қалалары. Шу алқабында Баласағұн бас қалаға айналады. Сол сияқты қалалар Шығыс Қазақстанда да, Ертіс бойында да пайда болады. Деректер бұл қалалардың қимақтар меншігінде болғанын айтады. Олардың ішіндегі ең ірісі - хан сарайы Имақия болды. Х-ХІІ ғасьірларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтеріген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жак қабырғасы мен бұрышы сақталып калған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші -Қарахан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың басында кайта тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапқы жоспары бұзылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.

Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сиякты өзендердің бойында Төменгі Барысхан, Хаму-кент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатқан. Сондай-ақ, Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сиякты басқа да қалалар орналасқан. Жібек жолдың бұл аймақтағы бөлігі Ферғаналық жөне Жетісулық бағыттарын қамтыған.

XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.

Сырдариядағы ірі кала - Сығнақ. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығнақтың орнында Сунақ-ата жұрты бар.

Х-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар - Қара-шоқы, Қарнақ, Асанас, Баршанкент, т. б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы - шахристаннан рабадқа ауысқан.

Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл аткарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. УІ-Х ғасырлардағы халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан (Ташкент) Газгирдке, одан Исфиджабка жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген. Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар болған. «Жібек жолы» Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкент, Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті.

Тараздан «Жібек жолымен» Төменгі Барысханға, Құланға (Луговое қаласы), одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жеткен.

Исфиджаб қаласынан солтүстікке карай шықкан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын, одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына, қимақ-кыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған. Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан. Өзендерге көпірлер салынған. Қалаларда сауда орны, ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар, көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т. б. шығарылып, Қытайдан жібек, фарфор, керамика әкелінген. Шеттен әкелінген бұйымдар - меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар.

Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.

Егін шаруашылығы елдің Оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда Шу, Талас, Іле өзендері бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.

ІХ-ХІІ ғасырларда Отырар өңірі (суармалы егіншіліктің орталығы болды. Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрык төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік калаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен камтамасыз етіп,сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты жөне сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған жөне Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау баурайларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрам-су, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.

Жер кетпен тәрізді темір шоттар жөне темір, не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен /омаш/ өңделіп, егін ору темір орақпен жүргізілген. Дәнді ұнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су жолы арқылы қаланың айналасындары бау-бақшалар суғарылып, гүлдеп тұрған.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.)