|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Жеке тапсырмалар 5 страница. Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне карай қолөнер кәсібімен де шұғылдандыҚазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне карай қолөнер кәсібімен де шұғылданды. Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың натуральды шаруашылығының біртіндеп ыдырауына әкеп соқты. Құмыра жасаушылардың, шыны үрлеушілердің, зергершілердің, қару-жарақ жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына халықтың сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың бауырындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқ түрлері сақталған. Сырдарияның төменгі бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда есем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, т. б. ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлі кызыл, жасыл, сары, коңыр түсті бояулар жалатылды. Аңдар мен құстар бейнеленген құйма ыдыстар тобы ынта қоярлық. Мәселен, Тараз қазбалары кезінде арыстанды бейнелеген тамаша табақша шықты. Отырарда өсімдік ою-өрнегімен әшекейленген құмыра табылды. Бұрыннан келе жатқан ақша айналысы сол күйінде қалды. Қалалардың ішкі рыноктарында саудада мыс ақша қолданылды. Қалалар арасындағы, сондай-ак, сыртқы саудада байлык ретінде жинап сақтауға қолайлы алтынның орнына күміс ақша пайдаланылды. ІХ-ХІІ ғғ. Отырар мен Яссыда, Тараз жвне Исфиджаб қалаларында ақша жасайтын теңге сарайы істеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж. Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
№6 Дәріс Тақырыбы: ХІҮ-ХҮ ғ. І жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің экономикалық дамуы Дәрістің мазмұны: ХІІ ғасырда монғол тайпалары Орхон мен Керулен аралығында мекендеді. ХІІғ.аяғы – ХІІІғ.басы - әскери-федолдық монғол мемлекеті құрылды. Астанасы- Қарақорым. Оның негізін салушы – бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадүдің баласы Темучин болды. Монғол тайпалары Шыңғыс хан ұлысы саналып, 3 қанатқа бөлінді: Оң қанат – баруңғар; Сол қанат – жоңғар; Орталық – гол. Шыңғыс ханның әскері 95мыңдықтан құрылды. Ханның 10 мыңнан тұратын таңдаулы әскері болды. Шыңғыс хан әскери қызметтерге шығу тегіне қарамастан батыл да іскер адамдарды тағайындады. 1219жылдың қыркүйек – Отырар қоршауы басталды. 1220ж.ақпан – Отырар жау қолына көшті. Қаланы тонап жермен-жексен етті. 1219-1224 жылдар – Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды. Алтын Орда – көп ұлтты мемлекет көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар – қыпшақтар, наймандар, қаңлылар т.б. Отырықшы халқы – Еділ бұлғалары мордавалар, орыстар, хорезмдіктер. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы – сұлтандар. Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып, батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: Оң қанат – Батый хан билігі; Сол қанат – Орда ежен ханның билігі. Алтын орданың соңғы билеушісі Шейх Ахмед 1502ж қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылды. Ақ Орданың негізін қалаушы – Орда Ежен. Территориясы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шығысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Астанасы – Сығанақ. Халқы - өзбек-қазақ. Алғашқы ханы – Сасы Бұға. Ноғай ордасы (Ноғайлы) – XIV ғасырда Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекет. Ноғай Ордасы Алтын Орданың әскери қолбасшысы Ноғай әскерлерінің құрамына енген тайпалар мен маңғыт тайпаларынан құралған.Түркі тілдес халық – ноғайлар Еділден Ертіске дейін, Каспий және Арал теңіздерінен Түменге дейінгі жерлерде көшіп жүрген. Орданың орталығы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Әлемге билік жүргізген Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қазақ хандығы, Астрахань хандығы, Ноғайлы және Көк Орда қонысын иеленген Қазан Ордасы, тағы басқа хандықтар дүниеге келіп, XVI ғасырда күш-қуаты бар жеке мемлекеттер ретінде белгілі болатын. Алайда, Ноғай Ордасындағы алауыздық бүкіл түркі дүниесіне қасірет әкелген еді. Ноғайлар жауға есесін жіберіп, жақынын қарақтауға көшті.Ноғай Ордасының әміршілері Мамай би мен Ағыс батыр 1523 жылы Қажы Тархан (Астрахань) түбінде өздерінің қандас бауырларын – Махмет-Герей хан бастаған 30 мыңдық Қырым әскерін қапыда басып, түгел қырып тастайды. Осының алдында ғана Алтын Орданың батыс бөлігін бірұтас ұлысқа айналдырмақ болып, ант ішіскен қандас бауырлар бірінің түбіне бірі жетеді. Сөйтіп, Русь мемлекетіне Еуразияны жаулап алуға өздері жол ашады. Орыс мемлекеті Қазан мен Астрахань хандықтарына көз алартатын дәрежеге жетеді. Содан, XVI ғасырдың 2-жартысында Ноғай Ордасы бірнеше мемлекеттік бірлестіктерге ыдырап кетті. XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басында Оңтүстік – Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет XIV ғасырдың ортасында Орта Азияның оңтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының басшысы Әмір Болатшы. Билеушісі – Тоғылық Темір хан (1348-1362 ж.ж.). Астанасы – Алмалық (Іле алқабында). Территориясы – Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғыстан, Шығыс Түркістан. Моғолстанның шекарасы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде жазған: «Шекарасының ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол. Баркөл, Ертіс – Көкше теңіз – Түркістан-Ташкент, Ферғана, Қашғар, Ақсу аралығы». Орталық аймағы – Жетісу. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулат, қаңлы,керей, арғын, үйсін, т.б. тайпалар. Дулаттар – ең қуатты тайпа. Бұл тайпалардың көпшілігі кейін қазақ халқының құрамына енді, ал Тянь-Шань етегі мен Шығыс Түркістанды мекендеген тайпалар қырғыз және ұйғыр халықтарын құрады.Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін илам дінін тірек етті. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы монғол шапқыншылығының ауыр зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Бүліншілікке ұшыраған шаруашылықты, қираған қалаларды қалпына келтіруге бағытталған шаралар жемісін беріп, феодал-байлардың экономикалық жөне әлеуметтік жағдайлары біраз жақсарды. Қазакстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Өлкенің батыс, орталық, далалық өңірі мен оның оңтүстігі, Жетісу жөне Орта Азия аймақтарымен сауда байланыстары қалпына келтірілді. Сонымен бірге бұл тұста монғолдардың қол астында болып келген көптеген ұлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан жерінде алғашқы рет жергілікті этникалық негізде пайда болган ірі мемлекет - Ақ Орда хандығы. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ак Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар және басқалары. Бұл тайпалар тілі жағынан бірін-бірі түсінетін біртекті түрік тілдес болды. Олар әлеуметтік-экономикалық жағынан, мәдени әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері де бір-бірімен ұқсас, туыстас тайпалар еді. Ақ Орданың негізін калаған Шыңғыстың немересі Жошы ханның үлкен ұлы Орда Ежен. Ақ Орда алғашкы құрылған кезде Алтын Ордаға тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды. Ол кезде Алтын Орданың астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы еді. Ал Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алкабында Алақел маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында болды. Ақ Орда хандарының кестесі оларды болған уакытына карай мынадай ретпен тізеді. Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Ұрыс хан, Қойыршақ, Барақ, т. б. Ақ Орданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы. Бұл кезде Ақ Орда мемлекетінің шаруашылғы, мәдениеті қарыштап дамып гүлденді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өркендеді. Ақ Орда хандарды қалаларды қалпына келтіріп, қайта құруға зор күш жұмсады. Олар хандықтың астанасы Сығанақ қаласында өз аттарынан металл ақша шығарды. 1361 жылы Ак Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хаджы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. Өйткені бұл кезде Орта Азиядағы Мауеренахр жерінде билікті өз колына алып күшейе түскен Әмір Темір Ақ Орданың оңтүстік шекарасына шабуыл қауіпін төндірген еді. Ақ Ордаға қарсы шабуылда Әмір Темір Маңғыстау үлесінің билеушісі Түйқожа оғланның баласы Тоқтамысты пайдалануға тырысты. Түйқожаны Ұрыс хан Алтын Ордаға қарсы жорықта қолдамағаны үшін өлтірген болатын. Ал Тоқтамыс Самарқандқа қашып келіп, Әмір Темірді паналады. Әмір Темір Ақ Орданы жаулап алу мақсатын жүзеге асыру үшін қару-жарақ, әскери күш беріп, Тоқтамысты Ақ Ордаға қарсы айдап салды. Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері Тоқтамыстың шоғырларын талқандады. Бұл соғыста Ұрыс ханның баласы Құтылық Бұға қаза тапты. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да Ұрыс ханның баласы Тоқтақия баскарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді. Әмір Темір Ақ Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады және бұл жорықты өзі бастап шықты. Әмір Темір әскерімен Сырдариядан өтіп, Отырар маңына орналасты. Ұрыс хан әскерімен Сығанаққа келіп тоқтады. Алайда екі әскер тобы осылайша бір-біріне жақындамай, аталған жерлерде үш айдай тұрып, шайқаспай кері қайтып кетті. Тек төртінші жорық кезінде Ұрыс ханның және оның баласы Токтақияның қайтыс болуы Әмір Темірдің жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. 1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болғаннан кейін, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мөлікке көшкенді. Осы кезде Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсак Темірге сүйеніп, Темір Мөліктің әскерін талкандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялайды. Ақ Орданың көптеген әмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хаджы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алады. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі нәтижесінде мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ, әбден күшейіп алғаннан кейін ол Ақсақ. Темірдің қамқор-қамтуынан босануға тырысады. Бірақ, 1388, 1391 және 1395 жж. Аксақ Темірдің Тоқтамыска қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қиратылады. Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірге қашып кетті, оны 1406 жылы Сібір ханы Шәдібек өлтірді. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсірейді. Ол Әмір Темірдің боданына айналды. 1423-1424 жылдары Ұрыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Ордада хандықты өз қолына алады. Бұл кезде, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, сондай-ақ Сырдың орта ағысындағы қалалар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сырдария бойындағы басқа да қалаларды босатты. Осы жеңістің нәтижесінде Ақ Орда Темір әулетінің үстемдігінен тәуелсіз болып алды. Алайда, Ақ Орданың ішіндегі феодалдық талас-тартыс тоқтамады. Осының салдарынан 1428 жылы Барақ хан жауларының қолынан қаза тапты. Ол Ақ Орданың ең еоңғы ханы болды. Барақ хан өлгеннен кейін Ақ Орда ыдырады да, билік Жошының кіші ұлы Шайбан тұқымынан шыққан Әбілхайыр сұлтанның қолына көшті. Шайбан әулетінен шыққандар Барақ өлгеннен соң, Ақ Орда жерінің елеулі бөлігін басып алды. Сөйтіп 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде жарыққа шыққан Ақ Орда хандығы екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Көшпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамыды. Қыруар мал бай-феодалдардың қолына жинақталды, олар жердің нағыз қожасына айналды. Тарихи деректерде Ақ Орда елінде ақсүйектер жер иеленушілігінің инджу (хан тұқымына берілетін жерлер), милк (әскери қызметі үшін сыйға берілетін жерлер), соқтұрған (қазақ хандарының туыстарына немесе көшпелі шонжарлар өкілдеріне сыйға берілетін жерлер) сияқты түрлері жөне тархандық сый-тарту белгілі болғаны да айтылады. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әртүрлі парыз-қарыздарды да өтеп түрған. Түркі тілдес тайпалар мекендеген Ақ Орданың ресми тілі — қыпшақ тілі, немесе кене қазақ тілі болып саналады. Батыс түрік (VI-VIII ғасырлар), түркеш-қарлық (VIII-X ғасырлар) жөне қимақ-қыпшақ (ХІ-ХІІ ғасырлар) дәуірлерінен бастап қазақ тайпаларының өз алдына халық болып қалыптасуы осы Ақ Орда кезеңінде үздіксіз жүрді. Қорытып айтқанда, Ақ Орданың хандары бұқара халықтың қолдауымен Алтын Ордадан тәуелсіздік алып, оны дербес мемлекетке айналдырды. Сырдария бойындағы шаруашылық, мәдениет орталығы болған маңызды қалалар үшін күресте Мәуеренахрдағы Шағатай хандарын жеңді. Әмір Темірдің Ақ Ордаға қарсы жасаған шапқыншылығына тойтарыс беру үшін аянбай күрес жүргізді. Ақ Орданың негізгі халкы монғол шапқьшшылығынан әлдеқайда бұрын қалыптасқан біртұтас этникалық территориясы, бірыңғай шаруашылығы және ортақ мәдениеті бар түркі тілдес ру-тайпалар болды. Кейін олар казақ халқының жеке халық болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды. XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке - шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Шағатай үлысы қоныс еткен Мәуеренахрдың батыс бөлігінде 50-60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір мемлекеті құрылды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті орнады. «Моғолстан» тарихи-жағрафиялық термині «монғол» атауынан шыққан. «Моңғол» есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік жөне парсы тілдеріндегі тарихи туындыларда «моғол» деп аталып, жазылатын болған. Моғолстан мемлекеті алғашқы құрылған кезде билік Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасы әмірлерінің бірі - Болаттың қолында болған. Шыңғыс тұқымынан шықпаған, сондықтан хан болуға құқы болмағандықтан, Болат өзінің айтқанына көнетін әлі жас 18 жастағы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жылы хан тағына отырғызды. Моғолстан мемлекетінің құрамына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жерлері кірді. Мемлекеттің шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қаласына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ертістен оңтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймақтарына дейін созылып жатты. Сонымен XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір хандық - Моғолстан мемлекеті құрылды (орталығы — Алмалық қаласы). Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін калаған жоғарыда айтылғандай монғол әмірлерінің бірінің баласы - Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.). Ол Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор, таулы-тасты, өзенді-көлді, ашык далалы, орман тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тайпалардың басын қосты. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Моғолстан құрамына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жөне Орта Азияның кейбір жерлері кірді. Моғолстан құрамына кіретін тайпалар: дұғлаттар (дулаттар), каңлылар (бекшіктер), керейттер (керейлер), арғындар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір тайпалардың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардыңда осы бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ. Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болды. Ақ Ордадағы сияқты мұнда да бай-феодалдар жерді шартты иеленудің икта, инджу, сойұрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аймақтарда жер жалпы қауымның қарауында болған. Бірак мал ірі ақсүйек байлардың қолында шоғырлануымен байланысты көшпелі аудандарда қоныс - өрістердің бәрі шынында да солардың меншігіне тиді. Хандар мен ел билеуші ақ сүйектердің пайдасына қала мен ауыл тұрғындарынан, егінші мен көшпелі халықтан күпшір, зекет, тағар, баж, карадж және тағы басқа да салықтар жиналды. Бұқара халық әр түрлі міндеттерді: әскери, кірешілік, еңбек, пошта т. б. міндеттерді атқарды. Мемлекетті баскару ісінде ханға ұлысбек көмектесті. Дәстүр бойынша ол елдегі саны көп, беделді дулат тайпасы өмірлерінен тағайындалған. Сондай-ақ хандар қасында ақсүйектер кеңесі қызмет еткен. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өзі билеген түркі тілдес мұсылман халықтары арасында беделін арттырып, үстемдігін нығайту үшін ислам дінін қабылдаған. Сонымен бірге ол өзіне қарасты ел арасында ислам дінін таратуға батыл шаралар қолданған. Мұның өзі Тоғылық Темірдің беделін арттырып, елдегі үстемдігін нығайта түсті. Осыдан кейін ол бұл кезде феодалдық ыдырау жолына түскен Мәуеренахарда Шағатай әулетінің билігін калпына келтірмекші болды. Сөйтіп, бұрынғы Шағатай ұлысының жерлеріне толық билікті жүргізуді көксеген Тоғылық Темір Мәуеренахр өлкесін Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. 1358 жылы ол астыртын кісі жіберіп Қазаған әмірді өлтірді. Бір жыл өткеннен кейін үлкен соғыстардың бірінде Қазағанның мұрагері, оның ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін Мәуеренахр бірнеше тәуелсіз иеліктерге бөлініп кетті. Бұл жағдайды пайдаланып қалуды көздеген Тоғылық-Темір оларды бағындыруға кірісті. Өзінің алғашқы жорығына Тоғылық Темір Жетісудан 1360 жылғы ақпан-наурыз айларында аттанды. Әскерлерімен Ташкентке жақын жерде тоқтап, Тоғылық Темір хан ілгері қарай барлаушы тобын жіберді. Ол Сырдариядан өтіп, Шахри-сябз қаласына қарай жүріп кетті. Тоғылық-Темірдің өзара жауласып жатқан жергілікті әмірлер өзіне қарсылық көрсетпейді деген есебі ақталды. Солардың бірі - Орта Азияның болашақ билеушісі Әмір Темір Тоғылық Темірге бағынатынын білдіріп, сол үшін Кеш қаласын үлесті жерімен өзіне басқаруға алды. Алайда, Моғол әскерлерінің одан әрі ілгерлеуіне Тоғылық-Темір әскербасыларының арасындағы алауыздық кедергі келтірді. Олар әуелі хан ордасына келіп, содан соң бүлік шығарып, Моғолстанға қайтып кетті. Моғол ханы Мәуеренахрды бағындыру жөніндегі одан арғы әрекетін тоқтатуға мәжбүр болды. Моғолстан әміршілерінің бүлігін басқан соң, Тоғылық Темір 1361 жылы көктемде тағы да Мәуеренахрға аттанды. Тоғылық әскерлеріне Мәуеренахрдың әміршілерінің бірі Хожа-Барлас жөнді карсылық көрсете алмай кашқанда Темір оған ілеспеді. Ол Тоғылық Темірге тағы да өзінің бағынышты екенін мойындады, сөйтіп Шахрисяб түменінің қолбасшысы болып тағайындалды. Мұның өзі оған Барлас тайпасына кесем құқығын берді. Бұл тұста ол 25 жаста еді. Мәуеренахрға екінші рет шабуыл жасап, оны бағындырған Тоғылық өмір оған билеуші етіп баласы Ілияс-қожаны қалдырды. 1362 жылы Тоғылық-Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс-қожаға көшкенде Мәуеренахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Осы тұста қарындасына үйленіп Хұсайынмен дос болған Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуеренахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Осындай тынымсыз шайқастардың бірінде оның екі саусағы кесіліп, бір аяғы жаншылды. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып, ақсақ болып қалған соң, ол содан бастап Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша - ақсақ) Ақсақ Темір атанды. Ақсақ Темір мен Хұсайын Моғолстан әскерлерін талкандап, Мәуеренахрдағы жергілікті әмірлерді тізе бүктірді. Тоғылық Темірден кейін Моғолстанның ханы болған Ілияс-Қожа 1365 жылы бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіруге әрекет жасады. Темір өз әскерлерімен оны Чиназ бен Ташкент аралығында Сырдарияның жағасында Батпақты деген жерде қарыс алды. Бүл жерде өткен белгілі «Батпак шайқасында» Өмір Темір жеңіліп қашып құтылды. Шайқас кезінде екі жактан 10 мыңға жуьқ адам қаза тапты. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.) |