|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Жеке тапсырмалар 15 страница2002 жылдың мамырында Мемлекетаралық кеңестің төрағасына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев сайланды. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер басшыларының отырысы 2002 жылы Мәскеуде, 2003 жылы Душанбеде, болып өтті. Онда қауымдастықтың басым бағыттары белгіленді. Олар: Кедендік одақ құру, келісілген экономикалық саясат жүргізу, экономиканың накты секторында өзара іс-кимыл таныту, көлік одағын қалыптастыру, бірлескен энергетикалық одақ құру, агроөнеркәсіп секторында ынтымактастықты арттыру, ортак қызмет көрсету, қаржы рыноктарын құра отырып, валюталық ыкпалдастықты дамыту, әлеуметтік-гуманитарлык, көші-қон саясатын жүргізу т. б. 2004 жылғы маусым айында ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесінің отырысы Астанада болды. Отырыста төменегі құжаттар кабылданды: су-куат ресурстарын тиімді игеру, ЕурАзЭҚ елдері бойынша темір жол тасымалында бірдей тарифтік баға қолдану, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердін Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) кірудегі позизияларын біріздендіру, Шекаралық саясаттың және ЕурАзЭҚ-тың заңдылыктарының негіздері туралы. Сонымен бірге бағалы қағаздар рыногындағы келісімнің мәтіні қабылданып, банк саясатындағы реттеу мен бакылау ынтымақтастығының ЕурАзЭҚ аумағындағы 2005-2006 жылдардағы жоспары бекітілді. Ал Ұйымдастыру мәселелері бойынша ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық Кеңесінің төрағасы болып Қазақстан жағы кала беретін болды. 2000-2004 жж. аралығында ЕурАзЭҚ аясында өзара тиімді 60 келісім құжатталды. Мұның өзі Қауымдастыққа мүше елдерде экономикалық серпінділікке жол ашты. ЕурАзЭҚ елдерін тұтастай алғанда жалпы ішкі өнім мен өнеркәсіп өнімдерінің көлемі орта есеппен 8 пайызға есті. Өзара сауда көлемі 31,4 пайызға, инвестиция көлемі 14 пайызға артты. 2005 жылдың наурызында ЕурАзЭҚ-тың үкіметтер басшылары деңгейде өткен Мемлекетаралық кеңесінің отырысында Қоғамдастық елдерінің салык, кеден және техникалық реттеу салаларындары қызметтерін жүйелеп отыратын бірқатар құжаттар қабылданды. Ал сол жылғы маусым айында Мәскеуде еткен ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекет басшылары кездесуінде оған кіретін елдер экономикасының өсуіне айтарлықтай ықпал етіп отырғаны атап көрсетілді. Мәселен, ішкі жалпы өнім Беларусь Республикасында — 6,5 пайыз, Қазақстанда — 10,3, Ресейде - 6,2, Тәжікстан Республикасында - 9,7 пайызға өсті. 2003 жылға қарағанда тауар айналымы 40 пайызға артты. Сол сияқты өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы да айтарлықтай даму қарқынына ие болды. 2006 жылы ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттердің басшыларының Минск, Сочи, Мәскеу қалаларында үш кездесуі болып өтті. Онда алдағы уакыттағы экономикалық байланысты дамыту, кеден одағын қалыптастыру, Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру және тағы басқа да маңызды мәселелер талкыланды. 2006 жылы казан айында ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттердің басшылары алғаш рет Душанбе қаласында кездесті. Саммит барысында мемлекет басшылары негізгі бес құжатқа қол қойды. Бірінші, Еуразия экономикалық қоғамдастықты құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама. Екінші, Кедендік одақтың комиссиясы туралы шарт. Үшінші, Бірыңғай кеден аумағын құру және Кедендік одақты қалыптастыру туралы шарт. Төртінші, Кедендік одақтың шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтауға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне енуі туралы. Бесінші, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кедендік одақты құру жөніндегі іс-кимылдар жоспары. Қазақстанның басқа елдермен сыртқы сауда байланысында тағы бір көңіл аударатын мәселе - Республиканың жағрафиялық жағынан әлемнің негізгі экономикалық аудандары аралығында орналасқандығы. Сондықтан мұның өзі де Азия-Тынық мұхит аралығындағы елдер мен сыртқы экономикалық байланыстар орнатуға тиімді болып, кең мүмкіндіктер ашып отыр. Бұған ерте кездегі Ұлы Жібек жолы жүрген жерлерде енді темір жол және автомобиль жол қатынасының дамуы үлкен әсерін тигізуде. Қорыта айтқанда, 1991 жылдан бері тәуелсіздік тұғырына қонған Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен терезесі тегі деңгейде дипломатиялық жөне экономикалық қарым-қатынас орнатты. Осы уакыт ішінде елдің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды, ол дүниежүзілік аренадан беделді өз орнын алды. Қазақстан шекарасының өн бойында берік халықаралық-құқықтық негізге сүйенетін қауіпсіздік, тату көршілік және достық белдеуі жасалды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж. Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 1. Қазақстанның сырты саясаты. 2. Қазақстанның басқа елдермен сауда қатынастары. 6. Семинар сабақтарының жоспары
7. КУРСТЫ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР. Семинарлық сабақтардың негізгі мақсаты-студенттердің теориялық білімдерін бекіту мен тереңдету және практика жүзінде оларды қолдану дағдыларын қалыптастыру. 1. Семинар сабақтарын тиімді өткізуге арналған талаптар. 1.1. Ұйымдастырушылқ жұмыстарына қойылатын талаптар: - семинар сабақтарының мамандық бойынша құрылған оқу жоспарына сәйкес келуі; - пәннің типтік және оқу бағдарламасының, сабақ кестесінің болуы; - семинар сабақтарының дәріс сабақтарымен, бақылау жұмыстарымен және басқа да пән бойынша өткізілетін оқу сабақтарының түрлерімен сәйкестігі; - техникалық құралдарды кеңінене қолдану; - университеттегі кітапханалардың әдебиеттермен қамтылу жағдайын ескере отырып, семинарларға әдебиеттер беру; - семинар сабақтарына студенттердің дайындығын тексеруді ұйымдастыру; 1.2. Семинар сабақтарының мазмұнына қойылатын талаптар: -семинар сабақтарының мазмұнының пәннің негізгі бөлімдерін қамтыған оқу бағдарламасына сәйкес келуі; - семинар сабақтарының пәннің оқу сабақтарының басқа түрлерімен байланысын қамтамасыз ету; -сабақтарда студенттердің жаңа жағдайда білімді өз бетімен пайдалана алу қабілетін дамыту; -алға қойылған міндеттерді шешу қабілетін дамыту. 1.3. Әдістемелік талаптар: -дәріс курсымен және басқа да оқу сабақтарының түрлерімен логикалық байланысын қамтамасыз ету; -студенттер мен оқытушының семинар сабағына дайындық; -қайшылықты мәселелерді дұрыс талдау мен дұрыс емес жауаптарды түзету; -курстың спецификалық ерекшелігі мен студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып студенттердің өз бетімен жұмыстануына оқытушының дифференцияцияланған басшылықты қамтамасыз ету. №1 практикалық сабақ Тақырыбы: Ежелгі Қазақстандағы алғашқы қоғамдық құрылыс және тайпалық одақтар шаруашылығы. Практикалық сабақтың мақсаты: Студенттердің бір-біріне сұрақ қойып жауап алу арқылы өзара мәселеге қатысты мәліметтермен бөлісуіне түрткі болу. Практикалық сабақтың мазмұны: Сақ тайпалары, олардың шаруашылығы, Қаңлы және үйсін тайпалары, Ғұндар және олардың бейнелеу өнері. Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап. Әдебиет: Қазақстан тарихы (1) 69-74 б.б. №2 практикалық сабақ Тақырыбы: Ортағасырлық мемлекеттердің экономикалық дамуы. Практикалық сабақтың мақсаты: Студенттердің бір-біріне сұрақ қойып жауап алу арқылы өзара мәселеге қатысты мәліметтермен бөлісуіне түрткі болу. Практикалық сабақтың мазмұны: Қарлұқ, оғыз, кимекте,рдің шаруашылығы. Қарахан әулетінің мемлекетіндегі жер иелену формалары, Қарақытай мемлекетінің басқару құрылымының ерекшеліктері. Хорезм мемлекетімен, орыс княздықтарымен Дешті-Қыпшақтың экономикалық, әскери-саяси, мәдени және қандастық байланыстары. Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап. Әдебиет: Қазақстан тарихы (1) 69-74 б.б. №3 практикалық сабақ Тақырыбы: Шыңғыс хан империясы құрамындағы Қазақстан. Практикалық сабақтың мазмұны: Шыңғыс хан шапқыншылықтарының әлеуметтік –экономикалық зардаптары, Алтын Орданың құрылуы: саяси-әкімшілік құрылымы, Алтын Орда хандарының әлеуметтік-экономикалық реформалары. Ахмет хан тұсындағы Алтын Орда және оның құлауы (1447-1480 жж). Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы және Ноғай ордасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Практикалық сабақтың мақсаты: Студенттердің бір-біріне сұрақ қойып жауап алу арқылы өзара мәселеге қатысты мәліметтермен бөлісуіне түрткі болу. Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап. Әдебиет: Қазақстан тарихы (1) 398-411 бб. №4 практикалық сабақ Тақырыбы: ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстанның саяси-экономикалық мәселелері. Практикалық сабақтың мақсаты: Студенттердің бір-біріне сұрақ қойып жауап алу арқылы өзара мәселеге қатысты мәліметтермен бөлісуіне түрткі болу. Практикалық сабақтың мазмұны: ХҮ ғасырдың ортасындағы Қазақстандағы және Орта Азиядағы саяси жағдайлар, Қасым хан тұсындағы мемлекеттің саяси өрлеуі, экономикалық реформалары, ХҮІ ғасырдың ІІ жартысындағы хандықтың қайта өрлеуі. Хақназар хан. Қазақ мемлекеті Тәуекел хан кезеңінде. Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап. Әдебиет: Қазақстан тарихы (1) 395 бб. №5 практикалық сабақ. Тақырыбы: ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Практикалық сабақтың мақсаты: Студенттердің бір-біріне сұрақ қойып жауап алу арқылы өзара мәселеге қатысты мәліметтермен бөлісуіне түрткі болу. Практикалық сабақтың мазмұны: Қазақ хандарының Орта Азия хандықтарымен өзара қарым-қатынастары, Есім хан, Салқам Жәңгір хан Жалаңтөс баһадүрлердің қазақ елін қалпына келтіруге қосқан үлестері. Тәуке хан тұсындағы мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси-экономикалық өміріндегі өзгерістер. Қазақ жеріне біртіндеп капиталистік қатынастардың ене бастауы. Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап. Әдебиет: Қазақстан тарихы (1).К. Аманжолов «Қазақстан тарихы», І том, А: 2004 ж. №6 практикалық сабақ. Тақырыбы: ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан. Практикалық сабақтың мақсаты: Студенттердің бір-біріне сұрақ қойып жауап алу арқылы өзара мәселеге қатысты мәліметтермен бөлісуіне түрткі болу. Практикалық сабақтың мазмұны: Қазақ жеріне жоңғар, қалмақ және казак-орыс әскерлерінің шабуылдары, оның салдарлары. Патшалық Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты. Абылай ханның саяси-экономикалық реформалары, оның нәтижелері мен маңызы. Мал шаруашылығы мен егіншілік жағдайы. Шаруашылық тұрмыстың өзгеруі, отырықшылық. Қазақ ауылының жағдайы. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. тоғысындағы қазақ елінің шет мемлекеттермен сауда-экономикалық қатынастары. Сібір темір жолын салу құрылыс комитетінің ролі. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.015 сек.) |