АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жеке тапсырмалар 7 страница. Әбілқайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алу ағайындас Шайбани ұлысы мен Ақ Орда ұлысы

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Әбілқайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алу ағайындас Шайбани ұлысы мен Ақ Орда ұлысы ру-тайпаларының арасындағы қырғи-қабак қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. Себебі бұл қалалар мен оның төңірегіндегі алқаптарды қарату Барақ ханның тұқымдары Керей мен Жәнібек сұлтандардың және оларға тәуелді, Сырдария мен Қаратау өңірінде көшіп-қонып жүрген қазақ руларының мүдделеріне қайшы келді. Бұл олардың арасындағы күрестің қайта жанданып, қазақ сұлтаңдары мен оларға қарасты рулар мен тайпалардың Моғолстан жеріне көшіп кетуіне әкеліп соктырды.

XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілхайыр Мәуеренахрдағы Темір ұрпактарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бұхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Әбілхайырдың шапқыншылықтарының табысты болуына, оның жергілікті бай-феодалдармен келісімге келуі ықпалын тигізді. 1451 жылы ол Темір ұрпақтарының бірі Әбу-Саидке Самарқандта өкімет билігін алуына көмектесті.

Соғыстар барысында Әбілхайыр қанша жерлерді қосып алғанымен, хандық ішінде саяси берік бірлік болмады, әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар күшейді. Бұған Әбілхайырдың өз тұқымдарын, ақсүйектерді колдап, ерекше еркіндік беруі, ал жергілікті ру-тайпалардан шыққан би, бек, сұлтандарды қарасүйек деп оларға өктемдік көрсетуі де өзінің теріс әсерін тигізді. Сондықтан ірі феодалдық топтар, ру басылары, сұлтандар оны қолдамады, қарсы шығып отырды. Әбілхайыр мемлекетінің ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті арасындағы тоқтаусыз кыркыстар, көшпелі рулар мен тайпалар сүлтандарының өз алдына бөлінуге үмтылуы 1456-1457 жылдардағы Өбілхайырдың Үз-Темір-Тайшы баскарған ойраттармен Сығанақ маңындағы шайқ-аста күйрей жеңілуіне алып келді. Ол Түркістандағы та-лан-таражға түскен қалаларын тастап, Дешті-Қыпшак даласына кетуге мәжбүр болды. Тек 60-жылдардың басында ғана Өбілхайыр Сырдария бойындағы бүрын өзі жаулап алған қалаларына кайта оралды. Осы жерден Өбілхайыр 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыкка кетіп бара жатк-анда кенеттен кайтыс болды.

Сонымен ішкі жөне сырткы қайшылықтардың шиеленісуі, бітпейтін феодалдық соғыстар мемлекеттің шаңырағын шайқалтып, Әбілхайыр хандығының ыдырап тарауына ұрындырды. Сөйтіп Шайбани әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады. Көшпелі өзбек тайпаларының бір бөлігі XVI ғасырдың бас кезінде Мәуеренахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалып қойған ру-тайпалар қазақ хандарының қол астына кірді. Темір ұрпактары өкіметінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін басып алды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. ІХ ғ. Қалалардың экономикалық маңызы.

2. ХІІІ ғ. Қалалардың саудадағы маңызы.

№7 Дәріс

Тақырыбы: ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы қалалар мен қалалық қоныстар және сауда қатынастары.

Дәрістің мазмұны:

Қазақ хандығының пайда болу тарихы ХҮ ғ. ІІ ж. басталды. Ол Қазақстан жерінде ХІҮ-ХҮ ғғ. болып өткен әлуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестердің заңды қорытындысы. Өзбек ұлысында тұрған қазақ халқының ХҮ ғ. 50 ж.соңынан 60 ж. аяғына дейін Жетісуға ауа көшуі әдеттегі көшу емес еді. Мұның өзі еңбекшілердің фоедалдық езгіге, көбейе түскен салықтар мен міндеткерліктерге, феодалдық тартыстар мен соғыстың шексіз ауыртпалығына деген қарсылығы еді. Әбілқайырмен жауласқан Ақ Орда хандары әулетінің билігін қалыпына келтіру үшін шайбанилықтарға қарсы күресіп жүрген Жәнібек пен Керей сұлтандар халық бұқарасының наразылығын пайдаланды. Өздерінің таптық мақсатын кқздеп, билік үшін күресе отырып, олар сонымен қатар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне және Қазақ хандығының құрылуына себептесті. Сөйтіп 1465-1466 жж. Шу мен Талас аралығында Қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығы жөнінде негізгі дерек Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-ир-Рашиди» еңбегі. Алғашқы қазақ хандары хандықтың аумағын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалалар мен Шығыс Дешті Қыпшақтың қырларындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясат жүргізді. Қазақ халқы мемлекетінің негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандар қазақ тайпаларын біріктіруге көп күш жұмсады. ХҮ ғасырдың соңғы ширегінде Жетісудың тайпалары мен руларын Қазақ хандығына біртіндеп қосу процесі одан әрі жалғасты. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Қазақстан жеріндегі халықтардың өмірінде бір хандықтар тарап, екінші хандықтар құрылып, шексіз өзгерістер болып жатқанына қарамастан, халық ертеден келе жаткан ата кәсібі - мал шаруашылығымен дәйекті шұғылданған. Оның отырықшы, көшпелі және жартылай көшпелі түрлері болды. Отырықшы мал шаруашылығы оңтүстікте, Сыр бойының күнгей беттерінде күшті дамыды. Маңғыстау, Арал аймақтарын мекендеген ел бүкіл жыл бойы жайылымнан жайылымға үздіксіз көшіп жүрген. Мал шаруашылығының кең тараған дәстүрлі түрі жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан шаруалар ішінара егін егіп, малдың қысқы азығын дайындауды әдетке айналдырды. Олардың қыстауға арналған тұрақты орындары болды. Көп жерлерде кой мен жылкы өсіру басты орын алса, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы отырықшылық жерлерде табындап мүйізді ірі қара өсірілді. Малдан түсетін өнімдер көшпелілердің киім мен тұрмыс заттарына сұранымын қанағаттандырып отырды. Кейбір жекелеген кол өнер шеберлері аса күрделі бұйымдарды аттың ер-тоқымының металл әшекейлерін, қару-жарақ: семсер, сүңгі, садақ, оқ, арба және т. б. келістіріп жасады.

Қазақстан саяси орталығының елдің оңтүстігіне ауысуы егіншіліктің дамуына жол ашқанын айту керек. Бүл жерлерде ел билеушілер егіншілік ошақтарын калпына келтіруге күш салды. Егіншілік, әсіресе қала маңдарында катты дамыды. XIV ғасырда Сырдарияның орта ағысындағы егіншіліктің күшті дамыған жері - Сығанақ каласы. Қала тұрғындары суармалы учаскелерде бау-бақша мен көкөніс өсірді, дәнді дақылдар егілетін суармалы және төлімі жерлер олардан алысырақ орналастырылды.

Егіншіліктің екінші бір орталығы — Ясы каласының маңы. Бұл араның тұрғындары астық және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерімен тек өз мұқтаждыктарын қамтамасыз етіп коймай, сонымен қатар астықты базарға шығарып отырды. Егіншіліктің ірі ошақтары Отырар, Сауран және Сайрам, сондай-ақ Тараз, Сауыр, Қорған, Аспара қалаларының маңында көптеген егін шаруашылығы дақылдары өсірілді. Іле алкабында дәнді дақылдар, атап айтканда, бидай мен арпа өсірілгені туралы деректер бар.

ХІҮ-ХҮ ғасырларда өндіргіш күштердің дамуы Қазақстанның оңтүстігінде ескі қалалардың қалпына келтіріліп, жаңа қалалардың пайда болуына, мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Оңтүстіктегі ірі калалардың бірі - Тараз, елдің экономикалық мәдени тұрмыс тіршілігіне елеулі ықпал жасады. Онда күмістен теңге құйылып, әшекейлі бұйымдар өрнектелген ыдыс-аяқтар жасалды. Оңың төңірегінде бірнеше әдемі мазарлар бой көтерді. Сырдария мен Арыс алқабында жиырмадан астам қала болған. Сырдың, сол жағасында Асанас, Үзкент, Аққорған, Сүткент сияқты қалалар бой көтерді. Ақ Орданың астанасы Сығанақ ірі сауда-егіншілік орталығы және мықты бекінісі бар қамал ретінде көзге түсті. Түркістан, Батыс Моғолстан және Темір ұрпактары мемлекетінің тоғысқан жеріндегі Сайрам қаласы ірі сауда, қолөнер орталығына айналды.

XIV ғасырда қалпына келтірілген Отырарда көптеген жаңа үйлер салынып, алтын, күмістен ақша кұятын сарай жұмыс істей бастады. Батыс Қазақстандағы ірі қалалардың бірі — кейін Жайық казак-орыстары талқандап кеткен, Жайықтың Каспийге құяр жеріңдегі Сарайшық қаласы. Бұл өңірде қала типтес салынған мекендер аз болған жоқ.

Осы тұста жаңа архитектуралық стильдің қалыптасуы, құрылыста жаңа әшекей өрнектер түрлерінің, каптама материалдарының пайда болуы көптеген қалаларда көрнекті ғимараттардың бой көтеруіне мүмкіндік берді. Солардың бірі - Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің мазары. Отырар, Тараз, Сауран, Жент жөне басқа қалаларда салынған медіресе, мешіттер Сығанақ маңындағы Шайбани тегінен шыққан дала хандарының әшекейлі мазарлары өздерінің қайталанбас бітімімен көз тартатын құрылыстар.

Орталық Қазақстанда Сарысу, Кеңгір, Торғай өзендерінің алқаптары мен Бетпақ даладағы ХІҮ-ХҮ ғасырларда өзіндік ерекшеліктері бар Алашахан; Жошы хан, Болған-ана мазарлары да, өздерінің көркемдік стилімен ерекшеленеді. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Қазақстанда сауда-саттық кеңінен дамыды, Мұнда Орта Азиядан Жетісу арқылы Алтайға және Монғолияға баратын сауда жолы маңызды рөл атқарды. Сондай-ақ, Еуропа елдері мен Византия, Қырым арқылы өтіп, одан әрі Таңға (Донның төменгі ағысы), Еділ бойындағы Сарайға, Әмудариядағы Үргенішке, Қызылқұм арқылы Отырар мен Сайрамға баратын, сол жерде ежелгі «Жібек жолына» келіп; қосылатын сауда жолы да, экономикалық қарым-қатынас пен сауда-саттықтың өркендеуіне зор әсерін тигізді.

Бұл кезде Орта Азия мен Хорезмнің, Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Жетісудың негізгі мәдени ошақтарында рухани өмір жандана түсті. Моңғолдар жаулап алған өлкелерде моңғол тілі үстемдік ала алмай, Жошы мен Шағатайдың ұлыстарында, хан жарлықтары көбінесе түрік тілінде жазылды. Мұнда араб және парсы тілдерімен қатар түрік тілі әдеби және ғылыми шығармалар тілі болды. Қазақстан жерінде қоныстанған моңғолдардың тез арада түріктеніп кетуі, мұнда түркі тілдес халықтың басым болғандығын көрсетеді. Жалпы алғанда, XIV ғасырдың аяғына қарай Қазақстан мен Орта Азияны алып жатқан ұлы құрлықта татар, қырым татары, әзірбайжан, ескі өзбек (шағатай), қазақ, түрікмен тілі жөне түрік әдеби тілдерінің негізі қалыптасты. Моңғолдар Дешті Қыпшақтың негізгі халқымен сіңісіп кеткеннен кейін түрік тілі, дәлірек айтқанда, қыпшақ тілі Алтын Орданың әдеби тіліне айналды. Алтың Орданың ыдырау дәуірінде қыпшақтардың тіл ортақтығына байланысты Қыпшақ-ноғай кіші тобы қалыптасып, одаң соң ол ХІҮ-ХҮ ғарырларда қазақ және ноғай тілдеріне бөлінді. Бұл уакытта осы аймақта түрік тілдерінде араб алфавиті барған санын тез таралды.

ХІП-ХІҮ ғасырларда Алтын Орда да (Дешті Қыпшақта), Мамлюктік Египетте қыпшақ тілінде көптеген шығармалар туды. Дшщті Қыпшақ тілінде жазылып, ертеден бізге жеткен мұра 1245 жылы құрастырылған түрік-араб сөздігі. Өзінің сипаты жағынан алғанда бұл глоссарий қыпшақ (күман) тілі ескерткіштерінің бірі - «Кодекс куманикуста»(ХІІІ ғасырдың аяғы - XIV ғасырдың басы) тіліне жақын. Біздің заманымызға дейін жеткен қыпшақ-орыс сөздігінің үзінділері де сол кезеңге қатысты. XIII-XIV ғасырларда түрік тілінде жазылған, Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан белгілі жазба ескерткіштер де жоқ емес. Мәселен, XIII ғасырдың басында Мұхаммед ибн Қайс түрік тілі туралы грамматикалық шығарма жазды(«Үлкен кітаб»). Ғалым Хусам ад-дин Хамиди әл-Асими Бар-шанлығидың есімі әйгілі болды. Ол өз шығармаларын үш тілде (араб, түрік, парсы) жазды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Моңғол шапқыншылығының Қазақстанды жаулап алу тарихы.
  2. Моңғол шапқыншылығының экономикалық зардаптары.
  3. Моңғолдардың Қазақстан қалаларын жаулап алуы.

№ 8 Дәріс

Тақырыбы: Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар.

Дәрістің мазмұны:

Қазақ хандығы көшпелі ақсүйектер басымдығы артқан Әбілхайыр хандығы және Моғолстанның ішкі саяси қақтығыстарының нәтижесінде құрылды.Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда тұратын ру, тайпа көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылып, Әбілхайыр мен Есен-Бұғаның билігіне мойынсұнбады. Сондықтан, ХV ғасырдың 40-50-жылдары олар Керей мен Жәнібектің маңына: Қаратау, Сырдария, Түркістанның солтүстігіне топтаса бастады. ХV ғасырдың аяғында Қазақ хандығының территориясы: батыс Жетісу, Оңтүстік Қазақстан қалалары, Қаратау аймағы. Сырдария, Солтүстік Аралдың төменгі ағыстары, Орталық Қазақстанның көп бөлігі.

Қасым хан тұсында Қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Оның шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік батыста Сырдарияның оң жағалауына дейін жетіп, Сыр бойындағы қалаларды қосып алды. Солтүстіктее Қасым ханға бағынышты қазақтар жайлаулары Ұлытау мен Балқаштан әрі асып кетті. Қасым ханнан кейін ыдырай бастаған Қазақ мемлекетін қалпына келтірген Ақназар хан.Сыртқы қауіпке тойтарыс беру, ел ішіндегі алауыздықты бәсеңдету мал және егін шаруашылығының, сауданың дамуына жағдай жасады. Орыс мемлекетімен, Орта Азия халықтарымен байланыс, әсіресе сауда қатынасы жақсара түсті. Сауран, Түркістан қалаларын өзіне қаратты. Әз Тәуке шығысында жоңғарлардан төнген қауіптің алдын алу ұшін батысындағы Ресей патшалығымен сауда-саттық қатынасын, елшілік байланыстарды жолға қойды. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғасырларда орын алған әлеуметтік-экономикалық жөне этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалык қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі XV ғасырдың екінші жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Дешті Қыпшақ жеріндегі көшпелі еңбекшілер бұқарасы феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстар мен тартыстардың өршуіне, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударумен жауап берді. Сөйтіп, XV ғасырдың 50-70 жылдары арасында Әбілхайыр хандығынан Жетісудың Шу мен Талас өзендерінің жазығына 200 мыңдай адам кешіп келді. Бүл кезде Жетісуды билеп отырған Моғолстан ханы Есенбұғы (1434-1462) қазақтардың мұнда қоныс аударуына қарсы болмады. Өйткені оның да өз есебі бар еді. Есенбұғы қазақ ру-тайпаларын өзінің ішкі және сырткы саясатында, атап айтканда, Әбілхайыр хандығына және Шығыстан күшейіп келе жаткан ойраттар шапқыншылығына қарсы күресте, сондай-ақ хандықтың өз ішіндегі феодалдық алауыздықпен талас-тартысты тоқтату үшін пайдалануды көздеді. Ал қазақтардын Жетісу жеріне қоныс аударуының басты бір себебі, Әбілхайырдың кол астында қанаушылықтың күшеюі болса, екінші бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек сұлтандардың жаңа қалыптасып келе жаткан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның төуелсіз саяси жөне экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен кызметі өзінің ықпалын тигізді. Олардың халық қолданған дербес мемлекет құру саясатының нәтижесінде Жетісудағы рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Бұл арада тұңғыш қазақ хандығын құруға Керей мен Жәнібек сұлтандардың сіңірген еңбегін көрсете отырып, олардың саясатты кесіп деп түсінген, жасынан қоғамдық-әлеуметтік өмірдің бағыт-бағдарын ойластырып, халық, ел тағдырына байланысты шешім қабылдап үйренген хандардың отбасында өскен адамдар екенін айта кеткен жөн. Жәнібек қазақ хандығының тұңгыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы, әрине, табиғи құбылыс.

Бұл кезде жаңадан құрылған Қазақ хандығының алдында тарихи уш үлкен міндет тұрды. Біріншіден, жаңа қоныстанған аймақта бұрыннан Дешті-Қыпшак даласында қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын қалпына келтіру. Екіншіден, «Ұлы Жібек жолы» бойында орналасқан ірі қолөнер-сауда орталықтары - Сығанақ, Созақ, Сауран, Отырар, Ясы (Түркістан) және т. б. қалаларды қазақ хандығына қарату. Үшіншіден, бытырап жүрген қазақ ру-тайпаларын бір орталықка біріктіріп, қазақтың этникалық территориясын қалыптастыру.

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды /1458-1473 жж./- одан кейін казақ ханы болып Жәнібек сайланды /1473-1480 жж./. Бұлардың тұсында Жетісудың қазақ рулары мен тайпалары 1462 жылы Моғолстан ханы Есен-бұғы өлгеннен кейін, ондағы феодалдық тартыстардың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтыкты нығайта түсуге күш қосты. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан жерінен бірқатар рулардың ауа көшіп, Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі Қазақ хандығын бұрынғыдан да күшейтті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери саяси күш-куатын арттыра түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін кайтадан өршіді. Оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, халық ыдырай бастады.

Мұны қазақ хандары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды. Олар бұдан 12 жыл бұрын өздері көшіп кеткен ата қонысы Дешті Қыпшаққа қайта оралды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күрес жүргізді. Бұл күрестің барысында Әбілкайыр ханның орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар өлтірілді. Әбілхайыр ханның немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Астраханға барып паналады. Күресте жеңіске жеткен Қазақ хандары 40 жыл Әбілхайыр билеген Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды өзіне косып алды. Қазақ хандығының жері едөуір кеңейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Жәнібек пен Керей тұсындағы қазақ хандығы.
  2. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары.

№9 Дәріс

Тақырыбы: Қазақ хандығының ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы экономикалық дамуы.

Дәрістің мазмұны:

Қазақ хандығы ең жоғарғы қуаттылығына XVI ғасырдың бірінші ширегінде Қасым хан тұсында жетті. Территориясы: Жайық өзені, Сырдария, Ұлытау, Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі. Қасым ханның басты мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосу. Қасым хан әдет-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет заңдар жинағы «қасым ханның қасқа жолын» шығарды. Қасым билігінің соңғы кезендері тыныштық заман болды. Ол халыққа хан билігін мойындата отырып, ел бірлігін сақтай білді. Сауда дамып, Сауран қаласы сауда орталығына айналды.

Қазақ халқы негізінен мал өсірумен айналысты. Төрт түлік малдың ішінен әсіресе, қой, жылқы, түйе көбірек өсірілді. Күнделікті тұмыста қойдың маңызы зор болды. Оның еті тамақтың негізгі түрі ретінде саналды. Жылқы да өте пайдалы мал болды. Оның әрі көлік әрі тамақтық маңызы бар еді. Жылқы етінен неше түрлі тамақ дайындалынды. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандықтан түйе күш-көлік ретінде кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар оның сүтінен аса бағалы сусын – шұбат ашытылды.

Ол кездегі халық егін егумен де айналысты. Әсіресе ол оңтүстікте өрістеді. Көбіне тары, сонымен қатар бидай, арпа, жүгері де егілді. Егін егу әсіресе Сырдария, Талас, Шу, Іле, ЕРТІС ӨЗЕНДЕРІНІҢ АЛҚАПТАРЫНДА КЕҢІРЕК ЕТЕК АЛДЫ. Оңтүстік Қазақстанда бау-бақша өсірілді. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір үлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен казақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым (туған жылы 1445 ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бұрындық кезінде-ақ басқара бастады. Қасым ханның басқаруынан бастап елде билік жүргізу тек Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті. Қасым ханның тұсында /1511-1523 жж. билік құрған/ қазақ хандығының саяси жөне экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түсті. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік құрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен тұрағының негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік-батыста Сырдың оң бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі /Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері/ карады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда жөне елшілік байланыс жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. Қазақ хандығымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі - ұлы князь III Василий /1505-1533 жж./ билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Осы тұста қазақтар өз алдына дербес халық ретінде батыс Еурлпаға мәлім болды.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.)