АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жеке тапсырмалар 8 страница. Қасым хан алғашқы қазақ заңы - «Қасқа жолды» жарыққа шығарады

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Қасым хан алғашқы қазақ заңы - «Қасқа жолды» жарыққа шығарады. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғүрып ережелері негізінде жасалды. Заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген ислам дінінің /шариғат/ заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Соның үшін ол Қасым ханның атымен байланыстырылып «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Бұл заңға кірген ережелер:

1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері).

2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза).

3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат).

4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік).

5. Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бәкеуіл, тұтқауылдардың міндеті.)

«Қасым ханның қасқа жолының» қазақ феодалдық қоғамын нығайтуда үлкен маңызы болды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайы.

2. Қасым ханның жүргізген саясаты.

№10 Дәріс

Тақырыбы: ХҮІ ғ. ІІ жартысы-ХҮІІ ғ. басындағы Қазақ хандығындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар

Дәрістің мазмұны:

XVI ғасырдың 60 – 70 жылдары соғыс қимылдары тоқтап, қазақтардың Орта Азия халықтарымен сауда – саттық қарым – қатынасы, экономикалық байланысы өрістеді. XVI ғасырдың екінші жартысында, әсіресе Тәуекел ханның тұсында (1582-1598ж.) қазақ хандығы саяси жағынан Хақназар кезіндегідей өрлеу үстінде болды. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына жол ашу ісіндегі Хақназар ханның саясатын жалғастырды.

1583жылы Сырдариядағы Оңтүстік Қазақстан қалалары мен Ташкентті басып алды. 1598 жылы Самарқан мен Бұхараға жорық жасау кезнде жараланып қайтыс болды. Тәуекел хан туралы: «Тарихи – и – Кипчаки» (Қыпшақ тарихы) атты еңбектің авторы былай дейді: «Қазақ Тәуекел Әлді – Момын ханды өлтіріп, Пір – Мұхаммед ханның билік құра бастағаны туралы хабар алған кезде ол Ташкент пен Мауараннахрды бағындыру үшін (жолға) шықты.» Ол (әуелі) Ташкентті қаратты, содан соң Самарқанды басып алды (және Бұхараға қарай) бет бұрды. Пір – Мұхаммед хан ашық шайқасқа шығу мүмкін еместеп тауып, қамалға бекінді. Шамамен жиырма күн бойы Тәуекел хан (және оның әскері) Бұхара маңын тонады. Күн шығып, батқанға дейінгі уақыт аралығында екі жақтың арасында үнемі қақтығыстар болып тұрды. Ақыр – аяғында қазақтар жеңліс тапты. Тәуекел хан Самарқанға шегінді. Бауыры Есім ханмен одақтасып, Пір – Мұхаммед ханмен шайқасуға әзірленді. Кескілескен шайқас нәтежесінде Тәуекел ауыр жараланды. Сол жарақаттан Тәуекел хан о дүниеге аттанды.

Қазақ халқының тарихында жүздердің пайда болуы ерекше орын алады. Қазақ жүздерінің құрылуы – тарихи процесс. Ол қазақ халқының этникалық мекенінің қалыптасуымен қатар жүрді. Көптеген этникалық-саяси және шаруашылық факторлар әрекетінің нәтижесінде Қазақстан жерінде үш этникалық-аймақтық бірлестіктер – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз қалыптасты. Ұлы жүздің негізгі аумағы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймағы. Тобыл, Есіл, Нұра, Сарысу өзендерінің тармақтары мен Орталық Қазақстанның даласындағы жазғы жайлау Орта жүз қалыптасқан екінші ірі этногенез орталығы болды. Ал Батыс Қазақстандағынегізгі маусымдық жайылымдар мен көші-қону жолдары, Сыр мен Жайықтың төменгі сағаларында, Ырғыз бен Торғайдың тоғысқан аудандары және Мұғаджар тауларында Кіші жүз қалыптасты. XVI ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар (1538-1580 жж) үлкен үлес қосты. Ол таққа отырған соң, хандық билігін нығайтуға күш салды. 1523-1524 жылдары құрылған қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Әбд-ар Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізді. Сөйтіп, Шығыстағы жөне Жетісудың оңтүстігіндегі қазақ жерлерін басып алушылықтан сақтап калды.

Ақназар батыста Ноғай Ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасындағы қырқысты пайдалануды тырысты. Бұл қырқыстар Ноғай Ордасын құлдыратып, 1569 жылы оның ыдырауына алып келді. Осының нәтижесінде оған қарасты бірқатар көшпелі тайпалар-қаңлылар, қыпшақтар, алшындар т. б. Қазақ хандығына келіп қосылды. Ақназар хан Ноғай Ордасының ыдырауын пайдаланып, Жайық жағалауындағы көшпелі ру-тайпаларды Қазақ хандығына косып алумен ғана тынбады. Шығай, Жалым сұлтандармен бірігіп, Ноғай Ордасы жеріне әскери шабуылдар ұйымдастырды. Ноғай мырзаларын Жайық пен Еділдің батыс жағына, Дон далаларына көшуге мәжбүр етті. Бұл жеңіс Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш куаты мен беделін арттырды. Хандықтың өз ішіндегі тартыстың бәсеңдеуі, ішкі саяси биліктің нығаюы, мал және егін шаруашылығының, сауда қатынастарының дамуына көмектесті. Солтүстіктегі шекаралас Ресеймен саяси жөне экономикалық байланыстар барған сайын ұлғайды.

Ноғай Ордасы жерінің бір бөлігін басып алған Ресей мемлекетімен тікелей көрші болу, Сібір және Моғол билеушілерімен қарама-қарсылық Ақназардың Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертуге мәжбүр етті. Ол бұрын үнемі жауласып келген Мәуеренахрдағы Шайбани әулетімен одақ жасауға ұмтылды. Сөйтіп, Бұхара ханы Абдолламен дос болып, өзара көмектесу туралы шарт жасасты. Осының нәтижесінде екі хандықтың арасындағы бұрын болып келген соғыс кимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. Қазақтардың Орта Азия халықтарымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді.

Бұл кезде Бұхара ханы Абдолла мен Ташкенттің ұлыстық билеушісі Наурыз Ахмет ханның баласы Баба сұлтанның арасында талас-тартыс күшейген болатын. Өйткені Баба сұлтан Бұхара хандығынан бөлініп шығуға әрекет жасады. Акназар Мәуеренахр билеушілерінің өзара қырқысына араласып, біресе Абдолла ханды, кейде Баба сұлтанды қолдап отырды. 1579 жылы Қазақ хандығы Абдолланы қолдау арқылы Сырдария бойындағы бірсыпыра қалаларды өзіне қайтарып алды. Осыдан кейін Ақназар Ташкент билеушісі Баба сұлтанмен келіссөз жүргізіп, Қазақ хандығына Түркістан, Сауран қалаларын бергені үшін оны қолдап шықты. Бірақ қазақтардың Баба сұлтанмен одағы баянды болмады. Олар қайтадан Абдолла жағына шығуды көздеп, Баба сұлтанды өлтіруге әрекет жасайды. Мұны біліп койған Баба сұлтан өзіне келіссөз жасауға келген қазақ сұлтаны Жалымды, оның екі ұлын, Ақназар ханның екі баласын өлтіреді. Көп кешікпей оның астыртын жіберген адамы 1580 жылы Ақназар ханды да у беріп өлтірді.

Ақназардың мұрагері - Жәдіктің баласы, Жәнібек ханның немересі қартайып қалған Шығай (1580-1582 жж.) хан болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 жылдары хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде, Бұхар ханы Абдолламен одақ құрды. Бұл үшін Абдолла Шығайға Ходжент қаласын сыйға тартты. 1581 жылдың жазында Абдолла хан Баба сұлтанды Ташкенттен қуып жіберді. Баба сұлтан жасақтарымен Түркістан қалаларын - Аркөкті, Ясыны (Түркістан), Сайрамды, Созақты басып алды. 1582 жылы Абдолла Шығай хан әскерлерімен бірігіп, Баба сұлтанга қарсыжорыққа аттанады. Соғыста Баба сұлтан жеңіліп Дешті-Қыпшақ даласына қашты. Абдолла мен Шығай ханның әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуды. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды да, қазақ хандығының билігі енді Тәуекелге көшті.

Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене күрес жүргізді. 1598 жылы науырызда Абдолла ханның қайтыс болғанын пайдаланып, 100 мыңнан астам қазақ әскерімен Мәуеренахрға шабуыл ұйымдастырды. Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарканд қалаларын басып алды. Бірақ сол жылғы Бұхара түбіндегі бір шайқаста Тәуекел хан ауыр жараланып, қайтыс болды. Осыдан кейін хандыққа Есім сұлтан Шығайұлы (1598-1628 жж.) билік етті. Ол 1598 жылы Бұхарамен бітім шартын жасасты. Шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойындағы қалалар мен Ташкентті Қазақ хандығына бекітіп берді. Сөйтіп, Сыр бойындағы қалалар және Оңтүстік Қазақстанның жерін кеңейту үшін бір жарым ғасырға созылған күрес біраз бәсендеді.

Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға қан, кек алу, қүн телеу, барымта жасау, құлды сату, дүре соғу, көп әйел алу, калың мал төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни патриархалдык ескі салтқа арқа тіреу және т. б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол» - деп атады. Есімханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар Қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Атап айтқанда, Қазақ хандығына қараған Ташкент қаласын билеп отырған Жәнібек ханның немересі Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед өз алдына тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Мұның өзі Қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есімхан мен Ташкент қаласының билеушісі Тұрсын хан арасындағы қақтығыстарға алып келді. Күрестің шиеленісуі барысында Есім хан 1527 жылы Тұрсын ханды өлтіріп, Ташкентті өз қол астына біріктірді. Бірак, бір жылдан кейін Есім ханның өзі де қайтыс болды. Оның орнына баласы Жәңгір хан болып сайланды.

XVI ғасырда Қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.

Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының ала-құла жиынтығынан тұратын еді. Хандықтың негізгі халқы Батыс Сібірдің орманды далалық бөлігінде, салалармен коса Есіл, Тобыл және Тура өзендерінің орта ағысын, сондай-ақ, Ертіс пен Обь өзендерінің алқаптарында қоныстанған түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі.

Сібір хандығы Орта Азия, Қазақстанмен саяси жөне сауда байланыстарын жасап отырды. Сауда ерте заманнан бері қалыптасқан керуен жолдары арқылы жүрді. Орта Азиядан қазақ даласы арқылы жібек, мата және жүн мата, елтірі, кептірілген жемістер тиелген керуендер бағалы аң терісіне, «жұмсақ дүниеге» және тағы басқа заттарға айырбастау үшін ағылып келіп жатты. Көшім хан билік жүргізген кезде өзінің қарамағындағы өлкеге ислам дінін таратуға үлес қосты.

1552 жылы Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен тікелей көрші болып шықты. 1581 жылы Ермақтың Сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңіліске ұшырағанымен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 жылы тамызда қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп, 1598 жылы Ресей мемлекетінің құрамына енді. Осыдан кейін орыс патшасы Батыс Сібірді неғұрлым толык игеруге жөне Шығыс шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылып, орыс шаруаларының шығысқа қоныс аударуын, бекіністер салуды құптап отырды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайы. Экономикасы

2.Қасым ханның жүргізген саясаты

№11 Дәріс

Тақырыбы:Қазақстанның XVII ғасырдағы экономикасы

Дәрістің мазмұны: Жоңғар хандығы (1635-1758) – Жоңғарияда XVII ғасырдың 30 жылдары қалыптасып, 1758 жылға дейiн өмiр сүрген феодалдық мемлекет. Шыңғысханның феодал империясы тұсында ойраттар империя әскерiнiң сол қанатына жатты (Зюнғар) – осыдан Жоңғария, жоңғарлар атауы шыққан). XV ғасырдың аяғында қалыптасқан жағдай ойрат феодалдарының күшiн бiрiктiрдi, бытырыңқылығын жоюды, олардың iшкi және сыртқы мүдделерiн қорғай алатын бiртұтас феодалдық күштi мемлекет құруды қажет еттi. Осындай жағдайда Шорас князьдығының билеушiсi Хара-Хула ойраттардың иелiктерiн бiрiктiруге күш салды. Оның бұл әрекетi баласы Батыр қонтайшы билiк құрған кездiң (1635-1660) бiртұтас Жоңғар мемлекетiн құрумен аяқталады. Ол билiк жүргiзген тұста феодалдық тәртiп нығайды. Жоңғар хандығы Ресеймен бейбiт сауда жүргiзгенiмен, оның нығайып күшеюi Жоңғар хандығының кейбiр мемлекеттермен бәсекелесуiне әкеп соқтырды. Патшалық Ресейдiң, Циньдiк Қытайдың эскпансионизмi Жоңғар хандығын Қазақ хандықтарымен күрес жүргiзуiне итермеледi, сонымен бiрге Қазақстанның оңтүстiгiндегi сауда-қолөнер орталықтары жоңғар қонтайшыларының назарын аудармай қойған жоқ. Қазақ феодалдары мен жоңғар феодалдары арасындағы күрес әсiресе XVIII ғасырдың басында күшейе түстi. Сөйтiп XVIII ғасырдың 1710-1711 жылы жоңғар әскерлерi Қазақ хандығының жерiне басып кiрдi. Қазақ жасақшылары басқыншыларға күштi тойтарыс бердi. Жоңғар әскерлерi 1713 жылы тағы да шабуылға шықты, бiрақ олар қазақ жерiнен қуылып тасталды. 1723 жылы жасалған Жоңғар-Қытай бiтiмi шарты жоңғарларды қазақтарға қарсы агрессия жасауға айдап салды. Агрессия 1723 жылы басталды да, қазақ халқына бұрын-соңды болмаған қайғы-қасiрет әкелдi.

Қазақ хандығына ең күшті қауіп төндірген жоңғардың феодалдық хандығы еді. Қазақ және Жоңғар билеушілері арасындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оның негізі жайылымдар үшін талас болатын. Ондай шайқастардың бірі Орбұлақ ұрысында қазақтар жеңіске жетеді. Бірақ жоңғарлар қазақ жерін басып алу жоспарынан бас тартқан жоқ еді. Қазақ хандығының саяси бытыраңқылығын пайдаланған және алдағы соғысқа мұқият әзірленген жоңғар билеушілері 1723 жылы әскерлерін қазақ жеріне қаптатты. Нақ осы жылы қазақтың ауызекі аңыздарында «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» деп аталатын сұрапыл алапаттың басталған кезі деп есте қалған Жоңғар басқыншылығының тегеурінінен Ұлы және Орта жүздің кейбір рулары Сырдариядан өтіп, Ходжентке қарай ауа көшеді. Орта жүздің көпшілігі Самарқандқа қарай кетті, ал Кіші жүздің рулары Сауранды айналып өтіп, Хиуа мен Бұқарға беттеді. Тәуке хан 1687-1688 жж. Бұхара ханы Сұбхан-Кулимен Ташкент туралы келіссөз жүргізген, тіпті қаланы алуға әрекеттенген. Сырдария бойындағы Тәукенің хандық өкіметі нығайып, Түркістан қаласы оның астанасы болған. XVII ғ. 90-шы жылдарында, яғни Тәуке ханның тұсында жоңғар феодалдарының қазақтардың жеріне қысымы босаңсыды. Өйткені бұл кезде қазақ, қырғыз, оған қарақалпақтардың бір бөлігі бірігіп қимыл жасады. Дегенмен, жоңғарлардың тонаушылық шапқыншылығы тоқтамай, жалғасып тұрды. Олардың 1680 жылы Онтүстік Қазақстанға шабуылы кезінде тек Түркістан қаласы ғана жоңғарлардың тонаушылығынан аман қалды. Өйткені мұнда әскерлерімен Тәуке хан болған еді. Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тіршілігін күйзелтті, маңызды сауда жолдарын кесіп тастады, бұқара халықтың шаруашылығына үлкен зардаптарын тигізді.

Тәуке хан феодалдық өзара тартыстарды уақытша тыйып, үш жүздің үшеуінде де тыныштықты қалпына келтіруге тырысты. Осы арқылы ол қазақ руларының қоныстарын сыртқы жаулардан қауіпсіздендіруге күш салды. Тарихи деректерде айтылғандай, Тәуке ханның өз билігінде 80 мыңдай жауынгерлерінің болуы, оған сыртқы және ішкі жаулармен күресте жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді.

Тәуке хан өкіметтің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолданды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген атаумен қазақ коғамындағы әдеттегі құқық. өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағын ойлап, халықты ру-руға, жүзге бөліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауды шектеу үшін аянбай күресті. Осы мақсатта ол қазақ мемлекетінің саяси-құқық жүйесін белгілеп, халықты бірлікке, ынтымаққа шақырды. Тәуке хан өз төңірегіне Ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз дауысты Қазбекті, Кіші жүзден Әйтеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп, қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер енгізді. Бұл оның халыкка кең тараған «Жеті жарғысымен» байланысты еді. Ол тек сол заманға сай құқықтық құжат емес, сонымен катар көшпелі қазақ халкының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш. Бұл заңдарда сондай-ақ феодалдық меншікті қорғауға жөне меншік жөніндегі дау шараларды шешуге баса мән берілген.

«Жеті жарғы» көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны:

- қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға - 1000 кой, әйелге - 500);

- ұрлық, қарақшылык, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;

- денеге зақым келтірсе, оған сәйкес күн төленеді (бас бармақ - 100 қой, шынашақ - 20 кой);

- егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, күн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады);

- төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артык төленеді;

- егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;

- ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;

- өзіне-өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді;

- егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін - бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға - әр айына 1 түйеден (анықтама үшін 100 түйе - 300 атқа немесе 1000 қойға тең);

- әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата-анасына құн төленуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе жазадан босатылады;

- егер ері әйелінің көзіне шөп салу үстінде ұстаса, өлтіруге қақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуі тиіс,
- әйелінің көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;

- біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып кашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе, күйеуіне калың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;

- әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;

- қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады;

- құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;

- кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады;

- құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде;

- ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі кара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып анасының билігіне беріледі;

- ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;

 

- ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйел мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады;

- өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;

- барымтадан қайтқан мал төлемімен кайтарылуы тиіс;

- дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;

- куәлікке екі немесе үш адам жүреді;

- билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;

- егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады;

- ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады;

- егер әкесінен бөлек тұратын ұлдың өлгенде баласы болмаса, оның мал мүлкі әкесіне тиесілі.

Тәуке хан заң баптарының орындалуын жүзеге асыруда хан бастаған барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау үшін күз айында бір жерге жиналып, маслихат өткізуді белгілеген. Халық жиналысына бірде-бір қазақтың қару-жарақсыз келмеуі және қарусыз адам дауыс бере алмайтындығы атап көрсетілген. Сондай-ақ қару ұстап жүре алатын кез-келген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал-мүлкінің 20-дан бір бөлігін салық ретінде төлеп отыруға тиісті болған.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.)