АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жеке тапсырмалар 11 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Қазақстан халықтарының 90 пайызынан астамы ауылдық жерлерде тұрды. Жергілікті тұрғындардың басты кәсібі ежелден көшпелі мал шаруашылығы болатын. Ал XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында егіншілік халықтың көп бөлігінің негізгі кәсібіне айналды. Онымен қоныс аударушы шаруалардан басқа қазақтар да шұғылданды. Олар 1897 жылғы санақ бойынша өлкедегі бүкіл егінші халықтың 55,4 пайызын құрады. Ауыл-село тұрғындарының 2/3 бөлігіне жуығын қазақ және орыс шаруалары қамтыды.

Қазақстанның Ресейге түгелдей басыбайлы болып қосылуы, өндірістік кәсіпорындардың дамуы, сауда жүйесінің кеңеюі, қалалардың қалыптасуына барынша ықпалын тигізді. 1870-1897 жылдар аралығында қала халқы үш есе дерлік, ал 1897-1917 жылдары бір жарым еседен астам өсті. Қазан төңкерісіне дейін өлкеде 28 қала, оның ішінде бесеуі: Шымкент, Әулиеата (Тараз), Түркістан, Перовск (Ақмешіт) жөне Жаркент ежелгі қалалар, қалған 23 кала Қазақстанның Ресейге қосылу барысында, капиталистік қатынастардың енуі және дамуымен байланысты пайда болған еді.

XX ғасыр басында Қазақстандағы қала тұрғындарының саны едәуір өсті. Мәселен, Семей қаласында 1903 жылы 27 334 адам тұрса, 1909-10 жж. - 31 382, 1914 жылы -35 мыңга жеткен. Бұл кезде ірі қалалар болып саналған Оралда - 47,5 мың, Петропавл мен Верныйда - 43,2 мыңнан адам тұрған. Қала тұрғындарының саны негізінен Ресейден көшіп келген қоныс аударушылар есебінен өсті. Құрамына қарай олар қанаушы өкімдерге, дворяндар, офицерлер мен саудагерлерге, сол сиякты қазақтардың дәулетті бөлігі мен жай еңбекшілерге /мещандар, шаруалар, жұмысшылар/ бөлінді.

Қазақстанның Ресейге қосылуының аякталуы мұндағы 1861 жылғы крепостниктік құқық жойылғаннан кейінгі капитализмнің тездеп дамуымен тұтас келді. Сондықтан Ресейдегі капиталистік қатынастардың каулап өсуі, соның ішінде өнеркөсіп салаларының өркендеуі Қазақстанға да едәуір ықпалын тигізді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. ХХ ғасырдағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы.

2. ХХ ғасырдағы Қазақстандағы экономикалық даму.

№ 18 Дәріс

Тақырыбы: Қазақстан азаматтық қарам-қайшылық кезеңінде

Дәрістің мазмұны:

Қазақстанның өнеркәсібі де құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстанның халық шаруашылығы жалпы өнімде азамат соғысы жылдары өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6,5 пайыз құрады. Өнеркәсіп халық қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі төмен, шикізат пен отын жетіспеді. Қазақ ауылдарында капиталистік қатынас таза түрінде болмады. Қазақстан экономикасында социалистік үлестің меншік салмағы тіпті төмендеді.

1920 жылы 4 қазанда Орынборда алғашқы Қазақстан Кеңестерiнiң Құрылтай съезiнде Орталық Атқару Комитетi (төрағасы С.М. Меңдешев) және Халком Кеңесi сайланды. Съезд “Қырғыз (Қазақ) АКСР-i еңбекшiлерi құқықтарының декларациясын” қабылдады. Онда Қазақ АКСР-i РКФСР-дiң құрамына кiретiн жұмысшылардың, еңбекшi қазақ халқының, шаруалардың, казактардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерiнiң автономиялы республикасы болып құрылғанын мәлiмдедi. Декларация Кеңестердiң таптық мәнiн белгiлеп бердi. Ол ұлттық езушiлiк пен құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетiнiн жариялады.1921 жылы наурыз – жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. 1917 жылғы Акпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған Уакытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәселесін, империалистік соғыстан шығу және т. б. көкейкесті мәселелерді шешпеді. Қазақстандағы жергілікті халықтарды саяси құқықтарынан айырған бұрынғы патша үкіметінің зандары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері мен барлық әлеуметтік артықшылыктары толығымен сақталды. Қазақстанның ең жаксы шұрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген. Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жұмысын одан әрі жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жұмыс күні енгізілмеді. Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне көшуге бұрынғысынша тыйым салынды. Қазақ халқының өзін-өзі билеуі туралы мәселе тіпті қойылмады да. Сондықтан Ресей мемлекетіндегі бұл жағдайларды В. И. Ленин бастаған большевиктер партиясы «Бүкіл өкімет кеңестерге берілсін» - деген ұранды пайдалана отырып, Уакытша үкіметті құлату үшін оны басты құралға айналдырды. Бұл елдің барлық жерінде халық бұқарасының большевиктер жағына көптеп шығуына әсер етті. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазанда (7 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталып, Уақытша буржуазиялық үкімет құлатылды.

Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінін кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға бүкіл елде, оның шет аймақтарында кеңес өкіметін құру, нығайтумен ұштасты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.

Революция бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жұмысшы, шаруа, солдаттар бұқарасы елді соғыстан шығарып, халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыстан бұрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мұқтаждық зардаптарын шегіп әбден қажыған жағдайын түзеуге енді айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік - бүкіл халыққа деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды революция туынын астынан кетпеуге шақырды.

Қазан революциясынан кейін көп уақьіт өтпей-ак. елде азамат соғысы мен шетел баскыншылығының жорығы басталды. Бұл тұста Қазақстанда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мүнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі, мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол жұмысшы табы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны жөнінде жұрт қолдайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде автономия жарияланып, олардың Ресей құрамында болатыны-болмайтыны жөніндегі мәселе ашық тұрды. Мәселен, осы тұста құрылған Башкұрт, Түркістан, «Оңтүстік шығыс одағы» деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын ұлттық өз иелігін құруға құлшындырды. Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанда Алашорда үкіметі пайда болды. Оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, т. б. басқарды.

Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 жылғы қазаннан 1918 жылғы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында кеңес өкіметі орнады. Кеңес өкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның ішінде, Уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау-шенеуніктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйесі жойылып, әкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады. Мұндай өзгерістердің іске асуына Қазақстан қалаларында құрылған революциялық комитеттердің рөлі зор болды. Олар қызыл ұландар бөлімдерін, жұмысшы жасақтарын құрды, кедейлерге арқа сүйеп, қанушы таптардың қарсылығына тойтарыс берді, өкімет билігінің кеңестердің қолына өткенін жариялап, олардың нығаюы үшін ат салысты. Революциялық комитеттер жергілікті Кеңестермен тығыз байланысып, облыстық және уездік съездерді әзірлеу, оларды өткізу жөнінде бірқатар ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Бұл съездерге жұмысшы және солдат кеңестері мен шаруа депутаттары Кеңестерін біріктіру негізінде мемлекеттік біртұтас өкімет органдарын құру ісі жүктелді.

1917 Өкімет билігінің ескі құрылымы Қазақстанда бірден жойылған жоқ. Олар әуелі кеңестердің қарамағына өтіп, сосын аттарын өзгертіп, бірте-бірте кеңес қарауына алынды. Мәселен, 1918 жылы ақпанда жұмысшы, шаруа, солдат, мұсылман депутаттары Ақтөбе кеңесі қалалық басқарманы кеңес басқару орны етіп айта құрып, қалалық думаны таратты. Семей облыстық кеңесі 1918 жылы 9 наурызда дума мен басқармаларды таратып, уақытша үкіметтің уездік комиссарларының міндетін жаңа құрылған кеңестерге жүктеді. Сол жылы 12 сәуірде Түркістан өлкесінің Халық Комиссарлар Кеңесі азық-түлік басқармаларын тиісті Кеңестердің азық-түлік бөлімі етіп қайта құру жөнінде жарлық шығарды. Қостанай уезіндегі шаруашылық иелігі (хозяйственная управа) Кеңестің қарамағына алынды. Кеңес өкіметінің кайта құру шараларын іске асыруға өршелене қарсы шыққан Петропавл, Ақмола, Түркістан, Өскемен, Верный, Әулиеата, Жаркент, Қапал, Лепсі сияқты жерлердегі земстволык, қалалық басқармалар таратылды. Кейбір жерлерде /Қостанай, Перовск, Қарқаралы, Зайсан/ олар Кеңестердің қарамағына көшті. 1917 жылғы Қазан революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі контрреволюциялық бүліктерді батыл да шұғыл басып тастап отырды.

Дегенмен олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында, Торғай обылысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы, Гурьев (Атырау) қаласында, Жетісу жерінде қалыптасты. Бұл жерде атаман Дутовтың, генерал Толстовтың әскерлері, ал Жетісуда казак-орыс жасақтары, ақ-гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды. Олар контрреволюциялық күштердің негізгі орталығына айналды және Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысын бастады.

Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азык-түлікпен қамтамасыз ету, елде катаң еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешкандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды. Азық-түлік салғыртын енгізу елде астық дайындауды көбейтуге, Қызыл Армияны, жұмысшыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге, ашаршылықты барынша болдырмауға мүмкіндік берді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1 Азамат соғысы жылдарыедағы күйзеліс.

2. ХХ ғасырдағы Қазақстандағы экономикалық даму.

№ 19 Дәріс

Тақырыбы:

Дәрістің мазмұны: Тотолитарлық жүйе жағдайындағы Қазақстан

Жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіріп, өрендеру ісі өріс алды. Мұнай, тұз өндіру ісі жолға қойылып, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері қалпына келтірілді. Бұл кезде өлкедегі транспортқа айрықша көңіл бөлінді. Өйткені көлік қатынасын жолға қоймайынша жаңа экономикалық саясаттың басты міндеттерін жүзеге асыру мүмкін емес еді. Осымен байланысты жаңа теміржол құрылыстары жүргізілді. Петропавл – Көкшетау темір жолы іске қодсылды. Сондай ақ Оңтүстік Сібір магистралінің Ақмола – Қарағанда тармағы салынды. Жерісуда темір жол салу тездетілді. Орынбор – Ташкент және Сібір теміржолдарында жүк айналымы өсті, оның материалдық – техникалық базасын нығайтуда бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, жол қатынасы халық комиссариаты тарапынан едәуір мөлшердн паровоз қатынасы болды. Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің барысында шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.

1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары - 50,3, орыстары - 31,1, украиндары - 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал ауыл шаруашылығы мешеу жете дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шарушылығында көшпелі жөне жартылай көшпелі шараушылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп, астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуык азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. десятина болса, 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы -2 млн-ға, қой-ешкі 6,5 млн-дай, түйе - 0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн. басқа кеміді.

Қазақстанның өнеркәсібі де құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстан халық шаруашылығы жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6,5 пайыз құрады. Өнеркәсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі төмен, шикізат пен отын жетіспеді.

Бұл кезде Қазақстанда да Ресейдегі сияқты экономикалық бірнеше меншік түрі: патриархалдык, ұсақ тауарлық, капиталистік жекеменшік, мемлекеттік-капиталистік жөне социалистік меншіктер орын алды. Бірақ олардың экономикадағы көлемі әр түрлі еді. Қазақстан экономикасында социалистік үлестің меншік салмары тіпті төмендеді.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты /НЭП-ті/ іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 миллион пұттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

Алайда, жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылыктар да кездесті. Атап айтқанда, 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Солтүстік жөне Батыс Қазақстанның халықтары күшті куаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Актөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азык болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге карағанда республикада 2,3 млн. адам ашыққан. Осы қиын-қыстау кезеңдерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті. 1921 жылы күзде және 1922 жылы көктемде РКФСР үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанға 4475 мың пұт астық, 183 мың пұт картоп жіберді. Түркістан мен Украина республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Жұт пен куаңшылықтан зардап шеккен кедей шаруашылықтарға ондаған мың ірі қара мал, 5 млн. пұттан астам тұқымдық дән берілді. Бұл дән 1921-1922 жж. бір милллион гектардан астам күздік және жаздық егістікке себілді. Алайда Қазақ Республикасы халык шаруашылығының жағдайы өте ауыр болып қала берді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. ЖЭС жылдарындағы Қазақстанның экономикасы.

2. ЖЭС көшудің негізі ұстанымдары.

№20 Дәріс

Тақырыбы: 20-30 жылдардағы ауыл шаруашылығы

Дәрістің мазмұны: 1921-22 жылдарда патша өкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясатының зардапты мұраларын жойған Қазақстан мен Түркістандағы аграрлық реформалардың жергілікті ұлт еңбекшілері, сондай ақ қоныс аударған еңбекші шаруалар үшін елеулі маңызы болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі ауылдарда кедейлердің салықтан босатылып, жеңілдіктер алуына жол ашты. Сонымен бірге оларда ұжымдандырудың алғашқы қарапайым түрлері: сауда-саттық жасау, жабдықтау, несиені пайдалану, кейде мәдени ағарту жұмыстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіруді дамытуға жол салды.

Мемлекеттік коорпоративтік сауда жүйесін құрумен бірге қазақ даласында сауда құрылысының жаңа мазмұнымен байытылған ескі түрлер: жәрмеңкелер, саудагер керуендері пайда болды. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты жүргізуде Кеңестердің рөлі күшейді. Оларға шаруалар қауымының сенімі арта бастады. Бұл түста кеңестерді нығайтуға байланысты біраз жұмыстар жүргізілді. 1921 жылы уездер мен губернияларда Кеңестер съезі болып өтті. Алайда Қазақстандағы кеңес құрылысында бірқатар қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Көптеген қызметкерлер жаңа экономикалық саясаттың мәнін түсінбеді, бұрынғысынша «әскери коммунизм» әдістерімен жұмыс жасады. Кеңестер құрамына жаңа құрылыска қарсы, іштен бүлдіру әрекетіне бейім адамдардың кіріп алу фактілері орын алды. Дегенмен Кеңестерді құрып, нығайту жұмысы мақсатты түрде жүргізілді. Оған белсене қатысқан Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінін тұнғыш төрағасы С. Мендешев, орынбасары Ә. Жанкелдин, Ішкі істер халық комиссары Ә. Әйтиев және басқалары Кеңестердің жұмысын жандандыруға елеулі еңбек сіңірді.

1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті. Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қорытындылары шығарылды. Сонымен бірге жергілікті жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.

1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті. Олардың құрамын жергіліктендіру іске асырылды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында болыстық атқару комитеттері сайлауынан кейін, депутаттардың жартысынан астамы қазақтар болды. Бұқара арасында саяси жұмыс жүргізу
мақсатында Қызыл керуен және жылжымалы қызыл отау сияқты жұмыстын жаңа түрлері пайдаланылды.

ҚАКСР Орталык Атқару Комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә. Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. 9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37 ауылында, сондай-ак Екібастұз бен Спасск зауытында болды. 126 жиын, 420 әңгіме өткізді. Керуен Кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды. Мұның өзі ұлттық-мемлекеттік жүйені нығайтуға ықпал етті.

1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші съезі Кеңестердің Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. Басқа да автономиялық Кеңес республикалары сияқты Қазак АКСР-да Кеңестік Ресей Федерациясы құрамында Одаққа кірді. Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық-мемлекеттік жағынан 1924 ж. жүргізілген межелеу республика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межеленуі нәтижесінде Түркістан АКСР-інің құрамындағы бұрынғы Жетісу жөне Сырдария облыстарының жерлері Қазак АКСР-іне қарайтын болды. Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шаршы шақырымға, ал халқы - 1 млн 468 724 адамға өсіп 5 230 мыңға жетті. Тұрғындары негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді. Республиканың астанасы Қызылордаға (Акмешіт) кешті. Қазақ жері мен халқын біртұтас ұлттық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экономикалық маңызы болды. Атап айтқанда, өлкенің өндіргіш күштерінің дамуына қолайлы жағдай жасады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.)