АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жеке тапсырмалар 10 страница. Қазақ елі негізінен мал өсіруші өлке еді

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Қазақ елі негізінен мал өсіруші өлке еді. Егіншілік шаруашылық айналымына енді-енді еніп келе жатты. XIX ғасырдың 30-60-шы жылдарында Қазақстанда небәрі 29 мың десятин егін егілді. Оның 14 мыңы Батыс Қазақстан аймағында, қалғаны елдің басқа аудандарында орналасты. Егіншілік халықтың аралас шаруашылық жүргізуі есебінен дамыды. Жартылай көшпелі өмір сүріп, мал өсіретін шаруалардын, бір белігі көктем шыға жер жыртып, тұқым сеуіп, тырмалап егінді қарайтын адам қалдырып, жайлауға көшетін, сонан соң егін жинауға оралатын.

Егінші казақтарды жатақтар деп атады. Жатақтардың көбінде көлігі, құрал-саймандары болмады. Сондықтан олар жинаған өнімнің тең жартысына дейін беріп, көлікті, күрделі құрал-сайманды байлардан, ауқатты шаруалардан жалға алатын. Қазақтар балық аулау, тұз өндіру, аңшылык істермен де айналысты. Мал, аң терілерін, кұс мамығын өндеп сатуды жолға койып, ұста-зергерлік кәсіп ететін қазақтар аз болған жоқ. Ресейден шығысқа карай өтетін сауда жолындағы қазақ шаруалары керуеншілерге көлік жалдап та пайда түсірді.

Қазақстанда табиғаттың мол қоры болды. XIX ғасырдың ортасына қарай көптеген кен орындары ашылып, мыс, қорғасын, күміс, көмір өндіру қолға алынды. Кен балқытатын, өндіретін, өңдейтін кәсіпорындар салына бастады.

Қазақ жерінде тауар-ақша қатынастары бірден-бірге дами берді. Оған жәрмеңкелік сауда жасаудың зор ықпалы тиді. Қазақстандағы Қызылжар, Семей, Актөбе, Көкшетау, Гурьев, Орал, сондай-ақ, көрші Ресей губернияларындағы Омбы, Қорған, Түмен, Орынбор, Ірбіт, Төменгі Новгород қалалары ірі сауда орталықтарына айналды, оларда жазғы және күзгі кездерде жәрмеңкелер жұмыс істеді. Қазақстан орыс кәсіпшілігі үшін мал, шикізат жеткізуші әрі өндіріс өнімдерінің тұтынушысы болды. Қазақтар жәрмеңкелер мен айырбас пункттеріне кой, жылқы, ұсак және ірі қара малдары мен май, былғары, тері, елтірі, ешкі түбітін, арқан жеткізді.

XVIII ғасырдың соңы - XIX ғасырдың басында Ресеймен шекаралық сауда орталықтарында Қазақстаннан тек бір жыл ішінде 1,5 миллионнан астам мүйізді ірі қара мал және 100 мыңнан аса жылқы сатылған. XIX ғасырдың ортасында Ертіс шекаралық ауданында жыл сайын 150 мындай жылқы, 3 млн. кой-ешкі және 100 мың өгіз бен сиыр - барлығы 8 млн. сомға дейін қаржыға мал түсіп отырған.

Бұл кезде Қазақстан Ресей астығының негізгі тұтынушысына айналды. Барлық шекаралық сауда орындары арқылы мұнда жыл сайын 400-500 мың сомға астық жеткізілді. Ресейден шұға, қағаз, қант, бояулар, жабайы андардың кымбат терілері, өңделген былғары, темір, болат, шойын, ине, алтын және күміс теңгелер алды. Сауда негізінен айырбас ретінде жүрді. Баға өлшемі жұрттың бәріне бірдей үш жасар қойдың құны 1 сом күміске теңеліп, сол бойынша басқа тауарларға тиісті баға койылды.

Халықтың бай, кедей болып жіктелуінің күшеюі, жартылай көшпелі елге ақша-тауар қатынастарының барған сайын батыл енуі коғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын өзгертіп, әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістірді және қауымдық-рулық қалдықтарының күйреуіне себебін тигізді.

Бұл өзгерістер бірден бола қалған жоқ. Елде тап тартысының, яғни кедей шаруалар мен ауқатты қанаушы топтардың арасындағы қайшылықтың күшеюі, қазақ шаруаларының отаршылдық саясатқа қарсы күресі барысында іске асты. Орыс мемлекетінің отарлау саясаты қазақтын, ел баскару ісіне койған адамдарының небір өрескелдіктерді істеуіне жол ашты. Олар алым-салықты көбейтіп, патша әкімшілігінің, жергілікті әкімдердің пайдасына халықтың малын, қаржысын алып, өздерін бет қаратпай бағынышты етіп ұстағысы келді. Ал, қазақ шаруалары өздерінің адамдық құқын пайдаланып, біз де бір атаның ұрпағымыз деп зорлық-зомбылыққа көнгісі келмеді, әділдік пен адалдықты көргісі келді. Міне, осыдан келіп, казақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы басталды.

Сонымен бір жарым ғасырға дерлік созылған Қазақстанның Ресеймен бірігу процесі негізінен аяқталды. Бірақ, оның көптеген өзіндік ерекшеліктері бар еді. Ол ерекшелік өте күрделі, әрі көп жазғынан әртүрлі қайшылықтармен сипатталды. Айтап айтқанда, қазақ жүздерін қосып алу әртүрлі сыртқы және ішкі шиеленіс жағдайында өтті. Кіші жүздің едәуір бөлігі, Орта жүздің кейбір аудандары ресейлік бодандықты өз еріктерімен қабылдады. Ал Орта жүздің үлкен бөлігі және Оңтүстік Қазақстанның бірқатар аудандары тек патша үкіметі әскери күштерінің көмегімен косылды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстандағы жағдай

2. Қазақтардың негізгі кәсібі.

№15 Дәріс

Тақырыбы: ХІХ ғ. ІІ ширегіндегі Қазақстанда Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі

Дәрістің мазмұны:

Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 км2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 км2. Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпак иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі._ ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің біркатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төмеңгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрды. 1801 жылғы 11 наурызда император Ы Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке карағанда олардың мал саны едәуір болған (70мың түйе, 30мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой). Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін коныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды. Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. ХІХ ғасырдың басында осы Ханның кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды. Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахан губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды. 1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін Орта жүздің ханы болып оның баласы Уәли сайланды. Ол бір мезгілде Ресейге де, Қытайға да бодан болатыны жөнінде ант беріп, өз әкесінін саясатын жалғастыруға ұмтылғанын көрсетті. Дегенмен, оның тұсында хандық ішінде ыдыраушылық күшейді, сұлтандардың ықпалы өсіп, мұның өзі қазақ хандығының әлсіреуіне әсерін тигізді. Бұл Ресейдің Орта жүз жеріне неғұрлым белсенді түрде енуіне жағдай жасады. XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басында өзінің отарлау саясаты барысында патша өкіметі ең әуелі Қазақстан жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Хан билігі орыс шенеунігі басқарған уақытша кеңестің қолына көшті. Осындай кеңес құру арқылы Кіші жүз бен Орта жүз хандықтарының саяси дербестігін түпкілікті жою мақсатын көздеді. Патша өкіметі бұл мақсатты іске асыруды Орта жүз хандығынан бастады. Мұнда 1815 жылы Орта жүз ішіндегі Уәлидің билігін әлсіретуге тырысып, екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Орта жүздің хандары Бөкей 1817 жылы, Уәлихан 1819 жылы қайтыс болған соң, патша өкіметі жаңа хан сайлатпай, Орта жүзді бірнеше әкімшілікке беліп, оларды басқарып-бақылауға патша өкімдерін қойды.

1822 жылы орыстың белгілі мемлекет кайраткері М. М. Сперанскийдің басшылығымен «Сібір кырғыздары» туралы жарғы, 1824 жылы

«Орынбор кырғыздары жөніндегі жарғы» - деген құжат негізінде патша үкіметі қазақ жерін басқару тәртібі жөніндегі заң шығарды. Осы заң бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде (соңғы хан Шерғазы Айшуақов) хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік-саяси басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде «аға сұлтан» деген басқарушы қызмет енгізілді. Орта жүз жекелеген әкімшіліктерге бөлініп, Омбы қаласының ішкі округтері деп саналды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Болысқа бөлудің негізіне рулық емес, территориялық бөліну принципі алынды. Сондықтан жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтарлыктай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберден екінші әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрынғы көшіп-қонудың рулык тәртібі бұзылды. Ауыл старшындары қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар тағайындалып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балаға мирас болып қалдырылып отырды.

XIX ғасырдың басында Хиуа хандығы Мервті басып алып, өзінің билігін Каспий теңізі жағасындағы түркмендердің бір бөлігіне, Үстірт пен Сырдария қазақтарына жүргізіп тұрды. Ал Оңтүстік Қазақстан қазақтарының бір бөлігі Қоқан қарауында болды. Хиуа мен Қоқан қол астындағы қазақ шаруалары бұл елдердің феодалдарына қарсы күреске талай рет көтерілді. Олармен бірге еңбекші қырғыздар, өзбектер, қарақалпақтар және басқа да халықтар ұзаққа созылған ұлт-азаттық күресін жүргізді. Соның ішінде 1821 жылғы көтеріліс айрықша тегеурінді болды, оган Түркістан, Шымкент, Әулиеата маңындагы қазақ шаруалары қатысты. Көтерілісті Тентектөре басқарды, оның басшылығымен 12 мыңға жуық көтерілісші шайқасты. Көтерілісшілер Сайрам қаласын басып алып, оны өздерінің әскери-стратегиялық тірегіне айналдырды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы өзгерістер.

2. Бөкей Ордасындағы сауда-саттық.

3. № 16 Дәріс

Тақырыбы: Ұлы жүздің Ресейге қосылуының экономикалық салдарлары

Дәрістің мазмұны:

Абылай жоңғар шапқыншылығы кезінде елдің тыныштығын, жердің бірлігін қамтамасыз етуді мақсат етіп, Ресейге арқа сүйеді. 1740 жылғы 28 тамыз - Әбілмәмбет хан мен сұлтан Абылай Орынборға келіп, Ресей билігін мойындады. Орынбор комиссиясының бастығы князь В. Урусовтың мақсаты бүкіл Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау болды. Елді аман алып қалатын күш қазақтардың өздері болатынын Абылай сұлтан түсінді. 1742 жылы Абылай аң аулап жүргенде жоңғар тұтқынына түсіп, 1743 жылы бостандыққа шықты. Ол батырларды біріктіріп жоңғарларды шабуылдауды ұйымдастырды.1745 жылғы қонтайшы қазасынан кейін таққа таласушылардың бірі - Әмірсана Абылайды паналап, Орта жүзге қашты. Бұл жағдай 1752 жылы қалмақтардың Орта жүзге басып кіруіне себеп болды.Ұлытауда өткізілген құрылтайда Абылай қарастырған мәселелер: қазақ ақсүйектерін біріктіру; Әмірсананы жоңғар билеушісі Лама Доржыға ұстап бермеуге қазақ билеушілерін көндіру; Жоңғарияға шабуылдау.

Абылайдың мақсаты: жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған тарихи иелігін қайтару. Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылысын тездетіп салу және тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялык жұмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата қосу, ал Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіметіне жергілікті барлық билікті ресейлік әкімшіліктің қолына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сұлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік қызметіне қатыстырмауға тырысты.

Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалық ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрін бірден жүзеге асыра қойған жоқ. Бұкпантайлап, торғай ұстаған мысықтай, жақыннан қармау үшін алыстан арбап, зымияндык саясат жүргізді. Патша өкіметі оны кезең-кезеңімен іске асырды. Оның алғашқысы - 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу жүйесіндегі протектораттык дәуір, яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу еді. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жүйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, тұзақты алыстан құрып, сырт иелігін жасады, яғни қазақ елін өзіне жағынып, бас шұлғып, бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Сөйте тұра, қазақ жұртының арасына өз білімдар адамдарын қаптатып, ғылымды бет перде етіп алға ұстап, соның тасасында тұрып, елдің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мінез-құлқын жан-жақты зерттеп, қазақ халқының осал тұстарын пайдалануға тырысты. Оны меңгергеннен кейін хан тағына үміткер ханзадалар мен сұлтандар арасында ши жүгіртіп, оларды тақ таласына итермеледі. Солардың ішінде шенге құмар, атаққұмарлары ерекше бағаланып, бұлардан патша өкіметі ештемені де аяған жоқ. Патша отаршылары қазақ жұртшылығының арасына алауыздық ұрығын осылайша енгізе бастады.

Патша үкіметінің казақ елінің басына төуелділік ноқтасын біржола кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша үкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті қазақ шаруаларын қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Ресейде жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды.

Отарлаудың осы әскери-әкімшілік кезеңінде патша - өкіметінің тірек пункттері ретінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бастапқы кезде бұл бекіністер Орал, Ертіс сиякты өзен-арналарына орналасты. Ал кейінірек патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі нәтижесінде әскери қамалдар салу Қазақстанның батыс, солтүстік-шығыс аймақтарын тегіс қамтыды. 1744 жылы Орынбор қаласы, 1752 жылы Петропавл қаласы салынды. Ресейдің Шығыс Қазақстан жеріндегі экспансиясы бұрынғысынан неғұрлым күшейе түсті. 1752 жылдан бастап Оңтүстік Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма жөне Нарым бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. 1760 жылы Өскемен бекінісінен Телецк көліне дейін бекіністер салына бастады. Келесі 1761 жылы Өскеменнен Зайсан көліне дейін Бұқтырма шебінін бекіністері пайда болды. 1764 жылы Кузнецк-Колыван шебінің бір бөлігі Өскеменнен Тигерец форпостына дейін көшірілді. Сөйтіп, Қазақстандагы шекаралық шептің шығыс қанаты XVIII ғасырдың 60-жылдары Ресей әскери қамалдарының бірнеше шебінен тұратын күшті бекіністі ауданға айналдырылды.

Салынып жатқан бекіністердің қорғанысын қамтамасыз ету үшін Ресейден Қазақстанға жаңадан көптеген әскери күштер әкелінді. Бұдан басқа патша өкіметінің әкімшілігі Солтүстік және Шығыс Қазақстанға орталык губерниялардан орыс шаруаларын қоныстандыруға белсене күш жұмсады. Бұл жерлердегі қазақтарды ығыстырып шығару жөнінде шаралар колданылды. 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан және орыс бекіністеріне 30 шакырымнан жакын жерде көшіп жүруіне тиым салынды. Патша екіметінің отарлау ежелден түрып жаткан қазақтардың дәстүрлі қоныстарын тарылтты, Сібір әкімшілігі мен қазақ сұлтандары арасында шиеленіс тудырды. Шығыс аймақта патша өкіметі әскери әрекеттерінің күшеюі, Цин империясы әскерлерінің Қазақстан жеріне басып кіру қауіпі, 1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмамбет өлгеннен кейін хан болып сайланған Абылайдың Ресей бодандығын сақтай отырып, Қытай империясы өкімет билігін де қабылдауға мәжбүр етті. Абылай ұстанған екі жақты бодандық саясат Қазақстанның өмірлік мүдделеріне сай келді. Екі ірі мемлекеттің Абылайды Орта жүз ханы деп мойындауы, оның позициясын едәуір нығайта түсті. Ол жоңғар басқыншылығына қарсы күресте үш жүздің жасақтарын біріктіріп, қазақ халқының азаттық күресін ұйымдастырған айбынды әскери қолбасшы болды. Абылай аса ірі шайқастарда ерен ерлігін, батырлығын көрсете білді. Ол қазақтардың бір орталыққа бірігіп, сыртқы жаулармен күресте олардың еркіндігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1.Ұлы жүздегі экономикалық жағдай.

2.Бөкей Ордасындағы сауда-саттық.

№ 17 Дәріс

Тақырыбы: Қазақстанның ХХ ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Дәрістің мазмұны:

Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, экономикалық, саяси - әлеуметтік жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшу барысында шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық мұра болып келген әкономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.

1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық төңкерiс жеңіске жетті. Патша өкiметi құлатылып, министрлер мен көрнектi чиновниктер тұтқынға алынды. Патша өкiметi құлатылғаннан кейiн бүкiл Ресейдегi сияқты Қазақстанда да қос өкiмет орнады. Бұрынғы патша чиновниктерi, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық Уақытша үкiмет органдарымен бiрге халықтық өкiметтiң жаңа органдары жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңестерi құрылды.Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрынғы патша шенеуніктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады: Ә.Бөкейханов – Торғай облысының, М.Тынышбаев – Жетісу облсының, М.Шоқай – Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болды.Қазақ ұлттық зиялыларының жетекшісі Ә.Бөкейханов «Жаңарған Ресейдің азат азаматтары-қазақтарға» деген үндеуінде қазақтарға ұйымдасу қажет екендігін баса көрсетті. Ақпан төңкерісінен кейін ұлттық-либералдық қозғаыстың басшылары қоғамдық-саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты. 1917 жылғы наурыз-сәуір – жұмысшы және саолдат депутаттарының Кеңестері құрылды. 1917 жылғы мамыр-маусым – шаруалар депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңес үкіметінің көтерген мәселелері: шаруаға – жер; жұмысшыларға – 8 сағаттық жұмыс күні; халыққа – бейбітшілік беру. 1917 жылғы наурыз – жергілікті социал-демократтардың астыратын жұмыс істеуден ашық түрде жұмыстарын өрістеткен кезеңі. XX ғасырдың басында капиталистік қатынастардың қазақ даласында дамуы күшейе түсті. Өлкеде өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісі одан әрі дамып, жұмысшы табы қалыптасты.

Патша өкіметінің аграрлық саясаты салдарынан орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы жаппай сипат алды. Сөйтіп, қазақ еңбекшілерінің жерлерін басып алу кеңінен жүргізілді. Қазақ шаруаларын тонауды патша өкіметі «қоныстанушы», «жер қоры» деп аталатын желеумен іске асырды. Бұл қорды жасау үшін жергілікті халықтың жайлы қоныстарын тартып алып отырды. Шаруалардың Ресейден Қазақстанға шұбыруы бұрынғыдан да артты. Түркістан генерал-губернаторының толық емес дерегі бойынша XX ғасырдың басына дейін бір ғана Жетісу облысына 16 мың отбасы келіп қоныстанса, 1905 жылы олардың саны 28 мыңға жеткен. Мұндай жағдай Қазақстанның басқа өлкелерінде де байқалды. Мысалы, 1897-1916 жылдарда қоныс аударған 1304 мың адамнан: Ақмола облысына - 731,5 мың адам, Торғай облысына - 199 мың, Семей облысында - 130,1 мың, Жетісуға - 118,5 мың, Оралға -82 мың және Сырдарияға 40 мың адам келген. Бұлардың басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды. 1917 жылы олардың жалпы саны 1745 мың адамнан асты және өлкенің бүкіл хылқының 29,4 пайызын қамтыды. Қазақстанда қазақтар, орыстар, украиндардан басқа татарлар, өзбектер, дүнгендер, ұйғырлар, мордвалар және басқалары да тұрды. 1897 жылғы халық санағы бойынша өлкеде шамамен 55 мың татар, 55 мың ұйгыр, 30 мың өзбек, 15 мың дүнген, 10,5 мың мордва және т. б. тұрган. XX ғасырдың басында олардың саны біршама көбейді. Мысалы, 1917 жылы өлкеде 93 мынға жуық татар, 25 мың мордва жөне тағы басқалары болған.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.)