|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Есептер. Тарау. Кинематика негіздері
Тарау. Кинематика негіздері Ілгерілемелі қозғалыс кинематикасы Есептер. Орташа деңгей 1.1 Бір түзудің бойында бір-біріне қарама-қарсы бағытталған екі вектор жатыр. Егер олардың модульдері әр түрлі болса, олардың қосынды векторы қалай бағытталады және оның модулі неге тең? Модульдері бірдей болса ше? Суретін салыңдар. 1.2 17- суретте бес материялық нүктенің орын ауыстыруы көрсетілген. Орын ауыстыру векторларының координаталар осіндегі проекцияларын және олардың модульдерін табыңдар. Координаталар осіндегі масштаб: 1 бөлік – 2м. 1.3 18-суретте материялық нүктенің А нүктесінен В нүктесіне дейін қозғалғандағы траекториясы көрсетілген. Орын ауыстыру векторларының координаталр осьтеріндегі масштабы: 1 бөлік - 3м. Нүктенің қозғалыс басындағы және соңындағы координаталарын табыңдар. Орын ауыстырудың Ох және Оу осьтеріндегі проекцияларының және өзінің ұзындығы неге тең? Егер нүкте тұрақты 0,5м/с жылдамдықпен қозғалса, қозғалыс уақыты неге тең? Жылдамдықтың Ох пен Оу осьтеріндегі проекциялары қандай? Жеткілікті деңгей 1.4 векторының х пен у осьтеріндегі проекциялары берілген: ах=-2м және ау=0м. Вектордың бағыты мен модулін табыңдар. 1.5 векторының х пен у осьтеріндегі проекциялары берілген: ах=-2м және ау=2м. ӓ векторының бағыты мен модулін табыңдар. 1.6 Жазықтықта жатқан мен векторларының проекциялары берілген: аx=4м, bx=-1м, ay=2м, by=-6м. Осы екі вектордың қосындысының|с| модулін табыңдар. 1.7 Жазықтықта жатқан мен векторларының проекцияларының мәндері бірдей: аx=-1м, bx=2м, ay=-2м, by=-6м. Осы екі вектордың айырымының|с| модулін табыңдар. 1.8 хОу жазықтығында нүктенің бірқалыпты түзусызықты қозғалысының координаталары t=2c уақытта бастапқы x0=-3м, y0=-2м мәндерінен x=5м және у=6м мәндеріне дейін өзгерген. Нүкте жылдамдығының модулі мен бағытын табыңдар. Траекторияның графигін сызып, жылдамдықтың бағытын көрсетіндер. 1.9 Метрополитен стансысындағы эскалатордың көлбеулік бұрышы 300, оның орын ауыстыру жылдамдығы 0,8 м/с, ал жолаушының көтерілу уақыты 2,5мин. Эскалатор жылдамдығының вертикаль және горизонталь құраушыларын табыңдар. Стансы тұрған жердегі эскалатордың ұзындығы мен туннельдің тереңдігі қандай? Жоғары деңгей 1.10 Жел соқпағанда жауын тамшылары тұрақты жылдамдықпен вертикаль жауады. Бүйірден соққан жылдаамдығы 10м/с желдің әсерінен тамшы вертикальға 300 бұрыш жасай тамады. Желдің жылдамдығы қандай болғанда тамшы вертикаль бағытқа 450 бұрыш жасай тамады? Жел горизонталь бағытта соғады. 1.11 Бала өзеннің бір бетінен екінші бетіне жүзіп өтеді. Оның суға қатысты жылдамдығы өзен ағысының жылдамдығынан екі есе аз. Өзен ағысының ығыстыруы барынша аз болуы үшін бала өзен жағасына қандай бұрыш жасай жүзуі керек? 1.12 Өзара α бұрыш қиылысатын түзу жолдардың бойымен түрақты υ және υ жылдамдықтармен екі мәшине жүріп келеді. Біріншісі жолдың түйілісінен өте бергенде, екіншісі оған ι қашықтықта жақындап келеді. Мәшинелердің ең жақын арақашықтығын және оған қандай уақытта жететінін табыңдар. 2. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Бірқалыпсыз қозғалыстың орташа жылдамдығы Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.002 сек.) |