АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Есептер

Читайте также:
  1. Есептер.

Орташа деңгей

2.1 Параллель жолдармен екі пойыз бірқалыпты қозғалады: ұзындығы 630м және жылдамдығы 48км/сағ жүк пойызы, ұзындығы 120м, жылдамдығы 102км/сағ жолаушылардың пойызы. Егер пойыздардың қозғалыстары а) бір бағытта; ә) қарама - қарсы бағытта болса, салыстырмалы жыладмдықтары қандай? Біреуі екіншісінің жанынан қанша уақытта өтеді?

2.2 А пунктінен В пунктіне дейінгі аралықты катер бара жатқанда 3сағ, ал қайтарда 6сағ-та жүзіп өтеді. Моторы сөндірілген катер А-дан В-ға дейінгі жолды жүзіп өту үшін қанша уақыт керек? Суға қатысты катердің жылдамдығы тұрақты деп есептеңдер.

2.3 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан пойыздың терезесінен қарап тұрған жолаушының тұсынан 36км/сағ жыладмдықпен қарсы келе жатқан ұзындығы 150м пойыз қанша уақытта өтеді?

2.4 Тасжолмен келе жатқан велосипедші 900 м-ді 15 м/с, содан кейін 400 м-ді 10м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Велосипедшінің орташа жылдамдығы қандай?

2.5 Мотоциклші бір пункттен екіншіге дейін 60км/сағ жылдамдықпен,т қайтарда сол жолды 10м/с жылдамдықпен жүріп өткен. Мотоциклшінің барлық қозғалыс уақытындағы орташа жылдамдығы неге тең?

Жеткілікті деңгей

2.6 Жолаушы метроның қозғалмайтын эскалаторымен 120 с, ал қозғалыстағысымен 30 с-та көтеріледі. Егер жолаушы қозғалыстағы эскалаторда тыныш тұрса, қанша уақытта көтерілер еді?

2.7 Екі катер бірдей жылдамдықпен көпірден бір мезгілде қарама-қарсы бағытта қозғала бастайды. Бір сағаттан кейін олар кері бұрылады да, көпірден 5 км қашықтықта кездеседі. Өзен ағысының жылдамдығы неге тең?

2.8 Пойыз 20 м/с жылдамдықпен солтүстікке қарай қозғалады. Пойыздың үстінен тікұшақта ұшып бара жатқан жолаушыға пойыз 20км/сағ жылдамдықпен батысқа қарай жүріп бара жатқандай көрінеді. Тікұшақтың ұшу жылдамдығы мен бағытын табыңдар.

2.9 Ұшақ А пунктінен В пунктіне дейін және кері қарай ауаға қатысты 300 км/сағ жылдамдықпен ұшады. Пункттердің арасы900 км. Егер ұшу жолының бойымен жылдамдығы 60 км/сағ жел соқса, барлық ұшу жолына қанша уақыт кетеді?

2.10 Адам жолдың үштен бір бөлігін 15 км/сағ жылдамдықпен велосипедпен, ал қалған бөлігін 5 км/сағ жылдамдықпен жаяу жүріп өткен. Оның барлық жолдағы орташа жылдамдығы неге тең?

2.11 Автобус жолдың бірінші жартысында екіншісімен салыстырғанда 8 есе жылдам қозғалған. Барлық жолдағы автобустың орташа жылдамдығы 16 км/сағ. Жолдың әр бөлігіндегі автобустың жылдамдығын табыңдар.

2.12 Автокөлік жолдың жартысын 60 км/сағ жылдамдықпен, қалған уақыттың жартысын 15 км/сағ жылдамдықпен, ал жолдың соңғы бөлігін 45 км/сағ жылдамдықпен жүріп өткен. Барлық жолдағы автокөліктің орташа жылдамдығы қандай?

Жоғары деңгей

2.13 Екі адам бір мезгілде қарама қарсы бағытта қозғалатын эскалаторға түсіпғ оған қатысты бірдей 2м/с жылдамдықпен бір біріне қарсы қозғалады. Эскалаторға мінер жерден қандай қашықтықта олар бір бірімен кездеседі? Эскалатордың ұзындығы 100 м, оның жылдамдығы 1,5м/с.

2.14 Ұзындығы l спортшылар колоннасы υ жылдамдықпен жүгіріп келеді. Оларға қарсы бағытта u<υ жылдамдықпен жаттықтырушылары жүгіріп келеді. Әрбір спортшы жаттықтырушымен теңескенде модулі сондай жылдамдықпен кері қарай бұрылып жүгіреді. Барлық спортшылар кері бұрылып жүгіргендегі колоннаның ұзындығы қандай болады?

2.15 Екі пункттің арасындағы пойыздың жылдамдығы 80 км/сағ, барлық жол бойындағы пойыздың орташа жылдамдығы 60 км/сағ. Аялдамаларда тұрған уақыты 1 сағ. Екі пункттің арақашықтығын табыңдар.

3. Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)