|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Есептер. 11.1. Массасы 160 г хоккей шайбасының импульсі массасы 8 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшатын оқтың импульсіне тең болуы
Орташа деңгей 11.1. Массасы 160 г хоккей шайбасының импульсі массасы 8 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшатын оқтың импульсіне тең болуы үшін шайба қандай жылдамдықпен қозғалуы қажет? 11.2. Бірдей көлемдегі болат және қорғасын шар бірдей жылдамдықпен қозғалып келеді. Олардың импульстерін салыстырыңдар. 11.3. Массасы 10 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшатын оқтың импульсін анықтаңдар. Оқтың массасын 2 есе кемітіп, ал жылдамдығын 1,5 есе арттырса, оның импульсі неше есе өзгереді? 11.4. Массасы 1 кг шар түзусызықты және ілгерілемелі қозғала отырып, 1 м/с-тан 10м/с-қа дейін арттырды. Шар импульсінің өзгерісін анықтаңдар. 11.5. Денеге 10 с ішінде тұрақты 50 Н күш әрекет етеді. Күштің әрекет ету уақытында дененің жылдамдығы 5м/с-қа өзгерсе, онда дене массасын анықтаңдар. 11.6. Массасы 1 т машина горизонталь жолда 36 км/ сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатыр. Егер тежелу күші 5кН –ға тең болса, онда тежелу уақытын анықтаңдар. 11.7. Массасы 700 г допты тепкенде футболшы оған 54 км/сағ жылдамдық береді. Тебу мезеті 20 мс болса, тебу күшін табыңдар. 11.8. Массасы 1 кг дене тұрақты 10 Н күш әрекетінен тыныштық күйінен қозғалады. 5 м жол жүргеннен кейінгі дене импульсі қандай болады? 11.9. Массасы m денені υ0 бастапқы жылдамдықпен горизонтқа бұрыш жасай лақтырды. Қозғалыстың алғашқы t секундындағы импульстің өсуін ауа кедергісін еспке алмай табыңдар. 11.10. Бастапқы жылдамдығы υ0 болатын дене тегіс емес горизонталь бетпен түзусызықты қозғалады. Дене мен беттің арасындағы үйкеліс коэффициенті μ-ге тең. Дене қанша уақыттан кейін тоқтайды? 11.11. Массасыm шар ω тұрақты бұрыштық жылдамдықпен радиусы R шеңбер бойымен қозғалады. Ширек периодтағы шар импульсінің өзгерісін анықиаңдар. 11.12. Дене 5 м жолды горизонталь бағытта жүріп өткенде, 20 Н күш қандай жұмыс атқарады (73-сурет). Бұрыш =30 . 11.13. Массасы 300 кг лифт 10 м-ге көтеріледі. Лифті көтеретін арқанның керілу күші мен ауырлық күші қандай жұмыс атқарады? 11.14. Теміржол вагонының буферлік серіппесін 1 см–ге сығу үшін 30 кН күш керек болса, оны 5 см сығу үшін қандай жұмыс атқарылады? 11.15. Массасы 10 кг денеге 5 Н күш тұрақты әрекет етеді. Қозғалыс басталғаннан кейін 2 с өткендегі дененің кинетикалық энергиясын анықтаңдар. Кедергіні ескермеңдер. 11.16. Массасы 50 кг метероидтің 40 км/с жылдамдықпен ұшқандағы кинетикалық энергиясын анықтаңдар. 11.17. Массасы 2 т жүктің потенциалдық энергиясы қандай биіктікте 10кДж-ға тең болады? 11.18. Массасы 10 Дж, ал импульсі 2 болатын дененің массасын табыңдар. 11.19. Кинеткалық энергиясы 16 Дж, ал импульсі 8 болатын дененің жылдамдығы мен массасын анықтаңдар. 11.20. Массасы 2 т тікұшақ 20 м биіктікке көтерілді. Оның потенциалдық энергиясы қандай биіктікте 600кДж –ға тең болады? 11.21. Дененің лақтырылу мезетіндегі кинетикалық энергиясы 200 Дж. Егер дене массасы 800 г болса, онда ол жер бетінен қанша биіктікке өтерілетінін анықтаңдар. 11.22. 20 м/с жылдамдықпен дене аертикаль жоғары лақтырды. Дененің кинеткалық энергиясы лақтырылу нүктесінен қандай биіктікте потенциалдық энергияға тең болады? 11.23. Доп 10 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Доптыың жылдамдығы қандай биіктікте 2 есе кемиді? 11.24. Горизонталь беттегі денеге 10м/с жылдамдықпен берілді. Егер дене мен беттің арасыындағы үйкеліс коэффициенті 0,1 болса, онда дене толық тоқтағанға дейін қанша қашықтықты жүріп өтеді?
Жеткілікті деңгей 11.25. Массасы 200 г дене 1 м биіктіктен 8 м/c2 үдеумен еркін түседі. Дене импульсінің өзгеруін анықтаңдар. 11.26. Горизонталь бетте 5 м/с жылдамдықпен массасы 3 кг дөңгелек сырғанаамай домалап келеді. Оның импульсін анықтаңдар. 11.27. Массасы 1 кг дене көкжиекке бұрыш жасай лақтырылды. Ұшу кезінде оның импульсі 10 –қа өзгерді. Дененің ең жоғарғы көтерілу биіктігін анықтаңдар. 11.28. Болат тақтаға 1 м биіктіктен құлап түскен металл шар одан 81 см биіктікке серпіледі. Соқтығысу мезетінде шардың импульсі неше есе кемиді? 11.29. Тегіс горизонталь бетте 1 м/с жылдамдықпен 10 кг құм тиелген арба жүріп келеді. Арба үстіндегі құмға массасы 2 кг шар горизонталь 2 м/с жылдамдықпен оның жүру бағытына қарсы келіп кіріп, онда тұрып қалады. Осыдан кейін арба қай баағытта және қандай жылдамдықпен қозғалады? 11.30. Мұз үстінде тұрған массасы 80 кг конькиші көкжиекке 30 бұрыш жасай массасы 3 кг тас лақтырады. Егер тастың ұшу жылдамдығы 5 м/с болса, онда лақтырылғаннан кейінгі конькишінің қозғалыс жылдамдығы қандай болатынын анықтаңдар. 11.31. Әрқайсысы 3 м/ с жылдамдықпен бір-біріне қарама- қарсы жүріп келе жатқан екі дене серпімсіз соқтығысудан кейін екеуі 1,5м /с жылдамдықпен қозғалды. Олардың массаларының қатынасын табыңдар. Үйкеліс ескерілмейді. 11.32. Ұзындығы 5 м және массасы 280 кг қайықтың артқы шетінде массасы 70 кг адам тұр. Ол қайықтың алдыңғы шетіне қарай өтеді. Суға қатысты алғанда қайық қандай 11.33. Бір-бірінен 3,4 м қашықтықта массалары 90 кг және 60 кг екі балықшы қайықтың екі басына таман отыр. Балықшылар орын ауыстырып отырды. Қайықтың массасы 50 кг болса, онда ол қандай қашықтықта орын ауыстырады? Қайық өз ұзындығынан артық қашықтықта орын ауыстыра ма? 11.34. Массасы 2 кг жүкті 1 м биіктікке 3м/c2 ұдеумен көтеру үшін адам қандай жұмыс атқарады? 11.35. Көлемі 0,6 м3 тасты тереңдігі 5 м судан көтеріп шығарады. Тастың тығыздығы 2,5 г/см3. Тасты көтеру кезінде атқарылған жұмысты анықтаңдар. 11.36. Серіппені 4 мм-ге созу үшін 20 мДж жұмыс атқару қажет. Оны 4 см –ге созу үшін қанша жұмыс атқару қажет? 11.37. Диномометр серіппесін 0-ден 10 Н-ға дейін; 10 Н- нан 20Н–ға дейін; 20Н–нан 30Н –ға дейін созған баланың атқарған жұмыстарын салыстырыңдар және алынған нәтижелерді талқылаңдар. 11.38. Траекториясының әрбір нүкктесінде жанама бойымен бағытталған күшпен әрекет етіп, массасы 200 г кішкене денені төбешіккке сүйреп шығарды. Егер төбешіктің биіктігі 50 см, көлбеу ұзындығы 80 см, үйкеліс коэффициенті 0,2-ге тең болса, онда күштің атқаратын жұмысын анықтаңдар. 11.39. Метроның төмен қарай қарай қозғалатын экскалаторымен 3мин 20 с ішінде жоғары көтерілу үшін массасы 70 кг адам қандай жұмыс атқарады? Экскалатордың көтерілу биіктігі 50 м, жылдамдығы тұрақты 25 см/с –қа тең, ал көкжиекке көлбеулік бұрышы 30 . 11.40. Жердің центріне дейін құдық қазылды дейік. Оның түбінен массасы 1 кг денені жер бетіне шығару үшін қандай жұмыс атқарылады? 11.41. Автокөлік моторын сынау барысында оның қуатының уақытқа тәуелділік графигі алынды(74-сурет). Мотордың сынақ барысындағы атқарған жұмысын графикке қарап, анықтаңдар. 11.42. 20м /с жылдамдықпен горизонталь лақтырылған масссасы 1 кг дене қозғалысының төртінші секундының соңындағы кинетикалық энергиясын анықтаңдар. 11.43. Горизонталь жолда 18км /сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан арба екпінімен дөңеске барып тоқтайды. Арба жол деңгейінен қандай биіктікте тоқтайды? Үйкеліс ескерілмейді. 11.44. Ұзындығы l жіпке шар ілінген. Шардың іліну нүктесі биіктігіне дейін ауытқуы үшін оған қандай горизонталь жылдамдық берілуі қажет. 11.45. Қатаңдығы 100 Н/м және массасы 400 г серіппе 5 г биіктіктен жерге түседі. Соғылғанда серіппе осі вертикаль күйде қалса, онда ол қаншаға сығылған? 11.46. Массасы 1 т автокөлік орнынан теңүдемелі қозғалып, 5 с ішінде 50 м жол жүреді. Оның қуаты қандай болады? 11.47. Электровоз 72 км/сағ жылдамдықпен қозғалғанда, 800 кВт қуат тұтынады. Күш құрылғысының пайдалы әрекет коэффициенті 80% болса, электровоздың тарту күшін анықтаңдар. 11.48. Радиусы R тегершік ν жиілікпен айналатын қайысты беріліс арқылы жетекке N қуат береді. Сырғымай қозғалатын қайыстың керілу күшін анықтаңдар. 11.49. Бірқалыпты қозғалыспен салыстырғанда үдеумен қозғалған автокөлік бинзинді неліктен көп шығындайды? 11.50. 30 км/сағ жылдамдықпен горизонталь қозғалатын автокөліктің тежелу жолы 7,2 м. Егер ол жылдамдығын 50 км /сағ –қа дейін арттырса, онда тежелу жолының ұзындығы қандай боалды? 11.51. Массасы 15 т троллейбус 1,4 м/c2 үдеумен орнынан қозғалады. Егер кедергі коэффициенті 0,02 болса, онда алғашқы 10 м жол жүргендегі тарту күші мен кедергі күшінің жұмысын анықтаңдар. Троллейбустың алған кинетикалық энергиясы қандай? 11.52. Массасы1кг дене 10 м биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз еркін түседі. Дене жерге соғылар алдындағы ауырлық күшінің қуаты қандай? 11.53. Гелийй атомы өзінен массасы 4 есе кіші сутек атомымен соқтығысқаннан кейін оның жылдамдығы неше есе кемиді? 11.54. Жіпке ілінген жүк бұрышқа ауытқытып жіберілді. Егер жіп ұзындығының ортасында вертикаль орнатылған кедергіге бөгеліп қалса, онда жүгі бар жіп қандай бұрышқа ауытқиды? 11.55. Массасы50 доп 3 м биіктіктен жерге соғылып, қайтадан 2 м биіктікке серпіледі. Оның механикалық энергиясы қаншаға кемиді? Оны энергияның сақталу заңымен қалай үйлестіру керек? 11.56. Массасы 100 г дене 20 м биіктіктен 10 м/с жылдамдықпен вертикаль төмен лақтырылды. Дене жерге 20 м/с жылдамдықпен соғылады. Ауа кедергісін жеңу үшін жасалған анықтыңдар. 11.57. Екі дене бір түзудің бойымен бір-біріне қарама –қарсы горизонталь қозғалады. Егер m1=0,5 кг, m2= 0,9 кг, 1= 50 см/с, 2=50 см/с болса, онда олардың серпімсіз соқтығысудан кейінгі жылдамдықтарын анықтаңдар. Денелердің соқтығысуға дейінгі және одан кейінгі энергияларын анықтаңдар. Энергия өзгерісінің себебін түсіндіріңдер.
Жоғары деңей 11.58. Ұзындығы Ɩ және массасы M тақта шетінде массасы m бақа отыр. Тақта тоғанның бетінде қалқып тұр. бақа тақта бойымен горизонтқа бұрыш жасай секіреді. Бақа тақтаның екінші шетіне түсуі үшін оның υ жылдамдығы болуы керек? 11.59. Биіктігі 1 м және табаны 5 м мұз төбеден шана сырғанап түсіп, 95 м горизонталь жол жүріп тоқтайды. Жазықтықтың үйкеліс коэффициентін және пайдалы әрекет коэффициентін анықтаңдар. 11.60. Егер шар 1) ұзындығы Ɩ1 жеңіл жіпке; 2) ұзындығы Ɩ2 салмақсыз қатқыл стерженьге ілінген болса, онда вертикаль жазықтықта толық айналым жасау үшін шарға қандай жылдамдық берілуі тиіс? 11.61. Радиусы R вертикаль тұзаққа біртіндеп өтетін тегіс науа бойымен ағаш кеспегі сырғанап келеді (75- сурет). Ағаш кеспегі тұзақтың жоғарғы нүктесінен өтіп кетуі үшін ол қандай биіктіктен түсірілуі керек? Егер бастапқы биіктігі 2R болса, онда ағаш кеспегі қандай биіктікте науадан құлайды?
11.62. Массасы 10 кг шана биіктігі 5 м төбеден сырғанап, горизонталь бөлікте тоқтайды. Сырғанау жолымен шананы кері қарай орнына қайтару үшін қандай жұмыс жасалады? 11.63. Тегіс сфера төбесінен кішкене дене сырғанай бастайды. Қандай биіктікте ол сфера бетінен ажырайды? Сфера радиусы R. 11.64. υ жылдамдықпен көтеріліп келе жатқан ауыр плитаға Н биіктіктен оған қарсы жеңіл шар еркін түседі. Шар плитамен абсалют серпімді соқтығысқаннан кейін қандай биіктікке серпіледі? 11.65. Ұзындықтары бірдей жіптерге массалары 2,5 кг және 1,5 кг екі шар түйісіп тұратындай етіп ілінді. Оның біріншісін 10 бұрышқа ауытқытып жіберді. Шарлардың серпімді соқтығысудан кейінгі ауытқу бұрыштары қандай? 11.66. Алдыңғы есеп шартын пайдаланып, соқтығысу серпімді емес деп есептеп, шарлардың ауытқу бұрышын табыңдар. 11.67. Соқтығысқанға дейінгі жылдамдықтары 10 м/с және 5 м/с болатын массаслары 2кг және 3 кг екі дененің центрлік абсолют серпімсіз соқтығысы кезіндегі жылдамдығын және механикалық энергиясының шығынын табыңдар. Екі жағдайды қарастырыңдар: а) денелер бір бағытта қозғалады. б) денелер бір-біріне қарама- қарсы қозғалады.
4 – тарау. Тербелмелі және толқындық қозғалыс Тербелмелі қозғалыс 12. Механикалық тербелістер Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.) |