АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Есептер. 3.1 Автокөліктің жылдамдығы 20 с ішінде 20 м/с-тан 10 м/с-қа дейін баяулаған

Читайте также:
  1. Есептер
  2. Есептер
  3. Есептер
  4. Есептер
  5. Есептер
  6. Есептер
  7. Есептер
  8. Есептер
  9. Есептер
  10. Есептер
  11. Есептер
  12. Есептер

Орташа деңгей

3.1 Автокөліктің жылдамдығы 20 с ішінде 20 м/с-тан 10 м/с-қа дейін баяулаған. Автокөлік қозғалысының орташа удеуі қандай?

3.2 23- суретте кескінделген графиктің әрбір бөлігі қозғалыстың қандай түріне сәйкес келеді? Әрбір бөлікке сәйкес уақыт аралығында жылдамдық қалай және қаншаға өзгереді?

3.3 Дененің үдеуі a=-3м/с2. υ0=24 м/с болғандағы жылдамдықтың теңдеуін жазыңдар. Санақ басынан 8 с өткендегі дененің жылдамдығы неге тең? Санақ басынан 12 с өткендегі дене жылдамдығы неге тең? Алынған нәтиженің қандай физикалық мағынасы бар?

3.4 Трамвай орнынан қозғалып, 10 с уақытта жылдамдығын арттырады. Осы уақытта ол 30 м жол жүреді. Трамвайдың қозғалыс удеуін табыңдар.

3.5 Ғарыштық зымыран тыныштық күйінен үдей қозғалып, 200 м қашықтықта 11 км/с жылдамдық алады. Ол қандай үдеумен қозғалған? Үдей қозғалғандағы уақыты неге тең?

3.6 υx=3+2t, υx=5t теңдеулері бойынша жылдамдық проекциясының уақытқа тәуелділігінің графиктерін құрыңдар.

3.7 24-суретте дене қозғалысының жылдамдығы проекциясының уақытқа тәуелділігінің графигі кескінделген. Дененің орын ауыстыру проекциясы қозғалыс уақытына қалай тәуелді?

3.8 Дене жылдамдығының уақытқа тәуелділігі υx=12-4t формуласымен берілген. Дене координаталарын есептейтін теңдеу жазыңдар. (х0=5м)

3.9 Үдеу проекциясының уақытқа тәуелділік графигі бойынша (25-сурет) сол дене қозғалысының жылдамдық проекциясының уақытқа тәуелділік графигін құрыңдар. Бастапқы жылдамдық нөлге тең.

3.10 Қозғалыстағы дене жылдамдығының υ=5+4t теңдеуіне сәйкес жолдың теңдеуі қандай?

3.11 3 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан велосипедші 0,8 м/с2 үдеумен төбеден ылдиға қарай түсе бастайды. Түсу уақыты 6 с болса, ылдидың ұзындығы қандай?

3.12 Пойыз 0,5м/с2 үдеумен тежеуді бастап, тоқтағанға дейін 225 м жол жүрді. Оның тежелу басталар алдындағы жылдамдғы қандай?

3.13 Вагон 5 см/с2 үдеумен ылдиғ қарай 1 мин сырғанайды. Осы уақытта ол қанша жол жүреді және сол жолдың соңындағы оның жылдамдығы қандай? Бастапқы жылдамдығы нөлге тең.

3.14 Пойыздың стансыдан 1,5 км қашықтағы жылдамдығы 54 км/сағ-қа жеткен. Пойыздың үдей қозғалған уақыты мен үдеуін табыңдар.

3.15 Шана ұзындығы 72 м ылдидан 12 с сырғанайды. Шананың үдеуі мен жолдың соңындағы жылдамдықты табыңдар.

Жеткілікті деңгей

3.16 Дене тыныштық күйден бірқалыпты үдей қозғалып, қозғалыстың 4 с-да 7 м жол жүріп өтеді. Дене бірінші 10 с-та қанша жол жүреді? 10 с-тың соңында ол қандай жылдамдық алады? 10 с аралығында дене қандай жол жүреді?

3.17 Тыныштық күйден 0,1 м/с2 үдеумен бірқалыпты үдей қозғалған кеменің жылдамдығы қанша уақыттан кейін 18 км/сағ болады? Сол уақытта кеме қанша жол жүреді?

3.18 Ұзындығы 1 км жолдың бөлігін мотоциклші тыныштық күйден бастап, 0,8 м/с2 үдеумен жүріп өтеді. Осы жолды ол қанша уақытта жүріп өтеді? Жолдың соңындағы жылдамдығы қандай?

3.19 Координаталарының өзгеріс графигі 26-суретте кескінделген тепловоз қозғалысының сипатын баяндаңдар. Берілген графикке (ОА мен ВС) – параболаның бөлігі сәйкес жылдамдық графигін сызыңдар.

3.20 27-суретте түзусызықты қозғалған дене координаталарының өзгеріс графигі кескінделген. Осы қозғалыстың жолы мен жылдамдығының өзгеріс графигін сызыңдар. Бастапқы жылдамдығы нөлге тең.

3.21 28-суретте түзусызықты қозғалыстағы дененің жылдамдық графигі берілген. ОАВ, ВСD, DEK үшбұрыштары өзара тең. Дененің орын ауыстыруы және үдеуінің графигін кескіндеңдер.

3.22 Дене орнынан теңүдемелі қозғлып, 15 с ішінде 180 м жол жүреді. Қозғалыс басталғаннан соң 15 с өткенде дене қандай жол жүреді?

3.23 Автокөлік орнына 2 м/с2 үдеумен теңүдемелі қозғалады. 3 с және 4 с-та ол қандай жол жүреді?

3.24 Бірқалыпты үдемелі қозғалған материялық нүкте алғашқы өзара тең екі тізбектелген 4 с уақыт аралығында 24 м және 64 м жол жүреді. Материялық нүктенің бастапқы жылдамдығын және үдеуін табыңдар.

3.25 Метрополитеннің жолаушысы пойыздың жөнелтілгенін бақылап тұр. Платформада тұрған жолаушы орнынан қозғалған пойыздың бірінші вагоны тұсынан 5 с-та өткенін аңғарды. Пойыз бірқалыпты үдей қозғалады деп ұйғарып, екінші вагонның жолаушы тұсынан қанша уақытта жүріп өтетінін табыңдар.

3.26 Платформада тұрған бақылаушының тұсынан бірінші вагон 1 с-та, ал екіншісі 1,5 с-та өтеді. Вагонның ұзындығы 12м. Бақылаудың басындағы пойыздың жылдамдығы мен үдеуін табыңдар. Пойыздың қозғалысы бірқалыпты кемімелі деп есептеңдер.

3.27 Дене бірқалыпты үдей қозғалып, 5 с ішінде 30см, ал келесі 5 с ішінде 80 см жол жүріп өтеді. Дененің бастапқы жылдамдығы мен үдеуін табыңдар.

3.28 Жолдың горизонталь бөлігінде 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан пойыз бірқалыпты үдей қозғалып, 600 м жол жүрді, ал жолдың соңында оның жылдамдығы 45 км/сағ-қа жетті. Қозғалыстың үдеуін және үдей қозғалған уақытын табыңдар.

3.29 Бір бағытта бір нүктеден бір мезгілде екі дене жіберілген: біреуі 98 м/с бірқалыпты жылдамдықпен, екіншісі (бастапқы жылдамдық нөлге тең) 980 м/с2 үдеумен қозғалады. Қанша уақыттан кейін екіншісі біріншісін қуып жетеді? Есепті аналитикалык және графиктік тәсілмен шешіндер.

3.30 Қозғалыс басталғаннан кейінгі екінші секундта автокөлік 1,2 м жол жүреді. Автокөлік қандай үдеумен қозғалған? Қозғалыс басталғаннан кейінгі оныншы секундтағы автокөліктің орын ауыстыруы неге тең?

3.31 Пойыз стансыдан 20 см/с2 үдеумен қозғалды. Жылдамдығы 37 км/сағ-қа жеткен соң, әрі қарай 2 мин бірқалыпты қозғалған, содан кейін тежеліп тоқтағанға дейін 100 м жүрген. Пойыздың орташа жылдамдығын табыңдар және жылдамдықтың графигін кескіндеңдер.

3.32 Автокөлік бірқалыпты үдей қозғалып, әрқайсысы 100 м болатын жолдың шектес екі бөлігін 5 с және 3,5 с уақытта жүріп өткен. Автокөліктің үдеуін және жолдың жеке бөліктеріндегі, сонымен бірге екі бөлігін қос алғандағы орташа жылдамдығын табыңдар.

3.33 20 км-ге тең екі стансының аралығын пойыз орташа модулі 72 км/сағ жылдамдықпен жүріп өткен. Жылдамдық алуға пойыз 2 мин уақыт жіберіп, әрі қарай тұрақты жылдамдықпен қозғалған. Тежелу басталып толық тоқтағанға дейін 3мин өтеді. Пойыздың ең үлкен жылдамдығының модулін табыңдар.

3.34 Еңіске қарай сырғанаған шана алғашқы 3 с-та 2м, ал келесі 3 с-та 4 м жүреді. Қозғалысты бірқалыпты үдемелі деп ұйғарып, үдеудің модулін және шананың бастапқы жылдамдығының модулін табыңдар.

3.35 1 м/с бастапқы жылдамдықпен бірқалыпты үдей қозғалған дененің жылдамдығы біраз жүргеннен соң 7 м/с-қа жетті. Жолдың ортасында дененің жылдамдығы қандай болған?

3.36 29-суретте түзусызықты қозғалған нүктенің жылдамдық проекциясының уақытқа тәуелділік графигі берілген. х0=4,5м болғандағы координаталарының уақытқа тәуелділік графигін құрыңдар. Жолдың уақытқа тәуелділік графигін сызыңдар.

3.37 Материялық нүктенің 10 с ішінде 60 м жол жүргені белгілі оның бастапқы жылдамдығы 5 есе артқан. Үдеуді табыңдар.

3.38 Дене тыныштық күйден бірқалыпты үдей қозғалып, 10 с-та 38 м жол жүреді. Дененің 12 с-та жүрген жолын табыңдар.

3.39 Платформада пойыздың үшінші вагонының басында тұрған жолаушы қозғала бастаған вагонның өзінің тұсынан 5 с-та, ал пойыз түгелімен 15,8 с-та өткенін байқаған. Пойыз құрамында неше вагон бар? Жолаушының тұсынан соңғы вагон қанша уақытта өтеді? Пойыз бірқалыпты үдей қозғалады деп ұйғарыңдар.

3.40 Дене түзусызықты бірқалыпты үдей қозғалып, 4 с ішінде 2 м жол жүреді, ал келесі 4м аралықты 5 с өтеді. Дененің үдеуі неге тең?

3.41 Арақашықтығы L болатын екі дене бір мезгілде, бір бағытта қозғалыс бастайды: біріншісі тыныштық күйден тұрақты a үдеумен, ал екіншісі бірқалыпты қозғалып, біріншісін қуып жетеді. Жылдамдықтың қандай мәндерінде екінші дене біріншіні қуып жетеді?

3.42 80 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан жеңіл автокөліктің алдынан одан 10 м қашықтықта кенеттен жүк мәшинесі шықты. Егер жүк мәшинесі 44 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келе жатса, соқтығысып қалмас үшін жеңіл автокөліктің минимал тежелу үдеуі қандай болу керек?

3.43 Тыныштық күйден бірқалыпты үдемелі қозғала бастаған дененің нешінші секундтан кейін жүрген жолы алдындағы секунта жүрген жолынан үш есе үлкен болады?

3.44 Ұзындығы L көлбеу жазықтық үш бөлікке бөлінген. Көлбеу жазықтықтан домалаған шар осы бөліктерді бірдей уақытта өтетін болса, осы бөліктердің ұзындықтары қандай?

3.45 Шар төменнен жоғары қарай көлбеу жазықтықпен домалатылды. Жол басынан 30 см қашықтықты шар 1 с-та екі рет әрі-бері басып өтті. Шардың бастапқы жылдамдығын және шардың көтеріле бастағаннан қайтып сол орынға келгенге дейінгі уақытын табыңдар. Шардың үдеуі тұрақты және 30 см/с2 –қа тең.

Жоғары деңгей

3.46 Пойыз қозғала бастаған мезетте шығарып салушы 3,5 м/с жылдамдықпен пойыздың бағытымен бірқалыпты жүгірді. Пойыз бірқалыпы үдей қозғалды деп ұйғарып, пойызда кетіп бара жатқан жолаушы мен шығарып салушы теңескен мезеттегі пойыздың жылдамдығын табыңдар.

3.47 Пойыз қозғала бастаған мезетте оның басында тұрған бақылаушы бірінші вагон оның тұсынан t уақытта өткенін аңғарды. Егер пойыз бірқалыпты үдемелі қозғалса, бақылаушының тұсынан n-ші вагон қанша уақытта өтеді?

3.48 Бірқалыпты үдемелі қозғала бастаған дене қозғалыс басталғаннан кейінгі бесінші секундта 45,5 м жол жүреді. Дененің 5 с-та орын ауыстыруының модулін және оның бесінші секундтың аяғындағы жылдамдығын табыңдар. Дененің бастапқы жылдамдығы нөлге тең.

3.49 400 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқ тосқауылға тиіп, 32 см тереңдікке бойлай енді. Оқтың үдеуін және тосқауыл ішіндегі қозғалыс уақытын табыңдар. Оқтың жылдамдығы қандай тереңдікте төрт есе кемиді? Оқтың қозғалысын теңайнымалы деп есептеңдер.

3.50 Үдеудің уақытқа тәуелділік графигі бойынша (30-сурет) мына мезеттердегі жылдамдықты анықтандар: 4 с және 15 с. 1 с уақыт мезетіндегі жылдамдық 3 м/с-қа тең.

3.51 Дене әуелі А нүктесінен t0 уақыт бірқалыпты үдемелі қозғалады да, содан кейін модулі сондай бірқалыпты баяу қозғалады. Қозғалыс басталғаннан кейін қанша уақытта дене А нүктесіне қайта оралады?

3.52 Бірқалыпты үдемелі қозғалған дене ұзындығы 15 м жолдың жалғасқан бірдей кесінділерін 2 с-та және 1 с-та өтеді. Жолдың бірінші бөлігінің басындағы дененің үдеуі мен жылдамдығының модульдерін табыңдар.

4. Вертикаль лақтырылған дене қозғалысы


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.)