|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Есептер. 4.1 Тас құдықтың түбіне 6 с-қа жетсе, онда оның тереңдігі неге тең?
Орташа деңгей 4.1 Тас құдықтың түбіне 6 с-қа жетсе, онда оның тереңдігі неге тең? Құдық түбіне түскен мезеттегі тастың жылдамдығы қандай? Тастың бастапқы жылдамдығы нөлге тең. 4.2 30 с биіктіктен еркін түскен доп 20 м жолды қанша уақытта жүріп өтеді? Жерге түсер мезеттегі доптың жылдамдығы неге тең? 4.3 Тас 100 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль төмен лақтырылды. Оның түсу уақыты 4с болса, онда тас қандай биіктіктен лақтырылған? Тастың жерге түсер мезетіндегі жылдамдығы қандай? 4.4 Доп 18 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль жоғары қарай лақтырылды. Ол 3 с-та қанша орын ауыстырады? Сол уақыт ішінде доп қанша жол жүреді? 4.5 Вертикаль жоғары атылған садақ жебесі 25 м/с жылдамдықпен ұшып, 2 с өткенде нысанаға дәл тиеді. Нысанаға тиген мезеттеің оның жылдамдығы қандай және нысана қандай биіктікте орналасқан? 4.6 Ер баланың допты жоғары қарай лақтырғандағы беретін жылдамдығы қыз балаға қарағанда 1,5 есе артық. Ер баланың лақтырған добы неше есе жоғары көтеріледі? 4.7 Дененің көтерілу биіктігін 4 есе арттыру үшін вертикаль жоғары лақтырғандағы бастапқы жылдамдығын неше есе арттыру керек? 4.8 Тас 28м биіктіктен 8 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Тас жерге қандай жылдамдықпен түсетінін табыңдар. Жеткілікті деңгей 4.9 Биік жардан тас құлайды. 6 с-тан кейін жерге түскен тастың дыбысы естіледі. Дыбыстың ауадағы жылдамдығы 330 м/с болса, жардың биіктігі қандай? 4.10 Дене 40м биіктіктен 25 м/с жылдамдықпен вертикаль төмен лақтырылды. Жерге түсу мезетіндегі дене жылдамдығы қандай? Егер бастапқы жылдамдық жоғары бағытталған болса, онда дене қандай жылдамдыққа ие болады? 4.11 Жерге еркін түсетін дене қайсыбір уақыт мезетінде 1100 м биіктікте болған, ал 10 с-тан кейін жер бетінен 120 м биіктікте болды. Дене қандай биіктіктен құлаған? 4.12 Дене 20 м биіктіктен вертикаль төмен қарай, сол биіктіктен еркін құлаған денеден 1 с шапшаңырақ түсу үшін қандай бастапқы жылдамдықпен лақтырылуы керек? 4.13 Дене 100 м биіктіктен еркін түседі. Ол жолдың бірінші және соңғы метрін қанша уақытта өтеді? Дене қозғалысының бірінші және соңғы секундтарына қанша жол жүреді? 4.14 Үйдің шатырынан салбырап тұрған мұз биіктігі 1,5 м терезе тұсынан 0,2 с-та өтеді. Мұз терезенің жоғары жақтауымен салыстырғанда қандай биіктіктен құлаған? Мұздың өлшемдері ескерілмейді. 4.15 Қайсыбір биіктіктен еркін түскен дене соңғы 200 м жолын 4 с-та өткен. Дене қанша уақытта және қандай биіктіктен түскен? Дененің жылдамдығы мен үдеуінің уақытқа тәуелділік графиктерін құрындар. 4.16 Дене 45 м биіктіктен еркін түседі. Жолдың екінші жартысындағы еркін түсуінің орташа жылдамдығын табыңдар. 4.17 Жардан бастапқы жылдамдықсыз екі дене және екіншіі біріншісінен 1 с кейін лақтырылған. Бірінші дене қозғала бастағаннан 2 с және 4 с өткендегі денелердің арақашықтықтарын табыңдар. 4.18 Төбеден бірінен кейін бірі екі тамшы тамады. Екінші тамшы тамғаннан соң 2 с өткенде олардың арақашықтығы 25 м-ге тең болды. Бірінші тамшы екінші тамшыдан қанша уақыт ерте тамған? Жоғары деңгей 4.19 Жерде жатқан болат тақтаға 1,5 м биіктіктен құлаған болат шар оған қайта серпілгенде жылдамдығының 25%-ын жоғалтады. Шардың қозғалысы басталғаннан оның екініші рет тақтаға түскеніне дейін өткен уақытты табыңдар. 4.20 Қайсыбір биіктіктен еркін түскен дене қозғалыс басталғаннан t уақыт өткенде, қозғалыстың соңында сондай уақытта жүретін жолдан 5 есе аз жол жүреді. Дене қандай биіктіктен түскен? 4.21 t уақыт аралығында бір нүктеден екі дене вертикаль жоғары лақтырылады. Олардың бастапқы жылдамдықтары тең болса, олар қанша уақыттан кейін кездеседі? 4.22 Вертикаль жоғары лақтырылған тас 4 с ішінде 50 м биіктікке жетеді. Еркін түсу удеуі 10 м/с2 деп есептеп, тастың бастапқы жылдамдығын табыңдар.
5.Горизонталь лақтырылған дене қозғалысы Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.) |