АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Есептер. 8.1 Автокөлік жазық горизонталь жолмен моторын сөндіріп бірқалыпты қозғала ала ма?

Читайте также:
  1. Есептер
  2. Есептер
  3. Есептер
  4. Есептер
  5. Есептер
  6. Есептер
  7. Есептер
  8. Есептер
  9. Есептер
  10. Есептер
  11. Есептер

Орташа деңгей

8.1 Автокөлік жазық горизонталь жолмен моторын сөндіріп бірқалыпты қозғала ала ма?

8.2 Автобус жүрісін кенет тежегенде, ішіндегі жолаушы неліктен тепе-теідікк күйінен айырылады?

8.3 Су тамшысы бірқалыпты түсіп келеді. Қандай күштердің әсерлері теңгерілетінін түсіңдіріңдер.

8.4 1) Тас көл түбінде тыныш жатқанда; 2) мұз мұхитта жүзіп жүргенде; 3) ауа шары бірқалыпты жоғары көтерілгенде; 4) жүк жіпте ілулі тұрғанда; 5) аэростаттың арқандармен жерге байлаулы тұрғандағы теңгеруші күштерді атаңдар.

8.5 Қандай шарт орындалғанда ағынға қарсы жүзген кеменің жылдамдығы тұрақты болады?

8.6 Сең жүрген кезде неліктен кесектері өзеннің бұрылыстарында кепеліп қалады?

8.7 Үстел үстінде ағаш кесегі жатыр. Оған қандай күштер әрекет етеді? Масштаб таңдап алыңдар да, осы күштерді графикте кескіңдеңдер.

8.8 Үстел бетімен ағаш кесегі бірұалыпты және түзусызықты қозғалып барады. Оған қандай күштер әрекет етеді? Масштаб таңдап алыңдар да, осы күштерді графикте кескіңдер.

8.9 Кран жерде жатқан діңгекті бір шетінен іліп көтеріп барады. Осы діңгекке қандай күштердің әрекет ететінін анықтаңдар.

8.10 Неліктен жақындап келе жатқан автокөліктің алдынан жүгіріп өтуге болмайды?

8.11 Екі шеті тіректердің үстіне қойылған иілгіш тақтайдың ортасында массасы 60 кг бала тұр. Ол тақтайға қандай күшпен әрекет етеді? Тақтай оған қандай күшпен әрекет етеді?

8.12 Неліктен ұстаханадағы төс ауыр болады?

8.13 Массасы 60 т, ал моторларының тарту күші 90 кН болатын реактивті ұшақ ұшар кезінде қандай үдеумен қозғалады?

8.14 90 Н күш денеге 1,2 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 3 м/с2 үдеу береді?

8.15 Массасы 2 кг денеге бір түзудің бойымен екі күш әрекет етеді: 8 Н және 6 Н. Олардың арасындағы бұрыш 1) 00; 2) 900; 3) 1800 болғандағы дененің үдеуін анықтаңдар.

8.16 200 Н күш әрекетінен дене координатасы x=50+4t+t2 заңымен өзгеретіндей болып түзусызықты қозғалады. Дененің массасы қандай?

8.17 Массасы 4 т, жүгі жоқ автокөлік 0,3 м/с2 үдеумен қозғала бастады. Сол тарту күшімен орнынан 0,2 м/с2 үдеумен қозғлатын жүгі бар автокөлік жүгінің массасы қандай?

8.18 Массасы 800 г тыныштықтағы дене 8 Н күштің әрекетінен 36 км/сағ жылдамдық алды. Дененің жүрген жолын анықтаңдар.

8.19 Массасы 1,2 т мәшиненің жылдамдығы υ=10+0.25t заңы бойынша өзгереді. Мәшинеге әрекет ететін қорытқы күштің модулі қандай?

8.20 Автокөліктің алдыңғы әйнегіне шыбын келіп соғылды. Соғылу кезінде шыбынға және автокөлікке әрекет ететін күштерді салыстырыңдар.

8.21 Мұхит лайнері шағын катермен соқтығысқанда, өзіне зақым келтірмей, катерді суға батырып жібере алады. Бұл Ньютонның үшінші заңына қайшы келе ме?

Жеткілікті деңгей

8.22 Пойыз стансыдан шығып, жылдамдығын үдетті. Осы кезде ауыр қолсандықты еден бойымен қай бағытта жылжыту оңайырақ: пойыздың жүру бағытымен бе әлде қарама-қарсы бағытта ма?

8.23 Үлкен жылдамдықпен жүріп келе жатқан велосипедшіге кенет тоқтау қажет болған жағдайда неліктен алдыңғы доңғалақты емес, артқы доңғалақты тежеу керек?

8.24 Неліктен жүріп келе жатқан трамвайдан, автобустан секіріп түсуге болмайды? Фильм түсіру кезінде каскадерлер осылай секіріп түседі. Жерге соғылу күшін азайту үшін олар қандай бағытта секіреді?

8.25 Қоян қуып келе жатқан түлкіден қашқанда, бағытын қалт өзгертіп, жиі бұрылыстар жасайды. Қоянның қашуындағы осы тәсілінің артықшылығы неде?

8.26 Айда болған астроновтардың айтуынша, онда тепе-теңдіктен айырылу оңай және сәл еңкейгенде құлап кетуге болады. Неліктен бұлай екенін түсіңдіріңдер.

8.27 Неліктен жүгіріп келе жатқан адам сүрінгенде алға қарай, ал мұзда тайғанаған адам өз қозғалысына қарсы бағытта құлайды?

8.28 Бір ғана дене бір санақ жүйесінде өзінің жылдамдығын сақтап, ал басқа санақ жүйесінде оны өзгерте ала ма? Жауаптарыңды растайтын мысалдар келтіріңдер.

8.29 Массасы 600 г волейбол добы ойыншының 20 мс-қа созылған соққысынан кейін 12 м/с жылдамдық алды. Соққының орташа күшін анықтаңдар.

8.30 Массасы 80 кг шаңғышы төбеден сырғанап түскенде, етектегі жылдамдығы 8 м/с-қа тең болды. Егер шаңғышы сырғанау басталғаннан кейін 20 с өткенде төбе етегіне тоқтаса, қозғалысқа кедергі күштің шамасын анықтаңдар.

8.31 Тыныштықта тұрған массасы 100 г дене 5 Н күштің әрекетінен түзусызықты қозғала отырып, 2 с ішінде қандай қашықтыққа орын ауыстырғанын анықтаңдар.

8.32 Массасы 350 кг вагонеткаға әрекет ететін кедергі күші 12 Н. Қандай горизонталь әрекет күш оған 0,15 м/с2 үдеу береді.

8.33 Егер еркін ұшып бара жатқан ғарыш кемесі ішіндегі ғрышкер қолынан бір ауыр нәрсені түсіріп алса не болады? Егер сол нәрсені лақтырып жіберсе ше?

8.34 Екі бала динамометрді екі жаққа тартып тұр. Олардың әрқайсысы 3 Н күш жұмсайды. Динамометрдің көрсетуі қандай болады?

8.35 Серіппелі динамометрге қарама-қарсы бағытта 3 Н және 5 Н күш әрекет етеді. Динамометр нені көрсетеді? Егер қарама-қарсы жаққа әрқайсысы 5 Н болатын екі күш әрекет етсе динамометр нені көрсетеді?

8.36 Ат жүк артылған арбаны тартып келеді. Ньютонның үшінші заңы бойынша ат арбаны қандай күшпен тартса, арба сондай күшпен әрекет етеді. Неліктен арба бәрібір аттың соңынан (керісінше емес) қозғалады?

8.37 Арқан жылжымайтын етіп бекітілген блоктан асырылып тасталған. Арқанның бір жақ ұшын адам ұстап тұр, ал екінші жақ ұшында жүк ілінген. Адамның салмағы жүктің салмағына тең. Егер адам арқанда тартып жоғары көтерілсе не болады?

8.38 Жоғары қарай және ілгеріле ұшқан құс неліктен қанатын қағады?

8.39 Неліктен жиырма шақты вагонды сүйреп жүретін локомотивтерді берік, бірақ жеңіл қоспадан - дюралюминийден жасамайды?

8.40 42-суретте көрсетілгендей етіп ілінген магнит арқылы болаттан жасалған кішкене арбаны қозғалысқа келтіруге бола ма?

8.41 Екі кісі әрқайсысы 120 Н күшпен қарама-қарсы жақтарға тартқанда, 150 Н керілу күшіне шыдайтын арқан үзіле ме?

8.42 Таразы басын сумен жартылай толтырылған стакан теңгеріп тұр. Егер стакандағы суғ карандашты салып, оны стаканға тигізбей қолмен ұстап тұрса, таразының тепе-теңдігі бұзыла ма?

 

9. Табиғаттағы әр түрлі күштер


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)