|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Есептер. 5.1 Теміржол вагонының терезесінен бір нәрсе түсіп кетті
Орташа деңгей 5.1 Теміржол вагонының терезесінен бір нәрсе түсіп кетті. Мына жағдайлар үшін дененің еркін түсу уақыттары өзара тең болама: вагон қозғалмай тұрғанда, вагон тұрақты жылдамдықпен қозғалып бара жатқанда, вагон үдей қозғалғанда? Жауабын негіздеңдер. 5.2 Көлдің биік тік жағасында горизонталь бағытта ататын пулемет тұр. Оқтың бастапқы жылдамдығы 800 м/с. Оқтың ұшу қашықтығы қандай және оқтың суға түсердегі жылдамдығы қандай? Жардың биіктігі 10 м. 5.3 Горизонталь бағытта мылтықтан атылған оқ 1 км/с орташа жылдамдықпен ұшып шығады. Егер көздеген нысана 750м қашықтықта болса, ұшу мезгілінде оқ вертикаль бағытта қанша деңгейге төмендейді? 5.4 Ұшу қашықтығы Н биіктігіне тең болу үшін денені қайсыбір Н биіктіктен горизонталь бағытта қандай жылдамдықпен лақтыру керек? 5.5 Тас горизонталь бағытта лақтырылады. Қозғалыс басталғаннан кейін 0,5 с өткенде тас жылдамдығының сандық мәні оның бастапқы жылдамдығынан 1,5 есе артады. Тастың бастапқы жылдамдығын табыңдар. Ауа кедергісі ескерілмейді. 5.6 4500 м биіктітегі бомбалаушы ұшақтан тасталған бомба вертикаль дейгейден 6 км қашықтыққа түсу үшін ұшақтың горизонталь жылдамдығы қандай болу керек? Жеткілікті деңгей 5.7 Лақтыру қашықтығы сақталып қалу үшін горизонталь лақтырылған дененің жылдамдығын екі есе кем биіктікте қалай және қанша есе өзгерту керек? 5.8 Үйдің төбесінен 15 м/с жылдамдықпен горизонталь лақтырылған тас жерге көкжиекпен 600 бұрыш жасай түскен. Үйдің биіктігі қандай? 5.9 125 м биіктікте 90 км/сағ жылдамдықпен горизонталь ұшып жүрген тікұшақтан жүк лақтырылған. Қандай биіктікте жүктің жылдамдығы горизонтпен 450 бұрыш жасайды? 5.10 Көлбеулігі α болатын жардың төбесінен тас горизонталь лақтырылған. Төбесінен L қашықтықтағы етегіне түсу үшін тас қандай жылдамдықпен лақтырылу керек? 5.11 Ұшақ 500 м биіктікте 126 км/сағ жылдамдықпен ұшып барады. Онымен кездесу үшін қарсы бағытта 18 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан кемеге ұшақтан жүк лақтырылған. Жүкті кемеден қандай қашықтықта лақтыру керек? 5.12 50 м жердегі нысанаға мылтықтан бірдей көздеп горизонталь бағытта екі рет оқ атылған. Бірінші оқтың жылдамдығы 320 м/с,екіншісінікі 350 м/с. Оқ тиген нүктелердің арақашықтығын табыңдар. 5.13 Мылтықтан вертикаль жоғары атылған оқ 18 км биіктікке көтерілген. Осы мылтықтан жер бетінен 1,8 м биіктікте горизонталь бағытта оқ атылса, оның түсу қашықтығы қандай болар еді? 5.14 Горизонталь лақтырылған доп сол жерден 5 м қашықтықтағы қабырғаға соғылады. Доптың қабырғаға соғылған орны доп лақтырылған биіктіктен 1 м төмен. Доп қандай жылдамдықпен лақтырылған? Доп қабырғаның бетіне қандай бұрышпен тиеді? 5.15 Дене һ биіктіктен горизонталь υ0 бастапқы жылдамдықпен лақтырылған. Дененің координаталары мен оның толық жылдамдығы уақытқа қалай тәуелді? Траекторияның теңдеуін қорытыңдар. 5.16 Баспалдақтан домалаған ағаш шардың горизонталь жылдамдығы 4 м/с. Баспалдақтың биіктігі 20 см, ені 35 см. Шар бастапқыда нешінші баспалдаққа соғылады? 5.17 Тас горизонталь лақтырылған. 3 с-тан кейін оның жылдамдығы горизонтқа 450 бұрыш жасай бағытталған. Дененің бастапқы жылдамдығының және қозғалыс басталғаннан 3 с өткеннен кейінгі жылдамдығының модульдерін табыңдар. Жоғары деңгей 5.18 Горизонталь ұшып келе жатқан оқ бір-бірінен 30 м қашықтықта вертикаль орналасқан екі парақ қағазды бірінен кейін бірін тесіп өткенде, екінші парақтағы тесік біріншідегі 2 мм төмен болған. Оқ бірінші парақ қағазға қандай жылдамдықпен жеткен. 5.19 Дене горизонталь лақтырылған. Лақтырылғаннан 5 с-тан кейінгі жылдамдық пен үдеудің арасындағы бұрыш 450 болған. Сол мезеттегі дененің жылдамдығын табыңдар. Лақтырғаннан кейін қанша уақыт өткеннен кейін жылдамдығы бастапқы жылдамдықтан екі есе үлкен болады? 5.20 Биіктігі Н, R (35-сурет) конус тәрізді зырылдауық тегіс үстел бетімен өз осінен айнала жылжып келеді. Зырылдауық ілгерілемелі қозғлысының қандай υ жылдамдығында үстелдің шетіне ілікпей ұшып түседі? 5.21 Тас 10 м/с жылдамдықпен горизонталь лақтырылған. Қозғалыс басталғаннан 3 с-тан кейінгі тас траекториясының қисықтық радиусын табыңдар. Ауа кедергісін ескермеңдер.
6. Горизонталь бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.) |