|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Есептер. 9.1 Қатаңдығы 100 Н/м серіппе қайсыбір әрекетінен 5 см-ге ұзарды
Орташа деңгей 9.1 Қатаңдығы 100 Н/м серіппе қайсыбір әрекетінен 5 см-ге ұзарды. Бұдан екі есе үлкен күштің әсерінен 1 с-ге ұзаратын басқа серіппенің қатаңдығы қандай? 9.2 46-суретте резеңке бау ұзындығының оған түсірілген күштен тәуелділік графигі келтірілген. Резеңкенің қатаңдығын анықтаңдар. 9.3 Ай менКүннің гравитациялық тартылыс күші Ай мен Жердің гравитациялық тартылыс күшінен неше есе үлкен? 9.4 Бір-біріне гравитациялық тартылыс күші әрекетінен Жер мен Ай қандай үдеулер алатынын анықтаңдар. 9.5 Ай центрінен қандай қашықтықта дене Жерге де, Айға да бірдей күшпен тартылады? 9.6 Айдағы, Шолпандағы, Юпитердегі еркін түсу үдеуін анықтаңдар. 9.7 Көлемі 400 см2 мыс кесегіне қандай ауырлық күші әрекет етеді? 9.8 Аулада өсіп тұрған ағаштың салмағы бар ма? 9.9 Ауада ұшып бара жатқан қарлығашқа ауырлық күші әрекет ете ме? Ұшып жүрген қарлығаштың салмағы бар ма? 9.10 Төбеде жорғалап бара жатқан шыбынның салмағы қайда түседі? 9.11 Жүгіріп бара жатқан адам асқын салмақ және салмақсыздық күйлерін сезіне ме? 9.12 Қозғалмай тұрған автокөлікке үйкеліс күшті әрекет ете ме? 9.13 үйкеліс күші денені үдемелі қозғалысқа келтіре ала ма? 9.14 Саз балшықты жолда неліктен жүк тиелген автокөлік жүгі жоқ автокөліктен гөрі аз тығылып қалады? 9.15 Массасы 50 кг бала шанамен төбеден сырғанап түсіп, горизонталь жолмен 10 с ішінде тоқтағанша 20 м жол жүрді. Шана мен жолдың арасындағы үйкеліс коэффициентін анықтаңдар. 9.16 Сырғанау үйкелісінің коэффициенті 0,3-ке тең болса, автокөлік қандай максимал үдеумен қозғала алады? 9.17 Жолдың горизонталь бөлігінде тұрған автокөлік орнынан қозғалады. Жол мен дөңгелектердің арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,5-ке тең болса, автокөліктің максимал үдеуін анықтаңдар. 9.18 Неліктен суда жүзу белге дейін суға батып жүгіруден жеңіл? Жеткілікті деңгей 9.19 Екі бала екі ұшына динамометр ілінген резеңке бауды екі жаққа тартады. Бау 2 см ұзарғанда, динамометрлердің әрқайсысы 20 Н күшті көрсетті. Баудың қатаңдығы қандай? Бау 6 см ұзарғанда динамометрлер нені көрсетеді? 9.20 Резеңке баудың қатаңдығы к. Сол бауды екі қабат етіп бүктегендегі қатаңдықты есептеңдер. 9.21 Қатаңдықтары 200 Н/м және 300 Н/м серпіппелерді алдымен параллель, содан кейін тізбектеп жалғаған. Серіппелер жүйесінің екі жағдайдағы қатаңдығы қандай? 9.22 Жер бетінің маңында денеге 36 Н бүкіләлемдік тартылыс күші әрекет етеді. Жер бетінен 2 Rж қашықтықта тартылыс күші неге тең? Rж – Жер радиусы. 9.23 Жер бетінің маңында денеге 36 Н бүкіләлемдік тартылыс күші әрекет етеді. Тереңдігі 0,5 Rж болатын радиалдық шахтадағы сол денеге әрекет ететін тартылыс күші неге тең? Жерді сфералық, біртекті шар деп есептеу керек. Rж – Жер радиусы. 9.24 Жердегі еркін түсу үдеуі және Марстың радиусы Жер радиусының 0,53 бөлігін, ал массасы Жер массасының 0,11 бөлігін құрайтыны белгілі деп есептеп, Марстағы еркін түсу үдеуін анықтаңдар. Жерде g=9,8м/с2. 9.25 Жер радиусына тең биіктіктегі еркін түсу үдеуі қандай болады? 9.26 Жер бетінен қандай биіктікте еркін түсу үдеуі 10%-ға кемиді? Жерді радиусы 6400 км шар деп есептеу керек. 9.27 Жерден Күнге дейінгі қашықтық 1,5*108 км деп есептеп, Күннің массасын бағалаңдар. 9.28 Жердің радиусы 6400 км шар деп есептеп, массасы мен орташа тығыздығын анықтаңдар. 9.29 Ұшақ вертикаль жазықтықта радиусы 800 м шеңбер доғасын жасап, төменгі нүктеден 200 м/с жылдамдықпен құлдыраудан шығып, жоғары көтеріледі. Тракекторияның төменгі нүктесінде ұшқыш қандай асқын салмаққа шыдауына тура келеді? 9.30 Сұйыққа салмақсыздық күйінде батырылғн денеге ығыстырушы күш әрекет ете ме? 9.31 Егер лифтінің 18 м жол жүргендегі жылдамдығы 3 м/с-қа жететіні белгілі болса, бірқалыпты үдемлі көтерілген лифтідегі массасы 100 кг жүктің салмағы қандай болады? 9.32 Денелер экваторда салмақсыз болуы үшін Жердегі тәуліктің ұзақтығы қандай болуы керек? 9.33 Диаметрі 12 м центрфугада горизонталь жазықтықта 4,04 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналаын ғарышкер қандай асқын салмаққа шыдауы керек? 9.34 Жер бетінен қозғалған кезде ғарыш зымыраны 20 м/с2 үдеумен вертикаль жоғары қарай қозғалады. Ондағы массасы 80 кг ғарышкердің салмағын анықтаңдар. 9.35 Салмағы 2,5 есе артуы үшін кірді қандай үдеумен жоғары көтеру керек? Салмағы 2,5 есе кемуі үшін оны қандай үдеумен төмен түсіру керк? 9.36 Горизонталь жолмен 72 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан автокөлік дөңгелектері мен жоларасындағы үйкеліс коэффициенті 0,6 болғнда, тежелу басталғаннан кейін қандай минимал қашықтықты жүріп өтеді? 9.37 Горизонталь мұз үстінде сырғанаған тас 42 м жүріп барып тоқтайды. Егер тас пен мұздың арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,06 болса, оның жол басындағы жылдамдығын анықтаңдар. 9.38 Шанаға жегілген иттер қардың бетімен максимал 500 Н күшпен әрекет ете алады. Егер сырғанау үйкелісінің коэффициенті 0,1-ге тең болса иттер қандай массадағы жүк тиелген шананы сүйрей алады? 9.39 Массасы 10 кг денені горизонталь бет бойымен 50 Н күшпен горизонтпен 300 бұрыш жасайтын бағытта тартады. Дененің үдеуі 3,5 м/с2. Дене мен бет арасындағы үйкеліс коэффициентін анықтаңдар. 9.40 Массасы 45 кг жүк горизонтпен 300 бұрыш жасайтын бағытта 294 Н күштің әрекетінен горизонталь бет үстінде орын ауыстырады. Жүк пен бет арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,1-ге тең. Дененің үдеуін анықтаңдар. Жоғары деңгей 9.41 Айдың Жерді айналу периоды 27 тәулік. Айдың орбитасын шеңбер деп есептеп, оның радиусын анықтаңдар. 9.42 Тәуліктің ұзақтығы қандай болғанда Жердің экваторындағы дененің салмағы оның полюстегі салмағынан 2 есе аз болады? 9.43 Жер бетінің бір нүктесінің үстінде «ілулі» тұрғандай қозғалатын Жердің жасанды серігінің орбитасының дөңгелектік радиусын анықтаңдар. Жердегі тәуліктің ұзақтығы 24 сағ. 9.44 Тығыздығы 1017 кг/м3 болатын нейтрондық жұлдыз серігінің минимал айналу периодын анықтаңдар. 9.45 Айналу периоды 1 тәул болатын Жердің жасанды серігі орбитасының радиусын табыңдар.
10. Бірнеше күштің әрекетінен болатын денелердің қозғалысы. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.) |