АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Есептер. 6.1 Доп 10 м/с жылдамдықпен көкжиекке 300 бұрыш жасай лақтырылған

Читайте также:
  1. Есептер
  2. Есептер
  3. Есептер
  4. Есептер
  5. Есептер
  6. Есептер
  7. Есептер
  8. Есептер
  9. Есептер
  10. Есептер
  11. Есептер

Орташа деңгей

6.1 Доп 10 м/с жылдамдықпен көкжиекке 300 бұрыш жасай лақтырылған. а) Доптың қандай биіктікке көтерілетінін; ә) қанша уақыт қозғалыста болатынын табыңдар. Ауа кедергісін ескермеңдер.

6.2 Көкжиекке 450 бұрыш жасай лақтырылған дөңгелек максимал һ биіктікке көтерілді. Оның ұшу қашықтығы қандай?

6.3 Дене көкжиекке бұрыш жасай 10 м/с бастапқы жылдамдықпен лақтырылған. Оның 3 м биіктікке жеткен мезеттегі жылдамдығын табыңдар.

6.4 12 м/с жылдамдықпен көкжиекк 450 бұрыш жасай лақтырылған тас жерге лақтырған орнынан s қашықтыққа түскен. Сондай жылдамдықпен сол жерге түсу үшін тасты қандай һ биіктіктен лақтыру керек?

6.5 Дененің көтерілу биіктігі үшін ұшу қашықтығына тең болу үшін оны көкжиекке қандай бұрышпен лақтыру керек?

6.6 Көкжиекке 300 бұрыш жасай лақтырылған тас қозғалыс басталғаннан кейін 3 с және 5 с-тан соң екі рет бірдей биіктікте болған. Тастың бастапқы жылдамдығы мен максимал көтерілу биіктігін табыңдар.

6.7 10 м/с бастапқы жылдамдықпен лақтырылған тастың 0,5 с-тан кейінгі жылдамдығы 7 м/с болған. Тас бастапқы деңгейінен қандай максимал биіктікке көтеріледі?

Жеткілікті деңгей

6.8 Көкжиекке 600 бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс басталғаннан 4 с өткендегі жылдамдығының вертикаль құраушысының проекциясы 10 м/с болды. Дененің лақтырылған жері мен түскен орнының арақашықтығын табыңдар.

6.9 Екі дене бір нүктеден горизонтқа α1=300 және α2=450 бұрыш жасай лақтырылған. Егер денелер жердің бір нүктесіне түссе, олардың бастапқы жылдамдықтарының қатынасы қандай?

6.10 Жерге орнатылған шлангіден 15 м/с бастапқы жылдамдықпен горизонтқа 300 бұрыш жасай су атқылап тұр. Шлангінің көлденең қимасының ауданы 1см2. Ауадағы атқылаған судың массасын табыңдар.

6.11 10 м/с жылдамдықпен көкжиекке 300 бұрыш жасай тас лақтырылды. Қанша уақыттан кейін тас 1 м биіктікте болады?

6.12 Зеңбірек пен нысана бір деңгейде бір-бірінен 5,1 км қашықтықта тұр. Бастапқы жылдамдығы 240 м/с болатын снаряд нысанаға қанша уақытта жетеді?

6.13 Бала өзінен 4 м жердегі қабырғаға қарай 10 м/с жылдамдықпен 450 бұрышпен доп лақтырады. Серпілген допты ұстап үшін бала қабырғадан қандай қашықтықта тұру керек? Доп қабырғаға абсолют серпімді соғылады деп есептеңдер.

6.14 Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған тас 4 с-тан кейін жерге түсті. Ұшып бара жатқан тастың максимал жылдамдығы, оның минимал жылдамдығынан екі есе үлкен болса, тастың ең үлкен биіктігі мен түскен қашықтығы неге тең?

6.15 Мотоциклші 37-суретте көрсетілгендей шұңқырдың жиегіне шығады. Шұңқырдан қарғып өту үшін оның ең аз жылдамдығы қандай болу керек? Суретте көрсетілген шамалар белгілі деп есептеңдер.

6.16 Көлбеулігі 300 төбеден горизонтқа 300 бұрыш жасай лақтырылады. (38-сурет). Тас лақтырған жерден 20 м қашықтыққа түссе, оның бастапқы жылдамдығы неге тең?

Жоғары деңгей

6.17 Дене бастапқы жылдамдықсыз 2 м биіктіктен еркін түседі. 0,5 м биіктікте дене горизонтқа 450 бұрыш жасай бекітілген бетке абсолют серпімді соғылады. (39-сурет). Дененің жерге түскендегі L қашықтығын және толық қозғалыс уақытын табыңдар.

6.18 Сфералық шұңқырда ыршып жүрген шар оның қабырғасының бір горизонтальда орналасқан екі нүктесіне серпімді соғылады. (40-сурет). Шардың солдан оңға қарай соқтығу уақыты T1, ал оңнан солға қарай соқтығу уақыты T2, мұндағы T2 ≠ T1. Шұңқырдың радиусын табыңдар.

6.19 Шлангінің саусақпен басқан тесігінің екі жерінен горизонтқа α және β бұрышпен, бірдей жылдамдықпен су шапшып тұр. Олар горизонталь бағытта тесіктен қандай қашықтықта қиылысады?

 

7. Айналмалы қозғалыс


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)