АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Есептер. 13.1. Тербелмелі контуда индуктивтілік пен сыйымдылық қандай рөл атқарады?

Читайте также:
  1. Есептер
  2. Есептер
  3. Есептер
  4. Есептер
  5. Есептер
  6. Есептер
  7. Есептер
  8. Есептер
  9. Есептер
  10. Есептер
  11. Есептер

Орташа деңгей

13.1. Тербелмелі контуда индуктивтілік пен сыйымдылық қандай рөл атқарады?

13.2. Тербелмелі контурда катушканың актив кедергісі болуының қандай мағынасы бар?

13.3. Басқа шарттары өзгермегенде контурдағы катушканың актив кедергісінің артуы ондағы еркін электромагниттік тербелістер пайда болады?

13.4. Қандай жағдайларда контурда өшпейтін электромагниттік тербелістер пайда болады?

13.5. Контурдағы электромагниттік тербелістер процесінде энергия неге шығындалады?

13.6. Ra=0 контурдағы индуктивтікті екі есе, сыйымдылықты төрт есе арттырғанда, ондағы еркін тербелістердің периоды мен жиілігі қалай өзгереді?

13.7. Сыйымдылығы 2мкФ конденсатормен жиілігі 1000 Гц электромагниттік тербелістер алу үшін тербелмелі контурға индуктивтігі қандай катушка қосу керек?

13.8. Дыбыс жиілігі 400 Гц электромагниттік тербелістер алу үшін 0,76 Гн катушкасы бар тербелмелі контурға сыйымдылығы қандай конденсатор қосу керек?

13.9. Меншікті тербелістерінің жиілігі 30кГц тербелмелі контурдағы конденсаторды алмастырғаннан кейін жиілік 40кГц болды.а) Екі конденсаторды парраллель; ә) тізбектей жалғағанда, контурдағы тербелістер жиілігі қандай болады?

13.10. Контурда жиілігі 400 Гц–тен 500Гц –ке дейін тербелістер болуы үшін тербелмелі контурдағы катушканың индуктивтігі қандай шектерде өзгеруі қажет? Конденсатордың сыйымдылығы 10мкФ.

13.11. Тербелмелі контурда периоды 0,2 мс еркін өшпейтін электромагниттік тербелістер жүріп жатыр. Ток күші тербелістерінің амплитудасы 31,4мА екені белгілі болса, заряд тербелістерінің амплитудасы неге тең?

13.12. Тербелмелі контурсыйымдылығы C=1мкФ конденсатордан және индуктивтігі L=0,01 Гн катушкадан тұрады. Контурдағы тербеліс периодын есептеңдер. Пайда болғаг тербелістерді жоғары жиілікті деуге бола ма?

13.13. Сыйымдылығы 500пФ конденсатордан және индуктивтігі 1мГн катушкадан тұратын контурдың тербеліс периодын табыңдар.

13.14. Катушканың кедергісі мардымсыз аз болған жағдайда, ондағы ток максимум болған мезеттерде тербелмелі контурдағы конденсатордың энергиясы қандай?

 

Жеткілікті деңгей

13.15. LC- контур индуктивтігі 0,2Гн катушкадан және сыйымдылығы 10 мкФ конденсатодан тұрады. 2В кернеуге дейін зарядталған конденсатор разрядтала бастайды. Энергия электр және магнит өрістеріне тең бөлінген мезеттегі ток күші қандай болады?

13.16. Тербелмелі контурдағы катушка индуктивтігін 50-ден 500Гн-ге дейін, ал конденсатор сыйымдылығын 10-нан 1000пФ-қа дейін өзгертуге болады. Осы контурды дәлдегенде жиіліктің қандай ауқымын алуға болады?

13.17. Индуктивтігі 3 мГн катушкадан және сыйымдылығы 2 мкФ конденсатордан тұратын контурдағы меншікті электр тербеліс жиілігін табыңдар.

13.18. Сыйымдылығы 2мкФ тербелмелі контурда жиілігі 1000 Гц дыбыс жиілігін алу үшін қандай индуктивтік қосу керек? Контурдың кедергісін ескермеңдер.

13.19. Тербелмелі контурдағы еркін тербелістерде конденсатор разрядтала бастағаннан 1/8; 1/4; 1/2; 3/4 период өткенде энергия қайда шоғырланады?

13.20. Конденсатор астарларындағы кернеу мен тербелмелі контурдағы ток фазалары бойынша сәйкес келе ме?

13.21. Тербелмелі контурда конденсатор астарларындағы кернеудің уақытқа тәуелділігі u=10cos(2 103 t) теңдеуімен берілген. Конденсатордың сыйымдылығы C= 2,6 10-8 Ф. Электромагниттік тербелістердің периодын, контурдың индуктивтігін, ток күшінің уақытқа тәуелділігін, контурдағы электр және магнит өрістерінің максимал энергияларын анықтаңдар.

13.22. Тербелмелі контурдағы ток күші уақыт өтуімен i =0,01cos1000 t заңы бойынша өзгереді. Контурдағы конденсатордың сыйымдылығы C=10 мкФ. Контурдың индуктивтігі мен конденсатор астарларындағы максимал кернеуді табыңдар.

13.23. Конденсатордың максимал заряды qm= 10-6Кл, ал максимал күші ток кұші Im= 10 А. Контурдың тербеліс жиілігін табыңдар.

13.24. Тербелмелі контур сыйымдылығы C=400пФ конденсатордан және индуктивтігі L= 10мГн катушкадан тұрады.Ток күші тербелістерінің амплитудасы Im= 0,1 А болғандағы кернеу тербелістері амплитудасы неге тең?

13.25. Индуктивтігі L, сыйымдылығы C контурда еркін өшпейтін тербелістер өтеді. Конденсатордағы максимал кернеу Um болғандағы Im максимал ток күші неге тең?

13.26. Тербелмелі контур индуктивтігі L=0,2 Гн дроссельден және сыйымдылығы C=10-5 Ф конденсатордан құрылған. Конденсатордың кернеу 1 В болған мезетте ток күші 0,01 А. Кнтурдағы максимал ток күшін табыңдар.

13.27. Контурдағы ток күші амплитудасы Im=1,4 А, ал кернеудің амплитудасы Um= 280 В. Катушканың магнит өрісі энергиясы конденсатордың электр өрісі энергиясына тең болған мезеттегі ток күші мен кернеуді табыңдар.

Механикалық толқындар. Дыбыс

14.1. Зеңбіректің атылу дыбысы бақылаушыға, оның жарқылы көрінгеннен кейін 30 с өткенде жеткен. Зеңбірек пен бақылаушының арасы 10 км. Ауадағы дыбыстың таралу жыдамдығын табыңдар.

14.2. Найзағай жарқылдағаннан 12 с-тан кейін оның күркіреуі бақылаушыға жеткен. Найзағай бақылаушыдан қандай қашықтықта пайда болған?

14.3. Есту қабілеті қалыпты адамның қабылдай алатын ең төменгі дыбысының жиілігі 16 Гц. Осы жиілікке сәйкес толқынның ауадағы ұзындығы қандай?

14.4. Дыбыстың судағы жылдамдығы 1450 м/с. Жиілігі 200 Гц тербеліс көзі тудыратын судағы дыбыстың толқын ұзындығын табыңдар.

14.5. Қума немесе көлденең толқындардың қайсысы 1) газда; 2) сұйықта; 3) қатты денелерде таралады?

14.6. Қобыз ішегіндегі ысқыш арқылы тудырылатын толқындар және ішектің ауадағы тудыратын толқындары қума толқын ба әлде көлденең толқын ба?

14.7. Қандай камертон ұзақ дыбыс шығарады:қысқышқа бекітілгені ме, резонаторлық жәшікте тұрғаны ма?

14.8. Шағылдыратын алты қабырғасының болуына қарамастан, өлшемі әдеттегідей бөлмеде жаңғырық байқалмайды. Дыбыстың шағылу құбылысы жоқ сияқты көрінуін қалай түсіндіруге болады?

14.9. Толқындардың таралу жылдамдығы, толқын ұзындығы және тербеліс жиілігі арасындағы тәуелділік қандай? Толқын бір ортадан екінші ортаға өткенде осы шамалардың қайсылары өзгереді?

14.10. Толқындардың таралу жылдамдығы 340 м/с, жиілігі 200 Гц болғандағы толқын ұзындығын табыңдар. Периоды 0,0020 с тербеліс көзі суда ұзындығы 2,9 м толқын туғызса, дыбыстың судағы таралу жылдамдығы неге тең?

14.11. Өзеннің жағасында тыныш тұрған бақылаушының тұсынан 6 с–та төрт толқын жотасы өткен. Бірінші және үшінші жотаның арақашықтығы 12 м. Су бөлшектерінің тербеліс периодын, толқынның таралу жылдамдығын, толқын ұзындығын табыңдар.

14.12. Толқын ұзындығы 0,6 м толқындарынын 2 –мен 5 – жоталарының аралығы неге тең?

14.13. Дыбыс сезімі адамда шамамен 0,1 с сақталады. Адам негізгі және кедергіден шағылған дыбыстарды бөліп есту үшін кедергіден қандай қашықтықта тұруы керек? Дыбыс жылдамдығы 340м/с.

14.14. Жиілігі 435 Гц «ля» негізгі тонының толқын ұзындығын табыңдар. Дыбыс жылдамдығы 340м /с.

14.15. Адам құлағы жиілігі шамамен 20-дан 20 000Гц–ке дейінгі дыбысты қабылдай алады. Дыбыс тербелістері естілетін интервл қандай толқын ұзындықтары арасында жатады? Ауадағы дыбыс жылдамдығы 340 м/с.

Жеткілікті деңгей

14.16. Дыбыс ауадан суға өткенде дыбыс толқынының ұзындығы неше есе өзгереді? Дыбыстың судағы жылдамдығы 1450 м/с, ауадағы жылдамдығы 340 м/с.

14.17. Жиілігі ν дыбыс тербелістерінің бірінші ортадағы толқын ұзындығы λ1, ал екінші ортадағы толқын ұзындығы λ2. Егер λ1=2λ2 болса, осы тербелістердің таралу жылдамдығы бірінші ортадан екінші ортаға өткенде қалай өзгереді?

14.18. Дыбыстың судағы жылдамдығы 1450 м/с. Егер тербеліс жиілігі 725 Гц болса, қарама – қарсы фазада тербелетін ең жақын нүктелердің арақашықтығы қандай болады?

14.19. Жиілігі 450 Гц толқын 360 м/с жылдамдықпен таралады. Толқынның бір-бірінен x =20 см қашықтықтағы екі нүктесінің фазалар айырымы неге тең?

14.20. Катер теңізде 54 км/сағ жылдамдықпен жүзеді. Толқын жалдарының арақашықтығы 10м, толқындағы су бөлшектерінің тербеліс периоды 2 с. Толқынның таралу бағытында қозғалған катердің қабырғасына толқындар қандай жиілікпен ұрылады? Толқынға қарсы бағытта жүзгенде ше?

14.21. Егер толқындардың таралу жылдамдығы 5000 м/с, ал жиілігі 100 Гц болса, бір сәуледе жатқан, бірдей фазада тербелетін қума толқынның ең жақын нүктелерінің ара қашықтығы неге тең болады?

14.22. Бір сәуленің бойында жатқан, тербеліс көзінен l 1=12 м және l 2=14,7м қашықтықтағы нүктелердің тербеліс фазаларының айырымы 3 / 2 рад. Тербеліс көзінің периоды 1мс болса, берілген ортадағы тербелістерінің таралу жылдамдығы қандай болғаны?

14.23. Мылтықтың атылу жыңғырығы атқышқа 4с өткенде қайтып жетті. Дыбыс шағылыған кедергі атқыштан қандай s қашықтықта орналсқан? Дыбыстың ауадағы жылдамдығы 340 м/с.

14.24. Атылған оқ пен дыбыс бір мезгілде 680 м биіктікке жеткен. Мылтық вертикаль жоғары қарай атылған. Оқтың бастапқы жылдамдығы қандай? Ауа кедерісін ескереңдер. Ауадағы дыбыс жылдамдығы 340 м/с.

14.25. Егер периоды 5мс тербелістің ұзындығы 7,175м дыбыс толқынын туғызсаа, дыбыстың судағы жылдамдығы неге тең?

14.26. Егер дыбыс толқынының фазалар айырымы 90 болатын іргелес екі нүктенің арақашықтығы 1,54 м болса, онда болаттағы дыбыс тербелістерінің жиілігі неге тең? Дыбыстың болаттағы тарау жылдамдығы 5000 м/с.

14.27. Егер тербеліс жиілігі 680 Гц болса, бір-бірінен 25 см қашықтықтағы екі нүктенің фазалар айырымы неге тең? Дыбыстың ауадағы жылдамдығы 340 м/с.

15. Электромагниттік толқындар.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)