АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Иллюстративті материалдар: 5 страница

Читайте также:
  1. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 1 страница
  2. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 2 страница
  3. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 3 страница
  4. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 4 страница
  5. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 5 страница
  6. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 6 страница
  7. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 7 страница
  8. I. Перевести текст. 1 страница
  9. I. Перевести текст. 10 страница
  10. I. Перевести текст. 11 страница
  11. I. Перевести текст. 2 страница
  12. I. Перевести текст. 3 страница

Ауыр тұқымдардан өскен өсімдіктер тұқымының орташа массасы —518,7 мг, ал жеңіл тұқымынан —444,4 мг болды. Осы арқылы үрме бұршақтың сорт-популяциясы әрқайсысы генетикалық құрамы жағынан әртүрлі өсімдіктерден тұратынын және әрңайсысы таза линияның басы бола алатыны көрсетілді.

Иоганнсен 6—7 ұрпақ бойы әрбір өсімдіктен ауыр және жеңіл тұқымды бөлек жинап отырды. Бірде-бір линияда тұқым массасының айтарлыңтай өзгерісі болмады. Таза линияның ішіндегі тұқым көлемдерінің өзгеруі түқым қумайтын, модификациялың өзгергіштік болып табылды.

Сонымен, өздігінен тозаңданатын өсімдіктердің популяциясы геиотипі жағынан алғанда әр түрлі линиялардан тұрады, өйткені мұндай популяцияның өсімдіктері өзара будандаспайды.

Жеке организм өздігінен тозаңданғанда жаңа нәсілдің, сорттың немесе түқымның басы бола алады. Мысалы, популяциядан таңдап алынған бір дәннен бидайдың жаңа сорты шығарылуы мүмкін. Айқас ұрықтанатын организмдердің популяциясының генотипі табиғатта әртүрлі генотипті өкілдердің еркін шағылысуы арқылы, яғни панмиксия негізінде де қалыптасады. Панмиксиялық популяцияның құрылымын ашып көрсету үшін Д. Джонс және Е. Ист ұсынған жасанды будан популяциясының үлгісін қарастырып көрейік. Тәжірибе үшін олар күлтесінің биіктігі (қысқа және ұзын) әртүрлі болатын темекінің екі түрін будандастырды. Бірішні ұрпақ өсімдіктері өзара будандастырылды, ал екінші ұрпақтың осы белгі бойынша өзгергіштігі ұқсас болған А және В линиялары алынды. Күлтенің ұзындығын көп гендер анықтайды, ол екінші ұрпақта (Ғ2) 52-ден 88 мм-ге дейінгі мөлшерде. Альшған линиялар ұрпақтарында бес ұрпақ бойы сұрыптау жүргізілді: сұрыптау А линиясында қысқа күлтеге, В линиясында ұзын күлтеге жүргізілді. Екі линияның ішіиде әрбір ұрпақта іріктеп алынған формалар өзара будандастырылды. Көрініп отырғандай, бесінші ұрпақтың өзінде А және В линиялары арасындағы айырмашылық орасан зор болды. А линиясындағы күлтенің ең биігінің ұзындығы В линиясындағы күлтенің ең аласасының ұзындығынан кем түсті, бұлардың арасында бірін-бірі басу (трансгрессия) болмады.

Демек, іріктеп алынған формаларды сұрыптау және будандастыру арқылы бастапқы популяцияға қарағанда басқаша белгілері бар линиялар жасауға болады. Бұл оның гетерогендігін көрсетеді. Бұл тәжірибеде қолдан сұрыптау бір белгі бойынша жүргізілді. Ал табиғатта табиғи сұрыптау көптеген белгілер бойынша жүргізіледі.

 

25-дәріс. Генетика және селекция.

1. Ауыл шаруашылық малдарының шаруашылыққа пайдалы белгілерінің тұқым қууы. Сандық және сапалық белгілер.

2. Тұқым қуғыштық пен қайталанушылық коэффиценттерін іс жүзінде қолдану.

3. Генотипті ұрпақтары бойынша бағадау.

Негізгі ұғымдар: сорт, штамм, «таза линия», аутбридинг, инбридинг, гетерозис.

Иллюстративті материалдар:

Генетикада белгілерді сапалық және сандық деп екі класқа бөледі. Олардың тұқым қуу ерекшелігі және өзгергіштігінен бір-бірінен өзгешелігі бар.

Шаруашылыққа пайдалы белгілер деп мал шаруашылық өнімдерінің экономикалық бағалыларын айтады. Кейбір белгілер, әсіресе таза қанды тұқымдарда, мысалы, түсі тек белгілі тұқымға тәндігін ғана көрсетеді. Әдетте мұндай белгілер бір нсмесе шамалы гана гендер жұбымен анықталады және фенотиптік жағынан бір-бірінеы өте айқын айырылады. Мысалы, қара малдың түсі — сары ала ақ ала симментал тұқымы, қазақтың ақ бас сиыры — басы ақ, қызыл, қызыл ала т. б. Мұндай белгілер сапалық белгілер деп аталады. Ауыл шаруашылығында өсірілетін малдардың бірсыпыра белгілері көптеген гендер жұбының бақылауында болады, ал фенотиптер класының арасыида айқын айырмашылық жоқ, тек қана бірте-бірте (үздіксіз) бір фенотиптік шектен екіншісіне қарай ауысу болады. Мұндай белгілерді сандық белгілер деп атайды. Оларға шаруашылыққа пайдалы белгілер, малдың туғандағы және анасынан айырғандағы салмағы, өсу жылдамдығы, азықты бордақылағанда нәтижелі пайдалануы, сүт өнімі, жүктілігінің ұзақтығы, жұмыртқа өнімдері т. с. с. жатады. Кейде сапалық белгілерді де сандық белгілер сыякты бағалауға болады, мысалы, мал қылшығында пигменттің құрамы арқылы талшықтың түсі өзгереді, бұл геннің аддитивті әрекетінен болады. Сандық белгі сияқты сапалық белгілерінің тұқым қуу мысалы ретінде Кэстл зерттеген голландия үй қоянының ала реңінің тұқым қууын келтіруге болады. Біркелкі қара рең төрт доминантты аллельдерге А1А1А2А2А3А3А4А4 байланысты екені анықталды; ақ қояндардың генотипі а1а1а2а2а3а3а4а4. Бұл гендердің кейбіреулерінде аллельдер екіден көп. Қояндардың денесіне ақ дақтардың тарауы генотиптегі доминантты аллельдер санына тәуелді.

Келтірілген мысалдар сандық және сапалық белгілердің тұқым қууында айтулы өзгеріс жоқ екендігін көрсетеді; бұл жағдайда айырмашылық — организм жүйелерінің өзара күрделі әрекетторі мен ортаның белгінің дамуына әсер етуіне және сандық белгілер мөлшері арқылы организмнің генотипін анықтау қиындығымен байланысты. Көптеген шаруашылыққа иайдалы белгілер гендер жүйесінің әсерімен дамиды. Ол әсер осы гендер жүйесін құрайтын элементтердің белгіге жанама жолмен ықпал жасайды. Мысал ретінде қойдың жүн өнімін алсақ, ол әрқайсысы полимерлі гендер тобымен бақыланатын бірқатар факторларға байланысты.

Жүннің қоюлығы, талшықтың жіңішкелігі, ұзындығы және терісінің қатпары өзара теріс байланыста, ал терісінің қатпары мен жүннің қоюлығы дұрыс корреляцияда болады. Жалпы жүн өніміне оның қоюлығы мен терісінің қатпары көбірек, ал ұзындығы — азырақ әсер етеді. Осындай құбылысты сиыр сүт майының мөлшерінен көруге болады, ол сүт мөлшерінен және оның майлылығынан тұрады, ал бұл екі көрсеткіш өзара теріс байланыста.

Ақырғы көрсеткіштің бастапқыларының бір қатарынан тәуелділігі соңғы көрсеткіштің тұқым қууын зерттеу үшін алғашңы көрсеткіштерді мүшелеп, оларды сұрыптағанда жеке есепке алуға мәжбүр етеді. Сонымен қатар ортаның әсері де бұл белгілерге бірдей емес. Мысалы, жүннің ұзындығы мен оның талшығының жіңішкелігі қойды азықтандыру және күтуге байланысты. ал терісінің қатпары немесе 1 мм2 терідегі талшық фолликулаларының саны тұқымға байланысты, сиыр сүтінің майлылығына азықтандыру, күтуге қарағанда оның жасы көбірек әсер етеді. Сондықтан сандық белгілерді зерттеу үшін қарапайым генетикалық талдау әдістерін қолдану әрдәйім нә-тижелі болмайды.

Генотиптік өзгергіштікті фенотиптік өзгергіштіктен айыру үшін математикалық әдіс қолданылады. Оларды зерттеп сипаттау үшін арнаулы түсініктер мен математикалық көрсеткіштер (параметрлер) жасалынған. Ондай ұғымдар тұқым қуалағыштық және қайталанғыштық.

Сандық белгілердің тұқым қуалағыштығы. Бұл жерде «туқым ңуу» және «тұқым қуалағыштық» деген ұғымдарға түсінік боре кеткен жен.

Тұқым қуу дегеніміз — организмнің көбеюі кезінде өзінің қасиеттері мен даму ерекшеліктерін ұрпаққа беруі. Түқым қуу организмнің бірнеше миллиондаған жылдар бойы ұрпақтарының өзгермеуін (әйтпесе бір шама ғана) қамтамасыз етеді. Тұқым қуалағыштық — организмнің тұқым қуатын қасиеттерінің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілу процесінің заңдылықтары. Тұқым қуалағыштың деп популяциядағы белгінің тұқым қуу арқылы қамтамасыз етілуі, ал тұқым қуалағыштық дәрежесі деп генотиптік өзгергіштіктің фенотиптік өзгергіштікке қатынасын (генотиптің фенотиптегі үлесі) айтады.

Корреляциялық немесе регрессиялық әдістермен анықталған тұқым қуғыштық коэффициенті аталық-аналықтарының ұрпақтарының сапасына ықпал дәрежесін көрсетеді. Бұл таңдап алған малдың болашақ ұрпағының өнімін болжауға мүмкіндік береді. Бірақ ол үшін осы тұқым қуғыштық коэффициенті анықталған уақыттағы шаруашылық жағдайының шартты түрде сақталуы қажет. Сұрынтаудың нәтижелігін анықтау үшін енесі бо-йынша һ2 мөлшерінің жартысын алады, себебі ұрғашы ұрпақтары енелерінен нәсілінің жартысын қабылдайды, басқаша айтқанда, енелері мен ұрғашы ұрпағының өнімдері арасындағы корреляция коэффициенті қолданылады. Аталары арасындағы сұрыптау нәтижелігін анықтау үшін һ2 мөлшерінің жартысын алып, атасы жағынан жартылай ұрғашы туыстары арқылы анықтайды. Дисперсиялық әдіспен анықталгап тұқым қуғыштық коэф-фициенті тек популяциядағы жалпы өзгергіштікке тұқым қуудың ықпал үлесін көрсетеді де сұрыптау нәтижелігін аяықтау үшін қолданылмайды.

Селекцияның келешектегі нәтижесін болжау үшін алдымен селекция дифференциалды табады. Селекциялық дифферснциал дегеніміз іріктеп алған мал мен сұрыптауды бастағандағы барлық малдың (популяцияның) өнімдерінің айырмашылығы, яғни енесінің орташа көрсеткіші, — популяциядағы барлық малдың орташа өнімі. Енесінің орташа көрсеткішіыің популяциялық орташа көрсеткішінеи ауытқуы толық тұқым қумайды, ол һ2 молшеріне байланысты. Соидықтан саласы белгілі енелерден туған ұрғашы ұрпағының болашақ өнімін мына формула арқылы бейнелейді: Мысалы, егер бір табындағы сиырлардың орташа сүті 3800 кг, ал іріктеп алынған топтағы сиырлардың орташа өнімі һ2 = 0,45 болғанда, 5000 кг десек, онда енелерінің селекциялық дифференциалы Sd= 5000 кг—3800 кг=- 1200 кг, ал ұрғашы Ғ1 болашақ онімі = 3800 кг + 1200 кг-0,5-0,45=3800+270 кг=4070 кг болу керек. Бұл нәтиже осы таңдап алынған сиырлардың ұрпақтарымен барлық табындағы сиырларды ауыстырады деген жағдайға арналған. Бірақ, жыл сайынғы сүттің өсуі әлдеқайда аз болады, себебі осы табында әлі де болса басқа сиырлар мен таңдап алынған сиыр-енелер қалады. Осыған байланысты сүтті сиырлардың ұрпақтарын таңдап алу арқылы өнімнің өсуі сиырларды шаруашылықта ұстау мерзіміне сәіікес болады. Егер осы келтірілген мысалға сәйкес табындағы сиырдың 20%-тін ауыстырса, онда жыл сайынғы өнім 54 кг (270 кг-ның 20%), ал 10% ауыстырса (270-тің 10%) 27 кг болады.

Селекциялың дифференциал сигманың үлесімен бейнеленуі мүмкін, яғни Sd: = і және ол сүрыптау нәтижелігін көрсетеді. Популяциялық орташаның дұрыс жаққа қарай ауысуы 3 болатыны белгілі. Демек, егер сұрып-талған малдардың белгілерінің төменгі шегі популяцияның орта мөлшеріне тең болса, онда малдардың 50% таңдап алынады, Егер сұрыптаудың төменгі шегі орташа габындық көрсеткіштен 1 жоғары болса, онда таңдап алынатын малдың үлесі 50%—34,2% = 18,5% тең болады т. с. с. Осыған орай сигманың үлесі — і өскен сайын сұрыптау нәтижелігі арта береді, демек селекцияның тиімділігі де артады, оны төмендегі деректерден көруге болады.

Тұқым қуалаушылықты білу селекцияның жоспарланған тпімділнін анықтау үшін өте маңызды. Мысалы, еріксіздікте 60 жылға жуық өсірілгеп күміс түстес қара түлкілерді сұрыптау арқылы олардыц ұрықтану маусымын жылжытудағы барлық әрекеттің нәтижесіз болда Д. К. Беляевтің анықтағанындай, бұл белгінің тұқым қуғыштығы оте төмен (1 — 2%) екені айқындалды, соның салдарынан бұл сұрыптау нәтижесіз болып табылады. Басқа бір мысал келтірейік. Қырқылған жүннің тұқым қуалауы бойынша елеулі айырмашылықтары бар биязы жүнді қойлардың екі тобы алынды: тұқым қуғыштық бірінші топта 15,4%-ке ал екінші топта — 1,2%-ке тең. Осы екі тонтағы сұрыптаудың да тиімділігі бірдей болмай шықты. Бірінші топта (тұқым қуғыштық жоғарылау) бір ұрпақтағы сұрыптауда жылжу 0,6 кг (6,2 кг-нан 6,8 кг-ға дейін), ал екінші топта (тұқым қуғыштық өте төмен) орташа қырқылған жүн тіпті өзгермеді, яғни сұрыптау тиімсіз болды.

Тұқым қуалағыштықты білудің өнімділікті ғылыми негізде жоғарылату үпіін маңызы бар. Мысалы, өнімнің орташа деңгейі қырқылған жүннен отар бойынша 1 кг жоғары болатын қойлар мен қошқарлардың тобын таңдап алса, онда бұл белгінің тұқым қуғыштығы һ2 = 0,3 жағдайында ұрпақтар жүнінің өнімділігі отардың орташа деңгейінен асып түседі, бірақ 1 кг емес, пебары 300 граммға асады.

Тұқым қуғыштықты білу сұрыптаудың сәйкес келетін әдістерін таңдау, оның тиімділігін анықтау, онімділікті ғылыми негізінде жоспарлау үшін өте маңызды.

Қайталанғыштық коэффициентінің де тікелей практикалық маңызы бар. Белгілердің тұқым қуғыштың коэффициенті олардың қайталанғыштық коэффициентімен тығыз байланыеты. Бұл коэффициент өнімнің қазіргі және одан кейінгі көрсеткіштерінің арасындағы байланысты көрсететіндіктен селекцияда маңызды орын алады. Белгінің қайталанғыштық коэффициентінің жоғарылығы оның паратиптік өзгергіштігінің аздығын, яғни тұқым қуғыштық коэффнциентінің жоғарылғын көрсетеді. Бұл — тү-қым қуғыштық коэффициентінің нсоғарғы шегі деп есептелінеді. Тұқым қуғыштық коэффициептін пайдалана отырып мысалы, белгілі бір табында бірінші лактациясы бойынша сүттілігі мен майлылығы жөнінде сиырларды бағалау дәрежесінің дұрыстығын анықтауға болады. Қайталанғыштық жоғары болса бірінші лактация бойынша таңдап алу нәтижелі болады, егер томен болса сшың тиімділігі шамалы. Бұл басқа малдардың сұрыпталатын белгілеріп жастайынан бағалауда да қажет. Кейде сүтті мал шаруа-шылығында олардыц жасына қарай түзетулер ентізуге тура келеді, себебі жасы ұлғайған сайын сүттілігі өзгереді. Есейгенде қайталанғыштық коэффициентіне түзетулерді енгізе отырып анықтау олардың жас кезіндегі бағасын тексеруге көмектеседі.

Сайып келгенде түқым қуғыштық коэффициенті сияқты қайталанғыштық коэффициентін де мал асылдандыру жөніндегі шаруашылық сұрақтарын шешуге қолдануға болады.

26-дәріс. Адам және жануарлар физиологиясы.

1. Кіріспе. Пәннің мақсаты, міндеті және әдістері.

2. Адам және жануарлар физиологиясы және физиологиялық зерттеулердің әдістері.

3. Физиология ғылымының тарихы.

Негізгі ұғымдар: биоэлектрлік құбылыс, ағза, фистула.

Иллюстративті материалдар:

Физиология физистабиғат, логос ілім деген грек сөздерінен құралады. Адам мен жануарлар физиологиясы осы организмдердің сыртқы қоршаған ортамен байланысы күйінде атқаратын қызметін зерттейді, олардың іске асу заңдылықтарын ашады. Физиологиялық тіршілік әрекеттің негізінде физиологиялық процестер жатады. Физиологиялық процестер тірі материяда және сапалы мазмұнға ие болған онда жүретін физикалық және химиялық процестердің күрделі бірлігінің формасы. Функция қызмет организмдегі, органдардағы, клеткалардағы зат алмасу процестердің орта жағдайының алуан өзгерістеріне бейімделуі барысындағы, әрі сол организмнің ортаға белсенді ықпалы барысындағы өзгерістердің нәтижесі.

Физилолгияның негізгі міндеті - жануар мен адам организмдерінгегі тіршілік процестің, мәселен нерв жүйесімен басқада жүйелер қызметтерінің спецификалық физиологиялық заңдарын одан әрі ашу анықтау. Себебі осы арқылы ол процестерді басқарудың жетілген әдістерін табуға болады. Физиология сөйтіп, тіршіліктің мән- мағнасын оның химиясы мен физикасын зерттеп білуге қатысады.

Физиологияның мақсаты - 1-тірі организмдегі қалыпты функциялардың іске асуының заңдылықтарын қоршаған ортаның үнемі өзгермелі және дамымалы жағдайларымен байланыстарын зерттеу. 2- сол тірі организмдегі функциялардың онтогенез және филогенез барысындағы дамуын әрі олардың өзара байланыстарын зерттейді.Физиологиялық процестерді зерттеудің әр түрлі деңгейлері бар: молекулалық, мембраналық, субклеткалық, клеткалық тканьдік, органдық жүйелік және организімдік.Бүкіл организмнің өмір сүру қызметін білу үшін, ең бірінші рет, оның жеке органдардың қызметін, олардың бір- бірімен және сыртқы ортамен қатнасын анықтау керек. Бірақ бұл жеке органдар қызметін реттеу әрқашанда организмнің тіршілік ету ортасына байланысты жалпы өмір сүру қызметін толық білу мақсатына бағынып отыру тиіс. Организмде жүретін барлық процестер бір- бірімен өте тығыз байланысып жатқандықтан, оларды зерттеуде көптеген қиындықтар кездеседі. Сондықан ондағы әр түрлі органдар жұмысын, оған организмде жүретін басқа процестердің ететін әсерін елемей зерттеуге ұ ұмтылушылық табиғи нәрсе болып табылады. Осы күрделі құбылыстарды олардың жәй түріне айналдырып және оның әрқайсысын жеке-жеке зерттеу жолынанализ – талдау жолыдеп атайды. Бұған мысал организмнен бөлініп алынған белгілі бір органдарды ң жұмысын қолдан жасаған ортада бақылау жүргізу. Бірақ мұндай зерттеу органдағы процестер сол орган қалыпты организм денесінде тұрғанда қалай жүреді.

Бізді сонымен қатар вивисекциялық опирацияжасау тірідей кесу әдістекмесіқанағаттандыра алмайды. Себебі мұнда орган қызметін анықтау қалыпты тіршілік ету ортасынан әлдеқайда алыс жатқан наркозбен ұйықтатылған жануарлар денесінде жүргізіледі.

Физиологиялық функцияларды аналитикалық әдіспен зерттеуді теріске шығаруға болмайды. Бірақ негізгі мақсат жартылай емес бөлшектелген біртұтас жануар организмін зерттеу болу тиіс. Орыстың атақты физиологі И.П.Павловғылымға созылмалы ұзақ уақыт бақылауға мүмкіндікберетін тәжірбиелер жасау әдісін егізді. Фистула қою әдісі деп аталады. Мұндай тәжірибелер операция жасаудың барлық ережелерін сақтай отырып операция жасалған және одан жазылған жануарларда жүргізіледі. Мұндай жануарлардың дені сау және барлық органдар қалыпты қызмет атқарады. Сондықтан онда операция жасалған орган қызметіне талдау жүргізуге де және оны организмнің басқа функцияларымен байланыстыра зерттеуге де мүмкіндік бар. Бұл организмді систездік жолмен зерттеу болып табылады. Сонымен дені сау организмге эксперимент жасау, тәжірибе қою физиологиялық зерттеудегі негізгі әдіс болып есептеледі. Эксперимент түрлері көп: экстирпация, трансплантация,перфузия, микроэлектронды техника, родиотелеметрия модельдеу.

Экстирпация кезде зерттелген органды жартылай немесе түгелдей кесіп алып тастайды да, бұдан соң организмде байқалатын өзгерістерді бақылау арқылы, оның денедегі қай қызметке қаншалықты қатысының бар екендігі анықталады. Мәселен бүйректі мойынға әкеліп орналастыру, немесе басқа организмге көшіріп қондыру.

Перфузия - зерттелетін, құрамы алдын ала белгілі ертіндіні не қанды тиісті органның тамырлары арқылы өткізу. Осылай органнан өткен ертіндіні сұйықты жинап алып оның қасиетін құрамын анықтап, орган клеткаларында қандай өзгерістерге түсетінін біледі.

Микроэлектрондық техника - түрлі электрофизиологиялық зерттеулерді тыныштық потенциалдарын әрекет потенциалдарын талдау, тітіркендірулер беру жүргізеді.

Радиотелеметрия арқылы әр түрлі қашықтықтағы мәселен тіпті ғарыштағы организмдерді бірнеше жүйелердің қызметтерінің көрсеткіштерін бір мезгілде электормагниттік және радиотолқындарды тіркеп жазып талдау арқылы математикалық электрондық есептеу техникасының көмегімен қажетті физиологиялық процестер арасындағы өзара сандық қатнастарды физиологиялық заңдылықтарды білу үшін математикалық модельдеу жүргізіледі.Физиология медицина қажетінен туған Себебі медицинаның алдынғы қатарлы өкілдері адамды оның денесінің құллысы және әр түрлі органдар қызметін білмей емдеп жазуға болмайтындығы ерте заманнан –ақ белгілі.

Бірақта ертедегі Греция мен Римнің дәрігерлері мен ақыл- ой иелері өздерінің денен организмдерінің қызметі туралы қорытындыларын, сол органдар құрылысын үстіртін зерттеу нәтижесінде туған, ойша жасалған пікірлерге негіздерп шығарған. XVII ғасырдың 1- ші жартысында Декарт көзе бір нәрсе тигенде кірпік қағу сияқты фактыларды негізге ала отырып, рефлекс туралы гипотеза шығарды.Оның ойынша рефлекс мида жануарлар рухының бір нервтен екінші нервке механикалық өту болып табылады. Жануарлар рухы өте кішкентай және жеңіл қозғалғыш бөлшектер.

М.В.Ломоносов 1711-1765 ж. зат пен қозғалудың сақтау заңын тапты, материя құрылысының кинетикалық теориясын негіздеді. Жылуды малекулалардың қозғалуының нәтижесі деп білді. Ол 1748 ж. металдар тотыққан кезде ауадан белгілі бір зат қосатындығын ауаның бірнеше газдар қоспасы екекнін тапты. Физиология ғылымы тек XIX ғасырдың 2- ші жартысынан бастап тез дами бастады. Табиғат тану ғылымындағы үш ұлы жаналық энергетиканың сақталу заңы,клеткалық теория және Дарвиннің эвалюциялық ілімі - сол кездегі биология пәндерінің тез дамуына негіз болды. Ресей физилолгиясының дамуы, орыс физилолгиясының атасы - И.М.Сеченовтың атымен тығыз байланысты. И.М.Сеченовтың ең бірінші жұмыстары қатты мас болу мен оған байланысты қанның газын зерттеуге арналған. Ол газды анализдеуге арналған абсорциомертдеп аталатын приборды жасады. Сеченов сонымен қатар нерв қозуының химиялық жолмен берілу мүмкіндігі туралы болжау айтушылардың бірі болды. 1884 жылы Физилолгиялық очерктер депаталатынкітабында ол еттер мен нервтерде ерекще тұрақсыз қосылыстар пайда болды. Олар еттің жирылуын және нерв арқылы қозудың берілуін қамтамасыз етеді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)