|
|||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Иллюстративті материалдар: 7 страницаЖоғары жүйке іс әрекетін тексеретін кибернетикалық әдістің бір түрі модельдеу, ол үшін жануар мен адамның кейбір мінездік әсерленісіне еліктеу үлгісін жасайды. Модельдеу әдісі жоғары жүйке іс-әрекетіне физиологиялық талдау жасай алмайды, дегенмен осы үрдістерді тексеруге қосымша және келешегі мол әдіс болып есептеледі.
29-дәріс. Ішкі мүшелер жүйесі. 1. Ішкі мүшелер жүйесі және олардың қызметін реттеу. 2. Асқорыту, зат және энергия алмасу физиологиясы. 3. Ішкі секреция физиологиясы. Негізгі ұғымдар: лейкоциттер, лимфоциттер, ретикулоциттер, гистиоциттер, гомеостаз. Иллюстративті материалдар: Тамақ ішу, ішкен астың ішек-қарында қорытылуы, денеге сіңуі күрделі үрдіс. Ас адамның арқауы дейді халық. Ас құрамындағы қоректік заттар белок, көмірсу, май, адам денесіндегі тіндердің жаңарып, жаңғырылуын, жасуша түзілуін адамның өсіп-өнуін дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалдары, тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі. Демек қоректік заттар дер кезінде және қажет мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт. Олар болмаған күнде гомеостаз бұзылып, жасушалардың, тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауіп төнеді. Адам өзіне қажетті қоректік заттарды әдетте сырттан алады. Сырттан қоректік заттар түапеседе адам біразға дейін тіршілік ете алады. Ол өз жасушаларындағы органикалық заттарды пайдаланып, құрамындағы ағзалар, тіндердің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етіп отырыды, яғни эндагендік тамақтану басталады. Асқорыту өте күрделі үрдіс. Су, минерал тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым органикалық заттар ішен- қарында өзгерместен тікелей қанға сіңіп отырады. Гидролаза ферменттері түзілу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді: аутолитикалық ферменттер- тағамдық заттар мәселен ана сүті құрамындағы ферменттер, симбионттық ферменттер - бактерия мен бір жасушалы жәндіктердің қатысуымен гиролиздік үрдістерді іске асыратын, айталық күйіс қайтаратын малда клечатканы ыдырататын ферменттер. Гидролиз үрдісінің орналасуына қарай жасуша ішіндегі және одан тысқары жердегі ас қорыту болып бөлінеді. Жасуша ішіндегі асқорыту. Фогоцитоз, пиноцитоз арқылы жасцшаға енетін қоректік заттар лизасомалық ферменттердің қатысуымн гидролизге қшырайды. Мәселен лейкоциттер мен лимфоциттер, ретикулоциттер және гистиоциттер жүйесінде ас осылай қорытылады. Жасушадан тыс жерде астың қорытылуы.Дистанттық және мембраналық ас қорыту болып екіге бөлінеді. Дистанттық ас қорыту ферменттер түзілетін жасушалардан оқшау жерде, ішек- қарын түтігінде өтеді, ал контактық ас қорыту дегеніміз ішек түтігінің ішкі бетінде, онымен жанасқан эпителий жасушаларында гликокаликстегі ферменттердің әсерінен болатын гидролиз. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысындағы ағзалардан, жұтқыншақ, өңеш, қарын он екі елі ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер мен бацырдан тұрады. 1. Сөл шығару қызметі.Оны асқорыту, сілекей ішек-қарын бездері ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамындағы органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферменттер болады. Олар үш топтан, атап айтқанда, протеаза, липаза, карбогидролазадан тұрады. 2. Қимыл жирылу – жазылу қызметін бірінғай салалы еттер орындайды. 3. Қоректтік заттарды сіғіру қызметі, ішек- қарын түтігінде болады. Адамға қажет қоректік заттар әбден ыдырап қарапайым қосындыларға айналадыда, түтік қабырғасындағы билолгиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе лимфаға сіңеді. Сіңу ішектің әр бөлігінде әр түрлі. Ал ішекте асқорыту ірдісі аяқталады. Ас ішекте ұзақ кідіріп, сіңу сатысына жетеді, оның шырышты қабығы сіңіруге бейімделген ағза ретінде қызмет жасайды. Жалпы алғанда қоректтік заттар негізінен ащы ішекте сіңеді. 4. Тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі. Қорытылмай қалған ас қалдықтары, қорыту барысында қанға, лимфаға сіңіп үлгермеген түрлі өнімдер, қаннан ас қорыту түтігіне өткен заттар несеп қышқылы, мочевина, дәрі-дәрмек, басы артық тұзда, су, өт құрамындағы заттар нәжіске ілесіп сыртқа шығарылған. 5. Эндокриндік қызмет. Ішек- қарының кілегейлі қабығында, әсіресе қарын пилорусы мен он екі елі ішекте, ұлтабарда көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға ненеді де, алдымен асқорыту үрдісін, зат алмасу, өсіп- өну, есею үрдістерін реттеп, басқарып отырады. Қазіргі кезде ішек-қарын шырышты қабығынан шамамен осындай 25 гормоа бөлініп шығатыны анықталды. Қарын мен ішекте түзілетін мұндай гармондар гастроинтестинальдық гармондар деп аталады.
30-дәріс. Ағза және адамның әлеуметтік қызметі. 1. Бейімдеушілік, стресс және ауру күйлері. 2. Дене еңбегі және ой еңбегі. 3. Организмнің бейімделуіне машықтанып иемдену. Негізгі ұғымдар: стресс, дезадаптация, адаптация, ауру күйлері. Иллюстративті материалдар: Стресс. Ағза өмірі -бұл зат алмасулық, субклеткалық, мүшелік, жүйелік, ағзалық сияқты ұйымдасырудың барлық деңгейіндегі қораныс- бейімделушілік механизмдерінің тұрақты жұмысы. Әдеттен тыс болсада, бірақ ағза үшін ұзақ тұрақты жғдай қолайсыз.Ол негізгі қорғаныш механизмдерін шынықтырмайды. Қандайда бір механизмнің үзілуі оның ұзақ уақыт әсерсіз кезінде болуы мүмкін, тіпті шамалы ғана ауру туғызатын әсердің өз бұл қорғаныс – бейімделушілік механизмнің қатардан шығаруы мүмкін. Сол кезде ауру дамиды. Біздің ағзамызда біз болжағанан гөрі ауру байқаусыз түрде жиі өтеді. Басқа сөзбен айтқанда, адамдардың көбісі дені сау мен ауру жағдайдың арасында өмір сүреді, тек қорғаныш - бейімденуші механизмінің жақсы жұмысы ғана денсаулықты сақтайды, байқалатын ауруды жояды және ағзаны байқаусыз емдейді. Күшті жаттықтырушы тек табиғи физиологиялық факторлар бола алады. Көптеген зерттеушілер физиологиялық күйзелістің қолайлы әсерін бұрыннан айтп келеді, бірақ көптеген тұрғындар үшін, тіпті медицина қызметкерлері үшін стресс деген сөздің өзі ағза үшін теріс зиянды болып табылады. Г.Селье бойынша стересс анықтамасы былай: стресс кез – келген сыртқы талаптарға ағзаның бейспецификалық реакциасы. Стресс - күшті әсерлерге реакциясы, ал өз табиғаты бойынша стресстік жауап - сақымдаушы факторлар әсер еткенде организм тұрақтылыққа резизстентке жету әдәсі. Стресс - түрі бойынша жедел, созылмалы, күйзеліс деп бөледі. Бейімделу.Сыртқы ортаның әсерленуіне бейімделудің физиологиялық негіздері. Адаптация – лат адаптацио – бейімделу, яғни бейімделу сыртқы және ікі ортаның жағдайларының өзгеруіне сәйкес организмніңүйренуі. Ол әр деңгейде өтеді: молекулалық, клеткалық, мүше немесе мүшелер жүйесі және организм денгейінде болады. Шөл және шөлейт далада, солтүстік суықта, не оңтүстіктегі ыстықта, таулы биік жерде немесе теңіз бен мұхитта жұыс істеуге тура келген адам организмі өзінің тіршілік үрдісін өзгертіп, жаңа жағдайға сәйкес бейімделеді. Бейімделу тетігінің дұрыс қалыптасуы теңізшілермен ұшқыштар, әсіресе ғарышкерлер үшін өте қажет. Дене еңбегімен ой еңбегі біріне- бірі сәйкестелсе организмнің ішкі жасырын мүмкіндігі іск қосылып, бейімделу қабілеті артады. Бейімделу мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деп екіге бөледі. Бейімделудің туа болатын, жүре болатын, арнамалы және бейарнамалы, ішкі және сыртқы, шартты және шартсыз, төтенше және қалыпты, физиологиялық және психиологиялық түрлері болатынын ескерткен жөн. Бейімделудің бір неше кезеңін ажыратуға болады. Өзгерістен кейін бұрынғы қалыпты жағдайға көшкенде организмнің ерекше дезадаптация фран. дез-керісінше, адаптация күй туады, яғни организм кейін бейімделеді. Организм тығырықты күйге ұшырайды. Іс-әрекеттің бейімделу тетігі - лимбя жүйесі, торлы құрылым және ми қыртысының алдынғы аймағында орналасқын. Организмнің бейімделуіне машықтанып иемдеуіне қарай адамдарды екі топқа бөлуге болады. 1. Мінез-құлықтары шапшаң адамдар. Олар қоршаған ортаны оқыс әсерлеріне тез және оңай жауап беріп, тез бейімделеді. 2. Төэзімді адамдар. Олар ұзақ әсер ететін факторларға тиянақты және тұрақты түрде бейімделеді. Алшашқы балалық шаөта сәбидің денесі жылылықтан гөрі салқынға тезірек бейімделеді. Ікі мүшелерден қан сыртқы мүшелерге,ауысып жылуды көбірек шығарады. Жас балаларда - дене температурасын бір қалыпта ұстап реттейтін тетігі онша жетілмеген, сондықтан ата- анасы сыртқы ортаны температурасын ескеріп, дұрыс кйіндіруі керек. Ауа райының өзгерістеріне қарай бала организмі төзімділігін арттыру, саулыгын сақтау, күш қайратын және көңіл күйін қалыптастыру үшін тәлім – тәрбие шаоаларын дұрыс жүргізуді қадағалау қажет. Табиғи жағдайларға, жыл маусымына, ауа райына балалар тез және жақсы бейімделуі үшін жан – жақты шаралар қолданылады. Балаларда отығу үдемелі жүреді. Тыныс алу және қан өндіру мүшелерінің қызметі онша жақсы жетілмеген, сондықтан таулы жерлерде оттегі жетілінкіремейтін ауамен дем алғанда бейіделу қабілеті төмендейді. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 1. Ченцов Ю.С. Общая цитология. Учебник. М.,МГУ, 1995. 384 с. 2. Заварзин А.Д., Харазова А.Д.,Молитвин М.Н. Биология клетки. С-Петербург.ЛГУ, 1992. 314 с. 3. Практикум по цитологии. Под ред. Ю.С. Ченцова М., МГУ, 1988. 4. Афанасьев Ю.И., Юрина Н.А. Гистология. М., "Медицина", 2000 г. 5. Полевой В.В. Физиология растений М.: Высшая школа, 1989 6. Жолкевич В.Н., Гусев А.В., Капля А.В. и др. Водный обмен растений М.: Наука, 1989 7. Мокроносов А.Т., Гавриленко В.Ф. Фотосинтез. Физиолого- биохимические и экологические аспекты. Из-во МГУ, 1992 8. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Изд-во НГУ, 2003. 9. Лобашев М.Е., Ватти К.В., Тихомирова М.М. Генетика с основами селекции. 2-е изд., перераб. М.: Просвещение, 1979. 10. Алиханян СИ., Акифьев А.П., Чернин Л.С. Общая генетика. М.: Высшая школа, 1995. 11. Сингер М., Берг П. Гены и геномы. М.: Мир, 1998. 12. Медченко А. Экологичекая генетика. -М., 1990 13. Физиология человека: Учебник / в двух томах. Под ред. В.М.Покровского,Г.Ф.Коротько, - М.: Медицина, 1998. 14. Физиология человека. Курс лекций в 2-х книгах: Учебник. / Под ред. Л.З.Тель, Н.А.Агаджаняна. - Алма-Ата: Казахстан, 1992. 15. Основы физиологии человека: Учебник / в двух томах. Под ред. Б.И.Ткаченко. - СПб., 1994. 16. Рубин А.Б. Биофизика. 1-2 том. - М.: Книжный дом, 2000. 17. Антонов В.Ф. и др. Биофизика. М.: ГИЦ «ВЛАДОС», 1999 18. Волькенштейн М.В. Биофизика. - М.: Наука, 1988. 19. Грин Н., Стаут У., Тейлор Д. Биология. 1-3 тома. – М.: Мир, 1990. 20. Билич Г.Л., Крыжановский В.А Биология. Полный курс. В 3-х томах. Том 1. Анатомия. М.: «Оникс», 2005. 21. Билич Г.Л., Крыжановский В.А Биология. Полный курс. В 3-х томах. Том 1. Ботаника. М.: «Оникс», 2005. 22. Билич Г.Л., Крыжановский В.А Биология. Полный курс. В 3-х томах. Том 1. Зоология. М.: «Оникс», 2005.
Қосымша әдебиеттер: 23. Збарский И.Б., Кузьмина С.Н. Скелетные структуры клеточного ядра. М., Наука, 1991.233 с. 24. Зенгбуш П. Молекулярная и клеточная биология: ВЗ-х т.М.,1982. 25. Костюк П.Г. Клеточная сигнализация. М.,Наука, 1992.324 с. 26. Ченцов Ю.С, Поляков В.Ю. Ультраструктура клеточного ядра. М., Наука, 1974. 27. Хрущов Н.Г. Гистогенез соединительной ткани. М., Наука, 1993. 28. Шевелуха В.С. Рост растений и его регуляция в онтогенезе. М., Колос, 1992 29. Рахмадиева СБ. Основы химии природных биологически активных соединений. Астана, 2002 30. Шуберт Р. Биоиндикация загрязнений надземных экосистем. М.: Мир, 1998 31. Фогель Ф., Мотульски А. Генетика человека. В 3-х томах (пер. с англ.), М.: Мир, 1990. 32. Бочков Н.П., Захаров А.Д., Иванов В.И. Медицинская генетика. М.: Медицина, 1984. 33. Айала Ф., Кайгер Дж. Современная генетика в 3-х томах (пер. с англ.), М.: Мир, 1988. 34. Хедрик.Ф. Популяционная генетика. Москва, Техносфера, 2003. 35. Алтухов Ю.П. Наследственность человека и окружающая Среда. Наука, Стент Г., Кэлиндар Р. Молекулярная генетика. М.: Мир, 1981. 36. Инге-Вечтомов СГ. Генетика с основами селекции. М.: Высшая школа, 1989. 37. Блюменфельд Л.А. Решаемые и нерешаемые проблемы биологической физики. - М.:УРСС, 2002 38. Булычев А.А. и др. Современные методы биофизических исследований. Практикум по биофизике. - М.: Высшая школа, 1988. 39. Инюшин В.М., Тулеуханов СТ., Абдвахитова А.К. О физико-химических механизмах действия лазерного излучения. - Алматы: К1тап, 1986. 40. Семенов Э.В. Физиология и анатомия. М., 1997. 41. Физиология человека / в трех томах. Под ред. Р.Шмидта и Г.Тевса. - М., 1997. 42. Стамбеков С.Ж., Жалпы генетика. – Алматы «Ана тілі» 1993. 43. <www.yandex.ru/>. Поисковая система «Яндекс». 44. www.bilim.kz/education 45. http://www.site.kz
Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау және бағалауға арналған материалдар Емтиханға арналған бақылау сұрақтары 1. Цитология тарихы. Пәннің міндеттері, мақсаттары және әдістері. 2. Клетка теориясының негізгі қағидалары. 3. Клетка мен ұлпаларды зерттеудің әдістері. 4. Прокариот және эукариот клеткаларының құрылысы. 5. Биотехнологиялық және экологиялық (экоцитология) зерттеулердің дамуындағы цитологияның жетістіктері. 6. Биомембрана құрылымының моделі. 7. Плазматикалық мембрананың құрылысы және қызметі. 8. Плазмалемманың тосқауылдық-тасымалдау және рецепторлық рөлі. 9. Клеткааралық байланыстар (контактылар). 10. Өсімдіктердің клетка қабырғасының құрылысы (пектинді заттар, целлюлоза, гемицелюлозалар) 11. Өсімдік клеткаларының клеткааралық байланыстары (плазмодесмалар). 12. Түйіршікті эндоплазмалық тордың құрылысы және қызметі, оның белок синтезіндегі және цитоплазматикалық мембранадағы рөлі. 13. Тегіс эндоплазмалық ретикулумның құрылысы және қызметі, оның полиқанттарды, майларды, стероидтарды және басқа да заттарды синтездеудегі рөлі. 14. Гольджи аппаратының (пластинкалық комплекс) құрылысы және қызметі, оның модификациядағы (жетілудегі), сорттау және клеткадан синтезделген белоктарды, басқа да заттарды шығарудағы рөлі. 15. Лизосомалардың құрылысы, классификациясы және қызметі, оның клеткаішілік ас қорытудағы және фагоцитоздағы рөлі. 16. Митохондриялардың құрылысы және қызметі, шығу тегі: эндосимбиотикалық гипотеза, митохондрия эволюциясы. 17. Пластидтердің құрылысы және қызметі. 18. Фотосинтездің биохимиясы. 19. Клетка тіршілігіндегі ядроның рөлі. 20. Клетка ядросының құрылысы және химиясы: хроматин (хромосомалар), ядрошық, кариоплазма, ядро қабықшасы. 21. Клетка циклі. Клетка циклінің фазалары, реттелуі. 22. Эукариот клеткаларының митоз жолымен бөлінуі. Митоздың сатылары. 23. Жыныс клеткаларының бөлінуі (мейоз). Мейоздың сатылары. 24. Ұлпалардың онтогенез және филогенезде шығу тегі. 25. Эпителий ұлпасына жалпы морфофункционалдық сипаттама. 26. Адам және омыртқалы жануарлардың көпқабатты тері эпителийінің құрылысы және физиологиялық ерекшеліктері. 27. Омыртқалы жануарлардың ішкі орта ұлпаларының шығу тегі, жалпы сипаттамасы, классификациясы. 28. Омыртқалы жануарлардың қан жасау мүшелерінің ұлпалары. 29. Бұлшық ет ұлпаларына жалпы сипаттама және классификациясы. 30. Нерв жүйесі ұлпаларына жалпы морфофункционалды сипаттама және олардың классификациясы. 31. Экологиялық проблемаларды шешу жолдарындағы өсімдіктер физиологиясының ролі. 32. Өсімдік клеткасының химиялық құрылымы мен қызметіндегі ерекшелігі. 33. Биологиялық мембраналардың құрылысы және оның қасиетін, қоршаған ортаны қорғауға қолдану жолдары. 34. Топырақтың суды ұстаушы күші, солу коэффициенті. 35. Фотосинтездің биосферадағы ролі. 36. Энергия мен заттарды тасымалдаудағы жасыл өсімдіктердің ғарыштық ролі. 37. Тыныс алу субстраттардың тотығу жолдары. 38. Гликолиз процесінің химиялық жолы. 39. Экожүйедегі энергия және зат айналымындағы өсімдіктердің алғашқы продуценттер ретіндегі ролі. 40. Биогеохимиялық провинция ілімі. 41. Табиғаттағы күкірт айналымы. 42. Топырақтағы азот айналымы. 43. Әртүрлі фитотоксиндерге өсімдіктердің жауап беру реакциясы. 44. Генетика және оның биологияда алатын орны. 45. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштіктің тірі ұйымның әртүрлі: молекулалық, клеткалық, организидік және популяциялық деңгейлерінде көрінуі. 46. Қазақстан Республикасының генетикалық дамуы. 47. Дигибридтік және полигибридтік будандастыру. 48. Гаметалар тазалығының цитологиялық негіздері, ажырау, гендердің тәуелсіз тұқым қуалауы жзәне тіркесуі кезінде жүретін рекомбинация. 49. Жынысты анықтау генетикасы. 50. Тіркесу және кроссинговер. 51. Г.Де-Фриздің мутациялық теориясы. 52. Модификациялық өзгергіштік. 53. Қоршаған ортаның мутагендері және мутагенділіктің салыстырмалы бағасы. 54. Семей ядролық полигонының радияциялық салдары. Арал трагедиясы. 55. Нуклеин қышқылдары мен белоктардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеудің физикалық және химиялық әдістері.
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.019 сек.) |