АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Диагностикасы

Читайте также:
  1. Диагностикасы.

- көрнекті клиникалық белгілер (коньюктивит, ринофаринготонзиллит, лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия)

- лабораторлы тексерулер:

а)иммунофлюоресцентті әдіс (зақымдалған клеткалар ішінде антигенді анықтау)

б)серологиялық әдіс (жұпты сары су әдісін қолданып)

в)иммуноферментті әдіс (ИФӘ) вирусты нәжістен анықтау

Дифференциальды диагноз. Аденовирусты инфекцияның клиникалық түрлеріне байланысты өткізіледі. Респираторлы түрінде – гриппен ж.б. ЖРВИ

Фарингоконьюктивальды қызбада – ангиналармен, дифтериямен. Қабықшаланған коньюктивитте –көз дифтериясымен. Емі. Асқынбаған ағында аденовирусты инфекцияны – амбулаторлы жағдайда емдейді. Көбінесе клиникалық көріністеріне қарай симптоматикалық және патогенетикалық ем жүргізеді. Болжамы сауығу. Алдын алу.

1.Дене шынықтыру (эпид.көрсеткіштері болса, шаралар)

2.Вакцина егу (теірі энтеральды вакцина)

Энтеровирусті инфекция. Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы Энтеровирусты инфекциялар -Коксаки, ЕСНО топтарының ішек вирустарымен шақыраылатын, фекальды-оральды және аэрогенды жолымен таралатын, әр түрлі клиникалық көріністерімен, соның ішінде ОНЖ, бұлшық еттер, миокард, тері қабаттарының қазымдалуларымен өтетін антропонозды инфекциялық ауру болып тбылады. Этиологиясы. Picornoviriolou тұқымдастың энтеровирустары. Құрамында РНК-сы бар ұсақ вирустар. Коксаки А және В топтарға бөленеді. ЕСНО-вирурустардың 34 серотопы белгілі. 2/3 адамға патогенды болып келеді. Сыртқы ортада төзімді. Эпидемиологиясы. Таралымы өте кең. Бірен-саран оқиғалар және топтанып ауру түрінде кездеседі. Аурудың көзі: 1)ауырған адам. 2)вирус тасымалдаушы

Тару жолдары:-фекальды-оральды

-ауа-тамшылы

Ауыратындар: көбінесе балалар мен жас адамдар.

.Сырқаттың мерзімі жаз-күз айлары.

Патогенезі мен патанатомиясы: Инфекция ену қақпалары:

-ас қорыту жолдарының

-тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары. Енген жерінде қабыну туғызып-респираторлы немесе диспепсиялық өзгерістерді тудырады. Одан ары қанға өтеді-вирусемия токсинемия туады да қоздырғыш ішкі ағзаларға тарап (көбінесе нерв тініне, бұлшық еттерге, эпиталиальды клеткаларға) әр түрлі клиникалық белгілерімен көрінеді.

Коксаки вирус миокардит, менингоэнцефалит деген қолайсыз жағдайларға ұшыратуы мүмкін. Клиникалық көріністері әр түрлі болғанымен, жалпы клиникалық белгілер былай өтеді:

-дене қызуының жоғарлауы 38-39-40С (қызба көбінесе толқын тәрізді түрде болуы)

-бас ауру

-әлсіздік, енжарлық

-жүрегі айнып құсу

-диарея

-беттің гиперациясы, тамыр склераларының иньекциясы

-полиморфты экзантела

-тамағының қызаруы, қабыну белгілері

-мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы

-қанның жалпы анализінде бірінші күндері-шамалы лейкоцитоз, одан кейін 4-5 күннен) кейін лейкопения.

Энтеровирусты инфекцияның келесі клиникалық түрлері белгілі (басым симптомокомплексына байланысты)

-герпангина

-эпидемиялық миалгия (плеврод…, болезнь Борихольма)

-серозды менингит

-энтеровирусты экзантема

-энтеровирусты қызба

-эпидемиялық геморрагиялық коньюктивит

Энтеровирусты полиомцелитті емес инфекциялар. Энтеровирусты инфекциялар дегеніміз-Коксаки, ЕСНО топтарына жататын ішек вирустары шақыратын көбінесе ОНЖ, бұлшық еттер, тері жабындылары зақымдануымен жүретін клиникалық көріністері әртүрлі жедел инфекциялық аурулар.

Клиникасы. Инкубациялық кезең 2-7 күнге созылады, клиникалық белгілері әр түрлі болғанымен инфекцияның барлық түріне ортақ көріністер анықтауға болады. Ауру көбінесе жедел аяқастынан, дененің қызуы 38-40С градусқа көтерілуімен, бас аурудан, әлсіздіктен, бас айналуынан, ұйқының бұзылуынан басталады. Беттің қызаруы, көздің қанталауы тән. Аз уақытқа тән полиморфты экзантемалар пайда болуы мүмкін. Аранның шырышты қабаты аздап қызарған жұмсақ таңдаймен жұтқыншақтың артқы қабырғасының түйіршіктенуі анықталады. Кей кезде мойын лимфа түйіндері ұлғаяды, сирек микрополиаденит кездеседі. Ауруға тән рецидивтерге байланысты температураның қисықтық толқын тәрізді болуы типті.

Гемограмманың өзгерістері көп емес. Алғашқы күндегі шеткі қанда лейкоциттердің саны аздап көбейеді. 4-5 күннен кейін аздаған лейкопения анықталады.

Энтеровирусты инфекцияның көп түрлілігімен басым болатын симптомокомплекс байланысты бірнеше клиникалық түрді бөлуге болады.

Герпанпина. Энтеровирусты инфекцияның тән белгілері мен қоса тамақтың аздап ауырсынуы белгіленеді. Аранның қызарған шырышты қабатында)1-2мм) папулалар пайда болып кейін көпіршіктерге айналады. 1-2 күннен кейін көпіршіктер жарылып сұр жабындымен жабылған бетке жаралар пайда болады.

Жеке жаралар қосылып үлкен ………….пайда болуы мүмкін.

Энантемалар көбіне таңдай доғаларында сирегірек тілшеде, таңдай бадамшаларында, жақ асты лимфа түйіндер ұлғаяды. 4-7 күнде жаралары ізсіз жазылады.

Эпидемиялық миалгия Коксаки вирустарымен шақырылады. Басқа белгілерімен қоса кеуде, іш, арқа,аяқ бұлшық еттерін де қатты ауырсынулар пайда болады. Ауырсынулар ұстама сияқты болып, қозғалғанда күшейе түседі. Миалгия ұстамасы көбінесе 5-10 минутқа созылып және әрбір 30-60 мин. сайын қайталанып отырады. Ауырсынулар кеуде бұлшық еттерінде орналасқан да тыныс алу қиындалып беткей болады, кей кезде ықылық пайда болады. Көбінесе ауырсынулар көбінесе құрсақ бұлшық еттерінде орналсады, бұл кезде іш палпациялағанда ауырсынады, іш пердесінің тітркену белгілері болмайды. Ауру толқын тәрізді өтуі мүмкін. Дене қызуының көтерілуімен бұлшық ет ауырсынулары қайта басталады. Эпидемиялық миалгия энтеровирусты инфекцияның басқа көріністерімен жүруі мүмкін көбіне серозды менингитпен.

Серозды менингит. -энтеровирусты инфекцияның ең жиі түрінің бірі. Аурудың 1-3 күні науқаста менингиттің белгілері пайда болады. Ликворограммада аздаған лимфоцитті немесе лимфоцитарлы-нейтрофильді плеоцитоз, глюкоза мен хлоридтің.

Энтеровирусты экзантема (бостанская, эпидемиялық, кореподобная)

Энтеровирусты инфекцияда экзантема басқа белгілерімен қатар келуі мүмкін. Немесе жетекші синдром болуы мүмкін. Ауру басталғанынан 1-2 күннен кейін қызба мен жалпы улану фонында кенеде, бетте, аяқ-қолда да полиморфты немесе дақты папулезды бөртпе пайда болады. Экзантемалардың әр түрі кездеседі, көбіне: қызылша, қазамық тәрізді, сирегірек скарлатина тәрізді. Ауыздың шырышты қабатында дақты экзантемалар кейде эрозйяла мен везикулалар кездеседі. Бөртпе 3-4 күн сақталады.

Энтеровирусты инфекцияның ерекше түрінде білезік, табан, ауыз қуысы зақымдалады. Саусақ пен бақайларда гипериямен қоршалған везинкулалар пайда болады. Сонымен қатар тілде, ауыздың шырышты қабатта ………..элементтер кездеседі.

Миелит. Клиникалық көріністе мен полиемиелиттің паралитиалық түріне ұқсас ауру жеңіл түрде өтеді және көбінесе қимыл-қозғалыс қызметінің бұзылуымен жүреді, кей кезде ауыр түрде кездеседі.

Энтеровирусты қызба (кіші ауру, 3 күндік қызба, Коксаки, ЕСНО қызбасы). Ауру қысқа және жеңіл өтуімен сипатталады, мүшелермен жүйкелердің зақымдалуы байқалмайды. Қызбалық реакция 1-3 күнге созылды, энтеровирусты инфекциялық басқа көрсеткіштермен жүреді.

Эпидемиялық геморрагиялық коньюнктивит. Энтеровирустың 70 түрімен зақымдалады. Кенеттен көзде аырсынулар, көзден жас ағу, жарықтан жасқанулар пайда болады. Ең алдымен бір көз зақымдалады, кейін процесс екіншіге ауысады, науқастардың қабықтың ісінуі, коньюктивтердің қызаруымен субконьюктивальды қан құйылулар, аз мөлшерде серозды немесе серозды іріңді бөліністер шығады. Жазылу 7-14 күннен кейін болады. Энтеровирусты инфекция жеті респираторлы инфекция түрінде (ринофарингит, фарингит синдромы) немесе жеті ішек инфекциясы гастроэнтерит синдромы, энтеровирусты диареямен жүруі мүмкін. Энцефалит, миокардит, перикардит, жаңа туған балаларда-энцефалокардит синдромымен анықталатын энтеровирусты инфекциялардың түрі белгілі.

Болжам. Көп жағдайларда болжамалы жақсы, жаманы-миелитте және энцефаломиелитте

Диагностика. Энтеровирусты инфекциялардың кейбір түрінде диагнозды клиникалық симптомдар мен эпидемиологиялық мәліметтер есебінен қоюға болады. Инфекциялық спородикалық жағдайда диагностикасы қиын. Лабораториялық зерттеудің дәлелі болып нәжістен, аран шырышты қабатынан және церебротинальды сұйықтықтан вирусты табу жатады және арнайы антигендерді тура және тура емес иммунофлюресценция арқылы табу. Диагностикалық негізгі әдістің бірі серологиялық әдіс-РСК, прицинитация реакциясы, жұп сарысулардың нейтрализация реакциясы мұнда антидене титрінің 4 және одан көп есе жоғарлауы жатады.

Дифференциальды диагностикасы. Энтеровирустың түріне байланысты инфекциялы және инфенкциялық емес ауруларды ажыратады. Эпидемиялық миалгияны жеті хирургиялық аурулармен салыстыру қажеттілігін ескеру керек.

Емі. Клиникалық түрге байланысты патогенетикалық және симптоматикалық ем жүргізу керек. Инфекциялық ауру ағымында интерферон, глюкокортикостероидты препараттар қолданылады.

Алдын алуы. Науқастарда 14 күн бойына оңашалайды. Ошақты ауа тамшы және ішек инфекциясы жоюға арналған шараларды жүргізеді. Қатынаста болған балаларға адамның иммуноглобулинін енгізеді.

Жедел дизентерия. Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы. Дизентерия-антропонозды бактериальді ауру. Жұғу механизмі фекальді-оральді. Клиникалық картинасы комплитикалық синдроммен және жалпы интоксикациялық синдроммен белгіленеді. Этиологиясы: қоздырғышы Shidella туындысына жатады. Shidella 4 тобы (А,В,С,Д) және 4 түрі ажыратылады:

-Sh.Dysenteria

-Sh.dlexneri

-Sh.boudi

-Sh.sonnei

Sh.sonnei-ден басқа түрлері бірнеше сероварианттардан құралады. Шигеллада О және К антигендері бар. Олар эндотоксиннен тұрады, ал Sh.Dysenteria, Sh.dlexneri, Sh.sonne экзотоксин өндіреді. Энтеро-нейро және цитотоксикалық белсенділігін иеленеді. Антибактериальді препараттарға полирезистенті және сыртқы ортаға төзімді.

Эпидемиология: барлық жерде таралады. Инфекция көздері: -жедел созылмалы дизентериямен ауратындар

-транзиторлы бактерия тасымалдаушы

Көбінесе эпидемиологиялық қауіптілікті өкпе ауруымен ауыратындар төндреді. Олардың ішінде ең қауіптісі қоғамдана тамақтантын жұмысшылар.

Берілу жолы: су, тамақ, тұрмыстық қатынас арқылы беріледі. Көбінесе жазда немесе жаз-күз айында ауырады. Сезімталдық-жоғары болады.

Иммунитет: 1-2 жыл мезгілінде спецификалық түрде болады.

Патогенезі: Шигелла асқазанға түскеннен кейін ащы және тоқ ішекке өтеді. Тоқ ішекте олар колоноцитке өтіп, сол жерде көбейіп өледі де, эндотоксин босап жергілікті әсер көрсетеді. Sh.dysenteria дизентерияларынан басқасына бактеремия тән емес. Токсин әсер ету кезінде күрделі процестер пайда болады. Олар: ащы ішектің функцияларының бұзылуы (асқорыту, сіңу, моторлы-эвакуаторлы). Сондай-ақ алмасу процестер (белок алмасуы) дәрумендердің және гемостоз жүйесінің бұзылуы. Аурудың дамуында басты рольді организм сенсибилизациясы ойнайды. Дизентерияның дамуына макроорганизм және қорғаушы факторлар маңызды мағына береді.

Патологиялық анатомиясы: патоморфологиялық өзгерістер дизентерия кезінде тоқ ішектің дистальді бөлімінде көрнеді. Қабынудың келесі түрлері кездесуі мүмкін:

-катаральді

-катаральді-эрозиялы

-катаральді-геморрагиялық

-ойық-жаралы

Клиникасы: Дизентерияның клиникалық жіктелуі:

-.Жедел дизентерия ұзақтығы 3 айға дейін (ауырлау ағымы, егер 3-4 аптаға дейін сауығу кезеңі болмаса)

-колитикалық формасы (жеңіл, орташа, ауырлықта,ауыр)

-гастроэнтероколиттік формасы (жеңіл, орташа ауыр, ауыр)

2.Созылмалы дизентерия ұзақтығы 3 айдан 2 жылға дейін

-қайталану формасы (рецидивирующие)

-үзіліссіз формасы

3.Бактерия тасымалдаушы формасы (транзиторлы)

Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан (6-12 сағат) 7 күнге дейін тербелісте болады. Орташа есеппен 2-3 күн. Дизентерия клиникасында екі синдром ажыратылады:

-колитикалық

-жалпы интоксикациялық

Басталуы жедел, кейіннен жиі колитикалық синдром көрінеді:

-жиі, толғақ тәрізді ауырсыну (сол жақ мықын аймақ)

-жиі, сұйық нәжіс (3-5-тен тәулігіне 20 рет) нәжіс массасының мөлшерінің азаюынан шырышты және қан аралас болады. Нәжіс түрі «ректальді плевка» тәрізді болады

-ауырмалы және тығыздалған сигма

жалпы интоксикация синдромы кейініреу пайда болады (2-3 сағаттан кейін)

-дене қызуы жоғарлайды (қалтыраумен немесе қалтыраусыз)

-әлсіздік, бас ауруығ лоқсу, құсу, тәбеті төмендейді

Интоксикация синдромы аурудың 2-3 күнінде көрінеді

-аурудың жақсы болжамды ағымында сауығу 2-4 аптада басталады.

-ауырлау ағымында сауығу аурулардың 0,5-10% басталуы мүмкін.

Гастроэнтероколитикалық формаға тән:

-қысқа инкубациялық кезең (6-8 сағат)

-жедел басталуы жалпы интоксикация симптомы және гастроэнтерит болуымен. Колит белгілері аурудың 2-3 күнінде қосылады

-жиірек сусыздану синдромы дамиды

-алиментарлы жолмен жұғуын қарамайды

Дизентерияның созылмалы ағымы аурулардың 2-5% кездеседі. Созылмалы дизентерияның қайталану ағымында комникалық ремиссия болады, ал үзіліссіз ағымында ол болмайды.

Ал бактерия тасымалдаушы (транзиторлы) туралы айтуға болады мынандай жағдайда:

-егер шигелланың капрокультурасы бөлінсе

-егер ағымның 3 айында бөлінген капрокультурада диарея болмаса

-егер қанның серологиялық зерттеуінде теріс қорытынды болса

-егер патоморфологиялық өзгерісте

асқынулары:

-инфекция-токсикалық шок

-гепатоволемиялық шок

-аралас шок

-ішектен қан кету

-перитонит (перфорациялық ойық жара кезінде)

-тік ішекке түсу

-артқы өту жолының жарылуы

Дизентерияны шығару: -сауығу (көптеген аурулардың негізгі шығымы)

-созылмалы формаға өтуі (2-5% ауруларда)

-постдизентеиялық колит

-ішек дисбактериозы

Диагностика: -дизентерия диагнозы мынаған негізделеді:

-клиникалық көрініс

-эпидемиолгиялық негізге

-арнайы зертханалық негіздерге

Арнайы диагностикалық әдістер:

-бактериологиялық зерттеу (нәжістің, құсық массасының)

-серологиялық реакция (РНГА)

-аллергиялық сынама

-арнайы емес әдістер

-капрограмма

-ректоромоноскопия

Салыстырмалы диагностикасы:

-тамақтық токсикоинфекция

-сальмонеллез

-холера

-амебиаз

-иерсиниозбен және басқа аурулармен (диарея бұзылуы кезінде)

Емдеуі: Дизентерия емдеуі стационарлы және үйде болады. Госпитализация клинико-эпидемиологилық белгілеріне байланысты жүргізіледі.

Емдеуі:-диета

-режим ауыр ағыымна байланысьы

-этиотропты препараттар (фуразолидон, невиграмон, метациклин, ципрофлоксоцин) жеңіл түрінде күнне 2-3 рет, орташа және ауыр ағымында 5-7 күн.

-патогенетикалық терапия интоксикациялық синдром негізінде жүргізеді

-дезинтоксикациялық терапия

-регидратациялық терапия-дегидратация кезінде

-негізгі белгілерде қолданылады: организмнің иммундық реактивтігін жоғарлататын препарат (метилурацил)

-ферменттенр (креон, фестал)

-эубиотики (бифидум бактерин, лактобактерин....)

-физиолечение

-симптоматикалық заттар

Профилактикасы: дизентерия кеінде профилактика жүргізіледі: жалпы санитарлы-гигиеналық талаптар берілу жолына байланысты жүргізу


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.028 сек.)