АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Этиологиясы. n Қоздырғышы HIV-вирус (human ummunode-ficiency virus)

Читайте также:
  1. Ас-токсико инфекциясы. Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы
  2. Бауыр циррозы. Этиологиясы. Классификациясы
  3. Біріншілік гиперальдостеронизм: этиологиясы, патогенезі.
  4. Иценко-Кушинг ауруы: этиологиясы, патогенезі, классификациясы.
  5. Сальмонеллез. Этиологиясы, эпидемиологиясы, профилактика принциптері.Сальмонеллез.Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы
  6. Холера. Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы
  7. Этиологиясы
  8. Этиологиясы
  9. Этиологиясы
  10. Этиологиясы
  11. Этиологиясы

n Қоздырғышы HIV-вирус (human ummunode-ficiency virus).

n Тұқымдастығы-pempoвирустар

n Туыстығы – лентивирус

n Қазіргі күнде вирустың 2 түрі белгілі:

АИТВ-І (негізгі қоздырғыш)

АИТВ-ІІ(басты Африкада)

АИТВ-вирустың қасиеттері:

n Түрі-диаметрі 100-140 нм сфера тәрізді

n Сыртқы қабаты-2 гликопротеидтен (др 120, др 41) қалыптасады – иммунды клеткаларын тіркелу әрекетін атқарады.

n Ішкі қабаты-белок р.17-ден құрылған –клетка орталығын тығыз қоршайды.

n Орталығында РНК-ның 2 молекуласынан қалыптасқан вирустың геномы орналасады.

n РНК-мен қатар – кері транскриптаза (ревертаза) протеаза, интеграза деген ферменттеры де орын тапқан.

n АИТВ-жоғары деңгейлі өзгергіштікпен жоғары биологиялық белсенділікпен сипатталады.

n 1 тәулік ішінде 1 млрд-қа дейін жаңа вириондар шығып отырады.

n Адам организмінде вирус СД-4-рецепторлары бар клеткаларын зақымдайды:

n Т4- лимфоциттер;

n Моноциттер, Лангерганс клеткасы, макрофагтар В және О лифмоциттер;

n энтероциттер;

n нерв клеткалары;

n Төзімділігі – орташа.

n 51С-10 минут ішінде жайылады. Төмен температураларды жақсы көтереді.

n Дезинфекциялық сұйықтықтардың 70% этил спирті, 2 % этил эфиры, ацетон, 0,2 % натрий гипохлорид әсер береді.

АИТВ-инфекция – әлеуметтік экономикалық проблема.

Қазіргі күнде АИТВ-инфекциясы пандемия түрінде таралуда.

ДДҰ мәліметтері бойынша жер бетінде 40 млн адам АИТВ-инфекциямен тіркелген.

ҚР-де 2009 жылдың басында 11869 адам АИТВ-инфекциясымен тіркелген

Шығыс Қазақстанда 01.01.2009 ж. инфияланған адамдар саны 1059.

 

ЖИТС-пен ауыратындар 17.

Ер адамдар 83,9%, әйел адамдар 16,1 %.

Орта жасы 20-39.Семейде 137 адам АИТВ-инфекцияланған

Эпидемиологиясы:

n Антропонозды инфекция.

n Ауру көзі мен резервуары – тек қана адам: АИТВ-мен инфицирленген және ЖИТС-пен ауыратындар.

n Инфицирленген немесе ауру адам организмінде вирус барлық биологиялық сұйықтықтарда болады – қан, сперма, вагинальды бөлініс, ана сүтінде, сілекей, ликворда, бронх секретінде.

n Аса қауіпті – қан мен сперма

n 1 мл қанда – вирустың 3000 бірлігі,

n 1 мл спермада – 50 бірлігі анықталуда.

Тарау жолдары:

n Жыныстық (гомосексуалды және гетросексуальды қарым-қатынастар) - 65 %

n Парентеральды (иньекционды, гемотрансфузиялық) - 17 %

n Трансплацентарлы 15-35 %

n перинатальды (анадан – іштегі балаға)

n Интранатальды (босану немесе емізу арқылы)

n Мамандық және тұрмыстық жағдайда – ауырған адамның биологиялық секретімен зақымдалған тері, шырыш қабаттар арқылы жұқтыру мүмкіншілігі бар.

n Сілекей, көз жасы арқылы және ауа-тамшы жолмен, су немесе, тағаммен АИТВ берілмейді.

Патогенезі:

n І-фаза – АИТВ – организмге еніп, мишень-клеткаларын зақымдап, репликация басталады.

Сыртқы қабатындағы гликопротеидермен (др 120, др41) вирус СД-4 рецепторлы лимфоциттермен байланысып клетка ішіне өтеді.

Клетка ішінде кері транскриптаза арқылы вирустың РНК-сы ДНК-ға ауысып, лимфоциттің ДНК-сымен қосылып – провирусты қалыптастырады.

Провирус-протеза фермент арқылы матрицаның РНК-сына өтіп – жаңа вирустарды туғызады.

Туған вирустар клетканы бұзып айналымға шығып – басқа лимфоциттерге енеді.

Провирус – ұзақ уақыт латентті түрінде сақталуы мүмкін (латентті кезең), бірақта уақыты келгенде топтап көбейе бастайды.

Т-лимфоциттерге әсер ететін стимуляция (басқа вирусты инфекциялар, иммуномодуляторлар т.б.)-вирустың репликациясын жоғарлатады.

2 фаза – вирусемия- вирустың концентрациясы күрт жоғарлау кезеңі (1 мл плазмада вирустың саны 1000-10000-ға дейін) СД4-лимфоциттердің саны айқын төмендейді.

n 3 фаза -иммунокомпетентті клеткалардың жаппай зақымдалу кезеңі.

Айтып кеткендей, зақымға ұшырайтын көбінесе СД4-рецепторлы лимфоциттер.

Т-хелперлердің зақымдануы АИВ-инфекцияда ерекше маңызы бар.

Қалыпты жағдайда микробтарды, бөтен антигендерді макрофагтар жұтады да, оны қорытудың әсерінен оларды СД4 рецепторлары бар Т-хелперлер таниды.

Т-хелперлер лимфокинды медиотрларды шығарып, оның әсерімен В-лимфоциттердің белсенділігін көтеріп, олар арнаулы иммуноглобулиндерді, яғни антиденелерді шығарады.

n Ал АИТВ-инфекцияда, Т-хелперлер өзінің қорғау жұмысын атқара алмайды. Сондықтан В-лимфоциттерде микробқа қарсы арнаулы антиденелерді шығармайды.

n В-лимфоциттер тексіз иммуноглобулиндерді көбейтіп шығарады, нәтижесінде иммунды комплекстер өседі (олар өзі инфекция тарауына үлес қосады).

n Комплемент те вирусқа әсер етуін жоғалтады.

n Организмде иммунологиялық жетіспеушілік инфекциялық, аллергиялық, аутоиммунды лимфопролиферативті синдромдармен байқалады.

n 4 фаза –иммунды тапшылықтың үдей түсуі, оппортунистикалық инфекциялармен қатерлі ісіктердің даму кезеңі.

n Т-хелперлердің жоюлуына байланысты – аутоиммунды процесстің интенсивтігі жоғарлап – адам организмі шартты – патогенді флораға резистенттілігі күрт төмендейді.

n Атипті клеткаларға бақылау болмағандықтан – мутацияланған клеткалар көбейіп – ісіктердің себебі болады

n 5 фаза – терминальды тотальды иммунды тапшылық кезеңі.

n Патологиялық процесс қайтымсыз түріне айналады. Иммунды жүйе әбден азып, организм қорғаусыз қалады

Патанатомиялық өзгерістер: лимфа түйіндерде фолликулярлы гиперплазия немесе инволюциялық өзгерістер, сүйек майының аплазиясы, нерв дәнекерлерінің демиелинизация мен дегенерациясы, васкулит, гломерулонефропатия, гепатит түріндегі өзгерістер кездеседі және де қосылған суперинфекциялардың морфологиялық белгілері айқындалады

n Жіктелуі:

n І клиникалық саты:

n белгісіз ағым

n персистентті генерализден лимфаденопатия

n ІІ клиникалық саты:

n дене салмағының 10 %-ке дейін жоғалту

n тері мен шырыштардың жеңіл зақымы (дерматиттер, дерматодоздар, стоматиттер)

n Соңғы 5 жыл ішінде белдеулейтін лишай болу

n Тыныс алу жолдарының рецидивті инфекциялары

n ІІІ-клиникалық саты:

n Дене салмағының 10 %-тен аса жоғалту

n 1 айдан аса себепсіз диарея

n 1 айдан аса түсініксіз этиологиялы қызба

n Ауыз қуысының кандидозы

n Ауызда шаш-тәрізді лейкоплакия

n Соңғы жылда пайда болған өкпе туберкулезі

n Ауыр бактериальды инфекциялар (пневмония, іріңді миозит)

n ІУ-клиникалық саты:

n АИТВ-кахексия

n Пневмоцистті пневмония

n Церебральды токсоплазмаз

n 1 айдан асқан диареямен өтетін криптоспоридиоз.

n Өкпеден тыс криптококкоз

n ЦМВИ (бауыр, көк бауыр, лимфа түйіндері зақымданусыз)

n Қарапайым герпесты инфекцияның жайылған түрі (1 айдан аса)

n Прогрессивті мультифокальды лейкоэнцефалопатия

n Диссиминирленген эндемиялық микоз (гистоплазмоз, кокцидиоз)

n Өңеш, трахея, бронх, өкпе кандидозы

n Атипті микобактериялармен шықырылған диссиминирленген инфекция.

n Сальмонеллезды септицемия

n Өкпеден тыс туберкулез

n Лимфома

n Капоши саркомасы

n АИТВ-энцефалопатия

Клиникасы:

n Инкубациялық мерзім 2-6 апта, кейде 1 жылға дейін

n І клиникалық сатысы белгісіз түрінде өтсе:

n біртіндеп перифериялық лимфа түйіндердің үлкеюінің (1,5 см-4 см-ге дейін) анықтауға болады.

n Ұзақтығы бірнеше аптадан бірнеше жылға дейін

n Генерализденген лимфаденопатия- барлық лимфа түйіндердің үлкеюі, соның ішінде – медиастинальды, мезентеральды лимфа түйіндері.

n ІІ клиникалық сатысында:

n Лимфаденопатия

n Дене салмағының 10 %-ке дейін төмендеуі

n Тері, шырыш қабаттарының, тыныс алу жолдарының рецидивті зақымданулары, белдеулейтін лишай.

n Иммунологиялық зерттеуде-СД4-лимфоциттер саны анық төмендейді 500/1 мкл. СМД4/СД8 лимфоциттер аралығы төмендейді.

n СД4+лимфоциттердің бұзылысы, АИТВ-инфекциясы кезіндегі иммунды жүйенің прогрессивті әлсіздеуінің негізгі себебі болып табылады және ол аяғында жүре пайда болған иммунды дефицит ЖИТС-қа әкеледі.

n ІІІ клиникалық сатысында ЖИТС-тың клиникалық көріністері: ұзақ қызба, ұзақ диарея, дене салмағының 10%-тен аса төмендеуі, ауыз қуысында айқын өзгерістер (кандидоз, шаш-тәрізді лекоплакия), ауыр бактериальды инфекциялардың, өкпе туберкулездің қосылуы.

n Иммунологиялық көрсеткіштер одан ары төмендеуде.

n Айқын – лейкопения, тромбоцитопения

n ІУ клиникалық сатысында айқын түрінде оппортунистикалық инфекциялары мен қатерлі ісіктер қалыптасу кезеңі.

Бұл кезеңде бактериальды, вирусты, саңырауқұлақты, протозойлы инфекциялар (оппортунистік инфекция) және инфекциялық емес аурулар дамитын АИТВ-инфекциясының сатысы және мұнда СД4+ лимфоциттерінің саны негізгі деңгейден түсіп кеткенде иммунды жүйе апатқа ұшырайды.

n Пневмоцистті пневмония - АИТВ-инфекцияның маркерлерінің ішінде 1-ші анықталған:

n біртіндеп басталып

n ұзақ жоғары қызба

n айқын демікпе

n аз уақытқа тыныс жетіспеушілікке өтеді.

n Церебральды токсоплазмоз – ауыр энцефалит

n Криптоспоридиоз – адам және жануарлардың протозойлы ішек инфекциясы. АИТВ-кезінде созылмалы рецидивті түрінде өтіп, нәтижесінде дене салмағын 50 %-ке дейін азайтады.

n Вирусты инфекциялар (герпесты ЦМВИ, ротовирусты инфекция)

n Грибокты аурулар (кандидоз, аспергиллез, кандидоз, гистоплазмоз, кокцидоз)

n Капоши саркомасы – эндотелиальды клеткаларынан қалыптасатын ісік. Дамуында герпесиврустар қатысады. Шырыштарда немесе теріде, басында бірнеше см-лі жайылған дақтар пайда болады, олар тығыздалып, пальпация кезінде түйіршік түрінде анықталады. Бара-бара ойылып жараланады

n Ми лимфомасы (ходжкин емес лимфома)

n АИТВ- кахексия


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.018 сек.)