АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Билет №4. 1. Экология ғылымына анықтама беріңіз

Читайте также:
  1. БИЛЕТ 1
  2. Билет 1
  3. БИЛЕТ 1
  4. Билет 1
  5. Билет 1
  6. Билет 1
  7. Билет 1
  8. Билет 1
  9. Билет 1 Восточные славяне. Расселение, основные занятия, религия. Военная демократия.
  10. Билет 1(Эволюция взглядов на предмет экономической теории. Микроэкономика и макроэкономика. Экономическая теория и экономическая политика.)
  11. Билет 1.
  12. Билет 1. Предмет истории как науки: цели и задачи ее изучения

1. Экология ғылымына анықтама беріңіз. Бұл терминнің авторы кім?

«Экология» терминін ғылымға 1866 ж неміс ғалымы Э.Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.(ойкос-үй, туратын жер,логос-ілім). Э.Гекель бұл ғылымның анықтамасын былай тұжырымдады: «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық н/е қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінеміз». Мақсаты-Қазақстандағы ж/е шет елдердегі экологиялық жағдайдың дамуы ж/е қазіргі кездегі жағдайы туралы білім бері,табиғатты пайдаланудағы жаңа әдістер мен технологияларды ойлап шығарудағы негізгі халықаралық бет алыстармен таныстыру. Экология-қоршаған орта мен тірі организмге керек жағдайларды өзгертудің ж/е оңтайластырудың жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін, тірі организмдер мен олардың жүйелерінің қоршаған ортамен өзара қатынасы, олардың бір-біріне әсері мен өзара сіңісуі туралы ғылым. Экология барлық деңгейлердегі ағза үстілік биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды. 60-70ж-на дейін экология биологияның шеңберінде дамыды. Адам бұл жүйелерде қарастырылмады, себебі,оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы биологиялық емес, әлеуметтік заңдылықтарға бағынады деп есептелінген. Шындығындада адамның биосф-ғы орнын екі жақты қарастыруға болады. Бір жағынан ол биологиялық түр ретінде планетаның экожүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Екінші жағынан, басқа тіршілік иеерінен ерекше адамға биологиялық емес, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктер мен даму механизмдері тән. Ол техниканы, жаңа жасанды заттарды жасап, ғимараттар мен жолдар салады.осыған байланысты,ол бұрын пайдаланбаған кен,мұнай, ағаш ж/е т.б. қоршаған орта ресурстарын қолданады. Сонымен қатар,табиғатқа,оған тән емес қалдықтар-пластик, металл, құрылыс материалдары шығарылады.Ауаның,судың,топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен ауантүрлігінің кемуі, адамдардың денсаулығының ж/е өмір сүру жағдайларының нашарлауы күшейіп отыр.

 

2. Таусылмайтын табиғи қорлар

Табиғи қорлар – адамның өз мақсаттары мен өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын табиғи заттар мен құбылыстар жиынтығы. Оған ауа, күн, жел, су, жер, ормандар, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар мен т.б. жатады. Табиғи қорлардың бірінші белгісі олардың түрі№ сол бойынша олар табиғи құбылыстар, жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі, табиғи заттар деп бөлінеді. Табиғи қорлардың екңншң белгісі олардың таусылып қалатындығы. Осыған байланысты таусылатын және таусылмайтын болып бөлінеді. Біз қарастырып отырған мәселе, ол – таусылмайтын табиғи қорлар. Бұл ұзақ мерзімді табиғатты пайдаланғанда мөлшері мен сапасы өзгермейтін не өзгерісі сезілмейтін табиғи физикалық құбылыстар мен заттар. Мұндай қорлар күн энергиясы, жел энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауының энергиясы.

3.Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.[1] Биосфера- жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды.Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі ағзалардың қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі азғалар болғаны туралы ешқандай деректер жоқ. Протерозой эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн жыл бойына созылған. Протерозойда тірі ағзаның қарапайым түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде тасқа жабысқан қалдықтары әртүрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады. Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 млн жыл бұрын басталып, 300 млн жылға созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді.

 

3. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық мәселелері.(56)

Адамзаттың соңғы екі жүз жылда ғылыми техникалық прогресс арқылы дамуынан қоршаған орта мен экожүйеге антропогендік әсері қазіргі кезде қатты сезіле бастады. Экожүйе бұзылды немесе тіптен жойылу алдында тұр. Глобалды экодинамиканың келесі әлеуметтік экологиялық мәселелерін талдап қарастыруға болады. Олар таза су, теңіздер мен мұхиттар, ауылшаруашылығы мен ормандар, атмосфера, қалдықтар, энергетика, транспорт, радиоактивті қалдықтар, жердің шөлге айналуы, биотүрлердің азаюы, табиғи апаттар, техногендік зіл-залалар. Әрқайсысының жағдайы мынандай мәселелерге алып келіп отыр:

Таза су- жоғары приоритеттік мәселе. Жалпы Жер шарын алып қарағанда су қоры өте көп. Мәселенің ең қиыны – су сапасы мен дамушы елдердегі су тапшылығы болып отыр.

Мұхиттар мен теңіздер - балықтар қорының азаюы мен теңізд ортасын қорғау мәселелері сақталып отыр. Алдыңғы қатардағы мәселеге мұхит жағалауындағы ластану жағдайы мен оған антропогендік әсерлердің ұлғаюы жатады. Теңіз бен мұхиттардың қорын пайдалану мен оны сақтау экономкалық сараптамадан өткізуді талап етуде.

Ауылшаруашылығы мен ормандар – азық-түлікпен қамтамасыз ету барлық елдерде біркелкі емес. Дамыған елдермен салыстырғанда дамуы елдердегі халық пайдаланатын азық калориясы төмен. Тағы бір мәселе ол ормандардың өртке жиі ұшырауы мен ағаштарды заңды және заңсыз кесудің үлкен дәрежеде жүргізілуі де болып отыр.

Энергетика – энергияны өндзіру қайта толмайтын қорларды жағы арқылы алынып келеді. Бірінші мәселе, осы қорлардың азаюы, екінші мәселе, қоршаған ортаға тигізіп отырған зияны.

Транспорт – соның әсерінен атмосфераға шығатын улы және зиянды заттар мөлшері артып отыр. Транспорт қолданатын жанар май да сапасы жақсармай отыр.

Атмосфера – ауаға шығарылып жатқан зиянды заттардың мөлшерін күрт азайту жолдаы.

Қалдықтар – өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен қатар муниципалдық қалдықтар да көп мөлшерде шығарылуда. Қалдықтар қауіпті, уландырғыш, радиоактивті және аралас болып бөлінеді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)