|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Билет №20. 1)Қоршаған ортаның ластануы -адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық1)Қоршаған ортаның ластануы -адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады. 2. Ю. Либихтің минимум заңы (1840 ж.) Ю. Либихтің минимум заңы (1840 ж.) – ағза төзімділігі оның экологиялық талаптарының ішіндегі ең осал тізбегімен анықталады. Яғни ағзаға факторлардың ішінде қажетті минимумы (ең аз мөлшері) жетіспесе (жылу, жарық, су және т.б.), онда экожүйе дамуы тоқтайды немесе өледі. Ағза кейде жетіспейтін бір затты өте көп мөлшердегі екіншісімен алмастыра да алатынын атап өту керек. 3. Экожүйе дегеніміз не? Экожүйе – бұл бір-бірімен белгілі бір заңдылықтармен тығыз байланыста тіршілік етуші әртүрлі ағзалардың жиынтығы мен тіршілік ортасының жағдайы. Терминді 1935 жылы ағылшын экологы Тексли енгізген. Ең үлкен экожүйе – Жер биосферасы, ары қарай кішірейе береді: құрлық, мұхит, тундра, тайга, орман, көл, көлшік, гүл отырғызылған ыдыс және тағы сондайлар. Кез келген экожүйеде азық табу үшін әртүрлі өзара қарым-қатынастар орын алады. Оның құрамды бөліктері: фитоценоз – продуценттер (өсімдіктер), күн энергиясын қабылдау арқылы алғашқы азық қорын құраушылар; микробоценоз – редуценттер – өлі органиканы қореқ қылып, оны қорыту негізінде өсімдіктер қоректене ала алатындай түрде минералды элементтерге айналдырушы ағзалар. Экожүйелерде энергия азық арқылы таралады, яғни өсімдіктер жануарларға қореқ, ал жануарлар бір-біріне азық, осы жалғасты азықтық тізбе (трофикалдық) дейді. Егер де азық жүйесінде тізбектер көп болса, соғұрлым экожүйе тұрақты болады. Экожүйенің қасиеттері: - Гомеотаз – тірі ағзалардың зат алмаса алатындығы және әртүрлі химиялық реакциялар түзе алушылығы. - Өсімшілдігі – бірлік уақыт аралығында экожүйедегі биомассаның артуы. Ең жоғарғы өсімшілдік тропикалық ормандарға тән, өте төмен – шөлдер мен тундрада. - Өздіктазалануы – ластаушы заттардан құрала алуы не оны түрлендіре алу қабілеті. - Төзімділігі – сыртқы факторлар әсері кезінде экожүйенің өз құрылымын және әрекет ету қабілеттілігін сақтауы. - Тұрақтылығы – экожүйенің тепе-теңдік жағдайынан шыққаннан кейін өзінің бастапқы қалпына келе алу қабілеті. - Эмерджменттілігі – экожүйенің негізгі қасиеті, ол белгілі қасиеттерінің жай қосындысы емес. - Экологиялық сукцессия – табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен биогеоценоздардың біртіде қайтымсыз ауысыу. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.) |