|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Билет №121. Атмосфераға анықтама бер Атмосфера жер шарын түгелдей орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95%), аргон (28%), азот (75,50%Ё) және басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен тропосфера, стротосфера және ионосфера қабаттары болып үшке бөлінеді. Тропосфера – өзгермелі қабат, жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Орташа биіктігі 10-12 км-ге жетеді. Стротосфера – төсем, тағы да сондай сияқты теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты. Ионосфера – қозғалғыш қабат. Қалыңдығы 800 км-ге жетеді.
Гаузенің бәсекелестік негізінде жою заңы: экологиялық талаптары бірдей түрлер ұзақ уақыт қатар өмір сүре алмайды. Бәсекелестік түр ішінде және түр аралық болып бөлінеді. Табиғатта экологиялық шарттары бойынша алшақтап кеткен түрлер ғана бірге тіршілік ете алады. Мысалы, жер құртымен қоректенетін құсты алатын болсақ, бірі ағаш басынан, ал бірі топырақтан қорегін тауыпжейтін болғандықтан бірге тіршілік ете алады. Адам қоғамында бұл заң цивилизациялардың бір бірінен кете алмайтындығында, себебі Жер планетасы біреу ғана, басқа бос орын да, қоныстанбаған территория да қалмады. Осының арқасында бәсекелестік күрес қалыптасуда. Популяция ішіндегі түрлердің бірге тіршілік ету шарттары әр алуан: Жалғыз тіршілік ету көптеген ағзаларға тән. Мысалы, көбею кезеңінен басқа уақытта кірпілер, шортандар,жайындар жалғыз және жеке тіршілік жасайды. Топтанып тіршілік ету ағзаларға көптеген шартты белгілер қалыптастырады. Мысалы, қасқырларға топтанып қорек табу жеңіл, сондықтан олар өз тобының басшысын қабылдайды, соның әрекетіне бағынады. Жылқылар да үйірімен бақпай ақ тіршілік ете алады, жыртқыштардан қорғанады және үйір бастауышы жылқыға бағынады. Яғни, топтылық эффектісі қалыптасады. Тағы да бір мысал, егер де қой өз отарынан бөлініп қалса, оның жүрек қағысы мен тыныс алуы жиілеп, оны үрей билейді. Тіпті кейбір жануарларды тобынан бөліп алса, көбею қабілетінен айырылады. Осы мысалдардан топтық эффектіні анық байқауға болады. Жанұялық тіршілікті қарастырсақ, бұл жағдайда ұрпақтар мен ата ана арасындағы байланыс күшейеді. Мұнын айғағы ұрғашы немесе еркектің жұмыртқа басуы не күшіктерін сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғап, бағуы. Мысалы, құстар балапандарының қанаттары қатайып ұшып кеткенше бағып қорғайтыны. Жанұялық тіршілік ету кезінде жұптар өз территориясын белгілейді және оны қореғайды. Биологиялық көрсеткіштердің уақыт бойынша өзгерту процесі популяция динамикасын көрсетеді. Негізінде популяцияның санының көбеюі шексіз бола алады. Бірақ сыртқы қоршаған ортамен абиотикалық және биотикалық әсерлесудің салдарынан популяция көбеюі шектеліп отырады. Популяцияның көбеюіне қоршаған орта әсерінен басқа, өзара бәсекелестік пен тіршілік ортасы үшін күрес әсер етеді. Сонымен қатар популяция саны табиғи да ретпен реттеліп отырады, яғни аурулар, жұт, азық тапшылығы, құрғақшылық және т.б. Осының бәрі популяция санының өздігінен ретелуі деп аталады. 3. Ішкі суларды ластаушы көздер Қазақстанда су заңдылықтарының құқықтары «ҚР су кодексінде» (1993 ж.) және нормативті құжаттарда берілген. Қазақстан территориясындағы барлық сулар ҚР-ның су қоры болып табылады. ҚР сумен аз қамтылған аймаққа жатады. Қазақстанда 11 мың өзен (200 мың км), 48 мыңнан астам көлдер (каспий, Арал, Балқаш, Алакөл), жер асты сулары, жалпы ауданы 2033 км2 болатын 2724 мұздық бар. Шөл астындағы тұщы су қоы Балқаш сияқты 65-тен астам көлге тең. Қазақстанда 7 су қоймасы бар, ең ірісі Бұқтырма – тереңдігі 11 м, ені 35 км, ұзындығы 600 км, Қапшағай – тереңдігі 15-45 м, ені 22 км, ұзындығы 180 км. Каспий теңізі – ең үлкен төзды көл, жалпы ауданы – 400 мың км2. Арал теңізі қазіргі күні 44,5 мың км2 ауданнан тұрады. Соңғы 30 жылда Арал деңгейі 14,7 м түсті, су жағадан 100-120 метрге кетіп қалды. Қазақстанда барлық сулар мемлекет меншігінде. Судың ластануы деп қатты, сұйық және газ түріндегі заттардың әсерінен оның физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгерісін айтады.т жер асты және үстіндегі сулардың ластануын мынандай түрлерде болады: - Механикалық – механикалық қоспалардың су құрамында көбеюі; - Химиялық – су құрамында органикалық және органикалық емес улы және улы емес заттардың болуы; - Бактериалдық және биологиялық – су құрамында әртүрлі микроағзалар мен су өсімдіктерінің болуы; - Радиоактивті – су құрамында радиоактивтік заттардың болуы; - Жылулық – суға жылу және атомдық электростанциялардың ысыған суларын жіберу. - Суға түсетін зиянды заттар бірнее топтан тұрады. Физикалық қасиеті бойынша еритін, ерімейтін және коллоидты болады. Сонымен қатар ластаушы заттар минералды, органикалық, баетериалды және биологиялық деп бөлінеді. - Жануарлардан ластану – бұл физиологиялық бөлінімдер, жабысқақ заттар. - Әр түрлі өнеркәсіп өндірісіндегі суды көп көлемде ластаушы көздерге жатады. Олар – металлургия, химия, қағаз өндіру кәсіпорындар, фабрикалар және тағы да сондай өнеркәсіп орындары. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.) |