АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Билет №9

Читайте также:
  1. БИЛЕТ 1
  2. Билет 1
  3. БИЛЕТ 1
  4. Билет 1
  5. Билет 1
  6. Билет 1
  7. Билет 1
  8. Билет 1
  9. Билет 1 Восточные славяне. Расселение, основные занятия, религия. Военная демократия.
  10. Билет 1(Эволюция взглядов на предмет экономической теории. Микроэкономика и макроэкономика. Экономическая теория и экономическая политика.)
  11. Билет 1.
  12. Билет 1. Предмет истории как науки: цели и задачи ее изучения

1. Биосфераның жалпы сипаттамасы

Биосфера биос – өмір және тіршілік, «sphaira» (сфера) – шар, қоршған орта деген сөздерінен алынған. Яғни жер шарындағы адамзаттың, жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.

Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э.Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биофера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50%-ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш қабаттан құралады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су түріндегі), литосфера (қатты) қабаттар.

Жалпы, биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Протерозой эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн. жыл бойына созылған. Протерозойда тірі ағзаның қарапайым түрлері тіршілік еткен.Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 млн. жыл бұрын басталып, 300 млн. жылға созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді.Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларында өскен. Олар көк жасыл балдырлар болатын. Силур кезеңінде өсімдіктер құрлыққа біртіндеп шыға бастап, дами түсті.Пермь дәуірінің бас кезіндегі өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі өсімдіктерге ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ пермь дәуірінің ортасында жер бетіндегі өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш тәрізді плаундар, каламиттер, папоротниктер мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, цикада тәрізділер және шикгалар өсе бастады.Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн. жыл бұрын басталып, 115 млн. жылдан астам уақытқа дейін созылған.Кайназой эрасы бұдан 70 млн. жыл бұрын басталған. Осы уақыттан бері барлық эралар бойынша қазіргі кезден флораның қалыптасу процесі жүрді.Биосфера – белсенді өмідің аумағы, Жер қабатының құрамы, құрылымы және энергетикасы өткен заман мен қазіргі кезде ағзалардің тіршілігімен байланысқан.Ғалымдардың басым көпшілігі бойынша жердегі өмір дамуы үш этаптан тұрады:

1. биологиялыққа дейінгі - Жердің пайда болғанынан өмір пайда болғанға дейінгі аралық.

2. Биосфераның пайда болуы.

3. Ноосфераның құрылуы – ақыл ой сферасының пайда болуы (эволюция негізінде адам пайда болды).

Биосфера жердің ерекше қабығы, сондықтан біз жердің құрылысымен танысуымыз керек.

2.Жер асты сулары----2билет

2. Биотоптың әртүрлілік, жағдайлардың ауытқу,ортаның жайлап өзгеру принциптері

Жалпылай біртекті жағдайлармен сипатталатын биоценоз биотоп деп аталады. Биоценоз бен биотоп бір-бірімен ажырамас ұғымдар.

Принциптері:

1. Әртүрлілік принципі. Биотоптың жағжайы шарттары алуан түрлі болған сайын биоценоз да түрлер көп болады. Мысалы, тропикалық орман – онда бір жерде бірдей өсімдікті де табу қиын, олардың түрлері де өте көп.

2. Жағдайлардың ауытқу принципі. Биотоп жағдайы қалыптыдан ауытқуын артқан сайын түрлер алуандығы азая береді, бірақ кейбір түрлер көбеюі мүмкін. Мысалы, ластанған жерлерде ағзалардың алуандығы болмайды, бірақ бір түр көп болады және олар шектен тыс көбеюі мүмкін.

3. Ортаның жайлап өзгеру принципі. Орта жайлап өзгерсе және тұрақтылығы ұзақ уақыттық болса, соншалық биотоп бай және алуан түрлі.

3. Табиғи қорларды пайдаланудың мәселелері

А) су жалпы планерлық масштабта таусылмайтын қорға жатады, себебі оның жалпы көлемі мұхит, атмосфера мен құрлық арасында жүретін тұрақты айналыммен толықтырылып отырады. Қазіргі кезде негізгі мәселе таза судың әртүрлі зиянды заттармен ластануы, олар: пестицидтер мен улы химикаттар, мұнай мен оның өнімдері және т.б. бұл мәселе барлық өндірісі дамыған елдерге тән құбылыс.

Б) пайдалы қазбалар. Минералды шикізаттарды кешенді пайдаланудың қалып қалуы өндірістік қалдықтардан көптеген минералдар түрлерін технологиялардың жетілген түрлерінің жоқтығынан әлі күнге дейін алынбауынан болып отыр. Жерден қабба қорлар толығымен де алынбай отыр. Факелдерде миллиардтаған кубометр мұнай газы жағылуда.

В) жерді пайдалану. Жерді барлық түрде пайдалану оның деградациясына алып келеді.

Г) Өсімдіктер мен жануарлар әлемі. Өсімдіктер әлемін тиімді пайдалану орман қорларын тиімді пайдалану мен оның өсімділігін арттырудан тұрады. Осы мәселені жүзеге асыру үшін арнайы табиғат аймақтары мен қорлар құрылған, олар: заповедниктер, мемлекеттік табиғи парктер, ұлттық қорлар; ормандар мен азайып бара жатқн өсімдіктер аймағы.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)