АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 3 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Аралдың оңтүстік және оңтүстік батыс бөліктеріндегі ең суық айдың орташа температурасы 0°С-тан сәл ғана төмен(+2°-тан -3°С дейін) болады. Аралдың ішкі бөліктері мен теңіз деңгейінен көп биік жерде қыс едәуір суық болады. Орташа температурасы -5°-тан -15°C-қа дейін жетеді. Жаздың орташа температурасы +7°-ден -12°С-дан аспайды. Жауын-шашын әсіресе оңтүстік пен оңтүстік батыста мол. Жылдық мөлшері 1000мм-ге жетеді. Ал биік массивтерінің беткейлерінде 3000мм-ге жетеді. Ішкі бөліктеріне жауын-шашын мөлшері 300-500мм-ге төмендейді. Исландия циклондардың жолында орналасқандықтан оның ауа райы бүкіл жыл бойы тұрақсыз болады, әртүрлі ауыспалы бағыттарда күшті жел соғып тұрады. Исландияның өсімдігі көбіне мүк, қына, вереска, қарақат және бүлдіргендерден тұрады. Исландияның табиғат жағдайы ауыл шаруашылығы, әсіресе егін өсіру үшін қолайсыз. Аралдағы тұрғындардың көпшілігі оңтүстік пен оңтүстік батыс аудандарға шоғырланып, балық аулаумен айналысады.

 

 

Фенноскандия – Шетелдік Европаның физико-географиялық ең ірі аймағының бірі. Ол Скандинавия түбегі мен Финляндияны, Ресей шетіндегі Карелия мен Кола түбегін алып жатыр. Бұл үлкен территория табиғат жағдайларының қаталдығы, ежелгі жыныстардың таралуы, мұз басу ізінің айқын көрінуі, тайга ормандары мен тау тундраларының басым таралуы сипатты болып келеді. Аймақ табиғи кешені жағынан солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасады. Климатының континентальдығы жағынан бастыстан шығысқа қарай күшейеді. Бұл аймақтың негізгі ерекшеліктеріне: Балтық Қалқан зонасында докембрий жыныстардың шығуы, жер бедерінің көне-мұздық формаға ие болуы және литогенез бен батпақтанудың өзара байланысы, оңтүстік-батыс өңірдегі жауын-шашынның көп мөлшерде мол түсуі (2000 мм/ж) жатады.

Скандинавия мен Финляндияның шығыс бөлігінде Балтық қалқанының кристалдық жыныстары жер бетіне шығып жатады. Фенноскандияның батыс бөлігі каледон қатпарлығы аймағына жатады және неоген дәуірінде жасарып, қазіргі уақыттың өзінде де баяу көтерілу кезеңін басынан кешіп отырған қалдық тау ғимараттары. Скандинавия таулы қыраты Норвегияда фельд деп аталатын беткейлері тік жарлы және үсті тегістелген орқаш массивтер жүйесін құрайды. Батысында Скандинавия таулары барлық жерінде дерлік мұхит жағалауына тақап барады, бірақ олардың тіп-тік жар қабақтары мен теңіз аралығындағы биіктігі небары бірнеше ондаған метрлік жағалай жазығының тегіс ойпатты алабы созылып жатады. Фенноскандияның батыс жағалауының күшті жырымдалуы жас тектоникалық қозғалыстар мен төрттік мұз басу әсерінің нәтижесі. Таулардың батыс беткейлерін жарықшақтарды бойлап өзен аңғары түскен. Антропоген дәуірінде бұл аңғарларды бұрынғысынан көп тереңдетті. Мұздан босағаннан кейін Скандинавия тауларының жағалаулық зонасы шөгіп, аңғарларды су басып кеткен. Соның нәтижесінде Скандинавия түбегіне тән енсіз, ұзын, ирелеңдеп келген фьордтар жасалды. Неғұрлым ірі фьордтар батыс шығанақтар жағалауының оңтүстік бөлігінде орналасқан, олар Согне-фьорд, Хардангер-фьорд, Тронхеимс-фьорд және басқалар.

Скандинавия тауларының шығыс беткейі бірте-бірте аласара келе Скандинавия түбегінің шығыс бөлігінде орналасқан биіктігі 400-600м Норланд кристалды үстіртіне ауысады. Фенноскандияның климат жағдайларының әркелкі болуы солтүстік пен оңтүстік бөліктерінің аралығындағы айырмашылықтардың үлкен болуына, батыстан шығысқа қарай едәуір созылып жатуына және Скандинавия тауларының атланттық ауа массасының қозғалысы жолында созылып жатуына байланысты.

Скандинавия түбегінің батыс шеті мен оңтүстік бөлігі батыс тасымалының тікелей әсерінде болады. Скандинавия тауларынан шығысқа қарай ауа массасы солтүстік пен оңтүстік тұстан тау қыратын айналып өтеді де, едәуір дәрежеде трансформацияланған күйінде келеді. Сондықтан Фенноскандияның шығыс бөлігінің климаты батыс шетімен салыстырғанда анағұрлым континенттік және қаталдау келеді. Июль айының орташа температурасы солтүстігінде +10ᵒ, +12ᵒС, ал оңтүстік-шығысында +16ᵒ,+17ᵒС. Фенноскандияның климаттық өзгешелігін жауын-шашынның түсу мөлшерінен де байқауға болады. Мысалы, оңтүстік батыс жағында жауын-шашынның мөлшері 3000мм/жыл, ал солтүстікке жылжыған сайын жауын-шашынның мөлшері 1000мм/жыл дейін төмендейді. Ішкі аудандарында жауын-шашынның мөлшері 2 есеге дейін төмендейді, яғни 700-500мм.

 

Фенноскандияның рельефі мен климаты жер үсті суларының дамуына қолайлы жағдай жасайды, сондықтан да облыс өзендер мен көлдерге бай. Өзендер мен көлдердің басым бөлігі неоген дәуірінде пайда болған және кейінірек мұз көшкінімен өңделген тектоникалық жарықшақтарға орналасқан.

Фенноскандияның өсімдік жамылғысында қылқан жапырақты ормандар басым орын алады. Норвегияның қиыр оңтүстігінде жел өтінен ық жерлерде, әсіресе ірі фьордтардың сағасында, жалпақ жапырақты ормандар, жап-жасыл болып тұратын шалғындар және көптеген мекендерді айнала өскен жеміс бақтары ұшырасып қалады. Норвегияның Атланттық жағалауы, Финляндияның жағалауын ойпаттары немесе Орталық Швед жазығы сияқты кейбір аудандары мүлде ормансыз десе де болады. Бұл аудандар өзінің топырақ-климат жағдайына байланысты егіншілік үшін неғұрлым қолайлы келеді.

 

Осы ерекшеліктерге байланысты Фенноскандия екі облысқа бөлінеді: жазықты және таулы. Өзінің литогенездік ерекшелігі, қазіргі геоморфологиялық процестері, жауын-шашынның түсу мөлшері және топырақ-өсімдік жамылғысына қарай Фенноскандияны мына төмендегідей физико-географиялық аудандарға бөлуге болады: а) Скандинавия таулы ауданы; б) Норланд; в) Оңтүстік-батыс; г) Оңтүстік көлді; д) Қиыр солтүстік шығыс; ж)Смоланд; з) Орталық.

 

 

Дәрістің негізгі блоктары:

 

Палеогеография, геология, геоморфология. Фенноскандияның ерекшеліктері.   Климат құрушы негізгі факторлар. Фенноскандияның климаты және жер бедерінің макро- және мезо құрылымын талдау.   Биота және климаттың бір-бірімен байланысы. Биотаның динамикасы.

 

Фенноскандия ландшафттарының антропогендік модификациясы. Күрт өзгерген ландшафттар.   Табиғатты қорғау. Фенноскандияның табиғатын ұтымды пайдалану

 

Орта Европа жазығының территориясында ендік зоналық жақсы көрсетілген. Бұл территорияға Герман-Поляк жазығы, Ютландия түбегі және оған жапсарлас жатқан аралдар кіреді.

Орта Европа жазығы солтүстігінде Фенноскандиямен, ал оңтүстігінде герциндік Европаның таулы тізбектерімен кездеседі. Көрші облыстармен салыстырғанда мұнда жазық рельеф басым және табиғи жағдайлары көбіне біркелкі. Иілу және теңіз басуы пермь дәуірінде басталган, жазықтың құрылысында пермьнен басқа бор және палеоген дәуірінің теңіз шөгінділері қатысады. Неогеннің аяғында жазықта континенттік жағдайлар орнайды да, одан кейін рельефтің қалыптасуы материкті мұз басумен байланысты болды. Қазіргі уақытта рельефінде екі мұз дәуірінің іздері айқын байқалады (рисский, вюрм) максимальды мұз басу кезінде мұз бүкіл облысты Реиннің төменгі ағысына дейін алып жатты. Ал соңғы мұз басу кезінде мұз жазықтың тек солтүстік шығыс бөлігін ғана алып жатқандықтан қазіргі рельефке осы мұз басудың іздері әлдеқайда жақсы сақталған. Мұз басудан кейін жер қабатының жаңадан шөгуі және трансгрессиялар болып өтті. Соның нәтижесінде Солтүстік және Балтық теңіздері пайда болды.

Солтүстік теңіз жағалауы мен аралдардың аралығында өзіндік «қосмекенді» өңір алып жатыр. Толысу кезінде оны су басқандықтан бұл белдеуді «ватт» деген атпен атайды, жазықтың батыс бөлігін әдетте «Ватт» жағасы деп атайды. Элбаның төменгі ағысынан шығысқа қарай жазық едәуір кеңейе түседі де оның рельефі біршама өзгереді. Жазықтың соңғы мұз басуы қамтыған солтүстік шығыс бөлігі батысына қарағанда төбелі жер бедерімен және едәуір биіктіктерімен ерекшеленеді. Онда соңғы моренна төбелер шоғыры пайда болып олардың арасындағы ойыстарда бөген көлдер орналасқан. Оларды «көлді жер» деп атайды. Мысалы: ГФР-де Мекленбург көлді аймағы мен Польшадағы Помор және Мазур. Жазықтың климаты батыстан шығысқа қарай бірте-бірте өзгеріп отырады. Климаттың өзгерістері теңіздік ауа массасының материктің түкпіріне қарай қозғалуы кезіндегі трансформациясына байланысты. Облыстың қиыр батысында – Нидерландыда жауын- шашынның жылдық мөлшері 700-800 мм, оның максимумы қысқа келеді. Қаңтардың орташа температурасы 0ᵒ-тан +3ᵒ-қа дейін болады. Тек кей жағдайда ғана шығыстан континенттік ауа массасы немесе солтүстіктен арктикалық ауа өткен кезде едәуір аяз түсіп, қар жауады. Жазы салқын және бұлтты келеді. Шілденің орташа температурасы +17+18ᵒС.

Шығыс бағытқа қарай жылдық жауын-шашын мөлшері азаяды. Олардың максимумы көктемге және жаздың басына ауысады. Қаңтардың орташа температурасы -4ᵒС, шілденің орташа температурасы +18+19ᵒС және жылдық жауын-шашынның мөлшері 500мм-ге жуық.

Орта Европа жазығын Солтүстік және Балтық теңізіне қарай ағатын толып жатқан өзендер кесіп өтеді. Ірі өзендер бір-бірімен каналдар арқылы байланыстырылған. Олардың ішіндегі ең ірілері Эмс, Везер, Эльба, Одер, Висла. Облыстың батыс бөлігінде өзендердің режимі анағұрлым бірқалыпты және шығысына қарағанда қату мерзімі едәуір қысқа, олар негізінен қар суымен қоректенеді, алайда таулардағы қардың еруі де үлкен роль атқарады. Жаздың екінші жартысында булануға байланысты оның деңгейі қатты төмендейді, бірақ күзде жаңбыр жауғанда қайта көтеріледі.

Жазықтың табиғи жағдайы үшін орманның қоңыр топырағы мен күлгін топырақты жерде өсетін жалпақ жапырақты және аралас ормандар алып жатыр. Қазіргі уақытта олар территорияның шағын бқлігін, оның үстіне батыс бөлігінде шығысына қарағанда аз жерін алып жатыр. Жазықтың батыс бөлігінің ылғалды және жұмсақ климаты шөптің өсуіне қолайлы. Нидерландыда, Данияда және Солтүстік Герман ойпатының солтүстік батыс бөлігінде табиғи ормандар мүлдем дерлік сақталмаған және оның ландшафтында табиғи және егілген шалғындар және қолдан егілген ағаш көшеттері басты орын алады. Шығысқа қарай орманды жер арта түседі. Польшада адам қолымен аз ғана өзгерген пуща (ну) ормандар кездеседі. Аймақтың ең басты спецификалық ерекшелігі: докембрий негізі, жер бедерінің аккумулятивті-мұздықты болуы. Ландшафт түзуші процестерге зоналық факторлардан басқа батыстан шығысқа қарай континентальдылықтың өсуі әсер етеді. Сондықтан, егер солтүстіктен оңтүстікке қарай қылқан және аралас ормандар ландшафттары жалпақ жапырақты ормандарға ауысса, ал батыстан шығысқа қарай жылу сүйгіш бұталы ормандарынан Ютландияның оңтүстігінен Герман-Поляк жазығының шығысына қарай аралас ормандарға ауысады.

Орта Европа жазығының территориясы 5 физико-географиялық аудандарға бөлінеді: Ютландия, Батыс-Эльба, Қырқалы-Балтық, Оңтүстік-Герман-Поляк, Шығыс-Герман-Поляк.

 

Дәріс 3 блоктан тұрады:

 

Ландшафттың зональды дифференциясы-ның ерекшеліктері, зоналылықты күрделендіретін факторлар.     Ландшафттың қалыптасуына сектордың әсері.   Табиғи жағдайлары мен антропогенді факторлардың өзара байланысы (ені жағынан ландшафттың антропогенді модификациясының таралуы)

 

Британ аралдары мен Герциндік Европа аймақтары. Аймақтың негізгі ландшафт құрушы факторлары: атланттық ауа массаларының ауқымды әсері, жағалауларының тілімденуі және мол ылғалдылық пен қолайлы температурасының үйлесімділігі.

Британь аралдары – Батыс Европа жағалауындағы бірден-бір ірі архиппелаг. Оның құрамына екі ірі арал – Ұлыбритания мен Ирландия және толып жатқан ұсақ арал – Мэн, Англси, Уаит, ішкі және сыртқы Гебридтер, Оркней және Шетланд аралдары енеді.

Архиппелагтың материктен толық бөлінуі және оның жағалауларының қазіргі көрінісінің қалыптасуы мұз басу дәуірінен кейін пайда болған. Британ аралдарының қатпарлары палеозойлық құрылыстары әсіресе неогеннің аяқ кезінде және антропогеннің басында күшті вертикал бөлшектенуді бастан кешірді. Бұл процестер қатпарлы фундаменттердің дөңдері мен әртүрлі кездегі және әртекті тұнба шөгінділермен толған ойыстармен алма-кезек ауысып келіп, бөлшектенгіш рельеф жасады.

Төрттік дәуірде Ұлыбритания аралының оңтүстік бөлігін есептемегенде қалған жерін мұз басып жатты. Британ аралдарының рельефінде төбесі қазаншұңқырлармен және үстірттермен кезектесіп келетін тегістелген аласа тау массивтері басым болып келеді. Олардың ең биігі 1300м-ден сәл ғана асады.

Аралдың жағалық сызығы тектоникалық жарықтармен және әлденеше рет өткен көтерілу мен шөгудік нәтижесінде өте қатты бөлшектенген.

Ұлыбританияның солтүстігінде солтүстік Шотланд таулы қыраты бой көтерген. Бұл тұтас алғанда үсті тегіс және жеке оқшауланған шыңдары бар қатпарлы массив болып келеді. Оның жер бедері төрттік мұз басудың іздері үйіліп жатқан дөңбек тастар, толып жатқан трог аңғарлары көрінеді. Шотландияның оңтүстік бөлігінде оңтүстік Шотланд қыраты орналасып, ол биіктігі 500-600м-лік аңғарлармен тілімденген, үсті көлбеу белес тәрізді келген үстірт болып табылады. Оның батыс бөлігі шығысына қарағанда биіктеу және көп тілімденген болып келеді.

Грампиан таулары мен Оңтүстік Шотланд таулары арасындағы кең опырықта Орта Шотланд жазығы жатыр. Оның беті қызыл түсті құмтастардан, саздан және құрамында таскөмірі бар девон мен карбонның ізбес тастарынан құралған.

Солтүстік Англияның орта бөлігін меридиан бағытында созылып жатқан таскөмір жыныстарынан құралған антиклинальдық көтеріңкі алқап – Пеннин таулары алып жатыр. Оңтүстіктен Пеннин етегіне триас пен юра дәуірлерінің шөгінділерінен құралған төбелі Мидленд жазығы жанасады. Төбелер толып жатқан аңғарлар мен жыралармен тілімденіп, олардың беткейлерінде қызыл түсті жыныстардың қабаттары ашылып жатады. Ландшафтында қызыл реңінің басымдығына қарай Мидлендті жергілікті халық Қызыл жазық деп атайды.

Батыстан Мидлендке Уэльс түбегі жанасады. Мұндағы таулардың жер бедері тегіс, төбелері жұмыр және беткейлері көлбеу болып келеді. Ұлыбританияның оңтүстік шығыс бөлігі геологиялық құрылысы мен жер бедері жағынан басқа бөліктерінен мүлде ерекше. Қатпарлы негіздің кристалды жыныстары еш жерде жер бетіне шығып жатпайды және бүкіл ауданында тереңге батқан палеозой құрылымдарының үстінде жайғасқан мезозой мен кайнозойдың тұнба шөгінділері кең таралған. Бұл ауданның жер бедерінің басты ерекшелігі оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа созылып жатқан және қия шеті Уэльстің ежелгі тау ғимаратына қараған куэсталардың кең таралуында.

Лондон бассейні – кайнозой дәуірінің қалың теңіз шөгінділерімен толған сопақша депрессия болып табылады (депрессия – жер қыртысының иілген аймағы).

Ирландия аралының бүкіл ішкі бөлігін ойпатты Орталық Ирландия жазығы алып жатыр. Оның беті әр жерде сазды шөгінділердің жұқа қабатымен жабылған карбонның әктастарынан түзілген. Орталық Ирландия жазығының жан-жағының биіктігі 1000м-ден аспайтын өте қатты бөлшектенген тау массивтерімен қоршалған.

Британ аралдарының климаты едәуір дәрежеде батыс тасымалына байланысты. Бүкіл жыл бойы соғып тұратын өкпек және ылғалды батыс желі аралға өте мол ылғал әкеледі. Әсіресе, аралдардың батыс төңіректері мен батыс тау беткейлеріне жауын-шашын көп түседі, ондағы жылдық мөлшері 2000-3000 мм-ге дейін жетеді. Шығыс және оңтүстік шығыс аудандарға жылына 600-700 мм түседі. Қаңтардың орташа температурасы +3–7ᵒ, ал шілдеде +11+17ᵒС-ге жетеді.

Аралдардың өзен жүйесі рельефі мен климатының ерекшеліктеріне байланысты өте жиі болып келеді. Облыстың ірі өзендері – Северн, Темза, Шаннон, т.б. Британ аралдарында жалпақ жапырақты ормандар мен аралас ормандар кездеседі. Ормандар аралдардың жалпы ауданының 4-5%-ін ғана алады. Қазіргі кезде ағаш өсімдігінің едәуір бөлігі екінші рет қайтадан шыққан, әдетте қолдан отырғызылған болып табылады.

Британ аралдары табиғатының спецификалық ерекшеліктеріне каледон және герцин орогенезінен тұратын тектоникасы, аласа таулардың үйінді тау жұрнағының басымдылығымен, мезофильді өсімдік формацияларының көлемді таралуы және ландшафттардың антропогенді модификациясы жатады.

Британ аралдары мынандай физико-географиялық аудандарға бөлінеді: Солтүстік Ирландия, Оңтүстік Ирландия, Солтүстік Шотландия, Оңтүстік Шотландия, Пенин таулы ауданы, Лондон бассейні, Оңтүстік Батыс.

 

Дәріс 3 блоктан тұрады:

 

Ландшафт құрушы факторлар.   Қазіргі кездегі ландшафттарды талдау, олардың спецификалық ерекшеліктері.   Ландшафттардың антропогендік модификациясы. Табиғатты қорғау.

 

Герциндік Европа. Аймақтың ландшафт құрушы факторының ең басты ерекшелігіне жер бетінің қиылысуы және тау мен жазықтардың жиі алмасуы жатады. Аймақта герциндік құрылым дамып, антеклизалар мен синеклизаларға ауысады. Аймақ мынандай физико-географиялық облысқа бөлінеді: Атлант алды және Орталық-Европа. Герциндік Европаның физико-географиялық аудандары: Бретань, Аквитан, Орталық массив, Париж бассейні, солтүстік шығыс және оңтүстік шығыс болып бөлінеді. Аймақтың зональді және азональді ландшафттарының қалыптасуы қазіргі кездегі ландшафттар модификациясының динамикасына әсерін тигізеді.

Герциндік Европа ландшафттарының қазіргі кездегі орын алған сипаты Франция, ФРГ және т.б. мемлекеттерде табиғатты қорғау шаралары үшін негізгі екі үлкен фактор болып саналады.

 

Дәріс мына блоктардан тұрады:

 

Ландшафттардың қалыптасуындағы зональді және азональді факторлар.   Физгеографиялық бірліктерді жетекші факторлар бойынша бөлу және жіктеу   Ландшафттардың антропогендік модифи-кациясының дамуы және динамикасы.Табиғатты ұтымды пайдалану.

 

 

Әдебиеттерде екі аймақты біріктіріп оларды бір физико-географиялық аймақ ретінде қарастырады. Біздің ойымызша, ең ірі Альпі тау жүйесін жеке физико-географиялық аймақ ретінде қарастыру қажет.

Альпі және Альпі маңы аудандары.

Альпі тауы батыстан шығысқа 1200км-ге дейін созылып жатқан тау жүйесі. Шығыс бөлігі Батыс Альпіге қарағанда аласа және енді. Ең биік ортаңғы белдеуі ежелгі кристалды және метаморфты тау жыныстарынан құралып, жер бедері таулы-мұздық сипатқа ие. Қазіргі мұз басу көлемі 4000км2-ден асатын 1200 мұздықтардан құралған.Таудың жылу режимі ендіктерден ғана емес, оның абсолюттік биіктігіне де байланысты қалыптасқан. Альпінің солтүстік батысы мен батыс жел жақ беткейлерінде 2000мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Батыс Еуропаның Рейн, Рона, По, Дунай өзенінің оң жақ салаларының көптеген өзендері бастауларын осы өңірден алады; тектоникалық мұздық генезистегі Боден, Женева, Комо, Лаго-Маджоре көлдері де осы аймақта. Аймақтың 800 метр биіктікке дейінгі климаты жылы, ал оңтүстікке қарай Жерорта теңіздік типке сай келеді. Территорияда халықтың қоныстануы өте тығыз және жақсы игерілген.

Фаунасы жалпақ жапырақты ормандар мен 1800м биіктікте бірте-бірте қылқан жапырақты түрлерімен алмасады. 2200 м биіктікте климат суық, субальпілік қысқа мерзімдік вегетациялық кезең басталады. Бұл өңірлерде бұталы, биік шөпті шалғындар таралуына байланысты, жазда жайылымға өте қолайлы болады. Одан жоғары мұздықтардан, қарлар мен қиыршық тастардан тұратын биік нивальды белдеуге ауысады. Альпі тауларының табиғат кешендері ендік және меридианды бағытта табиғи кешендірінің ерекшеліктерімен сипат алады.

Альпінің әр алуан рельефінің жасалуында мезозой мен палеогендегі қатпарлар түзілісімен және көтерілуімен бірге неогеннің аяғы мен антропогеннің басында күшті вертикальдық қозғалыстар, кейіннен эрозиялық әрекетпен Альпіде мұз басудың ықпалы үлкен болды. Кристалдық жыныстар мен әктастардан құрылған неғұрлым биік жоталар мен массивтер өңірі нағыз биік таулық жер бедеріне ие. Алдыңғы Альпінің анағұрлым аласа және шеткі жоталарына шыңдары жұмыр және беткейлері орта таулы жер бедері типі тән. Ондағы аңғарлар кең және терассаланған. Ірі көл ретінде кеңейген жерлері басым. Альпінің үстірт өңірлерінде мұздықтары қалдырған мұз шөгінділерінің қалың жыныстары: мореналық үйінділер, түпкі морена шоғыры және көлемі аумақты болып жатқан зандр құмының массасы бар. Альпінің тауалды үстірті Швейцария мен ГДР жерлерінде жатыр.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)