АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 21 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Анд белдеуі солтүстігінде Антиль-Кариб аймағымен қосылады, оның үлкен бөлігі Солтүстік Американың құрамына кіреді. Оңтүстік құрлықта осы облысқа ендік бағыттағы кариб Анды жүйесі сәйкес келеді. Анд тауларының дамуы мен құрылысындағы айырмашылықтарға байланысты көптеген көлденең құрылымдық геоморфологиялық белдемдерді ажыратады. Батыс Кордильера–Альпілік орогендік үрдістің ортасы мен соңында пайда болған биік және орташа биіктіктегі қатпарлы-жақпарлы қыраттар кездеседі. Осы белдемнің батысында оларды Тынық мұхитынан Береговой Кордильерасы бөліп тұрған, көлденең ойпаттар мен аңғарлар орналасқан. Олар барлық жерінде қатпарлы кайнозой жыныстарынан түзілген. Шығыс Кордильер палеозой қатпарлы құрылымдарында кайнозойдың соңғы тектоникалық жоғары көтерілуі салдарынан дамыған. Батыс және Шығыс Кордильер тауларының арасында палеозойдың ірі Альпі орогенезіне ұшырамаған Боливия таулары орналасқан. Оңтүстік белдеудің 260 және 370 оңтүстік ендіктерінде орта биіктікті және биік Кордильер алды мен Пампин массивтері мен қыраттары пайда болған. Олар Анд тауларынан және бірінен-бірі тектоникалық ойпаттармен бөлініп жатыр. Оларды платформа мен Анд тауларының арасындағы өтпелі аймақ деуге болады.

Анд белдеуінде пайдалы қазбалардан: гидротермальды мыс рудалары, қалайы, қорғасын, мырышты айтуға болады. Сонымен бірге, алтын, күміс, асыл тастар кездеседі. Тау аралық және тау алды ойпаттарында, әсіресе, Венесуэла мен Колумбияда мұнай көп.

Оңтүстік Американың орографиясы климат құрудағы маңызды фактор болып табылады. Атлант мұхиты жағынан келетін ауа тасқындары батысқа Анд тауының етегіне дейін еркін өтеді. Батыста және ішінара солтүстіктен Анд тосқауылы Тынық мұхит пен Кариб теңізінен келетін ауа ағындарының қозғалысына әсерін тигізеді.

Атлант және Тынық мұхиттарының құрлықтың жағасына таяу маңдағы ағыстарының да мәні зор. Атлант мұхитындағы Оңтүстік Пассат ағысының Гвиана және Бразилия тармақтары Оңтүстік Американың жағаға таяу маңында 30С. мөлшерінде қысқы оң ауытқу тудырады. Ал тынық мұхиттағы экваторға дейін тікелей өтетін Перу суық ағысы солтүстікке Антарктидадан салқын су массаларын апарады да, экваторлық зонадағы температураны осы ендіктердің орташа температурасымен салыстырғанда 40 С-қа төмендетеді.

Оңтүстік Американың көпшілік бөлігі үшін атмосфера циркуляциясының аса маңызды типі – екі жарты шардың пассаттық циркуляциясы. Біршама ылғалды тропиктік ауа массалары атланттық максимумдардың батыс шеттері арқылы шығады. Бұл ауа құрлықтың түкпіріне қарай жылжи және ылғалының едәуір бөлігін Бразилия мен Гвиана таулы қыратының шеткі жағына бере отырып өзгеріске ұшырайды.

Құрлықтың шығыс шетінде, экватордан оңтүстікке қарай солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың пассаттары кездеседі, ал батысқа таман жатқан аудандарда әр жарты шардың жаз мезгілінде пассат тасқындарының басқа жарты шарға ауысуы және муссон желдерінің түзілуі байқалады.Құрлықтың батыс шетінің едәуір бөлігінде Оңтүстік Тынық мұхит максимумының шығыс шеті және онымен байланысты оңтүстік және оңтүстік-батыс желдері мен пассатты инверсия әсерін тигізеді. Құрлықтың қиыр оңтүстігіне қоңыржай ендіктердің батыс тасымалы ықпал етеді.

Оңтүстік Атлант антициклоны жазығынан қызған құрлық жағына қарай муссон сипатындағы желдер соғып, олар Бразилия таулы қыратының оңтүстік-шығыс шеті мен Ла-Плата ойпатына жаңбыр әкеледі. Батыс жағалауының көпшілік бөлігі 300 о.е.-тен бастап экваторға дейін Тынық мұхит максимумының шығыс шетінің ықпалында болады және онда жауын-шашын болмайды. Гуаякиль шығанағынан солтүстікке қарай жағалауға экваторлық ауа массалары әсер етеді, жаңбыр көп жауады.

Құрлықтың қиыр өңтүстігіне батыстан мұхиттық ылғалды ауа келеді. Сөйтіп, Тынық мұхит жағалауында, әсіресе Анд тауының батыс беткейлерінде жауын-шашын мол болады, ал Анд тауының қалқасында жатқан және шығысынан салқын ағыс өтетін Патагония қоңыржай ендіктердің біршама құрғақ континентік ауа массалары қалыптасатын орталағына айналады.Шілде құрлықтың бүкіл солтүстік бөлігі оңтүстік-батыс муссон әкелетін ылғалды экваторлық ауаның және Атлант мұхиты жағынан келетін ылғалдылығы одан кем түспейтін теңіздік тропиктік ауаның ықпалында болады.

Бразилия таулы қыраты үстінде оңтүстік жарты шардың тропиктік максимумының солтүстікке ауысуына байланысты жоғары қысым және құрғақ ауа райы орнайды. Таулы қыраттың оңтүстік-шығыс шеті ғана тікелей Атлант мұхитынан келетін оңтүстік–шығыс пассаттың әсеріне дұшар болып, жазғыға қарағанда кемдеу болғанымен, мұнда едәуір жауын-шашын түседі.

Оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай белдеулерінде батыс тасымалы басым болады және циклондық жаңбырлар жауады. Патагония бұрынғысынша біршама құрғақ және салқын ауаның құрылу орталығы болып қалады. Бұл ауа мезгіл-мезгіл солтүстікке енеді және тура Амазонка ойпатына дейін өтеді де, онда ауаның температурасын едәуір төмендетеді.

Тынық мұхит жағалауының орталық бөлігінде шілде де қаңтар айындағыдай 300 о.е. экваторға дейін жағаны қуалай салқын Перу ағысының үстінен соғатын оңтүстік және оңтүстік – батыс желдері басым болады. Бұл Тынық мұхит жағалауының осы ендіктерге өте құрғақ болуына әкеліп соғады. Пассат оңтүстік-батыс муссонға ауысатын солтүстік бөлігінде ғана жағалауға едәуір мөлшерде жауын-шашын жауады.

Оңтүстік Американың негізгі бөлігі экваторлық, субэкваторлық және тропиктік климат белдеулерінде жатыр. Қиыр оңтүстігінде ол субтропик және қоңыржай белдеулерге кіреді.

Оңтүстік Америкадағы экваторлық климат белдеуі Амазонка ойпатын түгелге жуық (шығыс бөлігі мен қиыр оңтүстігінен басқа) Гвиана таулы қыраты мен Ориноко ойпатының жапсарлас бөліктерін қамтиды. Экваторлық белдеу алабына экватордан солтүстіктегі Тынық мұхит жағалауы да кіреді. Бұл белдеуге бүкіл жыл бойы мол жауын–шашын мен бір қалыпты жоғары температура (+24, +280С) тән. Жылдық жауын-шашын жиынтығы 1500-ден 2500 мм-ге дейін ауытқиды, тек Анд тауының беткейлері мен Тынық мұхит жағалауында ғана жауын-шашын мөлшері жылына 5000-7000 мм-ге дейін молаяды. Бүкіл жыл бойы бұл ауданға жауын-шашынды оңтүстік және оңтүстік – батыс желдері әкеледі және оның көп түсуі орографиялық себептермен байланысты. Амазонка ойпатында жауын- шашынның негізгі бөлігі экваторлық ауа массаларындағы конвекция үрдістерінің есебінен жауады. Мол жауын- шашын буланушылықтан әлдеқайда асып кетеді де, бүкіл жыл бойы ылғалдану коэффициентінің жоғары болуына жағдай жасайды (барлық жерде 100 %-дан астам).

Оңтүстік Американың бүкіл солтүстік бөлігі Ориноко ойпаты, Кариб теңізі жағалауы, Гвиана таулы қыратының едәуір бөлігі және Гвиана ойпатымен бірге субэкваторлық климат белдеуінде жатыр. Оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуіне Бразилия таулы қыратының солтүстігі мен Амазонка ойпатының оңтүстігі кіреді. Шығыста солтүстік жарты шар мен оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеулері қосылып кетеді. Оған Тынық мұхит жағалауының экватордан 4-50 о.е. дейінгі бөлігі де кіреді. Субэкваторлық климаттың ерекше сипаты–жауын-шашынның таралуындағы маусымдық–бүкіл осы территорияда айтарлықтай анық байқалады. Оңтүстік жарты шарда–Бразилия таулы қыратында, Амазонка ойпатының оңтүстігінде және Амазонканың төменгі ағысында-экваторлық муссонның әрекетімен байланысты болатын жаңбырлы кезең шамамен желтоқсаннан маусымға дейін созылады және оның ұзақтығы экваторға қарай арта береді. Солтүстікте жаңбырлы кезең маусымнан желтоқсанға дейін созылады. Қыста пассаттар әрекеті кезінде жауын-шашын болмайды. Тек жылы мұхиттан келген пассаттар өз жолында тауға тірелетін Бразилия таулы қыратының жағалауындағы солтүстік бөлігінде ғана жаңбыр қыста да жауады.

Ең жоғарғы температура, Африкадағы сияқты, құрғақ маусымның соңы мен ылғалды маусымның басы аралығындағы өтпелі кезеңде болады, ол кезде айлық орташа температура +28, + 300 С-қа дейін көтеріледі. Бірақ, ешбір айда орташа температура + 200 С-тан төмен болмайды.

Оңтүстік Америка тропиктік климат белдеуінің шегіне оңтүстік жарты шарда ғана кіреді. Бразилия таулы қыратының шығысы мен оңтүстік-шығысы ылғалды пассаттық климат аймағында жатады. Онда жауын-шашынды бүкіл жыл бойы Атлантика жағынан тропиктік ауа тасқындары әкеледі. Ауа тау беткейлерімен көтеріле отырып, оның жел жағына мол ылғал қалдырады. Жауын-шашын режимі және ылғалдану жөнінен бұл климат Амазонка ойпатының климатына ұқсас, бірақ ең ыстық ай мен ең салқын ай температуралары айырмашылықтарымен ерекшеленеді.

Құрлықтық ішкі тропиктік белдеуде (Гран-Чако жазығы) климат қуаң, жазда жауын-шашын мол түседі де, қысы өте-мөте құрғақ болады. Жауын-шашын жөнінен ол субэкваторлық белдеуге ұқсас, бірақ оған қарағанда температурасы күрт өзгермелі (әсіресе, қыс кезінде), жылдық жауын-шашын жиынтығы кем және ылғал жеткіліксіз болады.

Тынық мұхит жағалауының 50 пен 300 о.е. аралығы жағалық шөл мен шөлейт климаты аймағында жатыр. Бұл климат Тынық мұхит максимумының шығыс шет аймағында және биік ендіктерден келетін біршама салқын ауаның тұрақты ағыны мен қуатты Перу ағысының салқын суынан пайда болатын температура инверсиясының ықпалында жатқан Атакама шөлінде барынша айқын көрінеді. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-ға дейін барғанымен, жауын –шашын өте аз–кейбір аудандарда жылына не бары бірнеше мм ғана. Жаңбырдың тапшылығын жағалауда қыс кезінде түсетін молшық біршама толтырады. Ең ыстық айлардың өзінде температура қоңыржай (+ 200 С-тан асады) және оның маусымдық ауытқуы онша емес.

300 о.е. оңтүстікке қарай Оңтүстік Америка субтропиктік климат белдеу шегіне кіреді.

Жазда муссондық сипаттағы солтүстік-шығыс желдері ылғал әкеледі, қыста полярлық фронттағы циклондық әрекетке байланысты жауын-шашын түседі. Бұл аудандарда жаз өте ыстық, қыс жұмсақ: айлық орташа температура +100С шамасында, бірақ оңтүстіктен біршама салқын ауа массаларының басып кіруіне байланысты температураның 00 С-тан едәуір төмендейтін кездері де болады.

Қоңыржай белдеуде (400 о.е. оңтүстікке қарай) Оңтүстік Американың ең енсіз бөлігі жатыр. Патагония-қоңыржай ендіктердің континенттік ауасының қалыптасу орталығы болып отыр. Бұл ендіктерге батыс желдері жауын-шашын әкеледі. Олардың Патагонияға баратын жолын Анд тауы бөгейді, сондықтан жауын-шашын мөлшері 250-300 мм-ден аспайды. Қыста оңтүстіктен суық ауаның өтуіне байланысты қатты аяз болып тұрады. Кейде аяз–30–350 С-қа жетеді, бірақ айлық орташа температурасы жылы.

Құрлықтың қиыр оңтүстік батысы мен жағалаудағы аралдарда климат қоңыржай жылы, мұхиттық. Бүкіл осы аймақ күшті циклондық әрекеттің және қоңыржай ендіктен келетін мұхиттық ауаның ықпалында болады. Анд тауының батыс беткейлерінде жауын-шашын, әсіресе, қыста көп түседі. Жазда жаңбыр аз, бірақ бұлыңғыр бұлтты күндер басым болады. Жауын-шашынның жылдық жиынтығы барлық жерде 2000 мм-ден асады. Жаз бен қыс айлары температурасының айырмашылығы шамалы.

Оңтүстік Америка ең ылғалды құрлық болып табылады. Оңтүстік Америкада тығыз, жақсы дамыған өзен торының қалыптасуына құрлықтың климат жағдайлары, даму тарихы және жер бедері қолайлы жағдай жасайды. Оңтүстік Американың көпшілік бөлігінде мезозойдан бастап құрлық болған. Сондықтан құрлықтың едәуір бөлігінің өзен торы көне. Оңтүстік Американың жер бедеріне биіктердің сан алуан түрлілігі және ең үлкен ойпатты жазықтар биік тау жоталарымен іргелес жату тән болады. Бұл ірі, әрі күрделі өзен торларының қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды.

Құрлықтың басты суайрығы Анд тауларын бойлап өтеді, бірақ барлық жерде ең биік жоталарға сәйкес келе бермейді. Ағынның көпшілік бөлігі құрлықтан Атлант мұхитына бағытталған, оған Оңтүстік Американың аса ірі өзендері ағады. Тынық мұхит бассейініне басын Андының батыс бөлігінен алатын біршама шағын су ағыстары жатады.

Оңтүстік Америка өзендерінің су жинауының негізгі көзі – жаңбыр түріндегі жауын-шашын. Андының оңтүстігіндегі өзендер мұздық суынан ғана толығады. Қар суымен толығуы мардымсыз.

Оңтүстік Америкада қуаң аймақтардың шамалы болуымен байланысты ағыны тысқары шықпайтын аймақтар оның жер бетінің тек кішкене бөлігін ғана алып жатады. Ол– Гран-Чаконың оңтүстік аудандары, Андының ішкі таулы үстірттері, Атакама ойысы және Тынық мұхит жағалауының орталық алаптары.

Африка сияқты Оңтүстік Американың да өзендерінің көбеюінің гидрологиялық режимі жауын-шашынның жаңбыр түріндегі мөлшеріне және олардың жаууының маусымдық айқын бөлінуіне байланысты. Экваторлық аудандар мен қиыр оңтүстік-батысқа ғана жауын-шашынның біркелкі түсуіне байланысты бірқалыпты режим тән.

Оңтүстік Американың ең ірі өзені–Амазонка. Оның бассейінінің көп бөлігі экватордан оңтүстікке қарай жатыр. Өзен басейінің көлемі 7 млн.км2-ден астам, ұзындығы негізгі бастауынан 6400 км. Амазонканың су шығыны дүние жүзіндегі барлық ең ірі өзендердің шығынынан бірнеше есе артық. Ол орта есеппен 220 мың м3 /с-қа тең. Амазонканың жылдық орташа ағыны (7000 км3) бүкіл Оңтүстік Америка ағынының көп бөлігін және жер шарының барлық өзендерінің ағынының 15 % -ын құрайды.

Амазонканың негізгі бастауы–біршама таяуда ғана зерттелген Мараньон өзені–Анд таруларынан 4840 м биіктікте басталады. Бірінші ірі саласы–Укаялимен қосылғаннан кейін ғана (жазық шегінде) өзен Амазонка деген атқа ие болады. Амазонка өзінің көптеген салаларын (500) Андының, Бразилия мен Гвиана таулы қыраттарының беткейлерінен жинастырады. Олардың көбінің ұзындығы 1500 км-ден асады. Амазонканың барынша көп және ірі салалары–оңтүстік жарты шар өзендері. Оның ең ірі сол жақ саласы Риу-Негру (2300 км), ең ірі оң жақ және жалпы Амазонканың ең ірі саласы–Мадейра (3200 км).

Кейбір өзен салалары, батпақты жыныстарды шайып, өте лайлы сулы болады («ақ» өзендер), басқалары мөлдір сулы, ал органикалық қосылыстардың ерітінділері күңгүрт түсті («қараң өзендер) болады.

Амазонка арнасының ені Мараньон мен Укаяли қосылғаннан кейін 1-2 км құрайды, бірақ ол ағысты бойлап төмен қарай жүрген сайын тез өседі. Манаустың тұсында ол 5 км-ге дейін, төменгі ағысында 20 км-ге жетеді, ал сағасында Амазонканың негізгі арнасының ені көптеген ұсақ аралдарымен қоса алғанда 80 км. Ойпаттың батыс бөлігінде Амазонка өзені кернеуіне келіп ағады, өйткені бұл бөлігінде қалыптасқан аңғары жоқ. Шығысқа қарай өзеннің аңғары жер бетін терең тіледі де, ол суайрық жерлерімен бірге өте адырлы болып келеді.

Атлант мұхитынан шамамен 350 км жерде Амазонканың атырауы басталады. Ол ежелден келе жатқанына қарамастан, негізгі жағаның шегінен шығып, мұхитқа қарай жылжымаған. Өзен мұхитқа қатты материалды орасан мол апарғанымен (жылына орта есеппен 1 млрд. т.) атыраудың өсу үрдісіне толысу мен қайту әрекеті, ағыстардың әсері сонымен бірге жағалаудың төмен түсуі кедергі келтіреді.

Амазонканың төменгі ағысында оның режиміне және жағалаудың қалыптасуына толысу мен қайту үлкен әсерін тигізеді. Толысу толқыны өзеннің төменгі жағында биіктігі 1,5-5 м жал түрінде жылжи отырып, ағыстың бойымен жоғары қарай шамамен 1400 км-ге өтеді. Бұл толқын құм қайраңдар мен қайырларда қатты буырқана және жағаларды бұза отырып, ағысқа қарсы асқан жылдамдықпен зымырайды. Бұл құбылыс жергілікті халыққа «поророка және «амазунуң деген атпен белгілі.

Бүкіл жыл бойы Амазонканың суы мол болады. Жылына екі рет өзен суының деңгейі үлкен биікке көтеріледі. Бұл максимумдар солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың жаңбырлы кезеңдерімен байланысты. Амазонкадағы ең үлкен су шығыны оңтүстік жарты шардағы жаңбырлы кезеңнен кейінгі (мамыр) судың көбі оның оң жоқ салаларынан қосылатын кезге тура келеді. Өзен кемерлерінен шығып, орта ағысында орасан зор территорияны алып жатады, ол ішкі үлкен көз тәріздес болады. Содан кейін су шығынының бірте-бірте азаю кезеңі келеді де, өзен сабасына түседі. Өзендегі судың ең төмен деңгейі – тамыз пен қыркүйекте, одан кейін солтүстік жарты шардың жазғы жаңбырлы кезеңімен байланысты екінші маусым келеді. Ол Амазонкада біраз кешігіп, шамамен қарашада байқалады. Бұл қарашаның максимумы мамырдыкінен едәуір кем түседі.

Өзеннің транспорттық маңызы зор. Ол кейбір аймақтарда Амазонка ойпатының ішкі бөліктерін Атлант жағалауымен және аймақтың басқа аудандарымен байланыстыратын бірден - бір жол болып табылады. Манаус қаласына дейін Амазонкада мұхит кемелері жүзе алады, тіпті Икитосаға (Перу) дейін жетеді. Әрі қарай өзеннің негізгі арнасы ірі кемелер үшір өте тайыздық жасайды. Оған үнемі опырылып құлаған материал шөгіп отырады да, оның тереңдігі шамамен 7 м құрайды. Токантинс өзенімен сағалас Рио-Пара деп аталатын оңтүстік тармағы анағұрлым терең және мұхит кемелері өтуге жарамды. Онда Бразилияның ірі порты–Белен орналасқан. Амазонканың бұл тармағы негізгі саламен кішігірім ағысымен жалғасады. Амазона салаларымен жалпы ұзындығы 25 мың км болатын ішкі байланыс жүйесін құрайды.

Амазонка бассейні өзендерінде су энергиясының қоры мол, бірақ олар өте нашар пайдаланылады. Амазонканың көптеген салалары ойпатқа шығарда Бразилия мен Гвиана таулы қыраттарының қия шеттерін кесіп өтеді де, ірі сарқырамалар жасайды. Олардың ішіндегі ең ірі орасан зоры–Мадейра өзенінідегі Сан-Антонио сарқырамасы.

Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен екінші өзен жүйесіне Парана өзені Парагвай саласымен және Паранамен ортақ сағасы бар Уругвай қосылады. Өзен жүйесі өзінің атын (Ла-Плата) Парана мен Уругвайдың, ұзындығы 320 км-ге және ені сағалық бөлігінде 220 км-ге баратын осы аттас орасан зор эстуарийінен алған. Бүкіл өзен жүйесінің көлемі 4 млн. км2–ден асады, ал әр түрлі деректер бойынша Парананың ұзындығы – 3300-ден 4700 км-ге дейін жетеді.

Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен үшінші өзені–Ориноко. Оның ұзындығы 2500 км, бассейінінің көлемі 1 млн. км2-ден астам. Ориноко бастауын Гвиана таулы қыратынан алады. Оның бастауын бірінші рет 1954 жылы француз экспедициясы тауып зерттеген.

Касикьяре өзені арқылы Ориноко Амазонканың Риу-Негру саласымен жалғасады, оған жоғарғы Ориноконың бір бөлігінің суы ағады. Бұл жер шарындағы өзендердің екі салаға бөлініп кетуінің (бифуркация) ең көрнекі мысалдарының бірі.

Ориноко Атлант мұхитына барғанда ұзындығы 200 км-ге жететін үлкен атырау жасап аяқталады.

Оңтүстік Америкада көлдер аз. Құрлық көлдерінің негізгі генетикалық топтары–тектоникалық, мұздық, жанартаулық, лагуналық. Мұздық жән жанартаулық шағын көлдер Анд тауының әр жерінде бар. Аса ірі мұздықты–тектоникалық көлдер Оңтүстік Андының батысында шоғырланған.

Құрлықтың ең ірі көлі–Титикака–Анд таулы үстіртіндегі 3800 м биіктікте, Перу мен Боливияның арасындағы шекарада жатыр. Оның көлемі–8300 км2, ал ең терең жері–304 м. Көлдің жағаларында оның деңгейінің әлденеше рет төмендегенін айқындайтын террасалар көрінеді. Көл басқа, тайызырақ тектоникалық Поопо көліне ағып шығады. Осыған байланысты су Титикака көлінде тұщы ал Поопода өте тұзды.

Атлант мұхиты мен Кариб теңізінің ойпат жағасын бойлап ірі лагуна–көлдері жатыр. Осы лагуналардың ішіндегі ең ірісі солтүстікте, Анды жоталарының аралығындағы кең ойыста жатыр. Ол Маракайбо деп аталады және Венесуэла шығанағымен жалғасын жатыр. Лагунаның суы тұщы деуге болады, бірақ толысулар кезінде оның тұздылығы айтарлықтай артады.

Басқа құрлықтармен салыстырғанда, Оңтүстік Америка өзіндік табиғи жағдайларын сақтап қала алды, бұл әсіресе аталмыш елдің тарихи ерекшеліктеріне, халық санына және орташа тығыздығына байланысты болып келеді. Амазонка ойпатының үлкен аймақтары, Гвиан тауының орталық бөлігі (Рорайна массиві), Анд пен Тынық мұхит жағалауының оңтүстік-батыс бөлігі көпке дейін игерілмеді. Өзге халықпен шаруасы жоқ Амазонка орманын мекен еткен көшпелі тайпалар табиғатқа әсерін тигізген жоқ, қайта керісінше өздері соған тәуелді болды. Бірақ мұндай аймақтар күн санап азайып келеді. Пайдалы қазбаларды өңдеу, тасымалдау жолдарын жүргізу, жаңа жерлерді игеру Оңтүстік Америкада қазіргі күнде етек алып келе жатқан жағдайлардың бірі.

Амазонияның тропиктік ормандары және Гвиана мен Бразилия жоталарындағы мұнайды игеру, жерді өңдеу-осының барлығы шалғай жатқан облыстардағы құрылысты жандандыруға септігін тигізбей қоймады. Бұл өз негізінде, халық саны өсуіне, орман ағаштарын жоюға, шабындық жер көлемінің ұлғаюына әкелді. Капиталистік байланыстардың нәтижесінде табиғатқа немқұрайлы қарау-экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына, тіпті табиғи комплекстердің мүлдем жойылып кетуіне әкеліп соғады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)