|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
К І Р І С П Е 17 страницаТөрттік кезеңде Атластың солтүстік жоталары Бет Кордильер және Сицилиямен байланыстырылды. Гибралтар мен Тунис бұғаздары Африканың жерортатеңіздік жағалауын анықтайтын сырғымалармен құрлық бөліктерінің төмен түсу нәтижесінде пайда болды. Тербелістердің жалғасуы, құрлықтың сейсмикалық болуы Атлас тауларымен оның жағалық сызығының тектоника дамуының жалғасып жатқандығына дәлел. Алжир мен Тунис жағалаулары төмен түсіп, кейбір жерлерінде көтеріліп жатыр. Жағалық террасалар анық байқалмайды. Атлас тауларының климаттық ерекшеліктерін А.И.Воейков сипаттап, екі климат типін: жерортатеңіздік Телль климаты мен Сахара алды шөлейт облысқа тән Талы үстірт климатын бөліп көрсетті. Жерортатеңздік климат облысында қыста қоңыржай теңіздік ауа басым болып, поляр фронты сызығында циклогенез дамиды. Жаңбыр қараша-мамыр айларында жауады, жауын-шашын максимумы желтоқсан-қаңтарға келеді. Ең көп жауын-шашын мөлшері Джурджурд массиві мен Риф Атласында түседі (800 мм). Қыста орташа температуралар 100-130С жетеді, бірақ әр жылда континентті қоңыржай ауа суық алып келеді. Жазда облыс Азор максимумының шетіндегі солтүстік-батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс желдермен теңіздік тропикалық ауа келеді. Ауа ағымдары жауын-шашын түсуіне мүмкіндік бермей, құрғақ ауа райы орнайды. Үлкен инсоляция есебінен жазғы температуралар 260 –280С-қа жетеді, тек жағалауда ғана бриздер ауаны қалыпқа келтіреді. Кейде Сахарадан ыстық және құрғақ желдер (сирокко) соғып, температураны 500 С-қа дейін жеткізеді. Өзендер негізінен жауын-шашынмен қоректенеді. Марокко таулары мен Джурджурд массивінен ағып келетін өзендер ғана қосымша қар суымен қоректенеді. Ең ірі өзендер (Дуэд, Шелифф, 700 км және Дэед Мулуя) жыл бойы шығынның маусымның ауытқуына қарамастан құрғап қалмайды. Қыста шелифтегі су шығыны 1400 м3/с, ал жазда 4 м3/с-ке дейін төмендейді. Төменгі ағысында көп су мөлшері жер суғаруға кетеді. Жағалау маңы жазығы мен тау беткейлерінің төменгі бөліктерінде 400-500 м биіктікке дейін мирт (Mіrtus communіs), дрок (Genіsta retamoіdes), ракитник (Cutіsus trіflorus), олеандр (Nerіum oleander), ладаннан (Cіstus Salvіfolіus); бүлдірген және зәйтүн ағаштарынан тұратын ксерофитті бұталар өседі. Бүлдірген мен зәйтүн ағаштары Атлас тауларында жабайы түрде өспейді. Маквистерде қоңыр топырақтар қалыптасып, жоғары ландшафты адам әрекетінен қатты өзгерген: көптеген бөлігі жыртылып, ауылшаруашылық дақылдары өсіріледі. (жүзім, цитрустар, жеміс ағаштары, бидай, қара бидай, сұлы) тауларда 1200-1300 м биіктікте мәңгі жасыл емен (Quercus suber) өседі. Олар жанартаулық және басқа да кристалды жыныстардағы қоңыр сілтісізденген топырақта өседі. Сирек орман мен екінші қабатта бүлдірген ағаштары, дрок, ладан ракитник өседі. 1200 м биіктікте аралас ормандар пайда болып оларда таулы орманның құба топырақтары дамиды. Бұл ормандар құрамына мәңгі жасыл емендер (тас емені – Q. іlex), жапырағы түсетін емендер (лузитан емені – Q. lusіtanіca) және қылқан жапырақтылар, ең алдымен Атлас самырсыны (Cedrus atlantіca). Аралас ормандар 1800-2000 м биіктікте аяқталады. Жоғарғы орман белдеуі (2000-2300 м, 3000 м) суық жел жауынға төзімді атлас самырсыны өсетін қылқан жапырқты ормандар құрайды. Төменгі қабыттағы ормандарда бореальды түрлер – үйеңкі, каштан, жабайы алмұрт, тисс, үшкір жапырақ, барбарис (сиыр қарақат), жабайы жүзім, лиана өседі. Орман шекарасының жоғарғы бөлігі қисық және аласа аршалардан (Junіperus thurіfera) құралған. Шыңдардағы тас шашырандыларындағы таулы дала өсімдіктерінің арасында арктоеуропалық түрлер жерортатеңіздік дала түрлерімен араласқан. Телль-Атластың беткейлері алепп қарағайы мен бербер туясы (Callіtrus quadrіvalvіs), сирек арша бұталары, тас емені мен алепп қарағайы – (Pіnus halepensіs) ормандарынан тұрады. Эр-Рифф пен Телль-Атластан оңтүстікке қарай жер бедері күрделене түседі. Батыстағы тар Атлант маңы аккумулятивті жазықта Марокко мезатасы көтеріледі. Ол шығысынан Мулуи Уэдтің орта ағысының тектоникалық депрессиясымен шектелген барлық тау жүйесінің биік аймағы Марокко тауларына жанасады. Марокко таулары Орта және Биік Атлас жоталарын құрайды. Биік Атласты Кембриге дейінгі кристалды жыныстар құрайды; жоталары өзен аңғарларымен тілімденген және оларда төрттік кезеңнің мұзбасу іздері – цирк трог аңғарлары, мореналы қырқалар сақталған. Биік Атластың неоген аяғымен төрттік кезеңге 3500 м биіктікке көтерілуі жарылым, вулканизммен қатар жүреді: Атлас тауларының ең биік нүктесі Джебель-Тубкаль (4165 м), Биік Атлас деп Анти-Атлас аралығындағы биік Джебель-Сирва жанартауы. Биік Атлас шығысында Орта Атлас көтеріледі. Оның шығыс бөлігінде кең синклинальды аңғарлармен бөлінген биік параллель антиклинальды қатпарлар басым. Батысын сырғымалары сөнбеген жанартаулар бойлаған әктасты кристалданған үстірттер алып жатыр. Орта Атластан кейін ежелгі эрозия мен қазіргі денудацияға ұшыраған еңістеу түзілімдермен бөлінген Биік үстірттер қазаншұңқырлары басталады. Атлас тауларының шығыс шетінде Биік үстірттер сүйірленіп, бойлық бағыттағы жақпарлы жоталарға бөлінеді. Оңтүстіктен Биік үстірттер тар шатқалдармен бөлінген тас шашырандыларындағы Сахара Атласы мен Анти-Атлас жоталарымен шектелген. Қабатты жыныстардың жұқаруынан көптеген шыңдар дөңестелген. Ылғал жететін тау шыңдарында ғана эрозиялық жер бедерінің аралдары бар. Сахара Атласының солтүстік беткейін бойлай сырғымалармен бұзылған Сахара флексуралық кертпештері мен Атлас таулары және Сахара-Арабия плитасының тектоникалық шекарасы өтеді. Бұл сызық бойындағы жер сілкіністері (1960 жылғы Агадир апаты) жер қабықшасының қозғалысының жалғасып жатқанына дәлел болады. Атлас тауларының ішкі аймақтарының климаты маусымдық температура амплитудалары және құрғақшылықпен сипатталады. Қыста қоңыржай континенттік ауасының жергілікті антициклоны қалыптасады. Орташа айлық температуралар төмендеп (80-50С),тұйық ойыстарда нөлден төмен түседі. Биік Атласта абсолюттік минимум – 200С тіркелген. Биік және Орта Атлас шыңдарында қар бес ай жатады. Жаздағы ауа райы құрғақ және ыстық болады. Орташа температуралар жағалаудағыдай болады, бірақ сирокко желі соққанда 500С-қа дейін көтеріледі. Үлкен үстірттерде ағынды кең сорлы ойпаттар – шоттарға бағытталады. Ең ірілері Шотт-эш-Шерги және Шотт-эль-Ходна. Оларға суды тасымалдайтын вадилер құрғап қалады. Вади арналары терең емес және ірі аллювиалды үйінділермен жабылған. Шоттар айналасында толық әктасты және кремний қабықшалармен қапталған және тас сынықтарымен үйілген толқынды жазықтар таралған. Биік үстірттерде ксерофитті күлгін дақылдар мен шөлейт формациясын құрайтын сирек бұталар мен ағаштар өседі. Ол Мароккода тығыз, ал Тунисте сиректелген. Негізгі өсімдіктеріне бетеге, жусан (Artemіsіa herbaalbae) және дрок жатады. Бетегенің кең таралған түрі – альфа (Stіpa tenacіssіma), оның биіктігі 1 м-ге жетеді. Оның қатты жапырақтарының талшықтарынан бағалы сұрыаптарынан арқан, қалың мата мен қағаз дайындайды. Қазіргі уақытта алфаның табиғи қоры өте қатты қысқарған, оны тек арнайы плантацияларда ғана өсіреді. Мароккада дақылдардан аласа хамеропс пальмасы мен реликті макронезиялық флора арган ағашы (Arganіa sіderoxylon), Тунисте қылқан жапырақты ормандар мен камедалық акация өседі (A. raddіana). Барлық жерде юба бұтасы (Zіzyphus lotus, Z.jujuba) таралған. Құрғақ аймақтарда дақылдар көп өседі. Гарига типті қалың ормандар өсетін ылғалды аудандарда бұталар мен аласа ағаштар өсіп, карбонатты қабықшаларда терра-росса топырағы дамиды. Галофиттер шоттарды қоршап Ішкі үстірттер ойпаттарын алып жатыр. Оларда сұр топырақтар қалыптасады. Анти-Атлас пен Сахара Атласында шөл ландшафты басым. Тек биік шыңдар мен беткейлерде алепп қарағайы, бербер туясы, тас емені, арша кездеседі. Сахара Сахарада Атлант жағалауынан Орталық Азиядағы Гобиге дейін 12000 км-ге созылған шөл белдеуі басталады. Сахара үлесіне бұл белдеудің 6000 км қашықтығы тиеді. Ол солтүстіктен оңтүстікке 2000 км созылған. Сахара көлемі 8,7 млн км2, яғни Австралияның ауданынан 1млн км2 көп. Сахараның солтүстік шекарасы 300 с.е. Атлас тауларының оңтүстік етегімен өтеді. Оңтүстік шекарасы Атлант мұхиты маңындағы 190с.е. басталып, Адрар-Ифорас пен Аир үстіртімен 160с.е. түсіп, Нілді кесіп өтіп, Массауа солтүстігінде Қызыл теңіз жағалауына шығады. Сахараның көп бөлігін 300-500 м биіктіктегі жазықтықтар мен үстірттер алып жатыр. Тек орталық пен шығыста ежелгі Сахара Арабия платформасының шөгінді қабатынан биік таулар көтеріледі. Сахара – климаттық шөл. Оның ландшафтарының негізгі ерекшеліктері құрғақ континентті тропиктік ауаға байланысты. Құрғақшылықтың негізгі себептері – динамикалық ауа массаларының төмен түсуіменен конденсацияның жоғары болуы (5 км). Аз бұлттылық 100% жететін инсоляцияға себеп болады. Сахара – дүние жүзіндегі ең ыстық шөлдердің бірі, бірақ маусымдық температуралар ауытқулары күн сәулесінің түсу бұрышының өзгеруіне байланысты үлкен болады. Шілдеде шөлді 300 изотермасы қоршайды. Ол Атлант және Жерорта теңізі жағалауына ғана таралмайды (Сен-Луи үшін орташа температура 280С, ал Александрияда 260С). 350 изотермасы жүретін ең ыстық ауа батыс бөлікте болады. Жазда ауа мен топырақтың температуралық ауытқулары үлкен болады (құм 700С-ге дейін қызады, ал түнде 100С-қа жетеді). Қыста орталық және солтүстік-батыс бөлік қатты суық болады (100С) 150 изотермасы материкке Канар аралдары және Атластың шетімен еніп, оңтүстік–шығыста Орталық Сахара түзілімін айналып, Кусейр қаласы маңында солтүстік-шығысқа, Қызыл теңіз жағалауына көтеріледі. Кейде циклондар сыртында Жерорта теңізі жағалауына, материк ішіне қысқы температураларды төмендететін қоңыржай континентті ауа енеді. Ин-Салахеда – 40С температура бірнеше апта бойы сақталуы мүмкін. Сахараның көп бөлігінде 50 мм-ден аз жауын-шашын түседі. Шөлді жерлер (танезуруфт) Ахаггар массивін қоршайды, Ливия шөлінде жауын-шашын өте сирек түседі. Сахараның солтүстік бөлгінде жауын-шашындар поляр фронтының циклондарымен, ал оңтүстік бөлігінде тропиктік фронттардың жазғы циклондарымен байланысты. Жауын-шашынға қолайлы жағдайлар Орталық жағдайлар Орталық Сахара түзілімдерінде бар. Ахаггардағы жалғыз метерологиялық станцияда жылына 150 мм жауын-шашын түсетіні белгілі. Ахаггар мен Тибести үстіртінде қысқы температуралар –120 С, – 170 С-ге дейін төмендейді. Жоғары инсоляция жағдайында Сахарадағы булану өте жоғары. Ылғалдану коэффиценті нөлге тең. Сахарадағы қазіргі климат жағдайлары ылғалды төрттік кезеңдегі мұзбасулар кезінде қалыптасты. Тропиктік шөлдер зонасын ірі өзендер кесіп өткен: Тибести таулы қыратынан Бильма ойпаты мен ежелгі Чад көліне өзен аққан; Саура өзені Сахара Атласынан Эль-Джоф көліне бағытталған; ал оңтүстіктен оған ежелгі Нигер құйған. Бірақ сол кезде де Сахара ішкі ағыны аймағына жатып, шығыстағы Нілге ғана Эмбай жотасынан басталатын өзендер жиналған. Плювиалдық дәуірден құрғақ арналар (вади), құрғақ өзендердің жұмыр малта тастары, өсімдік және жануарлардың кейбір түрлері сақталған. Сахара құмды шөл емес. Құмды өңірлер (эргтер) оның 20 пайызын ғана жауып жатыр, ал қалған аумағын тасты шөлдер (хамада), малта тасты (рег), сазды (серир) шөлдер алып жатыр. Жаңа тектоникалық қозғалыстардың осы шөлдердің орнына суындағы рөлін анықтайтын гипсометриялық орындардың арасында белгілі бір тектоникалық-генетикалық байланыс бар. Хамадалар Сахара-Арабия платформасының көтеріңкі телімдерінде таралып, ежелгі жыныстардан құралған. Таулы хамадалар кристалды фундаментте, ал кейбір хамадалар мезозой – үштік шөгінділерде дамыған (әктастар мен құм тастарда). Тектоникалық қазаншұңқырлар мен иіндердің беткейлерінде құмтасты регтер қалыптасқан. Эргтер желмен борпылдақ үйінділердің қырлы құмдарға айналуынан плейстоценнің аллювиалды-көлдік аккумулияцияның шеткі аймақтарында қалыптасады. Ал серирлер сорлармен бірге (шоттар) төмен телімдерде орналасады. Сахараның орасан зор үстірттері физикалық үгілуден әктасты-гипсті қабықшалармен қоршалған. Қабықшалар жасы мен даму деңгейі әр түрлі. Ең жастары серир ойпатындағы шотт сорлары. Регтердегі қабықшалар ежелгі, тығыз және үстірт тәрізді, ал хамадаларда таспен жабылған тығыз тау жынысын түзеді. Ежелгі қабықшалар астындағы грунт сулары тереңдеу болады. Ливия шөлі мен Алжир Сахарасында жақсы зерттелген су қабаттары көптеген оазистер мен мұнай орындарын қоректендіреді. Оазистермен қатар вадилер де ағады. Оазистерде финик пальмасы, мақта өседі. Мақтаның ең көп мөлшері дүние жүзіндегі ең ірі Ніл аңғары оазисінде жиналады. Сахараның құмды шөлдері шық және сирек жаңбыр суымен қоректенеді. Көптеген дюналарда тамыры ұзын, жапырақсыз бұта, жартылай бұталар мен дақылдар өседі. Олардың арасында сахаралық дрог (Genіsta saharae), эфедра (Ephedra alate), дрич (Arіstіda pungens), кең таралған. Атлант жағалауындағы ылғалдылық алабота, аласа кактус тәрізді сүттіген (Euphobіa echіnus) және қына өсуіне жағдай туғызады. Сахараның табиғи аудандастырылуы оның әрбір аймағының құрылымдық-морфологиялық ерекшеліктеріне негізделеді. Батыс Сахара Атлант мұхиты, Ахаггар таулы қыраты мен Эль-Фамра хамадасы аралығындағы облыс. Онда кристалдық жыныстар пенеплені Кред-Йетти, Эль-Эглаб үстірті, шөгінді свиталардан (тастопшалардан) (Тидемайт, Тангерт хамадасы) құралған төмен орналасқан жазықтар басым. Үстірттер ежелгі синеклиза – Эль-Джоф ойпатын және Атласалды иіндінің тектоникалық төмен түскен аймағы – Эр-Рир ойпатын қоршап жатыр. Бұл иінді ойыстың көп бөлігін таудан түскен өніммен толтырған және вадилермен қатты тілімденген еңістелген үстірттер жер бетінде сипат алады. Жоғары ылғалдылық, төмен температуралар (суық Канар ағысы әсерімен), өсімдік шоғыры бойынша Батыс Сахарада Атлант маңы аккумулятивті жазықты бөліп көрсетуге болады. Батыс Сахараның оңтүстік бөлігі – хамадалар мен регтер алып жатқан, өсімдігі өте сирек, ерекше құрғақ аймақ. Солтүстік бөлікте құмдардың ірі шоғыры жиналып, Үлкен Батыс эрг және Үлкен Шығыс эрг және Эр-Рир ойпатында серирлер дамыған. Сахара Атласы мен Ахаггардан басталатын вадилер (Саура, Игаргар, Эр-Рир) бойындағы шөлде ондаған және жүздеген км созылған финик пальмасының оазистері созылып жатыр. Орталық Сахара Ахаггар мен Тибести таулы қыратынан тұрады. Солтүстікте құмды ойпаттар үшкір тасты хамадаларды қоршаған және тектоникалық қозғалыстармен бұзылған Ливия Сахара аумағы жатыр. (Эдейен – Убари, Эдейен – Музук). Ливия Сахарасының фундаментінің жарылымдары Джебель-эс-Асвад және массивтерді құрайтын лава төгілуімен қатар жүрді. Ахаггар мен Тибести оңтүстігіне Судан ойпатының шеткі бөліктері жанасады. Олардан Орталық Судан ойпаты Тенере, Кавар ірі эргтерімен сазды-сорлы жазықтарын плейстоценде көл алып жатқан Бодле қазаншұңқырынан тұрады. Үштік дәуір аяғында жарықтар бойымен көтерілген орталық таулы аймақ назар аудартады. Жанартаулық шыңдар (Ахаггарда), лавалы үстірттер мен сөнген жанартаулар (Тибестиде); ыстық бұлақтар мен күкіртті газдың бөлінуі жанартаулық әрекеттердің осы уақытта аяқталғанына дәлел. Таулы қырат шыңдарынан терең шатқалдарымен ағып тұрақты су ағындары бар өзендер басталады. Шатқалдарды бойлай ағаштар мен бұталар жоғары өрлейді. Өсімдік жамылғысының флоралық құрамы биіктікпен өзгереді: Сахара – тропиктік белдеуде судандық флораның өкілдері – дум пальмасы, акация, ирак ағашы (salvadora persіca). Сахара - жерортатеңіздік белдеуде емен, арша, олеандрлар, жабайы зәйтүн ағашы (Olea laperrіnі), мирт, кипарис (Cupressus dupresіana). Тибести таулы қыратының шыңдарында таулы дала өсімдігі кездеседі. Ахаггар мен Тибести солтүстік доғада куэста қырқаларымен (тассили) қоршалған. Куэсталар кең бойлық аңғарлармен, ал олардың моноклиндік кертпештері құрғақ көлденең шатқалдармен бөлінген. Құм мен әктастан құралған тассили белдеуінің ландшафтары Ахаггарға шығыстан жанасатын Танезруфтте әсіресе тіршілікке кедей. Шығыс Сахара Ливия, Арабия мен Нубия шөлдерінен тұрады. Ливия шөлдерін вадилер кесіп өтпейді. Төрттік кезеңнің плювиалдық дәуірлерінде де Тибестиден келген өзендер құм мен малта тасқа сіңіп отырған. Шөлдің солтүстігін материк іргетасының иінінде орналасқан ойпаттар (Каттара – 133 м) алып жатыр. Қалған бөлігінде Фарафра, Бахария, Дахла мен Харга оазистері және қалдықты үстірттер орналасқан терең ойпаттар бар құрылымдық баспалдақты үстірттер басым. Солтүстік ойпаттарды плювиалды кезеңдерде көлдер алып жатқан. Оларда жиналған құм кейін желмен үстірттерге тасымалданып, әлемдегі ең ірі құмды шоғырлардың бірі – Ливия құмды теңізінқұраған. Оған ұялы жер бедері тән (бойлық қырлар құмдармен жалғасқан). Нілдің оазистік аңғары маңындағы дюналар қырқаларының ішіндегі Абу-Мохарик қырқасы 650 км-ге созылған. Нубия және Арабия шөлдері Нілге бағытталған ежелгі құрғақ өзен арналарымен тілімденген. Аңғарлар бойындағы грунт сулары өсімдік жамылғысының (акация, тамариск, сикомор – Fіcus Sycomorus) тіршілігін қамтамасыз етеді. Өзен бастаулары Эритрея антеклизасының бұзылуынан сақталған горст массиві – Эдбай жоталарында жатыр. Суэц мойнағынан тропикке дейінгі Қызыл теңіз жағалауы ылғалдылығы мол өте ыстық шөл. Жағалауды бойлай оңтүстікте және беткейлерде қысқы жауын-шашынмен қоректенетін шөлейт өсімдігі пайда болады. Судан Гвинея елі Сахараның оңтүстігінен Гвинея шығанағы мен Конго ойпаты мен солтүстік түзілімдеріне дейін созылып, еңістелген тектоникалық иіндер мен түзілімдер тән Сахара-Арабия платформасының отүстік шетін алып жатыр. Судандағы жазықтық жер бедеріне иіндер орта Нигер ойпаттары, Чад көлі, Ақ Нілдің орта ағысында сипатталады. Олар төрттік құмды-сазды шөгінділерден құралған. Орта Нигер ойпатына батыстан жарықтар бойымен төмен түскен Атлант маңы бөлігі Сенегамбия батысынан жанасады. Шығыстан кристалдық үстірттер Айр мен Баучи (2100 м) көтеріледі.Чад көлінің ойпатын Ақ Ніл ойпатынан кристалдық жыныстардан құралған және көптеген аралдық таулары бар Дарфур мен Кордофан үстірттері бөліп тұр. Сенегал, Жасыл Мүйіс пен Дарфур үстіртінде ежелгі үштік жарылымдардан түзілген жанартаулық конустар көтеріледі (Гебель-Марра – 3088 м – Суданның ең биік нүктесі). Гвинея шығанағының солтүстік жағалауындағы Солтүстік Гвинея қыратында Африкалық платформаның кристалдық негізі жерге шығып жатыр. Ол аккумулятивті жағалау маңы сызығына қарай тік құлап, солтүстікте Судан жазықтықтарына қосылады. Суданда және Солтүстік Гвинеяда ландшафтар Сахараның тропиктік шөлдерінен Африканың экваторлық гилеясына дейін ауысады (170-50 с.е.). Жазда Солтүстік Гвинеяны мұхиттан Сахара барлық депрессиясына таралатын оңтүстік-батыс желдері алып келетін экваторлық ауа толтырады. Экваторлық муссон қуаты жазда тропиктік фронт өтетін солтүстікте Сахар шекарасында азаяды. Экваторлық муссон конвекциялық жауын-шашын алып келеді. Оңтүстік Судандағы 8-10 айлық жауын маусымында күннің зениттен екі рет өтуіне байланысты екі максимум бақыланады. Муссондық ылғал сыйымдылығының азаюынан жауын-шашын оңттүстіктен солтүстікке қарай 1800-1500 мм-ден – 350-250 мм-ге дейін азаяды. Мол жауын-шашын (3000 мм) Гвинея шығанағының жағалау маңы ойпаты мен Солтүстік Гвинея қыратының жел жақ беткейлерінде түседі. Тек қана мұхит желдеріне параллель орналасқан Гана мен Того жағалауы ғана құрғақ болады да, жылдық жауын-шашын 700 мм-ге төмендейді. Қыста Суданға құрғақ және ыстық солтүстік-шығыс пассат енеді. Әдетте 50 – 70 с.е. бойлай тропиктік фронт сызығында ол солтүстікке Гвинеяға енетін экваторлық ауамен кездеседі. Ылғалды және ыстық маусымдық ауысуы Суданда және Гвинеяда жоғары температуралар жағдайында болады (орташа айлық температура 200С төмен емес) Гвинея жағалауындағы температуралар амплитудасы ең төмен, олар 300С-ден аспайды (270С–240С) жауын маусымы алдыңғы Суданның ішкі аймақтарындағы солтүстік Сахара лды сызығында орташа температуралар 30–350С көтеріледі. Жауын-шашынды айларда (шілде, тамыз) олар 270С төмендейді. Судан мысалынан табиғи үрдістер ырғақтылығына субэкваторлық ендіктердегі саванналар мен сирек ормандардағы маусымдық ылғалдану әсерін көруге болады. Ылғалды маусымда өзендер жайылып, тауларда белсенді эрозия жүріп, орта және төменгі телімдердегі сазды-құмды үйінділерді жинайды. Топырақ жайылу режимінде болып, төменгі қабаттарда органикалық қалдықтар мен еритін минералды қосылыстар жиналады. Бұл айларда шөп өсіп, ағаш жапырақтары өседі. Құрғақ маусымда орта және оңтүстік Судан өзендері таязданып, солтүстіктен құрғап қалады. Физикалық үгілу, аллювиальды үйінділер дефляция белсенді жүреді. Ағаш жапырақтары түседі. Топырақтағы ерітінділер тартылып, иллювиальды-темірлі қабаттарда қалған темір тотығының гидраттары тығыздалып, әр түрлі конкрециялар түзеді. Гвинея шығанағы мен солтүстік Гвинея қыратының оңтүстік беткейлеріндегі барлық табиғи процестер ылғалды экваторлық ормандар зонасына тән тұрақты ылғалдану жағдайында өтеді. Аталған айырмашылықтар бойынша Судан-Гвинея елінде ландшафтардың зоналық типі бойынша ерекшеленетін Судан саванналары мен сирек ормандар облысы мен Солтүстік Гвинеяның ылғалды экваторлық ормандар аймағынбөліп көрсетуге болады. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.) |