АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 13 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Европалықтар келгенге дейін Атлантика маңындағы 600-700 м биіктікке дейінгі аудандарда ылғалды тропиктік ормандар өсетін еді, олардың құрамында аса бағалы ағаш өнімдері мен тағамдық жеміс беретіе ағаш түрлері көп болатын. Пальма, лавр, бамбук,папоротник және фикус ағаштарының түр-түріде мол еді. Фикус текткес ағаштардың бірі кастиллодан – бағалы каучук өндіріледі. Бакауыт ағашының діңгегі темірдей қатты болады, ал седрео ағашы аңқыған хош иісті өнім береді. Ал ойпатты жерлер мен тау беткейлерінің етектерінде олардың орнына банан, шоколад ағашы және қант құрағы плантацияларды өсіріліп отыр.

1000-1500 м биіктіктен жоғары қарй неізінен емен мен қарағай өсетін ормандар кеңінен тараған. Олар ылғалды тропиктік ормандарға қарағанда едәуір жақсы сақталған.

Тынық мұхит жақ беткейдегі ауа райы неғұрлым құрғақ келетін аудандарда дәнді шөптер қалың өсетін және олардың арасында оқта-текте пальма ұшырасып отыратын кәдуілгі, саваннаны кездестіруге болады, әсіресе король пальмасы деп аталатын палма неғұрлым көп тараған. Оның діңгегі сымбатты, ал басы өте әдемі келеді.

Құрғақшылық кезең ұзаққа созылатын учаскелерде ксерофитті тропиктік ормандар өседі. Оларда жапырағы төгіліп тұратын ағаштар мен чаппараль тектес, жапырағы қатты әрі мәңгі көкпеңбек болып өсетін бұталардың да қалың жынысы кездеседі. Тау беткейлерінің жоғарғы жақын бұталардың қалың жынысы мен ксерофитті қылқан жапырақты ормандар алыр жатыр. Ол ормандарда арша,мүк және қына өседі.

Орталық Американың Тынық мұхит жағалауындағы мәдени өсімдіктер барлық жерде де қолдан суырылады. Онда негізінен коза кофе ағашы және темекі өсіріледі.

Орталық Американың жануарлар дүниесі бай келеді. Онда Оңтүстік Американың ормандары мен саванналарындағы сияқты жалпақ тұмсық маймыл, пума,ягуар, оцелот,наубайшошқа. Оңтүстік Америка тапирі, сауытты және құмырсқа жегіш жануарлар кеңінен тараған. Қалталы жануарлардан опоссум кездеседі. Құстардың бауырмен жорғалаушылардың және насекомдардың көптеген түрлері бар.

Аралдар

Материктік жанар таулық және маржан тастарды аралдарының доға тәріздес тізбегі Мексика шығанағы мен Кариб теңізін Атлант мұхитынан бөліп жатады. Олардың ішіндегі неғұрлым ірілері – Үлкен Антиль аралдары: Куба, Гаити, Ямайка, Пуэрто-Рико және Пинос. Олардың солтүстігіне таман маржан тастарынан тұратын ұсақ маржан Багам аралдары жатыр, ал шығыста солтүстіктен оңтүстікке қарай кезінде жанар таулық құбылыстардан пайда болған Кіші Антиль аралдарының доғасы созыла түседі. Аралдарды Кариб теңізі жағынан кең көлемді материктік тайыз жағалау қоршап жатса, олардың Атлант мұхитындағы ең биік көтерілген тұстарына таяу жерлерде терең сулы ойпат учаскелер бар.

Атлантиканың бұл бөлігі Оңтүстік Американың Кариб Андылармен бірге Кордильер қатпарлы белдеуінің Антиль-Кариб аймағын түзеді.

Кубадан басқа аралдардың басым көпшілік территориясын тау жоталары алып жатыр. Гаити аралында батыстан шығысқа қарай төрт бірдей тау жотасы созылады, оларды бір-бірімен қапталдас аңғарлар бөліп жатыр. Орталық Кордильердегі Тина тау алқабының биіктігі 2689 м-ге жетеді – бұл осы архипелагтағы ең биік шың. Үстірт пен жақпарлы тау жотасы Ямацка аралын түгелдей, ал Пуэрто-Рико аралын жарым-жартылай алып жатыр.

Куба аралындағы Сьерра-Маэстра тауы оңтүстік-шығыс жағалау тұсында 2000 м биіктікке дейін көтеріледі. Аралдың едәуір бөлігін ойпатты алқап алып жатыр. Онда интрузивті түрде пайда болған шағын-шағын таулар бой көтереді. Ойпаттардың көптеген аумақты учаскелері әк қабаттарынан тұрады, бұларда жер бедерінің карстық түрі басым болады.

Архиапелагтың жанар таулық аралдары көлемі жағынан шағын келеді. Олардың қай-қайсысының болсада орта шенінде сөніп қалған немесе әлі күнге дейін атқылайтын жанар тау жыныстарынан құралған жағалау ойпаттары айнала қоршап тұрады. Кіші антиль аралары тобындағы Гваделупа аралында ең биік Гранд-Суфриер жанар тауы бар. Оның биіктігі 1484 м-ге жетеді.

Мартиника аралындағы қуатты Мон-Пеле жанар тауының биіктігі – 1350 м. Бұл жанар таудың 1902 жылғы қатты атқылауы кезінде қырық мың халқы бар қала біржола жойылып кетті.

Аралдардың солтүстік ендіктің 10 және 270-cы аралығында жатуына қарай мұнда ыстық тропиктік климат қалыптасқан. Таулардың төменгі етегіндегі температураның ауытқу ыңғай шамалы. Тек Куба аралының Солтүстігіне ғана қыс кезінде суық ауа ағыны келеді, мұнда температура +10, +270 дейін төмендейді. Ал тау ішіндегі тұйық қазан шұңқырлырдағы ауа температурасының ауытқу амплитудасы тау беткейлері мен жазық далалардағыға қарағанда едәуір дәрежеде болады. таудың 3000 м биіктігі шамасында аяз түседі.

Орталық Американың көпшілік бөлігіндегі сияқты аралдардағы жауын-шашын да негізгі бөлігін жаз айларындағы пассат ала келеді. Ал қысты гүні ауаның қысымы жоғарылай түседі де, жауын-шашынның мөлшері едәуір кемиді. Күздігүні жоғары ауа қысымының аймақтың оңтүстігіне қарй ауысуына байланысты аралдардың үстімен тропиктік циклондар өтеді. Циклондар кезінде аса күшті дауылдар соғады, жергілікті халыққа қатты зардабын тигізеді.

Архипелагтың ірі материктік аралдарында өзендердің қалың жүйесі бар. Өзендер өте қысқа болғаныменсуы мол болады. ең үлкен деген өзендер Кубаның жазық даласында. олардың ұзындығы 250 км-ден аспайды. Аралдардың табиғи өсімдік дүниесі қте бай және қалың жынысты келеді, бірақ қазір олар күшті оталған. Өсімдік түрлерінің таралуы мен олардың құрамы жағынан аралдар Орталық Американың материктік аймағына көбірек ұқсайды. Аралдардың Атлант мұхиты жағына қараған жағалаулары мен тау беткейлерін бір кезде ылғалды тропиктік ормандар басып жататын. Ал қазір сол ормандар тек таулы аймақтарда ойдым-ойдым учаскелер түрінже сақталған.

Кубаның батыс бөлігінде сонау мұздық дәуірінен сақталып қалған, осы аймаққа ғана тән қарағайлы ормандар ғана кездеседі. Тау ормандарында ағаш тәрізді папоротник, лавр, қарағай мен арша өседі. Кейбір ағаштар жылдың құрғақ кезеңінде жапырағын төгеді. Гайти аралығындағы таудың 2300м-ден биік белдеуінде аласа қарағайдың, аршаның талдың қалың жынысы кездеседі, сондай-ақ тау шалғыны жиі ұшырасады. Аралдардағы жануарлар дүниесі Оңтүстік америкадағы жануарлар дүниесіне ұқсас болғанымен материктігіге қарағанда әлдеқайда кедей. Қалталы жануарлар өкілдері мен оппоссумдар, алтын түсті агути қояндары, жанаттар, игуан кесірткілері, найза басты улы жыландар кездеседі.

Шығыс субконтиненті

Бұлай деп атағанда біз әдетте Солтүстік Америка материгінің шығыс пен солтүстікте Атлант мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхит, батыста Кордильер таулары аралығында жатқан үлкен бөлігі деп түсінеміз. Олай болса, бұл бөлікке субарктикалық ендіктен субтропиктік ендікке дейін созылып жатқан орасан зор территория енеді. Бұл территорияда жазық дала, үстірт және ойпаң жер бедері басым келеді, сондай-ақ салыстырмалы түрде алғанда біраз шағын көлемді жерді биіктігі орташа эпиплатформалық таулар алып жатыр.

Гренландия – жер шарындағы аралдардағы мұздық қалқанының 4/5 бөлігін алып жатқан арал. Бұл Солтүстік Американың төрттік мұз басудағы көрінісін бейнелейді. Мұздың қалыңдығы 3000м-ден асады.

Гренландия –еуропалықтардың батыс жарты шардағы ең алғаш ашқан аймағы. Гренландияны зерттеу ісін Даниялық отаршылдар ХVIIIғасырда қолға алып, ХІХғасырдың бас кезінде бұл жұмысты ағылшындар, кейін Скандинавия елдерінің ғалымдары жалғастырды. Гренландиядағы материктік мәңгі мұз басуының пайда болу себебі оның деңгейінің жалпы алғанда жоғары көтеріліп жатуына және неоген мен антропоген дәуірінің шекарасында солтүстік жарты шар климатының аса суынып кетуіне байланысты деп санайды.

Жалпы құрылымы жағынан алғанда Гренландияның басым көпшілігі платформа болып табылады. Солтүстік пен оңтүстікте платформаның негізі қалың қабатты биік кристалл сілемдері ретінде көрінеді. Шығыс және солтүстік шет аймақтарда шығыс Гренландия және Иннуит қатпарлы тау жүйелері созылып жатыр.

Гренландияның климаты мейлінше қатал, бірақ ол барлық жерде бірдей емес. Мұз жамылғысының орталық бөлігінде бүкіл жыл бойына антициклон басым болып, ауа температурасы -10°-тан -55°С аралығында ауытқып отырады. Қыста температураның -60°С-ға дейін, ал жаз айында -28°С төмендеуі мүмкін. Гренландияның батыс жағалауында Баффин теңізі ұласып жатыр. Қыс кезінде осы теңіз үстінде кұшті циклонды құбылыстар болып тұратындықтан, Гренландияның климаты басқа аймақтармен салыстырғанда едәуір жұмсақ келіп, жауын-шашын мөлшері де мол болады (1000-1200мм).

Суық Гренландия ағысының ықпалында болатын шығыс жағалауында климат едәуір құрғақ және суық келеді. Ондағы жылдық жауын-шашын мөлшері 200мм, ал қысқы орташа температура -30°С-ға жетеді.

Гренландияның мұз құрсауынан бос жатқан бөліктеріндегі өсімдіктердің басым түрі –тундралық өсімдіктер. Шөп тұқымдас өсімдіктердің ішінде поляр қызғалдағы, тасжарған және қиыршық гүл сияқты түрлері мол тараған. Аймақтың оңтүстік жағалауларында биіктігі 2-3метр болатын қайың, қандағаш, арша, қаражидек өседі. Көкжасыл шалғындарды да жиі кездестіруге болады.

Гренландияның термикалық режимі Солтүстік Америка мен Атлант алды арктикалық секторына тән қазіргі климат жағдайынан көп айырмашылығы бар. Аралдың орталық бөлігінде орташа айлық температура +11°С, ал 1000 метрден жоғары +2,5°С-дан көтерілмейді. Мұздықтардың сақталуына биіктігі ғана емес, аймақтың өте жоғарғы циклондық климаты да әсер етеді.

Канада арктикалық архиппелагы

Архиппелагтың құрамына кіретін өте ірі аралдар - Баффин Жері (512 мың км2), Элсмир аралы (200,5 мың км2) және Виктория аралы (212 мың км2). Бутия және Мелвилл түбектерін қоса есептегенде бұл аймақтың территориясы 1500 мың км2- жетеді.

Канадалық Арктика архиппелагының аралдары материктің тіпті таяуда ғана бөлінген. Ондағы аралдардың аралықтарын бөліп жатқан көптеген бұғаздар неоген заманының аяқ кезінде құрлықты кесіп өткен, ал қазір су басып қалған өзен аңғарлары болуы әбден мүмкін. Таяуда ғана болып өткен тектоникалық құбылыстың белгісі ретінде жиі-жиі қайталанып тұратын жер сілкінісі мен кейбір аралдарда байқалған ыстық су көздерін айтуға болады.

Геологиялық-тектоникалық және геоморфологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, архипелагты материктің құрылым аймақтарына сәйкес келетін үш бөлікке бөлуге болады.

Баффин Жерінің оңтүстік және шығыс бөлігі, Девон аралының шығысы және Элсмир аралының оңтүстік-шығысы ертедегі кристалл тау жотасы болып табылады. Оның биік жерлері 1500-2000м-ге дейін жетеді, тік жартасты келетін беткейлері жағалауға төніп келеді де толып жатқан алып су қойнауларына тіреліп бітеді. Ірі аралдардың шығысындағы тап осындай су қойнауларының жағалауына таяу жерлерде Скандинавия мен Гренландия жағалауларындағы сияқты көптеген ұсақ, бірақ жартасты аралдар кездеседі, ал олардан мұз көшкінінің іздері айқын байқалады.

Элсмир аралының солтүстігі мен Аксель-Хейберг аралы да түгелдей таулы келеді. Бірақ ол таулар төменгі палеозой дәуіріндегі қатпарлы тау құрылымына жатады және Шығыс Гренландия тауларының (Иннуит жүйесі) жалғасы болып табылады.

Баффин Жері мен Девон аралынан бастап архиппелагтың бүкіл батыс бөлігі Солтүстік Америка үстіртіне жатады және оның жер бедері жазық келеді, салыстырмалы түрде алғанда шағын-шағын биіктіктер де кездеседі. Көлбеу түрде қатпарлана шөккен тау жыныстарынан тұратын жалпақ үстірттер толып жатқан шығанақтарға жете бере бірден үзіледі.

Аралдардың жер бедеріне назар аударатын болсақ, кез келген жерден төрттік кезеңдегі және осы заманғы мұз көшкінінің белгілерін байқаймыз. Архиппелагтың кейбір аудандарында осы заманғы мұз басқыны кең көлемді сірескен қалың мұзға айналған күртік қар басып жатқан далалар мен аңғарлардағы ойдым-ойдым мәңгі мұздар түрінде кездеседі. Элсмир аралындағы мұндай сірескен күртік қар жабынының қалыңдығы 600м-ге дейін жетеді.

Бұл аймақтың климаты өте қатал, оның үстіне, аралдық жағдайда болғанына қарамастан, барлық жерінде бірдей дерлік өте континентті келеді.

Жазда орташа температура +10°С-дан аспайды, бірақ күндізгі температура +21°С, тіпті +24°С-ге дейін жетеді. Ең суық деген айдың орташа температурасы -35°С, ал төменгі температурасы -50°С-ден де төмен болады. неғұрлым жылы деп саналатын қыс субарктикалық қыс субарктикалық климат аймағының шеңберінде жатқан Баффин Жерінің оңтүстік бөлігінде болады.

Жауын-шашын мөлшері 200-250мм-ден аспайды. Тек шығыста ғана Баффин теңізі циклондарының әсерімен жауын-шашын мөлшері біраз арта түседі. Жауын-шашынның едәуір мөлшері жазда жаңбыр түрінде, ал қыста жел оп-оңай ұшырып әкететін ұсақ қиыршық қар түрінде түседі. Тау жоталарының тік беткейлері мен үшкір де биік шыңдарында қар қыс бойы болмайтын уақыты жиі кездеседі.

Жаз өте қысқа болады. Май айында әлі де -30°С-ге дейін аяз болады. Аралдардың солтүстік жағында жыл ішінде үсік болмайтын бірде-бір ай жоқ. Жаз бойына топырақтың үстіңгі қабатының тоңы не бары бірнеше сантиметр ғана ериді де лайсаңға айналады. Июньнің орта кезінде тундра өсімдіктері гүлдейді, адамдарға да, жануарларға да маза бермейтін шыбын-шіркей қаптап кетеді. Аязы жоқ кезең 1-4 айға ғана созылады, бірақ осы қысқа мерзімде өзінде-ақ ұзаққа созылатын поляр күні жағдайында өсетін жеміс-жидектер пісіп үлгереді.

Аралдарда халық сирек тұрады. Түлкі мен карибу бұғысын, сондай-ақ балық пен теңіз жануарларын аулайтын эскимостар өздерінің аң аулаудан тапқан өнімдерін өнеркәсіп товарларына айырбас жасайтын факториялар бар.

Соғыстан кейінгі жылдары Канадалық Арктика архипелагы Америка Құрама Штаттары әскери ведомоствосының күшті назар аударып отырған объектісіне айналды. Онда көптеген картографиялық және зерттеу жұмыстары жүргізілуде, ғылыми станциялар, теңіз және авиация базалары салынуда.

Лаврентия таулы қыраты.

Бұл физикалық-географиялық аймақ Гудзон шығанағының батысы мен оңтүстігіне қарай жатқан территорияны және Лабрадор түбегінің көпшілік бөлігін алып жатыр. Жер көлемі жағынан орасан зор осы бір аймақтың бейнесін ең алдымен айқындайтын негізгі белгілер ондағы жазықтың үстіңгі қабатында кристалл жыныстардың өте көп болуы, жер бедерінің мұз көшкінінен қалған іздерінің байқалуы, қылқан жапырақты ормандардың молая түсуі болып табылады. Солтүстік Американың бұл бөлігінің табиғаты көп жағдайда Европадағы Фенноскандия табиғатына ұқсас келеді.

Аймақтың үстіңгі жер қабаты Канада қалқанының докембрий дәуіріндегі кристалл жыныстарынан тұрады. Гудзон шығанағы айналасындағы ерте заманда ойысқан ойпаттың шеңберінде кристалл жыныстар төмен түсіп кеткен де, оның үстіңгі жағын төменгі палеозой дәуіріндегі тұнба шөгінділер басып қалған.

Территорияның Әулие Лаврентий өзені мен Ұлы көлдердің солтүстігіне қарай негізгі бөлігін қатпарлы Лаврентий үстірті алып жатыр. Ол Гудзон шығанағы мен Солтүстік Мұзды мұхитқа таянған сайын аласара береді. Үстірттің ойлы-қырлы адырлы жотасында биіктігі 500-600м келетін тау шоқылары кездеседі, олар мейлінше қатты тау жыныстарынан түзілген. Үстірт әсіресе, солтүстік шығыста, Канада қалқанының неоген дәуіріндегі көтерілулер мен жарылулардың әсерімен мейлінше биіктеген аймақта, яғни Лабродор түбегі шеңберінде ерекше жоғары көтеріледі. Түбектің шығыс жақ жағалауында Торнгат кристалл жотасы бар. Оның бір бөлігі 1500м биіктікте жатса, ең биік шыңы - 1676 м.

Гудзон шығанағының жағалаулары әдетте ойпат және жартасты немесе құмдауыт келеді. Лабрадордың Торнгат тауына тірелетін жағалауы биік, жартасты және түрлі су қойнауларымен тілімденген.

Канада қалқанының кристалл қабатты жазығы оңтүстіктен де, батыстан да төменгі палеозой дәуіріндегі тұнба шөгінділер мен мұз көшкіні кезіндегі қалдықтарға толып қалған ойпаттармен қоршалып жатыр. міне, осы ойпаттар шеңберінде қазір Канаданың ірі көлдері бар. Бұл ойпаттың бір бөлігін (Виннипег көлінің ауданын) антропоген дәуірінің бірінші жартысында мәңгі мұздар құрсауы тұсындағы бассейн алып жатқан еді.

Бұл аймақтың жер бедерінен мұз көшкінінің белгілері барлық жерде де білінеді. Лаврентий үстіртінің бет жағы әбден тегістелген, мәңгі мұздар қазып кеткен жыралар бар, дөңкиген қойтастар толып жатыр. Лабрадор түбегіндегі тауларға биік беткейлердің аралығындағы алып аңғарлар тән болады. оңтүстік және батыс жиекте мұз көшкінінің үйінділерінен пайда болған, жер бедері күрделі әрі алуан түрлі келетін аймақтар кездеседі.

Лаврентия таулы қыраты климаты мейлінше қатал әрі суық аймақ. Оның климаты тек Ұлы көлдер мен Гудзон шығанағының әсерінен сәл жұмсарады. Атлантика жағалауы бойымен суық ағыс өтеді. Қысы ұзаққа созылады, аяздың беті қайтпай тұрып алады, жазы әрі салқын, әрі ылғалды болады. Ең суық айдың орташа температурасы оңтүстіктен солтүстікке қарай, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай төмендей береді. Қаңтар айының орташа температурасы Ұлы көлдердің жағасында шамамен -12°С, Гудзон шығанағының жағасында -26°С болады. Ең төменгі температура -50°С. Қыс барлық жерде бірдей қарлы болады. дегенмен де жауын-шашынның ең мол мөлшері жазда түседі. Қыстыгүні өте жиі қар түсіп, үйлердің төбесін, ағаш пен бұталардың бұтағын басып қалады. Гудзон шығанағының батысына қарай аязсыз кезең мейлінше ұзара түседі (жылына 65 күнге дейін жетеді). Мұның өзі оңтүстіктегі жазықтар, прериялар арқылы соғатын жылы ауаның тигізетін әсеріне байланысты. Бұл аймақтың басым бөлігі күлгін топырақты болады, мұнда қылқан жапырақты ормандар бар.

Ұлы жазық

Оңтүстік Канада мен Америка Құрама штаттарының шектесер жеріндегі жартасты таулардың етегінен бастап меридиан бағытымен оңтүстікке қарай созылып, деңгейі биік жазық алқап жатыр. оның климаты континентті келеді.

Бұл Ұлы жазық солтүстіктен оңтүстікке қарай 3500км-ден астам қашықтыққа, шамамен солтүстік ендіктің 62°-нан 29°-на дейін созылады. Бірақ оның Маккензи бассейніндегі климаты қатал, меңіреу тайга ормандары басып жатқан ең қиыр солтүстік бөлігі басқа аймаққа жатады. Біз сөз етіп отырған физикалық-географиялық аймақтың солтүстіктегі шекарасы тайга ормандарының орман аралас далалармен шекетесетін жерлері арқылы шамамен алғанда Норт-Саскачеван өзенінің аңғары бойымен өтеді; ал оңтүстіктегі шекарасы Америка үстірті мен Мексика тау жотасының екі арасындағы шекараға сәйкес келеді. Оңтүстік-шығыста жер бедерінде айқын аңғарылып тұрған кертік кемер Ұлы жазықты жағалау ойпатынан, Мексика шығанағынан және Орталық жазықтан оқшаулап тұрады.

Геологиялық жағынан алып қарағанда Ұлы жазық Америка дөңесінің (перикратондық ойысудың) шеткі бөлігі болып табылады және оған кембрийге дейінгі дәуірде суға терең батып кеткен құрлық негіз болған. Ол негіздің үстіңгі жағында мезозой және кайнозой дәуіріндегі жыныстардың горизонтальды түрде қалыптасқан қалың қабаттары жатыр. Бұл қабаттарды аллювиальдық, эолдық, ал солтүстік бөлігін мұз көшкіні кезінде Жартасты таулардан ысырылып келген материалдар жауып жатыр. Геоморфологиялық жағынан алғанда Ұлы жазық Кордильер тауының етегінде жатқан үстірт болып табылады. Оның биіктігі 500м-ден 1700м-ге дейін жетеді. Жазықтың басым көпшілік бөлігі тақтайдай теп тегіс алқап болып келеді. Ұлы жазықтың шығыс жақ шеті жер бедерінен айқын байқалатын эрозиялық кертік кемермен бітеді.

Ұлы жазықтың климат жағдайларына оның теңіз бассейндерінен қашық жатқандығы мен жер бедерінің солтүстіктен оңтүстікке қарайғы көлемді жерде тақтайдай тегіс болып созылып жатқаны күшті әсер етеді. Солтүстік Американың бұл бөлігінде ендік орографиялық шептің болмауы солтүстік және оңтүстік аудандардың арасында ауа ағынының кедергісіз ауысып тұруына жағдай жасайды. мұның өзі Ұлы жазықта ауа райының құбылмалы болуына, жылдың қай мезгілінде болсын температураның күрт өзгеруіне әсер етеді.

Солтүстік пен оңтүстіктің қысқы температурасында едәуір алшақтық болады, бірақ жазғы температура бірдей дерлік жоғары болады. сонымен қатар, бүкіл аймақ үшін температураның маусымдық ауытқу ыңғайының едәуір мөлшерде болуы және тәуліктік ауытқу дәрежесінің жоғары болуы, тіпті бірнеше сағаттың ішінде өзгеріп кетуі, кейде осы айырмашылықтың ондаған градусқа дейін жетуі үйреншікті құбылыс. Температураның мұншалықты әдеттен тыс мөлшерде құбылуы ауа ағынының меридиан бойымен емін-еркін ауысуының нәтижесі болып табылады. Мұндай құбылыс көбіне көктем мен күзде болады және аса күшті дауыл (торнадо) көтеріледі.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)