|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
К І Р І С П Е 16 страницаКембрийлік рудаланудың екінші ірі облысы негізгі лавалар төгілуі менгранитті батолиттер интрузияларымен байланысты ірі кен орыдары түзілген Оңтүстік Африкада шоғырланған. Қатынастық метаморфизм процестері платина рудалары, алтын, хромит, титан-магний рудаларының түзілуімен аяқталды. Түсті металдардан басқа Оңтүстік Африкада темір рудаларының кендері де бар. Олардың сапасы төмен, негізінен сорланған теңіз және мұхит суларында жиналған деп жорамалданады. Олар кембрийге дейін және силур кезеңіне дейін жиналған. Басты кен орнында Претория мен Капленде шоғырланған. Кембрий полиметалл рудаларының үшінші облысы – ежелгі жыныстары шығып жатқан мароккалық Атлас таулары. Марокко кеніштерінде кобальт, молибден, цинк, қорғасын өндіріледі. Палеозой аяғы мен мезозой басындағы африкалық платформаның тыныш тектоникалық даму кезінде оның ежелгі негізінде континенттік шөгінділердің қалың қабаты жиналған уақытта тас көмір формациялары түзілген. Өнеркәсіптік маңызға ОАР, Солтүстік және Оңтүстік Родезия, Конго Республикасы, Танганьика мен Мадагаскар аралындағы тас көмір бассейіндері ие. Осы кезде экватордан солтүстікке қарай Сахараның құмдарында мұнай мен төгінді темір мен марганец рудаларының жиналуы жүрген. Мезозой аяғында Тетис геосинклиналь облысынан Африка солтүстігіне теңіз трансгрессияланғанда белсені вулканизм мен гранитті батолиттердің енуімен қатар жүрген африкалық жақпардың оқшаулануына алып келген жарылымдар басталғанда әр түрлі пайдалы қазбалар түзіле бастады. Мароккодан БАР-ға дейін созылған теңіз бассейнінде палеогенде белсенді түрде фосфориттер шоғырлана бастады. Солтүстік Африка елдері фосфорит өндіруден әлемде алғашқы орындарды иемденеді. Вулканизм әрекеттерінен Конго Республикасындағы және ОАР-дағы (Кимберли) ерекше оливин жынысы – кимберлитпен толған жарылыс ұңғымалары маңызды болған. Осындай дайкалар мен материкте алмаз кен орындары байланысты. Олардың өндірісі бойынша Конго капиталистік елдер арасында алғашқы орынға ие. Үштік кезеңде Солтүстік Африкада сақталған теңіз бассейнінде мұнай жиналуының жаңа кезеңі маңызды болды. Жақсы зерттелген мұнай облысына Араб Республикаларындағы Қызыл теңіз жағалауы жатады (Синай түбегімен қоса). Салыстырмалы түрдегі жаңадан зерттелген облыстарға Атлас елдері мен Батыс Сахара жатады. Африка елдерінің алдында кенді өндіру ғана емес, металлургиялық база жасау мәселесі тұр. Себебі қазіргі уақытқа дейін жалпы Африка капиталистік елдер үшін ірі минералды шикізат тасымалдаушы болып отыр.
Африка материгінің климат қалыптастырушы факторлары. Жылдық маусым бойынша ауа массаларының циркуляциясы. Климат типтері.
Африка климаты оның тропиктік ендіктерде орналасуы және жылдық жиынтық радияцияның көп болуымен анықталады (жылына 180-200 ккал\см2). Осыған байланысты Африка ең ыстық құрлық деп саналады. Африка ендіктерінде мұхит үстінде пассаттар басым, бірақ құрлықтағы маусымдық термиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты олар экваторлық муссондарға ауысады. Екі жарты шарда да қысқы муссон пассатқа сәйкес келіп, континенттік ауаны экваторға тасымалдайды, ол жазда кері бағытта ылғалды муссон соғады. Тек Гвинея жағалауында экватордан солтүстікке қарай оңтүстік жарты шар пассаттары түрінде туындап, құрлықта төменгі қысым облысына тартылатын оңтүстік-батыс желдер теңізден жыл бойы соғып тұрады. Ыстық құрлыққа келген төменгі қабатында тропиктік континенттіктен суық болатын орасан зор экваторлық ауа ағыны оны жоғарыға көтеріп, қарқынды конвекциялық нөсерлер туғызады. Экваторлық ауа солтүстікке маусым мен шілде айларында жылжып, тамыз бен қыркүйекте континенттік тропиктік ауамен оңтүстікке ығыстырылады. Жазықтарда экваторлық ауада қалыңдығы 1000-1600 м-ге жететін жерде ғана жауын-шашын түседі. Ылғалдық маусым мен жылдық жауын-шашын тропиктік климат белдеуіне қарай азаяды. Жауын-шашын таулардың жел жақ беткейлерінде көбейетіндіктен, Гвинея жағалауында жылына 3000 мм жауын-шашын түседі. Бұл жерде жыл бойы оңтүстік-батыс ылғалды желдер соғатын Колумбия жағалауының (Оңтүстік Америка) батыс жағалауына ұқсас жағдайлар орнайды. Африканың климатына мұхит ықпалы басқа аудандарда атмосфералық қысымның мұхит орталықтарындағы ауа массаларының, циркуляциясымен және аз тілімденген таулы жағалаулар мен азиялық құрлыққа жақын орналасуымен шектеледі. Азор және Оңтүстік Атлант динамикалық максимумдардың шығыс шетімен желдер жағалауды бойлай соғатын және Канар мен Бенгель суық ағыстарындағы пассаттық инверсия әрекет еттін тропиктік ендіктердегі Атлант жағалауы бойындағы жауын-шашындар үшін циркуляциялық жағдайлар қолайлы емес. Африканың шығыс жағалауының климатына Азия мен Үнді мұхиты орасан зор ықпал етеді. Суэц мойнағынан Гвардафуй мүйісіне дейін Африка құрлығының термобаралық жағдайлары Арабия түбегіне жалғасады. Гвардафуй мүйісінен 170 о.е. дейін жағалауға үнді экваторлық-муссонды циркуляция әсер етеді, ол 170 және 300 о.е. Дракон тауларының тау жақ беткейлері Оңтүстік-Үнді максимумының батыстағы желдеріне кездеседі. Қыста құрлықтың солтүстік бөлігі оңтүстікке қарағанда біршама суық болады (77-сурет). Африканың солтүстік жағалауымен 120С изотермасы, ал оңтүстікте шетімен 200С өтеді. Тұйық Калахари ойпатында температура 250С-ден жоғары көтеріледі, ал Конго ойпаты мен Гвинея жағалауында термиялық экватор белдеуінде жыл бойы 250-260С температура сақталады. Оңтүстікке қарай Азор, Оңтүстік Атлант, Оңтүстік Үнді Мұхит үстіндегі жоғарғы атмосфералық қысым орталықтары ауысады. Азор максимумының тармағы суыған Сахара арқылы өтіп, Шығыс Арабия максимумымен қосылады. Оңтүстік Африкада, Калахариде керісінше жергілікті баралық минимум қалыптасады. Сондықтан солтүстік жарты шар қыс кезінде бүкіл Африкадағы негізгі циркуляциялық процесс ауа массаларының солтүстіктен құрлықтың оңтүстігіне тасымалдау болып табылады. Жерорта теңізінің батыс бөлігінде қоңыржай белдеулердің теңіздік ауысуы қалыптасатын төменгі қысым облысы орнайды. Суық және ылғал ауа Африканың солт. Жағалауына Сахараның континенттік тропиктік ауасымен кездеседі. Осы поляр фронтында циклондық әрекет пайда болады. Атлас тауларының жел жақ беткейлерінде, Ливияның жағалау сызығында жауын-шашын түседі. Сахарадағы жоғарғы қысымнан қыстық жауын-шашын түсу мүмкіндігі болмайды. Сонымен қатар батыс жағалауында да теңіздік және континенттік тропиктік ауа аралығында пассаттық фронт өтеді, бірақ пассаттық инверсия төмен орналасуынан циклондар әрекеті сирек болады. Жоғары қысымның оңтүстік шетінен Сахарада Судан аумағын құрғақ, ыстық континенттік тропиктік ауамен толтыратын пассаттар соғады. Аласа Азанде жотасы арқылы континенттік тропиктік ауа Конго ойпатындағы төменгі қысым облысына оңай өтіп, экваторлық ауаға айналады. Солтүстік Гвинеяда оны экваторлық муссондардың оңтүстік батыс желдері Гвинея жағалауына жеткізбейді. Арабиядан Африкаға соғатын пассат Қызыл теңізден аз ылғалданып, қыста Абиссин таулы қыратының шығыс беткейлері мен Этбай жотасының жел жақ беткейлерінде жауын-шашын түседі. Құрлық солтүстігіндегі тропиктік ауа Конго ойпатының шығысында оңтүстікке бағыт алғанда Шығыс Африка таулы үстіртіне кездеседі. Биіктігі мен төменгі температураларға байланысты ауаның экваторлық муссонға айналуы баяу жүріп, тек солтүстік-шығыс желдер бағытын өзгертпей Калахари ойпатында төменгі қысым облысына тартылатын оңтүстік жарты шарды аяқталады. Экваторлық муссон Африка шығысында Замбези сағасына дейін (170о.е.) енеді, батыста оңтүстік желдер оны ығыстырады да, ықпалы тек 50о.е.-ке дейін таралады. Сомали түбегі мен Шығыс Африка жағалауымен Үндістаннан соғатын солтүстік-шығыс пассат экватордан өткенде Оңтүстік Африка минимумы әсерінен өз бағытын өзгертпейді. Бұл желдер Шығыс Африканың жел жақ таулы жағалауына мол жауын-шашын әкеледі. Тропиктік ендіктердегі Африканың шығыс жағалауына ОңтүстікҮнді минимумының батысынан тарайтын және Мозамбик ағысынан жылынатын жылы және ылғал оңтүстік-шығыс және шығыс желдер әсер етеді. Бұл желдер құрлық ішіне енеді, бірақ ылғалдың көп бөлігін Дракон тауларының шығыс баурайында қалдырады. Жағалауды тропиктік фронт кесіп өтетін Замбези сағасының маңында тау беткейлеріндегі орографиялық жауын-шашынға циклондық жауын-шашын қосылады. Дракон тауларынан батысқа қарай теңіздік тропиктік ауа континенттікке ауысып, жауын-шашын оңтүстік батысқа қарай азаяды. Басқа да құрғақ аудандардағы сияқты Замбезидің оңтүстігіне қарай Калахариде нөсерлі және найзағайлы жауындар тән. Оңтүстік Африканың батыс жағалауына суық Бенгель ағысының әсерінен ауа ылғалдылығы молаяды. Оңтүстік Атлант максимумының шетіндегі оңтүстік желдер жағалауға тек қалың тұман алып келеді. Африканың оңтүстігінде мұхиттың динамикалық антициклодар қиылысады. Құрлықтың оңтүстік батысында жағалауға параллель соғатын оңтүстік Атлант максимумының ауа ағындары әсерінен жауын-шашын түспейді. Оңтүстік шығыс керісінше, Оңтүстік Үңді ммаксимумының оңтүстік батыс желдерінің ылғалын қабылдайды. Солтүстік жарты шардың жазында құрлықтың оңтүстігі суып, солтүстігі қатты жылынады. Солтүстік жағалаумен 200С изотаермасы, ал оңтүстікпен 12°С өтеді. Әсіресе қатты қызатын 30°С изотермасында Сахара орналасқан. Осыған байланысты Сахара мен Суданда төмен атмосфералық қысым орнайды. Оңтүстік Африка үстінде шығысы мен батысында динамикалық мұхит максимумдарымен қосылатын жергілікті максимум. Жазда Африкада қысының термиялық орталықтарының ауысуына байланысты оңтүстіктен ыстық солтүстіктен ауа массалары тасымалданады. Қиыр солтүстікте Азор максимумының тармағы Жерорта теңізінің батысына таралып, жағалауда жауын-шашын түспейді. Осы максимумның оңтүстік және оңтүстік шығысынан келетін теңіздік тропиктік ауа Сахарада континенттік ауаға айналып, конвекциялық токтарға қатысады. Сахарадағы ерекше ауа құрғақтылығы мен конденсация деңгейінің биіктігі (5 км) оның ауданында жауын-шашын түсуіне мүмкіндік бермейді. Атлант жағалауында да Канар ағысы температураны төмендетіп, пассаттық инверсия төмен орналасып, Азор максимумының шығыс шетіндегі желдер жағалау бойымен соғатынына қарамастан, жауын-шашын мүлде болмайды. Гвинея жағалауында экваторлық ауданы теңізден құрлыққа оңтүстік батыс желдер тасымалдауы күшейеді. Суданда бұл желдер 19-170 с.е. тропиктік фронт ығысатын жерге дейін, ал шығыста Абиссин таулы қыратына дейін жетеді. Осы уақытта жауын-шашын максимумы басталады. Конго ойпатындағы экваторлық ауа массалары оңтүстік Африка максимумының солтүстігінен келетін тропиктік континенттік ауаның ауысуынан толысады. Максимумдағы ауа ағымдары Колахари ойпатындағы, Лунда-Катанга көтерілісімен Конго ойпатының оңтүстігіндегі құрғақ маусымға себеп болады. Шығыс Африканың биік таулы үстіртінде континенттік тропиктік ауа солтүстікке өтіп, Ұлы көлдер аймағында экваторлық ауаға айналады. Шығыс Суданда ол экваторлық оңтүстік батыс муссонына қосылады. Африканың шығыс жағалауы тау беткейлері мен оңтүстік жарты шардың пассат желдерімен ылғалданады. Экватордан солтүстікке қарай бұл пассат Үндістандағы төмен қысым облысына қосылып, оңтүстік батыс муссон түрінде Сомали жағалауымен соғады. Оңтүстік Африка максимумының солтүстік батыс шетінде батыс жағалауды бойлап экваторға дейін қысқы маусымда жауын-шашынсыз ыстық желдер соғады. Африканың оңтүстік батысындағы циркуляция жерорталық қысқы жағдайларға ұқсас болады: оңтүстік Атлант максимумының солтүстікке қарай араласуынан жағалау бойымен поляр фронты өтеді. Батыс тасымалымен Африкаға бағытталған циклондар Кап тауларына жауын әкеледі. Материктің оңтүстік шығысында континенттік ауа оңтүстік Африка максимумының оңтүстік шығысымен өтіп, поляр фронты төменгі ендіктерге ығысады. Циклондық әрекет аз болғандықтан, жауын-шашын мөлшері де кемиді. Африкалық құрлықтың термиялық ерекшеліктері мен маусымдық атмосфера циркуляциясы жауын-шашын таралудың жалпы сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Тропиктік белдеудегі ылғал таралу заңдылығы анық байқалады: экватордан тропиктік ендіктерге дейін екі бағытта жауын-шашын мөлшері минимальды мөлшерге жетіп, субтропиктерде қайта көбейеді. Жер бедері мен экваторлық-муссондық циркуляция жауын-шашын таралуында маңызды орын алады: ең ылғалды аймақтар экватор солтүстігінде Гвинея шығанағының таулы телімдерінде орналасқан (жылдық жауын-шашын мөлшері 2000-3000 мм). Камерун жанартауының жел жақ беткейлеріндегі жағдай қолайлы: құрлықтың ең ылғалды жері Дебунджадағы жылдық жауын-шашын 9655 мм-ге жетеді. Экватордағы тұйық та көтеріңкі Конго ойпатында (1500-2000 мм) төмен орналасқан Амазонияға қарағанда (2000-3000 мм) аз жауын-шашын түседі. Субэкваторлық ендіктерде 170-190 о.е. дейін екі жарты шарда да тропиктік шөлдер шекарасында жауын-шашын 250 мм-ге азаяды. Бұл аймақтарда экваторлық ауаға байланысты жауын-шашын конвекциялық сипатта болады. Тек Абиссин таулы қыратының “ылғалды аралы”, шығыс Африка таулы қыратының биік беткейлері мен шығыс таулы жағалау ылғалдық орасан зор конденсаторы болып табылады (Абиссин таулы қыраты мен Мадагаскардың шығыс жағалауында 3000 мм-ге дейін жетеді). Жауын-шашынсыз аймақтар Африканың 2/5 ауданын алып жатыр. Ерекше құрғақ болатын тропиктік белдеу аумағындағы Сахарада жылына 50 мм-ден кем жауын-шашын түседі. Субтропиктік ендіктерде жел жақ беткейлердегі жауын-шашын 1000-1500 мм, ал ойпатты ливиялық-египеттік жағалауда 500 мм-ге дейін жетеді. Жоғары температурамен қатар жылдық жауын-шашын мөлшерінің ауытқулары ылғалдану жағдайларында шұғыл айырмашылықтар туғызады. Құрлықтың солтүстігінен 200 о.е. дейін экватордан екі жаққа қарай ылғалдылық азайып, 200 о.е. төмен қарай изосызықтар атландттық жағалау құрғақшылығын көрсетіп, батысқа ашық доғалар түрінде өтеді. Артық және жеткілікті ылғалданған экваторлық аймақтан соң қалыпты жеткіліксіз ылғалданған субэкваторлық аймақтар жалғасады. Тропиктік ендіктердегі жеткіліксіз ылғалданған аудандардан кейін тропиктерде ылғалдылық қайтадан өседі. Ылғалдану коэффициенті көрсеткіштері мен оларды анықтаушы термобаралық сипаттамалар Африкадағы климаттық белдеулер мен облыстарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Экваторлық белдеу Гвинея шығанағы жағалауындағы тар сызықпен құрлық ішінде Виктория көлінің шығыс жағалауына дейін созылып, термикалық экватор амплитудасында негізінен солтүстік жарты шарда орналасқан (5-70 с.е. – 2-30 о.е.). Оның шекаралары жарты шарлардағы тропиктік фронттық қысқы орынмен анықталады. Бұл белдеуде ылғал және ыстық экваторлық ауа басым. Жауын-шашын түсу максимумдері – күзгі және көктемгі, қалған айларда бірқалыпты болады. Экваторлық белдеуді толығымен субэкваторлық белдеу қоршап жатыр. Ол Судан, Шығыс Африка мен Замбезиге дейін Оңтүстік Африканың солтүстігін қамтиды. Бұл белдеудегі Абиссин таулы қыраты мен шығыс Африка шыңдары вертикальды климаттық белдеулікпен сипатталады (Абиссин таулы қыратындағы қысқы нивалды және Килиманджаро, Кения, Рувензори нивалды белдеуге дейін). Абиссин таулы қыраты батыс және шығыс беткейлерінің шұғыл экспозициялық айырмашылықтармен ерекшеленеді. Бұл белдеудің шеткі шекаралары тропиктік жазғы фронтпен анықталады. Жыл бойы жазғы ылғал мен қысқы құрғақ маусымдары ауысып, ауа температуралары ылғал экваторлық ауаның ыстық континенттік тропиктік ауамен алмасуына байланысты ауытқиды. Бұл климат типі Африканың 1/3 ауданын алып жатыр. Африкадағы жазғы жаңбырлар мен құрғақ қыс аусуы Үндістанға қарағанда анық байқалады, сондықтан ол экваторлық муссондар елі аталады. Тропиктік белдеу (пассаттық) климаты құрлықтың екі бөлігін де, полярлық фронттық қысқы орны мен тропиктік фронттық жазғы орны аралығын алып жатыр. Құрлықтың 2/5 ауданын шөлдер алып жатқандықтан, Африканы шөлдер даму облысы деп атайды. Бұл климатқа континенттік тропиктік ауа мен ауаның құрғақшылығы мен жоғары температуралар тән. Шөлдер құрлықтың солтүстігіндегі дүниежүзіндегі ең үлкен шөл Сахара орналасқан бөлігін алып жатыр. Оңтүстікте шөл ланшафтары Калахари оңтүстік-батыс аймағымен және Сахараның атлант маңы аймағына ұқсас тропиктік теңіздік ауасы басым пассаттық мұхит маңы шөлдерінің климаты ерекшеленетін жағалаудың тар сызығымен шектеледі. Оңтүстік Американың қалған бөлігіндегі континенттік секторда жазғы термиялық конвекция жауын-шашынмен ерекшеленетін құрғақ шөлейт климат басым (Замбези мен Оранжевая аралығында). Шығыс жағалауын бойлай теңіздік, пассаттық жаздық жауын-шашын максимумымен сипатталатын климат таралған. Құрлықтың қиыр солтүстігі мен оңтүстік маусымдық ауа массалары ауысатын субтропиктік белдеуде орналасқан. Жазда теңіздік тропиктік ауа, қыста – қоңыржай белдеудегі теңіздік ауа. Атлас таулары, Ливия мен Араб республикаларының жағалауы, Оңтүстік Африканың оңтүстік батысы қысқы циклондық жауындарымен ерекшеленетін жерортатеңіздік климат типіне жатады, ал оңтүстік Африканың оңтүстік шығысында жазғы жауын-шашын максимумымен сипатталатын муссондық субтропиктер таралған. Африкадағы қазіргі табиғи аумақтық кешендер басқа құрлықтарға ұқсас неоген аяғында, бірақ ең алдымен төрттік кезеңде қалыптасты. Жас тектоникалық қозғалыстар, қазіргі климаттық жағдайлар мен географиялық зоналықтың орнау нәтижесінде құрылымдық-морфологиялық облыстардың бөлінуінен кейін олардың ландшафтық ерекшеліктері пайда болды.
Африка материгінің географиялық(ландшафттық) белдеулері мен зоналары. Физикалық географиялық аудандастыру.
Африканың табиғат ерекшеліктерін географиялық зоналық сипатына байланысты екі бөлікке: Аласа және Биік Африкаға бөлуге болады. Аласа Африкадағы ендік зоналық Биік Африкада күрделенеді: Шығыс Африка таулы үстіртінде гилеялар зонасы үзіліп, екі жарты шарлар саванналар қосылады, Сомалидің шығыс жағалауымен шөлейт экватордан оңтүстікке созылады. Оңтүстік Африканың батыс және шығыс жағалауларында географиялық зоналар бойлық бағытта созылады. Бұл өзгерістер жер бедерімен конфигурацияға ғана емес, сонымен қатар полеогеографиялық даму тарихымен де байланысты. Аласа Африка Аласа Африкада орасан зор тегістелген аумақтар басым. Үлкен құрлық аумағы, аласа биіктіктер мен Еуразияның жақын орналасуы ендік зоналыққа ең қолайлы жағдайлар туғызады. Бірақ Аласа Африкада да кейбір аймақтар табиғатының қалыптасуына морфо-құрылымдық ерекшеліктер әсер етеді. Айқын мысал ретінде Сахара-Судан жазықтардың солтүстік батысы мен үстірттерді шектейтін Атлас тауларын айтуға болады. Атлас таулары мен ливия-египеттік жағалаудың тар сызығы біртұтас жерортатеңіздік елге жатады. Атлас тауларынан 2000 км оңтүстікке қарай батыстан шығысқа тропиктік шөл зонасы – шекраралары ешқандай жер бедерімен жүрмейтін қайталанбас ел Сахара созылып жатыр. Сахарадан оңтүстікке қарай Суданның саванналары мен сирек ормандары басталады. Судан ландшафтары оңтүстік-батыста Солтүстік Гвинеяда заңдылықты түрде жалғасады. Онда ылғалды биік таулы саванналар аралас ормандарға өтетін көпір болады. Судан мен Солтүстік Гвинеядағы ылғалдың көбеюі, ландшафттардың «көгалдануы», топырақ, өзен тәртібінің өзгеруі субэкваторлық және экваторлық белдеулердегі Судан мен Жоғарғы Гвинеяны біртұтас табиғи елге біріктіруге мүмкіндік беретін басты ерекшеліктер. Суданнан Конго ойпатына ауысу кезіндегі өзгерістер де ылғал көбеюіне байла нысты жер бедеріндегі ойпаттың анық сипаты оны ерекше ел ретінде бөлуге мүмкіндік береді. Атлас таулары Бұл 2000 км ендік бағытта созылған күрделі тілімденген орташа биіктігі 1200-1500 км жоталар жүйесі. Солтүстік тау тізбектері Эр-Риф пен Телль-Атлас жоталары неоген қатпарлығынан құралған. Атластың қалған бөлігін үштік қатпар түзілуге дейін бөлшектенген және палеогенде жаңа тектоникалық қозғалыстарға қосылған герцин құрылымдары түзген. Герциндік түрқабатта осы қозғалыстар биік таулық үстірттер түрінде сипат алған жеке жақпарлардың төмен доғаларымен бөлінген геоантиклинальды жоталарды түзген. Атлас таулары Жерорта теңізі мен Сахара шекарасында көтерілген, сондықтан оларға тән көптеген табиғи ерекшеліктерге ие. Жерортатеңіздік ландшафттарға орография алғышарт болады, себебі Атластан тыс Сахара Ливия мен Араб республикаларының жағалауына жақындайды. Аталған себептерге байланысты Атлас тауларында екі ерекше аймақ: жерортатеңіздік ландшафтық солтүстік пен сахаралды шөлейттік оңтүстік анық байқалады. Солтүстік аймаққа Эр-Риф, Телль-Атлас жоталары мен тар жағалау маңы ойпатының сызығы кіреді. Эр-Риф - қатпарлы құрылымдармен қатар қаусырмалар мен жамылғылар бар күрделі тау жотасы. Таулар эрозиямен қатты тілімденген және орталық бөлігінде көтеріңкі. Тік әктасты жарлар солтүстікке құлайды, ал оңтүстік тақтатасты беткейлер еңістеу және кең өзен аңғарлармен тілімденген. Телль-Атлас уэда Шелиф аңғарының шығысынан басталып, солтүстік-шығыс бағытта үш жағалауға параллель тізбектер құрайды. Алжирдегі жағалау маңы жоталарындағы антиклинальдық қатпарлар ядроларында шөгінді жамылғыдан ежелгі кристалдық жыныстар шығып жатыр. Олар биік және тілімденген Джурджур (2308 м) массивін түзеді. Қалған жерде таулар қатпарлы-шөгінді қабаттардан құралған және олардың эрозиялық-пішіндік жер бедері жыныстардың тығыздығына тәуелді. Тығыз доломитті әктастар үшкір жартасты шыңдарды құрайды; мергельдер мен саздар қалың жарлы тормен шайылады; таза әктастарда карст жақсы дамыған. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.) |