АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 24 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Өзінің шығу тегі жөнінен Пуна–Альтиплано зонасы кайнозойдың басында ой түскен және неогенде Шығыс және Батыс Кордильер сияқты күшті көтерілмеген, тегістелген, палеозой жасындағы қатпарлы ғимараттардан тұратын ортаңғы массивке түспа-тұс келеді.

Шығыс Кордильердің орташа биіктігі 4000 м-дей, қырқаларының үстіндегі биіктігі 6000 м-ден асатын жеке қарлы шыңдар көтеріліп тұрады. Олардың ішіндегі ең биіктері–Ильямплу (6485 м) және Ильимани (6462 м). Шығыс Кордильерде жанартау жоқ.

Орталық Андының бүкіл өн бойына түсті, сирек және радиоактивтік металл рудаларының ірі кендері бар. Атакама және Тынық мұхит жағалауында табиғи селитраның дүние жүзіндегі бірден-бір кен орны бар.

Оңтүстікке қарай тез құрғай береді. Атакама шөлді ойысы мен Тынық мұхит жағалауының көршілес алабында жылына 100 мм-ден аз жауын-шашын түседі, ал кей жерлерде 25 мм-ге де жетпейді. Жағалық Кордильердің шығыстағы кейбір жерлерінде ешқашан жаңбыр жаумайды. Теңіз маңы өңірінде (биіктігі 400-800 м-ге дейін) жаңбырдың түспеуінен ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жоғары болуымен (80 % - ға дейін), әдетте жылдың қыс мезгілінде түсетін тұмандармен және шықпен біршама толады. Кейбір өсімдіктер осы ылғалдың есебінен тіршілік етуге бейімделген.

Атакамада топырақ пен өсімдік жоқтың қасы. Тұтас жабынды құрамайтын жәке эфемерлік өсімдіктер тұманды маусымда шығады. Үлкен көлемді жерді тұзды алап алып жатады, ол жерде өсімдік мүлде өспейді.

Тынық мұхит шөлі алабында оазистер біршама аз. Табиғи оазистер мұздан басталатын шағын өзендердің аңғарларында немесе жауын-шашын едәуір мөлшерде түсетін аудандарда кездеседі. Олардың көбі Солтүстік Перу жағалауында жатыр. Онда шөл ландшафтысының ортасында суарылған және гуаномен тыңайтылған алаптарда қант құрағының, мақтаның және кофе ағашының плантациялары көгеріп тұрады. Жағалаудағы оазистерде ең ірі қалалар, солардың ішінде Перудің астанасы–Лима орналасқан.

Тынық мұхит жағалауының шөлдері құрғақ пуна деп аталатын таулы шөлейт белдеулеріне жалғасып кетеді. Құрғақ пуна ішкі таулы үстірттердің оңтүстік-батыс бөлігіне, 3000-нан 4500 м биіктікке дейін таралады, кей жерлерде одан да төмен түседі.

Құрғақ пунада жауын-шашын 250 мм-ден аз түседі, оның ең мол кезі жаз айына тура келеді. Мұндай температура барысында климаттың континенттігі байқалады.

Өсімдігі өте тапшы. Аласа бұталар, олардың ішінде тола деп аталатын туыстасының өкілдері басым, сондықтан құрғақ пунаның бүкіл ландшафтысы көбіне тола деп аталады. Оларға айрауық, селеу сияқты кейбір астық тұқымдастар мен әртүрлі қыналар араласады. Сондай-ақ кактустар да кездеседі. Тұзды алаптар өсімдікке бұдан да кедей.

Пуна Орталық Андының орасан көп жерін қамтиды. Перу мен Боливияда, әсіресе Титикака көлінің жағаларында және ең ылғалды аңғарларда, испандар келгенге дейін бұл жер инктер мемлекетін орнатқан мәдениетті үндіс халқы мекендеген. Осы жерлерде қазірде де осы халықтардың ұрпақтары–үндістер тұрады. Қазіргі кезге дейін инктердің ежелгі ғимараттарының қираған орындары, тас плиталар төселген жолдар және суару жуйесінің қалдықтары сақталған. Перудегі Шығыс Кордильер тауының етегіндегі ежелгі Куско қаласы инк мемлекетінің астанасы болған.

Таудың биік жерлерінде де егіншілікпен айналысады. Отырғызылған картоптың және кейбір астық тұқымдастарының егістерін 3500-3700 м биіктікке дейін кездестіруге болады, одан да биік алабота тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік – киноа өсіріледі. Киноа жергілікті халықтың негізгі тамағы болып табылатын ұсақ тұқымдардан мол өнім береді. Ірі қалалардың (Ла-Пас, Куско) төңіректерінде пуна «кесіндің ландшафттыға айналдырылған. Ол жерлерде егістер испандар әкелген эвкалиптерден тұратын тоғайлармен, сонымен бірге дрока және басқа бұталар шіліктерімен кезектесіп отырады.

Оңтүстікте 5000 м, ал солтүстікте 6000 м биіктікте температура бүкіл жыл бойы салқын болады. Климат құрғақ болғандықтан мұз басу шамалы, тек жауын-шашын көп түсетін Шығыс Кордильерде ғана ірі мұздықтар кездеседі.

Шығыс Кордильердің ландшафтысы қалған Орталық Андының ландшафтысынан едәуір өзгеше болады. Жазғы мезгілде ылғалды жерлер Атлант мұхиты жағынан едәуір мөлшерде жауын-шашын әкеледі. Бұл ылғал тосқауылсыз аңғарлар арқылы ішінара Шығыс Кордильердің батыс беткейіне және таулы үстірттердің іргелес жатқан бөліктеріне өтеді. Тау беткейлерінің төменгі бөліктерін 1000-1500 м биіктікке дейін пампа мен хина ағаштарынан тұратын қалың тропиктік ормандар алып жатыр. Осы белдеу алабындағы аңғарларда қант құрағы, кофе, какао және әр түрлі тропиктік жемістер өсіріледі. 3000 м биіктікке дейін аласа мәңгі жасыл таулы ормандар- лианалар шырмаған бамбук пен папоротник шіліктері өседі. Одан биігіректе бұта шіліктері мен биік таулы дала көтеріледі. Егістікті және эвкалипті өзен аңғарларында үнді ауылдары мекендейді. Кордильердің шығыс беткейінде Амазонка бассейініне жататын аңғарда, атақты испандық жаулап алушы Мачу-Пикчумен болған соғыстан кейінгі инктердің ескі қамалдарының қираған қалдықтары қалған. Оның аймағы мұражай-қорыққа айналған.

Субтропиктік Анд.

Субтропиктік белдеуде 27 мен 420 о.е. аралығында Чили мен Аргентина алабында Анд тауының ені тарылады, ал кей жерлерде бір ғана тау тізбегінен тұрады, бірақ ең үлкен биіктікке көтеріледі.

Тынық мұхит жағасын бойлап Орталық Андының Жағалық Кордильерінің жалғасы болатын Жағалық Кордильердің аласа үстірті өңірі созылып кетеді. Оның орташа биіктігі 800 м, жеке шыңдар 2000 м-ге дейін көтеріледі. Өзендердің терең аңғарлары оны Тынық мұхитқа тік құлайтын төрткүл үстірттерге бөлшектейді. Жағалық Кордильердің сыртында оған жарыса Чили аңғарының Орталық немесе Ұзына бойғы тектоникалық ойысы жатыр. Ол Атакама ойысының орографиялық жалғасы болып табылады, бірақ одан Андының кесе-көлденең сілемдерімен бөлінеді. Бас жотаның мұндай сілемдері аңғарды бірқатар жеке-жеке ойпаңдарға бөледі. Аңғардың түбінің биіктігі солтүстікте 700 м шамасында; оңтүстікке қарай ол 100-200 м-ге дейін аласарады. Оның төбелі бетінің үстінен ежелгі жанар таулардың салыстыралы биіктігі бірнеше жүз метрге баратын жеке конустары көтеріліп тұрады. Аңғар Чилидің халық ең көп қоныстанған ауданы, бұл жерде осы елдің астанасы Сантьяго орналасқан.

Орталық аңғар шығысынан Бас кордильердің биік тізбегімен шектелген. Оның қырқасын бойлап Чили мен Аргентинаның шекарасы өтеді. Анды бұл бөлігінде мезазойдың күшті қатпарланған шөгінді және жанартаулық жыныстарынан тұрады, сонымен бірге орасан зор биіктікке, әрі тұтас көтерілген. Бас жотаның үстінде Андының ең биік шыңдары – Аконкагуа (6950 м), Мерседарьо (6770 м), Тупунгато (6800 м), Майло (5323 м) сөнбеген жанар таулары көтеріліп тұрады. 4000 м-ден биіктікке тауларды қар мен мұз басып жатады, олардың беткейлері адам аяқ баса алмайтын тіп-тік деуге болады. Орталық аңғармен бірге бүкіл таулы өңірінде жер сілкіну және жанар таулық әрекеттер жүріп жатыр. Өте жиі және аса күшті жер сілкінулер Орта чилиде болып тұрады. Жер сілкінуден туған толқындар Тынық мұхитты кесіп өтіп, Жапонияның жағаларына орсан зор күшпен келіп соқты.

Чили Андысының теңіз жағалауы бөлігінде климат субторпиктік, жазы құрғақ, ал қысы ылғалды. Бұл климат таралған аудан 29° және 370 о.е. аралығындағы жағалауды, Орталық аңғарды және Бас Кордильердің батыс беткейлерінің баурайын қамтиды. Солтүстікте шөлейтке өту байқалады, ал оңтүстікке қарай жауын-шашынның көбеюі және жазғы құрғақ кезеңнің бірте-бірте жоғалуы қоңыржый ендіктердің мұхиттық климат жағдайына ауысуы байқалады. Жағалаудан алыстаған сайын климат Тынық мұхит жағаларына қарағанда өте континентті, құрғақ бола береді. Вальпарасоида ең салқын айдың орташа температурасы +110С, ал ең жылы айда +17,180С, температураның маусымдық ауытқулары онша емес. Орталық аңғарда олар едәуір сезіледі. Сантьягода ең суық айдың орташа температурасы +7 +80С, ал ең жылы айда +200С.

Оңтүстік бағытта жауын-шашынның жылдық мөлшері тез артады және олардың жаз бен қысқа бөлінудегі айырмашылықтар болмайды. Батыс Кордилердің батыс беткейлерінде жауын-шашын көбейеді, бірақ оның шығыс беткейінде қайтадан барынша азаяды.

Топырақ жамылғысы өте ала-құла. Ең көп таралғаны – құрғақ субтропиктік аудандарға тән кәдімгі қоңыр топырақ. Орталық аңғарда қара топырақ сияқты қоңыр түсті топырақ дамыған.

Табиғи өсімдік қатты жойылған, өйткені елдің көбіне ауыл шаруышылығымен айналысатын халқы түгелдей дерлік Чилидің орта бөлігінде тұрады. Сондықтан жыртуға жарамда жердің көпшілік жерін әр-түрлі дақылдардың егісі алып жатады. Табиғи өсімдігінде оңтүстік Европаның маквисін немесе Солтүстік Американың чаппаралы сияқты мәңгі жасыл бұта тоғайы басым.

Бұрын Андының беткейлерін 2000-2500 м биіктікке дейін орман алып жатқан. Орманның жоғарғы шекарасы, ылғалды батыс беткейлерге қарағанда шығыстың құрғақ беткейлерінде 200 м төмен жатады. Қазіргі кезде орман ағаштары кесілген, Анды мен Жағалық Кордильердің беткейлері жалаңаштанған. Ағаш өсімдігі негізінен қолдан отырғызылған көшет түрінде елді мекендерде және егіс бойында кездеседі. Сантьяго алабында аңғардың түбінен көтеріліп тұрған конусты жанар тауларда эвкалипт, қарағай мен араукария, платан, шамшат тоғайлардан, орман шілігінде – ашық гүл шашатын қазтамақ пен дрок тоғайын көруге болады. Бұл көшеттерде жергілікті флора Европадан әкелінген түрлерімен ұштасып жатады.

Андыда 2500 м-ден биіктікке тау шалғыны белдеуі жатыр, оның алабында аңғарларды бойлап аласа ормандар мен бұталардың жіңішке өңірлері кіреді. Тау шалғындарының өсімдік жамылғысы Ескі Дүниенің альпі шалғындарында кездесетін өсімдік туыстарының түрлері – сарғалдақ, тасжарғыш, саумылдық, бәйшешек т.б. тұрады. Кәдуілгі батпақ флорасы тараған шымтезекті батпақты жерлері кездеседі. Тау шалғындарын жазғы жайылым ретінде пайдаланады.

Мәдени өсімдік Европа мен Солтүстік Американың климатына сай келетін аймақтардың өсімдігіне ұқсаса келеді. Субтропиктік дақылдардың көпшілігі Оңтүстік Америкаға Европаның Жерорта теңізі өңірі елдерінен әкелінген. Олар жүзім шабығы, зәйтүн ағашы, цитрус және басқа жеміс ағаштары. Жыртылған жердің көбісін бидай едәуір аз жерін жүгері алып жатыр. Шаруалар тау беткейіндегі шағын алаптарда картоп, жеміс бұршақ, асбұршақ, жасымық, пияз, артишок және бұршаққанды бұрыш өсіріледі. Ең қолйлы алаптарда, жойылған ормандардың орнында қолдан отырғызылған ағаш көшеттері бар.

Патагония Андысы.

Қиыр оңтүстікте қоңыржай белдеу алабында Анды аласарған және бөлшектенген. Жағалық Кордильер 420 о.е. оңтүстікке қарай чили архипелагының мыңдаған таулы аралдарына айналып кетеді. Орта Чилидің ұзына бойғы аңғары оңтүстікке төмен түседі, ал одан кейін мұхит суының астына кетіп жоғалады. Оның жалғасы Чилч архипелагы аралдарын материктен бөліп тұратын шығанақтар мен бұғаздар жүйесі болып табылады. Бас Кордильерде мүлдем аласарады. Оңтүстік Чили алабында оның биіктігі 3000 м-ден шамалы ғана асады, ал қиыр оңтүстікте 2000 м-ге жетпейді. Жағалауға таудың батыс беткейін оқшаулаған бірқатар түбек алаптарына бөлщектейтін көптеген фьордтар кіріп тұрады. Фьордтар көбіне ірі мұздық көлдерге жалғасады, олардың қазан шұңқырлары аласа жотаны қиып өтіп, оның шығыс Аргентина жақ беткейіне шығады да, таудан асужы жеңілдетеді. Бүкіл Тынық мұхит маңы өңірі Скандинавия түбегінің Норвегия жағалауына ұқсаса келеді, бірақ Чили жағалауының фьердтары Норвегиядағыдай орасан зор емес.

Оңтүстік Андыда жер бедерінің мұздық формалары кең тараған. Онда фьордтар мен мұздық көлдерден басқа үлкен цирктерді, пішіні кәдуілгі астау тәріздес болып келетін аңғарларды, ілінбе аңғарларды, көбіне көлдерді бөгеп жататын мореналық қырқаларды т.б. кездестіруге болады. Ежелгі мұз басу формалары қазіргі зор мұз басумен және мұздық процестердің дамуымен ұласып жатады.

Оңтүстік Чилидің климаты ылғалды, жаз бен қыстың температурасының айырмашылығы шамалы, адамға өте қолайсыз. Аймаққа ұдайы күшті батыс желдері әсер етеді, осының әсерінен Андының беткейлерінде жауын-шашын орасан мол түседі. Оның орташа мөлшері – 2000 – 3000 мм бола тұра, батыс жағалаудың кейбір аудандарында жылына 6000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Батыс ауа ағындарынан бөгелген шығыс беткейде жауын-шашын мөлшері күрт азаяды. Тұрақты күшті желдер мен жылына 200 күннен аса жауатын жаңбыр, төмен бұлттылық, тұман және жыл бойф қоңыржай температура - аймақ климатының өзіне тән ерекшеліктері. Нақ жағалауда және аралдарда жағаға орасан зор толқындарды апарып соғатын тұрақты штормдар кәрін төгеді де тұрады.

Қысқы орташа температура +4 +70С болғанда, жазғы температура +150С аспайды, ал қиыр оңтүстікте +100С-ге дейін төмендейді. Андының шығыс беткейінде ғана жаз бен қыстың орташа температураларының арасындағы ауытқулар біршама артады. Тауларда үлкен биіктікте бүкіл жыл бойы температура төмен болады, шығыс беткейдің ең биік шыңдарында -300С-ге дейінгі аяз ұзақ тұрады. Климаттың осы ерекшеліктеріне байланысты тауларда қар жиегі өте төмен. Патогония Андысының солтүстігінде шамамен 1500 биіктікте, оңтүстікте – 1000 м-ден төменде жатады. Қазіргі мұз басу өте үлкен ауданды қамтиды, әсіресе 480 о.е. маңында мұз көп жерді басқан, онда 20 мың км2-ден астам территорияны қалың мұз жамылғыс алып жатыр. Бұны Патогония мұздық қалқаны деп атайды. Одан батысқа және шығысқа зор аңғарлық мұздықтар кетеді, олардың шегі қар жиегінен көп төмен жатады, кейде мұхиттың өзіне төніп барады. Шығыс беткейдің кейбір мұздық тілдері ірі көлдерге барып аяқталады.

Мұздықтар мен көлдер Тынық және ішінара Атлант мұхитына құятын көптеген өзендерді сумен толықтырады. Өзен аңғарлары жер бетін терең тілімденген. Олар кей жағдайда Андыны кесіп өтеді де, шығыс беткейден басталатын өзендер Тынық мұхитқа барып құяды. Иреңдеген, мол сулы және буырқанған өзен аңғараларында, әдетте, көл тәріздес кең жерлер мен тар шоңғалды алаптар кезектесіп келеді. Осыған байланысты олар кеме қатынасына пайдаланылмайды.

Патогония Андысының беткейлерін діңі биік ағаштар мен бұталардан тұратын ылғал сүйгіш субантарктикалық ормандар алып жатады. Олардың арасында мәңгі жасыл түрлер басым: 420С маңында араукария ормандарының алқабы бар, ал оңтүстікке таман аралас ормандар тараған. Жиі өсуі, түрлерге бай болу, көп қабаттылығы, лиана,мүк және қыналардың көп түрлілігіне байланысты олар төменгі ендіктердің ормандарына ұқсас келеді. Олардың астында қоңыр топырақ типі, оңтүстікте – күлгін топырақ дамыған. Тегіс алаптарда батпақтар көп.

Оңтүстік Анды ормандары флорасының басты өкілдері – мәңгі жасыл және жапырағы түсетін оңтүсік шамшаттың магнолияларының түрлері, қылқан жапырақы алып алерце және либоцедустар, бамбуктар және ағаш тәріздес папоротниктер. Көптеген өсімдіктер орманды,әсіресе көктем мен жаз мезгілдерінде түрлендіріп жіберетін әдемі хош иісті гүл жарады. Ағаштардың бұтақтары мен діңдері лианалармен шырмалған және мүк пен қына жапырақ төсенішімен қосылып топырақ бетін жауып жатады.

Тауға көтерілген сайын орман сирейді де, оның түр құрамы тапшы болады. Қиыр оңтүстікте ормандар бірте-бірте тундра типіндегі өсімдікпен алмасады.

Таулардың Патогония үстіртіне қарған шығыс беткейінде батысқа қарағанда жауын-шашын анағұрлым аз түседі.

Онда орман Тынық мұхит жағалауынан гөрі сирек және түр құрамы жағынаан апнғұрлым тапшы. Бұл ормандардағы басты орман құраушы тұқым- шамшат, оған кейбір қылқан жапырақтылар араласады. Таулардың етегінде ормандар Патагония үстіртінің құрғақ далалары мен бұталы тоғайларға өтеді.

Оңтүстік Анды ормандарына жоғарғы сортты ағаш сүрегінің орасан зор қоры бар. Бірақ олар қазіргі кезге дейін біркелкі пайдаланылмай келеді. Көбіне Араукария ормандары кесілген. Оңтүстікке баруға қиынырақ аудандарында қазіргі кезге дейін адам қолы тимеген орман алқаптары бар

 

 

Австралия материгі табиғатының қалыптасу кезеңдері, климат түзуші факторлары, ауа массаларының маусымдық циркуляциясы. Физикалық географиялық аудандастыру.

 

Австралия –Жер бетіндегі ең кіші құрлық. Ол іргелес аралдарымен қоса түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Басқалардан кейін ашылып, қонысталынған бұл құрлықтың аты латынның australіs- оңтүстік деген сөзден шыққан.

Оңтүстік тропик Австралияны одан солтүстікте құрлықтың шағын, оңтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Құрлықтың шеткі бөліктері: солтүстікте- Йорк мүйісі (10041'о.е.), оңтүстікте – Оңтүстік – Шығыс мүйісі (39011' о.е.), батыста – Стип - Пойнт мүйісі (113005'ш.б.), шығыста –Байрон мүйісі (153034' ш.б.). Австралия солтүстіктен оңтүстікке 3200 км-ге, батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатыр, ауданы –7631,5 мың км2.

Солтүстікте Австралия жағасында Мелвилл, Батерст, Грут-Айленд және басқа ұсақ аралдар, оңтүстікте - құрлықтық қайраңның шегінде жатқан Тасмания, Кинг, Флиндерс және Кенгуру аралдары жатыр. Батыстағы ең ірі арал –Дерк - Хартог, шығыста - Фрейзер.

Австралия Тынық және Үнді мұхиттараның суымен ұласып жатыр. Ол ешбір құрлықпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Австралияны, сондай - ақ оның көлемінің шағын екендігін еске ала отырып, кейде, құрлықтық арал деп те атайды.

Қаңтарда, Австралия неғұрлым күшті ысып, Азия салқындаған кезде ауа ағысының бөліну реті өзгереді. Австралиядағы төменгі қысым аймағына тек оңтүстік жарты шардан ғана емес сондай-ақ содтүстік жарты шардан да ауа келеді. Солтүстік жарты шар пассаты жердің ауналу әсерінен ауытқуға ұшырайды және экваторға таяу жерде меридиан бағытына жақындайды. Экватордан өткеннен кейін солтүстік батысқа қарай бағыт алып Австралияның солтүстік бөлігі мен оңтүстік жарты шар аралдарына ылғалды экваторлық муссон түрінде өтеді. Оңтүстік жарты шар пассаты бар минимумы бойынша ең төмен өлшемнің ықпал етуіне қарай Австралия үстінде айрықша күшті әсер етеді, әрі Тынық мұхиттың батыс бөлігі мен Австралияның шығыс жағалауларында тура шығысқа қарайғы дерлік бағыт алады, бұл жерлерде мол ылғал қалдырады. Шығыс Австралия тауларынан асып, ол біршама құрғақ ауа тасқынына айналады.

Сөйтіп, Австралия материгінің шеткі бөліктері мен аралдарында қаңтарда көп мөлшерде жауын-шашын түседі. Бұл кезде солтүстік жарты шарда жауын-шашын мөлшері күрт азаяды.

Австралияның оңтүстік батысы мен оңтүстігі қаңтарда Оңтүстік Үнді максимумының шеткі шығыс аймағының және жауын-шашын бермейтін оңтүстік желдердің ықпалына ұшырайды.

Тасмания мен Жаңа Зеландияның оңтүстігінде қыстағыдай ауа массасының батысқа ауысуы басым болып жаңбыр жауады.

Аралдардың температуралық жағдайлары тіпті экватордан едәуір қашықтықта жыл бойына бірқалыпты болады. Бірақ Австралия әсіресе оның ішкі бөліктері үшін температураның жылдық, тәуліктік едәуір ауытқуы тән.

Автралия мен көрші аралдар мынадай климаттық белдеулерге енеді.

Шегінде ұсақ аралдар мен Жаңа Гвинея солтүстік бөлігі жатқан экваторлық белдеуде ылғалды экваторлық ауа массасы үнемі басым болады және ауа ағыны өрлей түседіү бұл жауын-шашынның оның жылдық қосындысының бірқалыпты таралуының және ылғалданудың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді. Температура жыл бойына өзгермейді дерлік. Теңіз деңгейінен шамалы биіктіктегі орташа айлық температура +24 пен +28ᵒС арасында ауытқиды. Биіктеген сайын температура төмендейді, алайда оның барысы бірқалыпты болып қалады. Субэкваторлық белдеудің шегіне Австралияның солтүстігіне Жаңа Гвинеяның оңтүстігі мен көрші ұсақ аралдар кіреді. Климаты маусымдылығының айқын білінуімен әсіресе материкте айқын білінуімен сипатталады. Жауын-шашын жазда көп мөлшерде жауады. Қысқы кезең құрғақ келеді. Алайда аралдарда ол пассатқа қатысты алғанда ық жақтағы тау баурайларында ғана айқын байқалады. Алайда таудың жел жақ баурайларында жауын-шашын қыста да жауады. Әиткенмен жазбен салыстырғанда едәір азаяды. Жылдық жауын-шашын мөлшері бұған рельефі қолайлы ыөпал жасайтын аудандарда өте көп. Материкте температураның ауытқу амплитудасы едәуір, алайда ең салқын айдың температурасы 20ᵒС-ден төмен болған емес. Аралдардағы температуралық айырмашылық экваторлық белдеудегі сияқты соншалықты аз.

Австралиядағы тропикалық белдеу аридтік жағдайлардың басым болып келетіндігімен сипатталады. Тропиктік белдеудің шығыс бөлігі яғни солтүстігі мен оңтүстік шығысынан басқа жағалаулары мен шығыс Австралия таулары бүкіл жыл бойына оңтүстік Тынық мұхит максимумы мен пассаттық айналымының батыс аймағының ықпалына ұшырайды және бірқалыпты ылғал климаты келеді. Австралияның шығысында жауын-шашын бүкіл жыл бойына мол жауады. Құрғақ кезең болмайды, бірақ жауын-шашын қысқа қарағанда едәуір көп жауады. Бұл жауын-шашын әкелетін оңтүстік шығыс пассаты әркетінің қысқа қарағанда едәуір интенсивті келуімен түсіндіріледі. Температураның ауытқу амплитудасы австралияның солтүстігіне қарағанда анағұрлым көп. Климатқа сондай-ақ таулы рельефтердің де әсері бар.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.)