АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 10 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Аляска (оңтүстік жағалауын қоспағанда), Гудзон шығанағы мен Лабрадор түбегінің солтүстігі субарктикалық климаттық белдеуде орналасқан. Осы белдеудің Тынық және Атлант мұхиттық жағалауында климат мұхитты, ал орталығы континентті болып келеді. Айырмашылықтары: континентті климаттың қысы қатал (қаңтардың орташа температурасы –360С), ал мұхитқа жақын аймақтарда қаңтардың орташа температурасы –20, -160С-қа тең. Шілде айының орташа температурасы +5 градустан +10 градусқа дейін өзгереді. Жауын-шашын мөлшері көп емес, қар қабатының қалыңдығы нашар. Мәңгі тоңдар дамиды.

Құрлықтың көп бөлігі қоңыржай климаттық белдеуде ораласқан. Батысында Колумбия өзені бастауынан солтүстікте, ал шығысында 400 солтүстік ендікте жатыр. Белдеу шекарасындағы климаттық айырмашылықтар елеулі.

Қоңыржай белдеудің батысында, Еуропадағыдай, климат мұхитты. Оның ерекшелігі – бүкіл жыл ішінде жағалауға қыста жылы ауа жеткізетін батыс циклондарының, яғни тынық мұхиттық ауа массасының басым болуы. Осы жоғарыдағы себептерге байланысты Аляска мен Канада жағалауының қысқы температурасы Ұлыбритания мен Скандинавияның батыс жағалауымен салыстырғанда төмен. Ең суық айының температурасы 00С-ге жуық. Сонымен қатар, тау беткейлерінің теңіз жағалауының жазы салқын, жауын көп. Жылдық жауын-шашын мөлшері, Еуропаның батыс жағалауына қарағанда көп, 3000-4000 мм-ге жетеді. Ылғал біртекті тараған, бірақ кей бөліктерінде өте көп.

Құрлықтың орталық, Кордильер тау алдында, қоңыржай белеуде орналасқан аймағының климаты құрлықтық, атмосфераның антициклонды жағдайы басым, құрғақ, қыс мезгілі тұрақты. Арктикалық ауа массалары қалыптасқанда циклондардың шеткі бөліктерінде қар жауып, боран соғады. Сондықтан, қар жамылғысының қалыңдығы, әсіресе Канаданың шығысында қалың. Жаз айларының орташа температурасы +200С-тан аспайды. Бірақ Мексика шығанағынан тропиктік ауаның ығысуынан температура күрт +450 С-қа дейін көтеріліп, құрғақ және ыстық болады. Ауа айырбасының меридиан бойынша алмасуынан температура күрт ауытқымалы болады. Жауын-шашынның көп мөлшері жаз айларында түседі. Ылғал жеткілікті, ал оңтүстік-шығысында тұрақсыз.

Кордильердің ішкі аудандарына батыс ағын әсер етеді, құрлықтық климаттан мұхиттық климатқа өтпелі климат қалыптасады. Мұнда температура амплитудасы жоғары емес, ылғал жеткілікті.

Шығысы Азияның қоңыржай муссонды климатына ұқсас, бірақ айырмашылығы бар. Қыс айларында –8, -100С температура басым, ал аймақтың солтүстігінде –200С-тан төмен. Жауын-шашын мөлшері жаз айларына қарағанда аз, бірақ циклондық әсерге байланысты қар жаууы ықтимал. Лабрадор ағысының әсерінен жазғы тмепратура +200С-тан аспайды. Суық ағыстың әсерінен жазда теңіз жағалауында қалың және ұзаққа созылатын тұмандар пайда болады.

Флорида түбегінің шығысынан Калифорния түбегінің батысына дейінгі алқапты субтропиктік климат белдеуі алып жатыр.

Субтропиктік ендіктегі Тынық мұхитының батыс жағалауы, Кордильер тау аралық ойпаттары мен қазаншұңқырларының климаты қысы ылғалды, жазы құрғақ субтропиктік климатқа жатады. Жаз айларында Тынық мұхиттық максимумның шығыс шетінің әсерінен тұрақты құрғақ және ашық ауа райы қалыптасады. Бірақ осы климат пен Еуразияның климаттық облыстарын салыстырғанда Солтүстік Американың климатының суық Калифорния ағысының әсерінен суық екені белгілі болды. Солтүстік Американың, қыс мезгілінде, субтропиктік белдеуі қоңыржай ендіктің циклондарының әсерінде болады. Сондықтан нөсерлі жауын жауады.

Миссисипи ойпатының, Орталық және Жағалық жазықтарының басым аймағы ылғал біркелкі тараған субтропиктік климатта орналасқан. Жаз айларында мұнда Мексика шығанағынан ылғал алып келетін тропиктік ауа массалары қалыптасады. Ең ыстық айдың орташа температурасы +25, +300С-қа көтеріледі. АҚШ-тың осы аймағында қыста континентті ауа басым. Қыс айларының орташа температурасы 00С, ал оңтүстігінде +160С. Дегенмен, солтүстіктен суық ауа массаларының енуіне байланысты ауа райы суытады. Сондықтан, бұл аймақтарда қыс айларында температура –100С-қа және одан да төмендейді. Жаздағы циклондарды торнадо деп атайды.

Ортаңғы қыраттар мен Кордильер тауында жазы ыстық, құрғақ, ал қысы салыстырмалы салқын, ылғалы жеткіліксіз субтропиктік белдеудің ауа райы дамиды. Клитатына қарай олар Алдыңғы Азияның ішкі, таулы аудандарының климатына ұқсас.

Осы белдеудің оңтүстік-шығысы мен Флориданың солтүстігіне субтропиктік муссонды циркуляция тән. Жазда бұл жерге тропиктік теңіз ауасы әсер етіп, жауын-шашын мол түседі, қыста Солтүстік Америка максимумының шетінен ығысқан салыстырмалы суық континентті ауа массасы дамиды. Сондықтан Солтүстік Американың солтүстік-шығысында қыс құрғақ және суыұ. Арктикалық суық ауаның құрлықтың ішкі оңтүстігіне кіруінен ау температурасы күрт төмендейді, қар жауады.

Орталық Американың қиыр оңтүстігін қоспағанда, Солтүстік Американың 30-280 солтүстік ендігінің оңтүстігінде тропиктік белдеу оналасқан. Бұл жердің климаттық жағдайы Тынық және Атлант максимумдарының әсерімен анықталады. Батысында Тынық мұхиттық максимумның шығыс шекарасының, оның пассаттық инверсиясының әсері тиеді. Осыған байланысты Мексиканың солтүстік-батыс тропиктік белдеуінде, Колифорния түбегін қоса есептегенде, климта құрғақ. Бүкіл жыл бойы солтүстіктен суық ауаның енуінен жауын-шашын түспейді, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75-80 пайыз. Мұхитқа жақын болғандықтан температура амплитудасы мардымсыз.

Тропиктік белдеудің шығыс бөлігінің климаты басқаша. Тынық және алант мұхиттық ауа массаларының арасындағы пассат фронты жаз айларында Орталық Америка арқылы өтеді. Осыған байланысты көп жауын түседі. Қыс мезгілінде пассат фронты шығысқа ығысады, аймақ тынық мұхиты ауасының ықпалында болады, жауын жаумайды.

Солтүстік Американфың ең қиыр оңтүсітігі субэкваторлық белдеудің әсерінде болады. Жазда мұнда Тынық мұхит жағалауынан көп ылғал әкелетін экваторлық муссон қалыптасады. Кариб теңізі жағалауына қараған тау беткейлерінде жауынның мол түсуі қысқы солтүстік-шығыс пассатпен байланысты. Қыс мезгілінде Кариб теңізінің жыл және ылғалды желдері температураны көтереді, жыл мезгілдері арасындағы температуралық айырмашылық байқалмайды.

Жылдық жер беті су ағынының көлемі бойынша (6000 км3) Солтүстік Америка құрлығы Австралия, Антарктида және Африканың алдында тұр. Су ағынының мөлшері бойынша ол тек Оңтүстік Америка құрлығын алдыға салады.

Су балансының барлық көрсеткіштері бойынша Солтүстік Америкаға тән ерекшелік кірістің шығыннан көп болуы және су ресурстарының байлығы бойынша құрлық Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейін үшінші орынға ие болады. Бірақ жағалауының тілімденуі бірдей емес. Су ағынының ең көп шамасы (1500 мм-ден астам) Кордильердің солтүстік-батысына, Кордильер мен Аппалач тауларының басым аймағында 400-600 мм; шығысында 200-400 мм болса, құрлықтың оңтүстік-батысында бұл көрсеткіш 50 мм-ге төмендейді.

Солтүстік Америка өзендерінің бір бөлігі Атлант мұхитына, аз бөлігі Тынық және Солтүстік Мұзды мұхитына құяды. Атлант және Солтүстік Мұзды мұхит арасындағы су айрық құрлық рельефінің шығысында әлсіз білінеді. Кордильер тауларында Тынық және Атлант мұхиттары арасындағы су айрық тау қыраттарының шығысымен өтеді.

Құрлықтың солтүстік бөлігіндегі аймақ жақында ғана мұздықтардан босағандықтан гидрографиялық жүйе жас және өте көп; көлдер мен өзендер көп; Солтүстік Американың оңтүстігіндегі көне өзен жүйелері жақсы дамыған, ал көлдердің саны салыстырмалы аз.

Солтүстік Американың өзендері энергетикалық ресурстарға бай және халық шаруашылығында жақсы игерілген. Көптеген өзендер мен көлдердің транспорттық маңызы зор. Табиғи су артерияларын жасанды каналдар толықтырады. Олар бірімен –бірі ірі су жүйелерін байланыстырып жатыр.

Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың және орталық аудандардың өзендері жауын суымен қоректенеді. Бірақ, жылдық жауын-шашын мөлшері мен ылғал режимі әртүрлі бөліктерде әрқалай, сондықтан жауын суымен қоректенетін өзендердің режимі әрқалай.

Құрлықтың оңтүстік-шығысында жаз айларында жауын мол, қыс айларында да ылғалдың жетіспеушілігі байқалмайды. Аппалач тауларынан ағатын өзендер қысқа, суы мол және ағыны қатты. Тау беткейлерінің тік кертпештерін басып өтетін өзендерде су сарқырамалары пайда болады. Оңтүстік-шығыс жағалаудың өзендері Атлант мұхит маңында ірі эстуарийлер құрғанымен теңіз кемелері үшін қолайлы. Олардың ірілері – Гудзон, Делавэр, Саскуэханна мен Потомак. Миссисипидің сол жағалауының салалары жылдың көп бөлігінде сулы, жақсы энергия көзі болып табылады. Олардың ең ірісі – Огайо өзені мен оның саласы Теннесси.

Құрлықтың орталығында ірі және күрделі өзен жүйелері орналасқан. Биік таулы Кордильер тау сілемі мен кең жазықтардың қалыптасу ерекшеліктерінен дүние жүзіндегі ең ірі өзен жүйесі Миссисипи қалыптасты. Миссисипидің оң жағалауының салалары: Йеллоустонмен, Платпен, Канзаспен қоса Миссури, Арканзас, Ред-Ривер; сонымен қатар, Мексика шығанағына құятын кейбір өзендер мысалы, Рио-Гранде. Бастауы таулы өңірлерден басталатындықтан, яғни осы аймақтардың рельефі мен жауын-шашынына бағынышты болғандықтан режимі тұрақсыз. Олардың қоректенуінде негізгі орынды жауын – шашын сулары, сонымен қатар, Скалистый тауларына жиналатын қар жамылғысы алады. Жаз бен көктем айларында, таулардағы нөсерлі жаңбырға және қардың еруіне байланысты өзен суының деңгейі көтеріледі. Жылдың басқа мезгілдерінде олардың сулары тартылады және азаяды. Су тасқыны кезінде сумен аққан кесек шөгінділер өзен арнасынан судың ағуына кедергі жасайды. Осыған байланысты өзендер жазықтарда адасып жүреді, кей жерлерінде тіпті жоғалып, өз үйінділеріне сіңіп кетеді. Орталық жазықтың көптеген өзендері суармалы егістікте пайдаланылады.

Мексиканың оңтүстік-батысы мен солтүстігі құрғақ климатта орналасқан. Кейбір ірі таулардағы мұздықтардың еруінен қоректенетін өзендер болмаса тұрақты су ағыны жоқ. Бұл өңірлерде таулардан бастау алатын қысқа су көздері басым, кейіннен олар қазаншұңқырлардың кесек тасты шөгінділерінде жоғалып кетеді. Сонымен бірге, Үлкен Бассейн көлдеріне құятын әлсін-әлсін пайда болатын өзендермен қатар арнасы құрғақ, нөсерлі жаңбырдан кейін бірнеше сағатқа ғана пайда болатын өзендер кездеседі.

Солтүстік Американың аз кеңістікті алып жатқан тынық мұхиттық жағалауындағы су көздеріне қысқы максимум тән. Ол осы аймақтардағы қыста түсетін жаңбырмен байланысты.

Орталық Америка мен осы маңдағы аралдарда пассаттың әсерінен жауын көп, өзендерінің де суы мол. Кордильердің Атлант жағалауындағы өзендерінің ағысы қатты. Тынық мұхиттық жағалаудағы өзендердің суы аз, қыста олар тартылып қалады, ал экваторлы-муссонды жауында деңгейі көтеріледі.

Құрлықтың көп бөлігі (АҚШ-тың солтүстігі, Канада мен Аляска) өзен мен көлдердің қоректенуінде қар мен мұздықтар негізгі рөл атқаратын облысқа жатады. Жаңбыр сулары жанамалы рөл атқарады. Осы өңірде өзен суларының режимін реттеп отыратын – көлдер. Өзен суы қыста қатып қалады, ал көктемде қар суының еруінен арнасынан шығады. Қыс айларында өзен суы деңгейлерінің күрт төмен түсуі байқалмайды, өйткені булану нашар; кейде аз уақыттық нөсерлі жаңбырдан соң су деңгейі көтерілуі мүмкін. Аймақтың өзендері жас, жақында ғана пайда болған, сондықтан арналары толығымен жетіліп біткен жоқ, энергетикалық маңызы зор.

Құрлықтың батысы мен солтүсттігінің көп өзендері бастауын мұз бен қармен қоректенетін биік Кордильер тауларынан алатындықтан нағыз Альпілік режимімен сипатталады. Су шығыны күрт ауытқымалы және суы жазда тасиды. Бұл типтің ірі өзендері – Колумбия, Фрейзер т.б. Канаданың батыс жағалауына ағынның ең жоғарғы көрсеткіші тән – 1500 мм-ден астам.

Солтүстік Американың оңтүстік мұздықтары Жанартаулық Мексика қыратының шыңдарында кездеседі (5000 метр биіктіктен жоғары). Солтүстікке қарай шығу тегі карлы мұздықтардың ауданы жаз айларында азаяды, бірақ Сьерра-Невада тауларының 3500 метрден биік шыңдарында қайтадан пайда боллады.

Кордильердің батыс жағалауының солтүстігінде қар сызығы төмендейді, ал Каскад тауларында үлкен ауданды Альпі типтес мұздықтар дамиды. Береоговой қыраты мен Каскадный тауларында қар сызықтары шамамен 1500-200 метр биіктікте орналасқан. 580 солтүстік ендіктен бастап жаздық жауын-шашынның көбеюімен және температураның көтерілуіне байланысты 500 метрге дейін төмендейді. Кордильердің солтүстік жағалауына қалың Скандинавия типі мұздықтары мен тау етегі мұздықтары, немесе оларды Аляска типі мұздықтары деп атайтын мұздықтар тән. Басқаша соңғысын Маляспин мұздығы деп те атайды (Аляскадағы ең ірі мұздықтың атауы). Өзен аңғарлары арқылы ірі мұздықтар тау етектеріне жиналады да ауданы мыңдаған км-ге жететін мұздық құрайды.

Солтүстік Американың солтүстік-батыс жағалауындағы ірі мұздықтардың шеті теңізге дейін түседі де айсьбергтер пайда болады.

Кордильердің шығысында батысымен салыстырғанда жауын аз түсетіндіктен мұздықтардың пайда болуы солтүстікке жылжыған. Бірақ солтүстікте биіктікке байланысты көлемі үлкен Альпі және қарлы мұздықтар түзіледі. Скалистый тауларында алғашқы ірі мұздықтар 400с.е., мұзданудың ірі орталығы АҚШ-тың солтүстік шекарасында пайда болады. Мұнда кіші кеңістікте әртүрлі типтегі 60-қа жуық мұздық шоғырланған.

Ірі мұздықтар оңтүстік Канаданың Скалистый тауында жиналған. Бірақ мемлекеттің солтүстігі мен Алясканың орталық аудандарында ылғалдың аздыңғы мен аласа тау қыраттарының басым кездесуіне қарай мұздыыықтардың ауданы аз.

Қазіргі мұздықтардың таралу орталықтары: Гренландия, Элсмир, Девон, Баффинов Жері.

Көлдер құрлықтың солтүстігіндегі Канада кристалды қалқанында көп дамыған. Канада қалқанының шетінде тараған ірі көл алаптары тектоникалық қазаншұңқырларда пайда болып, кейіннен мұздықтардың әсерінен тереңдей түскен. Олар Үлкен Медвежье, Үлкен Невольничье, Атабаска, Виннипег, Виннипегосис, Лесное, Нипигон және солтүстік америкалық Ұлы көлдер. Лаврентий қыратында шығу тегі бойынша Финляндия мен Швецияның көлдеріне ұқсас көлдер көп тараған.

Кордильер тауларында шығу тегі таулы мұздықтардан және жанартаудың әсерінен пайда болған көлдер көп кезедеседі.

Кордильердің ішкі орталық қыраттарында суының деңгейі жиі өзгеріп тұратын таяз, тұзды көлдер көп. Олардың көбі қалдықты, біртіндеп жоғалып бара жатқан алаптар, яғни бұрынғы мұздықтардан кейін климатының ылғалды болғанының айғағы. Олар: Үлкен Тұзды көл, Юта т.б.

Орталық Америкады шығу тегі тектоникалық көлдер басым. Олардың ірісі – Никарагуа мен Манагуа.

Солтүстік Американың ең маңызды және ірі су артериясы – Миссисипи. Өзеннің негізгі саласы Миссуримен Миссисипидің ұзыңдығы – 6420 км. Негізгі өзен ұзындығы бойынша өзеннің ірі саласы Миссуриден қысқа: Миссисипиге құйғанға дейінгі Миссуридің ұзындығы 4740 км-ге тең, ал Миссисипидің ұзындығы – 3950 км. Миссисипидің су жинау алабының ауданы 3238 мың км2, суының орташа шығыны Миссури құймаған жоғарғы жағында тәулігіне 1900 м3, ал сағасында тәулігіне 19000 м3. Өзен алабыгның үлкендігінен Миссисипидің режимі өте күрделі.

Миссисипи Жоғарғы көлдің оңтүстігіндегі қыраттың мұздықты көлдері мен батпақтарынан бастау алады. Өзеннің бастауы Жайық өзенінің бастауына ұқсас. Миссисипидің ең ірі саласы Миссури. Ұзындығына қарамастан, жоғарғы Миссисипимен салыстырғанда суы аз және режимі тұрақсыз. Миссисипи суы мен жаңбыр мол түсетін ауданнан бастау алатындықтан шығыны біркелкі, бірақ қыста аз мерзімге болса қатып қалады. Сондықтан Миссисипидің жоғарғы бөлігінің, оның басқа бөліктерінің қоректенуінде, Миссуримен салыстырғанда көп. Соңғысы соңғы онжылдықта орман ағаштары жойылған Скалистый тауларынан бастау алады. Сондықтан су деңгейі құбылмалы және ағыны тұрақсыз. Орташа шығыны тәулігіне 2600 м3, максимальды шамасы тәулігіне 19000 м3, минималды мөлшері - тәулігіне 150 м3. Таулардағы нөсерлі жаңбырдан кейін Миссури жазыққа лайлы су ағызып әкеледі. Миссури қыста жоғарғы ағысында қатып қалады. Көктемгі су тасуында апатты құбылыстар пайда болады.

Миссисипидің ең ірі сол жағалауының саласы – Огайо, ұзындығы 1580 км. Бұл суы мол өзен. Орташа шығыны тәулігіне 8000 м3. Сондықтан Миссисипиді қоректендірудегі маңызы ерекше. Әсіресе, Огайоның суы жазғы муссонды жауын-шашыннан соң қатты көтеріледі, су тасқыны жиі қайталанып отырады. Миссисипиге Огайо саласы құйған өңірден бастап оның режимі төменгі ағысына дейін өзгермейді.

Су шығыны ең көп мөлшеріне көктемде, яғни су алабының жоғары бөлігінде мұздықтар мен қар жамылғысы ерігенде жетеді. Жаз айларында, біріншіден, Огайо саласының суының молдығына, екіншіден, таулардағы жаңбырға байланысты Миссисипидің деңгейі көтеріледі. Төменгі ағысындағы су тасқынынан өзен аңғары бірнеше тармақтарға бөлініп кетеді. Сондықтан су тасқынын бәсеңдету үшін жасанды бөгеттер салынған. Нөсерлі жауын жауғанда су ағыны бөгетті бұзып мыңдаған гектар егіндік жерді су басып кетеді.

Миссисипидің төменгі ағысында өте ірі аллювийлі ойпат пайда болған. Өзен атырауы үнемі өсу бағытында болғандықтан өзен алты тармаққа бөлініп кетеді. Өзен атырауының өсуі аккумуляция мен жағалаудың төмен түсуінен пайда болған. Сондықтан өзен атырауының кейбір бөлігі төмен түсіп, қалыңдығы жүздеген метрге жететін үйінділер пайда болады. Біртіндеп Мексика шығанағы жағалауына өсіп отырған атыраудың көлемі жылына 100 метрге жетеді.

Миссисипи өзен жүйелерінің халық шаруашылығында маңызы зор. Бүкіл өзен алабында 20 мыңға жуық кеме қатынау орталықтары орналасқан. Миссисипи кеме жүзетін Ұлы көлдермен каналдар арқылы байланысады; Мичиган көлімен Иллинойс өзені арқылы; Эри көлімен Огайо арқылы. Миссисипидің және оның салаларының суын алаптың оңтүстігінде суармалы егістікте пайдаланады. Миссисипи мен оның салаларында су қоры мол болғандықтан көптеген ірі су электр станциялары салынған.

Солтүстік Американың су жүйелерінің маңызды бірлігі – Ұлы көлдер мен Әулие Лаврентий өзені. Оның құрамына ірі Жоғарғы, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио көлдерімен қатар көптеген кіші көлдер кіреді. Олардың барлығы бір-бірімен қосылып, дүние жүзінде ең ірі суы тұщы ауданы 245 мың км2, су мөлшері 22,7 мың км2 су алабын құрайды. Жоғарғы көлі ауданы бойынша (82,4 мың км2) Жер бетіндегі кез-келген тұщы көлдің ауданынан асып кетеді. Максималды тереңдігі 393 метр. Жоғарғы көлдің құрамындағы Эри көлінен басқа көлдердің бәрінің түбі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Көлдер жүйесі Жоғарғы көлден бастап баспалдақ арқылы қысқа, бірақ ені үлкен Гурон көлімен байланысады. Келесі, төменгі деңгейде Мичиган және Гурон көлдері орналасқан. Үшінші деңгейді Эри көлі құрайды. Гурон мен Эри көлдерінің аралығынан Сент-Клэр көліне құятын Сент-Клэр өзені ағып жатыр. Осы көлден Детройт өзені ағып шығады. Онтарио көлі ең төменгі деңгейде орналасқан. Осы көл мен Эри көлінің деңгейіндегі айырма 100 метр. Олар бір-бірмен Ниагара өзені арқылы байланысады. Өзен силур жасындағы куэсті кертпештен шыққан жерінде биіктігі 500 метрлік Ниагара сарқырамасын құрайды. Осы аймақта Эри каналы салынған.

Көлдер Атлант мұхитына Әулие Лаврентий өзені арқылы осы аттас шығанаққа құяды. Оның үзындығы эстуариймен қоса есептегенде 3130 км. Эстуарийдің ұзындығы 400 км, ені 50 км. Судың орташа шығыны секундына 14 000 м3. Өзеннің кеме жүзуге және табалдырықты, ағыны қатты жерлерін айналып өтіп оның жоғарғы ағысында каналдар салынған. Өзеннің қоректенуінде көлдер маңызды рөл атқаратындықтан оның режимі жыл ішінде аз өзгереді. Желтоқсанның ортасынан сәуірдің ортасына дейін суы қатып қалады. Сол сияқты көлдерді байланыстыратын өзендер де, көл жағалауының да суы қатып қалады. Сөйтіп кеме жүру мерзімі жылына 140 күнге дейін тоқтайды. Жылдың басқа мерзімінде өзендер мен көлдерде кеме жүзуге болады. Қасиетті Лаврентий өзенінің төменгі ағысында кеме жүзу тек көктемде, яғни мұздықтар ерігенде ғана тоқтайды. Құрлықтың Атлант мұхитына дейінгі кеме жүзу жолының ұзындығы 3 мың км.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.)