АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 22 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Бұдан бұрынырақта, Ла-Плата жазығы және Бразилия жотасының жағалаулары игерілген болатын. Ал бұдан ертерек, яғни Еуропа отарлануынан бұрын төмендегі аудандар игерілген, олар: Анд, Боливия, Перу және басқа мелекеттер. Ежелгі Үнді өркениеті дамыған жерлерде, яғни шөлді үстірт және теңіз деңгейінен 3-4,5 мың метр биіктіктегі тау беткейлеріне де ұзақ ғасырға созылған адамзат тіршілігі өз әсерін тигізбей қоймады.

Амазонияның табиғаты оның рельефінің жазық, континентті режимде ұзақ уақыт дамуымен және экватор маңында орналасуымен ерекшеленеді. Жер бетінде экваторлық климат пен ылғалды тропиктік ормандарының үлесіне аймақтың жартысынан астамы сәйкес келетін суы мол өзен жүйесі осында орналасқан.

Амазонияның шекарасы Бразилия, Гвиан таулы үстірті және Анд тауының шығыс бөктерлерінде айқын білінеді. Оның басым көлемін аллювийлі жазық алып жатыр. Бұл жердің табиғаты алуан түрлі. Мысалы, жаңбыр бұл жақта өте күшті және нөсерлеп, түстен кейін жауса, ал кешке және түнде ауа-райы ашық болады. Бұл табиғат ерекшелігі ылғалды тропик орманының дамуына, өсімдік жамылғысының алуан түрлі болуына септігін тигізеді. Амазонияның ылғалды тропиктік орманы-өсімдік түрінің көптігімен (4000-ға жуық ағаш түрі бар) және олардың қалың, нулы болуымен таң қалдырады. Бұл жер бетіндегі ең бай өсімдік жамылғысы тек қана азық-түлік, техникалық, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдары емес, сонымен қатар жер шарының атмосфера қабатында да үлкен рөл атқарады. Ормандардың сыртқы сұлбасы мен құрамы өзендердің орналасуына байланысты. Соның ішінде Амазонка өзенінің және оның салаларының маңызы зор. Амазонияда орманның бірнеше түрі қалыптасқан. Олар; 1. Жергілікті тұрғындар “игапо” деп атайтын, бірнеше ай су астында болатын ормандар. 2. “Варзея” деп атайтын аз уақыт қана су астында болатын ормандар. 3. “Эте” деп аталатын, су бөлінген жерде орналасқан ормандар болып бөлінеді. Бұдан да басқа Амазонка мен басқа өзендерде орналасқан өсімдік жамылғысы алуан түрлі болып келетін ормандар көптеп кездеседі.

Кейбір су көздері ұзақ уақыт тыныш немесе баяу ағады. Оның тыныш қайнаулары мен тармақтарында жапырағының диаметрі 2м-ге дейін жететін, су бетінде өсетін виктория-регияөсімдігі кездеседі. Олар 50 кг-ға дейінгі салмақты көтере алады. Бұл өсімдіктің хош иісті үлкен гүлдері өзінің ақ түсін өсе келе қоңыр түске өзгертеді және олардың ұрықтары жеуге жарамды болады.

Су басу ұзақ уақытқа созылмайтын немесе әлсін-әлсін ғана су басу қайталанып отыратын ойпаттардың өсімдіктері біршама бай. Осындай ойпаттардың топырақтары латеритті–глейлі топыраққаа жаатады. Бұл топырақтарда 4-5 қабатты ярус құрайтын орман ағаштары өседі. Фикус пен молочай қауымдастығына жататын өсімдіктер тән, олардан тропиктік елдерде бағалы деп саналатын, бағалы каучук алынатын–гевея. Орман алқаптарының төменгі ярусында шоколадты ағаш өседі. Варзеяда лианалар, эпифиттер мен әдемі орхидеялар көп кездеседі.

Амазонияның су айрықтық ормандары түрлік алуандығымен ерекше көзге түседі. Ағаштардың діңгегінде әдемі гүлдейтін орхидейлер көп. Жалпы айтқанда, Амазонияның өсімдігі өте бай. Оның тегіс жер бетін суы мол өзендердің қалың торы тілімдеп, мәңгі жасыл, ну ормандар жапқан. Өте бағалы ағаштар биік жерлерде өседі. Осы ормандарда каучук ағашының шырыны, балауыз, жаңғақ жиналады, хош иісті және дәрі-дәрмек өсімдіктері дайындалады.

Амазонияның жануарлар әлемі жалпы алғанда бай болғаныменен, тропиктік ормандары ірі жануарлармен көзге түспейді. Олардың көп бөлігі орман шетінде және өзен жағалауларында кездеседі. Әсіресе Амазонка өзені мен оның салалары жануарға бай. Ұзақ уақыт суда болатын алып анакондалар тіршілік етеді.

Қазірге дейін Амазонияның қатынас жолы өзен арқылы жүрсе, соңғы кездері әуе транспорты дамып келеді.

Амазонияда өңделген жерлер өте аз болған. Басқа елдерде үлкен сұраныста болатын Амазонка флорасының баға жетпес өсімдіктері (гевея, какао ағашы, бразилия жаңғағы) өз елінде жабайы өсімдік ретінде болды. Тұрғылықты халық жаңғақ жинаумен, каучук шырынын алумен, аң шаруашылығымен, балық аулаумен, тасбақа жұмыртқасын жинаумен айналысады.

Франсиско-Орельяна Анд тауының етегінен Амазония арқылы Атлант мұхитына жеткен кезге дейін, яғни ХХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейін (1540-1541 жылдар) Амазония еш зерттелмеген, табиғат байлықтары (биологиялық, су, климат ресурстарынан, мұнай және т.б. минералды шикізаттарынан басқа) пайдаланылмаған еді.

Содан кейін күрт өзгеріс болып, Амазония (ең бірінші-Бразилия) кіретін мемлекеттерде бос жатқан жерлерді игеруге алғашқы қадам жасай бастады. Ең алғаш Транс-Амазония автомобиль жолы және Шығыс Амазония арқылы өтетін темір жол салынды.

Қазба байлықтарын қарқынды игеруге байланысты Амазония ормандары ерекше тез жойылып келеді. Трансамазонка автомобиль жолының (5000 км) құрылысы сельваға жол ашты. Пайдаланудың қазіргі қарқыны сақталса ормандар ХХІ-ші ғасырда құрып кетуі мүмкін. Амазония ормандарын “планетаның тынысы” деп атайды, өйткені олар жер атмосферасына қосылатын оттегінің үштен бірін береді. Міне, бұл ормандарды қорғау бүкіл адамзаттың мүддесіне сай келетіні сондықтан.

 

Оңтүстік Америка материгін физикалық географиялық аудандастыру.

Оңтүстік Америка материгі жер бедері мен табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне қарай ірі екі субконтинентке бөлінеді (шығыс және батыс субконтинент).

Шығыс субконтиненттері мына төмендегідей аймақтарға бөлінеді:

1. Льянос-Ориноко

2. Гвиана таулы үстірті

3. Бразилия таулы қыраты

4. Амазония

5. Ішкі жазық

6. Кордильер алды және Пампа Сьеррасы

7. Патагония

Батыс субконтинент:

1. Солтүстік Анд

2. Орталық Анд

3. Субтропиктік Анд

4. Патагония Андысы

Шығыс субконтинент

 

Льянос-Ориноко. Ориноко өзенінің сол жақ жағалауымен Анд тауы аралығындағы жазықты территория Гвиан таулы үстірті мен Гаувьяре өзенінің аралығын Льянос-Ориноко деп атайды. Льяностың субэкваторлық ендіктерінде орналасуы жаздың ылғалды экваторлық ауасынан қысқы құрғақ тропигіне ауысуымен, саванналы өсімдіктер түрі және ферралитті қызыл топырақтардың басымдықтарымен сипатталады. Льянос-Оринокоға жер бедерінің жазықты болып келуі тән. Дегенмен де, жер бедерінің сипаты әртүрлі, солардың ішінде Аласа және Биік Льянос көзге түседі. Аласа Льяносты – биіктігі 40-70м аралығындағы Мета мен Апура өзендер жайылымы, Ориноко өзенінің енді арнасы, Ориноконың сол жақ жағалауындағы ойпат және Ориноконың жағалық ойпаттары мен атырауынан тұратын тегіс аллювиалды жазықтар құрайды.

Биік Льянос – Мета өзенінің оңтүстіктегі Льянос-Мета, Анд тауының таулы беткейлерінің жазық өңірі – Пидмонт және 67°б.б-тан шығысқа қарай Месас аудандарынан тұрады.

Льянос-Ориноко оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 1400км-ге созылып жатыр. Аймақ климатының басты ерекшелігі жауын-шашынның маусымдылығы болып саналады. Жаңбырлы кезең шамамен алғанда сәуірден қазанға дейін,құрғақ кезең қарашадан наурызға дейін созылады. Оңтүстік аудандарға қарағанда солтүстік шығыс пассат анағұрлым бұрын келетін солтүстікте қуаңшылық кезең ұзағырақ болады, жаңбырлы маусым жазғы үш айға ғана созылады. Оңтүстікке қарай жауын-шашынның экваторлық режиміне ауысқанда жаңбырлы кезеңнің ұзақтығы бірте-бірте артады. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстікте 800мм, оңтүстікте 1000мм-ге дейін, ал жылдық температура жыл бойы +20°С-дан төмен түспейді.

Жануарлар түрі алуан түрлі және жақсы сақталған. Аймақта жыртқыщтар – пума мен ягуар тіршілік етеді. Өзен бойындағы батпақты тоғайларда тапир,саваннаның ашық жерлерінде құмырсқа жегіштер мен сауыттылар тіршілік етеді.

 

Гвиан таулы үстірті және Гвиан таулы ойпаты. Гвиана–Оңтүстік Американың солтүстік-шығысындағы таулы үстірт. Ориноко, Амазонка ойпаттары, Анд таулары және Атлант мұхиты аралығында орналасқан. Атлант мұхиты жағалауынан және Ориноко жазықтығынан Гвиан таулы үстіртіне қарай біртіндеп жоғарылай бастайды. Биіктеу массивтер шыңдарында ормандар мүлдем жоқ, оларды құрайтын жыныстар сұр, қызыл түстерге боялған және беткейлерді жауып тұрған жасыл желек арасында көзге түседі. Қызыл шың Рорайма бұрыннан үнді тайпаларында қасиетті саналып және осыған байланысты аңыз әңгімелер көп.

Тау үстіртінен ағатын өзендер жиналып үлкен су құламаларын түзеді. Әсіресе ең үлкен құламалар Карони өзені арқылы өтеді. Карони өзенінің бойында қазіргі таңда су электр станциялары салынған. Гвиана жазықтығында әлемдегі ең ірі сарқырама Анхель (1054м), Потаро өзенінде Кайетеур сарқырамасы орналасқан. Анхель сарқырамасына қарағанда аласа, бірақ Ниагара сарқырамасынан бірнеше есе артық.

 

Ландшафт аймағында басты ерекшелік жауын-шашынға байланысты. Солтүстік-шығыста, Атлант маңындағы ойпатта жауын-шашын жыл бойы түседі. Тек күзде ғана аз жауады, өйткені бұл кезде экватор муссоны мен солтүстік-шығыс пассаттың ауысуы болады. Оңтүстік-шығыста аз уақыт құрғақшылық Оңтүстік жарты шардың қыс айларына дәлме-дәл келеді. Үстірттің ішкі бөлігінде, соның ішінде батысында және оңтүстік-батысында құрғақшылық солтүстік жарты шардың қысына, жауын-шашын сәуірден қыркүйекке дейін түсуі дәлме-дәл келеді.

Климаты көбіне ыстық, субэкваторлық. Айлық орташа температурасы +220С-тан +280С-қа дейін. Тауларға көтерілген сайын төмендейді, бірақ жылдық ырғағы тұрақты сақталып қалады.

Өсімдік жамылғысының түрлік құрамы мен құрылымы жауын-шашын мөлшеріне және теңіз деңгейінен биіктігіне бағынышты қалыптасады.Ылғалды тропиктік ормандар мен саванналар биіктегенде флоралық құрамы әртүрлі таудың тропиктік ормандармен ауысады. 2000 метрден жоғары тау ормандары бұталармен аяқталады. Таулардың өте биік шыңдарында өсімдік жоқ.

Гвиан үстіртінің ормандарының орталық бөлігінде осы уақытқа дейін “орман негрлері” деп аталатын тайпа өмір сүреді. Олар жер өңдеумен айналысқан қашқын құлдардың ұрпақтары. Кейбір үнді тайпалары әлі күнге дейін сыртқы әлеммен қарым-қатынас жасамайды.

 

Амазония – ылғалды экваторлық климат жағдайында қалыптасқан, қызыл сары ферралитті топырақты, бірыңғай гилей жамылғысынан тұратын ауқымды тегіс жазық. Бразилияда бұл өңірді «сельва» деп атайды. Алайда, экваторлық ландшафт түрлері тек Батыс Амазонияға тән. Ал, Шығыс Амазония өтпелі субэкваторлық ландшафттарға жатады.

Батыс Амазонияда жыл бойы экваторлық ауа массалары басым болады. жылдық жауын-шашын мөлшері 3000-3500мм-ге дейін (кейде 6000мм) жауын-шашын түседі. Өзен жүйелерінің жиі, су деңгейінің мол болуы мен ауқымды ормандар буланушылықты арттырады.

Ойпаттың батыс бөлігінд, шамамен Мадейраның Амазонкаға құяр сағасына дейін өзен аңғарлары жер бетін онша көп тілімдемеген. Өзен бойындағы аллювий үйінділердің қалың қабаттары жыл сайынғы су жайылу кезінде үнемі өсіп отырады.

Шығыста платформаның ежелгі негізі көтеріңкі және жер бетіне біршама таяу жатыр. Бұл жергілікті жердің теңіз деңгейінен жаппай 200-250 метрге көтерілуіне және өзен аңғарларының терең тілімденуіне әкеліп соғады. Амазонканың сағалық бөлігінде оның аңғары кеңейіп, ішінара су басқан кең байтақ атырауға айналады.

Амазонияның орта және батыс бөліктеріне экваторлық климат тән. Онда ақпаннан маусымға және қазаннан қаңтарға дейінгі жаңбыр өте мол жауатын екі кезеңнен тұрады. Бүкіл Амазонияға маусымдық айырмашылығы шамалы, жоғары және бірқалыпты температура тән.

Амазонияның суайрық ормандары 10-12 қабаттардан тұрады. Бұл ормандар құрамында өсімдіктердің орасан түрлері бар. Жер беті жамылғысында сабағы және жапырағы үлкен алуан түрлі өсімдіктер, биіктігі бірнеше метрге жететін папоротниктер, ірі ашық гүл жаратын бромелия, кань тұқымдастықтары көп тараған.

Тұтасып жатқан ылғалды тропиктік ормандар Амазонияның батыс бөлігінде кездеседі. Бұл өңірге экваторлық климат тән.

Шығыс Амазония Батыс Амазониямен бір ендікте орналасып, жылдық температурасы да ұқсас келеді. Ал, жер бедері бірыңғай тегіс бола тұра, құрғақ мезгілде жауын-шашынның мөлшері мен өзендердің қоректену режимі тұрақты емес. Шығыс Амазония енсіз тектоникалық қазаншұңқыр бойында жатыр. Оңтүстік-шығыс пассат желі Шығыс Амазонияның барлық бөлігіне шілдеден қазанға дейінгі аралықта қуаңшылық тудырады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2000-2100мм болса да, осы кезеңдегі мөлшері небары 130-175мм болады. Климаты субэкваторлық типке жатады. Жауын-шашынның біркелкі таралмауы геологиялық құрылысының әркелкілігі, топырақ өсімдіктер жамылғысы Батыс Амазонияға қарағанда әртүрлі болуына байланысты. Шығыс Амазонияда пайдалы қазбалар – мұнай мен марганец рудасы табылып өндірілуде. Транс Амазонка автомобиль магистралының салынуы Амазония аймағы дамуының қуатты факторы болып табылады.

 

Бразилия таулы қыраты.

Аймақ табиғатының басты ерекшелігі таулы үстірттер мен төрткүлді үстірттердің көп болуына субэкваторлық климат пен тропиктік климаттың басым болуына байланысты. Эрозиялық процесстердің ұзақ әсер етуі және таяу уақыттағы тектоникалық қозғалыстар тау қыраты өңірінде алуан түрлі жер бедерін түзген. Онда ежелгі кристалдлы мүжілген алаптары шөгінді жыныстардан түзілген оқшау қыраттармен, жанартаулық үстірттермен және кайназойдағы жарылу мен көтерілу нәтижесінде пайда болған жақпарлы жоталармен ұштасып жатады.

Бразилия таулы қыратының шығыс және оңтүстік-шығыс бөктері Атлант мұхиты жағынан биік және күшті тілімденген тау жүйесі сияқты болып көрінеді. Шығыс Бразилия қалқанының шеткі бөлігінің неогенде бөлшектенуінің және көтерілуі нәтижесінде биіктігі 2000 метрден асатын жоталар немесе серралар пайда болған.

Батыста және орталық бөлігінде кристал тау жыныстарын палеозой мен мезозой кезіндегі әктас пен құмтас қабаттары жауып жатыр.

Субэкваторлық және тропиктік белдеулер алабында жатқан Бразилия таулы қыраты жылуды мол алады. Жауын-шашынның мөлшері 1200-1500мм, қаңтар айының орташа температурасы +25+270С ал шілде айының орташа температурасы 240-қа жуық. Жылдың түрлі кезеңінде температураның айырмашылығы осындай болғанымен тәуліктік ауытқуы өте үлкен болуы мүмкін: қыста оңтүстікте суық ауаның келуіне байланысты ауытқу 250С-ге жетеді. Тіпті жылдың ең ыстық кезеңінде де суық ауа толқындары келгенде тәулік ішінде температура 150С-ге төмендейді. Солтүстікте ылғалды кезең анағұрлым ұзақ уақытқа созылады, соған орай температура біршама бірқалыпты болады.

Тау қыратының ішкі және солтүстік бөліктерін Амазонканың салалары –Шингу мен Токантинс суландырып жатады. Өзен торы өте жиі, барлық ағыс жаз бен күзде тасиды, ал жылдың қалған уақытында су деңгейі төмен болады. Шығысқа қарай климат жағдайында едәуір өзгеріс байқалады. Тау қыратының солтүстік шығыс бөлігінде ылғалдлы маусым жыл ішінде үш айға дейін қысқарып, ал ж.ш мөлшері 1000 – 400 мм-ге азаяды. Оңтүстік шығыс пассаттар ылғалдың көпшілігін жағалауға қалдырып, тау қыратының ішкі бөлігіне біршама құрғақ күйінде келеді.

Солтүстік шығыстың жалғыз ірі өзені –Сан-Францискидың режимі өте тұрақсыз болсада, кеме қатынасына да пайдаланады. Соңғы жылдары жер суару мақсатында шағын өзендерде бірқатар ұсақ су қоймалары жасалған.

Бразилиа таулы қыратында саванналар мен тропиктік сирек ормандар басым болады. негізгі тау жыныстарын жауып жататын қалың және ежелгі үгілу қабығы тау қыраттарының барлық жерінде топырақтың аналық тау жынысы таралған. Тау қыраттарының ішкі бөлігінде қызыл және қызыл қоңыр топырақ ал, Атлант мұхит жағалауының ылғалды аудандарында –қызыл латеритті топырақ түзіледі. Көбіне саваннаның екі типі: кампос-лимпос және кампос-серрадос түрлері таралған. Кампос – саванна Бразилияда қабылданған жалпы аты. Кампос-лимпостың ерекшелігі онда ағаш өсімдігі мүлде кездеспейді. Қалың өскен шөп теңіз бетіндей тербеліп тұрады осынысымен қоңыржай белдеудің даласына біршама ұқсап кетеді. Шөптің ішінде селеудің, бозшағылдың,бидайықтың, шатыршагүлдің әр алуан түрлері бар. осы өсімдіктердің барлығы құрғақ кезеңде қурап, қоңырұайланып солып қалады, тек ұсақ кактус пен агава ғана жыл бойы біркелкі түр түсін сақтап қалады. Сыртқы көрінісі далға ұқсағанымен кампос-лимпостың одан айырмашылығы түр құрамының анағұрлым алуан түрлі болуында. Жер бетінің 2- 3 м2-де өсімдіктің 200-250 түрін санап шығуға болады.

Кампос-серрадоста шөппен қатар ағаш пен бұта өседі. Биіктігі 3-5 м-ден аспайтын ағаштың бөркі басы, әдетте қол шатыр тәріздес болып келеді. Ағаштардың көлеңкесіндегі шөптердің биіктігі 1 – 2 м-ге жетеді және қалың өсетіні соншалық, ол жер ылғалды маусымда адам өте алмастай болады. саваннада өрт жиі шығып, кейде орасан зор территорияны қамтиды.

Саванналар алып жатқан бүкіл аймақты өзен аңғарлары мен жыраларды бойлай созылып кететін күңгірт жасыл орман алқаптары әр түрлі бағытта кесіп өтеді. Бұл ормандар кәдуілгі ылғалды тропиктік ормандарға қарағанда сәл кемістеу соғады, дегенмен олар нағыз тропиктік орман. Олардың құрамында цекропия,пальмалардың кейбір түрлері кездеседі. Ағаштардың діңдерінің лианалармен шырмалғаны соншалық, кесілген ағаш оны орап алған табиғи арқандар ұстап тұрғандықтан, жерге құлап түспейді.

Тау қыратының өте құрғақ болып келетін солтүстік шығысында кәдуілгі саванна бірте-бірте ерекше тропиктік орман каатингаға айналады. Мұнда өсімдік ұзаққа созылатын қуаңшылыққа, саваннаның өсімдігінен де гөрі бейімдірек келеді, ал тлпырақ жамылғысында қоңыр-қызыл,тіпті қоңыр-қышқыл топырақ кездеседі. Каатинганың өсімдік жамылғысы ағаштар мен бұталардан тұрады, шөп әсіресе астық тұқымдастар мен күрделі гүлділер мүлде жоқтың қасы. Ағаштардың көбінің діңі қампиған және сүрегі жұмсақ кеуек болып келеді, онда ылғалдың мол қоры жиналады. Басқа ағаштардың діңі жіңішке, бөрік басы өте-мөте аумақты. Өте көп ағаш пен бұта өсімдіктерінің тікенектері болады. ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Тау қыратының шығыс шетін бойлап, серралардың беткейлері мен төбелі жағалау жазығында ылғалды тропиктік орман өседі. Олар нақ мұхиттан мангра тоғайларының жалпақ өңірі түрінде басталады, ол одан әрі қарай Амазония ормандарына өте ұқсас ормандарға айналады. Онда цекропиялар, пальмалар мен ағаш тәрізді папоротниктержойылып кетеді,лианалар, соның ішінде өзгеше лиана бамбук әр-түрлі эпифиттер таралған. Таулардың мұхитқа қараған беткейлерінде орман құрамының және оның сыртқы түрінің биіктікке байланысты өзгеруі жақсы байқалады. 1800-2000 м биіктікке бірте-бірте пальмалар мен ағаш тәріздес папоротниктер жойылып кетеді, лианалардың бір түрлері басқа түрмен ауысады, ағаш өсімдігі сирейді, бірақ оның есесіне шөп өсімдігі анағұрлым қалың бола бастайды, барған сайын жапырағын түсіретін өсімдіктер жиі кездеседі, өйткені қысқы температура енді едәуір төмен болады. 2100 – 2200 м биіктікте, ағаш өсімдігінң жоғарғы шегінде, мәңгі жасыл өсімдіктер мүлде жойылады. Бұдан жоғарыда биік тау шалғындары, ал одан кейін кең-байтақ шымтезек батпақтары бар тундраға ұқсас ланшафт басталады. Батпақтарда сфагнум мүгі, әр-түрлі қыналар және шықшылдық шөптер өседі. Бразилия таулы қыратының аса биігінде қыста желді ауа райы басым болады, қар түсетін кезде болады, түнде температура –5 – 7 0C-ге дейін төмендейді.

Қиыр оңтүстік-шығыста, субтропиктік белдеумен шекара бойында, Атлант мұхиты жағалауында, қызыл топырақта бразилия аукариясы орманы Парагвай шайы шілігімен аралас өседі.

Ормандарда, тіпті, елді мекендер маңында бақ пен егінге үлкен зиян келтіретін маймылдар, саванналарда – сауыттылар, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы тіршілік етеді. Жыртқыштардан пума мен ягуар кездеседі. Барлық жерде құстар,әсіресе тотылар мен колибрилер көп, жылан және басқа да бауырмен жорғалаушылар өте көп тараған.

Ормандар мен саванналарда құмырсқа өте көп. Олардың кейбіреуі адам тұрағына таяу қоныстанады да, адамдарға үлкен қолайсыздық тудырады. Саванна ландшафтына тән бейне бір ерекшелік – термит илеуі.

Бразилия таулы қыратының территориясын халық әркелкі мекендеген, және ала-құла игерілген, сондықтанда табиғат ландшафтарының өзгеру дәрежесі де аймақтың әр бөліктерінде әр түрлі. Атлант мұхитына іргелес өңір көбірек қоныстанған. Ол жерде ең ірі қалалар орналасқан және пайдалы қазбалар өндіріледі. Парана бассейнде жыртылған жерлердің ең көлемді аудандары шоғырланған, онда темекі, банан, жүзім, шыбығы өсіріледі. Өзен аңғарларындағы суармалы жерлерде күріш плантациялары бар.

Ылғалды солтүстікте қант құрағы мен зәйтүн пальмасы, құрағағырақ жерлерде – кофе ағашы өсіріледі. Солтүстік-шығыста суармалы жерлерде мақта өсіріледі.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.)