|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
К І Р І С П Е 27 страницаШығыс Австралия жер бедерінің негізін ені 280 оңтүстік ендіктен солтүстікке үлкейе түсетін Үлкен Суайрық жотасы құрайды, ол оңтүстікке қарай тарыла береді. Ең биік шыңдары әк тасты Көгілдір таулар мен Австралия Альпісінде (2000 метрден астам) жатыр. Соңғының шыңдарында жер бедерінің таулы-мұзды түрлері кездеседі. Тау бөктерінің теңіз жағы мен ірі жарықтар түбінде жас аккумулятивті жазықтар жатыр. Құрлықтың көптеген аудандары үшін жанартау әрекеті арқылы пайда болған әр түрлі жастағы жер бедері тән. Құрлықтың солтүстік - батысында палеозойдағы жанар тау әрекеті нәтижесінде Антрим үстірті түзілді. Кайнозой жасындағы (үстірттер, жанартаулар) жанартаулық түрлер, негізінен, шығыстағы тау сілемдерінде кездеседі. Жаңа Гвинея – Жаңа Зеландия аймақтарының аралдары үшін қатпарлы және жақпарлы-қатпарлы жас таулардың жанартаулармен (әсіресе Жаңа Зеландияда), жас аккумулятивті жазықтармен үйлесе таралуы тән. Климаты. Өзінің географиялық жағдайы мен орографиялық ерекшелігі бойынша Австралия 100 оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарайғы Африкаға біршама ұқсас келеді, климат жағдайларының қалыптасу заңдылықтары да біркелкі болады. Тынық мұхиттың экваторға жақын шығыс бөлігіндегі атмосфераның айналым жағдайы қаңтар мен шілдеде біршама болады. Алайда құрлықтардың батысында атмосфера айналымында елеулі өзгерістер байқалып, жылдың маусымдары арасында үлкен айырмашылықтар түғызады. Шілдеде экваторлық қолат және бүкіл пассатық айналым жүйесі солтүстікке қарай ығысады. Бұл оңтүстік жарты шардан, солтүстік жарты шарға қарай, Азия құрлығы жақта ауа тасқындары жүйесін жасайды. Солтүстік жарты шар пассаты Азияға жақындаған сайын құрлықтың үстіндегі төменгі қысым аймағына қарай ауытқуға ұшырайды және оңтүстік – шығыс жазғы муссонына ауысады. Оңтүстік жарты шардың пассаты осы себептердің әсерінен солтүстік жарты шарға оңтүстік -– батыс экваторлық муссоны түрінде келеді. Ылғалдың негізгі массасын бұл кезеңде солтүстік жарты шар алады, оңтүстік жарты шарда жауын-шашын оңтүстік-шығыс пассат өз жолында тауға кездескен жерлерде ғана жауады. Австралияның көптеген аудандары мен аралдарында бұл кезде қуаңшылық болады. Австралияның қиыр оңтүстігі, Тасмания мен Жаңа Зеландия шілдеде бұл аудандардың барлығына недәуір мөлшерде жауын-шашын әкелетін қоңыржай ендіктер айналымының ықпалына ұшырайды. Қаңтарда, Австралия неғұрлым күшті ысып, Азия салқындаған кезде ауа ағысының бөліну реті өзгереді. Австралиядағы төменгі қысым аймағына тек оңтүстік жарты шардан да ауа келеді. Солтүстік жарты шар пассаты Жердің айналу әсерінен ауытқуға ұшырайды және экваторға таяу жерде меридиан бағытына жақындайды. Экватордан өткеннен кейін солтүстік-батысқа қарай бағыт алып, Австралияның солтүстік бөлігі мен оңтүстік жарты шар аралдарына ылғалды экваторлық муссон түрінде өтеді. Оңтүстік жарты шар муссоны бар минимумы бойынша ең төмен өлшемнің ықпал етуіне қарай Австралия үстінде айрықша күшті әсер етеді, әрі Тынық мұхиттың батыс бөлігі мен Австралияның шығыс жағалауларында тура шығысқа қарайғы дерлік бағыт алады, бұл жерлерде мол ылғал қалдырады. Шығыс Австралия тауларынан асып, олар біршама ауа тасқынына айналады. Сөйтіп, Австралия құрлығының шеткі бөліктері мен аралдарында қаңтарда көп мөлшерде жауын-шашын түседі, бұл кезде солтүстік жарты шарда жауын-шашын мөлшері күрт азаяды. Австралияның солтүстік-бтысы мен оңтүстігі қаңтарда Оңтүстік-Үнді максимумның шеткі шығыс аймағының және жауын-шашын бермейтін оңтүстік желдердің ықпалына ұшырайды. Тасмания мен Жаңа Зеландияның оңтүстігінде қыстағыдай ауа массасының батысқа ауысуы басым болып, жаңбыр жауады. Аралдардың температуралық жағдайлары, тіпті экватордан едәуір қашықтықта, жыл бойына бірқалыпты болады. Бірақ Австралия, әсіресе, оның ішкі бөліктері үшін температураның жылдық, тәуліктік ауытқуы тән. Австралия мен көрші аралдар мынадай климаттық белдеулерге енеді. Шегінде ұсақ аралдар мен Жаңа Гвинея солтүстік бөлігі жатқан экваторлық белдеуде ылғалды экваторлық ауа массасы үнемі басым болады және ауа ағыны өрлей түседі. Бұл жауын - шашынның, оның жылдық қосындысының бірқалыпты таралуын және ылғалданудың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді. Температура жыл бойына өзгермейді. Теңіз деңгейінен шамалы биіктіктегі орташа айлық температура +24°С мен +280С-тың арасында ауытқиды. Биіктеген сайын температура төмендейді, алайда оның барысы бірқалыпты болып қалады. Субэкваторлық белдеудің шегіне Австралияның солтүстігіне Жаңа Гвинеяның оңтүстігі мен көрші ұсақ аралдар кіреді. Климаты маусымдылығының айқын білінуімен сипатталады. Жауын-шашын жазда көп мөлшерде жауады. Қысқы кезең құрғақ келеді, алайда аралдарда ол пассатқа қатысты алғанда ық жақтағы тау баурайларында ғана айқын байқалады. Алайда таудың жел жақ баурайларында жауын-шашын қыста да жауады, әйткенмен жазбен салыстырғанда оның мөлшері едәуір азаяды. Жылдық жауын - шашын мөлшері бұған прельефі қолайлы ықпал жасайтын аудандарда өте көп. Құрлықта температураның ауытқу амплитудасы едәуір, алайда ең салқын айдың орташа температурасы 200 С-дан төмен болған емес. Аралдардағы температуралық айырмашылық экваторлық белдеудегі сияқты соншалық аз. Австралиядағы тропикалық белдеу аридтік жағдайлардың басым болып келетіндігімен сипатталады. Тропиктік белдеудің Шығыс бөлігі, яғни солтүстігі мен оңтүстік – шығысынан басқа жағалаулары мен Шығыс Австралия таулары бүкіл жыл бойына Оңтүстік – Тынық мұхит максимумы мен пассатық айналымының батыс аймағының ықпалына ұшырайды және және бірқалыпты ылғалды климатты келеді. Австралияның шығысында жауын-шашын бүкіл жыл бойына мол жауады. Бұл жауын - шашын әкелетін оңтүстік - шығыс пассаты әрекетінің қысқа қарағанда едәуір қарқынды болуымен түсіндіріледі. Температураның ауытқу амплитудасы Австралияның солтүстігіне қарағанда анағұрлым көп. Климатқа сондай-ақ таулы рельефтердің де әсері бар. Құрлықтың ішкі аудандарында бүкіл жыл бойына континентті тропиктік ауа басым болады және жауын - шашын жиынтығы 250 мм - ден аспайды. Салыстырмалы ылғалдылық 30-40 пайызға тең, ал жылдық, әсіресе тәуліктік температуралық амплитуда өте үлкен (соңғысы 35 - 400С-қа жетуі мүмкін). Қыста солтүстіктен суық ауа массасының енуіне байланысты суық бірден түседі. Топырақ бетіндегі аяз – 50 С - қа жетеді. Австралияның қиыр оңтүстігі, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа Зеландияның солтүстік аралдары субтропиктік климат белдеуінің алабына енеді. Құрлықтың оңтүстік-батысында жауын-шашын тек қыста жауады және оның мөлшері батыстан шығысқа қарай кеми береді. Жазда аймақ оңтүстік Үнді максимумының ықпалына ұшырайды. Температура жағдайы әсіресе жазда өте тұрақсыз. Әдетте оның бұзылуы солтүстіктен күшті ысыған ауаның кіруіне байланысты, ол кейде 400 С-тан асып түседі, алайда оңтүстіктен жиі-жиі келетін суық пен ылғалды желдер бұл жылы ауа ағысын ауыстырып тұрады. Австралияның оңтүстік шығысында, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа Зеландияда климат бірқалыпты, ылғалды, жауын - шашын жазда өте көп жауады; оны шығыс және оңтүстік – шығыс желдері тікелей теңіз жақтан әкеледі. Қысқы жауын - шашын полярлық фронтқа байланысты. Тропиктік фронттан бұл аймақ қыста орташа температураның неғұрлым төмен болуымен ерекшеленеді (+50,+100 С). Тауда аяз –20 0С – ға дейін жетеді. Австралияның оңтүстік жағалауларының орта бөлігі Эйр түбегінің екі жағынан жауын - шашынды өте аз алады және маусымдық температураның едәуір айырмашылығымен сипатталады. Жауын - шашын онда қыста аз мөлшерде жауады. Тасманияның оңтүстік бөліктері мен Жаңа Зеландия қоңыржай белдеулерге енеді. Бұл аралдардың климат жағдайлары үлкен ылғалдылық және температурасының бір қалыптылығымен көзге түседі. Батыс айналымның тұрақты әсері әсіресе жауын - шашынның батыс жағалауларда және таудың батыс баурайларында мол түсуіне жағдай туғызады. Қыстағы аяз –5,70 С-қа дейін болатын таулы аудандардан өзге жерлерде жаз бен қыстағы температурасының айырмашылығы шамалы болады. Ішкі сулары. Австралиядағы және оған жақын аралдардағы ағыс ерекшеліктерін төмендегідей цифрлар жақсы көрсетеді; Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландия өзендерінің ағыс көлемі 1600 км3 тең, ағыс қабаты 184 мм, яғни Африкадағыдан сәл көп. Австралияның жеке ағыны көлемі небары 350 км3, ағын қалыңдығы не бары 46мм құрайды, яғни басқа құрлықтардың барлығына қарағанда бірнеше есе аз. Бұл құрлықтың үлкен бөлігінде жауын - шашынның аз түсетіндігіне және оның алабында биік таулар мен мұздықтың жоқтығына байланысты. Ішкі ағын аймағына Австралияның беткі бөлігінің 60% -ы жатады. Шамамен территорияның 10% - ы Тынық мұхитқа, қалған бөлігі Үнді мұхиты бассейніне тиісті. Құрлықтың басты суайрығы – Үлкен Суайрық жотасы, оның баурайларынан неғұрлым ірі және суы мол өзендер ағып жатады. Бұл өзендер тек жаңбыр суымен ғана қоректенеді. Жотаның шығыс баурайының қысқа және тік келуі себепті Маржан теңізі мен Тасмания теңізі жақтарына қарай ағысы күшті, қысқа өзендер бұралаңдап ағады. Азды-көпті біркелкі су ала отырып, олар Австралияның ең суы мол және жазғы максимумдары айқын байқалатын өзендері болып табылады. Жоталарды кесіп өтетін кейбір өзендер шоңғалдар мен сарқырамалар түзейді. Ең ірі өзендердің (Фицрой, Бердекин, Хантер) ұзындықтары бірнеше жүздеген километр. Олардың кейбіреулерінің төменгі ағысынан 100 км және одан да көп жерінде кеме жүзеді, сағалары мұхит кемелерінің жүзуіне де қолайлы. Сондай-ақ Арафур және Тимор теңіздеріне құятын Солтүстік Австралия өзендерінің де суы мол. Олардың ішіндегі елеулісі Үлкен Суайрық жотаның солтүстігінен ағып шығатындары. Алайда Австралияның солтүстігіндегі өзендер режимі жаз бен қыста жауын-шашын түсуінде елеулі айырмашылықтар болатындықтан, шығыс өзендеріне қарағанда әркез тұрақты бола бермейді. Олардың суы көбейіп, жазғы муссондық жаңбырлар кезінде арнасынан жиі-жиі асып кетеді. Қыс уақыттарында бұл баяу ағатын енсіз су ағыстары бас алатын кей тұстарында кеуіп қалады. Солтүстіктің неғұрлым ірі өзендері – Флиндерс, Виктория мен Ордтың бірнеше ондаған километр төменгі ағысы кеме жүзуге қолайлы. Сондай-ақ, су ағыстары құрлықтың оңтүстік батысында да бар. Бірақ олардың барлығының режимі өте тұрақсыз келеді және жазғы құрғақ маусымда ағыстың жекеленген бөліктерінде бірнеше таяз лайлы су қоймаларына айналады. Австралияның шөлді және шөлейт ішкі бөліктерінде тұрақты су ағыстары жоқ. Бірақ онда флювиалдық дәуір жағдайында қалыптасқан, бұрынғы өріс алған су жүйелерінің қалдығы болып табылатын құрғақ арна тармақтары бар. Бұл құрғақ арналар суға жаңбырдан кейін өте қысқа мерзімде толады. Мұнда дүркіндік су ағыстары Австралияда крик деген атаумен мәлім. Олар әсіресе Орталық жазықтықта, кеуіп бара жатқан ағынсыз Эйр көліне қарай бағыт алған жақта өте көп. Налларбордың карсты жазығында тіпті дүркіндік су ағыстары да болмайды, алайда Үлкен Австралия шығанағына қарай ағатын жер асты су жүйесі бар. Австралияның ірі өзен жүйесі – Муррей (Марри) - Дарлинг жүйесі. Бұл өзендер үлкен Суайрық жотадан ағып шығып, оңтүстік ойпатта қосылады. Муррей Дарлингтен қысқа болуына қарамастан, бұл жүйедегі басты өзен болып саналады, өйткені Дарлингке қарағанда суы анғұрлым мол болады. Муррейдің ұзындығы – 2570 км, Дарлингтің ұзындығы – 2740 км, бұл өзендер бассейнінің ауданы – 1057 мың км2, Дарлинг ойысынан төмен жердегі орташа шығыны –секундына 330 м3 - тан төмен. Муррейдің екінші ірі саласы – Маррамбиджи, оның ұзындығы − 2172 км. Муррей мен Дарлиг жүйесіне кіретін бүкіл өзендердің режимі өте - мөте әртүрлі болады. Олардың суы негізінен жауын - шашын себебінен және белгілі мөлшерде Австралия Альпілерінде жауған қар есебінен толығады. Сондықтан су шығынының ең көбі жазда, Муррей мен Дарлингтің деңгейі көтеріліп, олар ойпаң жазықтыққа құйып, кейде бүліншілік су басу туғызған кезде болады. Сөйтіп өзендер кесек материалдардың есепсіз көп мөлшерін алып кетіп, өзен арнасын бітеп тастайды, бұл салалардың бас өзенге құюына жиі кедергі жасайды. Өзендер арнасы жазықтық алабында бұралаңдап ағып көптеген тармақтар құрады. Муррей мен Маррамбиджи өзендері аралығындағы түгелдей өзен тосқындары үйілген жерлерде арналар барлық бағытта қиылысады, жазғы тасқын кезінде олар су астында қалады. Қысқы құрғақ кезеңдерде Муррей бассейнінің өзендері күшті таяздайды. Бас өзеннің деңгейі айтарлықтай төмендейді, бірақ, әдетте бүкіл өн бойында үздіксіз су ағыстары сақталады. Тек ең күшті қуаңшылық жылдары Муррейдің жоғарғы ағысының жекеленген бөліктері толығымен кеуіп қалады. Муррей-Дарлинг өзендері жүйесінің шаруашылықта маңызы зор, өйткені олардың сулары құнарлы, бірақ ойпаттың қуаң жерлерін суаруға пайдаланылады. Осы мақсатпен ірі су қоймалары жасалған. Тұрақты режимнің жоқтығымен кеме жүруді қиындатып, өзендердің аккумулятивтік әрекетін күшейте түседі. Мәселен, Муррей сағасында сынық материалдардың үйіліп қалғаны соншалық, онда теңіз кемелері де мүлдем жүзе алмастай болып отыр. Өзеннің өзі Ольбери қаласына дейін кеме жүруге қолайлы. Дарлингтің төменгі ағысында шағын кемелер жүре алады. Австралияда көл көп, бірақ көп жағдайда олардың ағыны жоқ және тұзды болады, ал олардың көпшілігі жаңбырдан кейін ғана сумен толығады. Құрлықтың ең ірі көлі – Эйр Орталық жазықта жатыр. Оның деңгейі теңіз деңгейінен 12м төмен. Көл қазаншұңқыры кең - байтақ аймақтың ағын орталығы болып табылады және уақытша су ағыстарының – криктердің (Куперс, Дайамантин, Эйр т.б.) бүтіндей жүйесін қабылдап алады. Көл таяз, күшті тұзданған, оның көлемі мен пішіні тұрақсыз болады, жауын-шашынға байланысты өзгеріп отырады. Жауын кезеңінде криктер таудан өзенге көп су әкеледі, сөйтіп ол суға толығады. Неғұрлым ылғалды болған жылдары Эйр көлінің ауданы 15мың км2 жетеді. Жылдың көп уақытына созылатын құрғақ кезеңдерде судың криктерге құйылуы тоқталады, көл суы буланады және оар бір-бірімен қабыршық тұз басқан бөліктер арқылы жалғасқан, таяз су қоймаларына бөлініп кетеді. Ағынсыз тұзды көлдердің үлкен тобы құрлықтың оңтүстігінде жатыр. Бұл Торренс, Гэрднер, Фром т.б. көлдер таяздап, құрғақ уақытта жекеленген су қоймаларына бөлінеді және күшті жаңбырдан кейін тасиды. Олардың барлығы кең сортаң алқаптармен қоршалып жатыр. Австралияның жер үсті су қоймалары ресурстары халықтың суға мұқтажын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз, оның үстіне құрлықтың көптеген су қоймалары тұзды келеді. Бірақ Австралияда жер асты артезиан суларының үлкен қоры бар. Құрлықта фундамент синеклизіне ұштасып жатқан көптеген артезиан бассейндері зерттеліп, пайдалануда. Олардың суы өнеркәсіпке беріледі, жайылымдар суландырылады. Күшті минералдануына байланысты олар ауыз су ретінде және егістікті суландыру үшін пайдалануға жарамсыз. Үлкен Артезиан Бассейні деп аталатын дүние жүзіндегі ең ірі бассейн Карпентария шығанағынан Дарлинг бассейніне дейін созылып жатыр. Жалпы алғанда Австралияда 6500-ге жуық артезиан құдықтары бар.
Австралияның тропиктік флорасының қалыптасуы бор кезеңінде басталды және кайнозойдың басында Австралияның құрлықтың басқа бөліктерімен құрлық арқылы байланысы болған кезде жалғаса түсті. Мезозойдың аяғына дейін Австралия Оңтүстік Америкамен және Антарктидамен қосылып жатты, шығыстағы, солтүстіктегі аралдармен, олар арқылы Азиямен байланыс неогенде де болған еді. Сондықтан Австралияның оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен, сондай- ақ Азиядан және Мұхиттық аралдармен кейбір флоралық ортақтығы осыған байланысты. Кайнозой кезеңінің ортасынан бастап-ақ Австралия басқа құрлықтардан оқшауланып қалса керек, сондықтан оның флорасының құрамында әлемнің басқа бөліктерінде кездеспейтін элементтер басым келеді. Екінші жағынан, Австралия флорасының басқа құрлықтарда кең тараған көптеген тұқымдастар жоқ. Сондай-ақ құрлықтың флорасында өсіруге жарамды азықтық өсімдіктердің болмауы да қызықты, сол себепті Австралияның байырғы халқы егін шаруашылығын білмеген. Австралия территориясының өзінде флора қалыптасуының өзара байланыссыз орталықтары болды: оның біреуі оңтүстік-батыс пен орталық бөлікте, екіншісі шығыста еді. Осы орталықтардың арасында теңіз бассейіні жатқан болатын, ол құрғады да, мұнда өсімдік антропогеннің басында ғанаа қалыптаса бастады. Антропогенде Австралияны мұз басқан жоқ, оның климаты мезозойдың соңынан бері күрт өзгеріске ұшыраған жоқ. Австралия флорасы дамуының барлық осы ерекшеліктері оның негізгі белгілерінің қалыптасуына – көнелігі мен эндемизмнің жоғары дәрежеде болуына себеп болды. Эндемик өсімдіктердің көптігіне қарай жер шарында Австралиялық өсімдіктер патшалығына тең келетін жер жоқ – оның алабында өсетін өсімдік түрлерінің 80%-ы эндемик өсімдіктер. Мәселен, эвкалипт туыстастардың барлық 600 түрі дерлік, қарағанның 280 түрі, казуариннің 25-ке жуық түрі эндемик болып табылады. Араукария, протея, оңтүстік шамшат өсімдіктері Антарктида және Кап флорасына ортақ болады. Қазіргі климаттық жағдайға байланысты Австралия мен мұхиттық аралдардың топырақты - өсімдік жамылғысы шеткі аймақтарынан құрлықтың орталығына қарай, барған сайын ксерофитті болу жағына қарай өзгереді. Аралдардың және құрлықтың оңтүстік жиегіндегі ылғалды тропиктік және субтропиктік ормандары ішкі бөліктер бағытына қарай саванналармен, сирек ормандармен және бұталы тоғайлармен, ал одан соң шөлейт, шөл формацияларымен ауысып отырады. Экваторға іргелес жатқан Жаңа Гвинея аралының солтүстік бөлігі мен ұсақ аралдардағы ылғалды тропиктік ормандарда өсімдіктердің азиялық және эндемик түрлері көп, сондай-ақ австралия өсімдіктерінің саны да едәуір. Жағалауларға жақын жерлерде бұл ормандарды мангр тоғайлары ауыстырады. Австралия құрлығында ылғалды тропиктік (жаңбырмен қоректеретін) ормандар аз. Олардың неғұрлым кең алабы жауын-шашын мол және тұрақты жауатын Кейп-Йорк түбегінің шығыс жағалауында 200 оңтүстік ендіктен солтүстікке қарай өседі. Австралияның солтүстігіндегі өзен аңғарларын бойлай ылғалды тропиктік орман суайрықтарындағы саванналар мен сирек ормандар таралған аймаққа ұласады. Австралия мен Жаңа Гвинеяның ылғалды тропиктік ормандары пішініне, ішінара құрамына қарай Оңтүстік Азия ормандарына ұқсас келеді. Онда кейбір пальмалар, лавр, фикус пен бұршақ тұқымдастар өседі. Лианадар улы шырмауық, бұрыш және ротанг пальма-лиана болып саналады. Австралияның ылғалды тропиктік ормандарында азия мен австралиялық элементтерден басқа антарктида мен Кап флорасының кейбір өкілдері кездеседі. Бұл ормандардың топырақтары батпақты ойпаттарда күлгін түсті қызыл топырақ типіне, баурайлар мен су айрықтарында күлгін латеритті топырақ типіне жатуы мүмкін. Қалың тропиктік ормандар сондай-ақ Австралияның Үлкен Суайрық жотасын бойлай көтеріліп, Австралияның бүкіл шығыс шетін жауып жатыр. Бұл ормандар кәдімгі ылғалды тропиктік ормандардан түр құрамының біршама кедейлігімен және пальма мүлде жоқ эвкалиптің алуан түрлерінің басым болып келуімен ерекшеленеді. Алайда бұл ормандардың ағаштары орасан зор биіктікке жетеді де, ал лиандары мен эпифиттерінің молдығы жөнінен олар ылғалды тропикалық ормандардан кем түспейді. Олардың астында қызыл – сары ферралит топырағы түзіледі. Шығыс Австралия ормандарында өсетін эвкалиптер сыртқы түрлері мен көлемдері жөнінен әртүрлі. Олардың кейбіреулерінің жапырақтары көгілдір немесе сұрғылт түсті келеді, бұл оларға өзгеше және біршама өңсіз түр береді. Бұл ормандар үшін сондай-ақ ағаш тәріздес және шөп тәріздес папортниктер тән. Алуан түрлі эпифитті өсімдіктер көбіне ашық, әрі әдемі гүлдейді. Олардың арасында әсіресе орхидей тұқымдастарының әр түрлі өкілдері ерекше көзге түседі. Австралияда тропиктік сирек ормандар мен саванналар үлкен ауданды алып жатыр. Олар құрлықтың солтүстігінде көбіне оңтүстік ендіктен 200 солтүстікке қарай үлкен кеңістікті жауып жатыр. Шығыста ашық түсті саванналы ормандар мен кәдімгі саванналар оңтүстікке қарай едәуір сұғына ене түскен. Ормандар, сондай-ақ, Жаңа Гвинея аралының оңтүстігіндегі кеңістікті де алып жатыр. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.) |