АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 23 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Табиғи өсімдік Атлант маңы өңірінде көп жойылған, соның ішінде ылғалды тропиктік ормандар аса көп зақымданған. Аймақтың ішкі бөліктерінде жайылым ретінде пайдаланатын саванналар мен қайтара өскен тоғайлардың орасан зор аудандары жатыр.

Ішкі жазық.

Бұл аймақ солтүстікте Амазонияға ұласып кетеді, оңтүстікте оның шекарасы шамамен 300 о.е., шығыста – Бразилия таулы қыратының батыс етегін, батыста, Андының етегін бойлап өтеді. Аймақ Аргентинаның, Боливияның, Парагвайдың және Бразилия шегіне кіреді. Жазық жер бедері, тропиктік континентті климат, саванналар мен тропиктік сирек орманның кең таралуы – оның табиғатының негізгі ерекшеліктері.

Аймақ платформаның қалқандары мен Андының аралығындағы протерозой мен протерозойдан кеінгі шөгіндімен толған меридиандық майысуға сәйкес келеді. Биіктік 300-ден 700 метрге дейін ауытқиды. Парагвайдың жоғарғы ағысының қазан шұңқырында олар 200 метрден аспайды.

Амазонка мен парагвай жүйелерінің суайрығында ежелгі фундаменттің антиклизасы жатыр. Оның ең биік жері 1425 м жайдақ қырат. Осы қыраттан және Андыдан ағып шығатын өзендер жазықта сала-сала болып ағып, оны құм мен тұнба материалға толтырады. Көпшілігінің арнасы құрғақ маусым кезінде кеуіп қалады. Оларды бойлап жаңбырлы кезде адамға қауіпті болатын тұтқыр және батпақта тұнбалы өңір созылып жатыр. Жылдың құрғақ уақытында тұнба құрғайды да, өзендердің берік биік жағасына айналады.

Аймақтың климаты тропиктік, ылғалды және құрғақ маусымдар күрт ауысып тұрады. Континенттік белгілері, әсіресе Гран-Чакода айқын байқалады, оған жылдың ыстық және салқын кезінің орташа айлық температурасы арасындағы айырмашылығының елеулі болуы ғана емес, сонымен бірге материктегі температураның тәуліктік ең күрт ауытқуы тән. Гран-Чако – Оңтүстік Американың ең ыстық жерінің бірі. Жергілікті тұрғындар оны “жасыл аптап” деп орынды атаған. Жазғы айлардың орташа температурасы +28+300С-ге, ал абсолют максимум +470С-ге жетеді. Ең суық айдың орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай +20°С-дан 160С-ге дейін өзгереді, сонымен бірге қыста күндіз ыстық, ал түнда салқын оңтүстік жел соғады, кейде температура 00С-ден төмендейді де, қырау түседі. Оңтүстіктен салқын ауа массалар келіп кіргенде температура күндізде күрт төмендей береді, әрі өте тез төмендейді.

Гран-Чаконың көпшілік бөлігінде ылғал балансы теріс. Жауын-шашын негізінен жазғы екі айда түседі. Оның мөлшері тек шығыста ғана 1000 мм-ге жетеді, ал территорияның көпшілік бөлігінде ол 500 мм-ден аз, бұл өте күшті булану жағдайында егіншілікке мүлде жеткіліксіз.

Солтүстікте Маморе мен Бени өзендерінің бассейнінде ылғалды кезең 5 – 6 айға созылады және жауын-шашынның жалпы мөлшері 1500 мм-ге дейін көбейеді. Жауын-шашынның таралуындағы айқын көрінетін маусымдылық бұл жерде де сақталады, бірақ ылғалдың қыстағы жеткіліксіздігі өсімдікке Гран-Чакодағыдай әсер етпейді. Әдетте, жазда жаңбыр мол түседі және осының әсерінен өзендер күшті тасып, жазық территорияны су басады және батпақтанып кетеді. Топыраққа сіңген ылғал құрғақ кезеңнің бас кезінде өсімдікке нәр береді. Құрғақ кезең басталысымен ақ өзендер бірте-бірте арнасына қайтады, сонымен бірге ағысының бағытын жиі өзгертеді. Баяу буланатын өсімдікті қоректендіреді. Бразилия таулы қыратының немесе Гран-Чаконың көршілес аудандарына қарағанда бұл жердің өсімдігі жасыл түсін, балғын қалпын анағұрлым ұзақ сақтайды.

Парагвай бассейніне жататын Гран-Чаконың өзендерінің де жаңбырлы маусымда суы молайып күшті тасиды. Олардың бәрі де ирелеңдеп ағып, жыл сайын тасыған кезде арнасын өзгертіп отырады. Грунтының сортаңдығын Гран-Чаконың кейбір өзендерінің және түгелдей дерлік көлдерінің суы ащы болады. Жазықтың ең аласа жерлерінде жаңбырлы кезеңде уақытша ащы көлдер пайда болады.

Аймақта жолдың мүлде болмауы жағдайында өзендердің транспорттық маңызы зор. Гран-Чаконың ішкі аудандарында апаратын негізгі жолдар - Парана мен Парагвай, сонымен бірге Парагвайдың тек жаңбырлы кезеңде ғана шағын кемлер өте алатын кейбір салалары.

Солтүстікте және шығыста су басатын жерлерде үлкен алаптарда өсімдігі қалың және жануарлар дүниесі бай батпақтар алып жатады. Батпақты өзен жағаларында пака деп аталатын дүние жүзіндегі суда болатын ең ірі кеміріушілер тіршілік етеді және көптеген құс ұялайды. Қызылқаз, құтан, көгершін, тоты және орман тауықтары өзен бойындағы қалың ормандарда жүреді. Кей жерлерде өзен бойында тек пальмадан дерлік түратын ормандар өседі, олардағы жеке ағаштардың биіктігі 40-50 метрге жетеді.

Құрғағырақ жерлерде щөп өсімдігіне бай және биік ағаштар өсетін кәдуілгі саванна алқаптарын кездестіруге болады. Гран-Чакоға ксерофиттік тропиктік ормандар мен бұта тоғайлары тән. Гран-Чаконың аласа сирек ормандарында ағаштардың бағалы түрлері көп, олардың ішінде атақты кебрачо бар. Кебрачоны кесу, өңдеу және тасу жұмыстармен халықтың көпшілігі айналысады.

Гран –Чаконың ең көтеріңкі және құрғақ алаптарында монте деп аталатын бұта тоғайлары таралған. Олардың құрамында мимоза, каперациялар және кактустар бар. Бұл тоғайлар ормандар мен қатар қазіргі кезге дейін көптеген жабайы жануарларды паналатып келеді. Гран-Чако фаунасының байлығы соншалық кейбір жануарларды аулау ол жерде сақталып қалған шағын үндіс тайпалары үшін тіршілік етудің көзі болып табылады. Мысалы, олар сауыттыларды аулайды, оның жұмсақ еті жергілікті халық үшін ғана емес, сонымен бірге үлкен қалалардың бай халқы үшін жеңсік ас болып есептеледі.

Халық негізінен өзен маңдарында тұрады, мұнда кебрачо күшті оталған. Онда ірі елді мекендер емес, ағаш кесушілер семьялары тұратын жеке лашықтар жиі кездеседі. Соңғы жылдарда Гран-Чакода мақта мен қант құрағынқолдан суарып өсіру кең етек жайып отыр.

Кордильер алды Пампа Сьеррасы

Түгелдей Аргентинаның алабында жатқан бұл аймақтың табиғат ерекшеліктері оның материк ішінде, Оңтүстік тропик пен 380 о.е. аралығында, Атлант мұхитынан алыста, оны Тынық мұхиттан бөлетін Андының тау бөктерінде жатқан географиялық орнымен байланысты. Жер бедеріне платформа шетінің неоген-анторпоген кезінде орогендік тау түзілудің нәтижесінде пайда болған мередиан бағытындағы жақпарлы жоталар мен оларды бөліп жатқан терең қазан шұңқырлардың және тегіс жақзықтардың кезектесіп отыруы тән. Аймақ алабында жер бедерінің әр түрлілігіне байланысты табиғат жағдайлары әр түрлі болатын шөлейт ландшафты басым.

Прекордильердің Пампа Сьерралары деп аталатын шығыстағы алдыңғы жоталары: Сьеррас-де-Кордова мен Сьеррас-Сан-Луисың биіктігі 2880 м-ге жетеді. Одан солтүстікке таман Гран-Чаконың батыс шекарасында биіктігі 5000 м-ден асатын Сьерра-дель-Аконкиха жатыр. Аймақтың батысындағы Кордильера-де-Фаматина биіктігі 6250 м-ге жетеді.

Жоталардың жоғарғы бөліктері ежелгі тегістелген жер бетінің алаптары болып табылады, ал беткейлері неогеннің аяғы мен антропогеннің басындағы опырықтардан пайда болған. Жоталарды бір-бірінен тас кесектерге толы опырмалы ойыстар бөліп жатады. Опырмалы ойыстар түбі 1000-2000 м биіктікте жатады және оны ішінара немесе түгелдей сор, тұзды батпақ және тұзы көл басады.

Батыста ірі ұзына бойы созылып жатқан тектоникалық ойыс аймақты Андының шығыс жоталарынан бөледі. Таяудағы жарылулардың нәтижесінде пайда болған бұл ойыс кейде күшті жойқын болатын жер сілкінулерге ұшырап тұрады.

Ойыстардың борпылдақ кайназой жыныстарынды мұнай бар; жоталарды құрайтын кристалды жыныстар түсті металдарға бай.

Тауаралық ойыстарда климат құрғақ және континентті, климаттың бұл белгісі шығыстан батысқа қарай күшейе береді. Жауын-шашын түгелдей дерлік жазғы кезде түседі, оның жылдық мөлшері Құрғақ Пампа алабындағы 250-300 мм-ден тауаралық ойыстар мен Анды алды ойыстарында 100 мм-ге дейін азаяды. Мұның өзінде жауын-шашын мөлшерінің жылдан жылға едәуір ауытқуы байқалады. Кей жылдары Мендоса немесе Сан-Хуан сияқты пунктерде жаңбыр мүлде түспейді.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері мередиан бағытындағы тау жоталарының шығыс беткейлерінде және олардың етектерінде көбейеді, өйткені онда Атлантика жағынан келетін ауа массалары Сьеррас-де-Кордованың және басқа жоталардың шығыс беткейлерімен көтеріледі де мол ылғал алып келеді. Кордовада, Тукумандада және жоталардың етектеріндегі басқа елді мекендерге, сондай-ақ сьерралардың шығыс беткейлерінде 500-ден 1000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі.

Оның есесіне жоталардың батыс беткейлерінде жауын-шашынның жылдық мөлшері күрт азаяды. Бұл ландшафтының бүкілкомплексіне әсерін тигізеді және кейде бір-біріне өте жақын орналасқан аудандарының арасындағы айырмашылықтың зор болуына жағдай жасайды.

Бүкіл аймаққа температураның тәуліктік күрт ауытқуы тән, ол қыс кезінде ойыстарда ерекше байқалады. Орташа айлық температура жылы болады (+8+100С), қысқы түндерде үсік түсуі мүмкін, қырау мол түсіп, тайыз су қоймаларда мұз қабыршақтанып қатады. Күндіз күн шыққанан кейін температура +200С-ден жоғары көтерілуі мүмкін.

Бүкіл аймақта су өте тапшы, оның үстіне грунның тұздылығына байланысты грунт және беткі суларының біразы тұзды болып келеді. Су ағындары Анды мен сьерралардың шығыс беткейлерінде пайда болады да, құмға барып сіңіп кетеді немесе Құрғақ Пампа мен ішкі қазан шұңқырлардың тұзды көлдері мен батпақтарына барып құяды. Өзендер жазда таудағы қардың еруінен және жаңбырлы кезде суға лық толады, ал жылдың басқа уақыттарында мүлде таяз болады.

Ойыстар алабындағы суарылған ауландар мен сьерралардың орман басып жатқан ылғалды шығыс беткейлерінен басқа жерлерде өсімдік жұтаң және айқын ксерофиттік сипатта болады. Сор немесе сусымалы құм алаптары кактус, қараған, мимоза немесе қатты астық тұқымдастар өсетін кең байтақ жерлермен кезектесіп суысып отырады.

 

Патагония үстірті. Патагония деп – Оңтүстік Американың оңтүстік-шығысында, яғни Аргентина территориясында орналасқан үстіртті айтады. Бұл 400 оңтүстік ендіктен оңтүстікте орналасқан жалғыз құрғақ аймақ. Мезозой мен үштіктің тұнбалы және жанартаулық қабаттарымен жабылған көне кристалдық жыныстардан түзілген. Бұл зонаға тән ерекшеліктердің бірі оның сұр топырағының құнарлылығы аз, өсімдіктері тапшы.

Патагония пайдалы қазбаларға өте бай. Атап айтқанда мұнай, газ, тас көмір, темір және марганец рудалары, уран.

Климаттың құрғақшылығына байланысты бұл жерлерде өсімдік жоқтың қасы. Патагония үстіртінде Анд тауынан Атлант мұхитына құятын өзендер өтеді. Оңтүстік Андының мұздықтары мен өзендері бұл жерлерді сумен қамтамасыз етеді, ал қалған энергия шаруашылықта пайдаланылады.

Құрғақшылық және құрғақ желдер өсімдік жамылғысына кері әсерін тигізеді. Шоқ ормандар тек Анд тауының етегінде кездеседі. Ал қалған Патагония жерлерінің өсімдіктері шоқ-шоқ болып, әр жерде өседі және солтүстікте малға азық болатын өсімдік түрлері өседі. Мәңгі жасыл өсімдіктер де кездеседі; кактус, опунция және т.б. Патагония жерлерінің кейбір жерлерінде сумен қамтамасыз етілген және желден қорғалған халық мекендейтін территориялар бар. Кейбір жерлерінде мүлдем су жоқ. Егін шарууашылыығына климат жағдайы қолайсыз болғандықтан, тұрғылықты халық арнайы қора салып,қой шаруашылығымен айналысады.

Патагонияда осы уақытқа дейін сақталған жабайы аңдар кездеседі; қой шаруашылығына кері әсерін тигізетін жәндік–пума, көзілдірікті аю, шиншилла, кей жерлерде жабайы ламалар сақталған. Құстардан; страус нанду,алып кондорлар және сирек кездесетін ең кішкентай құс–калибри.

Тектоникалық құрылымы мен орографиясы күрделі, орасан зор қашықтыққа созылған, Оңтүстік Американың шығыс бөлігі мүлдем өзгеше. Оның жер бедері климаты қалыптасуының заңдылықтары басқаша болады және органикалық дүниесінің құрамы да өзгеше болып келеді.

Андының табиғаты айта қаларлықтай алуан түрлі. Бұл ең алдымен оның солтүстіктен оңтүстікке қарай орасан зор қашықтыққа созылуына және Андының әр түрлі бөліктерінің геологиялық құрылысы мен орографиясының ерекшеліктеріне байланысты күрделене түсетін ендік зоналықтың әсеріне байланысты. Оның солтүстік, орталық және оңтүстік бөліктерінің бір-біріен өзгешілігі, мысалға Амазонияның Пампадан немесе Патагониядан айырмашылығыанан кем соқпайды.

Андының орографиясы мен тектоникасының негізгі ерекшеліктері жалпы шолуда қарастырылды. Олардың анағұрлым егжей-тегжейлі сипаттамасы шекаралы жер бедері ерекшеліктеріне және солтүстіктен оңтүстікке қарай зоналық жағдайлардың өзгеруіне байланысты анықталатын жеке физгеографиялық аймақтар көлемінде берілді.

Анды алабында экваторлық және субэкваторлық белдеулерде жатқан Солтүстік анд мен Солтүстік Анды, тропиктік белдеудің Орталық Андысы, субтропиктік Чили–Аргентина Андысы және қоңыржай белдеу алабында жатқан Оңтүстік Анды бөлінеді. Отты Жер–аралдық аймақ ретінде ерекше қарастырылады.

 

Батыс субконтинент

Солтүстік Анд тауының бүкіл тау құрылысы, палеозой мен мезозойдың қатпарланған жыныстарынан құралады және онда әр түрлі жастағы интрузиялар бар. Оның қазіргі жер бедері бірнеше қайта көтерілулердің әсерімен түзілген, синклиналь зоналардың майысу мен жарылуы қабаттаса жүрген соңғы көтерілу неогенде өткен. Солтүстік андның бүкіл тау жүйесі сейсмикалық жағдайда, бірақ сөнбеген жанартаулары жоқ. Таудың жер бедері жақпарлы, орта биіктіктегі, ең биік шыңдар 2500 м-ден асады, тау массивтері бір-бірінен өтпелі эрозиялық және тектоникалық ойпаңдармен бөлінген.

Құрлықтың және аралдардың лагуналы жағалауларын мангра тоғайларының жалпақ өңірлері жауып жатады, құрғақ ойпаттарда шырағдан тәріздес кактустан, опунциядан, сүттігеннен, мескиттен тұратын монте типтес тоғайлар басым. Осы жап-жасыл өсімдіктің арасынан сұр топырақ немесе сары құм көрініп жатады. Таудың мол сулы беткейлерінде және теңізге қараған жағындағы ашық аңғарларда аралас ормандар өседі. Оларда ағаштардың мәңгі жасыл және жапырағын түсіретін түрлері, қылқан жапырақты және жапырақты тұқымдары араласып кеткен. Таудың биік жерлерін жайылым ретінде пайдаланады. Теңіз деңгейінен шамалы биіктікте король пальмасы мен кокос пальмасының тоғайлары немесе жеке өскен ағаштары шоқ-шоқ болып бөлініп тұрады. Венесуэланың бүкіл солтүстік жағалауы жағажай, қонақ үйлері және парктері бар курорттық-туристік зонаға айналдырылған.

Теңізден Кордильера-да–Коста жотасымен бөлінген кең аңғарда және айнала қоршаған тау беткейлерінде Венесуэланың астанасы–Каракас орналасқан. Орманнан тазартылған тау беткейлері мен жазықтары кофе мен шоколад ағаштарының, мақтаның темекінің сизальдың плантациялары алып жатады.

Кариб теңізі жағалауында Колумбия мен Венесуэланың аумағында қолдың саласындай бытырап тарайтын жоталар тау бөктері ойыстарымен және кең тауаралық аңғарлармен кезектесе отырып, жалпы ені 450-км-ге барады. Оңтүстікте, Эквадор алабында, бұл тау жұйесі 100 км-ге дейін тарылады. Солтүстік Андының негізгі бөлігінің құрылысында Анд тау жүйесінің барлық басты оротектоникалық элементтері айқын көрінеді. Тынық мұхит жағалауын бойлап енсіз, аласа және күшті тілімденген Жағалық жота созылып кетеді. Орталық Кордильер–Колумбияның ең биік тау жотасы. Оның кристалды негізінде ең жанар таулық шыңдар көтеріліп тұрады, олардың ішінде Холима 5215 м биіктікке дейін көтеріледі.

Бұдан да шығысқа қарай, Магдалена өзенінің терең аңғарынан кейін аласарақ Шығыс Кордильер жотасы жатыр. Ол күшті қатпарланған шөгінді жыныстардан тұрады және орталық бөлігінде бассейін тәріздес кең көлемді ойпаңдармен бөлінген. Солардың бірінде 2600 м биіктікте Колумбияның астанасы Богота орналасқан.

Маракайбо мен Магдалена–Каука ойыстарын толтырып жатқан жас шөгінділерде мұнай мен газдың аса бай кендері бар. Бүкіл Солтүстік Анд зонасына платформа жағынан жас Анд маңындағы майысу ұштасып жатады, сонымен бірге бұл жерде мұнайлы қабат бар. Колумбияның оңтүстік бөлігінде және Эквадор территориясында Анд жіңішкереді және екі тізбектен ғана тұрады. Жағалық жота осы жерде бітіп, оның орнын төбелі жағалау жазығы басады. Орталық және Шығыс Кордильер бір жотаға бірігеді. Олардың ішіндегі ең биігі–сөнбеген жанартау Котопахи (5897 м) мен сөнген жанартау Чимбораср (6310). Осы тектоникалық ойыс алабында 2700м биіктікте Эквадордың астанасы–Кито орналасқан. Сөнбеген жанартау шоқтығы Оңтүстік Колумбия мен Эквадордың Шығыс Кордильерінде де шығып жатыр.

Солтүстік Андыда биіктік белдеулері айқын көрініс береді. Таулардың бөктері мен жағалық ойпаттар ылғалды, әрі ыстық болады, онда Оңтүстік Америкадағы ең жоғары жылдық орташа температура (+280С) байқалады. Сонымен бірге маусымдық айырмашылықтар жоқтың қасы.

Таулардың келесі белдеуін жергілікті халық «салқын жер» деп атайды. Оның жоғарғы шекарасы 3800 м шамасындағы биіктікте жатыр. Бұл белдеу алабында бір қалыпты температура сақталады, бірақ ол қоңыржай белдеудегіден гөрі анағұрлым төмен (не бары +100, +110С). Белдеуде аласа, қисық ағаштар мен бұталардан тұратын биік таулы гилея кездеседі. Түрлердің алуан түрлілігі, эпифит өсімдіктері мен лианалардың мол болуы биік тау гилеясы жазығының тропиктік ормандарына ұқсас келеді.

Орман флорасының басты өкілдері–мәңгі жасыл емендер, вересктер тұқымдасы, мирталар тұқымдасы. Аласа бамбуктар мен ағаш тәріздес папоротниктер. Теңіз деңгейінен үлкен биіктікке жатуына қарамастан, Солтүстік Андының салқын белдеуін ел қоныстанған. Шағын мекендер қазан шұңқырларды бойлап 3500 м биіктікке дейін көтеріледі. Халқының көбі үндістер, олар жүгері, бидай және картоп өсіреді.

Солтүстік Андының келесі биіктік белдеуі – Альпілік белдеу. Жергілікті халыққа ол «парамос» белдеуі деген атпен белгілі. Ол мәңгі қар жиегі маңында 4500 м шамасындағы биіктікте бітеді. Бұл белдеу алабында климат қатаң. Күндізгі температура жылы бола тұра, жылдың барлық мезгілінде түнде қатты үсіктер болады, қарлы боран соғады жән қар түседі. Жауын-шашын аз түседі, ал булану өте күшті. Парамостың өсімдігі ерекше және айқын ксерофитті түрге ие. Ол сирек өсетін шымды астық тұқымдастардан, төселіп өсетін, дегелек тәріздестерден немесе ашық гүлшоғыры бар биік (5 м дейін), қатты мамықтанған күрделі гүлді өсімдіктерден тұрады. Жер беті тегіс алаптарда көп жерді мүкті батпақтар алып жатады, ал тік беткейлердің тастақты жерлерінде ештеңе өспейді.

Солтүстік Андыда 4500 м-ден жоғарыда температура ұдайы төмен болып тұратын мәңгі қар мен мұз белдеуі басталады. Андының көптеген массивтерінде әльпі типіндегі үлкен мұздықтар бар

 

Орталық Анд.

Орталық Анд солтүстікте Эквадор мен Перудің арасындағы мемлекеттік шекарадан оңтүстікте 270о.е. орасан зор қашықтықта созылып кетеді. Бұл тау жүйесінің ең енді бөлігі, оның ені Боливия алабында 700-800 км-ге жетеді.

110 о.е. оңтүстікке қарай Андының орта бөлігін таулы үстірттер алып жатады, олардың екі жағынан Шығыс және Батыс Кордильер жоталары жарыса жүреді.

Батыс Кордильера сөнген және сөнбеген жанартаулары бар биік тау тізбегі болып табылады. Боливия алабында Батыс Кордильер Андының бас су айрығын құрайды.

Солтүстік Чилиде Тынық мұхит жағынан биіктігі 600-1000 м-ге баратын Жағалық Кордильер тізбегі кіреді. Оны Батыс Кордильерден Атакама шөлінің тектоникалық ойысы бөліп жатады. Жағалық Кордильер тура мұхиттың өзіне тік құлайды да, кеме тұруға өте қолайсыз түзу сызықты жартасты жаға құрайды. Перу мен Чили жағалауларын бойлап мұхиттан жартасты аралдар шығып жатады. Жағалардағы жартастардағы сияқты ол аралдарда да миллиондаған құстар ұялайды да, бұл елдерде кеңінен пайдаланатын аса құнды табиғи тыңайтқыш–гуаноны үйіп тастайды.

Батыс және Шығыс Кордильердің аралығында жатқан, жергілікті халық Чили мен Аргентинада–пуна, ал Боливияда–альтиплано деп атайтын Анд таулы үстірттерінің биіктігі 3000–4500 м-ге барады. Олардың бетінде ірі тас кесектер немесе сусымалы құм үйіліп жатады, ал шығыс бөлігін жанартаулық жыныстардың қабаттарынан тұрады. Кей жерлерде ішінара көлдер алып жатқан ойыстар кездеседі. Бұған 3800 м биіктікте жатқан Титикака көлінің қазан-шұңқыры мысал бола алады. Бұл көлден оңтүстік- шығысқа таман теңіз деңгейінен 3700 м биіктікте, үстірттің бетін тіліп түскен терең шатқалдың түбінде және оның беткейлерінде Боливияның басты қаласы–дүние жүзіндегі ең биік таудағы астана–Ла-Пас орналасқан.

Таулы үстірттің бетін оның орташа биіктігінен 1000-2000м асып жататын биік жоталар әртүрлі бағытта кесіп өтеді. Жоталардың шыңдарының көбі сөнбеген жанартаулар. Суайрық Батыс Кордильерді бойлап жатқандықтан, тау үстіртін шығысқа қарай ағатын және терең аңғарлар мен дүлей шатқалдар жасайтын өзендер кесіп өтеді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.)