АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 25 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Материктің ішкі аудандарында бүкіл жыл бойына континентальды тропиктік ауа басым болады және жылдық жауын-шашын қосындысы 250мм-ден аспайды. Салыстырмалы ылғалдылық 30-40%-ке тең, ал жылдық әсіресе тәудіктік температуралық амплитуда өте үлкен. Қыста оңтүстіктен суық ауа массасының енуіне байланысты суық бірден түседі. Топырақ бетіндегі аяз ־5ᵒжетеді.

Австралияның қиыр оңтүстігі, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа Зеландияның солтүстік аралдары субтропиктік климат белдеуінің алабына енеді. Материктің оңтүстік батысында жауын-шашын тек қыста жауады және оның мөлшері батыстан шығысқа қарай кемиді. Жазда аймақ Оңтүстік Үндінің максимумының ықпалына ұшырайды. Температура жағдайы әсіресе жазда өте тұрақсыз. Әдетте оның бұзылуы солтүстік күшті ысыған ауаның кіруіне байланысты. Ол кейде 40ᵒ-ден асып түседі, алайда оңтүстіктен жиі жиі келетін суық пен ылғалды желдер бұл жылы ауа ағысын ауыстырып тұрады. Австралияның оңтүстік шығысында, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа Зеландияда климат бірқалыпты ылғалды, жауын-шашын жазда көп жауады. Оны шығыс жіне солтүстік шығыс желдері тікелей теңіз жақтан әкеледі. Қыста жауын-шашын полярлық фронтқа байланысты. Тропикалық фронттан бұл аймақ орташа температурасының анағұрлым төмен болуымен ерекшеленеді. Тауда аяз −20ᵒС төмендейді. Австралияның оңтүстік жағалауларының орта бөлігі Эйр түбегінің екі жағынан жауын-шашынды өте аз алады және маусымдық температурасының едәуір айырмашылығымен сипатталады. Жауын-шашын онда қыста аз мөлшерде жауады.

Тасманияның оңтүстік бөліктері мен Жаңа Зеландияның қоңыржай белдеуге енеді. Бұл аралдардың климат жағдайлары үлкен ылғалдылық және температурасының бірқалыптылығымен көзге түседі. Батыс айналымның тұрақты әсері әсіресе жауын-шашынның батыс жағалауларда жіне таудың батыс баурайларында мол түсуіне жағдай туғызады. Қыстағы аяз -5,7ᵒС-ге дейін болатын таулы аудандардан өзге жерлерде жаз бен қыстағы температураның айырмашылығы шамалы болады.

Австралияның тропикалық флорасының қалыптасуы бор кезеңінде басталады және кайнозойдың басында Австралияның құрлықтың басқа учаскелерімен құрлық арқылы байлансы болған кезде жалғаса түсті. Мезозойдың аяғына дейін Австралия Оңтүстік Америкамен және Антарктидамен қосылып жаттаы, шығыстағы, солтүстіктегі аралдармен, олар арқылы Азиямен байланыс неогенде де болған еді. Мұнымен Австралияның оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен, сондай-ақ Азиядан және Мұхиттық аралдармен кейбір флоралық ортақтығы осыған байланысты. Кайнозой кезеңінің ортасынан бастап ақ Австралия басқа материктерден оқшауланып қалған болса керек. Сондықтан оның флорасының құрамында әлемнің басқа бөліктерінде кездеспейтін элементтер басым келеді. Екінші жағынан, Австралия флорасында басқа материктерде кең таралған көптеген тұқымдастар жоқ. Сондай-ақ материктің флорасында өсіруге жарамды азықтық өсімдіктердің болмауы да қызықты, сол себепті Авсралияның байырғы халқы егін шаруашылығын білмеген.

Австралия террииториясының өзінде флора қалыптасуының өзара байланыссыз орталықтары болды: оның біреуі оңтүстік батыс пен орталық бөлікте, екіншісі шығыста еді. Осы орталықтардың арасында теңіз бассейні жатқан болатын, ол құрғады да, өсімдік антропогеннің басында өсті.

Антропогенде Авсралияны мұз басқан жоқ, оның климаты мезозойдың соңынан бері қауырт өзгеріске ұшыраған жоқ.

Авсралия флорасы дамуының барлық осы ерекшеліктері оның негізгі белгілерінің қалыптасуына ежелгілігі мен эндемизмнің жоғары дәрежеде болуына себепші болды. Эндемик өсімдіктердің көптігіне қарай жер шарында Авсралиялық өсісмдіктер патшалығына тең келетін жер жоқ оның алабында өсетін өсімдік түрлерінің 75 % -і эндемик өсімдіктер. Мәселен, эквалипт туыстардың барлық 600 түрі дерлік, қарағанның 280 түрі, казуариннің 25-ке жуық түрі эндимик болып табылады. Аруакария, протея, оңтүстік шамшат өсімдіктері Антарктика және Қап флорасына ортақ болады.

Қазіргі климаттық жағдайға байланысты Австралия мен мұхиттық аралдардың топырақты өсімдік жамылғысы шеткі аймақтарынан материктің орталағына қарай, барған сайын ксерофитизациялана түсу жағына қарай өзгереді.Аралдардың және материктердің оңтүстік жиегіндегі ылғалды тропиктік және субтропиктік ормандары ішкі бөліктер бағытына қарай саванналармен, сирек ормандармен және бұталы тоғайлармен, ал одан соң шөлейт, шөл формациялармен ауысып отыравды.

Экваторға іргелес жатқан Жаңа Гвинея аралының солтүстік бөлігі мен ұсақ аралдардағы ылғалды тропиктік ормнадарда өсімдіктердің азиялық және эндемик түрлері көп, сондай-ақ авсралия өсімдіктерінің саны да едәуір. Жағалауларға жақын жерлерде бұл ормандарды мангр тоғайлары ауыстырады.

Австралия материгінде ылғалды тропиктік ормандар аз. Олардың неғұрлым кең алабы жауын-шашын мол және тұрақты жауатын Кейп Йорк түбегінің шығыс жағалауында 20ᵒ солтүстікке қарайғы жерде болады.

Австралияның солтүстігіндегі өзен аңғарларын бойлай ылғалды тропиктік орман суайрықтарындағы саванналар мен сирек ормандар таралған аймаққа ұласады.

Австралия мен Жаңа Гвинеяның ылғалды тропиктік ормандары пішініне, ішінара құрамына қарай Оңтүстік Азия ормандарына ұқсас келеді. Онда кейбір пальмалар, лавр, фикус пен бұршақ тұқымдастары өседі. Лиандар улы шырмауық, бұрыш және ротанг пальма-лианы болып саналады. Австралияның ылғалды тропиктік ормандарында азия мен австралиялық элементтерінен басқа антарктида мен кап флорасының кейбір өкілдері кездеседі. Бұл ормандардың топырақтары батпақты ойпаттарда күлгін түсті қызыл топырақ типіне, баурайлар мен суайрықтарында күлгін латеритті топырақ типіне жатуы мүмкін.

Қалың тропиктік ормандар сондай-ақ Австралияның Үлкен Суайрық жотасын бойлай көтеріліп, Австралияның бүкіл шығыс шетін жауып жатыр. Бұл ормандар кәдімгі ылғалды тропиктік ормандардан түр құрамының біршама кедейлігімен және пальма мүлде жоқ дерлік эвкалиптің алуан түрлерінің басым болып келуімен ерекшеленеді. Алайда бұл ормандардың ағаштары орасан зор биіктікке жетеді де, ал лиандары мен эпифиттерінің молдығы жөнінен олар ылғалды тропикалық ормандардан кем түспейді. Олардың түптерінен қызыл-сары ферралит топырағы түзіледі.

Шығыс Австралия ормандарының фонында өсетін эвкалиптер сыртқы түрлері мен көлемдері жөнінен өте әр түрлі. Олардың кейбіреулерінің жапырақтары көгілдір немесе сұрғылт түсті келеді, бұл оларға өзгеше және біршама өңсіз түр береді. Бұл ормандар үшін сондай-ақ ағаш тәріздес және шөп тәріздес папоротниктер тән. Алуан түрлі эпифитті өсімдіктер көбіне ашық әрі әдемі гүлдейді. Олардың арасында әсіресе орхидей тұқымдастарының әр түрлі өкілдері ерекше көзге түседі.

Австралияда тропиктік сирек ормандар мен саванналар едәуір үлкен аудан алып жатыр. Олар материктің солтүстігінде көбіне 20ᵒ оңтүстік ендіктен солтүстікке қарай үлкен кеңістікті жауып жатыр. Шығыста ашық түсті саванналы ормандар мен кәдімгі саванналар оңтүстікке қарай едәуір сұғына ене түскен. Ормандар, сондай-ақ Жаңа Гвинея аралының оңтүстігіндегі кеңістікті де алып жатыр.

Австралия саванналарын ылғалды маусым кезінде сарғалдақ, лала гүл және орхидей тұқымдас ашық гүлдім өсімдіктер, әр түрлі астық тұқымдастар жауып жатады.Саваннаға тән ағаштар бұтақтары жіп тәріздес жапырақсыз,эвкалипт, қараған, казурин ағаштары. Сондай-ақ,сабағы жуан, ылғал қорын жинайтын ағашта да кең таралған. Олар ̶ Stzeculazia туыстастарының бөтелке ағашы деп аталатын бірнеше түрлері.Осы өзгеше өсімдіктердің болуы ̶Австралия саванналарын басқа материк саванналрынан біршама ерекше көрсетеді.

Саванна негізінен эвкалиптердің әр түрлерінен тұратын сирек ормандармен үйлесіп келеді. Мұндай ормандарда ағаштар сирек болады, сондықтан құрғақ маусым кезінде топырағы құрғап, жаңбыр кезінде құлпыра көктейтін қалың шөптермен көмкеріліп қалады. Эвкалипт ормандары Кейп ̵ Йорк түбегінің үлкен бөлігі мен Австралияның солтүстік жағалауларының кең алқаптарын жауып жатады.

Саванналардың ағаш тектес өсімдіктері мен эвкалипті ормандарын жергілікті халық жыртуға жарамды, топырақтағы ылғалды сақтайтын жер алу үшін өртейді. Эвкалипт ылғалды үлкен мөлшерде буландырады, сондықтан қуаң аймақтарда ол ауыл шаруашылығына зиян келтіреді.

Австралия саванналарының топырағы қызыл, ферралит тәріздес топыраққа жатады, ал неғұрлым құрғақ жерлері қызыл қоңыр, сілтілігі күшті және қызыл қоңыр сілтілігі әлсіз топырақ болып келеді.

Австралияның солтүстігі мен шығысының неғұрлым ылғалды аймақтарының материктің орталық және батыс бөлігінің неғұрлым аймақтарына ауысуы біртіндеп болады. Шығыстан батысқа және солтүстіктен оңтүстікке жылжыған сайын орман сиреп, барған сайынн ксерофитті түске ие болады. Бірте-бірте олар Австралияда скрэб деп аталатын өзгеше бұталы тоғайларға ауысады. Скрэб бүл тікенді бұталы тоғайлар немесе аласа өсетін ұсақ жапырақты қабықты ағаштар. Олар көбінесе эвкалипт пен қарағаннан тұрады. Онда белгілі бір немесе басқа өсімдіктің басым болуы немесе эвкалипт пен қарағанның азды-көпті бірқалыпты үйлесіп келуіне қарай әр түрге бөледі. Сондай-ақ скрэб құрамында протеин ағаштары мен казуарин көп. Скрэб тоғайлары шөлейттің климат жағдайларына сай келіп, материктің орталық жазығы мен батыс шетінде үлкен кеңістікті жауып жатыр. Скрэб тоғайларының астындағы топырақ қызыл қоңыр көбіне шөл аймаұтардың құрылымы нашар топырағына ауысатын сортаң топырақты келеді.

Батыс Австралия таулы үстіртінің шөлді аудандарында сондай-ақ ішінара орталық жазықта үлкен аудандарды Спинефекс шөлі деп аталатын шөл алып жатыр. Австралияда Спинефекс деп сүйір жапырақты қатты дәнді айтады, олар – Spinefex және Tziodia деген екі түрге бөлінеді. Сусымалы құмдарда және тастақьы жерлерде сирек бірақ тығыз бұталы дерновина түзеп өседі.

Материктің орталық неғұрлым құрғақ бөліктеріндегі үлкен кеңістікте өсімдік мүлде жоқ және бүтіндей қиыршық тасты немесе көшпелі құм төбелер учаскелері болып келеді.

Батыс Австралия таулы үстіртінің тасты шөлдері үшін қалың қатты қабат жамылған учаскелер тән, ол жер қазіргі климат жағдайларына сай келмейді және неғұрлым ылғалды климат жағдайында қалыптасқан ежелгі түзілім болып табылады. Материктің оңтүстігінде шөл тура теңізге дейін келеді, онда құнарсыз әк тасты Налларбор жазығында тек селдір алабота бұталары мен кейбір сораңдарды немесе тырбық эвкалипт тоғайларын кездесетіруге болады.

Австралияның оңтүстік батысы мен оңтүстік шығысында ағашты және бұталы субтропиктік өсімдіктер басым, аладйа флорасының құрамында айырмашылық бар.

Оңтүстік ̵ батыс Австралияның климаты жерорта теңіздік климатқа жақын. Материктің осы бөліктеріндегі өсімдіктер дүниесі үшін міңгі жасыл түсті эвкалипт ормандары тән, 80 – 100м биіктікке жететін әр алуан түрлердің биік сабақты эвкалиптері ағаш тәріздес Xanthorhea лалагүл тұқымдастарға жататын ірі шоқгүлдер беріп, бұталы келетін шоқ тоғайлармен үйлесіп келеді. Материктің түкпіріне жылжыған сайын бұл ормандар кәдімгі Австралиялық түрлерден тұратын Максвис тәріздес бұталы тоғайларға ауысады. Олардың астыынң топырағы сілтісіз қоңыр топырақты келеді.

Австралияның қиыр оңтүстік шығысыының ылғалды субтропиктік климаты және тасманияның мұхиттық қоңыржай климаты өсімдіктер жамылғысы және флоралар құрамы бойынша едәуір ұқсас. Онда тек Австралиялық өкілдерден ғана емес сондай-ақ антарктикалық флорадан тұратын мәңгі жасыл ормандар басым. Бұл ормандарда тағы да басты ролбді эвкалиптер оның ішінде биіктігі 150м-ге жететін алып маңғаз эвкалипт миндал эвкалипті және басқалары алады, алайда олармен бірге бірқатар антарктика флорасына тән мәңгі жасыл шамшат тұқымдас және қылқан жапырақ тұқымдастар таралған. Папоротниктер менәр түрлі лиандар үлен ролб атқарады. Сыртқы түрлері жағынан сондай-ақ едәуір дәрежеде құрамдары жағынан бұл ормандар Оңтүстік Чилидің ылғалды ормандарын еске түсіреді.

Мәңгі жасыл реликті ормандар сондай-ақ Жаңа Зеландияның едәуір ауданын, әсіріесе таудың батыс баурайларын жауып жатыр.сыртқы кескіні жағынан ормандар Австралияның оңтүстік шығысындағы ормандарға ұқсас: олар сондай-ақ тығыз және лиандар мен эпифитті өсімдіктерге бай. Алайда олардың құрамдарының түрі Австралия мен Тасмания ормандарының құрамдарынан өзгеше. Жаңа Зеландия Палеотропиктерге жататындықтан айырмашылықтары соншалық үлкен, айрықша ішкі аймаққа бөлінеді. Оның флорасы айқын аралдық сипатқа ие және 80%-і дерлік эндемиялық түрлерден тұрады. Оның құрамында пальма аз, эвкалипт пен қараған мүлде жоқ,т бірақ оның есесіне оңтүстік шамшат ағаштары ағаш тәрізді папоротниктер, араукарий тұқымдас қылқанды ағаштар, магнолиялар т.б. мол кездеседі.

Оңтүстік Батыс Австралия, Тасмания және Жаңа Зеландия ормандарында қоңыр және сары-қоңыр орман топырақтары таралған.

Австралияның өсімдіктер жамылғысында бағалы ағаш, эфир майын, тері илейтін заттар, азықтық жемістер, ағаштың тамыры немесе шыбықтарын беретін бағалы түрлер көптеп кездеседі. Көптеген өсімдіктерді жергілікті халық ертеден ақ кең пайдаланған, мәселен шөптік ағашының тамырлары мен бүршіктерін тағамға қолданады, ал талшықтары арқан, тіпті мата дайындауға да пайдаланылады. Алайда материктің жабайы флораларын, жоғарыда айтылғандай, егеншілік мәдениеті үшін өсімдіктер берген жоқ. Көптеген мәдени өсімдіктер – астық дәндері, техникалық және бақша дақылдары, жеміс ағаштары және басқалары Австралияға әкелінді және қазір оның ландшафтында енді маңызды роль атқарады. Кейбір әкелінген өсімдіктер үлкен зиян келтірді. Мәселен, опунцияның бір түрінің Шығыс Австралияның кейбір аудандарында жиі өскендегі сондай ауыл шаруашылығында пайдаланатын 20млн.гектарға жуық құнарлы жерді істен шығарды. Опунцияны құрту үшін Оңтүстік Америкадан оның зиянкестері әкелінді, сөйтіп олар бұл өсімдіктің тарауын шұғыл азайтты.

Австралия фаунасы түрлерінің байлығымен ерекшеленбейді, әсіресе аралдар фаунасы кедей. Мұның себебі мынау, материк пен аралдар ежелден ақ жер шарының басқа бөліктерінен бөлек тұрды және олардың фаунасы оқшау жағдайда дамыды. Екінші жағынан, Австралия фаунасында Оңтүстік Америка, Антарктика мен Оңтүстік Азия фауналарының ортақ немесе туыс кейбір өкілдері бар.

Австралия мен мұхиттық аралдардың фаунасында ұқсастық тармен қатар, үлкен айырмашылықтар бар, бұл ішкі аймақтарды бөлуге мүмкіндік береді: ол – материк пен Тасманияны, Жаңа Гвинеяны, Жаңа Зеландияны және Полинезияны қосып алатын Австралиялық аймақ.

Австралия фауналарына тән нағыз белгі – төменгі сатыдағы сүт қоректілердің: біртесіктілер мен қалталылардың кең таралуы. Біртесіктілер немесе клоалылар, туыстастардың екі тегінің өкілі – үйрек тұмсықтылар мен ехидналар, олар тек материк пен кейбір аралдарда ғана сақталған. Қалталылар Австралияға салыстырмалы жуық шамада – антропогеннің басында келген. Австралия аймағында қалталылардың 130-ға дейін түрлері бар, оның үстіне олар жоғарғы сүтқоректілердің әртүрлі биологиялық типіне сай келетін түрлі топтарды көрсетеді. Олар – қалталы жыртқыштар, кемірушілер, өрмелеушілер, насеком қоректілер, шөп қоректілер.

Австралия материгінің әр түрлі бөліктерінің фаунасының, өазіргі табиғат жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ішкі әртүрлілік, сондай-ақ тарихи дамудың жағдайларына байланысты. Мәселен, ұзақ уақыт бойы теңізбен бөлініп жатқан Австралияның батыс және шығыс бөліктерінің арасында үлкен түр айырмашылықтары бар.

Австралияның солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Жаңа Гвинеямен кейбір басқа аралдардың ылғалды тропиктік және субтропиктік ормандарына әр түрлі өрмелеуші жануарлар тән. Әсіресе, қалталы аю немесе коала, қалталы жалқау деп аталатындар қызықты. Ол тіршіліктің түнгі дағдысын жүргізеді және уақытының көбін ағаштарда, олардың жапырақтарымен қоректеніп өткізеді. Бұдан басқа көбіне тіршілігін ағашта өткізетін кузу(trichosurus), қант тиіні және ағаш кенгуруы көп таралған. Жаңа Гвинеяда көршілес Азия фаунасының кейбір өкілдері, мәселен, жабайы шошқа бар.

Тропиктік орман құстары алуан түрлі және бай келеді. Лира құйрықтылар(menula superba), австралия фаунасының эндемиялық өкілі нағыз казуар(casuarius), шұбар және ашық бояулы пейіш құстары, әр түрлі тоты құстар, американ колибриінің туысы, сыртқы түрі мен қоректену тәсілі жағынан оларды еске түсіретін – бал сорғыш құстар. Австралия аймағы үшін тән эндемия – қоқыс тауықтар немесе үлкен аяқ тауықтар(медарос-lidae), бір қызығы, олар жұмыртқаларын баспайды, оларды әр түрлі шіріген қоқыстарға көміп тастайды. Суаттарда австралия крокодилдері мен тасбақалары мекендейді. Қосмекенділер өкілдерінен ағаш көлбақалар бар.

Материктің солтүстігі мен шығысының ылғалды ормандарында буынаяқтылар: әртүрлі эндемиялық құмырсқалар, көбелектермен қоңыздар көп. Солтүстігінде австралиялық жауын құрттары(medascolicidae) мекендейді. Олардың ұзындығы бірнеше метрге жетеді.

Австралияның өзендері мен көлдерінде суда жүзетін көптеген құстар мекендейді. Жергілікті түрлерден басқа, онда Сібірден, солтүстік жарты шардан өыс уақытында ұшып келген қонақтарды кездестіруге болады.

Австралияның ішкі сулары балыққа бай, олардың арасында эндемиялық және өте ежелгі түрлер таралған. Триастан бері өзгермеген түрде сақталған қос тынысты рогозуб(мүйіз тісті)(neoceratodus forsteri) балығы да тамаша. Олар тек материктің шығыс бөлігінің аздаған өзендерінде ғана кездеседі.

Австралияның солтүстік және орталық бөліктері, саванналарының, бұталы тоғайлары мен ашық кеңістіктерінің фауналары бұдан да өзгеше. Шөп қоректі жануарлар үшін азық қорлары мол аймақтарда кенгурудың бірнеше туыстары мен көптеген түрлері мекендейді. Кенгурулар әдетте үйірімен тіршілік етеді. Қауіп төнген жағдайда олар қатты секіріп, жылжиды. Ең зор кенгіру(Macropus major) секіргенде ұзындығы 10метрге және биіктігі 2-3метрге дейін жетеді. Жартастар мен бұталы нулар арасында валлаби кенгуруы өмір сүреді.

Кенгуруды адам мен австралиялық динго иті(canis dingo) қатты қырып жібереді. Динго иті жирен жүнді, шағын жануар, өте төзімді, шапшаң әрі ұзақ шабуға икемді. Олжасының ізіне түсе отырып, ол көп сағаттар бойы талмай жүгіруі мүмкін. Қазір бұл жыртқыштар Эйр көлі маңайындағы үлкен территорияға таралған. Өзінің тұрақты мекендерінен олар түрлі бағыттағы үлкен қашықтықтарға азық іздеп барады. Кенгурудан басқа олар көптеген басқа жануарларды қырып жойды. Әсіресе ол қой өсірушілерге үлкен зиян келтіруде. Кейбір аудандарда қой өсіру динго итіне байланысты тиімді бола алмауда. Олар сондай-ақ қарусыз адамдарға, әсіресе балаларға шабуыл жасайды.

Шөп пен бұта жамылған аймақтарда, сондай ақ қалталылар: вомбат, көртышқан, егеуқұйрық, борсық, құмырсқа жегіштер тіршілік етеді.

Бұталы тоғайларда денесін тікен жапқан сүт қоректі, жергілікті эндемия – ехидна(echidna aculeatа) мекендейді. Үйректұмсықтар сияқты ехидна да өзінің балаларын жұмыртқадан өргізеді, ал негізінен құмырсқа илеуіне ұзын жабысқақ тілін сұғып жіберіп, құмырсқалармен қоректенеді. Ол түнде тіршілік етеді. Ехиднаны дәмді еті үшін аулайды.

Құстардың ішінен ормансыз кеңістіктерде австралия түйеқұсы эму егінге үлкен зиян келтіретін шөпқоректі тоты құстар, суда жүзетін және суда мекендейтін, көпшілігі солтүстік жарты шардан ұшып келген әр түрлі құстар кездеседі.

Жыландар мен кесірткелер көп. Жыландардың ішінде улы жыландар басым. Молох кесірткесінің денесіндегі тікенекті айрықша шор ауадан ылғалды жұтады, бұл қуаң климат жағдайына бейімделудің амалы болып табылады.

Насекомдар мол, әсіресе өзінің құрылыстарымен зор кеңістікті жауып жатқан термиттердің тығыздығы соншалықты, кейбір жерлерден өтуді қиындатады. Сондай ақ құмырсқалар да таралған. Ауыл шаруашылығына ауыртпалық тигізетін шегіртке болып табылады. Москит, маса мен шыбын адамдарға үлкен зиян келтіреді.

Тасмания аралының жануарлар дүниесі кейбір өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Онда, мысалы, қалталылардың материкте жоқ екі өкілі: қалталы қасқыр және қалталы пері сақталған. Қазір олар өте сирек кездеседі. Қалталы қасқырларды тіпті мүлдем құрыған деп те санайды. Аралдың оңтүстік бөлігінде антарктика фаунасына тән өкіл – пингвин кездеседі.

Жаңа Зеландия фаунасы үлкен өзгешелікпен ерекшеленеді. Ежелден бергі аралдық жағдайына байланысты ол түрлерге, әсіресе сүтқоректілер түрлеріне кедей. Бірақ оның есесіне онда кейбір ежелгі жануарлар сақталған, оларды тірі қазбалар деп дұрыс атайды.

Жаңа Зеландия фаунасы қазіргі фауналардың ең ежелгісі және өз құрамдарында мезозойдың соңы мен палеогеннің басындағы өкілдерді сақтап келген.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.)