|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
К І Р І С П Е 26 страницаЖаңа Зеландияның құстар дүниесі эндемиялық және ежелгі форманың ең көп мөлшерін сақтайды. Онда қанатсыздар отрядының ежелгі өкілдері киви, жапалақ тұқымдас тоты құс және басқалары тіршілік етеді. Европалықтар келгенге дейін ақ биіктігі 5метрге жететін алып құс моа құртылып жіберген. Бауырымен жорғалаушылардан әсіресе кесірткелер көп, олардың ішінде қазіргі уақытта жойылған дерлік, мезозойдан бері сақталған гаттерия бар. Оның есесіне Жаңа Зеландияда жылан, тасбақа мен крокодил жоқ. Австралиядағы және оған жақын аралдардағы ағыс ерекшеліктерін төмендегідей цифрлар жақсы көрсетеді: Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландия өзендерінің ағыс көлемі 1600 км3-ге тең, ағыс қабаты 184 мм, яғни Африкадағыдан сәл көп. Австралияның жеке ағыны көлемі небары 46 мм құрайды, яғни басқа материктердің барлығына қарағанда бірнеше есе аз. Бұл материктің үлкен бөлігінде жауын-шашынның аз түсетіндігіне және оның алабында биік таулар мен мұздықтың жоқтығына байланысты. Ішкі ағын аймағына Австралияның беткі бөлігінің 60%-і жатады. Шамамен территорияның 10%-і Тынық мұхитқа, қалған бөлігі Үнді мұхиты бассейніне тиісті. Материктік басты суайрығы – Үлкен Суайрық жотасы, оның баурайларынан неғұрлым ірі және суы мол өзендер ағып жатады. Бұл өзендер тек жаңбыр суынан ғана толығады. Жотаның шығыс баурайының қысқа және тік келуі себепті Маржандар теңізі мен Тасмания теңізі жақтарына қарай ағысы күшті, қысқа өзендер бұралаңдап ағады. Азды-көпті біркелкі су ала отырып, олар Австралияның ең суы мол және жазғы максимумдары айқын байқалатын өзендері болып табылады. Жоталарды кесіп өтіп кейбір өзендер шоңғалдар мен сарқырамалар түзейді. Ең ірі өзендердің (Фицрой, Бердекин, Хантер) ұзындықтары бірнеше жүздеген километр. Олардың кейбіреулерінің төменгі ағысынан 100 км және одан да көп жерінде кеме жүзеді, сағалары мұхит кемелерінің жүзуіне де қолайлы. Сондай ақ Арафур және Тимор теңіздеріне құятын Солтүстік Австралия өзендерінің де суы мол. Олардың ішіндегі елеулісі Үлкен Суайрық жотаның солтүстігінен ағып шығатындары. Алайда Австралияның солтүстігіндегі өзендер режимі жаз бен қыста жауын-шашын түсуінде елеулі айырмашылық болатындықтан, шығыс өзендеріне қарағанда әркез тұрақты бола бермейді. Олардың суы көбейіп, жазғы муссондық жаңбырлар кезінде арнасынан жиі жиі асып кетеді. Қыс уақыттарында бұл баяу ағатын енсіз су ағыстары бас алатын кей тұстарында кеуіп қалады. Солтүстіктің неғұрлым ірі өзендері – Флиндерс, Виктория мен Ордтың бірнеше ондаған км төменгі ағысы кеме жүзуге қолайлы. Сондай ақ тұрақты су ағыстары материктің оңтүстік-батысында да бар. Бірақ олардың барлығының режимі өте тұрақты су ағыстары жоқ. Бірақ онда плювиалдық дәуір жағдайында қалыптасқан, бұрынғы өріс алған су жүйелерінің қалдығы болып табылатын құрғақ арна тармақтары бар. Бұл құрғақ арналар суға жаңбырдан кейін өте қысқа мерзімде толығады. Мұндай дүркіндік су ағыстары Австралияда крик деген атаумен белгілі. Олар әсіресе Орталық жазықтықта, кеуіп бара жатқан ағынсыз Эйр көліне қарай бағыт алған жақта өте көп. Налларбордың карсты жазығында тіпті дүркіндік су ағыстары да болмайды, алайда Үлкен Австралия шығанағына қарай ағатын жер асты су жүйесі бар. Австралияның ірі өзен жүйесі – Муррей(Марри) – Дарлинг жүйесі. Бұл өзендер Үлкен Суайрық жотадан ағып шығып, оңтүстік ойпатта қосылады. Муррей Дарлингтен қысқа болуына қарамастан, бұл жүйедегі басты өзен болып саналады, өйткені Дарлингке қарағанда суы анағұрлым мол болады. Муррейдің ұзындығы 2570км, Дарлингтің ұзындығы 2740км, бұл өзендер бассейнінің ауданы 1057мың км2, Дарлинг ойысынан төмен жердегі Муррейдің орташа шығыны 330м3/с-тан төмен. Муррейдің екінші ірі саласы – Маррамбиджи, оның ұзындығы – 2172км. Муррей мен Дарлинг жүйесіне кіретін бүкіл өзендердің режимі өте әр түрлі болады. Олардың суы негізінен жауын-шашын есебінен және белгілі мөлшерде австралия Альпілерінде жауған қар есебінен толығады. Сондықтан су шығынының ең көбі жазда, Муррей мен Дарлингтің деңгейі көтеріліп, олар ойпаң жазықтыққа құйып, кейде бүліншілік су басу туғызған кезде болады. Сөйтіп өзендер кесек материалдардың есепсіз көп мөлшерін алып кетіп, өзен арнасын бітеп тастайды, бұл салалардың бас өзенге құюына жиі кедергі жасайды. Зендер арнасы жазықтық алабында бұралаңдап ағып көптеген тармақтар құрады. Муррей мен Маррамбиджи өзендері аралығындағы түгелдей өзен тосқындары үйілген жерлерде арналар барлық бағытта қиылысады, жазғы тасқын кезінде олар су астында қалады. Қысқы құрғақ кезеңдерде Муррей бассейнінің өзендері күшті таяздайды. Бас өзеннің деңгейі айтарлықтай төмендейді, бірақ әдетте бүкіл өн бойында үздіксіз су ағыстары сақталады. Тек ең күшті қуаңшылық жылдары Муррейдің жоғарғы ағысының жекелеген учаскелері толығымен кеуіп қалады. Муррей-Дарлинг өзендері жүйесінің шаруашылықтық үлкен маңызы бар, өйткені олардың сулары құнарлы, бірақ ойпаттың қуаң жерлерін суаруға пайдаланады. Осы мақсатпен ірі су қоймалары жасалған. Тұрақты режимнің жоқтығы кеме жүруді қиындатып, өзендердің аккумуляциялық әрекетін күшейте түседі. Мәселен, Муррей сағасында сынық материалдардың үйіліп қалғаны соншалық, онда теңіз кемелері де мүлде жүзе алмайды. Өзеннің өзі Ольбери қаласына дейін кеме жүруге қолайлы. Дарлингтің төменгі ағысында шағын кемелер жүре алады. Австралияда көл көп, бірақ көп жағдайда олардың ағыны жоқ және тұзды болады, ал олардың көпшілігі жаңбырдан кейін ғана сумен толығады. Материктің ең ірі көлі – Эйр Орталық жазықта жатыр. Оның деңгейі теңіз деңгейінен 12м төмен. Көл қазаншұңқыры кең-байтақ аймақтың ағын орталығы болып табылады және уақытша су ағыстарының – криктердің (Куперс, Дайамантин, Эйр,т.б.) бүтіндей жүйесін қабылдап алады. Көл таяз, күшті тұзданған, оның көлемі мен пішіні түрақсыз болады, жауын-шашынға байланысты өзгеріп отырады. Жауын кезеңінде криктер таудан өзенге көп су әкеледі, сөйтіп ол суға толығады. Неғұрлым ылғал жылдары Эйр көлінің ауданы 15мың км2 жетеді. Жылдың көп уақытына созылатын құрғақ кезеңдерде судың криктерге құйылуы тоқталады, көл суы буланады және олар бір-бірімен қабыршық тұз басқан учаскелер арқылы жалғасқан, таяз су қоймаларына бөлініп кетеді. Ағынсыз тұзды көлдердің үлкен тобы материктің оңтүстігінде жатыр. Бұл Торренс, Гэрднер, Фром, т.б. көлдер таяздап, құрғақ уақытта жекелеген су қоймаларына бөлінеді және күшті жаңбырдан кейін тасиды. Олардың барлығы кең сор алқаптармен қоршалып жатыр. Австралияның жер үсті су қоймалары ресурстары халықтың суға мұқтажын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз, оның үстіне материктің көптеген су қоймалары тұзды келеді. Бірақ Австралияда жер асты артезиан суларының үлкен қоры бар. Материкте фундамент синеклизіне ұштасып жатқан көптеген артезиан бассейндері зерттеліп, пайдаланылуда. Олардың суы өнеркәсіпке беріледі, жайылымдар суландырылады. К.шті минералдануына байланысты олар ауыз су ретінде және егістікті суландыру үшін пайдалануға жарамсыз. Үлкен Артезиан Бассейні деп аталатын дүние жүзіндегі ең ірі бассейн Карпентария шығанағынан Дарлинг бассейніне дейін созылып жатыр. Жалпы алғанда Австралияда 6500-ге жуық артезиан құдықтары бар. Австралияға солтүстігінен эпиконтиненттік Тимор және Арафур теңіздері, сонымен бірге Карпентария шығанағы ұласып жатыр. Таяз сулы өңір құрлықтың Үнді мұхитымен ұласып жатқан батыс және оңтүстік жағалауларын бойлап созылып кетеді. Шығысынан Австралияны жер қыртысы мұхиттық немесе өтпелі типтегі терең қазан - шұңқырлар болып табылатын (500 м-ден аса) Маржанды, Тасман теңіздерімен ұласады. Австралияға солтүстік және солтүстік-шығыстан ұласып жатқан теңіздердің бетіндегі судың температурасы жыл бойы +27, +28 0 С-қа тең, Маржанды теңіздің оңтүстігінде ол қыста 190 С-ге дейін, Тасман теңізінде +16, +120С-ге дейін төмендейді. Маржанды теңізден жылы Шығыс Австарлия ағысы шығып, құрлықтың жағасын бойлап оңтүстікке қарай бағыт алады. Судың тұрақты жоғары температурасы Маржан құрылыстарының дамуына қолайлы жағдай туғызады, олар Маржанды теңізден өте - мөте тараған. Оның алабында құрлықтық қайранның шетін бойлап 2300 км-ге Үлкен Тосқауыл рифі созылып жатыр. Оңтүстікте оның ені 150 км - ге жетеді. Оның кедір - бұдыр, эрозиямен тілімденген бетін толысу кезінде су басады. Рифті қиып өтетін енсіз каналдар ашық теңізден тереңдігі 50 м-ге аспайтын Үлкен лагуна дегенге апарады. Онда кеме жүзе алады, сондықтан да оның жағаларыдна Австралияның ірі порттары орналасқан. Соңғы жылдары маржан ғимараттары әдеттен тыс көбейіп кеткен «тікенді тажң деп аталатын теңіз жұлдыздарының шабуынан қатты зардап шегуде. Олар Үлкен Тоқауыл рифінің бір бөлігін құртып та жіберген және бұл бірегей табиғи құрлымды түгелдей құрту қаупін төндіреді. Үнді мұхитындағы судың температурасы оңтүстікке қарай бірте-бірте төмендейді. Құрлықтың батыс жағалары маңында батыс Австралия суық ағасы өтеді, бірақ ол қыста ғана пайда болады және ауа мен судың температурасына күшті әсер етпейді.
Табиғатының пайда болуының негізгі кезеңдері. Австралия Гондван құрамынан дербес құрлық ретінде юра кезенінің соңында бөлінді. Оның құрлығының сол кездегі пішіні қазіргіге толық сәйкес келмейтін. Солтүстік Шығыста Жаңа Гвинеяның оңтүстік бөлігіне дейін созылып, оның үстіне солтүстік батыс бөлігін Үнді мүхитының су алып жататын. Шығыс және оңтүстік-шығысынан ежелгі Австралия платформасына дейін Шығыс Австралия (Тасмания) аймағының теп-тегіс қатпарлы құрылысы жанасып жатыр. Ол оңтүстік шығысындағы байкалдық құрылымнан шығыс шеті солтүстік – шығысындағы герциндік құрылымға дейінгі әр түрлі жастағы түзілімнен тұрады. Оңтүстікте бүл аймақ сол кезде құрлықпен жанасқан Тасманияға дейін созылып жатты. Мезозой кезінің басында бүл қатпарлы аймақ платформа сипатына ие болды да Австралияның ежелгі платформасымен тығыз түтасып кетті. Құрлықтың шығысынан оны Тынық мұхит платформасынан бөліп тұрған Жаңа Гвинея – Жаңа Зеландиялық аймақтың Тынық мұхит геосинклинальдық белдеуі қоршайтын. Платформаның архей фундаменті шығынқы жатқан неғұрлым ежелгі бөлігі батыста, 120-меридианның екі жағында жататын. Бор және палеоген кезеңі ішінде ежелгі және жас платформалардың түйіскен аралығында Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан Бассейні (Орталық жазық) мен Муррей (Марри) өзені бассейнінің синеклизалары пайда болды. Бұл синеклизалар құрлықтың шығыс бөлігін батысынан ұзақ уақыт бөліп тұрған теңіз трангрессиясы болды. Құрлықтың көпшілік бөлігінің сол кездегі климат жағдайы аз зерттелді. Оның батыс жартысының ішкі аудандары аридтілігімен еекшеленеді деген болжамдар бар. Австралияның оқшаулығы, батысы мен шығыс аудандарының байланыссыз жатуы, аридтік жағдайдың басымдылығы органикалық дүниесінің дамуында оның жоғары эндемизм мен архаизмділігіне себепші болды. Сірә, бор дәуірінің соңында –Австралиядағы кайназойдың бас кезінде қалталы және жұмыртқалағыш сүт қоректілердің кейін құрып біткен алғашқы өкілдері пайда болса керек. Бұл уақытта қазіргіге жақын флора дами бастайды. Мезозойдың соңы мен кайнозой дәуірінің ішінде тау қалыптасу үрдісі Тынық мұхит шеңберінің шегінде болды. Бұл Жаңа Гвинеядан Жаңа Зеландия аралдарына дейінгі аралықта тау құрылысы қалыптасуына алып келді, сондай-ақ Австралияның жас және ежелгі шегіндегі платформалардың салдары да болды. Жаңа платформаның палеозойлық құрылысының тегістелген орнында жас қозғалыстар нәтижесінде Үлкен Суайырық жотасы, Флиндерс пен Маунт-Лофти таулары көтерілді. Көтерілу Тасман теңізі жағалауларының төмен түсуімен, жарықтар пайда болуымен және әсіресе оңтүстік – шығыста базальт жанартауларының күшті байқалуымен шөгінділерінің астында жатыр. Құрлықтың шығыс және оңтүстік-шығыс шеті мен Тасмания, сонай-ақ Муррей жазығынан батыс пен солтүсік -батысқа қараған ауданда байкалдық, ерте палеозойлық және жоғарғы палеозойлық жас платформаның тегістелген құрылымының неогендік- антропогендік көтерілуінің нәтижесінде түзілген орташа және аласа қатпарлы-жақпарлы таулар бар. Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Австарлияның тау құырылысының өн бойында полиметалл, мыс, қалайы, алтын, кен орындары бар. Тау алдыы иілімдеріндегі палеозойлық қатпарлы құрылымдарда тас көмір мен қоңыр көмірдің, сондай –ақ мұнай мен газдың қоры шоғырланған. Шығыс Австралия жер бедерінің негізін ені 280 оңтүстік ендіктен солтүстікке үлкейе түсетін Үлкен Суайырық жотасын құрайды, ол оңтүстікке қарай тарыла береді. Ең биік шыңдары әк тасты Көгілдір таулар мен Австралия Альпісінде (2000 метрден астам) жатыр. Соңғының шыңдарында жер бедерінің таулы-мұзды түрлері кездеседі. Тау бөктерінің теңіз жағы мен ірі жарықтар түбінде жас аккумулятивті жазықтар жатыр. Құрлықтың көптеген аудандары үшін жанартау әрекеті арқылы пайда болған әр түрлі жастағы жер бедері тән. Құрлықтың солтүстік - батысында палеозойдағы жанар тау әрекеті нәтижесінде Антрим үстірті түзілді. Кайнозой жасындағы (үстірттер, жанартаулар) жанартаулық түрлер, негізінен, шығыстағы тау сілемдерінде кездеседі. Австралия Гондвана құрамынан дербес құрлық ретінде юра кезенінің соңында бөлінді. Оның құрлығының сол кездегі пішіні қазіргіге толық сәйкес келмейтін. Солтүстік Шығыста Жаңа Гвинеяның оңтүстік бөлігіне дейін созылып, оның үстіне солтүстік батыс бөлігін Үнді мүхитының су алып жататын. Шығыс және оңтүстік-шығысынан ежелгі Австралия платформасына дейін Шығыс Австралия (Тасмания) аймағының теп-тегіс қатпарлы құрылысы жанасып жатыр. Ол оңтүстік шығысындағы байкалдық құрылымнан шығыс шеті солтүстік – шығысындағы герциндік құрылымға дейінгі әр түрлі жастағы түзілімнен тұрады. Оңтүстікте бүл аймақ сол кезде құрлықпен жанасқан Тасманияға дейін созылып жатты. Мезозой кезінің басында бүл қатпарлы аймақ платформа сипатына ие болды да Австралияның ежелгі платформасымен тығыз тұтасып кетті. Құрлықтың солтүстігі мен батысында, протерозой мен төменгі палеозойда пайда болған шеткі иілімдерінде жыныстар шоғырланды. Кейінірек құрлықтың орталығында Амадиес иіні пайда болды. Бор және палеоген кезеңі ішінде ежелгі және жас платформалардың түйіскен аралығында Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан Бассейні (Орталық жазық) мен Муррей (Марри) өзені бассейнінің синеклизалары пайда болды. Бұл синеклизалар құрлықтың шығыс бөлігін батысынан ұзақ уақыт бөліп тұрған теңіз трангрессиясы болды. Құрлықтың көпшілік бөлігінің сол кездегі климат жағдайы аз зерттелді. Оның батыс жартысының ішкі аудандары аридтілігімен ерекшеленеді деген болжамдар бар. Австарилияның оқшаулығы, батысы мен шығыс аудандарының байланыссыз жатуы, аридтік жағдайдың басымдылығы органикалық дүниесінің дамуында оның жоғары эндемизм мен архаизмділігіне себепші болды. Сірә, бор дәуірінің соңында –Австралиядағы кайназойдың бас кезінде қалталы және жұмыртқалағыш сүт қоректілердің кейін құрып біткен алғашқы өкілдері пайда болса керек. Бұл уақытта қазіргіге жақын флора дами бастайды. Мезозойдың соңы мен кайнозой дәуірінің ішінде тау қалыптасу үрдісі Тынық мұхит шеңберінің шегінде болды. Бұл Жаңа Гвинеядан Жаңа Зеландия аралдарына дейінгі аралықта тау құрылысы қалыптасуына алып келді, сондай -ақ Австралияның жас және ежелгі шегіндегі платформалардың салдары да болды. Құрлықтың үлкен және көне бөлігі бүкіл кайнозой эрасында көне кембрий дәуіріндегі рельеф пішініне сәйкестене дамыды. Құрлық көтерілді де оның батысында денудациялық үрдіс үдемелі дамыды. Әсіресе, қатты көтерілу құрлықтың орталық аймағында қарқынды болды. Осының салдарынан архей мен протерозой фундаменттері көтеріліп, олардың орнында Макдоннел мен Масгрейв таулары түзілді. Аралықтарын терең авлакогенді ойпат – Амадиес бөліп жатты. Палеогенде оңтүстікте, яғни Үлкен Австралия шығанағының солтүстігіндегі Юкла ойпатын су басты. Ал неогенде территория қайтадан судан құрғап, оның орнында Налларбор жазығы қалыптасты. Жаңа платформаның палеозойлық құрлысының тегістелген орнында жас қозғалыстар нәтижесінде Үлкен Суайырық жотасы, Флиндерс пен Маунт-Лофти таулары көтерілді. Көтерілу Тасман теңізі жағалауларының төмен түсуімен, жарықтар пайда болуымен және әсіресе оңтүстік – шығыста базальт жанартауларының күшті байқалуымен қоса жүрді. Оңтүстікте төмен түсі Бассов бұғазы мен Тасманияның бір бөлігінің пайда болуына алып келді. Бүкііл неоген мен антропогеннің басында климаттық жағдай бірнешее рет өзгеріп отырды: құрғақтану мен ылғалды кезеңдер алмасып отырады. Осы күнгі Австралияяның құрғақ өңірлерінде, плювиальды кезеңнің айғағы ретінде, қызыл түсті гидроморфты қыртыстар, кеуіп қалған өзен арналары меен көл қазан – шұңқырлары, тұзды шұңқырларға ауысқан немесе әлсін-әлсін мерзімдік жауын суымен, уақытша ғана толатын ойпаттар кездеседі. Теңіз суынан босаған жас жазықтарда Австралияның ірі өзен жүйелері пайда болды. Тынық мұхит белдеуі шегінде тау түзілуімен байланысты Оңтүстік- Шығыс Азия мен Австралия арасындағы құрлық едәуір ұлғайды, Зонд архипелагі Жаңа Гвинея мен Австралияның ірі аралдары арасында көптеген қайраңдар, аралдар мен құм қайырлары пайда болды. Австралияға Азиялық жануарлардың келуі үшін құрлықтың мүндай ұлғайюы жеткіліксіз еді, алайда, ол құрлықта адамдардың пайда болуын - толық қамтамасыз етті. Ежелгі адамдар ішін - ара құрлықпен, таяз сулы бұғаздар арқылы, ішін - ара салдармен Кіші Зонд аралына, содан кейін Жаңа Гвинея мен Австарлияға өткен Олармен бірге, сірә, кейбір өсімдіктер де, сондай-ақ Австралияның жабайы фауналар құрамындағы сүт қоректілердің жалғыз өкілі динго иті келуі мүмкін.
Рельефінің құрылымы мен сипаты. Платформалық құрылымның басым болуы Австралияда көбінесе жазық рельеф пен төменгі палеозойдан неогенге дейін қалыптасқан тегістелу беттерін пайда етті. Құрлықтың жартысынан көбін, Арафур теңізінің, Үлкен Австралия шығанағының басым бөлігінің негізін архей және төменгі протерозой эраларының фундаменті алып жатыр. Онда алтынның, уранның, полиметалл рудаларының, бокситтің кендері мол. Фундамент құрлықтың батысында, орталық бөлігі мен солтүстігінде жер бетіне шығып жатыр. Қалған территорияларда ол протерозой және палеозой жасындағы жамылғы шөгінділерінің астында жатыр. Бұл шөгінділердің ең қалың жері құрлықтың солтүстігі мен батысындағы синеклизаларда дамыған. Олар: Каннинг, Кимберли, Перт т.б. Жас Юкла синеклизасы мен Үлкен Артезиан Бассейні иілімінде мезозой мен кайнозой жыныстарының қалың қабаты тараған. Протерозой жасындағы тау жыныстарында темір рудалары (Хамерсли қыраты), жасырақ жыыныстарда – тас көмір, ал соңғы кездерде мұнай мен газдың қоры табылды. Австралияның осы бөлігінде басым кездесетін рельеф формалары – биіктіктері 400-600 метр шамасында өзгеріп отыратын цокольды жазықтар. Олардың баспалдақты құрылымы денудация жасына қарай орналасқаан. Жоғарғы протерозой мен палеозой жасындағы құрылымдарда жазықтар кеңінен өріс алған. Тектоникалық қозғалыстар әлі де тоқтамаған құрлықтың батысы мен орталығында жақпарлы таулар пайда болған: солтүстік-батысында Хамерсли; Стирлинг және Дарлинг – оңтүстік батысында; Макдоннел мен Масгрейв құрлықтың ортасында. Жас иілімдер жүйесіне биіктеу және аласа келген пласты және аккумулятивті жазықтар сәйкес келген Олар: Наллаарбор, Орталық жазық, Муррей мен Дарлинг жазықтары, Карпентарий шығанағының жағалауы, Жаңа Гвинеяның оңтүстігіндегі жазықтар. Құрлықтың шығыс және оңтүстік-шығыс шеті мен Тасмания, сондай-ақ Муррей жазығынан батыс пен солтүсік – батысқа қараған ауданда байкалдық, ерте палеозойлық және жоғарғы палеозойлық жас платформаның тегістелген құрылымының неогендік-антропогендік көтерілуінің нәтижесінде түзілген орташа және аласа қатпарлы-жақпарлы таулар бар. Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Австралияның тау құрылысының өн бойында полиметалл, мыс, қалайы, алтын, кен орындары бар. Тау алдыы иілімдеріндегі палеозойлық қатпарлы құрылымдарда тас көмір мен қоңыр көмірдің, сондай –ақ мұнай мен газдың қоры шоғырланған. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.) |