АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 14 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Аймақтың солтүстігінде қыс ұзаққа созылады, оның орташа температурасы -12°С-ге дейін жетеді және қар басып жатады. Оңтүстікте мейлінше суық саналатын айдың орташа температурасы жылы (5°С-ге дейін) болады, мұнда қар ұзақ жатпайды. Солай бола тұрса да бүкіл аймақта, тіпті қиыр оңтүстікке дейінгі жерде күшті аяз болуы мүмкін. Мұндай аяз солтүстікте -40°С-ге дейін, ал оңтүстік жақта температураның төмендеуі -20°С-ге дейін жетеді.

Ұлы жазықтың су жүйесі қалың емес. Қиыр солтүстік пен оңтүстіктегі өзендерден өзге су жүйесінің бәрі де Миссисипи бассейнінде. Солтүстіктегі өзендер Канада көлдеріне барып құйса, қиыр оңтүстіктегі өзендер Мексика шығанағына құяды. Өзендердің барлығы да Жартасты таулардан басталады. Жаздың екінші жартысында олардың суы барынша азаяды. Су деңгейінің көтерілуі көктемде қардың еруі мен таудағы жауын-шашын мөлшеріне байланысты болады. Нөсер жаңбыр кезінде өткінші, бірақ зардабы өте күшті тасқын болады. Өзендер көптеген тау жыныстарын қиратып, тасқынмен бірге ала кетеді де, орасан зор үйінділер жасайды.

Орталық жазық

Лаврентия таулы үстіртінің оңтүстігіне қарай және Аппалач тауларының батысына қарай Миссисипи өзенінің орта ағысының екі жағын; ал жоғарғы ағысының батыс жағын алып жатқан алқап - Америка Құрама Штаттарының Орталық жазық деп аталатын аймағы. Бұл аймақтың оңтүстіктегі шекарасын солтүстік ендіктің 32-33°-ы бойымен жүргізуге болады.

Бөлшек-бөлшек болып жатқан адырлы жер бедері бар, қоңыржай белдеудің оңтүстік бөлігі мен субтропикалық белдеудің солтүстік бөлігіндегі ішкі континенттік жағдайы қолайлы, топырағы құнарлы, пайдалы қазба байлығының қоры мол бұл аймақ халықтың жиі қоныстануына және шаруашылықты күшті дамытуға өте ыңғайлы болды. Сондықтан да ол Құрама Штаттардың халық жиі қоныстанған және толық игерілген бөлігі болып табылады. Елдің егін шаруашылығымен айналысатын негізгі аудандары осы өңірде шоғырланған. Онда орманды далалар мен жалпақ жапырақты ормандардың табиғи өсімдіктер дүниесі 80-90% мөлшерінде мәдени өсімдіктермен ауыстырылды.

Биіктігі 200-500 метр келетін Орталық жазық төменгі және жоғарғы палеозой дәуірінде солтүстікте көлбеу, ал оңтүстікте горизонтальды жататын шөгінді жыныстардан тұрады. Оның солтүстік-шығыс бөлігі үшін куэсталық даму тән. Көлдердің аралығындағы жердің және олардың оңтүстігіндегі жазықтардың жоғарғы қабаттары жүйелі түрде ауысып отыратын силур, девон және пермь-карбонды тұнбалардан құралады, ал олар сәл еңістеу жатады әрі құрамы мен беріктігі жағынан әр түрлі қабаттардан тұрады. Құрылымның осындай болуы жазықтың тік жағы солтүстік-шығысқа қарап тұратын, ал оңтүстікке қарай бірте-бірте еңістей түсетін бірнеше жарлардың пайда болуына ықпал етті. Тығыз силур әк қабаттарынан құралған куэсталар айқын байқалады. Осындай куэсталардың Ниагара өзенімен түйісетін жердегі жар қабағында Ниагара сарқырамасы пайда болған.

Орталық жазықттың үстіңгі қабаты түгелдей дерлік мұз көшкіні кезіндегі қалың қыртыстардан тұрады да, байырғы жыныс қабаттары тереңде қалып қояды. Көлдердің қазаншұңқырлары төңірегінде судың төрттік жауын-шашын жүйесінің жабыны кеңінен тараған және көл деңгейлерінің бірте-бірте төмендеуі салдарынан пайда болған сатылы қыртысы айқын байқалады. Мұндай көл төңірегіндегі жазықтар мұз көшкіні кезінде пайда болған су бассейндерінің мөлшері мен шекарасын айқын көрсете алады. Қазіргі Ұлы көлдерді сол бассейндердің қалдықтары деуге болады. Ұлы көлдер шығыста мейлінше енді келеді, әсіресе Әулие Лаврентий өзенінің бассейнінде, сондай-ақ Онтарио, Эри және Гурон көлдерінің шеңберінде ерекше кең жайылып сала береді.

Оңтүстік-шығыста, Арканзас өзенінің бассейнінде, Аппалач тау жүйесінің жалғасы болып табылатын, тас көмір қорына бай герцин құрылымының топ-топ учаскелері шоғырланып жатады. Олар биіктігі 700-800м-ге дейін жететін Уошито және Бостон таулары. Солтүстікке таман Озарк үстірті жатыр, ол дөңестің кембрийге дейінгі кезеңіндегі негізінің көтерілген қабатына сай келеді, өзен аңғарларынан кристалл жыныстарының қабаттары байқалады. Мұндай көтерілу жазықтың шығыс жағында, Циннати және Нашвилл қалаларының аралығында да кездеседі, бірақ оның көтерілу биіктігі сәл төмендеу болады.

Орталық жазықтың бүкіл территориясына, әсіресе оңтүстіктегі бөліктеріне Миссисипи бассейндегі өзендер мен жыралар тілімдеп тастаған күшті эрозиялық құбылыс тән. Ағаштар мен бұталарды мөлшерден тыс кесіп жою, жерді тиімсіз жырты салдарынан Орталық жазықтың көптеген аудандарында эрозиялық процестер күшейіп, өте қолайсыз қиын жағдайларға душар етуде, бұрынғы өте құнарлы егістік учаскелері істен шығып қалуда.

Жауын-шашын барлық аймақта мол және бірқалыпты түседі, солай болса да жазғы максимум мөлшері біршама байқалады. Территорияның көпшілік бөлігінде 750 мм-ден астам мөлшерде жауын-шашын түседі, тек батысқа қарай оның мөлшері кеми береді. Жауын-шашын мөлшерінің 1000мм-ге арта түсуі Атлант мұхитына неғұрлым таяу жатқан Ұлы көлдердің шығыс жақ жағалауы мен Әулие Лаврентий өзенінің аңғарында ғана байқалады. Қыста қар қалың жауады және ұзақ жатады.

Бұл аймақта жазғы және қысқы температураның арасындағы айырмашылық едәуір. Ең суық деген айдың орташа температурасы бүкіл территорияда теріс санды болып келеді. Ұлы көлдердің қаңтар айындағы изотермасы солтүстік аймағында -16°С, оңтүстік аймағында -4°С болады. Ал, көлдердің өз үстінде қаңтар айының орташа температурасының сәл көтерілетіні байқалады. Аймақтың оңтүстік бөілігінде қаңтар айныың орташа температурасы 0°С шамасында болады. жаз бүкіл аймақта жылы, ал оңтүстігінде тіпті ыстық болады.

Аппалач тауы мен Аппалач маңы аймақтары

Эпиплатформалы Аппалач тау жүйесі Канада мен Америка Құрама штаттары жерінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2000 километрге созылады. Ол өзінің негізгі бөлігіарқылы қоңыржай белдеудің оңтүстік жартысын кесіп өтіп, оңтүстікке жете бере субтропиктік аймағына енеді. Бұл тау жүйесіне орташ биіктіктегі жер бедері тән, ол едәуір мөлшерде эрозиялық жолмен тілімденіп, бөлшектенген, онда қазбалы кен байлығы мол, су ресурсы жеткілікті, ағаш түріне бай қалың орман өседі. Аппалачтың етегі мен аңғарларын халық жиі қоныстанған, олардың табиғи ландшафтын адам едәуір өзгертіп жіберген. Тау жүйесін кесіп өтетін өзендер Америка Құрама Штаттарының ішкі аудандарын Атлант мұхитының жағалауымен байланыстыратын маңызды жолдар болып табылады.

Солтүстік Аппалач пен Адирондак таулары кристалл және метаморфий тау жыныстарынан тұрады. Олар соңғы көтерілулердің белгілері шамалы ғана білінетін және мұз көшкінінің салдары айқын көрінетін пенеплениздендірілген тау учаскелері болып табылады.

Солтүстік Аппалач тауларының көп жерінің биіктігі 1000 м-ден аспайды, тек Адирондак тауының жекелеген шыңдары ғана 1600 м-ге дейін жетеді, ал Ақ таулар жотасындағы Вашингтон тауының биіктігі 400-500 м төбелерден тұратын үстірт болып келеді, жер бедері эрозиялы тау жұрнақтары түрінде. Оңтүстікте биіктігі 1000 метр шамасындағы Монаднок деп аталатын жеке шың бар. Оның бұл атауы осы шыңның классикалық түріне қарай тау жұрнақтарының жалқы есіміне айналып кеткен.

Аппалач таулары бірте-бірте аласарып барып, Атлант мұхитына тіреледі. Пенепленнің тілімденген бөлшектерінің мұхит суының астында қалуы жағалау жиегінің мейлінше алуан түрлі болуына ықпал еткен. Онда көптеген аралдар, түбектер, мұхит суының астында қалған өзен атыраулары мен шығанақтар бар. Ол жерлерде ірілі-ұсақты портты қалалар (Бостон және басқалары) салынған.

Оңтүстік Аппалачта тау түзілу процесі төменгі палеозойда ғана емес, сонымен қатар жоғарғы палеозойда да жүрді. Оңтүстік Аппалач Солтүстік Америка дөңесінің оңтүстік жағын қоршай жатқан тау жүйесінің шеткі бөлігі болып табылады. Оның қазіргі жер бедерінің қалыптасуында эрозиялық процестер басты роль атқарады, сөйтіп оның алғашқы жер бедерін барынша өзгертіп жібереді, ол инверсияға ұшырады.

Аппалач аймағы Атлант мұхитынан соғатын ауа ағымы мен материктің ішкі бөлігінде қалыптасатын континенттік ауаның ықпалында болады. бұл аймақта жыл бойы (әсіресе жаз кезінде) жауын-шашын мол болады (шамамен солтүстікте 1000 мм, оңтүстікте 2000 мм жауын-шашын түседі).

Ылғалдың мұншалықты мол болуы су жүйелерінің дамуына қолайлы жағдайлар жасайды, ал жер бедерінің ерекшелігіне қарай кей жерлердің батпақтануына әкеліп соғады.

Солтүстік Аппалачтың климаты солтүстік ендіктің шамамен 40°-на дейінгі алқапта қатал келеді, ауаның температурасы жыл мезгіліне қарай елеулі ауытқып тұрады, мұның өзі таулы аймақтың осы бөлігінің географиялық жағдайы мен суық ағыстың ықпалына едәуір дәрежеде байланысты. Бұл аудандағы ең суық айлардың орташа температурасы -5°-12°С аралығында өзгеріп тұрады. Өзендер мен көлдерді желтоқсаннан сәуір айына дейін мұз басып жатады. Қыста солтүстік аймақта қардың қалыңдығы едәуір болады. жазы салқын (орташа температура еш жерде +19° көтерілмейді), тұманды әрі жауын-шашынды келеді.

Жазғы және қысқы температура оңтүстікке қарай жоғарылай береді. Дегенмен бұл аймақтың қысқы температурасы осы ендікке тән температурадан едәуір төмен. Ол таулы жерлерде 600-700 м биіктікте 0°-дан төмендейді, қар жауады. Жаз солтүстіктегіден едәуір ыстық болады (шілде айының орташа температурасы +25°-ге дейін жетеді) және едәуір ылғалды келеді.

Аппалач тауларының солтүстігі мен оңтүстігінің климаттық жағдайларының екі арасындағы айырмашылықтар олардың топырағы мен өсімдігі сипатына да әсер еткен. Солтүстікте аралас ормандар басым, олар таудың неғұрлым биік жерлерінде қылқан жапырақты ормандарға айналады. Топырағы негізінен күлгін болады, көлемді алқапты батпақты топырақтар мен торфты батпақтар алып жатыр. Оңтүстікке қарайғы қоңыр топырақты жерлерде жалпақ жапырақты ормандар басым болады.

Жағалық жазық.

Мексика шығанағының жағалауын, Миссисипидің төменгі ағысы бойын, Флорида түбегін және Чесапик шығанағының оңтүстігіне қарай Атлантика жағалауын алып жатқан кең ойпат Жағалау жазығы деп аталады. Тақтайдай жазық жер бедері мен субтропиктік климат - оның ерекшелігі, бұл өзгешелік топырағы мен өсімдігіне де әсер етеді.

Ойпаттың Мексика шығанағы мен Атлант мұхиты жағалауларын жиектеп жатқан алқабы бор мен кайнозой дәуіріндегі тұнба қалдықтары қабаттарынан тұрады. Ол қабаттар жер бетіне горизонтальды немесе көлбеу орналасқан. Топырақ құрамында мұнай және тұз кездесетін әк пен құм қабаттары кезектесіп ауысып отырады. Ал Флорида түбегі топырағының үстіңгі жағы фосфоритке бай әк қабатынан тұрады. Миссисипидің төменгі ағысындағы ойпат аллювиальды тұнба қалдықтарға толы ойыс қойнау болып табылады.

Сайып келгенде ойпаттың бүкіл алқабы палеозой дәуіріндегі қатпарлы тау жүйесінің су астында қалған жерінде пайда болған. Қазіргі Аппалач таулары мен Уошито таулары да сол жүйенің бір бөлігі. Жердің үстіңгі қабатының ойысуы және оның түрлі тұнба түзілімдерге толуы бор дәуірінің бас кезінен неоген дәуіріне дейін жүріп жатты. Жағалаудың кейбір учаскелерінде ойысу процесі күні бүгінге дейін жалғасуда.

Жағалау жазығының жер бедеріне тән нәрсе - құрлықтың бірте-бірте көтерілуіне орай пайда болған саты тәріздес алқаптар. Солай бола тұрса да Атлант мұхитының жағалау жиегі бұл жағалаудың таяуда ғана төмен ойысқанын көрсетеді. Чесапик шығанағының оңтүстік жағына қарай мұхит жағалауын өзендердің эстуарийлері тілімдеп жатыр; олардың кейбіреулері мұхиттан теңіздің ішкі жағына қарай иілген, теңіз толқынының шайқауымен пайда болған су асты жоталары арқылы бөлінеді.

Жаз кезінде бұл аймақ тропиктік ауа ағынының ықпалында болады. Атлант мұхиты мен Мексика шығанағынан көтерілген ауа ағыны материктің ішкі қойнауына жазғы оңтүстік-шығыс муссон желдері ретінде орасан зор ылғал алып барады. Қыс кезінде едәуір суық және құрғақ континенттік ауа басым болады. Жазықтың бүкіл территориясында жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000мм-ден асады, ал кей аудандарда (оңтүстік-шығыста) тіпті 1500мм-ге дейін жетеді. Жауын-шашын мөлшерінің қай жерде қаншалықты түсуі жазғы максимумға өте тәуелді. Климаттың ылғалды болуы, жер бедерінің тақтайдай тегіс келуі және осыған байланысты топырақтың дренаж жүйесінің нашар болуы батпақты жерлердің көбейе түсуіне ықпал етеді. Соның салдарынан жағалаудың да, ішкі аймақтың да көптеген жерлері осы уақытқа дейін батпақтан арылмай келеді.

Жауын-шашынның молдығы жылдық температураның жоғары болуымен ұштасады. Жазғы орташа температура +25°С-ден асады. Мұнда ыстық пен ылғалдың мол болуы жаз кезінде субтропиктік дақылдарды өсіруге қолайлы жағдайлар жасайды. Бірақ мұндай жағдайлар өте ауыр тиеді. Оның есесіне қысқы маусым, әсіресе Флоридада, жылдың ең бір қолайлы кезеңі саналады. Ауа салыстырмалы түрде алғанда құрғақ та жылы болады.
Қысқы орташа температура солтүстіктен оңтүстікке қарай +4°С-ден +16°С-ге дейін өзгереді, ал Флориданың оңтүстігінде қаңтар айының орташа температурасы +20°С-ге тең келеді. Дегенмен де солтүстіктен жиі-жиі келетін суық ауа ағыны салдарынан бүкіл аймақта қысқа мерзімді өткінші аяз болып, қар жауады. Тіпті Флориданың оңтүстігінде де температураның 0°С-ге дейін төмендеп, қар жаууы мүмкін. Солай бола тұрса да Флорида Солтүстік Америкадағы ең жақсы қысқы курортты аймақ болып саналады.

Жаз кезінде ауа ағынының меридиан бойымен ауысуына және циклондық құбылыстардың болуына байланысты Жағалау жазығының үстімен нөсерлі күшті дауылдар жиі-жиі өтеді. Ондай дауылдар апатты су тасқынына душар етіп, халыққа орасан зор зардабын тигізеді.

Жазықтың неғұрлым биік және дөңесті құрғақ учаскелерін сілтісізденген қызыл түсті және сары түсті топырақ қабаттары басып жатыр. Ол жерлерде бұрын қарағайдың субтропикалық аймақта өсетін солқылдақ қарағай (Pinus caribaca), шырақты қарағай (Pinus taeda) сияқты басқа да түрлері, сондай-ақ мұз дәуіріне дейінгі кезеңнің жұрнағы болып табылатын тырбиған американ пальмасы сабальдің қалың жынысы болатын.

Жағалау жазығының табиғи жағдайлары субтропикалық егіншілік үшін өте қолайлы. Көптеген алқапты мақта плантациялары алып жатыр. Мақта әсіресе әкті топырақ негізінде қалыптасқан және қара шіріндіге бай қара топырақты жерлерде өте жақсы өседі.

 

Африка материгінің табиғатының қалыптасу ерекшеліктері. Тарихи-геологиялық дамуы мен жер бедері.

 

Африканың географиялық орны басқа құрлықтардан ерекше болып келген. Себебі ол эквоторға симметриялы орналасқан: ең шеткі солтүстік нүктесі - Энгела мүйісі (Бланко мүйісінің маңы) 37°20' с.е., ең оңтүстік нүктесі - Игольный мүйісі 34°5' о.е., жатыр. Осылайша Африка толығымен дерлік екі тропик аралығында орналасқан, тек екі шеткі нүктелері ғана субтропиктік ендікке кіреді.

Африка - Еуразиядан кейінгі көлемі бойынша ең үлкен құрлық. Оның көлемі 29200 мың кмҚ, ал жағалауындағы аралдармен қоса есептегенде 30 млн.км2 болады. Ең ірі аралы - Үнді мұхитында орналасқан және құрлықтан Мозамбик бұғазы арқылы бөлінген Мадагаскар аралы болып табылады.

Үнді мұхитында Африка жағалауының маңында Пемпа, Занзибар, Мафия аралдары және шағын Сокотра архипелагы, сонымен қатар Комор, Сейшель, Амирант және Маскарен аралдарының архипелагтары орналасқан. Атлант мұхитында Африка маңында Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс аралдары жатыр. Гвинея шығанағында шағын Аннобон, Сан-Томе, Принсипе және Фернандо-По аралдары орналасқан.

Үнді және Атлант мұхиттары Африканы барлық жағынан дерлік шайып жатыр. Тек қана солтүстік-шығысында тар (120 км) Суэц мойнағы оны Азиямен жалғастырып жатыр. Азияның Арабия түбегі мен Оңтүстік Еуропа Африкадан тар Қызыл және Жерорта теңіздерімен бөлінген. Бұл екі теңіз 1869 жылы Суэц мойнағы арқылы қазылған Суэц каналымен байланысады. Қызыл теңіз ені 200-350 км-ден аспайды, ал Баб-эль-Мандеб бұғазында ол 26,5 км ғана болады. Жерорта теңізінде Африка жағалауына жақын Пиреней түбегі орналасқан. Гибралтар бұғазының Испаниядғы Марроко мүйісімен Африканың қиыр солтүстік-батысындағы Сирис мүйісі аралығындағы ең тар жері 13 км ғана болады. Сонымен қатар Бон мүйісімен Сицилия арасындағы арақашықтық та үлкен емес - 140 км шамасында.

Африканың жағалық сызығы аз тілімденген. Шығанақтар, қолайлы қойнаулар аз, жағалауда әдетте тік құлама жарлар кездеседі. Олардың кейбір жерлерінде ғана кең жағалау маңы ойпатты болады. Оның ең кең жері (400 км) оңтүстік-шығыста Мозамбикте. Гвинея шығанағы ең ірісі болып табылады. Көлемі бойынша шағын Жерорта теңізіндегі Сидра және Аден шығанақтары. Солтүстіктен Африка ең үлкен Сомали түбегін шайып жатыр.

Африканың пішіні мен географиялық орнының ерекшелігі экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай құрлық көлемінің бірдей болмауы. Бұл ерекшелік ландшафтардың зоналылығының көрінісінде маңызды орын алады. Материктің солтүстік бөлігі оңтүстігінен екі еседей кең болып келген: батыстағы Жасыл мүйістен шығыстағы Рас-Хафун мүйісіне дейінгі арақашықтық 7500 км, ал оңтүстік бөлігінің ені 3100 км-ден аспайды.

Африканың вертикалды бағытта тілімденуі аз байқалады. Оның жер бедерінде үстірттер, таулы үстірттер және таулы қыраттар басым. Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 750 м, яғни ол Антарктида мен Азиядан кейінгі орынды алады.

Африка - ең биік шыңдар қатпарлы құрылымдарда орналаспаған жалғыз құрлық. Сөнген Килиманджаро жанартауы - материктің ең биік (5963 м) нүктесі және басқа да ең биік таулар жарлымдағы Шығыс Африка таулы үстіртінде орналасқан.

Басым биіктіктері бойынша Африканы екі подконтинентке - 1000 м-ден төмен биіктіктер басым солтүстік пен 1000 м-ден биік жатқан оңтүстікке бөлуге болады. Оларды бөлетін шекара Бенгел (Анголада) – Массау (Эритрееде) сызығы бойынша өтеді. Кең болып келген солтүстік подконтинентті Аласа Африка деп, ал тар оңтүстікті Биік Африка деп атайды.

Жер бедерінің негізінен жазықты болуына және құрлықтың басым бөлігінің екі жарты шар тропиктері аралығында орналасуына байланысты Африкада, экваторлық, субэкваторлық және тропиктік белдеулердің географиялық зоналылығы анық байқалады. Эквотордан екі бағытта Конго ойпаты мен Гвинея шығанағы жағалуындағы ылғалды экваторлық ормандар зонасынан кейін субэкваторлық ормандар, саванналар, сирек ормандар, тропиктік шөлейттер мен шөлдер, сонымен қатар, субтропиктік құрғақ мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зоналар ауысып отырады. Табиғат зоналары әдетте, бір-біріне алмасып тырады, бірақ олардың экватордан солтүстіктен және оңтүстікке қарай созылуы бірдей емес. Кең «континенттік» солтүстікте олар ендік бағытта, ал тар «мұхиттық» оңтүстікте бойлық бағытта созылып жатыр.

Шығыс Африка мен Арабия және Солтүстік-Батыс Африка мен Оңтүстік Еуропа органикалық табиғатында ұқсас белгілер көп. Бұл неогеннің аяғы мен төрттік дәуір басына дейін ұзақ уақыт бойы болған құрлықтағы байланыспен аумақтардыңдың бірдей климаттық белдеулерде орналасқанымен түсіріндіріледі. Көп жылдар бойы Африка отарлы және тәуелді елдер құрлығы, бағалы шикізаттың сарқылмас көзі мен капиталистік монополиялар үшін арзан жұмыс күші болды. Барлық аумағы Ұлыбритания, Франция, Белгия, Португалия және Испания сияқты империалистік мемлекеттер арасында бөлінген еді. Кайзерлік Германия мен Италияның да отарлары болған. Соңғы жылдары Африка экономикасына АҚШ-та кеңінен енді. Құлдық қатал нәсілдік теңсіздік, қарапайым адам құқықтарының болмауы Африка халқының тағдыры болды. КСРО мен бір қатар демократиялық елдеріндегі социализм жеңісімен Азия, Африка және Латын Америкасы отар халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы ІІ жүзілік соғыстан кейін орасан зор күшке айналып, отарлық жүйенің құлауына алып келді.

Африка халықтарының, бостандық үшін табысты күресіне 1962 жылдың аяғына қарай тәуелсіздікке ие болған елдер тізімі дәлел болады (1963 жылғы наурыз айындағы мәліметтер бойынша) Алжир, Піл сүйегі Жағалауы, Бурунди, Жоғарғы Вольта, Габон, Гана, Гвинея, Дагомия, Камерун, Конго Республикасы (астанасы Браззавиле), Леопольдвиль астанасымен Конга Респуликасы, Либерия, Ливия, Мавритания, Мали, Мальгаш Республикасы, Маррако, Нигер, Нигерия, Руанда, Біріккен Араб Республикасы, Сенегал, Сомали, Судан, Сьерра-Леоне, Танганьика, Того, Тунис, Уганда, ОАР, Эфиопия. Отар емес елдер арасында ОАР ерекше орын алды, ондағы байырғы африкандық тұрғындар карапайым адам құқықтарынан айрылған.

Африканың геологиялық құрылымы күрделі емес және монолитті болып келген. Бүкіл құрлық кембрийге дейінгі кристалды және метоморфты жыныстардан құралған платформада орналасқан. Солтүстік-батыста және оңтүстікте кембрийге дейінгі герциндік қатпарлы құрылымдар жанасады. Оңтүстікте олар кейінгі қозғалыстармен көтерілген Кап тауларын түзеді. Қалың шөгінді қабаттардан тұратын алдыңғы иінді ойыс оңтүстік Африка герцинидтерін оның кембрийге дейінгі тұғырларға бөледі. Солтүстік батыста көптеген герциндік қатпарлар альпілік қатпарлығына қосылған. Нәтижесінде Атлас тауларының солтүстігі алдыңғы жоталары түзіліп, неоген аяғында құрлықтың ежелгі іргетасынан алдыңғы иінді ойыспен бөлінген Атластың бүкіл таулы массиві көтерілді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)