|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
К І Р І С П Е 29 страницаШет жақтарына қарай спинифекс тоғайлары қоңыр және тұзды топырақтардағы скрэбтер мен алмасады. Биіктігі 3-4 метрлік қарағанның бүтіндей бір ғана түрінен тұратын дерлік, тікендерінің көптігінен өтуге қиын мульгаскрэб дейтін түрлері басым өседі; бұталар арасындағы топырақ шөп жамылғысынан айрылған. Жақсы ылғалды жерлерде ол бүтіндей бұталы эвкалиптердің әр алуан түрінен тұратын малли-скрэбке ауысады, ол жылдың ылғалды кезінде ашық түсте гүлдейді. Эвкалиптің сұрғылт жапырақтары көлеңке түсірмейді, малли-скрэб топырағын әдетте сирек өскен астық тұқымдастар жауып жатады. Көршілес, неғұрлым ылғалды аймақтардың шекарасын бойлай – солтүстік, оңтүстік-батыс және батыста скрэб біртіндеп селдір эвкалипт ормандарына, тіпті саванналарға ауысады. Ашық түсті орман алқаптары, сондай ақ арналарды бойлай созылған, әрі жауын-шашын мөлшері неғұрлым көп жоталы массивтердің шығысындағы криктерді бойлай орман едәуір тығыз және ормандар едәуір тығыз және онда эвкалипттерден басқа тіпті пальма да кездеседі. Бұл аймақта пальма, сірә, реликтілік сипатқа ие шөп қаулап өсуге неғұрлым қолайлы жерлерде ғана сақталған. Халқы қой өсірумен және пайдалы қазбалар өндірумен айналысады. Материктің орталық бөліктерінде халық қоныстанбаған территоиялар бар. Орталық Жазық Австалия материгінің неғұрлым аласа бұл бөлігі паелозойдың аса зор синеклизі мен оған жапсарлас докембрийлік құрылымы төмен жатқан аймаққа сай келеді. Австралияның жас және ежелгі платформаларының арасындағы шектескен жағдайда бола отырып, бұл жазық оның басқа бөліктерінен кейініректе теңіз трангрессиясынан босап, борпылдақ антролпоген жиынтығын жамылды. Оның биіктігі 100 – 200 м, ал Эйр көлінің кеуіп қалған қазан шұңқырында 12 метрлік белгі салынған Австралияның ең төменгі жері жатыр. Орталық жазықтың климаты континентті және құрғақ, құрғақтығы батысқа қарай ұлғая түседі. Әсіресе ылғал Эйр көлінің жағалауларына аз түседі, онда жылдық жауын-шашын мөлшері 120 мм-ден аспайтын және қуаңшылық кезеңі жылына 250 күннен асатын аудандар бар. Шығыс пен оңтүстікке қарай жауын-шашын мөлшері 500 мм-ге дейін көбейеді және қуаңшылық кезеңі 200 күнге дейін қысқарады. Солтүстікте жауын-шашын жазда жауады, оңтүстікте жаңбыр әдетте көктем мен күзде болады. Солтүстік пен оңтүстіктің арасындағы температура айырмашылығы жазға қарағанда қыста күшті байқалады. Солтүстігінде қыста +18 +200С, оңтүстігінде +8 +100С болады, орташа температура жазда барлық жерде шамамен +28 +290С-қа тең. Сонымен бүкіл жыл бойында температураның шұғыл өзгеруі байқалады. Ішкі ағын орталығы – эйр көлінде криктердің тарам-тарам күрделі жүйесі қосылады, олар бастауын шығыс тауларынан немесе аймақты солтүстігінен шектеп жатқан үстірттен алады. Олардың неғұрлым ірілері – Куперс-Крик және Эйр-Крик. Жауынның есебінен молая отырып, криктер жазда сумен толығып, Эйр көліне құяды. Ол суы тұзды өзара жалғасып жатқан екі бассейнен тұрады. Жылдың көп бөлігіне созылатын қуаң кезең уақытында криктер құрғап қалады да көлдің көлемі күшті қысқарады, оның бетінің үлкен бөлігін тұз қабығы жауып, лас сулы жекелеген шалшықтар ғана қалады. Эйр көлінен оңтүстікке қарай осындай режимді, бірақ Торренс, Гээпднер және басқаларынан көлемі едәуір кіші тағы біренеше көлдер жатыр. Беткі сулардың барлық аймақтарда жетіспеушілігі артезиан сулармен толықтырылды, олар сумен жабдықтаудың негізгі көзі болып саналады. Бүкіл аймақ дерлік Австралиядағы ең үлкен бассейн – Үлкен Артезиан Бассейнінің территориясында сәйкес келеді. Аймақтың топырақ өсімдік жағдайлары шеткі жағынан Эйр көлінің қазан шұңқырына дейін өзгере береді. Даунстардың солтүстігі мен батыс беткейлеріндегі тропиктік сұр топырақтарда саваннаға тәе учаскелермен алмасып отыратын ашық түсті сирек эвкалипт ормандары өседі. Оңтүстікке қарай бұл өсімдіктер қызыл-қоңыр шөлейт топырақтарда спинифекс жауып жатқан скрэб тоғайларының әр-түрлі типтер және учаскелермен алмасады. Криктердің арналарын бойналай эвкалипт ормандары тізбектеліп созылып жатады. Эйр көлінің жағалауы мен территориясы одан солтүстіктен шығысқа және бастысқа қарай рельефі құм төбелі шөл болып келеді. Құм төбелер борпылдақ мезокайнозой шөгінділерін жел үру нәтижесінде түзілген қызыл түсті құмдардан қалыптасқан. Осы түстің нәтижесінде өзен төңірегі өзгеше тамаша көрінеді. Кей жерлерде өсімдікке өте тапшы тасты шөл учаскелері кездеседі. Алайда жауынды кезеңдерде бүкіл аймақта дерлік арасында эфемерлі көп шөптер қаулай өсіп, шешек ата гүлдейді. Аймақта әсіресе оның халық неғұрлым аз тұратын солтүстік бөлігінде жабайы жануарлар сақталған. Алып кенгурулар әлі де кездеседі, ергежейлі уэллоби кенгуруы кең тарағанг. Олардан басқа жазықиарда вомбатта мен ехидналар тіршілік етеді, ашық кеңістіктерде эму кезедеседі, эвкалипт тоғайларында тотықұстар өте көп. суат жағалауларында өте ылғалды, н кезеңдерде жыл құстары жиналады. Ең шөлді аудандардан басқа бүкіл аймақ дерлік қой мен мүйізді ірі қара өсіру үшін жайылым ретінде пайдаланады.
Шығыс Австралия Бұл аймаққа Үлкен Суайрық Жотасы мен материктің шығыс жағалаулары енеді. Оның оңтүстік бөлігі тропиктер шегінен шығып кетеді және субтропиктік белдеуге жатады, алайда оңтүстік бағытына қарай табиғат жағдайларының өзгеруі тау рельефінің нәтижесінде онша елеулі болмайды. Шығыс Австралия таулары неоген-антропоген уақытында күмбез түрінде жұмырланып көтерілген палеозой жүйесі болып табылады. Таудың шығыс беткейлері тіп-тік, неғұрлым жайпақ батыс беткейлері біртіндеп тау бөктерінің төбелі алқаптарына ауысады. Жарықтар мен эрозиялық аңғарлар тауды жекелеген массивтерге бөліп тастаған. Тау құрылысында палеозойлық және мезозойлық шөгінді жыныстар, сондай ақ түрлі жастағы вулкандық жыныстар, әсіресе неоген-антропоген уақытындағы қозғалыстарға байланысты пайда болып, жарық сызығы бойымен төгілген базальттар зор роль атқарады. Таудың солтүстігі қалайы рудасының қоры бар гранит, тақтатас және базальттан қалыптасқан. Тау шығыс жағалауына жақындап барып, ең үлкен биіктікке (1600м-ге дейін) жетеді. Таудың шығыс беткейі опырындыларға бөлінген және жағалауы күшті тілімденгенімен де теңіз жағынан келе алмастай дерлік болып тұр. Елдің ішіне қарай тау аласара түсіп, онша биік емес жайпауыт жотаға ауысады. Бұл аудан өзенінің аллювиінде алтын бар. 28° оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарай тау едәуір жіңішкере түседі; оның бетін горизонтальды мезозой шөгіндісі мен қатпарлы негіз төмен түскен кезде басылып қалған қалың базальт жамылғы жауып жатыр. Жақпар таулар биіктігі 1000-1600м беті төрткүл жоталармен алмасады, ол батысқа қарай Дарлинг пен Муррей өзендерінің бастауларын суландыратын даунс деп аталатын төбелі қыраттарға ауысады. Таудың шығыс етегінде ені 50км-ге дейін төбелі жағалау алқабы жатыр. Одан да оңтүстікке қарай тауды пермь-карбон шөгінділеріне толы, таскөмірдің үлкен қоры бар Хантер өзенінің көлденең жатқан тектоникалық ойысы кесіп өтеді. Бұл өзен аңғарынан оңтүстікке қарай төрткүл үстірт биіктігі 1200м-ге дейінгі Көгілдір тау деп аталатын түрде қайтадан пайда болады. Ол шығысында өте тік және батысына қарай баспалдақтап кететін терең каньондармен тілімденген. Таудың батыс бөлгінде силурий әктастарында терең карст үңгірлері бар. Жағалау алқаптары Көгілдір тау ауданында қолайлы қойнауларға бөлінген, олардың жағалауларының бірінде Австралияның шығыс жағалауының ең ірі порты –Сидней орналасқан. Оңтүстік шығыста таудың неғұрлым биік бөлігі –Австралия Альпісі жатыр. Ол қатпарлы палеозой жыныстарынан қалыптасып, өзендердің терең аңғарларымен бөлшектенген, орташа биіктігі 1500 метрлік өркеш-өркеш жоталар болып келеді. Тек неғұрлым тұрақты жыныстардан жекелеген массивтер өркеш жотаның бүкіл бетінде көтеріліп тұрады. Қар шұңқырлары мүжіп тастаған – ежелгі мұзданудың ізі, бұлардың шыңдары материктегі ең үлкен биіктікке жетіп, нағыз тау кейпіне енеді. Олардың ең биігі – Косцюшко тауы 2230 метрге дейін көтеріліп тұр. Бүкіл жыл бойында аймақ материкке ылғалды тропиктік ауа әкелетін пассаттардың әсерінде болады. жазда пассаттық айналым айрықша интенсивті болып, ылғалдың үлкен мөлшерін алып келеді. Пассат өз қасиеттері жағынан ылғалды муссонды еске түсіреді. Қыста пассат әлсірейді, ол әкелетін ауа біршама құрғақ болып жауын-шашын мөлшері едәуір азаяды. Жағалаулар мен таудың теңіз маңындағы беткейлерінде жауын-шашынның жалпы жылдық мөлшері 1500мм-ге жуық, ішкі бөліктерінде ол 800мм-ге дейін төмендейді. Қыста биік тауларға қар түседі. Косцюшко тауында ол жазға дейін жатады. Шығыс Австралияның температуралық жағдайында оның солтүстіктен оңтүстікке дейін көп созылып жатуы мен таулы рельефі ықпал етеді. Солтүстік пен жағалаудың нағыз өзінде температураның ауытқуы жыл бойына айтарлықтай емес: шілденің орташа температурасы +18°C-қа жуық, ал қаңтардың орташа температурасы +20°C-тан біршама көбірек. Тауда ең суық айдың орташа температурасы –5°C-та тұрақты тұрып, температураның ең төмендеуі -10°C-ға жетеді. Жазда біршама суық ауа массасының оңтүстіктен енуіне байланысты температурасының күрт төмендеуі болады: бір сағаттан аз уақыт ішінде температура -10°С-қа түсуі мүмкін. Шығыс Австралия шегінен материктің басты суайрығы өтеді. Тынық мұхитқа қысқа (ұзындығы 400км-ден артық) шоңғалды ағысының бағытын жиі өзгертіп тұратын өзендер ағып жатады. Бұл жауын-шашынның су алатын асау, мол сулы су ағындары; олардың ең үлкендері–Бердекин, Кларенц, Фицрой өзендері. Батыс беткейде Эйр көлі жағына қарай бағыт алатын кейбір криктер, ал оңтүстікте Австралияның ең ірі өзендері –Муррей мен дарлинг өзендерінің сағаларымен бастауын алады. Батыс беткейдің бүкіл өзендерінің негізгі су алуы, сондай ақ тауға жауатын жауын-шашынның есебінен болады. Шығыс Австралия – материгі ең орманды, сонымен бірге адам ықпалымен ең көп өзгерген аймақ. Ормандардың келбеті мен құрамының әралуандығы алдымен жауын-шашынның мөлшеріне де байланысты. Неғұрлым ылғалды жылы аудандарда беткейлерді жағалаудан биіктігі 1000-1200м-ге дейін күлгін қызыл топырақтағы көп қабатты қалың ормандар жауып жатады. Бұл ормандарда эвкалипт тектестердің көптеген өкілдерін, әралуан пальмаларды, ағаш тәрізді папоротниктерді кездестіруге болады. олар лианға бай және Солтүстік Австралияның ылғалды тропиктік ормандарын еске түсіреді. Оңтүстікте бұл ормандар құрамы жөнінен неғұрлым бірыңғай көбіне эвкалипт, оңтүстік шамшат ағаштары және ағаш тәрізді папоротниктер тоғайларымен араласқан мәңгі жасыл ормандармен алмасады. Бұл ормандарда Европаның ормандық қоңыр топырағын еске түсіретін топырақ қалыптасады. Таудың батыс беткейлеріндегі жауын-шашын аз жауатын жерлерде ормандар парктік сипат алып, эвкалипттер мен кейбір қылқан жапырақты ағаштардан тұрады. Таудың жоғарғы бөлігінде аласа ормандар өседі. Ал 1600-1900м биіктікте оны субальпілік қисық ормандар мен аршагүл, мирта тұқымдастардың бұталы тоғайлары, астық тұқымдас шалғындары бар учаскелерінен тұратын тырбиған буктердің қопалы бұталары, мыртық шамшат ағаштары алмастырады. Бұл белдеуде қарашірік карбонатты топырақ басым келеді. Аймақтың, әсіресе оның жағалау бөліктерінің алғашқы ормандары көп жерлерде кесіп тасталған, ал енді бір жерлерде оның құрамында Европадан әкелінген теректің, еменнің және басқа өсімдіктердің түрлері пайда болады. Жыртылған жерлер мен жеміс бақтары көптеген аудандарды алып жатыр. Жағалау мен аңғарларда бойлай ірі қалалар мен көптеген ұсақ мекендер орналасқан. Жабайы аңдар тау ормандарында сақталған. Бұл Австралияның орман фаунасына тән, мұнда ағашта тіршілік ететін әртүрлі қалталылар, мәселен қант тиіндері, кускус пен ағаш кенгурулары бар. Өзендерде үйректұмсықтар өмір сүреді. Әр түрлі құстар көп, олардың арасында ашық және алашұбар түстілері де бар.
Антарктида. Материктің ашылуы мен зерттелу тарихы. Геологиялық құрылысы мен мұзасты рельефі.
Антарктиданың жер серігінен түсірілген суреті
Антарктида ((гр. ἀνταρκτικός — Арктикаға керісі)) — Оңтүстік поляр аймағының орталығындағы материк. Көлемі 14 млн шаршы км шамасындай. Антарктида Атлант, Үнді және Тының мұхиттарымен қоршалган. Антарктиданы 1820 ж. орыстың саяхатшылары Беллинсгаузен мен Лазарев бірінші рет ашңан. Антарктиданы түгелге жуық қалың мұз басып жатады. Оның орташа қалыңдығы 1500 м шамасындай, ал ең калыңы 4000 м. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі теңізге таяу маңда ұшырасады. Антарктида — Жер шарының оңтүстік полюсі саналатын құрлық. Жерінің аумағы 12,3 млн. км2, ал қайраңдық мұздықтар мен аралдарды қосқанда 14,0 млн. км2-ге жетеді. Жерінің 99%-ын қалың мұз басып жатыр. Оның жалпы көлемі 26 млн. км3. Антарктида – дүние жүзіндегі ең биік құрлық. Оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м, яғни барлық құрлықтардың орташа биіктігінен (870 м) 3 есе артық. Құрлықтың жағалық сызығы онша тілімденбеген, оның құрамына бір ғана үлкен түбек – Антарктида түбегі мен бірнеше іргелес аралдар – Александр І жері, Оңтүстік Шетланд, Георгия және Оркней, Беллени кіреді. Құрлықтың жағалауын Оңтүстік мұхит сулары мен Уэдделл, Беллинсгаузен, Амундсен, Росс, Ғарышкерлер, т.б. теңіздері шайып жатыр. Антарктида құрылығының негізін абсолюттік жасы 1,6 млрд. жыл болатын гондваналық платформа түзеді, басым бөлігі архей эрасындағы гнейс, кристалды жақпар тас, граниттерден құралған. Жыныстардың ірге тастарының қалыңдығы 20 км-ге жетеді. Антарктида платформасы өзінің геологиялық құрылымы мен жыныстарының құрамы жағынан Бразилия, Австралия, Экваторлық және Оңтүстік Африка, Үндістан платформаларына өте ұқсас. Ол төменгі және жоғарғы палеозойлық құрылымдары есебінен көлемі ұлғайып, батыстағы Антарктида түбегін алып жатқан мезо-кайнозойлық Анд қатпарлы жүйесінің жалғасы болып табылатын жас қатпарлы құрылымдарға ұласады. Олардың іргетасының өте күшті өзгеріске ұшыраған құрлықтық шөгінді жыныстардан құралғандығы осы аймақта жер қыртысының құрлықтық типінің дамығандығына дәлел болады. Ондағы жер қыртысының орташа қалыңдығы 40 км. Антарктиданың қазіргі жер бедерінің қалыптасуы жаңа жанартаулық атқылаулар нәтижесінде жүруде. Жанартаулық тауларға Эребус (3794 м), Террор (3262 м) жатады. Жер бедері ерекшелігіне байланысты Батыс Антарктида және Шығыс Антарктида болып екіге бөледі. Оларды жан-жағынан жағалаулық және ішкі құрлықтық белдеу қоршай орналасқан. Жағалаулық тау белдеуі бірнеше ірі тау жоталарынан тұрады. Оларға Голицин, Принц-Чарльз, Эндерби тау сілемдері, Королева Мод жері мен Трансантарктида таулары, Пенсакол, Шеклтон таулары жатады. Таулардың орташа биіктігі 1200 – 2500 м, абсолюттік биіктігі 3500 – 4000 м-ге жетеді. Ішкі құрлықтық тау белдеуіне Гамбурцев тауы (абсолюттік биіктігі 3550 м) жатады. Шығыс Антарктиданың теңіз деңгейінен жоғары орналасқан бөлігінің орташа биіктігі 690 м, ал оның теңіз деңгейінен төмен жатқан бөлігінің орташа ойыстығы 460 м. Батыс Антарктида жерінің 80%-дан астамы мұз айдынында өте қатты ойысқан ойпаңдар. Оның орташа тереңдігі – 700 м. Қалған 20%-ына дөңес таулы жер бедері тән. Яғни Батыс Антарктиданың жер бедері шығыспен салыстырғанда өте қатты тілімденген. Құрлықтың ең биік нүктесі Элсуорт тауындағы Винсон тау сілемі (5140 м), теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жер – Бентли ойысы. Алқапты кең жазықтардағы құрлықтың қайраңдық мұздықтары Антарктида жерінің 12%-дай жерін алып жатыр. Көршілес аралдардағы мұздықтармен қосып есептегендегі олардың жалпы ауданы 1,65 млн. км2. Қайраңдық мұздықтардың 83%-ы Батыс Антарктидада, олардың ең ірілері – Росс және Ронне-Фильхнер мұздықтары. Мұздықтардың шеткі бөлігі көп жағдайда үзіліп түсіп, мұзтауларға айналып, мұхит суында оншақты жылдар бойы қалқып жүреді. Антарктида таулары мен жағалаулық бөліктерінде жылжымалы мұздық түрі кездеседі, оның ең ірісі – Ламберт мұздығы (ұзындығы 700 км, ені 30 – 40 км). Антарктида – жер шарындағы мұздық пішіндердің барлық түрінің шоғырланған аймағы, мұнда тек жер асты мұздануы мен мәңгі тоңның үлес салмағы аз. Жер шарының басқа құрлықтарындағы тұщы су қоры 2 млн. км3 болса, Антарктидадағы тұщы су қоры 26 млн. км3. Құрлықтың мұз баспаған жерлерінің, яғни шұраттың (оазис) жалпы ауданы 2500 км2. Олар көбіне жағалаулық бөліктерде теңіз деңгейінен 100 м биіктікте орналасқан, ең ірілері – Бангер, Вестфолль, Грирсон, Ширмахер. Сонымен қатар Виктория жері (4000 км2) мен Александр І жері (400 км2) сияқты биік таулық шұраттар да кездеседі. Антарктиданың климаты – полярлық континенттік. Климаттық ерекшелігіне байланысты Антарктида – суықтық полюсі. Ол сондай-ақ, жер шарының ең күшті желдер мен жазғы жиынтық радиацияның да полюсі болып табылады. Оңтүстік полюс аймағы Арктикамен салыстырғанда Антарктида Жердің Күнге ең жақын нүктесінде (перигелий) орналасқандықтан Күн жылуын 7%-дай артық алады. Ауаның мөлдір әрі құрғақ болуы, яғни антициклондық ауа райы күн радиациясының жерге кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді. Антарктида жазында, яғни желтоқсан мен қаңтар айларында, Орталық Антарктидада орташа айлық радиация жиынтығы Жер шарындағы ең жоғары көрсеткішке (30 ккал/см2) жетеді. Бірақ, келетін жылудың 90%-ға жуығы мұз жамылғысымен шағылысып, әлем кеңістігіне қайта кететіндіктен, құрлықтың жылыну мүмкіншілігі өте төмен. Континенттің орталығында қысқы орташа температура –60 – 72ᵒС-қа дейін, жаз айларында –30ᵒ – 50ᵒ С-қа дейін, ал жағалауларда қыста –18ᵒС, жазда –20ᵒС-қа дейін өзгереді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 30 – 50 мм, жағалауларда 700 мм-ге дейін жетеді, негізінен қар күйінде түседі. Суық ауа Антарктиданың ішкі аудандарынан шеткі бөліктеріне қарай қозғалып, ағынды желдерді туғызады (орташа жылдық жылдамдығы 12 м/с), ол циклондық ауа ағынымен қосылған кезде теңіз дауылына айналады (жылдамдығы 50 – 60 м/с., кейде 90 м/с-қа жетеді). Басым бөлігінде жылдың 340 күні қарлы борандар соғып тұрады. Антарктидадағы тіршілік дүниесі өте жұтаң. Онда теңіз құстарының 13 түрі, антарктидалық суларда итбалықтардың – теңіз пілі, теңіз мысығы, Уэдделл итбалығы, шаян жегіш итбалық және теңіз қабыланы деп аталатын 5 түрі мекендейді. Құрлықтың нағыз жағалаулық бөлігінде пингвиндердің император және Адели атты түрлері тіршілік етеді. Өсімдіктері негізінен мүктер (75 түрі), қыналар (300-ге жуық түрі) және балдырлардан (қызыл, жасыл, көк-жасыл, сары балдырлар) құралған. Антарктида түбегінде аласа гүлді өсімдіктердің 10 шақты түрі кездеседі, олар шұраттарда шағын шалғынды алаңдар түзеді. Құрлықты және оның жағалау бөлігін ғылыми түрде зерттеуді Роберт Скотт экспедициясы бастаған. Жүйелі халықаралық геофизикалық зерттеу жұмыстары 1957 ж. басталды. 11 ел құрлық пен оның жағалауындағы аралдарда 57 база құрып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әр ел ғалымдарының басшылығымен ұйымдастырылған экспедициялар құрлықты бірнеше рет кесіп өтіп, Оңтүстік полюс, геомагниттік және «жетуге қиын» полюстерге жорықтар жасалды, тұрақты зерттеулер мен байқаулар жүргізді. Соңғы жылдары Антарктидада жүзден астам ғылыми-зерттеу стансалары бүкіл жыл бойы және маусымдық жұмыс жүргізеді. Онда 16 мемлекеттің зерттеушілері өзара байланыста жұмыс жасайды. Антарктида қойнауында мол кен байлықтарының (тас көмір, темір, слюда, графит, алтын, уран, молибден, мыс, никель, қорғасын, мырыш, күміс, титан, т.б.) қоры бар екендігі анықталды және олардың кейбіреулері өндіріле бастады. Антарктида табиғатын зерттеп білу планетамыздағы тіршілік дамуының өткені мен болашағы арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе ол құрлық – мұхит – атмосфера – мұздану процестері арасындағы байланысты анықтауда негізгі буын болып табылады. Антарктида – Жер шарының оңтүстік поляр аймағы. Антарктиданың (грекше анті – қарсы, арктіос – солтүстік) табиғи шекарасы өте айқын байқалады. Ол дүниежүзілік мұхиттың беткі суларының біршама жылы және керісінше мейлінше салқын бөліктерінің араласатын аймағы – антарктидалық конвергендену белдемі арқылы өтеді. Бұл шекара негізінен 48 – 60ᵒ оңтүстік ендік аралығында орналасқан. Поляр аймағын алып жатқан Антарктиданың аумағы шамамен 52 млн. км2. Оның құрамына бетін қалың мұз жамылғысы жауып жатқан Антарктида құрлығы мен оған жалғас жатқан Александр І жері, Оңтүстік Шетланд, Оңтүстік Оркней, Оңтүстік Сандвичевтер, Оңтүстік Георгия, Баллени аралдары мен арал топтары және құрлық жағалауын шайып жатқан, шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталатын – Тынық, Атлант, Үнді мұхиттарының антарктидалық бөлігі енеді. Құрлық жағалауындағы қайраңдарда Росс, Уэделл, Беллинсгаузен, Ынтымақ, Ғарышкерлер теңіздері бар. Уэделл және Росс теңіздерінің елеулі бөлігін қайраңды мұздықтар басқан. Қыс кезінде мұхиттағы қалқыма мұздықтар шекарасы солтүстікте ашық мұхит айдынында 50ᵒ оңтүстік ендіктерге дейін жетіп, аумағы 20 млн. км2 болады. Бір жылдық мұздың қалыңдығы 1,5 – 2 м-ге жетеді, көп жылдық мұздар мұзтау түрінде кездеседі. Антарктида Арктикамен салыстырғанда табиғатының қаталдығымен ерекшеленеді. Онда жер шарының ең суық полюсі орналасқан (89,2ᵒС). Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.) |