|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Бет, 47 есеп. 2 страницаКафедра Химия тьютор Есеева Гүлжан Бексұлтанқызы (аты-жөні) Пән Химияны оқыту әдістемесі. (пән атауы) Кредит саны: 4
1. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі.) Дәріс № 1 -2 Тақырыбы: Педагог мамандықтары үшін химияны оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні Химияны оқыту үрдісінің жалпы негіздірі Дәріс мақсаты: Химияны оқыту әдістемесін зерттейтін мәселеріне тоқталып, студенттер – болашақ мұғалімдердің шығармашылық ізденісіне баулу. Тірек сөздер: Химияны оқыту әдістемесі, мұғалімнің қызметі, химия мектепте,оқыту үрдісі, оқыту құралдарының функциялары Дәрістің мазмұны: Химияны оқыту методикасының зерттейтін объектісі – сол пәнді оқыту әрекеті, Оқыту педагогика, дидактика және методика ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз – жасөспірімнің бойына ұжымдық тәжірибені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту – білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру (мұғалімнің қызметі) мен оқудың (оқушының таным әрекеті) бірлігі. Методикалық тұрғыдан алғанда оқыту – нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі. Оқыту әрекетіне «мұғалім - оқушы», «оқушы – оқу пәні», «оқушы - оқушы» қатысады. Осылардың ішінде ең негізгісі – мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының бірлігі мен үйлесуі, оқытудың мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, құралдары мен әдістері арқылы жүзеге асады. Оқыту әрекетін, тұтасынан алғанда, дидактика зерттейді. Ол оқыту әрекетінің мәнін ашып береді, заңдылықтары мен негіздерін саралайды. Дидактика, бір жағынан, оқытудың теориясын жасайды, екінші жағынан, сол теорияны қолдану арқылы оқытудың сарамандығын жетілдіреді. Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту методикасы дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің методологиялық негізі ретінде пайдаланады. Жалпы педагогикалық және дидактикалық заңдылықтарына сүйеніп, химияны оқыту методикасы орта мектептегі химия пәнінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Соларға сәйкес мектептегі химия курсының мазмұны таңдап алынады. Ол мазмұн бағдарламаларда оқулықтар мен оқу құралдарында баяндалады. Елімізде қолға алынған әлеуметтік қайта құру әрекеті халыққа білім беру саласын терең қамтып, мектеп реформасын жүзеге асыру тұжырымдамаларын тудырады. Осыған орай мектептегі хими пәнінің мазмұнын жалпы білім беретін мектептерге және химияны тереңдетіп оқытатын кластар мен мектептерге арналған бағдарламалар жарық көрді. Орта мектептерімізге ізгілік сипат беру және демократияландыру кезінде бұл бастама жалғасын тауып, оқыту мазмұнының түрленуі арта түспекші. Солардың әрқайсысын саралап, ғылыми жағынан негіздеу – химияны оқыту методикасының зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі. Методиканың зерттейтін тағы бір мәселесі – оқытудың ұйымдастыру формаларын, құралдарын және әдістерін жетілдіру, мектептің алдына қойылған жаңа талаптарға сәйкестендіру. Бұлар мұғалім мен оқушы еңбегінің арасындағы қатынасты, оқушының еріктілігін, дәйектілігін және белсенділігін арттыру жағына қарай бағыттап отыр. Методика химияны оқытудың нәтижесін, оқушылардың білім сапасына, тәрбиесі мен адами тұлғасына тигізген әсерін зерттейді. Оқушылардың химиялық білімді игерудегі таным әрекетінің ерекшеліктерін және оны іске жұмылдыру жолдарын іздестіреді. Сонымен, айтылғандарға сүйеніп, мынадай сұрақ қоюға болады: химияны оқыту методикасына ғылыми тұрғыда қандай анықтама беруге болады? Бұл – осы кезге дейін толық шешеімін таппаған мәселелердің бірі. Орыс тілінде жарияланған оқу құралдарында мынадай анықтама берілген: бұл – жасөспірімдерге химия ғылымын үйретудің қоғамдық әрекеті, адамгершілік, инабаттылық тәрбие беру, білім алуға тәрбиелеп, оны дамыту, мектептегі химия курсының мазмұны және оны оқушыларға игерту заңдылықтары туралы педагогикалық ғылым. Өздерің байқап отырғандай, бұл анықтамада химияны оқыту методикасының объектісі молырақ қамтылады немесе оқыту барысының жеке бөліктері тым аз беріледі. Тәрбие беру және оқушыларды дамыту – орта мектепте оқылатын барлық пәндердің міндеті. Бұл салада мектепте өтілетін жиырмадан астам пәндердің бірі ретінде ғана химия өз үлесін қосады. Оның үстіне химия өзінің бұл міндетін оқу пәні мазмұнының негізінде жүзеге асырады. Сондықтан химияны оқыту методикасына ғылыми анықтама бергенде оның қай ғылымның саласына жататынын, зерттейтін объектісін, тұтасынан алғандағы оқыту барысын, химияның жалпы білім беретін орта мектептен басқа да арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқылатынын ескеру керек. Химияны оқыту методикасы қазіргі кезде кәсіптік білім беретін орта мектептерде, арнайы орта және жоғары білім беретін мектептерде ғылым ретінде қалыптасып, күрделі зерттеулер жүргізілуде. Жоғарыда айтылғандарды ескере келіп, «Химияны оқыту методикасы – химиядан білім берудің мазмұнын және химияны оқыту барысының заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының дербес бір саласы» деген анықтама беруге болады. Өзін- өзі тексеретін сұрақтар: 1. Педагогикадан алған білімдеріне сүйеніп, орта мектептегі оқу пәндерінің атқаратын қызметін айтып беріңдер. 2. Химияны оқыту әдістемесін зерттейтін мәселелеріне тоқтал. 3. Химияны оқыту әдістемесінің міндеттерін ата. 4. Химияны оқыту әдістемесі неше бөліктен тұрады? Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, 1 бөлім,1 тарау, 5-9 беттер. 2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004, 1 бөлім, 1 тарау 5-8 беттер, ІІІ тарау, 31-37 бет Дәріс № 3 - 4 Тақырыбы: Орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылымы. Дәріс мақсаты: Мектеп химия курсы мазмұны мен құрылымы, білімді таңдап алуға қойылатын жалпы талаптармен таныстыру. Тірек сөздер: оқу үрдісі, ғылыми негізі, ұстаным, ғылымилық, жүйелік, индуктивті, дедуктивті әдіс. Оқу пәндерінің мазмұнын ғылми негіздері деп атайды. Қазіргі кездегі орта білімнің мазмұны мен құрылымын мынадай төрт жүйеге топтастыруға болады: 1. Химия негіздері мен химия технологиясының білім жүйелері. 2. Химиядан білім берудегі іскерліктермен дағдыларды қалыптастыру жүйесі. 3. Іс жүзінде жинақталған танымдық, қолданбалы тәжірибелер жүйесі. 4. Қоршаған орта мен арадағы қарым- қатынас жүйесі. Мектептік химия курсының мазмұны әр сыныпқа сәйкес келетін бағдарлама анықтайды. Оқулықта мектеп бағдарламасының көлеміндегі химиялық білімнің мазмұны жарияланады. Мектеп бағдарламасы мынадай ұстанымдарға сәйкес құрылады: · ғылымилығы · түсініктілігі · жүйелілігі немесе бірізділігі · тарихи ұстанымы · теорияның тәжірибемен байланысы Ұстаным дегеніміз – пәнді құруға және оқытуға негіз болатын қажетті ереже. ҒЫЛЫМИЛЫҒЫ – орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық дәлелденіпанықталған көзқарастар, деректер кіреді. Орта мектепте химия курсынан оқушылар алатын білім ғылым негізінде бұрмаланбай оқушылар санасына дәл, нақты жеткізілуі тиіс. Олар педагогтің қарапайымдалып, өнделген түрде берілсе де, ғылым негіздері болып табылатын нағыз ғылым туралы шын түсінікті қалыптастырады. ЖҮЙЕЛІЛІГІ /бірізділігі деп те атауға болады/ Оқу материалын бірінен бірі туындайтындай етіп, бірізділікпен оқыту керек. Тек жүйелі білім ғана оқушыға іс жүзінде пайда келтіреді. /Бұл принцип химияның негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі Зат –Химиялық элемент – Валенттілік – Химиялық формула – Химиялық реакция. Бұл ұстанымды жүзеге асырғанда танымдық процесс заңдылықтары – белгіліден – белгісіздікке, қарапайымнан – күрделіге қарай ескеріледі. Мысалы: «Химиялық элемент – атомның белгілі бір түрі», деп анықтама береді. Ал атом құрылысы өтілгеннен кейін «Химиялық элемент – ядро зарядтары бірдей атомдар түрі деп оқытылады. 2 мысал: Атом алғашында заттың бөлінбейтін ұсақ бөлшегі деп қарастырсақ, кейін күрделі құрылысты екенін дәлелдейді. Жүйелілік ұстанымды ескергенде индуктивті және дедуктивті тәсіл қолданылады: индуктивті тәсіл – оқытудың алғашқы уақытында, оқушылардың теориялық базасы жоқ, уақытта жеке мәселеден жалпы мәселеге көшу, бақылау мен фактілерден қорытынды жасау әдісімен өтеді. Мысалы: «Оттек, Оксидтер, Жану» тақырыбын өткенде оқушылар оксидтердің жеке өкілдері мен танысады, ал оксидтер туралы білімді «бейорганикалық химияның қосылыстардың маңызды кластарын қорытындылау деп аталатын 5 тарауда қорытындылап, бекітеді. Химия курсының жеке сатыларында дедуктивті тәсіл – жалпы мәселеден жеке мәселеге көшу тәсілі де қолданылады. 6-7 тарау «Периодтық заң және периодтық жүйесі, және заттардың құрылысы теориясынан кейін кез келген топқа сипаттама беріп, өкілінің қасиетін қарастыруға болады. ТҮСІНІКТІЛІГІ – оқу материалын оқушыға түсінікті етіп беру керек. Оқушы өзінің әлі келетінің меңгереді, бұл оның ақыл-ой өрісінің даму дәрежесіне сәйкес келеді (CuOH)2CO3 – малахит деп береміз, әйтпесе түсінбейді. KMnO4 – марганцовка. Оқу материалының түсінікті етіп берілуі көлеміне, ғылыми деңгейіне байланысты. Сондықтан кейбір ғылыми деректерді оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дәрежесін тым төмендетіп жіберсе, бұрмалаушылыққа әкеліп соғады. ТАРИХИ ҰСТАНЫМЫ Оқыту барысында заңдарды, теорияларды, ғылыми жаңалықтарды түсіндіру кезінде тарихи мәліметтер беріледі. Оқушылар тарихи материалдарды пайдавлана отырыпр, қарама-қарсылықтың қалай шешілгендігі, ғылыми жаңалықтың ашылу тарихымен таныса отырып, ұлы химиктердің ғылым қазынасына қосқан үлесімен танысып тәлім тәрбие алады. КӨРНЕКІЛІГІ: Ертеден келе жатқан принцип. Оқушылар білімді заттар мен химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Егерде бұл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекула құрылысының моделін, суреттерін, сызбанұсқаны, баспадан шыққан оқу құралдарын пайдаланады. Осының бәрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға әр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нәтижесін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі керек. Химияны оқыту методикасының негіздерінде оқу материалының көлемін және қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптары келтірілген: мазмұнның тұтастығы, ғылыми дәлдігі және құндылығы, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі, оқу жоспарындағы сағат санының ескерілуі, көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі, халықаралық стандартпен үйлесімділігі. Бұлар оқу пәндерінің бәріне тиесілі жалпы талаптар. Мектептегі химия курсының мазмұнын іріктеудің кейбір өзіндік негіздері химиядан сабақ беру методикасында талданған. Химия ғылымының даму барысында теориялық деңгейінің көтерілуіне байланысты негізгі ұғымдарының мағынасы кеңейіп, тереңдейді. Өзін- өзі тексеретін сұрақтар: 1.Химияның оқу пәні ретінде алатын орнын қалай сипаттауға болады? 2.Химия курсын құрудың ғылыми негізіне не жатады? 3.Химия курсын құруда қандай ұстанымдар басшылыққа алынады? 4.Химия курсының мазмұнына нелер кіреді? 5.Химия курсын құрудағы теориялар мен заңдардың ролі қандай? Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, 1 бөлім,ІІІ тарау 25-35бет. 2. А. Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004, 1 бөлім, IV - тарау, 41-42, 47-48 бет Дәріс № 5 Тақырыбы: Химиялық ұғымдарды қалыптастыру. Дәріс мақсаты: Мектеп химия курсындағы маңызды ұғымдармен, олардың әдістемелік негіздерімен, ұғымдар қалыптастырудың маңызды кезеңдерімен түсіну түрлерімен таныстыру. Тірек сөздер: таным үрдісі, ұғым, заттарды жіктеу. Таным үрдісінде теориялық түсініктеме таным теориясы арқылы беріледі. Таным теориясы бойынша танылмайтын заттар – тек құбылыста жоқ әлі де танылмаған заттар ол да ертелі кеш танылады. Ұғымдар анықтамасы жөніндегі көптеген пікірлер бар. Бір авторлар анықтаманы қосылыстың құрылысына сәйкес беруді ұсынса, екінші біреулер – қасиеттеріне сәйкес беруді дұрыс көреді. Мысалы: «молекула» ұғымының анықтамасы әр оқулықта әр түрлі: бір оқулықты молекула заттың ең кішкене бөлшегі, тағы бірінде сол заттың бар қасиетін сақтай алатын ең кішкене бөлшегі, тағы бірінде сол заттың бар қасиетін сақтай алатын ең кішкене бөлшегі немесе химиялық қасиеттерін сақтай алатын ең кішкене бөлшегі т.б. түрде беріледі. Осы сияқты негіздер, қышқылдар және тұздарға да берілген анықтамалар да әр түрлі, бір оқулықта құрылысы, құрамы бойынша берілсе, екіншісінде – олардың қасиеттері бойынша, үшіншісінде – олардың құрамы мен қасиеттері бірлігіне сәйкес келген. 2. Ұғымдарды қалыптастыру үш кезеңнен тұрады: бірінші әзірлік кезеңі, ол – қалыптастыратын ұғымның тірегі; екінші кезеңде ұғымның алғаш қалыптасуы іске асырылады; ал үшінші кезеңде ұғымды кейінігі таным үрдісінде қолданумен және көлемі мен мазмұны бойынша оны дамытумен сипатталады.Химиялық заттар, құбылыстар бірімен – бірі тығыз байланысты ұғымдар жүйесінен тұрады, оларды жете түсінбей, ғылымның мазмұнын игеруге толық мүмкіндік болмайды. Орта мектептің бейорганикалық, органикалық, жалпы химия курсын меңгеруде алғашқы химиялық ұғымдарды жете түсінудің оқу – тәрбиелік маңызы өте зор. Химияда «зат» деген ұғымның мәні аса кең әрі терең. Барлық заттар өзгеріске ұшырайды. Осы өзгерістер «химиялық құбылыс» немесе «химиялық реакция» деп аталып, жаңа ұғымдар береді. сонымен бірге заттың ұсақ бөлшектері молекула, одан ұсақ бөлшектер атомдар туралы мағлұмат беріледі. Молекула әр түрлі атомдардан құралған күрделі затты түзеді деп қарастырылады. Осыдан кейін «қоспа» және «таза зат» ұғымдарына қайта оралады. Оқушылардың оқу – танымдылық дамуына сәйкес ұғымдарды меңгерудің төрт жолы бар: 1. Жеке ұғымдарды олардың белгілеріне қарай, басқа ұғымдарға байланыссыз меңгеру. 2. Белгілі жүйедегі ұғымдарды жалпы ұғымдар жүйесімен байланысты білім деңгейіне қарай типтік мысалдарға сәйкес пайдалана білу. Ол да еске түсіру деңгейін көрсетеді. 3. Білімнің үшінші деңгейінде біріне– бірі өзара байланыссыз тұтас жүйе құрайды. Білім аса толығып жаңа сапаға ие болады. Ол негізінен сол жүйенің ішінде қайта құрылып, жеңіл белсендіріледі де, оны оқушылар химиялық білімнің белгілі саласына қолданады. 4. Білімнің төртінші деңгейінде дамуы жоғары сатыға көтеріледі де, білім жүйе ішінде қомақты нәруызға айналады. оқушылар білімі осы деңгейде жаңа сапаға ие болып, белгісіз факторларды да болжап айта алатын болады. Өзін- өзі тексеретін сұрақтар: 1. Таным теориясы тұрғысынан ұғымды қалай түсінеміз? 2. Ұғымдар қалыптастыру қалай жүзеге асады? 3. Ұғымда жүйелеудің ролі қандай? 4. Ұғымға анықтама қалай беріледі? 5. Ұғым қандай тәсілдермен меңгеріледі? 6. Дүниетанымдық көзқарастар қалыптастыруда химиялық ұғымдардың рөлі қандай? Әдебиет: 1. А. Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004, 1 бөлім, V - тарау, 54 - 63 бет.
Дәріс № 6 Тақырыбы: Химияны оқытуды ұйымдастыру формалары. Дәріс мақсаты: Химияны оқытуды ұйымдастыру формаларымен таныстыру. Тірек сөздер: Оқу жұмысын ұйымдастыру, сабақ, сабақ типі, сабақтың жіктелуі. Мектепте оқу жұмысын ұйымдастыру формасы: сабақ, факультатив сабақ, сабақтан тыс жұмыстар. Сабаққа- лекция, семинар, практикалық сабақ, лабораториялық жұмыс, пән аралық конференция, қоғамдық білім тексеру сабағы. Сабақтан тыс жұмыстарға: химиялық кештер, химиялық иллюзион, КВНХ, химиялық турнир, олимпиада, экскурсия. Бұлар өзара өте тығыз байланысты және мақсаты мен міндеттері ортақ. Осылардың ішіндегі ең негізгісі – сабақ. Қалғандары қосымша түрлері ретінде қабылданған Сабақ ұғымының негізгі белгілері: оқушылардың тұрақты құрамымен, оқу жоспарына сәйкес жасалған кестесімен өткізіледі. Оқу уақыты – 45 минут Оқытудың ең кең таралғаны сынып –сабақ жүйесінің негізін қалаған. Ян Ямос Коменский. Бұл жүйе әлі күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Кез – келген сабақ: типі, мазмұны, құрылымы, әдістері мен құралдарымен ерекшеленеді. Сабақта білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндетті түрде жүзеге асырылады. Сабақтың жемісті болуы мұғалімнен үлкен шеберлікті және өнерді керек етеді. «Сабақ беру – үйреншікті емес, ол үнемі жаңадан – жаңа табатын өнер» - деп жазған Жүсіпбек Аймауытов. «Сабақ – мұғалім күнбе күн оқушыларға білім, тәрбие беретін және жан – жақты дамытатын оқу – тәрбие процесінің негізгі саласы» -В А Сухамлинский. Кейбір оқулықтарда ұйымдастыру әдісіне байланысты мына сабақтың түрлерін бөледі: 1. Дәстүрлі 2. Дәстүрлі емес немесе оны сабақтың активті формасы деп те атайды Әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отырып,оны жаңа сапалық сатыға көтеру.Олар екіге бөлінді. 1. Конкурс,сайыс, көкпар, жарыс, бәйге, аукцион ойын, экспидиция – кейде сабақтың элементтері деп те қарауға болады. 2. Лекция,конференция,,пікір-талас,панарама, кампютерлік сабақтарды жатқызуға болады немесе оны кіріктірілген сабақ дейді. Бұларды ұйымдастыру, өткізу оқушыларға ұнайды. Бәрінің көздейтіні біреу- оқушылардың білім дәрежесін нығатып, жетілдіруде едәуір көмек береді. И. Нұғыманұлы дидактикалық мақсатына қарай химия сабақтарын 5 типке бөледі: 1 Жаңа материалды оқып-ұйрену сабағы 2 Оқушылардың білімі мен білігін жетілдіру 3 Білімді қорытындылау және жүйеге келтіру Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.017 сек.) |