АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бет, 47 есеп. 3 страница

Читайте также:
  1. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 1 страница
  2. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 2 страница
  3. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 3 страница
  4. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 4 страница
  5. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 5 страница
  6. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 6 страница
  7. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 7 страница
  8. I. Перевести текст. 1 страница
  9. I. Перевести текст. 10 страница
  10. I. Перевести текст. 11 страница
  11. I. Перевести текст. 2 страница
  12. I. Перевести текст. 3 страница

4 Бақылау – есепке алу(біліі мен білік)

5 Аралас сабақ (комбинированный)

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1. Химиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың формаларын атаңыз?

2. Сабақ қандай негіздерге сүйеніп жіктеледі?

3. Галогендер тақырыбының сабақтарын типтерге және түрлерге жіктеңіздер?

4. Сабаққа анықтама бер.

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ІХ тарау, 106-108 беттер.

2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004,, Х тарау, 110 -117 беттер.

3. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ІХ тарау, 134-136 беттер.

 

Дәріс № 7

Тақырыбы: Мұғалімді сабаққа даярлау.

Дәріс мақсаты: Мұғалімнің оқу жоспарларының түрлері мен оларды даярлау үлгісімен таныстыру.

Тірек сөздер: Жұмыс жоспары, күнтізбелік жоспар, тақырыптық жоспар. сабақ жоспары.

Дәрістің мазмұны:

Сабақты дайындаудың ең жауапты кезеңі- жоспарлау, ол екі түрлі: тақырыптық жоспар және әр сабақтың жоспары (күнделік жоспар).

Тақырыптық жоспар кластар бойынша бір жылға жасалады. Бағдарлама және оқулықты талдау арқылы әр тақырып сабақтарға бөлінеді, нәтижесінде пайда болған сабақтар жүйесінде әр сабақтың орны, өзіндік келбеті анықталады. Қосымша әдебиеттерді және методикалық құралдарды пайдаланып сабақтың мақсаттары, мазмұны, типі, әдістері мен құралдарды белгіленеді. Қазіргі методикада және мектеп сарамандығында тақырыптық жоспардың әр түрлі құрылымы пайдаланылуда. Химияны оқыту методикасының сарамандық сабақтарында өтетін сабақтың уақыты, реттік нөмірі, тақырыбы, типі, химиялық диктанттың мазмұны (модельдеу), сан есептері, көрнекі көрсету және зертханалық эксперимент, ескертулер көрсетілген.

Сабақтың жоспарын мұғалімнің іс- әрекетіне бағыт сілтеуші шығармашылық ақыл- ойының зертханасы, педагогикалық шеберлігінің шығармашылығы деуге болады.

Сабақ жоспарында негізінен мынадай үш мәселелерге назар аударылады.

1) өткен сабақта үйге берілген тапсырмаға байланысты сыныпта орындалатын тексеру жұмыстарының сұрақтары, өзіндік жұмыстары,

2) жаңа материалды түсіндіруге, бекітуге, жаттықтыруға, өзіндік жұмыстарды орындауға байланысты жұмыстар,

3) Сыныпқа және жеке оқушыларға берілетін үй тапсырмаларын анықтау.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1. Жұмыс жоспарының қандай түрлерін білесің?

2. Тақырыптық жоспардың үлгісін баянда.

3. Күнделікті жоспар оны жазу туралы ойың.

4. Күнделікті жоспар қандай бөлімдерден тұрады?

Әдебиет:

1.Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ІХ тарау, 116-120 беттер.

2.Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, Х тарау, 127-130 беттер.

3.А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004, ІХ тарау, 144 -148 беттер.

 

Дәріс № 8

Тақырыбы: Химияны оқыту әдістері. Сөздік әдістер.

Дәріс мақсаты: Химияны оқыту әдістері мен таныстыру.

Тірек сөздер: Әдіс, метод, түсіндірме – сурет, сөз – көрнекі, сөз- көрнекі- сарамандық.. Сөздік әдіс,әңгіме,түсіндіру,монолог, диалог.

Дәрістің мазмұны:

Оқыту әдістері дегеніміз-белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі.Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері мұғалімнің оқышуларды білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы.

Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады.Оқытудың әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған.Бұл тұрғыдан қарағанда «химияны оқыту әдістері химия ғылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз- мазмұнның ішкі қозғалысы.Келтірілген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншілері бұрыс деп айта алмаймыз, өйткені әдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары пайдаланылған. Солардың бәрінің басын қосып, оқыту әдістері дегеніміз- белгіленген мақсатқа сәйкес анықталған мазмұнды игеру үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу формалары (тәсілдері) деген анықтамаға келеміз.

Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия обьектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.

Оқыту әдістерінің жіктелуі.

Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер тобы және жеке әдістер болып үшке жіктеледі.Жалпы әдіс одан әрі оқушының таным әрекетінің сипаты бойынша түсіндірме- иллюстративті, іздсстіру (эвристикалық) және зерттеу әдістеріне тарамдалады.Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына (қайнар көзіне), басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз- көрнекі әдістер тобы және сөз-көрнекі-сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.

Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер, әдістер тобы және жеке әдістер болып үшке жіктеледі. Жалпы әдіс оқушының таным-әрекетінің сипаты бойынша:

1 түсіндірме – иллюстративті

2 іздестіру (эвристикалық)

3 зерттеу әдістеріне тарамдалады.

Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына (қайнар көзіне), басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз – көрнекі әдістер тобы және сөз - көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.

1 Түсіндірме – сурет бойынша түсіндіру әдісінің–

Сөз әдістері тобына мына жеке әдістер жатады:

а) баяндау (дәріс, әңгіме);

ә) әңгімелесу;

б) текспен өздігінен жұмыс. «Сөз әдістері» - тарихи қалыптасқан

термин, оны «ғылыми тілге негізделген әдістер» десе жөн болар

еді, өйткені білім жеке сөзбен емес тұтасынан алынған тіл

арқылы беріледі.

Сөз – көрнекі әдістер тобына жататын жеке әдістер:

а) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып баяндау;

ә) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу;

б) текст және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс;

Сөз – көрнекі – сарамандық әдістер тобына:

а) оқушылардың үлестіріліп берілген материалдармен жұмысы;

ә) химиялық тәжірибелер орындау;

б) құралдар құрастыру, модельдер жасау;

в) жазбаша және графикалық жұмыстар орындау жатады;

 

2 Іздестіру (эвристикалық) жалпы әдісінің

Сөз әдістер тобы:

а) әңгімелесу (дискуссия, семинар);

ә) текспен өздігінен жұмыс;

Сөз – көрнекі әдістер тобы:

а) көрнекі құралдарды пайдаланып эвристикалық әңгімелесу;

ә) көрнекі құралдар және текспен өздігінен жұмыс.

Сөз – көрнекі – сарамандық әдістер тобы жеке әдістерінің тізбесі осының алдындағыға ұқсас, одан айырмасы оқушылардың таным әрекеті эвристикалық сипатта болады.

3.Зерттеу жалпы әдісінің

Сөз әдісі: оқу және ғылыми көпшілік әдебиеттермен оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы;

Сөз – көрнекі әдісі: әдбиеттермен және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс;

Сөз – көрнекі – сарамандық әдістер тізбесі сөз әдістеріндегідей, бірақ оқушылардың іс-әрекеті зерттеуге; субъективті жаңалық ашуға бағытталған.

 

Түсіндірме – иллюстративті жалпы әдістің сөз әдістері.

Ауызша баяндау. Методикалық әдебиеттерде ауызша баяндауды шартты түрде монологтық (әңгіме, дәріс), диалогтық (әңгімелесу), аралас (әңгімелесу элементі бар әңгіме немесе дәріс) деп үшке жіктейді.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1. Оқыту әдісін қалай түсінуге болады?

2. Оқыту әдісі қалай жіктеледі?

3. Түсіндірме – сурет бойынша түсіндіру әдісі тобын қалай түсінесің?

4. Әңгіме, әңгімелесуге қандай талаптар қойылады?

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, IV тарау, 38-44 беттер.

2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004, VІІ тарау, 79-84 беттер.

3. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, IV тарау, 39-46 беттер.

 

Дәріс № 9-10

Тақырыбы: Химияны оқыту әдістері. Сөз көрнекілік әдістер. Сөз көрнекі – сарамандық әдістер.

Дәріс мақсаты: Көрнекі құралдарды көрнекі көрсету экспериментіне қойылатын талаптармен таныстыру. Оқушы эксперименті түрлеріне, мақсатына тоқталу.

Тірек сөздер: көрнекі құралдар, демонстрациялық эксперимент, оқушы эксперименті, сарамандық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, зертханалық тәжірибелер.

Дәрістің мазмұны:

Көрнекі құралдарды көрнекі көрсету арқылы баяндау.

Химияны оқыту барысында алуан түрлі көрнекі құралдар пайдаланылады, олар 5 топқа жіктеледі:

1. Заттар мен әрекеттер (заттар, құралдар, құбылыстар);

2. Көлемді көрнекі құралдар (макеттер, нақпішіндер);

3. Бейнелеу көрнекі құралдары (суреттер, картинкалар, плакаттар, диапозитивтер, фильдер);

4. Графикалық көрнекі құралдар (сызбанұсқалар, диаграммалар);

5. Символикалық көрнекі құралдар.

Білімнің көзі осы көрнекі құралдар болып табылатын әдістер – көрнекі әдістер, ал сөзбен түсіндірілетіндері – сөзәдістері деп аталады.

Сөз – көрнекі әдістер ішінде жиі қолданылатыны - тәжірибелерді көрнекі көрсету (көрнекі көрсету эксперименті). Ол: 1) оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдысы жеткіліксіз; 2) эксперимент күрделілігі; 3) эксперимент «қауіпті» болғанда; 4) аз мөлшерлі реактивтер нәтиже бермегенде; 5) уақытты үнемдеу және құрал-жабдық жеткіліксіз болғанда қолданылады.

Оқу-тәрбиелк міндеттерді орындау үшін көрнекі көрсетілетін экспериментке мынадай талаптар қойылады:

1. Көрнекілік – көрнекі көрсету зерзаты оқушылардың бәріне көрінуі үшін арнаулы көрнекі көрсететін үстелде және үстелшеде, ірі ыдыстарда жасалады. Жасанды жарық, экран – кодоскоп қолданылады.

2. Қарапайымдылық – тәжірибе жасалатын құралдардың құрылысы күрделі болмағаны жөн, егер құрал күрделі болса, оқушылардың назары бөлінеді, құбылысты бақылауға кедергі жасайды.

3. Қауіпсіздік – көрнекі көрсетілетін тәжірибелер оқушылар үшін қауіпсіз болуы керек. Улы заттар түзілетін, қопарылыс беретін тәжірибелерді алдын-ала дайындауға, сақтық шараларын ескеруге жете көңіл бөлінуі керек.

4. Сенімділік – тәжірибе міндетті түрде шығуы тиіс. Күмәнді болған жағдайда мұғалім алдын – ала ескертуі керек.

5. Түсіндіру – көрнекі көрсетуді түсіндіру көрнекілікті сөзбен ұштастыру әдістері тұрғысынан шешіледі, ол көрнекі түсіндіру немесе зерттеу сипаты болуы мүмкін.

Осы талаптарға сәйкес тәжірибелерді көрнекі көрсетудің методикасы.

1. Тәжірибенің мақсатын хабарлау (немесе мәселе қою). Оқушылар тәжірибенің не үшін қойылатынын, нәтижесінде неге көзі жететінін анық түсінуі керек.

2. Құралды сипаттау, тәжірибенің жағдайлары, заттардың сипаттамалары.

3. Оқушылардың бақылауын ұйымдастыру. Мұғалім нені қалай бақылау керегін түсіндіреді, реакцияның белгілеріне көңіл аударады.

4. Қорытынды және теориялық негіздеу.

Көрнекі көрсету тәжірибені білім, тәрбие беру және дамыту қызметін сөзбен ұштастырылу тәсіліне тікелей байланысты оның 4 түрлі болуы мүмкін:

1. Білімнің көзі тәжірибе, мұғалімнің сөзі оқушылардың өздігінен бақылауын бағыттайды;

2. Екінші жағдайда да білім тәжірибеден алынады, мұғалім құбылыстың тікелей бақыланбайтын жақтарын түсіндіреді, ол үшін оқушылардың бұрыннан бар білімін ескереді;

3. Сурет бойынша түсіндіру әдісі. Мұғалім алдымен сөзбен түсіндіріп, растау үшін тәжірибе көрсетеді.

4. Сурет бойынша түсіндіру әдісінің екінші жағдайында мұғалім көрнекі көрсету арқылы түсіндіріп, құбылысты оқушыларға белгілі теория тұрғысынан сипаттайды.

Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқушылардың сарамандық іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Бұған негізінен оқушылар сынақ тәжірибесі, зертханалық тәжірибелер, сарамандық сабақтар, сынақ тәжірибелік есептер шығару, сан есептері мен жаттығулар орындау, кітаппен жұмыс, графикалық жұмыстарды орындау жатады. Мұның бәрі – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары.

Сынақ тәжірибе оқушылардың білімін, іскерлігін және алған дағдыларын тексерудің әдісі ретінде де қолданылады. Сонымен қатар, ол оқушылардың бақылаушылық, ізденушілік қабілетін дамытады, білімді өз бетінше алуға, оны жетілдіре түсуге, алған білімді іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелейді.

Көпшілік жағдайда оқушылар заттың құрамы мен қасиеттері жөнінде салыстыру мәліметтеріне үйене отырып, заттарды бірінен – бірін ажырату, қорытынды жасауға мүмкіндік алады. Орта мектепте химиялық сынақ тәжірибенің төрт түрін қолданады: бұлардың әрқайсысының өзінше жеке методикалық тәсілдері, оған сай мақсаттары бар:

1. Көрсетілім тәжірибелер

2. Зертханалық тәжірибелер

3. Сарамандық сабақтар

4. Аралас типті сынақ тәжірибелер (сынақ тәжірибелік есептер шығару, практикумдар өткізу т.б.)

Мұғалімнің іс-әрекеті оқушыларды өзіне тартады, оқушылар бақыланған тәжірибені мұғалім істегендей етіп орындауға тырысады. Міне, сондықтан қандай сынақ тәжірибе түрі болса да, барлық жағдайда алдымен көрсетілімді тәжірибелер көрсеткен тиімдірек, өйткені оқушылар оны бақылай отырып, өз беттерінше жұмыс істеуге қажетті кейбір жұмыс әдістерін үйренеді. Бұдан курстың барлық тарауларында көрсетілімді тәжірибелер көрсетіп, зертхана және сарамандық жұмыстарды бастаған жөн деген ой тумаса керек. Жеңіл тәжірибелерді оқушылар алдын ала көрсетілімді тәжірибелерсіз – ақ қиналмай орындайды.

Тәжірибелерді қалай болса солай, олақ, үстірт көрсету оқушылардың ынтасын түсіреді, онда олар зертханалық тәжірибелерге, сарамандық сабақтарға немқұрайлы қарайды, пәнге қызығушылығын төмендетеді. Сақтық шараларын бұзуға мәжбүр етеді.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1. Көрнекі көрсетілетін экспериментіне қандай талаптар қойылады?

2. Оқушылар экспериментінің түрлерін салыстырып сипаттаңдар?

3. Зертханалық жұмыстардың мақсаты?

4. Сарамандық жұмыстардың мақсаты?

5. Сарамандық жұмыстардың түрлері қандай, ұқсастығы мен айырмашылығы.

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, IV тарау,44-48

2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004,, Х тарау, 110 -117 беттер.

3. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ІХ тарау, 134-136 беттер.

4. Химия мектепте журналы, 2003 ж, №2, 22-29 беттер.

 

Дәріс № 11

Тақырыбы: Химиялық есептер – химияны оқыту құралы.

Дәріс мақсаты: Сан және сапа есептердіңхимияны оқытудағы орны мен маңызымен, типтерімен, шығару әдістемесімен танысу.

Тірек сөздер: сан есептері, сапа есептері. Химиялық формула, теңдеу бойынша есеп

шығару.

Дәрістің мазмұны:

Мектеп курсындағы химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде сарамандық әдістердің біріне саналады. Химиялық есептер: а) сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; ә) сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; б) білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру; в) проблема қою және проблемалық ахуал туғызу; г) материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; д) политехникалық ұстанымдарын іске асыру; е) оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін қолданылады.

Есеп оқушыларды жаңа химиялық біліммен қаруландырып, қалыптасқан іскерліктері мен дағдыларын жүйелеуге және нақтылауға да көмектеседі.

Мектеп курсында химиялық есептер негізгі екі топқа бөлінеді:

1. Сан есептері;

2. Сапалық және сынақтық тәжірибелік есептер;

Бұларды шығару үшін химиялық тәжірибелер пайдаланылады; бұл химиялық тәжірибелердің кейде зерттеу сипаты да болуы мүмкін.

Сан және сапалық есептер өз алдына жеке типтерге жіктеледі.

Сан есептерінің типтері.

І. Формула бойынша есептеу, оның мынадай бірнеше түрі бар;

1. Формуласы бойынша заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу;

2. Күрделі заттың формуласы бойынша ондағы элементтер массаларының қатынасын есептеу;

3. Күрделі заттағы элементтердің массалық үлесін оның формуласы бойынша есептеу (элементтік құрамын);

4. Ерітіндіде еріген заттың массалық үлесін есептеу;

5. Ерітіндінің және еріген заттың белгілі массалық үлесі бойынша еріткішпен еріген заттың белгілі массасын есептеу;

6. Заттың белгілі мөлшерінің массасын есептеу;

7. Заттың белгілі бір массасына сәйкес зат мөлшерін (мольмен) есептеу;

8. Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу;

9. Газ күйіндегі қосылыстың белгілі-бір мөлшерінің көлемін есептеу (қалыпты жағдайда 00С, 105Па);

10. Қалыпты жағдайда белгілі көлем алатын газ тәрізді заттың массасын есептеу;

11. Массасы белгілі газ тәрізді заттың көлемін есептеу (қалыпты жағдайда);

12. Элементтердің массалық үлесі бойынша заттың қарапайым химиялық формуласын анықтау;

ІІ. Химиялық теңдеу бойынша есептеу.

1. Реакцияға кірісетін заттардың біреуінің белгілі массасы бойынша түзілген заттың массасын есептеу;

2. Біреуі артық мөлшерде алынған реакцияға кіретін заттардың массалары бойынша түзілетін зат массасын есептеу;

3. Басқа газдың белгілі көлемін реакцияласуға қажет газ көлемін есептеу;

4. Теориялық мүмкіндігіне қарағанда реакция өнімі шығынын пайызбен есептеу;

5. Құрамында белгілі бір қоспасы бар, бастапқы заттардың белгілі массасы (көлемі) бойынша реакция өнімінің массасын (көлемін) есептеу;

6. Термохимиялық теңдеу бойынша есептеулер.

7. Газ күйіндегі заттың молекулалық формуласын табу.

Химиялық типтік есептерді шығару мысалдары тек қана формула бойынша шығаруға біріктірілген, шынында бұл есептерді 17 типке бөлуге болар еді.

Сапалық және сынақ-тәжірибелік есептердің типтері:

Сынақ-тәжірибелік есептердің негізгі типтері мынадай:

1. Химиялық құбылыстарды байқау және оны түсіндіру;

2. Заттарды алу;

3. Химиялық заттарды бірінен-бірін ажырата білу;

4. Берілген заттарда қоспаның бар екенін анықтау және затты қоспадан тазарту;

5. Заттар мен құбылыстарды типтерге және жеке кластарға жатқыза білу;

6. Берілген мөлшердегі ерітінділерді даярлау;

7. Сынақ-тәжірибелік сан есептері;

8. Химиялық аспаптарды пайдалана отырып, шығарылатын есептер.

9. Заттардың өздеріне тән реакцияларын жасау арқылы олардың қасиеті мен құрамын анықтау.

Жаттығулар

Оқушылардың білімін жетілдіру және кейбір іскерліктер мен дағдыларды дамытуға жаттығулардың маңызы зор. «Химиялық есептің» терминін түсіндіруге әріскерлер мен мұғалімдер де бірізділік жоқ. Кейде жаттығуларды есептерге жатқызып жүр. Екеуінің арасында елеулі айырмашылығы бар.

Орта мектепте химия курсында сан және сынақ-тәжірибелік есептермен қатар, ешбір математикалық есептеулерді қажет етпейтін немесе тәжірибелер жасап, сынақ-тәжірибе жүргізбей-ақ орындауға болатын «есептер» де бар. Ондай «есептер» жаттығулар деп аталады. Жаттығулардың түрі де әр түрлі, мәселен, химиялық формулалар және теңдеулерді құрастыру және оқи білу, қазіргі оқулықтарда жаттығулар әр тақырыптардың соңында берілетін бақылау сұрақтарымен бірге беріліп жүр.

Жаттығулар көпшілік жағдайда заттар арасындағы байланысты немесе бір заттан екінші затты алуға көшу құбылыстарын көрсетуде көбірек пайдаланылады. Химиялық жаттығулардың өзіні орындау мақсаты мен ерекшеліктеріне қарай мына төмендегідей типтерге бөлуге болады:

1. Белгілі құбылыстарға түсінік беру және оның реакция теңдеулерін жазу;

2. Заттардың класаралық байланыстарына арналған жаттығулар;

3. График және сурет түрінде берілетін жаттығулар;

4. Бастапқы алынған және реакция нәтижесінде шыққан заттардың формуласы белгісіз болатын жаттығулар;


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.022 сек.)