АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бет, 47 есеп. 7 страница

Читайте также:
  1. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 1 страница
  2. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 2 страница
  3. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 3 страница
  4. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 4 страница
  5. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 5 страница
  6. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 6 страница
  7. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 7 страница
  8. I. Перевести текст. 1 страница
  9. I. Перевести текст. 10 страница
  10. I. Перевести текст. 11 страница
  11. I. Перевести текст. 2 страница
  12. I. Перевести текст. 3 страница

3. Электрондық көзқарас тұрғысынан химиялық реакцияның мәні мен механизмі қалай түсіндіріледі?

4. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары туралы ұғым қалай қалыптастырылады?

5. Химиялық реакция ұғымы иондық теория тұрғысынан қалай дамиды?

6. Органикалық химияны өткенде химиялық реакция ұғымы қалай дамиды?

7. Химиялық реакция туралы білім қалай қорытылады?

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХV - тарау, 202 -221 беттер.

2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ХІV - тарау,233 -254 беттер

№ 23-24 дәріс

Тақырыбы: Ерітінділер және электролиттік диссоциалану теориясының теңдерін оқыту. (ЭДТ).

Дәрістің мақсаты: Ерітінділер, электролиттік диссоциация теориясы туралы білімнің қалыптасып дамуы, оны оқыту әдістемесін қарастыру.

Тірек сөздер: Ерітінді, электролиттік диссоциация теориясы, электролит, бейэлектролит, ион алмасу, тұздар гидролизі.

Дәрістің мазмұны:

Оқушылар судың еріткіш қасиеті және ерітінділер туралы қарапайым түсінікті табиғаттану курсынан және күнделікті тұрмыстан алады. Ерітіндіден туындайтын ерігіш, еріткіш, ерігіштік, ерігіштік коэффициенті ерітіндінің қанықпасы, қанық ерітінді, қанықпаған ерітінді, сұйық, қою ерітінді ұғымдарын нақтылы қалыптастыру, ерітінділердің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, табиғат және тұрмыстағы маңызын ашып көрсету.

Ерітінділер туралы алғашқы ұғым қоспалар мен ерітінділердің қасиеттерін салыстыратын тәжірибе арқылы қалыптастырылады. Тәжірибе нәтижесінде оқушылар әр текті қоспалар біраз тұрғанда жеке құрамдас бөліктерге жіктеледі, ерітінділер бір текті және тұрақты деген қорытындыға келеді. Бір тектілігі мен тұрақтылығы – нағыз ерітінділердің аса маңызды қасиеттері.

Еру құбылысымен байланысты негізгі ұғымдардың бірі- ерігіштік. Сапалық жағынан түсіндіргенде ерігіштік дегеніміз- еритін заттың еріткіште біркелкі таралуы. Осы қасиетіне байланысты заттар жақсы еритін, нашар еритін, іс жүзінде ерімейтін деп жіктеледі.

Ерітінді – зат және химиялық реакция ұғымдарынан кейінгі ең маңызды ұғым. Заттардың көпшілігі ерітінді күйнде реакцияға түседі. Өнеркәсіпте, табиғатта және күнделікті тұрмыста ерітінділердің маңызы орасан зор.

Оқушыларды электролиттік диссоциациялану теориясымен таныстырудың сарамандықта қалыптасқан екі методикалық тәсілі бар. Бірінші тәсіл- ерітінділердің электр өткізгіштігін сынаудан бастап диссоциациялаудың механизмін түсіндіру, екінші тәсіл – алмасу реакцияларының ерекшелігін қарастырғанннан кейін ерітінділердің электр өткізгіштігін сынау.

Электролиттік диссоциациялану – қайтымды әрекет- мольдену жүзеге асады. Электролит ерітінділеріне химиялық тепе- теңдіктің заңдылықтарын қолдануға болады.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1. Ерітінділер туралы алғашқы ұғым қашан және қалай беріледі?

2. Электролиттік диссоциациялану теориясын оқып үйренудің методикалық тәсілдерін сипаттаңдар.

3. Иондық реакциялармен таныстыру, бекіту және қолдана білуге байланысты жаттығулардың түрлерін және мазмұнын анықтайтын қысқаша жазба жазыңдар. Оны осы тарауда баяндалған, химиялық реакциялар тарауында берілген мәліметтермен салыстырыңдар.

4. Электролиттік диссоциациялану теориясының тұрғысынан қышқылдар, негіздер және тұздар туралы ұғымның дамуын сипаттаңдар.

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХVI - тарау,223-233 беттер.

2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ХVI - тарау,255-265 беттер..

№ 25 -26 дәріс

Тақырыбы: Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын химияның жүйелеу курсында оқып –үйрену әдістемесі

Дәрістің мақсаты: Мектеп бағдарламасында химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесімен таныстыру.

Тірек сөздер: химиялық элементтер,галогендер топшасы, оттегі, азот, көміртегі топшалары, негізгі және қосымша металдар.

Дәрістің мазмұны:

Орта мектептегі химия курсы мазмұнының маңызды бөлігін химиялық элементтер және олардың қосылыс тары туралы білім құрайды. Оқушыларды химиялық элементтермен таныстырғанда оқытудың жекеден жалпыға, белгіліден белгісізге, оңайдан қиынға жылжитын аса маңызды негіздері қолданылады. Осы негіздерге сәйкес элементтерді және олардың қосылыстарын оқып үйрену бірнеше кезеңде жүзеге асады: 1) жеке элемент және олардың қосылыстарымен танысу. 2) элементтердің табиғи текстарі жөнінде ұғым қалаптастыру; 3) периодтық заң және периодтық жүйені оқыту; 4) периодты заңдылықтың негізінде элементтерді топ және топшалары бойынша қалыптастыру; 5) химиялық элементер туралы білімді жинақтап қорыту.

Сөйтіп, химиялық элементпен алғашқы таныстыру мына жоспар бойынша жүзеге асырылады: а) химиялық таңбасы және атомдық массасы; ә) табиғатта кездесуі; б) бос күйінде алынуы; в) жайзатының қасиеттері; г) маңызды химиялық қосылысының құрамы және қасиеттері; ғ) қосылыстарындағы валенттілігі; д) халық шаруашылығындағы маңызы.

Осы жоспарға сәйкес оттегі мен сутегінің элементтері оқылып, олар түзетін маңызды қосылыстар су, оксидтер, қышқылдар, тұздар және негіздер туралы білім беріледі. Бұл білім элементтерді оқып - үйренудің екінші кезеңіне негіз болады.

Екінші кезеңде өзара өте ұқсас химиялық элементтердің үш тобы - галогендер, сілтілік металдар және инертті газдар қарастырылады. Периодтық заңдылықты игеруге нақтылы әзірлік жасалады.

Үшінші кезеңде оқушылар барлық элементтердің басын біріктіретін, бірімен-бірін ұштастыратын жалпы заңдылықпен танысады. Периодтық жүйеге орналастырылған химиялық элементтер арасында көлбеу және тік байланыстардың мәнін түсінеді. Элементтердің периодқа, қатарға, топқа және топшаға орналасуының негіздерін әрқайсысының ерекшеліктерін игереді. Химиялық элементерді ашу және жіктеу дамылсыз жүзеге асып, ақырында периодтық заңның ашылғанын біледі. Табиғаттың ұлы заңын ашу үшін танымдық ой өрісі кең, сіңісіп кеткен кертертпа пікірлерге батыл қарсы шығатын ғалым керек болғанын, Д.И. Менделеев осы талаптарға сай келгенін түсінетін дәрежәге көтеріледі. Д.и. Менделеев ашқан периодтық заң және периодтық жүйе химиялық элементтерді және оларды оқып - үйренудің теориялық негізіне айналады.

Төртінші кезеңде VІІІ - ІX кластарда топ және топшалар бойынша оқылады. Алдымен ΙΙΙ - ΙV негізгі топшаларда орналасқан бейметалдар, содан соң металдардың жалпы қасиеттері, I - III негізгі топшаның металдары, соңында қосымша топшаларда орналасқан металдарда өтіледі.

Жай заттарды қарастырғанда аллотропия және аллотропиялық түр өзгерістері жөнінде жаңа ұғым қалыптастырылады. Галогендер тобының әлементтерінде аллотропия құбылысы байқалмайды, өйткені атомдардың өзара әрекеттесуінің бір ғана мүмкіндігі бар. Оттегі топшасы элементтері атомдарының сыртқы электрон қабаттарының құрылысы әртүрлі байланысуға мүмкіндік береді. Бұл пікір оттегі және озон молекулаларын салыс тыру арқылы нақтыланады.. Оттегі және озонның құрамын, физикалық және химиялық қасиеттерін кесте түрінде жазып, санның сапаға ауысуы туралы қорытынды жасалады. Бір элементтің бірнеше жай заттар түзу құбылысы - аллотрпия, әр затта аллотропиялық түр өзгерісі деп аталатыны, жай заттардың көп түрлілігі туралы түсінік беріледі. Аллотропия құбылысының күкіртте, селенде, теллурда полонийда орын алатыны, бұл алтыншы негізгі топшаның элементтерніне тән құбылыс екені атап өтіледі. Күкірт атомдарының өзара ашық және тұйық тізбек түзіп байланысатыны, соған сәйкес кристалдық және пластикалық күкірт жай заттарын түзетіні айтылады. Кристалдық күкірттен пластикалық күкірттің алыну тәжірибесі, әрқайсысының құрылысын көрсететін кесте көрнекі көрсетіледі.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1. Химиялық элементтерді оқып- үйренудің методикалық негіздері қандай?

2. Галогендер топшасын оқып- үйренудің методикасының ерекшеліктері туралы не айтуға болады?

3. Оттегі топшасын оқытудың негізгі методикалық мәселерін талда.

4. Азот топшасын оқып- үйренудің методикалық мәселелері қандай?

5. Көміртегі топшасын оқытуда қандай мәселелерге баса назар аударылады?

6. Металдар тақырыбын оқытудың ерекшеліктерін талдап беріңдер.

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХVIІІ - тарау,241-260 беттер.

2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ХVIІ- тарау, 273-292 беттер

№ 27-28 дәріс

Тақырыбы: Органикалық заттарды оқып- үйренудегі әдістемелік ұстанымдар.

Дәрістің мақсаты: Органикалық заттарды оқып- үйрену әдістемесімен танысу.

Дәрістің мазмұны:

Орта мектепте органикалық заттар немесе көміртегі қосылыстарының химиясы арнайы курс ретінде өтіліп, бірқатар оқу тәрбиелік міндеттерді шешеді. Органикалық химияда заттардың сан алуандығы жне оның себептері жөнінде ұғым қалыптасады, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың бірлігі мен айырмашылығы ашып көрсетіледі. Органикалық заттар сан жағынан көп, қазіргі кезде белгілі қосылыстардың төрттен үші органикалық заттарға жатады. Органикалық заттардың құрамына негізінен көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және фосфор элементтері, яғни санаулы ғана элементтер кіреді.

Орта мектепте оқытылатын органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы ұдайы жатілдіріліп келеді. Оның алғашқы тұрақты бағдарламасын, оқулығын оқыту методикасын В.Н. Версовский, Л.М. Сморгановский жазды. Органикалық химия курсының құрылымын анықтағанда іс жүзінде сыналған дидактикалық және методикалық негіздер жүзеге асырылады.

Органикалық химияны оқытуда оқу жұмысын ұйымдастырудың бұрыннан келе жатқан түрлері пайдаланылады. Солардың ішіндегі ең негізгісі – сабақтың типтері, мазмұны, әдістері мен құралдары материалдың сипатына, оқушылардың өсуіне және жасының есеюіне қарай елеулі өзгерістерге ұшырайды.

Органикалық химияның негізгі ұғымдарын қалаптастыру мен дамыту – аса маңызды методикалық мәселелердің бірі Оларға жататындар: химиялық тіл және органикалық қосылыстардың номенклатурасы, гомологтық қатарды оқып- үйрену, заттардың алу тәсілін қарастыру, заттардың қолданылуын оқып- үйрену, жаттығуларды пайдалану. Органикалық заттардың құрылысы А.М. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы, электрондық теория және кеңестік құрылысының теория тұрғысынан қарастырылады.

Гомология- органикалық қосылыстарды оқып- үйренуді жеңілдететін маңызды ұғым. Ол органикалық заттардың жалпы қасиеті, оларды жіктеуге, жүйелеуге, құрылысы мен қсиеттерінің тәуелділігін түсінуге, көміртегі қосылыстарының күрделену сипатын аңғаруға, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуын көрсететін жалпы заңдылықты игеруге жәрдемдеседі.

Оқушылар органикалық химияны жңадан оқуға кіріскенде, мысалдар бейорганикалық химиядан келтіріледі. Бейорганикалық қосылыстар молекулалары атомдарының арасындағы біржақты әсер жөнінде түсінік беріледі.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1. Органикалық химияның жеке курс ретінде оқытылуын қалай түсіндіруге болады?

2. Органикалық химия курсының мазмұны мен оқыту методикасын дамытуда елеулі үлес қосқан қандай ғалымдарды білесің, олардың еңбектерін атаңыз?

3. Соңғы жылдарда органикалық химияның мектептегі курсының мазмұнына қандай өзгерістер енгізілді?

4. Соңғы жылдарда органикалық химияның теориялық негіздері, олардың бейорганикалық химияның теорияларымен байланысы қандай?

5. Органикалық қосылыстардың электрондық және кеңістік құрылысы жөніндегі ұғым қалай қалыптастырылады және дамытылады?

6. Изомерия және гомология ұғымдарын қалыптастыру методикасының негізгі мәселелерін сипаттап беріңдер?

7. Атомдардың өзара әсері ұғымына байланысты оқу материалдарын оқулықтың тіректік қысқаша жазба жазыңдар?

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХVIІІ - тарау, 261-275 беттер.

2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ХVIІІ- тарау,293-307 беттер.

№29 дәріс

Тақырыбы: Оқушыларды химия өндірістері және халық шаршашылығын химияландыру мәселелерімен таныстыру.

Дәрістің мақсаты: Органикалық заттарды оқып- үйрену әдістемесімен танысу.

Дәрістің мазмұны:

Химия өндірістері туралы берілетін мағлұматтар оқушыларға политехникалық білім беру міндеттерін шешуге жәрдемдеседі. Бұл міндеттерге жататындар қазіргі заман өндірістеріндегі еңбекті ұйымдастырудың жалпы техникалық негіздерімен таныстыру, өлшеу және есептеу техникасымен байланысты білім, білік және дағдымен қаруландыру, оқушылардың ғылыми- техникалық ой-өрісін дамытып, жобалар және конструкция жасай білуге баулу, оқушыларды өндірістік еңбекке үйрету. Химияның алғашқы тұрақты бағдарламасынан бастап затттардың өндірісте алу тәсілдеріне жете назар аударылуда. Дегенмен мұндай материалдардың мазмұны мен көлемі елуінші жылдарда жалпы білім беретін орта мектепке политехникалық сипат берумен байланыста арта түсті. Мәселен, негізгі химия өнеркәсібінің тұз қышқылын, күкірт қышқылын, азот қышқылын өндіру, аммиак синтезі, аммоний нитратын өндірісте алу оқытылады.

Өндірістік материалдармен тереңірек танысуда кластан тыс жұмыстардың маңызы зор. Химиялық өндірістерге арналған политехникалық кештер өткізіледі. Химия үйірмесінің мүшелері жергілікті өндіріс орындарын тыңғылықты зерттейді.

Халық шаруашылығын химияландыру химия өндірісінің өнімдерін және химия ғылымының жетістіктерін шаруашылықтың әр түрлі саласында кеңінен қолдану арқылы жүзеге асады. Химияландырудың мақсаты- шикізаттарды және энергияны тиімді пайдалану, ғылыми техникалық әрекеттерді жеделдету және экономиканы интенсивтендіру.

Химия өнімдерін молынан тұтынатын саланың тағы бірі- ауыл шаруашылығы. Орта мектептің химия курсында қарастырылатын ауыл шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттары: минералды тыңайтқыштарды қолдану, топырақтың химиялық мелиорациясы, өсімдіктерді зиянкестерінен химиялық қорғау, өсу стимуляторларын қолдвану, өсімдік және жануар өнімдерін химиялық өңдеу.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1. Химияның өндіріс туралы оқу материалының мазмұны орта мектеп курсының бағдарламаларында қандай өзгеріске ұшырады?

2. Химия курсында оқылатын өндірістерді қандай негіздерге сәйкес іріктейді?

3. Өндірістік материалдарды оқып- үйренудің ұйымдастыру түрлерін сипаттаңдар. Топсеруен туралы білетіндеріңді еске түсіріңдер.

4. Өндірістік материалдарды оқып- үйренуде қолданылатын оқыту құралдарын ата. Өз қалауың бойынша химияны оқыту методикасының кабинетіндегі бір өндірістің макетімен таныс.

5. Бір химиялық өндіріспен таныстырудың жоспарын құрыңдар?

6. Химия өнеркәсібінің қай салалары орта мектепте оқылады?

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХХ - тарау, 276-288 беттер.

2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ХХ- тарау, 308-320 беттер.

 

№ 30 дәріс

Тақырыбы: Химиядан алған білімді қорытындылау.

Дәрістің мақсаты: Органикалық заттарды оқып- үйрену әдістемесімен танысу.

Дәрістің мазмұны:

Орта мектептегі химия курсының бағдарламасы «Бейорганикалық және органикалық химия бойынша білімді қорытындылау» деген тақырыппен аяқталып келді. Бұл курстық басты- мақсаты- оқушылардың төрт жыл бойы химиядан алған білімін тереңдету және жинақтап қорыту.

Бейорганикалық және органикалық химияның қорытындылау сабақтарында, жалпы химияның негіздерін өткенде химияның маңызды теориялары жөніндегі білім қорытындыланады.

Қорытындылау сабақтары кезінде жиі қолданылатын әдістер мыналр:шолу дәрістері, дәріс- әңгімелесу, химиялық- тәжірибелер мен көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу, оқушылардың баяндамалары, үлестіріліп берілетін материалдармен жұмыс, сарамандық тәжірибелер, экспериент есептерін шығару.

Қорытындылау нәтижесінде әр элемент атомының өзіне тән электрондық құрылымы болатыны, соған сәйкес валенттілік көрсетіп, химиялық байланыстар түзетіні оқушыларға белгілі болады. Оқушылардың тағы бір түйіндейтіні әр түрлі химиялық байланыстарды түзуге электрон бұлттары және орбитальдары қатысады, олардың өзара әсерлесуінің кеңістіктегі сипатына қарай сигма жәе пи байланыстар түзіледі.

Жалпы химия курсындағы бұл тақырыптың негізгі мақсаты- оқушылардың химиялық реакциялар және оларды меңгеру жөніндегі білімдерін қайталау, тереңдету және қорытындылау.

Қорытындылау кезінде оқушылардың химиялық ұғымдарды белгілейтін терминдердің мағыналарын оқылған теориялар тұрғысынан біліп алуын да қамтамасыз ету керек. Оқушылар қышқыл ұғымының терминін төрт теорияның: атом- молекулалық, электролиттік диссоциациялану, протолиттік және электрондық теория тұрғысынан сипаттай білу дәрежесіне көтерілуі тиіс

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1. Химиялық білімді қорытындылаудың маңызы мен міндеттері қандай?

2. Қорытындылау сабақтарын өткізу методикасын атаңыз?

3. Химиялық заңдар методикасы мен теориялар жөнінде білімді қорыту.

4. Химиялық реакция туралы білімді қорытылау.

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХХ - тарау, 292-298 беттер

Студенттің сабаққа даярлануына қойылатын талаптар.

1. УМКД кезекті жұмыс мазмұнын алып, лабораториялық жұмыс дәптеріне жазып алу.

2. Көрсетілген әдебиеттерді пайдаланып, тапсырмадағы сұрақтарға (ауызша немесе жазбаша) жауап беруге даярлану.

3. Зетханалық жұмысқа даярлану кезінде орта мектепке арналған оқулықтан белгілі тақырыпты оқып, мазмұнымен танысып, методикалық талдау жаса.

4. Бағдарламада көрсетілген сағат саны бойынша тақырыптық жоспар құру.

5. Зертханалық жұмысқа дайындалу кезінде мектеп оқулығының көлемімен шектелмей қазіргі кездегі талаптарға сай әдістемелік нұсқауды “Химия мектепте ” журналдары т. б. оқу кұралдарының мазмұнымен танысу.

6. Оқулықта, практикумда көрсетілген әрбір химиялық эксперименттің мазмұнын жазып, прибордың суреттерін сал, сондай- ақ жұмыс барысында кездесетін қауіпсіздік техникасы ережелері мен тәжірибені орындауға қажетті жағдайларды дәптерге жазу.

7. Әрбір тақырыпқа сәйкес есептерді шығарып, жаттығулар орындау.

8. Қажетті көрнекіліктер, дидактикалық тапсырмалар даярлау.

9. Әдебиеттерді пайдаланып сабақ конспектісін ќұру.

10. Осының бәрі болашақ мұғалімдерді педагогикалық практикаға даярлау болып табылады.

6. Практикалық сабақтардың жоспары.

1жұма

Практикалық сабақ № 1

Тақырыбы: Орта мектептің химия кабинеті және оның негізгі жабдықтары. Кабинеттің жұмысын ұйымдастыру.

Мақсаты: Химия кабинеті оны жабдықтау жұмысын ұйымдастыру әдістемесімен танысу.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.)